Кәсіпорын қызметінің мақсаттары ірімшік және сүзбе өндіру және оны сату болып табылады. Жоспарланған кәсіпорынның нысаналы тобы өнімдерді тұтынушы орташа табысы бар тұрғындар болып табылады.
Цех (өндірістік орын-жай), сондай-ақ ірімшік және сүзбе, пастеризацияланған сүт және қаймақ дайындау үшін сүтті қайта өңдеуге қажетті жабдықтар сатып алу жоспарлануда.
Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлдануда.
Кәсіпорын қызметінің жобаның 5 жылына арналған тиімділік көрсеткіштері.
15% дисконттау ставкасы кезінде инвестицияланған капиталдың дисконтталған таза кірісі 7 жылда 3 656 мың теңгені құрады.
Кіріспе
Қазақстандық сүт өнімін өндірушілер үшін нарық жағдайындағы қызмет маңызды проблемалармен және көптеген тәуекелдермен қатарлас келді. Аграрлық секторға дәстүрлі түрде ұлттық экономиканы дамытуда, яғни сүт өнімдері индустриясын дамытуда маңызды рөл берілгеніне қарамастан, бірінші кезекте кем дегенде сенімді шикізат базасы болуы тиіс, өндірушілердің өздері және талдаушылар саланың өсу қарқынының төмендегенін мойындап отыр және импорттың басымдық алуына алаңдаушылық білдіруде.
Бұл ретте сүт өнімдерінің бағасын демократиялы деп айтуға болмас, ауқаттылар санатына жатпайтын кейбір тұтынушылар бүгіннің өзінде сүзбені немесе, мысалы, қаймақты күнде сатып ала алмайды. Сонымен қатар, сүт өнімдерін тұтыну ұлт денсаулығының жай-күйіне тікелей әсер етеді және қоғамның салауаттылығы деңгейін көрсетеді.
Қазіргі әлемдік дағдарыс, әрине, сүт өнімдері нарығының жағдайына әсерін тигізді, алайда алдағы жылдары оларды тұтыну төмендемейді, қайта ұлғаятын болады деп болжайды талдамашылар.
Қазақстан Сүт одағының деректері көрсетіп отырғанындай, отандық өндірушілер нарыққа, ең алдымен айран, қаймақ, пастеризацияланған сүт, май, өңделген және тазартылған UHT сүті өнімдерін шығарады. Сауда желілеріне Ресейден, аздап Украинадан, Беларусиядан және Қырғызстаннан әкелінетін йогурттар мен десерттердің түр-түрлері көптеп шығарылады.
Қазіргі уақытта ірімшік және сүзбе өндіретін цехтар ашудың болашағы зор, оның мынандай себептері бар:
• біріншіден, Қазақстанда сүт өнімдерін тұтыну көлемі азаймайды;
• екіншіден, сүт өнімдерін барлығы тұтынады, алайда барлық ұйым бірдей сапалы тауар ұсына алмайды;
• үшіншіден, кәсіпорын халықты экологиялық таза өніммен жабдықтайтын болады.
Облыста бизнестің осы түрін ашу үшін барлық мүмкіндік бар. Жамбыл облысы Республикада мал басы бойынша жетекші орынды иеленуде. Өндіріс үшін шикізатты (сүтті) Жамбыл облысының халқы мен шағын және орта кәсіпорындарынан сатып алу жоспарлануда. Шикізаттың бағасы маусымдық сипатта, қыста барынша жоғары, жазда барынша төмен болады.
1. Жобаның тұжырымдамасы
Жобаның тұжырымдамасы ірімшік және сүзбе өндіретін цех ашуды қарастырады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаттары сүт өнімдерін, соның ішінде ірімшік және сүзбе, сондай-ақ пастеризацияланған сүт және қаймақ өндіру және сату болып табылады.
Жоспарланған кәсіпорынның нысаналы тобы өнімдерді тұтынушы орташа табысы бар тұрғындар болып табылады.
Компанияның басымдығы өндірісте тек қана таза сүтті және табиғи шикізатты пайдалану, жартылай фабрикаттар мен басқа да қоспаларды пайдаланбау болып табылады, ол өнімнің дәмдік сапасына оң әсер ететін болады.
Цех шығаратын негізгі өнімдер мыналар болып табылады:
- Қалыпқа келтірілген пастеризацияланған сүт (3,2%);
- Қаймақ (30%);
- Жартылай майлы сүзбе (9%);
- Қатты ірімшік.
Өндірістік цех жалпы алаңы 150 шаршы метр орын-жайда орналасатын болады.
Осы бизнес-жоспарда жоспарланған кәсіпорынның айналымын ескере отырып қызметті жауапкершілігі шектеулі серіктестік шеңберінде жүзеге асыру ұсынылады.
Бұл бизнес-жоспар басшылыққа алынатын соңғы нұсқа емес, тек осындай бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті мүмкіндігі ғана болып табылады. Сондықтан да осы жобаны іске асырған кезде сату бағдарламасы сияқты инвестициялық шығындар тізбесіне тиісті жабдықтарды қосу жолымен шығарылатын өнімнің түр-түрін де өзгертуге болады. Шығарылады деп жоспарланған өнімнің бәсекелестік басымдықтарын, сондай-ақ сатып алынатын жабдықтардың айырықша ерекшеліктерін барынша ашып көрсету қажет.
Достарыңызбен бөлісу: