Кіріспе. Биохимия пәні. Биологиялық химия тірі ағзадағы заттардың химиялық табиғатын зерттейтін ғылым



бет4/20
Дата27.12.2023
өлшемі1,46 Mb.
#199696
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Биохимия конспекты лекции

3.Ақуыздардың құрамы және құрылысы.
Белоктың құрамында жиырма түрлі амин қышқылдары болады. Әр түрлі белоктардың амин қышқылы құрамы жағынан да, олардың тізбектегі орналасу тәртібі жағынан да бір-бірінен айырмашылығы зор. Табиғатта белок түрлерінің көп болуы да осыған байланысты. Мысалы, үш амин қышқылының қосылуынан алты түрлі, төрт қышкылдан жиырма төрт түрлі белок изомерлері пайда болады. Белок молекуласы амин қышқылдарының өзара моншақтай тізіле байланысқан полипептидтік тізбегінен құралады. Белок молекуласының сыртқы пішіні екі түрлі болады. Біріншісі – шар тәрізді домалақ – глобулярлы белоктар. Бұларға альбуминдер, глобулиндер, гемоглобин және т.с.с белоктары жатады. Екіншісі фибриллярлық (талшық тәріздес) белоктар. Бұларға бұлшық ет белогы – миозин, актин және т.с.с. жатады. Белок молекуласының өзіне тән ерекшеліктері мен құрылымдылық дәрежелері көптеген сутектік байланыстар, электростатикалық қуаттар, күкірттен құралатын дисульфидтік байланыстар арқылы қамтамасыз етіледі.
Белоктардың қасиеттерін олардың құрамы мен құрылымы анықтайды. Белок молекуласындағы а-аминқышқылдары қалдықтарының саны әр түрлі болады, кейде бірнеше мыңға дейін жетеді. Әр белокта -аминқышқылдары тек осы белокқа ғана тән ретімен орналасады. Олардың молекулалық массалары бірнеше мыңнан миллионға дейін жетеді. Мысалы, жұмыртқа белогының молекулалық массасы 36000, бұлшық ет белогының молекулалық массасы — 150000 шамасында. Белоктар, негізінен, көміртек (50—55%), оттек (20—24%), азот (15—19%), сутектен (6—7%) тұрады. Кейбір белоктардың құрамына бұлардан басқа күкірт, фосфор, темір кіреді. Белоктар гидролизденгенде -аминқышқылдарының қоспасы түзіледі. -аминқышқылдарының жалпы формуласы:



Пептидті байланыс бір аминқышқылының карбоксил тобымен екінші аминқышқылының амин тобының байланысынан түзіледі. Пептидтік байланыс табиғатын зерттеген ғалым Э. Фишер.
Нәруыздың бірінші ретті құрылымы. Полипептидтік тізбектегі әр түрлі аминқышқылдары қалдықтарының бір-бірімен кезектесіп байланысу ретін нәруыздың бірінші реттік құрылымы дейді.
…- ала – лиз – вал – вал – иле - …
Нәруыздардың бірінші реттік құрылымы жүйелік номенклатураға қолданылу мүмкін.
Нәруыздың екінші ретті құрылымы. Нәруыз молекулалары полипептидтік тізбектерінің кеңістіктегі оралма тәрізді болып келген пішінін нәруыздың екінші реттік құрылымы дейді. Мұнда оралманың көрші оралмадағы –NH- және –CO-топтарының арасында түзілген сутектік байланыстар түзіледі.
Нәруыздың үшінші ретті құрылымы. Полипептидтік байланыс оралымға айналғанда ондағы радикалдар сырттап қалады. Сол радикалдардан нәруыз молекуласының үшінші реттік құрылымы түзіледі.
Нәруыздың төртінші ретті құрылымы. Нәруыздың төртінші ретті құрылымы бірнеше шумақталған оралымнан тұрады, яғни бірнеше нәруыз молекулаларының қосындысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет