Кіріспе Қазақстанның далалы аймақтарында қыстың күні қауіпті метеорологиялық құбылыс – қарлы боран


сурет боран түрлері және боран бөлшектерінің тасымалдану әдістері



бет2/6
Дата21.11.2022
өлшемі206,23 Kb.
#159243
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қарлы боран
«Биология» 8-сынып , 3 3, Тмо 20-15 Бекен Арсен Турлыгазин Мадияр, Положение о конкурсе лучший сотрудник месяца, Short Stories for Children for Spoken English Program ( PDFDrive ) (1), Жаһандық экономика және еңбек мәселесі, Назарларыңызға рахмет ! (3), Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
1. сурет боран түрлері және боран бөлшектерінің тасымалдану әдістері
Қарлы борандағы қар қиыршығының тасымалдану әдістері атмосфералық қар қиыршықтарының түсуі; Тасымалдануы (влечение) – желдің әсерінен қар жамылғысынын, мұздын, жердің бетімен қар қиыршығының тасымалдануы. Қар қиыршығының секірісі (сальтация) қар жармасының секірісі, бұл кезде қар бөлшегі қар жамылғысынан бірнеше қар бөлшегін өзімен бірге жабыстырып алып кетеді. Бұл жағдайда қарлы желдің ағынының қанығуына алып келеді. Қар қиыршығының қалқуы (витание) – қар қиыршығының қар жамылғысынан жұлынып желге ілініп жердің бетімен көтерілуі,қозғалысы. 1- суретте жоғарғы және төменгі борандар мен оларға сәйкес боранды қар ұшқындарының тасымалдану әдістері көрсетілген. Жоғарғы броанға қатысушы атмосфералық қар ұшқындары А және w жылдамдықпен түседі де, желмен көлденең бағытта u жылдамдығымен орын ауыстырады, сондағы қар қиыршығының бірдей әсер ететін жылдамдығы (v)
V=
Сол нүктедегі жел жылдамдығының құраушысы көлденен құраушысынан шамалы өзгешеленеді, себебі атмосфералық қар қиырщықтары ауа ағынының келіп түсуіне әрекетінен алда болады және олар түсу кезіңде орташа жел жылдамдығының азаю қабатында өтеді.
Жоғарғы боранның қабатының қалындығы жерден бұлттарға дейінгі (1-2 км) қашықтыққа сәйкес келеді және ол тауларда күрт қысқарады. 1 суреттегі А қар қиыршықтары жерге түскендегі сол сәтте немесе біраз уақыттан кейін М қар жамылғысының бөлшегі және төменгі боранның қатысушысы болады, төменгі боранда тасымалдануы (влечение) қабаты 1мм болады. Төменгі борандағы бөлшектердің тасымалдынуының ең таралғаны қар қиыршығының секірісі (сальтация) қабаты биіктігі 100 см-ге дейін жетеді. Төменгі борандағы қар қиыршығының қалқып жүру (витание) қабатының биіктігі 10 м. Австралялық гляциологтар өздерінің көпжылдық бақылаулары бойынша мынаны байқаған, яғни Антарктидадағы Адели жерінде төменгі боран бөлщектерінің көтерілу биіктігі 300 м және одан да жоғары болады екен. Боран шанды дауыл сияқты қар жамылғысының бетінде рельеф құрай алады.
Жел жылдамдығы аз болғанда қар жамылғысының бетінде толқын тәріздес кішкентай төбешіктер (рябь) пайда болады, ол шөлдегі бархандардағы толқындарға ұқсас. Жел жылдамдығы күшейген сайын қар жамылғысаының үстінде жел бағытымне баяу жылжыйтын толқын мен бархандар пайда болады.
Шаңды борандар мен қарлы боран арасында ұқсастықтармен қоса айырмашылықтарыда бар. Біріншіден шанды боранда тек қана төмнегі құмды боран ғана кездеседі, себебі атмосферада құм пайда болмайды. Екіншіден шаңды боранда қалқып жүрудің бөлігі (витание) әлде қайда жоғары. Шаңды борандарда көлемі бойынша өте кішкентай 0,001 мм не одан да кіші шаң бөлшектері 2-3 км биіктікке дейін көтеріле алады, мықты шаңды бұлттарды қалыптастыра отыра. Осындай бұлттар мысалыға Сахараның үстінде пайда болса ол Атлант мұхитын кесіп өте алар еді. Ал Еуропаның үстіндегі шандар соңғы он жылда күшейіп кетті, оның себебі Африкадағы шаңды дауылардын онтүстік континентке жылжуына байланысты. Төменгі боранда да қарлы бұлтар пайда болу шеді егер қарлар тез еріп кетпегенде.
Боран кезінде қар қабатында пар мен жылудын тасымалдануы ондаған есе тез жүреді. Қар қабатында пар қардын төменгі қабатынан жоғарға қарай жүреді, ал қардын беті салқын болады, осы кезде пар кристалданып қардын бетін қатайтады яғни тығыздайды. Қардың бөлінуі, жарылуы кезінде борандарда электрлік құбылыстар байқалады. Боранның әсерінен пайда болған электрленген поляның қуаттылығы 6-10 кВ/м жетуі мүмкін, осыған байланысты борандарда электрлік разрядтар, және жарық эффектісі байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет