Кез келген қоғамның қалыптасуы, өсіп-өркендеуі, тарихи сатылармен ілгерлеуінде ғылымның маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Ғылым қоғамның өзін дүниеге келтірген, оның өркендеуіне жағдай туғызған құбылыс



Дата11.11.2023
өлшемі42,24 Kb.
#191040
Байланысты:
ФИЛО мож 2
1581934805

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті





Факультеті: «Биология және биотехнология»
Кафедрасы: «Биоалуантүрлілік және биоресурстар»


МӨЖ
Тақырыбы: «Ғылымның тарихи кезеңдері»


Орындаған:
Топ: 7М05101 - Биология
Тексерген:
Алматы, 2023ж.
Кез келген қоғамның қалыптасуы, өсіп—өркендеуі, тарихи сатылармен ілгерлеуінде ғылымның маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Ғылым — қоғамның өзін дүниеге келтірген, оның өркендеуіне жағдай туғызған құбылыс. Ғылымның дүниесін танып, игеру — данышпандық пен зерделіктің қайнар көзі.
Осы орайда, ғылымның тарихи даму кезеңдеріне тоқталып өтсек, ғылым дамуының 5 тарихи кезеңін атап айтуға болады, олар – Антика заманының ғылымы, Орта ғасыр ғылымы, Қайта дәуірлеу ғылымы, Жаңа заманның классикалық ғылымы және классикалық емес ғылым.
Антика ғылымы — алғашқы ғылыми теорияларыныӊ қалыптасу кезеӊі (атомизм) және алғашқы ғылыми трактаттардың жазылуы, мысалы Птолемей астрономиясы, Теофраст ботаникасы, Евклид геометриясы, Аристотель физикасы.Атомизм физикалық бағдарлама болды. Демокриттің пікірінше, ғылым заттық әлемнің құбылыстарын түсіндіруі керек. Табиғаттағы барлық өзгерістердің себебі – атомдардың қозғалысы. Тарихшылар әлемдік тарихтың Орта ғасырларына Батыс – Рим империясының құлауынан бастап, Қайта өрлеу дәуіріне дейінгі кезеңді жатқызады. Бұлайша жіктеудің негіздемесіне өндіру тәсілінің өзгеруі, яғни құлиеленушіліктен феодализмге өту салынады. Орта ғасырда ғылым мен техникада өзгерістер орын алды. Университеттердің ашылуы тамаша жаңалық болды. 1215 жылы Париж университетінің Жарғысы жарияланып, кейіннен Падуа, Болонья, Флоренция, Оксфорд, Прага университеттері есіктерін айқара ашты. Осы фактілердің барлығы Орта ғасырда қоғамның қарқынды дамығанын дәлелдейді. Философиялық ізденістер саласында түбегейлі өзгерістер болды. Өзгеше ғажап құбылыс орын алды: адам өзінің ішкі жан – дүниесінде рухты және өзінің бірбүтін Құдаймен байланысын тапты. Ол рухты зерттеп білуге байланысты сенімдегі философияның жаңа түрінің пайда болуына жеткізді. Қайта Өрлеу немесе Ренессанс дәуірі Еуропа тарихында XIV – XVI ғасырлар бойы жалғасқан феодализмнен капитализмге өту кезеңіне тап келді. XVII – XIX ғасырлар философия мен ғылым тарихында жаңа заман де аталады. Жаңа заманда ғылымның дамуы, қоғамдағы басқа әлеуметтік өзгерістер сияқты, дін мен шіркеудің ықпалын әлсіретті және философияда да жаңа көзқарас тудырды. XVII ғасыр философиясының алдында тұрған проблемаларды түсіну үшін, біріншіден, жаңа ғылым – эксперименттік – математикалық жаратылыстанудың ерекшелігін, және, екіншіден, осыған байланысты философияда да ғылым жетекші рөл атқаратындықтан ғылыми таным теориясының проблемалары бірінші орынға ие болғанын білу керек. Капиталистік өндірістің қажеттіліктері адамдардың ғылымға, адам танымының мақсаттары мен маңызына деген көзқарасын түбегейлі өзгертеді. Алдыңғы орынға табиғатты тәжірибе арқылы зерттеу шығады, ал соның нәтижесінде тұтас жаратылыстану өркендейді. Бұл жағдай философияда да көрініс тапқан: онтологиялық мәселелерден гносеологиялық мәселелерді зерттеп білуге көшу басым болады. Алдына ғылымды дамыту мақсаттарын қойған жаңа мекемелер мен ұйымдар ашылады. Олар Платонның мысалы бойынша, «академиялар» деп аталатын болды. Осы уақытта танылып үлгерген ғылымдардың ішінен механика суырылып алға шығады. Ол түсінікте де: жаңа машиналар, мехенизмдер мен станоктар жасау қажет болды. Сөйтіп, Жаңа дәуірдің материализмі механистік түрге айналады. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасыр басынан бастапқы ғылым классикалық емес ғылым деп аталады. Классикалық емес ғылымның дамуының аса маңызды сипаты – ғылымдар бірлігіне қарай бет алу, яғни ғылымаралық интеграцияның дамуы. XVIII ғасырдан бастап XIX ғасырдың аяғына дейін біртұтас натурфилософиядан жеке – дара ғылымдардың енші алып, бөлініп шығуы, яғни дифференциялық процесс жүрген болса, ал енді бір – бірінен бөлініп шыққан жеке білім салалары, жеке ғылымдар арасында ортақ проблемалардың тууы және осыған байланысты бір ғылымдардың идеялары мен әдістерін басқа ғылымдарда пайдалану күшейді, яғни ғылымның дамуы дифференциация мен интеграция процестерінің бірлігі негізінде іске асты. Дифференциация құбылыстар мен процестердің белгілі бір саласына жататын білімдердің тереңдігі мен дәлдігінің дамуына жағдай жасағанымен, бірақ сонымен қатар жеке ғылыми пәндер арасындағы байланыстың әлсіреуіне, сөйтіп ғалымдардың өзара түсінуінің біртінде нашарлауына алып келді. Қазіргі заманда бір ғылым саласындағы түрлі тар шеңберлі мамандық иелері бірін – бірі түсінбейтін, зерттеу әдістерін білмейтін жағдайлар да кездеседі. Сөйтіп, жеке пәндік зерттеу біртұтас ғылымды бір – бірінен алшақ түрлі мамандық иелерінің жиынына айналдырып, әрбір ғалымның біртұтас дүниетану саласындағы өз, орнын, маңызын түсінуіне зиянын тигізуі мүмкін.
Қорытындыға келетін болсақ, қазіргі жаһандау заманында білім мен ғылымды терең игеріп қоймай, оны зерттеп, қоғамның игілігіне айналдыра білген ел — көш басында тұратыны айдан анық.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет