Кірісп е Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


-тарау. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы



Pdf көрінісі
бет9/14
Дата22.11.2019
өлшемі1,22 Mb.
#52290
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
722 (1)


12-тарау. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы 
Ресейдегі саяси ойлардың дамуы
ережелерді, яғни І Петр дәуіріне дейінгі тәжірибені қайта 
бағалау  қажеттілігі  туралы,  шаруалар  қауымдастығының 
жергілікті  өз-өзін  басқарудың  маңызы  туралы,  мемле-
кеттік бастаудың рөлі және халық білімінің жалпы концеп-
циясының шеңберінде заң мен дәстүр арақатынасы туралы 
ойды алға қойды. 
Құқықтанушылар  ішінде  батысшылдардың  көрнекті 
өкілдері – К.Д. Кавелин және Б.Н. Чичерин. Олар уақыт 
өте  келе,  либерализмді  эволюция  жолымен  бірте-бірте 
дамытқан  және  ХХ  ғасыр  басындағы  конституциялық 
демократтардың идеялық бастаушылары болды. Славяно-
филдер  мен  олардың  қарсыластарының  40-жылдардағы 
дауларында  В.Г.Белинский,  А.И.  Герцен,  Н.П.  Огарев,    
Т.Н. Грановский, П.В.Анненков батысшылдарды жақтады.
Константин Дмитриевич Кавелин – Ресей тарихын 
түсіндірудегі  мемлекеттік  мектептің  негізін  салушылар-
дың  бірі  (С.М.  Соловьев  және  Б.Н.  Чичеринмен  бірге). 
Оның  көзқарастарына  сәйкес,  тұлғалардың  бостандығы 
үшін  күресі  және  қоғамдық  формалардың  «баяу  өз-
геруі»  –  рулық  қатынастардан  отбасылыққа,  ал  олар  өз 
кезегінде  қоғамдық  қатынастың  жоғарғы  формасына, 
яғни мемлекетке жол беруі тарихи процестің қозғалмалы 
күшін және негізін қалыптастырады. 
Тимофей  Николаевич  Грановский  –  славяно-
филдерді  радикалды  тарихи-философиялық  тұрғыдан 
сынады.  Ол  үшін  тарихи  даму  әр  түрлі  күштердің  күре-
сімен  жалғастырылып  отырды  және  әр  дәуірді  басқа-          
сынан  «айқын  айырмашылықтар»  бөліп  отырады.  Тари-
хи даму шексіз, себебі, қарама-қайшылықтар әрқашанда  
жаңа  және  олар  ешқашанда  бұрынғы  пункттерге  орал-
майды,  «олардың  күрестерінен  әрқашанда  жаңа  нәти-
желер шығады».
60-жылдардағы  реформалардан  кейін,  славянофил-
дер  мен  батысшылдар  арасындағы  келіспеушіліктердің 
шиеленісуі  өзінің  бұрынғы  мәнін  жоғалтпады.  ХХ  ға-

104
Саяси ілімдер тарихы
сырда  орыс  тарихының  өзіндік  ерекшелігіндегі  мәселе 
әлеуметтік  тәжірибеге  байланысты  көтерілген  болатын, 
міне, осылайша, Ресей деген не, оның мәні, бейімділігі жә-
не әлемдегі орны неде? деген Хомяков пен Киреевскидің 
сұрақтары жаңа түсіндірулер мен жаңа бағдарлар алды.
Тақырыпқа  қатысты  ұғымдар  мен  түсініктер:  либера-
лизм,  диктатор,  радикализм,  славянофилдер,  батысшылдар, 
халықшылдар, консерваторлар, эволюционистер.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар мен тапсырмалар: 
1. Орыс қоғамындағы либералистік идеялардың пайда болу 
алғышарттарын атаңыз.
2. Декабристердің арасындағы идеологиялық түсінбестіктің 
себебі неде деп ойлайсыз?
3.  П.  Чадааев  –  ресейдегі  пессимистік  идеяның  негізін 
қалаушы.
4. Батысшылдар кімдер және олардың идеялық көсемдерін 
атаңыз.
5.  Славянофилдердің  саяси  бағдарламасындағы  басты 
ерекшелік неде?
Әдебиеттер:
1.  Исаев  И.А.,  Золотухина  Н.М.  История  политических  и 
правовых учений в России 11-20 вв. – М., 1995.
2. Азаркин Н.М. История политической мысли России. – М., 
1999. 
3. Политология: Энциклопедический словарь. – М., 1993.
4. История политических и правовых учений. 19 в. – М., 1993.
5. Карамзин Н.М. Записка о древней и новой России и ее 
политическом и гражданском общениях. – М., 1991.
Реферат тақырыптары:
1. XІX ғасырдағы Ресейдегі саяси ойлардың дамуы.
2. М. Сперанскидің саяси-құқықтық көзқарасы.
3. Н. Карамзиннің саяси ойлары.
4. Н. Муравьевтің саяси платформасы.
5. Халықшылдардың әлеуметтік қолдаушы топтары.

13-тарау. XІX ғасырдың екінші жартысындағы 
қазақ қоғамындағы саяси ойлар
105
13 тарау. XІX ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ 
ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ САЯСИ ОЙЛАР
XІX ғысырдың ІІ жартысында қазақ даласында саяси-
әлеуметтік,  экономикалық  жағдай  өте  ауыр  болды. 
1822  жылы  Ресей  патшасының  жарлығынан  кейін  қазақ 
даласында  хандық  институт  толығымен  жойылды.  Қазақ 
елі  Ресей  империясының  құрамына  губерния  ретінде 
кірді. Елдегі саяси билік түгелімен Ресей шенеуніктерінің 
қолына  көшті.  Губерниялардың  басшысы  генерал-
губернаторлар  патша  жарлығымен  бекітіліп  отырды. 
Жергілікті қазақтарға бұл шен (губернаторлық) түгелімен 
бұйырмады.  Қазақтар  тіпті  уезд  басшысы  болуға  да 
құқықтары  болмады.  Қазақ  халқы  отаршылықтың 
қамытын  біржолата  киді.  Отаршылық  қазақтарды  ең 
бастысы  саяси  тәуелсіздіктен  айырды.  Хандық  билікпен 
бірге елдің қоғамдық статусы да жойылды. 
Елдегі  феодалдық-рулық  тартыстар  мен  жанжалдар 
және  патша  үкіметінен  шен-шекпен  дәмелі  сұлтандар 
елдің берекесін алды. Оған ішкі Ресейден қазақ даласына 
қоныс  аударып  келген  шаруалардың  жергілікті  халыққа 
қысым  көрсетіп,  шұрайлы  жерлерін  тартып  алуы  тағы 
қосылды. Бір сөзбен айтқанда, отарлау саясаты басталды. 
Мұның  барлығы  да,  мүлгіп  жатқан  қазақ  қоғамына  әсер 
етпей қоймады. Әсіресе, орыс патшасының қазақ жеріне 
саяси  тұтқындарды  жер  аударуы  бұл  процеске  жаңаша 
серпін берді. Ел ішінде көзі ашық, орыстың жер аудары-
лып келген зиялы қауымымен араласа бастаған алдыңғы 
қатарлы  өкілдері  сол  заманға  байланысты  өз  ойларын 
білдіре бастады. 

Саяси ілімдер тарихы
106
Шоқан  Уәлиханов  (1835–1865  жж.)  өз  заманының 
еуропаша білім алған, талантты ғалымы, жаһангері және 
қазақ  саяси  әлеуметтік  ойларының  эволюциясына  үл-
кен  үлес  қосқан  азаматы.  Шоқанның  дүниетанымы  мен 
рухани  жетілуіне  өскен  ортасы  мен  Омбы  қаласындағы 
кадет корпусында оқып жүргендегі қазақ даласына патша 
үкіметіне саяси жағынан сенімсіз деп табылған орыс зиялы 
қауымымен араласып, достасуы және Батыс Сібір генерал-
губернаторы  Гасфорттың  адьютанты  болып  қызмет  етуі 
ерекше із қалдырды. 
Шоқан  орыс  армиясының  офицері  ретінде  патшаға 
адал қызмет атқарды. Патша өкіметі жасақтаған керуенмен 
Қашқарияға  саяхат  жасап  келді.  Сырт  әлемге  есігін  тарс 
жауып  отырған  Қашқар  Үкіметі  туралы  алғашқы  құнды 
материалдарды жинақтаған да – Шоқан. 
Орыс  патшасы  Оңтүстік  Қазақстан,  ұлы  жүз  қазақ-
тары  территориясын  өз  иелігіне  қарату  үшін  Генерал 
Черняев  бастаған  арнайы  әскери  экспедициясын  құ-
райды.  Экспедиция  құрамына  Шоқан  Уәлиханов  та 
енген  болатын.  Бірақ  ол  патша  генералының  жергілікті 
халықты  бағындырудағы  ұстанған  саясатын  көргенде, 
экспедициядан  бас  тартып  бөлініп  кетеді.  Осы  жолғы 
жағдай  Шоқанның  патшаға  деген  сенімін  біржолата 
үзді  және  ол  патшаның  отарлау  саясатының  мақсатын 
түсінді.  Қазақ  даласындағы  патша  Үкіметінің  өктемдігі 
мен  озбырлығын  өз көзімен  көрген  Шоқан  өз достарына 
жазған  хаттарында  «...халықты  ашықтан-ашық  аямай 
сорды» – дейді. 
Шоқанның  саяси  портретін  аша  түсетін  –  «Сот  ре-
формасы туралы» еңбегі. Бұл еңбекте ол қазақ даласында 
жасалмақ  болып  жатқан  реформаның  мән-мақсатына 
тоқталады.  «Адамның  тұрмыс  қажетін  өтейтін  реформа 
ғана пайдалы да, ал бұл мақсатқа қандай да болса кедер-
гі  келтіретін  реформа  зиянды  болып  табылмақ»  –  дейді. 
Сонымен қатар, ол реформа барысында реформатор сол 

13-тарау. XІX ғасырдың екінші жартысындағы 
қазақ қоғамындағы саяси ойлар
107
елдің  менталитетіне  назар  аударып,  ескеру  керек  деп 
есептейді. 
Шоқан  сот  реформалары  туралы  еңбегінде  патша 
үкіметі  тағайындаған  соттардан  гөрі,  бұрыннан  қазақ 
қоғамында қалыптасқан билер институтын тиімдірек деп 
есептейді.  Сондай-ақ,  ол  әкімшілік  реформалау  кезінде 
патша үкіметі округ басшыларын жергілікті салт-дәстүрді 
қанық білетін қазақтардан сайлау керек деп түсінеді. Осы 
мақсатта өзі 1862 жылы Атбасар округінің аға сұлтанды-
ғын  сайлауына  қатысады.  Ондағы  ойы  билік  жүйесін 
жақсартуда  оқыған,  көзі  ашық  билеушінің  пайдалы 
екендігін  дәлелдеу  еді.  Бірақ  өкінішке  орай  сұлтандыққа 
өтпей қалады. 
Шоқанның  бұл  идеясы  сол  замандағы  Ресей  мен 
Еуропадағы  «ағартушы  билеуші»  идеясының  нақты 
көрінісі еді. 
Шоқан  Уәлиханов  этнограф  ретінде  өзінен  кейін 
қырғыздардың  «Манас»  дастаны,  «Елдегі  мұсылмандық 
туралы», «Қазақ шежірелері», «Құлжа күнделіктері» және 
тағы басқа да тамаша еңбектер қалдырды.
Шоқан  Уәлиханов  қазақ  саяси  тарихында  өз  орны 
бар  «жарқ  етіп  ағып  өткен  жарық  жұлдыз»  болды  десек 
қателеспейміз.
ХІХ  ғасырдың  аяғында  қазақ  даласына  ақырындап 
капиталистік  қатынас  ене  бастады.  Жаңа  заманмен 
бірге ел арасына жаңа дәстүр мен жаңа саяси өзгерістер 
қатар  келді.  Осы  кезде  қазақ  ұлтының  ішінен  шыққан 
зиялы  азаматтар  «ел  келешекте  қай  бағытта  дамиды, 
елдігіміз  не  болады»  деген  сұрақтармен  саяси  аренаға 
шықты.  Ұлт  зиялылары  көтерген  осы  мәселелер  қазақ 
дәстүрлі  қоғамының  ғасырлар  бойы  сақталып  келген 
құндылықтарын  шайқалта  бастады.  Екіншіден,  ескіше 
сауатын ашып, кейіннен Орталық Ресейде білім алған ұлт 
зиялылары Ресейдегі болып жатқан саяси дүрбелеңнің қақ 
ортасында  жүрді.  Ресейдегі  әр  түрлі  саяси  партияларға 

Саяси ілімдер тарихы
108
қатысып, саяси жағынан шыңдалған азаматтар келешекте 
қазақ  саяси  ойларының  дамуына,  Алаш  қозғалысы  мен 
Алашорда  ұлттық  үкіметін  құруда  ерекше  рөл  атқарды. 
Сол  кездегі  ел  ішіндегі  ауыртпалықты  көріп,  сезген  ұлт 
зиялылары  заманның  ащы  шындығын  көрсету  үшін, 
халықтың санасын ояту үшін ағартушылық бағытты ұста-
нып, алғаш рет қазақ даласында «Айқап» газетін шығара 
бастады.
Ыбырай  Алтынсарин  (1841-1889)  —  қазақтың  аса 
көрнекті  ағартушы-педагогы,  жазушы,  этнограф,  фольк-
лоршы, қоғам қайраткері.
Қазақтың көрнекті ағартушысы Ы.Алтынсарин оқушы-
ларға білім беру мен оларды кемелдендіру мақсатындағы 
мұғалім  мен  оқушының  бірлесіп,  біріге  жасайтын  қыз-
метін  және  қарым-қатынастарының  амал-тәсілдерін 
әдіс  деп  атайды.  Оқымыстының  дүниетанымдық  және 
тәлім-тәрбиелік  идеялары  XIX  ғасырда  қазақ  халқының 
тәлім-тәрбиелік,  ұлттық  құндылықтарын  жаңа  деңгейге 
көтерді.  Дегенмен,  сол  кезеңдерде  қазақ  зиялыларының 
ағартушылық  ой-пікірлерінің  дамуы,  өзіндік  идеяларын 
жариялау  мүмкіндіктері  биік  деңгейде  болмағаны  бел-
гілі.  Соған  қарамастан  ұлт  ағартушылары,  педагог 
–  ұстаздары  өз  еңбектерін  оқу-тәрбие  жұмыстарына 
енгізіп,  педагогикалық  тың  мәселелерді  көтере  білді. 
Қазақ мектептерін және ондағы оқытудың дидактикалық 
негіздерін  педагогика  ғылымының  алдыңғы  қатарлы 
деңгейінде  құра  білуі,  білім  мен  тәрбие  беру,  оқыту 
принциптерінің  негізгі  құрамдас  бөліктерін  өміршең 
мәнде дәлелдеуі ғұламаның сол кездегі үлкен жетістіктері 
болды.  Қазіргі  жоғары  оқу  орындарындағы  кіріктіре 
оқыту (интеграция) әдісін Ы.Алтынсарин өз тәжірибесінде 
сол тарихи кезеңнің өзінде пәрменді және сапалы қолдана 
білгенін атап өткеніміз абзал. 
Ы.  Алтынсарин  терең  ағартушы  ретінде  оқу-білімнің 
тек ізденіс, еңбекпен табылатынына ерекше  мән бергенін 

13-тарау. XІX ғасырдың екінші жартысындағы 
қазақ қоғамындағы саяси ойлар
109
атап өтуге болады. Әрине, сапалы  оқу үшін инемен құдық 
қазғандай  ыждағаттылық,  талап  пен  сабырлылық  қажет 
екенін  ескертеді.  Ал  енді  оқымаған  надандарды  ақын  аз 
ғана  сөзбен  сынап,  олардың  ақ  пен  қараны  айырмайтын 
көрсоқыр  екенін  айтады  (Мәселен,  «Оқымаған  жүреді, 
Қараңғыны қармалап;  Надандықтың белгісі - Еш ақылға 
жарымас»).  Адам  үшін  оқу,  білімнің  өмірдегі  пайдасы 
қандай, ол неге керек? деген мәселеге келгенде, оның нағыз 
өмір үшін, болашақ үшін қажет екенін талдап көрсетеді 
(Мәселен,  «Ата-енең  қартайса,  Тіреу  болар  бұл  оқу; 
Қартайғанда мал тайса, Сүйеу болар бұл оқу»). Жастарды 
өнер-білім,  техниканы  игеруге  үндеу  ағартушы-ақынның 
«Өнер-білім  бар  жұрттар»  деген  өлеңінде  өз  жалғасып 
тапқаны  белгілі.  Дүниеде  өнер-білімі  жетілген  елдердің 
артықшылығы қандай, олар сол өнерімен нені игеріп отыр, 
ертеңгі өмірдін талап-тілектері қандай болуы мүмкін де-
ген  секілді  күрделі  мәселелерді  жастар  алдына  көлденең 
тарту  арқылы  оларға  ой  тастап,  өнер-білімді  батыл  иге-
руге шақырады (Мәселен, «Адамды құстай ұшырды, Мал 
істейтін  жұмысты,  От  пен  суға  түсірді.  Отынсыз  тамақ 
пісірді, Сусыздан сусын ішірді»).
Қазақ  ағартушысы  Ыбырайдың  орыстың  көрнекті 
зиялысы  Ушинский  жолымен  жүргізген  оқыту  жүйесі 
бойынша:  мектеп,  ең  алдымен  халықтық  мектеп  болуы, 
халықтың  тұрмысына  ыңғайлы  шаруашылығына  қолай-
лы  болып,  халықтың  қалың  бұқарасын  қамтуы  үшін 
ауылдарда, болыстарда, уездерде ашылуы және жергілікті  
жағдайға сай құрылуы керек. Ағартушы мектептер үлгілі, 
тәртіпті,  көрнекі,  мәдениетті,  ауылдағы  бүкіл  мәдени-
ағарту  жұмысының  орталығы,  «қазақтарды  оқытудың 
негізгі  буыны»  болуға  тиіс  деген  ойды  тұжырымжайды. 
«Мектеп  ішкі  мазмұнымен  ғана  үлгілі  болып  қоймасын, 
сонымен бірге сыртқы формасымен де ауылға үлгі берсін» 
деген ұстанымды білдіреді. Қазақ шаруалары балаларын 
мектепке  алып  келгенде,  балам  білім  алады  деп  қана 

Саяси ілімдер тарихы
110
қуанбасын,  өзі  де  сол  мектепті  көріп,  «өмірді  осылай 
құру керек екен» деп, үлгі алып қайтатын болсын – деген 
талап  қойды.  Міне  қазақ  ағартушылығының  әлеуметтік 
сипатының кеңдігін осы қадамдарда-ақ байқауға болады.
Ресей патшалығы заманында жоғары оқу орындарына 
аз  санды  ұлттардың  жастарын  алмайтын  еді.  Осыны 
терең  түсінген  ағартушы    өз  мектебінің  бағдарламасын 
жоғары деңгейге көтеріп, қазақ жастарына әр түрлі ғылым 
саласынан  мәлімет  беруді  алдына  мақсат  етіп  қойды. 
Ыбырай өзі дайындаған бағдарламалар хақында айтылған 
үстірт пікірлерге құлақ аспаған және өзінің ойын әлеумет-
тік  практикада  жүзеге  асыруға  барынша  күшін  салған. 
Ресей үкіметі қазақ даласынан ашылатын мұндай мектеп-
тің алдына қойған мақсаты қазақ даласынан мектеп ашуда-
ғы ереженің  бірінші параграфында анық айтылған.  Онда: 
«мектеп құрудағы басты міндет – шекарадағы басқару ісін 
атқара  алатын  адамдарды  және  сұлтан-правительдердің 
ісін  жүргізетіндер  мен  айрықша  қызметтерді  атқаратын 
адамдарды  дайындау»  деп  жазылған  еді.  Міне,  осындай 
«айрықша  қызметке»  мамандар  дайындайтын  мектепке 
осы ереженің он екінші параграфы бойынша «тек үкіметке 
ерекше  еңбегі  сіңген  адамдардың  балалары  алынатын» 
болған.  Бұл  әлеуметтік  жіктемелеу  ағартушының  жалпы 
гуманистік көзқарасымен сәйкес келмейтін. 
Қазақтың  атақты  ағартушысы,    әрі  өз  халқының  шы-
найы  патриоты  өз  халқының  жарқын  болашағын  тек 
оқу-ағарту ісімен, білім –  ғылыммен, сол білім-ғылымды 
ел  ішіне  көптеп  тарата  алатын  мектептерді  ашумен 
байланыстырды. Сондықтанда ол өз заманында: «Мектеп 
–  қазақтарға  білім  берудің  басты  кұралы,  біздің  барлық 
үмітіміз,  қазақ  халқының  келешегі  осында,  тек  осы 
мектептерде ғана» деп жазды. Міне ойшыл ағартушының 
ой-тұжырымдарының  астарында  қазақ  елінің  болашағы-
на, ұлттық бірлігіне деген сенім жатқанын байқаймыз.

13-тарау. XІX ғасырдың екінші жартысындағы 
қазақ қоғамындағы саяси ойлар
111
Қазақстанның  XIX  ғасырға  дейінгі  қоғамдық-саяси 
ой-пікірінде  өз  халқының  барлық  рухани-адамгершілік 
құндылықтарын  жинаған  Абай  айрықша  орын  алады. 
Оның  әлеуметтік  көзқарастарының  қалыптасуына  Шы-
ғыстың философиялық-саяси ойы ықпал етті.
Абай  Құнанбаев  (1845–1904  жж.)  қазақ  ақыны, 
ағартушысы,  ойшылы,  қазақ  философиясы  тарихында 
өшпес  мұра  қалдырған  біртуар  тұлға.  Шығармашылық 
мұрасы  өлең,  дастан-поэмалар  мен  философиялық  маз-
мұнды қара сөздерден және аудармалардан тұрады. 
Абай  елде  моральдық  құндылықтардың  құнсызда-
нып бара жатқанына көңіл аударады. Ақын мұндай қоғам-
да  зұлымдық,  қулық-сұмдық,  адамгершілікке  меңіреулік 
және  надандық билік жүргізеді деп ескертеді.
«Қазақтың қайсысының бар санасы? 
Қылт етерде дап-дайын бар жаласы.
Пысықтардың белгісі – арыз беру,
Жоқ тұрса бес бересі, алты аласы».
Абай  өз  шығармаларында  сол  заманның  әлеуметтік 
ащы  шындығын  нақты  бейнелеп  берген.  Қоғамдағы  әді-
летсіздікті  Абай  халықты  ағарту  арқылы  шешуге  болады 
деп  есептеген  және  білім  мен  мәдениетті  қараңғылыққа 
қарсы  ұғым  ретінде  қолданған.  Абай  өзінің  жиырма  бе-
сінші сөзінде «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер 
де, ғылым да бәрі орыста» деп халықты білім мен өнерге 
шақырады. 
Абай  қазақтың  бойындағы  надандықты  да  қатты  сы-
наған. Оны мына өлең жолдарынан көруге болады:
Қалың елім қазағым, қайран жұртым, 
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсыменен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.

Саяси ілімдер тарихы
112
Абай  заманында  білім  мен  ғылымға  ерекше  назар 
аударған  және  жастарды  алған  білімін  қалың  қазақ 
игілігіне жұмсауға үгіттейді, «баламды медресеге біл деп 
бердім, шен алсын, қызмет қылсын деп бермедім» немесе 
«жасымда  ғылым  бар  деп  ескермедім,  пайдасын  көре 
тұра тексермедім, ер жеткесін түспеді уысыма, мезгілінен 
қолымды кеш сермедім» дейді. 
Абай қоғамдағы әлеуметтік (бай мен кедей) мәселесіне 
де өте көп көңіл бөледі. Ақын «Қараша желтоқсан мен сол 
бір екі ай» өлеңінде заман келбетін тамаша ашып береді.
Қар жауса да тоңбайды бай баласы,
Үйі жылы, киіз тұтқан айналасы.
Байұлына жалшы ұлы жалынышты,
Ағып жүріп ойнатар көздің жасы.
Ол заманда қазақ қоғамында енді-енді ғана партиялар 
пайда болып, болыстыққа сайлау өтіп жатқан еді. Сайлау 
үшін  малын  шашып,  елді  алдап,  пара  беруші  байларды 
Абай қатты сынаған. 
Болды да партия,
Ел іші жарылды.
Әуремін мен тыя, 
Дауың мен шарыңды.
немесе
Орыс сыяз қылдырса,
Болыс елін қармайды.
Қу старшын, аш билер,
Аз  жүрегін  жалғайды  –  деп  сол  заман  шындығын  реа-
листік тұрғыдан өрнектейді. 
Абай  елдегі  бірлікке  ерекше  мән  береді.  Елдің  бола-
шағы білім мен бірлікте. Ел ішіндегі күншілдік пен надан-
дықты тоқтату керек деп ойлайды. Ру мен ру арасындағы 

13-тарау. XІX ғасырдың екінші жартысындағы 
қазақ қоғамындағы саяси ойлар
113
алауыздыққа  жол  бермей,  әрбір  қазаққа  «біріңе  қазақ 
бірің  дос,  болмасаң  істің  бәрі  бос»  деп  мәңгілік  ұран 
тастайды.
Абай шығармаларының дені елдегі әлеуметтік мәселе-
лерге арналды. Ақын қоғамдағы келеңсіз жайттарды бол-
дырмауға  барынша  қарсы  тұрып,  күресіп  өтті.  Абайдың 
шығармалары  осы  заман  тұрғысынан  алып  қарағанда  да 
өз  өзектілігін  жойған  жоқ  және  оның  шығармалары  әлі 
талай ұрпаққа өсиет-өнеге болып қала бермек.
Тақырыпқа  қатысты  ұғымдар  мен  түсініктер:  қазақ, 
хандық  институт,  саяси  билік,  бай,  кедей,  әкімшілік  реформа, 
билер институты, саяси тарих.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар мен тапсырмалар: 
1. XІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ даласындағы 
саяси ахуалға сипаттама беріңіз.
2. Шоқан Уәлихановтың әлеуметтік-саяси көзқарастары.
3.  Ыбырай  Алтынсаринның  саяси  ілімдер  тарихында 
қалдырған ізі туралы.
4.  Абай  Құнанбаевтың  әлеуметтік-философиялық  көзқа-
растары.
Әдебиеттер:
1. Ы. Алтынсарин. Таңдамалы шығармалары. – А., 1994.
2. А. Құнанбаев. Екі томдық шығармалары. – А., 1986.
3. Ғ. Есім. Саяси философия. – А., 2006.
4. Т. Омарбеков. ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті 
мәселелері. – А, 2001. 
5. Ч. Валиханов. Следы шаманства у киргизов: в 5 т. – А., 1985.
Реферат тақырыптары:
1. XIX ғасырдағы Қазақ даласындағы саяси ой-пікірлер.
2.  Қазақ  ағартушылары  көзқарастарындағы  сенім  мәселе-
сінің орын алуы.
3. Абай Құнанбаевтың еңбектеріндегі негізгі саяси ойлар.
4. Шоқан Уәлихановтың саяси көзқарастары.

114
Саяси ілімдер тарихы
14 тарау. ХХ ҒАСЫРДАҒЫ АМЕРИКА ҚҰРАМА 
ШТАТЫНДАҒЫ САЯСИ ІЛІМДЕР
ХХ  ғасырдағы  Америка  Құрама  Штаттарындағы 
саяси  ілімдердің  қалыптасуы  –  күрделі,  ұзақ  және  тым 
қарама-қайшы  үдеріске  толы  болды.  Саяси  ойлардың 
дамуына американ ойшылдарының ең алдымен саясатта-
нуды  дербес  ғылым  ретінде  түсіндіруі  және  қоғамдық 
ғылымдар арасындағы орнын анықтап беруі үлкен ықпал 
етті. Америка саясаттанушыларының арасында бұл ілім-
нің  дамуында  терең  із  қалдырған  ғалымдар  –  Чарльз 
Мерриам, Гарольд Лассуэл және Ганс Моргентау. 
Чикаго  университетінің  қолдауына  сүйене  отырып, 
аталған ғалымдар америка саяси ғылымында прагматизм 
және саяси реализм мектептерінің негізін қалады. АҚШ-
тың ішкі және сыртқы саясатын зерттеуде жаңа әдістерге 
жол  ашты.  Осылайша  Америка  қоғамы  АҚШ-тың 
келешектегі  қоғамдық  және  саяси  тәртібінің  лайықты 
стратегиясын қалыптастырды. 
Аталған  ғалымдардың  ішінде  саяси  шоқтығы  биік 
тұрған  –  Чарльз  Мерриам  (1874–1953  жж.).  Батыс 
зерттеушілері  оны  Америка  саяси  ғылымының  негізін 
салушы  ретінде  ғана  емес,  сонымен  қатар  бихевиористік 
бағыттың әкесі ретінде қабылдайды. 
Саяси  тәжірибенің  сапалы  жаңа  сипатын  белгілеу 
үшін ол «саяси саналық» деген арнайы терминді айналым-
ға енгізді. Бұл термин практикалық саясаткерлерді өзде-
рінің  қызметтік  міндеттерін  орындау  үшін  жауапкерші-
лікпен  қарауға  және  Америка  азаматтарын  саяси  басқа-
руға тартуға бағытталған.

115
14-тарау. XX ғасырдағы Америка Құрама 
Штаттарындағы саяси ілімдер
Ч.  Мерриам  саяси  зерттеулерге  талдаудың  жаңа 
сандық  әдісінің  енуін  белсенді  түрде  талап  етті.  Оның 
еңбегі  нәтижесіз  болмады.  ХХ  ғасырдың  30-шы  жылда-
рының  басына  таман  әр  саясаттанушы  осындай  зерттеу 
әдісімен қаруланды. Ч. Мерриам жаңа зерттеу әдістерінің 
маңыздылығы  мен  қажеттілігін  ескере  отырып,  бұған 
дейінгі  дәстүрлі  әдістерді  жоққа  шығармады.  Басқа 
әдістердің  маңызын  төмендетпей  кез-келген  жағдайда 
саяси  мәселелерді  барынша  объективті  түрде  түсіндіріп 
және  шешу  үшін  тиімді  зерттеу  әдістерін  таңдап  алу  – 
басты мақсат деп көрсетеді.
Ч. Мерриам Америка демократиясын адам табиғаты-
на  көп  мөлшерде  сәйкес  келетін  саяси  басқарудың  түрі 
ретінде қарастырды және соған өзі де қатты сенген. Оның 
ойынша,  Америка  демократиясының  дамуы  адамның 
шығармашылық  мүмкіншіліктерінің  ашылуына  және 
соның  нәтижесінде  саяси  қатынастардың  жаңа  түрінің 
қалыптасуына әкелуі керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет