Кіріспе. Биохимия пәні. Биологиялық химия тірі ағзадағы заттардың химиялық табиғатын зерттейтін ғылым



бет3/20
Дата27.12.2023
өлшемі1,46 Mb.
#199696
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Биохимия конспекты лекции

2.Ақуыздардың жіктелуі.
Биологиялық маңызы жағынан белоктарды құнды және құнсыз деп екi топқа бөледi. Құнды белоктар дегенiмiз - құрамында ауыстыруға болмайтын аминқышқылдары бар белоктар. Организмде түзiлмейтiн аминқышқылдарын ауыстыруға болмайды деп санайды. Бұларға: валин, лейцин, изолейцин, метионин, треонин, лизин, триптофан, фенил-аланин сияқты сегiз аминқышқылдары жатады. Жартылай ауыстырылмайтын аминқышқылдары төртеу - аргинин, гистидин, цистейн мен тирозин. Ауыстыруға болатын амин қышқылдары организмнiң өзiнде кетоқышқылдардан, май қышқылдарынан түзiледi. Олар аланин, аргинин аспарагин, глицин, глотамин, пролин, серин қышқылдары.
Биологиялық құнды белоктардың құрамында белок молекуласын құруға қажеттi барлық аминқышқылдары болады. Оған жануарлардан алынатын белоктар жатады. (жұмыртқа, ет, сүт, балық белоктары), құнсыз белоктардың құрамында ауыстыруға болмайтын аминқышқылдары кездеспейдi. Мысалы, жүгерiнiң, бидайдың, белоктары, желатин - құнсыз белоктар.
Ағзадағы белок тепе-теңдiгiн қамтамасыз ететiн тағамдағы белоктың ең аз мөлшерiн – белоктыңминимумы деп атайды. Белоктар көмiрсулар мен майлар тәрiздi коректiк зат болып жинақталмайды. Тағамдағы белоктың мөлшерi көп болған жағдайда ағзадағы белок тепе-теңдiгiн сақтау үшiн, олардың катаболизмi күрт өсiп, соңғы өнiмдерi сыртқа шығарылады.
Барлық белоктар құрамы бойынша екi топқа бөлiнедi. Тек қана аминқышқылдарының қалдығынан тұратын қарапайым белок – протеиндеп аталады. Қарапайым белокқа бөтен зат байланысқан болса, оны күрделi белок протеиддеп атайды.



Белоктар



Протейндер

Протейдтер





Проламин
Глотелин
Гистон
Альбумин
Глобулин
Протамин

Хромопротейдтер
Нуклеопротейдтер
Фосфопротейдтер
Липопротейдтер
Гликопротейдтер
Металлопротейдтер





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет