Кыргыз тили жана адабияты: окутуунун инновациялык технологиялары



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата12.10.2023
өлшемі1,78 Mb.
#184933
1   2
Байланысты:
selection1

Кыргыз тили жана адабияты: окутуунун инновациялык технологиялары
When I die, will not the damp earth,
Become my resting
place.
My sharp tongue will become with shame,
like girls.
My poor heart, love and anger fought,
Will it not, poor thing, be turned into an ice block? [5,25р
].
Когда умру, не стану ль я землей?
Язык мой дерзкий – девушкой немой?
Бездушным льдом – пылающее сердце,
Что за любовь боролось с жизнью злой?[6,27с].
Бұл жерде ақын философиялық тұжырымдарының айнасы, сол айнаны 
тіл құрылымен көрсетуде теңеулерді пайдаланған және бұл қолданыстың 
ерекшелігі –
теңеуді, әдеттегі тілдік амалындай жұрнақты немесе секілді 
(сияқты, тәрізді) сөздерін көп қолданбауы, ол теңеуді көбінесе тұжырым, 
констанция арқылы беретіндігі. Ал ағылшын тіліндегі аудармасында 
аудармашы барынша өлеңнің мағынасын ашуға тырысқан. Аудармашы 
күрделі теңеу емес, әдеттегі жұрнақты (like, as) теңеулер секілді қолданған 
осы өлеңде өткір тілмен ұялшақ қыз бейнесін шендестіру әдісімен бір-
біріне қарама-қайшы алуы өте әсерлі. Орыс тіліндегі аудармада «язык мой 
дерзкий» деп оны «девушкой немой» деп келтіреді осыдан барып ағылшын 
тіліне «менің ащы тілім ұялғаннан қыздың кейпіне енеді» деп орыс тілі 
арқылы аударғандықтан өзгеріске ұшырайды. Негізінде өлеңнің мағынасы 
күрделі өзгеріске ұшырамаған. Дегенменде түпнұсқа арқылы аударылса 
сәттірек шығар ма еді?
Күшік асырап ит еттім,
Ол балтырымды қанатты.
Біреуге мылтық үйреттім,
Ол мерген болды мені атты.[4,18б].
I brought him up from a puppy to a dog,
he bit me on the leg.
I taught someone how to shoot,
and he cunningly shot me down. [5,20р
].
Собаку я вскормил из щенка
И зубу ее испытал
Меткости я обучил стрелка,
И сам мишенью стал[6,27с
].


166
Кыргыз тили жана адабияты: окутуунун инновациялык технологиялары
Көріп отырғанымыздай, ақын бұл жерде ауыстыру немесе метонимия 
қолданған, ол іс-әрекетті жауыздыққа ұласқан «жалмауыз қанішер» жанды 
суреттейді. Ағылшын тілінде де аудармашы өлеңді сөзбе-сөз, дәлме-дәл 
жеткізуге тырысқан. Бұл аудармада шеберлік көрініп тұр. Орыс тілідегі 
сөзбе-сөз аударма болса да, керемет метонимия келтірілген. Ағылшын тілінде 
сөзбе-сөз аударма бірақ ұйқас жоғалған, және ырғақ та кіщкене ауытқыған.
Жаны аяулы жақсыға қосамын деп,
Әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып.
Everyone will bring upon evilly growing dog,
so that in time.
They will set it upon one who’s soul is Radiant
[
5,20р
].
«Заманың түлкі болса, тазы бол шал» деген ақыл-өсиетті ескеріп 
жүргендерді байлардың балағына жармасар, итке теңейді Абай туындылары 
күрделі теңеулерді қолданған. Бірақ ағылшын тіліндегі аудармасында жалпы 
мағынасын берген. 
Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап, 
Мал сұрап біреуді алдап, біреуді арбап. 
Жат елде қайыршылық қылып жүріп,
Өз елін бай мақтар құдай қарғап.
Қайда бай мақтаншаққа барған таңдап,
Жиса да, бай болмапты, қанша малды ап,
Қазаққа өлең деген бір қадірсіз.
Былжырақ көрінеді солар дандақ.[4,20б].
They troubled the language for profit, and filled up the soul,
Pleading for crumbs sometimes with deception, sometimes 
with flattery.
Begging in a distant, foreign land,
The cursed ones glorified the riches of their homeland.
They found everywhere the vain rich
but didn’t get rich however much they took
The poems seemed to be futile babbling
To those who saw and heard them.[5,30
].
Корыстью заженные лезли из шкур,
Смотря на хозяев сквозь хитрый прищур.
В чужой стороне без стыда побираясь,
Свой край воспевали, мудры черезчур.


167
Кыргыз тили жана адабияты: окутуунун инновациялык технологиялары
Он шел туда, где баи и где и хвастун,
Но подаяньем не менял удела
И дешев
e
ли звуки звонких струн
И жажда песни в людях все скудела [6, 30 б].
Осы өлеңде Абай байларды мысалдап айтқан көріп отырғанымыздай, 
бай-шонжарларды мысқылдап астына алып, ашуы – ызасы сыр еткен 
сияқты. Ал ағылшын тілінде өзгеріске ұшырағаны анық, өйткені екі тілдік 
грамматикасында айырмашылық бар. Қазақ тілі мен ағылшын тілінде көп 
айырмашылық бар деп атауға болады.
Жазбаша аударуда аударушыдан 
мол білімді, қалам қуатының күшті болуын, мазмүнды дәл бейнелеп
беруді, көбірек ойланып-толғануды қажет етеді.
Түпнұсқаға адал бола 
отырып,мазмұнды толық қамтуға, түпнұсқаның стиліне бой ұсынуға
міндетті болады. Сөз-сөйлемге, грамматикаға, нақтылыкқа, логикаға, емлеге 
баса көңіл бөлінеді. Ауызша аудармаға қарағанда сөздіктерден пайдалану,
қайта-қайта қарап тексеріп шығу, өзгерту мүмкіндігі мол болады
.
Сонда да 
аудармашы сөйлем мағынасын мағыналы етіп жасаған. Оған орыс тілінен
жанама аударылғаны да әсер еткен.
Сіз - жалын шоқ , біз- бір май,
Сіз – бір сұңқар шаһбаз[4,14б].
You are hot coal and I’m like a butter
You are a bold proud 
man.[
5,20р
].
Астарлау кезінде сөздің сыртқы және ішкі ұқсастық белгілері негізге 
алынады. Бұл жерде астарлау немесе метафора еш жалғаусыз және жұрнақсыз 
бір нәрсені екінші нәрсеге балату, ұқсату арқылы жасалған. Ағылшыншада 
бұл теңеулердің қай-қайсысында болмасын аудармашы қазақ мәтінде сол 
қалпында сақтап қалуға тырысады. Ағылшын тілінде қолданып отырған 
сөздер, баламалар қазақ тілінің көптік категориясын толығымен дерлік 
жеткізе алмады, дегенмен де өзіндік мағынасын ашып тұр. 
Қорыта келе, бұл мақаламызда Абай поэзиясының аудармадағы 
стилистикалық әдіс-тәсілдердің берілу жолдарын қарастырдық
яғни оларды 
аудармашы қалай аударғанына назар аударған болатынбыз. Нәтижесінде, 
Абай поэзиясының аудару барысында біраз өзгерістер болған, яғни кейбір 
көріктеу құралдары жай сөйлемге айналып, жалпы мағынасын ғана сақтаған. 
Себебі, мұндай айырмашылық екі тілдің грамматикалық категориясының, 
бір-біріне сай келмейтіндігі арқылы түсіндіріледі. Оның үстіне, аудармашы 
қазақ тілінен тікелей емес, орыс тілінен жанамалай аударғаны үшін де 
өзгіріске ұшыраған. Қалай дегенмен де, әр ұлттың өз ерекшеліктері болады. 
Бұған дәлел, атап айтсақ,
американдық лингвист Б. Уорф тілдік және ұлттық 


168
Кыргыз тили жана адабияты: окутуунун инновациялык технологиялары
ерекшеліктерге байланысты түпнұсқағаға барабар аударма жасау мүмкін 
емес деген пікір айтқан [7, 163б.]. Қалай дегенмен де, әр түрлі тілдік, мәдени 
өзгерісті бастан кешіретіндігін, сөйтіп соңғы буын өміріне ұқсамайтын 
жаңа сипаттардың қалыпқа айналатындығын ескерсек, шығу тегі жағынан 
бірбіріне ұқсамайтын тілдерді аудару барысында, мейлі сөзбе – сөз болсын, 
үнемі бара –бар аударма жасау мүмкін емес.
Жалпы аударма атаулысында екінші тіл арқылы үшінші тілге аудару-
дан, әсіресе үш тілдің бір - бірімен туыстығы жоқ жағдайда ( Абай аударма-
лары сияқты) сәтті шыққан шығармалар болмаса, көбіне түпнұсқа авторын 
жатырқап тұратын өгей туынды туады. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Рсалиева Н.М. 


Аудармадан кеткен ағат атаулар.
 «
Жалын» журналы, 2006, №12.
– Алматы: 38 б.
2. Абай энциклопедиясы – Алматы: Атамұра баспасы, 404б
3. Нуртазин Т., Абайдың ақындық шеберлігі туралы – Алматы: 1954,
386б.
4. Құнанбаев, Абай. Өлеңдер мен аудармалары І, II том – Алматы: 
Жазушы, 2002 78-94 б
5. R.Seisеnbaev., Abai’s book of words – Almaty: El, 1995 3 - 30 p 
6. Жовтис., Абай избранные стихи. - Алма- ата: 1985, 9-95с
.
7. Yorf B., Linguistics and logic. – New York 1960, 163p 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет