Кіріспе. Биохимия пәні. Биологиялық химия тірі ағзадағы заттардың химиялық табиғатын зерттейтін ғылым



бет11/20
Дата27.12.2023
өлшемі1,46 Mb.
#199696
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Байланысты:
Биохимия конспекты лекции

4. Суда еритін дәрумендер.
С дәрумені (аскорбин қышқылы). Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С дәрумені биологиялық тотығу кезінде зиянды заттардың түзілуін тежейді. Ол қарсы денелерді (орысша антитело) түзетін ферменттердің құрамына кіреді. Терідегі қан тамырлардың кабырғасының бүлінуіне де кедергі жасайды. С дәрумені жетіспеген жағдайда ағза тез шаршайды, кілегейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. Бұл дәрумен ұзақ уақыт жетіспесе адам қауіпті құрқұлақ (цинга) ауруына шалдығады. Адам ағзасы С дәруменін түзбейтіндіктен, тамақпен бірге қабылдануы керек. С дәрумені ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет. Жаңа піскен көкөністер, жемістер және тұздалған қырыққабатта көбірек кездеседі. Әсіресе итмұрынның, қарақаттың құрамында мол болады. Ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 60-100 мг.
В дәрумені (тиамин). Тиамин зат алмасуға, асқазан және жүректің, жүйке жүйесінің қызметтеріне әсер етеді. Жетіспегенде жүйке жүйесінің жұмысы бұзылып, адамның қозғалысы өзгереді. Бас ауырады, жүректің соғуы жиілейді жөне аяқ-қол дірілдейді. В дәрумені ұзақ уақыт жетіспеген жағдайда, адам бери-бери ауруына ұшырайды. Жүйке жүйесінің қызметі бұзылады, жүруі ауырлайды, тіпті аяғы сал (паралич) болып қалады. В1 дәрумені түрлі жармалардың қалдығында, сүт өнімдерінде, жұмыртқада, жемістерде мол болады. Ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 2,3 мг.
В2 дәрумені (рибофлавин). Рибофлавин зат алмасуға, көзге, қан жасалу мүшелерінің қызметіне әсер етеді. Жетіспеген жағдайда баланың өсуі баяулайды, тері мен ішкі мүшелердің кілегейлі қабықшаларында ауру пайда болады. Көздің қасаң қабығы қабынып, көзден жас ағады. В2 дәрумені жармалардың құрамында, ашытқыда, көкөністерде, етте, сүтте мол болады. Ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 3-4 мг.
В6 дәрумені (пиридоксин). Пиридоксин негізінен ағзадағы нәруыздың алмасуына әсер етеді. Эритроциттердің жетілуіне, темірдің дұрыс пайдаланылуына әсер етеді. В6 дәрумені майдың алмасуына әсер етіп, бауыр мен терідегі зат алмасудың дұрыс жүруін қамтамасыз етеді. В6 дәрумені адам ішегіндегі микроорганизмдердің әсерінен де түзіледі. Ағзаға кажетті төуліктік мөлшері 2,3 мг .
В12 дәрумені (цианкобаламин). Цианокоболамин қанның түзілуі үшін қажет. Жүйке ұлпасының өсуін реттеуге қатысады. Оның жетіспеуі қан аздық (анемия) ауруына шалдықтырады. Бұл кезде ағзаға оттегі жетіспейді. В12 дәрумені ағзада ұзақ уакыт жетіспесе, адам өліп кетуі де мүмкін. Бұл дәрумен бауырдың, бүйректің, балықтың, жұмыртқаның құрамында кездеседі. Ішектегі кейбір микроорганизмдердің әсерінен де түзіледі. Ағзаға қажетті мөлшері 2-3 мг.
РР дәрумені (никотин қышқылы). Никотин қышқылы ішек-қарын (асқазан) қызметіне әсер етеді. Жетіспеген жағдайда адам өзін дәрменсіз сезінеді, көңіл күйі өзгереді. Теріде күлдіреген көпіршіктер мен дақтар пайда болады. Адам пеллагра ауруына шалдығады. РР дәрумені еттің, бауырдың, жұмыртқаның, қара нанның, жер жаңғақтың құрамында кездеседі. Ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 15-25 мг.
Тағам өнімдеріндегі дәрумендерді сақтау жолдары. Тағамдық заттарды дұрыс сақтамау жөне өңдеу кезінде құрамындағы дәрумендер бұзылады. Тағамдық өнімдерді жоғары температурада өңдегенде С дәрумені жойылып, В тобындағы дәрумендердің мөлшері азаяды. Тағамның құрамындағы дәрумендерді сақтау үшін, төменгі температурада, тоңазытып барып консервілеу әдісін колданады. Азық-түлік өнімдерін күнге кептірген кезде де, олардың құрамындағы дәрумендер азаяды. Тұздау кезінде дәрумендер сақталады. Дәрумендерді сақтау үшін эмаль, шыны ыдыстарын пайдаланады.
Дәрістің тақырыбы: Майлардың химиясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет