Кіріспе Микробиологияның даму тарихы


Инфекциялық процесс түрлері



бет17/69
Дата18.12.2023
өлшемі206,68 Kb.
#197486
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция
zharaskyzy, ҚТЖ - 6 ДТ, накты талдау, Мат.анализ под редакцией Демидович, aza-tlnen-10-synypa-arnalan-orytyndy-test-tapsyrmalary, микробиология лекция (копия), Латын, мейіргер ісі сөзжұмбақ
Инфекциялық процесс түрлері.

Микроорганизмнің патогенділігіне, макроорганизмнің қабылдаушылығына және аурудың клиникалық ағымының дамуына, көрінуіне байланысты.


1.Типтік немесе әдеттегі (формалар) түрлері – инфекциялық аурудың дамуы, клиникалық көрінісі осы ауруға тән.
2.Атиптік немесе әдеттегідей емес өшірілген түрі – кейбір белгілер өшірілген немесе нашар білінеді. Бұл түрде аурудың толық диагнозын қою қиын, тек қана микробиологиялық зерттеулерден кейін ғана белгілі болады.
3. Жасырын немесе белгісіз түрі – аурудың сыртқы белгілері білінбейді, бірақ ішкі мүшелерде патологиялық өзгерістер болады, қанда серологиялық реакцияның нәтижесінде қарсыденелер табылады.
4.Латентті түрі (қалғып жатқан инфекция) ауру қоздырғыш микроб организмде ұзақ уақыт бойы білінбейді. Қолайсыз жағдайлар болып (салқын тигенде, шаршағанда, дұрыс тамақтанбағанда) организм әлсірегенде латентті инфекция әдеттегі инфекцияға айналып, ауру тудырады.
5. Бактериотасымалдаушы: организмде патогенді микробтар сыртқы ортаға ешқандай клиникалық белгісіз және ішкі мүшелерді зақымдамай бөлінеді. Бактериотасымалдаушылар сау адамдарда және инфекциялық аурумен ауырған адамдарда кездеседі.
Іш сүзегімен, дифтериямен, (күл) тырысқақпен ауырған адам көп уақытқа дейін бактериотасымалдаушы болып қалады. Егер 3 айға созылса – жедел түрі, 3 айдан асса – созылмалы түрі деп аталады. Мысалы: іш сүзегімен ауырған адам өмір бойы тасымалдаушы болып қалуы мүмкін.
Сау тасымалдаушылар – өздері ауырмайды, бірақ қоздырғышты қоршаған ортаға бөліп шығарады. Бұл адамдар инфекцияға қарсы прививкі алғандар, олардың иммунитеті яғни қабылдамаушылық қабілеті жақсы. Бұндай инфекцияға дифтерия, менингит, полиомиелит жатады.
Инфекция көзі – адам және жануар. Сонымен қатар жасырын түрімен ауырған аурулар, микробтасымалдаушылар да болуы мүмкін.
Барлық инфекциялық аурулар инфекция көзіне байланысты 2 топқа бөлінеді:
1. антропоноздар – инфекция көзі – адам (ауру, бактериятасымалдаушы) мысалы: іш сүзегі, дизентерия, тырысқақ, қызылша, соз, мерез.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   69




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет