Кіріспе Қазақстанның далалы аймақтарында қыстың күні қауіпті метеорологиялық құбылыс – қарлы боран



бет3/6
Дата21.11.2022
өлшемі206,23 Kb.
#159243
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қарлы боран
«Биология» 8-сынып , 3 3, Тмо 20-15 Бекен Арсен Турлыгазин Мадияр, Положение о конкурсе лучший сотрудник месяца, Short Stories for Children for Spoken English Program ( PDFDrive ) (1), Жаһандық экономика және еңбек мәселесі, Назарларыңызға рахмет ! (3), Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Боранның қарқындылығы. Боранның қарқындылығы қарлы желдің ағынының турбулентілігіне, жауған қардын қарқындылығына, қар бөлшектерінің пішіні мен көлеміне, ауаның температурасына және ылғалдылықа байланысты. Жалпы боранның массасы қарлы желдің ағынының фронтында 1 секундта жердің бетімен 1 метрге тасымалданатын қардың массасына тең. Қардың мах. тасымалдануына байланысты боранның келесі түрін ажырытады, яғни боранның қарқындылығы . Желдің жылдамдығы м/с, қардың мах. тасымалдануы кг/(мс): әлсіз 0-10 м/с 0,2 кг/(мс) дейін; орташа 10-20 м/с 0,4 кг/(мс) дейін; қатты 20-30 м/с 1,2 кг/(мс) дейін; орташа қатты 30-40 м/с 2,0 кг/(мс) дейін; өте қатты 40-90 м/с 2,0 кг/(мс) одан да көп.
Қарлы боранның басталуы. Боранның пайда болуына белгілі бір жағдайлар орнығуы шарт. Жоғарғы боран үшін бұлттардан қар жауу міндетті болу керек. Төменгі боранда қар бұлттардан жауу міндетті емес, бірақ ол үшін қар жамылғысындағы қар қиыршықтарын тасымалдау үшін желдің күштілігі қажет. Флюгер бойынша Vф желдің бастапқы жылдамдығы 3-4 м/с болу керек, яғни бұл жылдамдық бойынша жеке бос жатқан қар ұщқындары тасымалданады. Егер қар жамылғысының беткі қабаты қатып қалса, онда оның бөлшектерінің арасында байланыс пайда болады. Бұл жағдайда жел жылдамдығы жеткіліктіжағдайда күшті болу керек, қатты бір-біріне байланысып қалған бөлшектерді жұлып алу үшін. Желмен жұлынып алынған бөлшектер сол қатып қалған қар жамылғысын ұру арқылы арасындағы байланысты бұзады.
Қар бөлшектерінің жылжуы олардың көлемдеріне байланысты. Ұсақтры желмен оңайырақ тасымалданады, үлкенқар қиыршықтарына қарағанда. Сонымен қатар ұсақ қар қиыршықтары өзара мықтырақ байланысқан. Қарлы боранда қар қиыршықтарының негізгі жылжымылы бөлшектерінің көлемдері 0,2-ден 0,4 мм-ге дейін болады.
Қарлы борандардың жылдамдықты алу аймағы. Қарлы алқап қанщалықты кең болғанымен, оның да шекарасы бар – ормандар, өзендер мен ойпандар, көлдер жағалауы, суқоймалар т.б.. Жел өзінің жүрісін гляциологтар атаған қар жинағыш бассейннен, қар алқабынан бастасын. Қарлы боран тез арада жанағы айтылған алқаптан барлық күшімен пайда бола алмайды. Ол бірті-бірте қар жамылғысын бұзатын секіргіш бөлшектерге байланысты өседі.
Жеңіл кристалдардың ұруы қатқан қар қабатын бұза алмайтындай көрінеді бірақ қар қиыршығының секірісі (сальтация) нәтижесінде мүмкін болады. Аэродинамикалық каналда өте тығыз қатып қалған қардан тұратын параллелипипедті орнатқан. Одан 1,2м қашықтықта каналдын түбне бос қар шашылды ұзындығы 1,5 м-ге дейін. Жел жылдамдығы V0,05 = 18 м/с-та қар жамылғысы 12 сек ішінде үрленіп кетті. Осы уақытта параллелипипед өзінің салмағынан 2,2 г жоғалтты.
Бірақ қар қиыршығының секірісінің (сальтацияның) бұзу күшімен қатар боранды сеперация арқылы қар жамылғысының үрленуіне қарсы күшейеді, себебі ұсақ түйіршіктер үрленіп үлкендері қалып қалады. Қатты желдің әсерінен және онымен тездетілетін метаморфты құбылыстар әсерінен қар жамылғысында қар қиыршықтарының бір-бірімен байланысы артады, қар жамылғысының беті қатаяды. Жалпы біраз уақыттан кейін және қар жинағыш бассейннің желді шекарадан Хр қандай да бір қашықтықта қардың тасымалдануы максимумына жетеді. Осы Хр қашықтықты мүмкін болатын қарлы боранның жылдамдық алу аймағы деп аталады.
Ағылшын геофизигі Р.Бэгнольд алғаш ұсынған шаңды және қарлы борандардың даму заңдылығы f(x)=Qx көрсеткішті функциясы заңдылығымен сәйкес келеді. Егер секіруден кейінгі әр бөлшек П бөлшекті ұрса, k секіруден кейін nk бөлшектер қозғалысқа қосылады. k алқабтың шекарасынан басталатын қарды тасымалдау ұзындығына пропорционалды деп алсақ, ал k=k0 жылдамдық алу зонасына Хр сәйкес келеді, Хр –ге жеткен кезде боранның тең салмақты үрлену режимі мен аккумуляция қанығуы болады. k секірулерден кейін жалпы қар тасымалдауы максимумның мәнінен пайыз бойынша былай болады П(k-k0) *100.
k0 =60, ал k=40 болсын. Онда n-ның әр түрлі мәндерінде Ес-тің қар таысмалдауының k=40 болғанда, максималды қар тасымалдауға k0 =60 болғанда қатынасы пайызбен келесідей мәндерге ие болады.

n

1,05

1,1

1,5

2,0

Ec

37.6

14,8

3.10-2

10-4






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет