Кіріспе ғылыми-зерттеу бөлімі



бет7/18
Дата31.07.2020
өлшемі0,52 Mb.
#75735
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
Сыздық Сәбина. Құрамы функционалды қоспалармен байытылған нан өндіру технологиясын жасау последний
Дневник аг, Әбдісәмет Динара 7 апта философия аралық бақылау

Құмшекер дерлік жалпылай сахарозадан С12Н22О4 тұрады. Оны қант қызылшасынан алады,ал онда 17 процентке жуық сахароза бар.Құмшекер сусымалы,құрғақ,ақ түсті кристалды болуы керек.Құмшекер толығымен суда еріп,түссіз,тәтті дәмді ерітінді болуы керек.Физика-химиялық көрсеткіштері бойынша құмшекер келесі талаптарға жауап беруі керек,құрамында құрғақ заттарға 99,75 проценттен кем емес сахароза,ылғалдылығы 0,14 проценттен көп емес, 1кг құмшекердің құрамында 3кг шейін ферро қоспалар болуы керек.


Қарбыз ұнтағы. Қарбыздың дəндерінде каротиндер, токоферолдар, В тобының дəрумендері (тиамин, рибофлавин, никотин қышқылы, фолий қышқылы), макро жəне микроэлементтердің кең түрі, соның ішінде, мырыш, селен, полиқанықпаған май қышқылдары бар. Қарбыз дəндерінен алынған ұнтақты қамырға тағамдық жəне биологиялық құндылығын арттыра отырып, ұн салмағының 1-ден 7 % қосу нанның пісіп жетілу үдерісінің қарқындылығына, сонымен қатар, дəмінің, хош иісі мен кеуектілігінің артуына, жалпы тауарлық түрінің жақсаруына алып келеді.

Сұлы дәні құрамында 13% ақуыз, 6,8%май, 67,6% азотсыз экстракт заттар, 11% клетчатка және витаминдер бар. Сұлы ақуызында аминқышқылындар құрамы жоғары, толық құнды, лизин аминқышқылы құрамы жағынан мал ақуызында жақын. Липиттер құрамында адамның өсу процесіне және әр түрлі физиологиялық функцияларына қажетті линол және линолен қышқылы бар. Бұл қышқылдар адам ағзасында синтезделмейтін болғандықтан, олардың мөлшері тағам арқылы берілетіні бәрімізге белгілі. Сұлы дәнінің құрамында фосфор, калий, магний көп, және де лицитин, рибофлобин, тиамин, холин мөлшері көп кездеседі. С витамині 100гр. Биомассада 2,2-20 мг-ға дейін болады, ал өнделген дәннің құрамында оның мөлшері көрейеді. 12 күннен кейін 100гр құрғақ затқа есептегенде 147 гр құрайды. Сұлы дәні протеиннің құнды көзі болумен қатар, кейбір ферменттердің басыртқы белсенділігін арттыратын қабілеті жоғары заттарға бай.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет