Кіріспе Негізгі бөлім Патшалық астанасы



бет1/4
Дата09.11.2022
өлшемі382,09 Kb.
#157306
  1   2   3   4
Байланысты:
Цинь
Снимок экрана 2020—11—18 в 12.45.38

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті





Р Е Ф Е Р А Т
КАФЕДРА: « Тарих кафедрасы»
Мамандық: «6B01609 Тарих »


Тақырыбы:
Орындаған:


Тексерген:


Жоспары:

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

  3. Патшалық астанасы

  4. Iшкi құрылысы

  5. Cыртқы саясат

  6. Қорытынды

  7. Қолданылған әдебиеттер

1
Кіріспе:
Саяси көзқарас бойынша, Қытай бірнеше мыңдаған жылдар бойы, цикликалық түрде қайталанатын саяси бірлік пен шашыраңқылық мерзімдерінен өткен. Қытай аумағы басқыншылардың шабуылына жиі ұшырады, бірақ басқыншылардың көбі ертелі-кешті қытайланып, қытай этносымен араласып кетті. Мемлекет ішінде шеткі аймақтарды астанамен байланыстыратын жол салу құрылысы қызу жүргізілді. Жан-жақтан орталыққа бағытталған жолдардың салынуы сауда мен қолөнердің жедел дамуына алып келді. Қазіргі қытай мемлекеті мен қоғамы көптеген ғасыр бойы қоршаған азия халықтарымен мәдени және саяси араласуы менен енгізілуінің нәтижесі. Қытай этносының аса ірі демографиялық потенциалының көрші халықтарға тигізетін әсерін жоққа шығаруға болмайды.
Негізгі бөлім:
Цинь патшалығы, Цинь империясы (б.з.б. 221 — 206) — Қытайдағы орталықтанған тұңғыш ежелгі мемлекет. Ол Қытайды бір орт-қа бағындырған тұңғыш император Цинь Шихуандидің тұсында құрылды. Цинь патшалығына дейін Қытайда бір-біріне бағынбайтын бірнеше ұсақ патшалықтар өмір сүрді.

210 б.з.б. жылдағы Циньнiң империясының картасы



Мемлекеттің орнықтылығы патшаның шексіз билігіне негізделді. Патшалық өкімет ең алдымен егіншілікті дамытуға мүдделі болды. Елдегі барлық шаруалар үлестік жер алды. Алғашқы кезде оларға кейбір салық жеңілдіктері жасалды. Ал қолөнер мен сауда биліктің қолдауына ие болмады. Қайта тамақ, әсіресе, астық өнімдерінің бағасына қатаң мемлекеттік бақылау орнатылды. Мемлекетте шеберханалар жүйесі құрылып, ұсталар белгіленген мерзім ішінде келіп, билік иелерінің тапсырысына орай қару-жарақ, т.б. қолөнер бұйымдарын тегін жасауға міндеттенді. Бұрынғы ұсақ патшалықтардың қорғаныс қамалдары жойылып, ел жаңадан 36 әкімшілік аймақтарға бөлінді. Бұрынғы заңдар толығымен жойылып, орнына аса қатал қылмыстық баптармен толықтырылған жаңа құқықтық жүйе енгізілді. Ақша реформалары жасалды және өлшем бірліктері бірыңғай жүйеге келтірілді. Бұл шаралар өз кезегінде тауар-ақша қатынасының жылдам дамуына алып келді. Бірнеше мемлекеттің біріктірілуі нәтижесінде құрылғандықтан әр түрлі диалектіде сөйлейтін халық бір-бірін түсінбеді. Сондықтан бұрынғы жазулар толығымен қолданыстан шығарылып, бірыңғай жазу үлгісі енгізілді. Ортақ жазу тілінің пайда болуы келер ғасырларда қытай халқын мәдени тұтастырушы күшке айналды.Цинь Шихуан, Циньнiң әулеттiң негiздеушiсi және бiрiккен Қытайының бiрiншi императорының мүсiнi Цинь патшалығы сыртқы саясатта солтүстік және оңтүстік бағытта бірдей жаулап алу жорықтарын жүргізді. Жаулап алынған жерлер билеушінің меншігі болып саналды және оған әр түрлі жеңілдіктермен ішкі өлкелерден әкелінген халық қоныстандырылды. Солтүстікте Қытай қорғаны салынды.Зерттеушілер қытай қорғанын салу барысында 1 млн-ға жуық адам қаза болған деп есептейді. Бұл қорғандар кейіннен мыңдаған ылдар Қытайдың солүстік шекарасын қорғап тұрды және ол үнемі жаңартылып отырды. Мемлекет ішінде шеткі аймақтарды астанамен байланыстыратын жол салу құрылысы қызу жүргізілді. Жан-жақтан орталыққа бағытталған жолдардың салынуы сауда мен қолөнердің жедел дамуына алып келді. Қатал заңға негізделген тәртіп пен әрі құрылыстарға жүз мыңдаған адамдардың тартылуы аса көп мөлшерде материалдық және адам шығынына алып келді. Ол халықтың орталық өкіметке жаппай наразылығын туғызды. Цинь Шихуанди қайтыс болғаннан кейін халық наразылығы жаппай бас көтеруге ұласты. Келесі билеуші Эршихуанди 4 жылдай ғана билік құрды. Осыдан кейін Цинь патшалығын құрған әулет толығымен жойылып кетті. Бірақ орталықтанған Қытай мемлекеті сақталып қалды. Билікке жаңа әулет келіп, Хань мемлекеті құрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет