Кіріспе: Негізгі бөлім: Гетероциклды қосылыстар. Алкалоидтар Қорытынды



бет2/7
Дата12.10.2022
өлшемі238,19 Kb.
#152727
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
135512.pptx
Презентация Окси,оксо карбон
Витамин В12 (цианкоболамин)
Фуранның туындысы фурфуролдан (фуран–2–карбальдегид) фуран қатарының күшті бактерицидтік қасиеттер көрсететін 5 – нитротуындылары алынады. Бұл қатардан микроорганизмдер туындататын іріңді – қабыну процестерінде (дизентерия, тиф, т.б.) тиімді әсер ететін фурацилин және фуразолидон жиі қолданылады.
Фурацилин
Фуразолидон
Тиофен тотықсызданып, тетрагидротиофен түзіледі:
тетрагидротиофен
Тиофеннің туындылары қабынуға қарсы, антисептикалық және жергілікті жансыздандырғыш қасиеттер көрсететін ихтиол майының құрамында болады. Тетрагидротиофеннің туындысына биотин (витамин Н) жатады, оның қоректің құрамында жеткіліксіз болуы белоктар мен майлардың дұрыс алмаспауына және тері дерттеріне әкеледі. 
Екі гетероатомды бес мүшелі гетероциклдардың тұрақтылығы жоғары, олар таутомерлік түр – өзгерістерге және молекулааралық сутектік байланыстар түзуге қабылетті болып келеді. Негізгі өкілдеріне пиразол, имидазол, тиазол және оксазолды жатқызуға болады.
оксазол
тиазол
имидазол
пиразол
Имидазол молекуласындағы NН тобы мен –N= атомы молеклааралық сутектің байланыстардың түзілу себепшісі болып табылады:
Мұндай ассоциациялардың салдарынан кейбір гетероциклдарда прототропты таутомерияға әкелетін молекулааралық сутектік алмасу жүреді:
4 – метилимидазол 5 – метилимидазол
Имидазолдың аса маңызды туындыларына гистидин және оның декарбоксилдену өнімі гистамин жатады:
гистидин гистамин
Имидазолды циклдар, сол сияқты, кейбір алкалоидтардың құрамында кездеседі.
Пиразолдың белгілі туындысына ыстықты төмендететін, тыныштандыратын және ауырсынуды жеңілдететін антипирин, амидопирин, анальгин сияқты дәрілік заттарды алу үшін қолданылатын пиразолон – 5 жатады.
пиразолон – 5
антипирин
амидопирин
анальгин
Оксазол және тиазол екі түрлі гетероатомдары болатын бес мүшелі гетероциклдарға жатады. Тиазолды цикл витамин В1 (тиамин) мен кофермент кокарбоксилазаның құрамына енеді. Толық гидрленген тиазол (тиазолидин) пенициллинді антибиотиктердің құрылымдық буыны болып табылады.
Төрт гетероатомды бес мүшелі гетероцикл тетразолдың туындысы коразол медицинада орталық жүйке жүйесінің стимуляторы ретінде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет