Сабақтың тақырыбы: Су еріткіш. Суда еритін және ерімейтін заттар. Сабақтың мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі109.98 Kb.
түріСабақ
Дүниетану 2 сынып

Сабақтың тақырыбы: Су – еріткіш .Суда еритін және ерімейтін заттар.

Сабақтың мақсаты:

1.Судың еріткіш қасиетін тәжірибелер арқылы түсіндіру. Қандай заттардың суда еріп, қандай заттардың суда ерімейтіні туралы мағлұмат беру.

2.Тәжірибе жасау арқылы оқушылардың байқағыштық танымдық қабілетін дамыту.

3.Суды ластамау, суды үнемді пайдалануға тәрбиелеу.



Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Тәжірибелік сабақ

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, сұрақ – жауап, тест.

Сабақтың көрнекілігі: Су, тұз, қант, құм, , плакат, тірек сызбалар, суреттер,тест, текше.

Сабақ барысы:

I.Психологиялық дайындық.Бір-біріне тілек тілеу.

Оқушыларды топқа бөлу /бу, мұз, сұйық сөздер арқылы/

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Су мөлдір ағады дәмі жоқ жұққыш

түсі жоқ иісі жоқ пішіні жоқ аққыш

Әр топқа текше жағындағы жазылған санына байланысты сұрақтар беріледі. Судың қасиетін айтып дәлелдеу/мысалдар келтіру /

1.Судың дәмі бар. 2. Судың аққыш екені.

3. Судың иіссіздігі. 4. Судың пішіні бар.

5.Судың түссіздігі. 6. Судың жұққыш қасиеті.



III. Жаңа сабақ.

Жаңа тақырыпты ашу үшін әр топ тәжірибе откізеді.

І топ. 1 – тәжірибе.

1-топ. Суға бір қасық тұз салып араластыру.Не байқадыңдар? Қорытынды шығару.

ІІ топ. 2 – тәжірибе.

2-топ. Суға бір қант салып араластыру. Не байқадыңдар? Қорытынды шығару.

ІІІ топ.3 – тәжірибе.

3 – топ. Стақандағы суға құм салып араластыру. Не байқадыңдар? Қорытынды шығару.



Сергіту сәті


Не ?

Қорытыды

Қант

Суда жақсы ериді

Тұз

Суда жақсы ериді

Құм

Құм суда ерімейді

Жасаған тәжірибе бойынша суда еритін, ерімейтін заттарды жазу.

Қорытынды: суда еритін де, ерімейтін де заттар бар.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс. Оқу .Сұрақтарға жауап беру.

VI. Бекіту. Әр балаға тест беріледі. . Дұрыс жауыпқа « + », қате жауапқа « - »

Су табиғатта жұмсақ және қатты күйде кездеседі.

Судың түсі мөлдір, иісі, дәмі жоқ.

Қант суда ериді. Бұл судың еріткіш қасиеті.

Ас тұзу суда ерімейді.

Ішінде суы бар стақанның қабырғасында көпіршіктеп пайда болады.Бұл- ауа.

200 температурада су қатты күйде болады.

Судың өсімдіктер,жануарлар мен адам тіршілігі үшін маңызы жоқ

Судың пішіні бар.
ҮІІ.Қорытынды.

ОТМҚ /ПОПС /әдісін қолдану. Оқушылар осы сөздерді пайдаланып сабақты қорытындылайды.

Мен ойлаймын .....

Өйткені .......

Мысалы ..........

Қорытындылай келе .......


VIII. Үйге тапсырма: оқу, әңгімелеу. Қортындылау, бағалау.

бу бу


бу бу

су су


су су

мұз мұз

мұз мұз

І топ. 1 – тәжірибе.

1-топ. Суға қант салып араластырыңдар Не болды? Не байқадыңдар?

ІІ топ. 2 – тәжірибе.

2-топ. Суға тұз салып араластырыңдар . Не байқадыңдар ?

ІІІ топ. 3 – тәжірибе.

3 – топ. Стақандағы суға құм салып араластырыңдар. Не байқадыңдар ?

1. Судың пішіні

2. Судың түссіздігі

3. Судың мөлдірлігі

4. Судың дәмі

5. Судың иіссіздігі

6. Судың аққыш екені

Қорытындылай келе ...............

Өйткені ол ...................

Мысалы ..................

Судың қасиеттері

Сабақтың тақырыбы: Қайратым – қайсарым. Ж.Дауренбек

Сабақтың мақсаты: 1.Желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың қайсар ұлы

Қайратты халқымыздың ұлттық батыры ретінде естен шығармауға,

дәріптей білуге үйрету.

2.оқушылардың танымдық қабілетін арттыра отырып, сөздік қорын,

ойлау, есте сақтау кабілеттерін дамыту.

3.Өз елін, жерін, Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.



Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндірмелі, СТО стратегиялары.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызбалар, мультемедиа

Сабақтың барысы: I. Психологиялық дайындық

Мынау – менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Егеменді елімнің

Болашағы мен болам.

Қызығушылықты ояту.



II. Ой қозғау: Оқушылар өткен сабақта өткен Қазақстан, Туған өлкем өлеңдерін кім мәнерлеп айтып береді?

-Өлеңдер не туралы айтылған?

Қазақстан, Отан, туған ел туралы.

Қазақ елінің ел болып қалыптасуында, егемендік алу жолында, ұлттық намысы, өз тәелсіздігі жолында аса елеулі үш оқиғаны басынан өткізді.





1-оқиға

XIIIғасырдағы Шыңғысхан түмендері тойтарыс берген Отырар қаһармандығы. Бұл шайқаста Шыңғысхан жеңіп, өздері опат болғанымен ұлттың қайсар рухын әйгілеп кетті.


2-оқиға

XVIII ғасырдың орта шеніндегі Жоңғар шапқыншылығы. Атамекенімізге 70 мыңға жуық қолмен лап қойды. Олардың ойы қазақ халқын басып алып, жерімізді алу. Жоңғарларды жеңуде үш жүздің басын қосып жинаған Абылайхан мен Қабанбай батыр еді.






Қазақ елі


Бүгінде тарих қойнауына сіңіп бара жатқан жалпақ әлемнің назарын аударған, тәуелсіздік алып келген 1986 жылы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы.

Бізге бүгін сол тарих қойнауына сіңіп бара жатқан, бірақ бізге егемендіктің көк туын желбіретіп әперген желтоқсан оқиғасы еді. Өз елінің азаматтығы жолында көптеген аға-апаларымыз қыршыннан қиылды. Осындай азаматтық жолындағы көтерілісте өз елінің намысын қорғаған қаһарман ағамыз Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеов туралы «Қайратым-қайсарым» атты әңгімемен танысқалы отырмыз.




Қайраттың

суреті



Қайрат Рысқұлбеков 1966 жылы 13 наурызда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Көктөбе ауылында дүниеге келген. Әкесі – Ноғайбай, анасы – Дәметкен. Үйдегі 7 баланың үшіншісі. Әскерден келген соң Алматы қаласындағы Сәулет- құрылыс институтының студенті болып оқуға түседі.

III.Жаңа сабақ Мағынаны тану.

Оқулықтағы мәтінді бөліктерге бөліп оқып түсіндіру.



  • Қайрат кім? (қаһарман, қазақтың қайсар ұлы)

  • Қайсар Қайрат өз өлең шумағында не дейді?

  • Қайрат неше жыл ғұмыр кешті?

  • Халқын қалай табындырды? (сүйіп, қорғап, әлемге танытып, табындырып кетті)

  • Тәуелсіздікті қашан алды? (1991 жылы 16-желтоқсанда)

  • Тәелсіздік үшін күрескен боздоқтарымыз кімдер?


Ләззат Сәбира Ербол Қайрат

IV. Дәптермен жұмыс

V. Ой шақыру.

Мәтінді пысықтау үшін сұрақтарға жауап беру.



Әңгіме кім туралы?

Желтоқсан көтерілісі қашан болды?

Қайрат не үшін құрбан болды?

Халық Қайраттың есімін қалай дәріптейді?

Тәуелсіздік монументі туралы айту.

Желтоқсан оқиғасы болған брежнев алаңы қазір Желтоқсан алаңы деп аталады. Бұл алаңда қазір желтоқсан құрбандарына ескерткіш қойылып, әр жыл сайын желтоқсан құрбандарын еске алып, гүл шоқтарын қояды. Мынау тәуелсіздік монументі. Сол желтоқсанда егемендік алып берген ерлігіміздің және тәуелсіздігіміздің құрметіне қойылған.

VI.Сергіту сәті. Сөзжұмбақ

Қазақстан

Астана

Ноғайбай

Ербол

Алматы

Желтоқсан


  1. Біздің еліміз

  2. Біздің бас қаламыз

  3. Қайраттың әкесінің есімі кім?

  4. Желтоқсан оқиғасында қаза тапқан ағамыз

  5. Желтоқсан көтерілісі болған қала

  6. Тәуелсіздік алған ай.


VII. Топтастыру стратегиясы.
Қайсар халық қаһарманы өжет

Қайрат


Ақын адал батыл сүйікті ұл


Міне, балалар бұл қасиеттердің барлығы Қайраттың бойынан табылады. Өз елін сүйетін, Отанын қорғайтын патриот мінезді ағамыздың қайсарлығын дәлелдейді. Қайсарлық кез келген адамда бола бермейді. Ол тек Қайрат сияқты қаһарман ағамыздың бойынан табылады. Сол тәуелсіздікті бізге алып берген Қайрат ағамыздың өзі көре алмауы өкінішті. Батыр ағамыздың күнәсі ақталып, ерлігі бағаланды.


Сурет

Анасы мен

Елбасы

1986 жылы желтоқсан оқиғасы кезінде Республиканың бостандығы мен тәуелсіздігі жолында көрсеткен ерлігі үшін Алматы сәулет – құрылыс институтының бұрынғы студенті Қайрат Рысқұлбековке жоғарғы белгісі «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша белгі – Алтын жұлдыз тапсырды.

ҚР – ның елбасы:Н.Ә.Назарбаев



Алматы, 1996 ж 9 желтоқсан.

VIII. Ой толғаныс «Бәйге» ойыны


20 жыл бойы еліміздің мәртебесін көтеріп, елімізді басқарып отырған ұлы тұлға
Еліміздің тәуелсіз ел екендігін білдіретін нышандар


Есіл өзені бойында орналасқан жаңа қала




Астана қаласындағы ұзындығы 97м Тәуелсіздіктің сиволы

Қазақтың тұңғыш ғарышкері




Қайсар рухты батыр



IX. Үйге тапсырма. Оқу әңгімелеу (батырлар туралы мақалдар жазу)

X.Қорытындылау, бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 0917
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0917 -> «№5 жалпы білім беретін орта мектеп»кмм директоры: А. А. Канапьянова
0917 -> Сабақтың тақырыбы: Сезім мүшелері Сабақтың мақсаты: Сабақтың міндеттері
0917 -> Сабақтың тақырыбы: Абылай хан, өмірі және саяси қызметі
0917 -> Сабақтың тақырыбы: Геометриялық прогрессия n-ші мүшесінің формуласы
0917 -> Табиғат -байлықтың көзі
0917 -> Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті тағамым. Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет