Кіріспе. Курстың мақсаты, мазмұны және қҰрылымы



бет4/22
Дата27.03.2020
өлшемі1,15 Mb.
#60904
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
ВОРД 10 СЫНЫП
ВОРД 10 СЫНЫП

Ахура Мазда (оң жағында)

Заратуштра Каспий теңізінің шығыс-солтүстігін қоныстанған арий тайпасының Спитама руынан шыққан.         Шамамен алғанда, адамзат тарихындағы тұңғыш пайғамбар, абыз Заратуштра, біздің заманымызға дейін IX ғасырда өмір сүрді. Табиғи дарынының арқасында арийлердің батыр ұлдары жайлы жырлап, отыз жасында жаңа дінді ойлап табады. ҚазақстанОрталық АзияИранӘзірбайжанAуғанстан жерінде таралған Заратуштра ілімінің қасиетті жазбалар жинағы біздің заманымызға дейін III ғасырында хатқа түскен 21 кітаптан тұрады. "Авестаның" сақталған бөлігінде Құдай атына айтылатын әнұрандар(гимндер) бар.           Басында АйғаКүнгеотқасуға табынатын арийлер оның діни уағыздарын қабылдай қоймады. Әсіресе турлар қатты қарсылық көрсеткен. Заратуштра басқа жақтарға қоныс аударып, өз ілімін көрші елдерге таратады. Осылайша зороастризм діні дүниеге келді. Заратуштра уағыздарының Қазақстанның ежелгі тұрғындарының тарихынмәдениетін танып білуде маңызы зор. Онда шығыс ирандық көшпелі тайпалар "турлар" деген жинақ атаумен беріледі. Сонымен қатар"Авестада" "сайримдер", "дахтар" деген тайпалар туралы да айтылады.

Tурлар мен арийлер арасындағы шым-шытырық оқиғалар Әмудария мен СырдарияКаспий мен АралЕділ мен Камаөңірлерінде өрбиді. Бұл "әнұрандағы" кейіпкерлер доңғалақты арбаларға мінген. Олардың қарулары — садақ пен жебе, найза, айбалта, кәсібі — мал өсіру (өгізжылқы және түйе), тамағы — ет пен сүт, Құдайға құрбандыққа шалуға жылқы, сиыр, қойәкелетіндігі баяндалған.

"Авестадағы" Құдай әнұрандары Орталық Азия мен оның солтүстігінде жапсарлас жатқан Қазақстанның бақташы-егінші тайпаларының рухани өмірі туралы құнды материал береді. Арийлердің Құдайға құрбандық шалып, оның атына мадақтау айтатын жерлері археологиялық деректермен де расталып отыр.                                                



Көне грек авторларының шығармалары



Геродот

Келесі кезекте — Ежелгі Қазақстан жөнінде ең көп хабар жинақтаған антик (көне грек) авторларының шығармалары.Көбіне грек және ішінара латын тілдеріндегі деректердің ішінен Кіші Азиядағы Галикарнас қаласынан шыққан ежелгі грек тарихшысы Геродотты (біздің заманымызға дейін 490 және 484—425 жылдардың арасы) ерекше атауға болады. Ежелгі Римғұламасы Цицерон Геродотты "тарихтың атасы" деп көрсетеді. Көне грек авторларын үлгі етуіміздің себебі, олардыңмұраларының ең ескі дерек көздері болғандығынан деп ойлаймыз. Біздің заманымызға дейін V ғасырдың ортасында жазған "Тарих" атты тоғыз томдық еңбектің 4-томында тұңғыш рет антикалық әдебиетте скифтердің географиялық орналасуы, саяси тарихы, әдет-ғұрпы, тұрмысы суреттеледі. Геродот скифтердің Шығыстағы далалық көшпелі тайпалар арасынан келгенін айтады. Геродот грек авторларының көпшілігі сияқты сақтарды "азиялық скифтер" деген терминмен атайды. Скиф атауы Солтүстік Қара теңіз өңірі мен Алдыңғы Азияның көшпелі тайпаларына қатысты қолданылады. Грек деректемелерінде басқа да тайпа атаулары кездеседі. Мысалы, массагеттерсарматтар (савроматтар), аргиппейлер, аримаспылар, исседондар және т.б. Геродот массагеттерді Каспий теңізінен шығыска қарай, Сырдарияның (Аракстің) арғы жағына орналастырады. Сақтар мен массагеттер еліне жасалған Дарийдің, Кирдің жорықтарын егжей-тегжейлі әңгімелейді.

Сақтардан солтүстікке қарай орналасқан сайримдер туралы Геродоттан барынша толығырақ деректер алуға болады.Геродот: "Танаис өзенінің (қазіргі Дон) арғы жағы сарматтардың қолында", — дей келе, Доннан Еділге дейінгі аралықты меңзейді. Сарматтар тайпа бірлестігі құрамына Солтүстік-батыс Қазақстан өңірінен шыққан аорстар да енген. Жайық — Елекөзендері аралығынан табылған археологиялық ескерткіштер де аорстардың сарматтармен мәдени ұқсастықтары бар екендігін анықтады. Геродот Дарийдің Скифияға жорығы туралы айта келіп: "Сарматтар скифтер жағында белсенді түрде соғысты", — деп жазды. Оларды әйелдер басқаратындығын айта келіп, амазонка әйелдер тайпасы туралы аңызды баяндайды.

"Сармат әйелдері садақ атады, сапы лақтырады, аттың үстінде жүреді. Барлық саны үш жауды өлтіргенше қыз күйеуге шықпайды", — деп көрсетеді. Сарматтар негізінде біздің заманымға дейін IV—III ғасырларда Сармат тайпалар одағы құрылды. Бұл жаңадан құрылған Сармат тайпаларының одағы аорстар, сирақтар, роксаландар, аландар, языгилерден түрды. Соңғы жылдардағы Батыс Қазақстаннан табылған " Алтын адам", "қайқы қылыш" сияқты археологиядағы жаңалықтар сарматтардың әскери өнері дамығандығы туралы Геродот жазбаларын растай түседі. Сармат-алан тайпаларын IV ғасырдағұндар талқандады.   Ал Геродот болса, халықтардың шығыстан батысқа қарай көшуін айта келіп: "Солтүстік-шығыс Қазақстанды мекендеген аримаспылар исседондарды өз жерінен ығыстырып шығарды. Ал исседондар скифтерді отырған орнынан қозғады, ал киммериліктер скифтердің тепкісіне төтеп бере алмай, өз елін тастап кетті", — деп жазды. Геродот: "Осынау көші-қон біздің заманымызға дейін VII—VI ғасырларда жүзеге асты" деп көрсетеді. Исседондарға ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстандағы Тасмола мәдениеті тән. Археологиялық зерттеулер Орталық Қазақстан, Жетісу мен Орталық Азияда табылған қару-жарақ үлгілерінің ұқсастығын анықтап берді. Тасмола мәдениетіндегі тайпалар (исседондар)сақ тайпаларының қуатты бөлігін құраған.        



Геродот келтірген "алтын қырыққан құзғындар" туралы аңыз Алтай өңірімен байланысты шықса керек. Себебі Алтай өңірі алтын кенішіне бай екендігі белгілі, онда алтынға бай аримаспылар Алтай баурайын мекендеген деп топшылауға болады. Ірі алтын кені бар Алтай өңірін, Зайсан көлі маңын аргиппей және аримаспы тайпалары мекендегенін археологиялық қазбалар да айғақтайды. Геродот Батыс скифтерінің Шығыстан көшкен далалық тайпалардың арасынан келгендігін хабарлайды. Ал Шығыс Қазақстандағы сақтардың БерелПазырықШілікті қорымдары ежелгі өркениеттің қанат жайғандығын көрсетеді. Геродот сақтардың шөптен шыққан буды пайдаланатыны туралы таңғала әңгімелейді. Геродоттың баяндауынан сақ тайпалары ішінен массагеттер мен исседондардың бір-біріне ұқсас тайпалар екендігін байқауға болады.Тарих атасының айтуынша, массагеттер Аракс (Сырдария) өзенінен шығысқа қарай исседондарға қарама-қарсы мекендеген ірі әрі күшті тайпа болған.

Бұл тайпалар жайлы Страбон еңбектерінен де табуға болады. Ертедегі грек географы әрі тарихшысы "География" еңбегінің авторы Страбонның (біздің заманымызға дейін 64 — біздің заманымыздың 23 жылдары) мәлімдеуіне қарағанда,Каспий теңізінің шығысына қарай тұратындар массагеттер мен сақтар делінеді. Ал қалғандарын Страбон жалпылама скифтер деген атаумен береді. "Бірақ әрбір тайпаның дербес атауы бар. Олардың арасындағы барынша белгілілер: асиилер, пассиактар, тохарлар, сакаравилер. Массагеттер тек Күнді ғана Құдай деп санайды және оған құрбандыққа жылқы шалады... аттылы-жаяу жақсы жауынгерлер. Ұрысқа алтын белдік тағып шығады. Аттарына алтын жүген салады. Оларда күміс жоқ,темір аз, бірақ қола мен алтын өте көп. Егіншілікпен айналыспайды, қайта номадтар (көшпенділер), скифтер сияқты малбағып, барлық аулап тіршілік етеді", — деп жазды. Бұдан Страбонның тарихи материалдарды көбінесе Геродоттікіне ұқсас екендігін аңғаруға болады.                                                                            



Скиф данасы –Анахарсис



Анахарсис

 

Орталық Азия мен Қазақстан жерін мекендеген скифтердің шығыстан батысқа қоныс аударуы нәтижесінде Қара теңіздің солтүстік өңіріндегі скифтер мемлекеті пайда болды. Ал Қара теңіз жағалауы скифтері өз замандастары гректермен тығыз қарым-қатынас жасаған. Бұл аймақтағы тарихи байланыстар жөнінде бірсыпыра анық мәлімет беретін "Тарихта" Геродот Скиф даласынан шыққан ғұлама Анахарсис туралы маңызды дерек қалдырған. Анахарсис - Скиф жерінен Эллада еліне біздің заманымызға дейін 594 жылы келеді. Оның шыққан тегі туралы алғашқы деректі Геродот былайша береді: "Ариапифаның сенімді кісісі, тыңшысы Тимнен естуім бойынша, Анахарсис әке жағынан Скиф патшасы Идантирстің ағасы болып келеді. Спаргапифтен Лик, Ликтен Гнур, одан Анахарсис туған". Анахарсистің басты мақсаты — Эллада еліне барып,мемлекет ісін, философия ғылымын игеру еді.   

Анахарсис өз Отанында тамаша тәрбие алып, ана тілін жетік меңгергендігімен қатар грек тілін де жақсы білген. Ол өзінің скиф және эллин халықтарының өмір-тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы, кәсібі туралы 800-ден астам еңбектері бар. Анахарсис Солон арқылы афинылықтардың салт-дәстүрімен, заңымен, мемлекет құрылысымен тереңірек танысады. Скиф данасы көне грек ойшылдарын, грек мәдениеті мен өнерін біліп қана қоймай, оларға сын көзбен қараған. Оныңкөзқарастарынан далалықтардың дәстүрлі дүниетанымы байқалады. Анахарсистің даналық сөздерінің болмыс бітімі қазақтың белгілі шешен-билерінің сөздерімен қабысып жатыр. Эллин жерінде жүрсе де, тұрмыста скифтерше өмір сүреді.  

Плутархтың "Жеті данышпанның сауығы" деген әңгімесінен Анахарсистің эллиндер елінде өзінің ақылымен,адамгершілігімен, терең білімімен үлкен құрметке ие болғаны байқалады. Геродоттың баяндауына қарағанда, Анахарсис Эллада елінде оқып, білім алып, мемлекет ісіне үйреніп, еліне қайтады. Анахарсис туған Отанында оны көре алмаушылардың қолынан қаза табады. Геродот Анахарсистің қайғылы өлімінің себебін скифтердің әдет-ғұрпымен байланыстырады. Афины билеушісі, атақты реформатор Солонның төмендегі жалынды сөздері ұлы скиф данышпаны Анахарсиске арналады: "Афинылықтар, мен сендер үшін әділетті заң жасадым, оны өздерің үшін де, мемлекет үшін де өте пайдалы деп есептеймін. Ал мына жателдік азамат... скиф бола тұра ақылға бай, дана. Ол менің көзімді ашты, ойымды байытты, көптеген пікірлерімді басқаша байыптауға көмектесті, толып жатқан кеңес беріп, білім мен пайдалы іске үйретті. Сондықтан да бұл азаматты ел үшін де, мемлекет үшін де құтты деп санап, оның мүсінін мыстан құйып, ең бір құрметті жерге қалаулыларыныңмүсіндерімен қатар қойыңдар!" Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың ежелгі дүние өркениеттерімен – парсылармен, гректермен байланыс орнатқандығын көрсетеді. Сақтардың сол кездегі көптеген тарихи оқиғалардың бел ортасында жүргендігі байқалады. Адамзат жинақтаған мол құндылықтармен танысу әлемдік өркениеттегі Еуразия көшпенділерінің алатын орнын анықтауға көмектеседі. Бұл өз кезегінде тарихтағы еуроцентристік көзқарастардан арылуға септігін тигізері сөзсіз.            



Қытай жазба деректері

 

император У-ди

 

Қытайдың Батыс аймақтарды бағындыруға ұмтылуы сол өңірдегі халықтар жөнінде материалдар жинаудан басталды.Қытай жазба деректері өзінің көлемі жағынан және жүйелі жазылғандығымен ерекшеленеді.

Қазақстан тұрғындары туралы алғашқы анық мәліметтер император У-ди (біздің заманымызға дейін 140—87 жылдары) Батыс өңірге жіберген тұңғыш Қытай елшісі Чжан Цяннан алынды. Қытай жазбаларындағы "Батыс өңір" деген жерлер қазіргі Шыңжаң (Шығыс Түркістан) және Қазақстан мен Орталық Азияның біраз бөлігіне қатысты қолданылды.                      

Чжан Цянь екі рет Батыс өңірде болып қайтты. Чжан Цянь бастаған елшілікке ғұндарға қарсы Жетісудағы үйсіндерменодақ жасау міндеті жүктелді. Ол елшілік барысында жергілікті халықтың шаруашылығына, әскери күштеріне, қару түрлеріне, әдет-ғұрып, салт-дәстүріне дейін назар аударып, жазып алып отырды. Әулеттердің тарихын жазушылардың ішінде У-ди императордың басты жылнамашысы "Қытай тарихының атасы" Сыма Цянды (біздің заманымызға дейін 145—86 жылдары) бөліп көрсетуге болады. Оның "Тарихи жазбалар" ("Шицзи") деген еңбегінің "Сюнну туралы хикая" және "Давань туралы хикая" деген екі тарауында ғұндар туралы мәліметтер бар. Мазмұны жағынан Геродоттың Қара теңіздің жағалауындағы скифтер туралы баяндауларына ұқсас.            Б.з.д. ІV ғасырда қытай солтүстігінде көшіп-қонып жүрген хунну (ғұндар) тайпаларын қытайлықтар тұңғыш рет өз қарсыластарының қатарында атайды. Ғұндардың батыстағы көршісі Юечжи (шығыс сақ тайпалары) мен үйсін тайпалары туралы айтылады.      Келесі еңбектерінің қатарында Бань гудың (б.з.д. І ғ) «Ежелгі Хань тарихы» шығармасының «Батыс өлке туралы хикая» деген тарауы назар аударуды қажет етеді. Еңбектен Батыс өңірдің Қытай геосаясатында стратегиялық мәнге ие болғандығы аңғарылады. Давань, Усун, Кангюй, Сюнну иеліктері туралы маңызды мәліметтер қамтылған. Мысалы, сақ пен үйсіндер бұрыннан Тұрпан (Гуанчжоу) ойпатын мекендегендігі айтылған. Сол сияқты Қытайдың көршісі қаңлылардың юечжилердің қысымынан Сырдария бойына қоныс аударғандығы мәлім болып отыр. Сонымен қатар Бань Гу Үйсін гуньмосына (билеушісіне) ұзатылған Қытай ханшасы Чигуге (Үйсін астанасына) сапары әсерлі суреттеледі.

Қытай деректерін ғылыми айналымға енгізуге алғаш еңбек сіңірген орыс шығыстанушысы Н.Я.Бичурин (1777-1853 жж) болды. Ол 1807-1821 жылдары Пекиндегі православие діні миссиясында жұмыс істеген кезінде тарихи құжаттарды жинаумен айналысты. Нәтижесінде 1851 жылғы «Орталық Азияны ежелгі дәуірде мекендеген халықтар туралы мәліметтер жиынтығы» деген еңбегі орыс тілінде жарық көрді. Сонымен қатар Қытай деректерін В.С.Таскин, Н.В.Кюнер, Л.Н.Гумилев сияқты ғалымдар зерттеумен айналысты.

Темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеуде орыс ғалымдарының сіңірген еңбегі зор. Қазақстандағы темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеуге ат салысқан атақты орыс ғалымдары Г.Ф.Миллер, П.С.Паллас, В.В.Радлов болды. Олар ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында патша өкіметінің тапсырмасы бойынша арнайы келіп, жұмыстарынан бос уақытында темір дәуірінің обаларына зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қазан төңкерісіне дейін сақтардың тарихы жайлы біршама ғылыми зерттеу жүргізген ғалымдардан В.В.Григорьевті       ерекше атауға болады. Ол өзінің сақтар туралы жазылған атақты «О скифском народе саках» деген еңбегінде талдау жасай отырып, құнды пікірлерін ұсынған. Ол өз зерттеулерінде сақтар туралы ежелгі грек және парсы деректерін негізгі алған. В.В.Григорьев сақ атауына және олардың таралу бағытына тоқталған.     

Қазақстанда темір дәуірінің ғылыми тұрғыда зерттелуі кеңес өкіметі орнағаннан кейін ХХ ғасырдың 30-жылдары басталды. Оны алғашқы зерттеген көрнекті археолог ғалымдар М.П.Грязнов, Б.Н.Граков, А.Н.Бернштам болды. Бірақ дәуірдің нағыз ғылыми тұрғыда зерттелуі Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін басталды. Олардың ішінде Ә.Марғұлан, К.Ақышев, С.С.Черников, И.В.Синицындарды атауға болады. Мысалы, Кемал Ақышевтің Алакөлден Таласқа дейінгі аймақтағы сақ обаларын зерттеуі Жетісудың сақ қоғамын анықтауда ғылыми негіз болды.        

Қазақстанда жүргізілген мұндай ғылыми жұмыстар темір дәуірі кезінде өмір сүрген ру-тайпалардың саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы туралы құнды мағұлматтар береді. Себебі ұлан-байтақ жерімізде бұл дәуірдің ескерткіштері алуан түрлі әрі кең таралған. Сондықтан олар бүгінгі таңда есепке алынып, картаға түсіріліп, ескерткіштерді қорғау қоғамның қамқорына алынған. 

Темір дәуіріндегі ру-тайпалардың аты, олардың мекені туралы аз да болса жазба деректер сақталған. Оған соңғы кездегі археолог Зейнолла Самашев бастаған зерттеушілер тобының Франция археологтарымен бірлескен жұмыстарының нәтижесін атауға болады. Бұл зерттеулердегі Шығыс Қазақстанда Алтай тауының Берел обаларынан табылған құнды деректер мен Батыс Қазақстан жеріндегі сарматтардың алтын обасынан табылған екінші алтын адам Қазақстан археологиясына үлкен жаңалық болып қосылды. Ал Әбдеш Төлеубаевтың басқаруымен жүргізілген студенттердің далалық жұмыстары кезінде Шығыс Қазақстанның Шілікті шатқалында үшінші алтын адам табылып, еліміздің тарихында маңызды орын алды.



Глоссарий:

Геродот ( б.з.б. 484 ж.) – Галикарнас қаласында туған. «Тарих атасы» аталған. Дүние жүзінің көп елдерін аралап, тарихын жазған. Соның ішінде Қара теңіз жағалауындағы сақтар туралы жазған.         

Массагеттер – Сырдария мен Арал бойындағы сақтар.

Парадарайа –теңіздің (Каспий, Арал) ар жағында тұратын сақтар.

Тиграхауда –Жетісу аймағында өмір сүрген шошақ бөрікті сақтар.

Хаомварга – Орталық Азияда өмір сүрген, жүзім сусынын жасайтын сақтар.
ЌАЗАЌСТАН ЕРТЕ ТЕМІР ДЈУІРІНДЕ

 

Ерте темір дјуірі тайпаларыныѕ шаруашылыєы.



Колґнері

Ерте темір дјуірі тайпаларыныѕ шаруашылыєы. Біздіѕ еліміздіѕ тарихындаєы темір дјуірді тарихшы єалымдар ерте темір дјуірі жјне кейінгі темір дјуірі деп екі кезеѕге бґліп ќарастырады. Ерте темір дјуірі б.з.б VІІІ єасыры мен б.з.б ІІІ єасыр аралыќтарын ќамтиды. Кейінгі темір дјуірі б.з.б. ІІІ єасырдан б.з V єасырына дейін созылды. Темірді ґндіре бастаєанан бастап, жалпы адамзат ґмірінде їлкен ґзгерістер болды. Адамдар енді темір балќытуды їйренді. Темір табиєатта алтын немесе мыс сияќты таза кїйінде кездеспейді. Егер мысты ќорыту їшін 1100 градус жылу ќажет болса, темірді ќорыту їшін 1530 градус жылу ќажет болды. Мўндай жоєары температура алу барлыќ жерде мїмкін бола бермеді. Жер бетінде темір еѕ алєаш рет Ќосґзен, Мысыр жерлерінде б.з.б. ІІІ-ІІ мыѕжылдыќтардыѕ ґзінде игеріле бастаєан.

Ќазаќстан жерінде ерте темір дјуірі б.з.б. VII – б.з. IV єє. аралыєын ќамтиды. Темір бїгінгі кїнде де кґп ќолданылатын металл болып табылады, сондыќтан да бўрынєы темір дјуірін ќазіргі заманнан ажырату їшін ол кезеѕ єылымда ерте темір дјуірі деп аталады.

Темір ќўралдыѕ тас пен ќола еѕбек ќўралдарына ќараєанда берік болуы, еѕбек ґнімділігініѕ јжептеуір ґсуіне септігін тигізді. Еѕбек ґнімділігініѕ ґсуі, алєашќы ќауымдыќ ќўрылыста ґмір сїрген ќауым мїшелері арасында мїліктік теѕсіздігін туєызды. Ќазаќстан аумаєында мїлік теѕсіздігі жер ґѕдеушілер мен мал ґсірушілер арасында ќатар жїрді. Ќола дјуірінде малды їй маѕынан ўзатпай баєатын баќташылыќ мал шаруашылыєы болса, соѕєы ќола дјуірі кезеѕінде малшылар жер жаєдайына ќарай кґшіп жїретін кґшпелі шаруашылыќќа ґте бастаєан болатын.

Ерте темір дјуірінде Ќазаќстан далаларында, шґлейт жјне таулы аудандарда жартылай кґшпелі жјне кґшпелі мал шаруашылыєы негізгі, содан соѕ їстем шаруашылыќ тїріне айналды. Оныѕ негізгі себебі табиєи-географиялыќ жјне јлеуметтік-экономикалыќ факторлар еді. Далалы аймаќтарда мал басын бір жерде ўзаќ ўстау мїмкін емес болды, сол себепті жаѕа жайылым жерлер їшін кґшіп-ќону ќажет болатын. Ќолданысќа темір ауыздыќтардыѕ шыќќаны да, шаруашылыќтаєы ґзгерістердіѕ ќарќынды жїруіне ґз септігін тигізді.

Ќазаќстан жеріндегі ерте темір дјуірінде мекендеген саќ тайпалары жайылым ретіне ќарай бір жерден екінші жерге жїйесіз кґшіп-ќона берген деп санауєа болмайды. Археологиялыќ жјне этнографиялыќ деректерге ќараєанда, сол кезеѕде мал шаруашылыєыныѕ негізгі їш тїрі: кґшпеліжартылай кґшпелі жјне отырыќшы тїрлері болєан. Кґшпелі мал шаруашылыєы Батыс жјне Орталыќ Ќазаќстанныѕ ќўрєаќшылыќ далаларында, шґлдері мен шґлейт жерлерінде жыл бойы кґшіп-ќонып жїруге негізделген. Бўл ґѕірлерде климаттыќ ерекшеліктерге байланысты егіншілік жаќсы дамыєан жоќ. Негізгі мал тїліктері – ќой, жылќы жјне тїйе болды. Тайпалар ґздерініѕ малдарымен шалєай ќашыќтыќтарєа киізбен жабылєан кїркелі арбаларда, кїймелерде кґшіп-ќонып жїрді.Жылдыѕ суыќ мезгілін кґшпелілер жел мен борандардан ыќтап ќўм жоталарыныѕ ыєында орналасќан ќыстау-тўраќтарда немесе їлкенді-кішілі дала ґзендерініѕ жаєаларында ґткізді.

 Жартылай кґшпелі мал шаруашылыєы Тянь-Шань мен Алтай таулары баурайында, Жетісу мен Шыєыс Ќазаќстан аудандары сияќты дала, орман жјне биік тау араласып отыратын шґбі шїйгін ґѕірлерде тарады. Бўл ґѕірлерде ќыстап шыєатын тўраќты їйлер болды, мўнда мал ґсірушілер жыл сайын ќыстауєа оралып отырды. Маусымдыќ жайылымдар бір-бірінен ќашыќ болєан жоќ, сондыќтан таза кґшпелі шаруашылыќќа ќараєанда кґшіп-ќонатын жерлердіѕ арасы біршама жаќын болды. Жартылай кґшпелі тайпалар ґзен бойларындаєы ќыстауларынан тау баурайындаєы кґктемгі жайылымдарєа, одан јрі биік таулардаєы шґбі шїйгін жаз жайлауларєа кґшетін. Ќыстау маѕындаєы жерлерде егіншілікпен де айналысты, тары, арпа, бидай ґсірілді.

Отырыќшы мал шаруашылыєы Оѕтїстік Ќазаќстан ґѕірлерінде, Сырдария, Шу, Талас, Арыс ґзендерініѕ бойында, Ќаратау баурайында кеѕінен тарады. Бўл жерлерде табиєи су кґздері мен кеѕ-байтаќ шабындыќ алќаптар бар болатын. Табиєат ерекшеліктеріне байланысты бўл ґѕір тайпалары егіншілікпен де айналысты, отырыќшы ґмір сїріп, ірі егіншілік ќоныстары да пайда болды. Мал тїлігі ішінде ірі ќара малы јжептјуір кґп болды. Мал шаруашылыєын кґктемгі-жазєы жјне кїзгі жайылымдарєа жайып, баєу жўмысын егіншілік-малшылыќ ќауым шеѕберінде жекелеген отбасылар атќарды.

Біз атаєан шаруашылыќтыѕ їш тїрі арасында айќын шекара болєан жоќ. Олар бір-бірімен араласып жатты. Кей жаєдайда туыс тайпалардыѕ бір тобы кґшпелі мал шаруашылыєымен айналысса, екінші тобы егіншілікпен шўєылдана беретін. Мысалы, Орталыќ Ќазаќстанда кґшпелі мал шаруашылыєы басым болєанымен, Ќарќаралы, Баянауыл, Ўлытау, Шыѕєыстау таулы-орманды алќаптарында жартылай кґшпелі мал шаруашылыєы болєан деп есептеуге болады. Солтїстік Ќазаќстанныѕ орманды-далалы аймаќтарында отырыќшы жјне жартылай отырыќшы шаруашылыќ дамыды. Батыс Ќазаќстанныѕ Елек, Ўлы Ќобда, Ор ґзендері бойында бірнеше шаќырымдарєа созылатын сармат обалы ќорымдарыныѕ кездесуі де бўл ґѕірлерде жартылай кґшпелі шаруашылыќтыѕ болєандыєын кґрсетеді. Сонымен ќатар, суармалы егіншілік кеѕ тараєан отырыќшы аудан Оѕтїстік Ќазаќстанда да жартылай кґшпелі мал шаруашылыєы тарады.

Саќ тайпалары егіншілікпен де айналысќан. Жартылай кґшпелі жјне отырыќшы шаруашылыќпен айналысќан аумаќтарда егіншілік те маѕызды сала болып табылєан. Жер ґѕдеумен јсіресе Оѕтїстік Ќазаќстан, Сырдария ґѕірлеріндегі тайпалар айналысты.

Ќазаќстан жерінде мекендеген саќ-сармат жјне басќа да тайпалар туралы жазба деректерді археологиялыќ деректер толыќтыра тїседі. Ќазаќстан аумаєында саќтардыѕ жерлеу орындары – обалар (ќорєандар) кґптеп орналасќан. Олардыѕ арасында «патшалыќ обалар» деп аталатын кґсемдерініѕ жерлеу орындары да кґптеп кездеседі. Осы обалардан табылєан археологиялыќ олжалар саќтардыѕ тўрмыс-тіршілігі мен ќоєамдыќ-саяси ґмірі туралы жаѕа мјліметтер береді. Бір атап ґтерлігі, кґне ќабірлерден табылєан кґптеген жјдігерлер жазба деректермен їндес келеді. Мысалы, Есік обасынан бґлек соѕєы бірнеше жыл кґлемінде Ќазаќстанныѕ батысынан, шыєысынан жјне орталыќ аймаќтардан да саќтардыѕ патшаларыныѕ ќабірлері табылып, зерттелді. Олардан шыќќан алтынмен јшекейленген патша киімдері мен басќа да нјрселер жазба деректерде айтылатын саќ ќоєамы, олардыѕ патшалары жґніндегі мјліметтерді растай тїседі.

Колґнері

Саќ тайпаларында ґндіріс їлкен мјнге ие болды. Олар руда ґндірумен, темір ўсталыєымен жјне зергерлік ісімен шўєылданды. Саќ шеберлері темір, алтын, кїміс, мыс сияќты јртїрлі металлдардан еѕбек ќўралдарын, ќару-жараќтар, јшекей бўйымдарын жасады. Ќажетті шикізаттарды олар жергілікті жерлерде ґѕдірді. Ќару-жараќ жасау ісі кеѕ ґріс алды. Ќанжарлар, семсерлер, найза мен жебе ўштары, јртїрлі балталар, сауыт-саймандар кґптеп жасалды. Жебеніѕ ќўйма ўштары мен ќанжарлар жасау їшін олар екі немесе їш ўялы жармалардан тўратын ќарапайым ќўйма ќалыптарды ќолданды. Ќўйма ќалыптар ретінде ќыш, металл, кейде тас пайдаланылды. Ыдыс-аяќ жасау, тас ќашау, сїйек ою, тері илеу, жіп иіру жјне тоќымашылыќ сияќты тўрмыстыќ ќолґнер тїрлері де ґрістеді.

Ґндірістік жјне шаруашылыќ-тўрмыстыќ маќсаттарєа арнап алуан тїрлі бўйымдар жасалды. Ќару тїрлері мен тўрмыстыќ бўйымдарды жасау їшін ќалыптар ќолданылєаны айтылды. Саќ ўсталары балауыздан немесе тоѕ майдан їлгі жасап алып, оныѕ сыртын балшыќпен ќаптайтын. Балшыќ кепкеннен кейін даяр болєан ќалып тўтас ќыздырылып, еріп кеткен балауыздыѕ немесе майдыѕ орнына металл ќўйылатын. Осындай тјсілмен ірі бўйымдар – їлкен мыс ќазандар, ќўрбан шалатын їлкен їстелдер, їлкен ќоѕыраулар да ќўйылды. Саќтардыѕ металл бўйымдары арасында ќола жјне мыс ќазандар, ќўрбан шалєыштар мен шыраєдандар жиынтыєы ерекше орын алады. Јсіресе Жетісу саќтарыныѕ їш аяќты ќола ќазандары мен шыраєдандары ґздерініѕ кґркем безендірілуі жаєынан ґте тамаша жасалєан.

Ертедегі ќолґнер шеберлері ќару-жараќ жјне аѕ стиліндегі ґнер туындыларымен ќатар ат-јбзелдерін жасауєа ерекше кґѕіл бґлген. Себебі саќтар жылќы тїлігін ґсіруге айрыќша мјн беріп, оны кґлік ретінде пайдаланатын. Ат-јбзелдерінен ќола жјне темір ауыздыќтар, сулыќтар, ќўйма тоєалар, ќапсырмалар кґп кездеседі. 1999 ж. Ќазаќстан Алтайындаєы Берел ќорымындаєы їлкен обалардыѕ бірінен тїгелдей јбзелдерімен кґмілген 13 жылќыныѕ тоѕда саќталєан ќалдыќтары табылды.

 Саќтар ыдыс-аяќтардыѕ бірнеше тїрлерін жасады. Ыдыстарды жасауєа ќыш, тері, аєаш жјне металл пайдаланылды. Орталыќ Ќазаќстанда ќыш ыдыстар аз жасалып, орнына тері, аєаш, металл ыдыстар пайдаланылса, Жетісу, Ертіс бойы мен Батыс Ќазаќстанда ќыш ыдыстар бўрынєыша жасала берді. Жетісу жерінде кґшіп-ќонєанда алып жїруге ыѕєайлы тўрќы аласа, жатаєан ыдыстар кеѕінен тарады. Мўнда жайпаќ дґѕгелек тостаєандар, саптыаяќтар, текше тјрізді ыдыстар жиі ўшырасты. Батыс жјне Солтїстік Ќазаќстаннан тїптері дґѕгелек ыдыстар табылды. Шыєыс Ќазаќстанныѕ таулы аудандарыныѕ тўрєындары ќыштан жасалєан тік мойынды ќўмыралар мен аласа кґзелерді кґбірек пайдаланєан.

Ќорыта келгенде, Ќазаќстан аумаєында ерте темір дјуірінде мекендеген саќ-сармат тайпалары артына тамаша ґнер туындыларын ќалдырды. Олардыѕ ќолґнер бўйымдары арасында јлемніѕ їздік ґнер туындыларына енетін жјдігерлер кґптеп кездеседі. Біз кейінгі сабаќта јѕгімелейтін скиф-саќ аѕ стилінде жасалєан тамаша туындылар, зергерлік бўйымдар олардыѕ ќабірлерінен кґптеп табылды. Есік обасынан табылєан саќ жауынгерініѕ алтын јшекейлі киімдері, Бесоба, Сынтас, Аралтґбе, Ќырыќоба, Берел, Шілікті ескерткіштерінен табылєан кґркемґнер туындылары саќ-сармат тайпаларыныѕ жоєары мјдениетінен хабар береді.

 

САҚ-САРМАТ ДӘУIРIНДЕГI ҚАЗАҚСТАН

 

Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі-сақтар. Археологиялық зерттерлеуге және жазба деректерге қарағанда б.з.б. VII-IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша, Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендейтін көшпелі тайпаларды жалпы атпен сақтар деп атаса, ал гректің атақты тарихшысы Герадот (б.з.б. V ғ.) сақтарды «азиялық скифтер» деп атаған. Осымен қатар Герадот өзінің «Тарих» деп аталатын еңбегінде б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азия және Қазақстан жерінде «Сақ» деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар: массагеттер, даилер, каспийшілер, исседондар, сарматтар, алаңдар, аримаспылар т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет