Кіріспе оқырмандарға ұсынылып отырған «Криминалистикадан электронды оқу құралы» қазіргі заманғы оқу үрдісіне енгізілген кредиттік технология ерекшелігін ескере отырып құрастырылған көрнекі оқу құралы болып табылады


Криминалистиканың даму тарихы және қазіргі жағдайы



бет6/243
Дата07.02.2022
өлшемі0,68 Mb.
#90324
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   243
Байланысты:
46f35a43-0889-11e7-bfa7-a692e7d05c5eкриминалис.нускау
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы

Криминалистиканың даму тарихы және қазіргі жағдайы.


  • Криминалистикада қолданылатын әдістердің классификациясы.

  • Криминалистік идентификация мен диагностиканың түсінігі.



    Қолданылатын әдебиеттер:

    1. Жәкішев Е.Г., Исаев А.А., Тапалова Р.Б., Найманова Г.Х., Темірболат Н.С. Криминалистика, КазНУ, 2005

    2. Белкин Р.С. Курс криминалистики в 3 т., М., 1997

    3. Криминалистика. Под ред. Герасимова И.Ф., Драпкина Л.Я, М., 1994

    4. Криминалистика Под ред. Яблокова Н.П. М., Бек, 1990, 1995, 1996, 2005

    5. Криминалистика Под ред. Пантелеева И.Ф., Селиванова Н.А М.,1988

    6. Криминалистика Под ред. Крылова И.Ф , Ленинград, 1976

    7. Криминалистика Под ред. Филиппова А.Г.. Волынского А.Ф. М.,Спарк, 1999

    8. Образцов В.А. Криминалистика М., Юристь, 2001

    9. Порубов Н.И. Курс криминалистики, Минск, 2000

    Криминалистика ғылымы



    1. тергеуші ойынан туындаған әрекеттеріне негізделген

    2. тергеуші қызметін тану заңдылықтары туралы

    3. қылмыскердің әрекетінің заңдылықтары туралы

    4. дәлелдемелерді жинау және техникалық құралдар мен тактикалық амалдар танымының заңдылықтарына негізделген

    5. материалдық әлемнің даму заңдылықтары туралы.

    Криминалистикалық әрекеттердің заңдылықтары қай ғылымның пәнін құрайды


    1. қылмыстық құқық
    2. криминология
    3. азаматтық іс - жүргізу құқығы
    4. криминалистика
    5. прокурорлық қадағалау

    Қылмыс әрекеттерінің заңдылықтары қай ұғымның мәнін құрайды


    1. тергеу ситуациясы
    2. криминалистикалық сипаттама
    3. криминалистикалық болжау
    4. тактикалық тәсіл
    5. криминалистикалық идентификация

    Криминалистикалық әрекетке жатпайды:


    1. тергеушінің әрекеттері
    2. маман-криминалистің әрекеттері
    3. жедел - іздестіру қызметкерлерінің әрекеттері
    4. анықтаушының әрекеттері
    5. дәрігердің әрекеттері

    Криминалистика ғылымының зерттеу объектісі


    1. криминалистиканың негізгі теориялық дамуы
    2. шет елдік тәжірибе арқылы қылмыстың алдын алуды үйрену
    3. тактикалық амалдарды жүзеге асыру негізінде тергеу әрекеттерін жүргізу
    4. техникалық әрекет арқылы дәлелдемелер жинауды жүзеге асыру
    5. салыстырмалы зерттеу жүргізу үшін үлгілердің көлемін анықтау

    Криминалистика ғылымының зерттеу объектілерін көрсетіңіз


    1. қылмыстық әрекет
    2. қылмыспен байланысты мәліметтер жинау
    3. қылмыстың себебі
    4. қылмыстық әрекет және мәлімет жинау кезіндегі қатысушылардың әрекеті
    5. қылмыспен байланысты материалдық объектілердің құрамының өзгеруі

    Криминалистика ғылымының объектісіне жатпайды



    1. қылмыстың тәсілі

    2. қылмыстың механизмі

    3. қылмыстың ізін табу, бекіту

    4. саяси ақпараттар жинау

    5. қылмыскердің психикалық ауытқулары

    Төмендегілердің қайсысы криминалистиканың объектілеріне жатпайды


    1. қылмыстық әрекет
    2. тергеу әрекеті
    3. криминалист - маманның әрекеті
    4. жедел - іздестіру қызметкерлерінің әрекеті
    5. технологтардың әрекеті

    Криминалистика бөлімдеріндегі ортақ мәселелені көрсетіңіз



    1. қолтаңба іздерін табу

    2. аяқкиім іздерін алу

    3. тергеуге қатысушылардың әрекеттерін анықтау

    4. қылмысты ашу, тергеу, алдын алу

    5. ұрлық қылмысын ашу

    Криминалистикалық теорияның негізгі мәселесі


    1. қолдың іздерін табу, бекіту, алу
    2. суық қарудың сипаттамасы
    3. болжаулардың атқаратын ролін көрсету
    4. тергеу кезеңдерінің түсінігі
    5. криминалистика ғылымының пәні және оның дамуы

    Криминалистикалық теорияның негізгі мәселелеріне жатпайды


    1. криминалистиканың дамуы
    2. криминалистика әдістерінің дамуы
    3. криминалистикалық идентификацияның жеке ілім ретінде дамуы
    4. криминалистикалық диагностиканың жеке ілім ретінде дамуы
    5. тергеу әрекеттерінің тиімділігі нәтижелігінің дамуы

    Криминалистикалық теорияның негізгі мәселеріне жатпайды


    1. криминалистиканың пәні
    2. криминалистиканың әдістері
    3. криминалистиканың теориялық ілімдерінің түсінігі
    4. қылымыстық әрекеттердің түсінігі
    5. көлемді іздерді табу, бекіту, алу

    Криминалистиканың әдістемелік негізгі болып келетін гуманитарлық ғылымды көрсетіңіз


    1. философия
    2. менеджмент
    3. маркетинг
    4. психиатрия
    5. мемлекет және құқық теориясы

    Криминалистика ғылымының арнайы әдістерін көрсетіңіз


    1. іздерді табу бойынша техникалық құралдар мен тәсілдерді дайындау
    2. құқық бұзушылықты ескерту бойынша әдістерді дайындау
    3. қылмысты ашу бойынша сұрақтарды дайындау
    4. қылмысты тергеу бойынша әдістерді дайындау
    5. қылмыстың алдын алу, тергеу және ашу бойынша әдістерді дайындау

    Криминалистика әдістерінде қолданылмайтын ғылымды көрсетіңіз


    1. логика
    2. психология
    3. астрология
    4. медицина
    5. психиатрия

    Криминалистика әдістерінде қолданылмайтын ғылымды көрсетіңіз


    1. криминология
    2. қылмыстық құқық
    3. сот медицинасы
    4. сот психиатриясы
    5. дінтану

    Криминалистикамен тығыз байланысты ғылымды көрсетіңіз


    1. азаматтық құқық
    2. азаматтық іс - жүргізу құқығы
    3. инвестициялық құқық
    4. қылмыстық іс - жүргізу құқығы
    5. қылмыстық атқару құқығы

    Криминалистикамен тығыз байланысты ғылымды көрсетіңіз


    1. отбасы құқығы
    2. конституциялық құқық
    3. еңбек құқығы
    4. сот экспертологиясы
    5. экологиялық құқық

    Криминалистикамен тығыз байланысты ғылымды көрсетіңіз


    1. кәсіпкерлік құқық
    2. саяси және құықтық ілімдер тарихы
    3. сот медициналық психиатрия
    4. прокурорлық қадағалау
    5. мемлекет және құқық теориясы

    Криминалистиканы оқытатын ғылымдардың циклын көрсетіңіз


    1. жаралыстану - техникалық ғылымдар
    2. гуманитарлық ғылымдар
    3. саяси ғылымдар
    4. экономикалық ғылымдар
    5. заңи ғылымдар

    Криминалистиканың жүйесіндегі негізгі бөлімді көрсетіңіз


    1. қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы
    2. қылмыстың жекелеген түрлерін тергеу әдістемесі
    3. криминалистикалық одорология
    4. құжаттарды криминалистикалық зерттеу
    5. сот медицинасы

    Криминалистика жүйесіндегі негізгі бөлімді көрсетіңіз


    1. алаяқтықты тергеу
    2. тергеу экспериментінің тактикасы
    3. криминалистикалық фотография және бейнежазу
    4. криминалистикалық баллистика
    5. криминалистикалық тактика

    Криминалистика жүйесіндегі негізгі бөлімді көрсетіңіз


    1. криминалистикалық техника
    2. криминалистикалық қолжазбатану
    3. криминалистикалық идентификация және диагностика
    4. қараудың тактикасы
    5. ұрлықты тергеу әдістемесі

    Төмендегілердің қайсысы криминалистиканың негізгі бөлімдеріне жатпайды


    1. криминалистиканың теориясы
    2. криминалистикалық техника
    3. криминалистикалық баллистика
    4. крималистикалық тактика
    5. қылмыстық жекелеген түрлерін тергеу әдістемесі

    Төмендегілердің қайсысы криминалистиканың негізгі бөлімдеріне жатпайды


    1. криминалистиканың теориясы
    2. криминалистикалық тактика
    3. криминалистикалық техника
    4. тергеу әдістемесі (криминалистикалық әдістеме)
    5. қолжазба тану

    Криминалистиканың негізгі бөлімін атаңыз


    1. трассология
    2. жауап алудың тактикасы
    3. криминалистиканың теориялық және әдістемелік негіздері
    4. криминалистикалық тіркеу
    5. криминалистикалық габитология

    Криминалистикалық теория бөлімінде жеке оқытылады


    1. қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы
    2. криминалистикалық болжау
    3. іздер туралы ілім
    4. криминалистикалық габитология
    5. криминалистикалық идентификация және криминалистикалық диагностика

    Криминалистика жүйесі неше негізгі бөлімнен тұрады


    1. екі негізгі бөлімнен
    2. бес негізгі бөлімнен
    3. төрт негізгі бөлімнен
    4. үш негізгі бөлімнен
    5. алты негізгі бөлімнен

    Төмендегі ұғымдардың қайсысы криминалистика жүйесінің төртінші бөліміне жатпайды


    1. криминалистикалық болжау және тергеуді жоспарлау
    2. қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы
    3. тергеудің кезеңдері
    4. типтік ситуациялары
    5. криминалистиканың жалпы және жеке әдістері

    Төменгілердің қайсысы криминалистикалық сипаттаманың элементіне жатпайды


    1. қылмыскердің жеке басының ерекшеліктері
    2. қылмыс жасау тәсілдері
    3. қылмыстың жасалу жолы
    4. қылмыстың қол сұғушылық заты
    5. тактикалық шешім

    Криминалистикада қандай саралау әдістері қолданылады


    1. жалпы ғылыми
    2. физикалық, химиялық
    3. құрал - жабдықтаушы
    4. жалпы ғылыми, арнайы, жеке
    5. жалпы ғылыми, жеке криминалистік

    Криминалистиканың жалпы ғылыми әдісін көрсетіңіз


    1. аңду
    2. бейнелеу
    3. салыстыру
    4. моделдеу
    5. храмотография

    Криминалистиканың жалпы ғылыми әдісін көрсетіңіз


    1. өлшеу
    2. эксперимент
    3. синтез, талдау
    4. индукция, дедукция
    5. люминасценция

    Криминалистиканың жалпы әдістерін атаңыз



    1. хроматография

    2. өлшеу

    3. микроскопия

    4. рентгенография

    5. барлық жауаптар дұрыс

    Криминалистиканың жеке әдісін атаңыз


    1. люминесценциялық талдау
    2. спектроскопия
    3. көрінбейтін іздерді табу
    4. ренгенофазалық талдау
    5. спектрлік талдау

    Криминалистиканың жеке әдісін атаңыз


    1. тұрақты қолжазба дағдыларының анықталуы
    2. аңду
    3. сапалы талдау
    4. хромотография
    5. бейнелеу
    Криминалистиканың жеке әдістерін атаңыз
    1. салыстыру
    2. моделдеу
    3. өлшеу
    4. электро-микроскоптық әдіс
    5. іздерді алуды бекіту әдісі

    Криминалистиканың жеке әдістерін атаңыз



    1. микроскопия және рентгенография

    2. бақылау және модельдеу

    3. идентификациялық зерттеу

    4. салыстыру және бейнелеу

    5. эксперимент

    Криминалистиканың арнайы әдістеріне жатады
    1. трасологиялық әдістер
    2. қолжазба әдістері
    3. объектінің мазмұнын, құрамын үйрену әдістері
    4. габитологиялық әдістер
    5. оқиға болған жерді суретке түсіру әдістері

    Криминалистиканың арнайы әдістеріне жатады


    1. ойықтардың іздерін қатарластыру әдісі
    2. іздерді бекіту әдісі
    3. орындаушының мәтінді қайта қалпына келтіру әдісі
    4. ауызша суреттеу әдісі
    5. микро - спектралды талдау әдісі

    Арнайы әдісті көрсетіңіз


    1. атыс қаруын идентификациялау әдісі
    2. қолдың іздері бойынша идентификациялау әдістері
    3. бейнелеп идентификациялау әдістері
    4. қолжазба бойынша идентификациялау әдісі
    5. материалдық дүниедегі объектілерді идентификациялау (логикалық идентификация)

    Криминалистикада қолданылатын әдістердің ерекшеліктерін белгілеңіз


    1. әдісті жүзеге асыру ерекшелігі
    2. әдісті қолдану ерекшелігі
    3. іс - әрекет жасау
    4. қолданылатын бағыт
    5. техникалық құралдар қолдану

    Тепе – теңдікті анықтау мақсатында материалдық объектілерді зерттеудің жалпы қағидалары мен әдістемесі туралы ілім аталады



    1. криминалистикалық сараптама

    2. криминалистикалық идентификация

    3. криминалистикалық техника

    4. криминалистикалық одорология

    5. криминалистикалық диагностика

    Қандай іс - әрекет идентификацияның материалдық белгісімен анықталады


    1. беттестіру
    2. тергеу эксперименті
    3. айғақтарды тексеру бойынша анықтау
    4. сот сараптамасы
    5. ал
    Бірнеше объектілерге тән қасиеттер мен белгілерді бір уақытта салыстырмалы түрде зерттеу мен бағалау қай әдістің мәнін құрайды

    1. өлшеу

    2. салыстыру

    3. модельдеу

    4. бақылау

    5. бейнелеу (суреттеу)

    Криминалистикалық идентификацияның мәнін құрайды



    1. бір топтылығын анықтау

    2. тепе - теңдікті анықтау

    3. ұқсастықты анықтау

    4. біртектілігін анықтау

    5. мәліметтің өзара байланысын анықтау

    Объектілерді алдын – ала қарастырып, зерттеуге бағытталған жоспарлы қабылдау әдісі

    1. модельдеу

    2. өлшеу

    3. бақылау

    4. бейнелеу

    5. эксперимент

    Өзгеру деңгейіне қарай идентификация объектілерін өзгеретін және салыстырмалы тұрақты болып бөлінеді. Ең аз өзеріске ұшырайтын объектіні көрсетіңіз



    1. кесілген қару оқпаны

    2. саусақтағы папиллярлы өрнек сызықтары

    3. фин пышағының жүзі

    4. автокөлік дөңгелегінің протекторы

    5. аяқ киім табаны

    Идентификацияланатын объектілер



    1. теңдестіруді жүзеге асыруға қолданылатын объектілер

    2. ұқсастығын анықтау үшін қажет объектілер

    3. анықтаушы объектілер

    4. салыстыруға алынған үлгілер

    5. тексерілетін объектілер

    Идентификацияға пайдаланылатын объектілер

    1. ұқсастығын анықтау қажет объектілер

    2. олардың көмегімен тепе – теңдігі анықталатын объектілер тізімі

    3. тексерілетін объектілер

    4. салыстырмалы үлгілер

    5. ізделінетін объектілер

    Қандай іс - әрекет жалпы идентификациялық белгілерден құрылады


    1. тану
    2. куәлендіру
    3. жауап алу
    4. тінту
    5. сот сараптамасы

    Криминалистикалық идентификацияның объектісіне жатпайды



    1. адам

    2. жануар

    3. заттар

    4. сұйықтық

    5. жалпы өндіріс өнімдері

    Материалды бекітілген бейне бойынша идентификациялауға көрсетілетін объект


    1. жанармай өнімдері
    2. талшықтар
    3. топырақ
    4. адам
    5. спирттік өнімдер

    Материалды бекітілген бейне бойынша идентификациялауға көрсетілетін объект


    1. қару жарақ
    2. есірткі заттар
    3. шыны бөліктері
    4. метал бөліктері
    5. жәбірленушінің киімдері

    Материалды бекітілген бейне бойынша идентификациялауға көрсетілетін объект


    1. аяқ киім
    2. метал бөліктері
    3. цемент
    4. лак бояу материалдары
    5. иіс

    Бір құбылысты басқа құбылыспен салыстыра отырып белгілі бір жағдайда қайта жаңғырту әдісі



    1. сипаттау

    2. модельдеу

    3. эксперимент

    4. бейнелеу

    5. өлшеу

    Идентификациялық белгілер жалпы және жеке болып бөлінеді. Осы төмендегілердің қайсысы жеке белгіге жатады



    1. оқтағы оқпан иірімдерінен қалған із

    2. қарудың моделі

    3. пышақ жүзіндегі кетіктер

    4. қолдан жасалған пышақтың жүзінің ұзындығы

    5. қол бедері іздеріндегі папиллярлы өрнектің түрі

    Топтық қатынас ол


    1. идентификациялық зерттеу
    2. бірінші сатыдағы идентификациялық зерттеу
    3. классикалық зерттеу
    4. диагностикалық зерттеу
    5. ситуациялық зерттеу

    Топтық қатынас қағидасының мәні


    1. белгілі бір топтың жеке объектіге қатынасы
    2. тұтастық қатынас
    3. оқиға болған жерді қарау
    4. құбылыстар арасында болған қатынасты бекіту
    5. объектілердің кластық, тектік, түрлерін бекіту

    Топтық қатынас қағидасының мәні


    1. қылмыс болған жерді қарау
    2. қылмыстың болған уақытын бекіту
    3. қарудың түрі
    4. қылмыс іздерінің түрлері
    5. көптеген жеке объектілерге қатысты түрлері

    Ойдағы бейне бойынша криминалистикалық идентификацияны жүргізеді


    1. арнайы криминалист
    2. жәбірленуші
    3. сезікті
    4. тергеуші
    5. сарапшы

    Ойдағы бейне бойынша идентификацияланатын объект


    1. лак бояу материалдары
    2. гильза
    3. адамның ДНК
    4. адамның қол саусақтары
    5. адам бейнесі

    Ойдағы бейне бойынша идентификацияланатын объект


    1. киім
    2. топырақ
    3. адамның, жануардың қаны
    4. адамның қолжазбасы
    5. жанармай бұйымдары

    Қандай тергеу әрекеттері барысында ойдағы бейнені идентификациялау жүргізіледі


    1. қарау
    2. сұрау
    3. беттестіру
    4. тану
    5. айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау

    Шығу тегі белгілі идентификацияланатын объектілер



    1. көшірмелер

    2. салыстырамалы зерттеу үлгілері

    3. нақты іздер

    4. шығу тегі белгілі іздер

    5. модельдер

    Салыстырмалы түрде қандай объектілердің тек қана топтық ұқсастықтарын анықтауға болады



    1. балта

    2. құм

    3. аяқ киім

    4. прессформа

    5. машинаның дөңгелегі

    Тергеуші криминалистикалық сараптамаға жалған қол қойылған құжатты және айыпкер Қозыбағаров қойған қолының үлгісін жіберді. Бұл жерде идентификация объектісі болып табылады



    1. жалған қол қойылған құжат

    2. айыпкер Қозыбағаров

    3. Қозыбағаров қойған қолының үлгісі

    4. Қозыбағаров жазуы

    5. мөр таңбасы

    Криминалистикалық идентификацияны жүргізеді


    1. прокурор
    2. сарапшы
    3. куә
    4. тергеуші
    5. анықтауш

    Қандай белгілер арқылы криминалистикалық идентификация жүргізіледі


    1. биологиялық
    2. химикалық
    3. жалпы және жеке
    4. жалпы және физикалық
    5. физикалық
    Идентификациялық белгілер объектінің сыртқы құрылысын, функционалды үйреншікті іс – қимылын және құрылымын белгілейді. Функционалды белгілерін атаңыз

    1. беттің пішіні мен құрылысы

    2. жүрісі

    3. дене бітімі

    4. тіс аппаратының құрылысы

    5. еріннің пішіні мен түрі

    Идентификациялық жазық – бұл



    1. әрбір нақты теңдестіру жағдайында қолданылатын барлық идентификациялық белгілердің жиынтығы

    2. із қалдыру кезінде із қабылдаушы объектімен қатынасқа түсетін із қалдырушы объектінің аумағы

    3. іздің қалыптасу кезінде қатынасқа түсетін объектілер көлемі

    4. идентификациялық зерттеу процесіндегі іздің жиынтық мөлшері

    5. іздің қалыптасу механизмі

    Жалпы белгісі бойынша идентификацияланатын объект


    1. бұзу құралдары
    2. көлік дөңгелегі
    3. автомат
    4. құжаттағы жазулар
    5. жекелеген іздер

    Жалпы белгісі бойынша идентификацияланатын объект


    1. қару жарақ
    2. адамның тістері
    3. талшық
    4. фомка
    5. мөр

    Жалпы белгісі бойынша идентификацияланатын объект


    1. жазу машинасы
    2. клише (кітапқа басылатын суреттің ойып жасалған қалыбы)
    3. сия
    4. аяқ киім
    5. құжаттағы қолтаң

    Қандай жағдайларға байланысты тепе - теңдік белгілер объектілердің жекелігін көрсетеді


    1. физикалық қасиеттер
    2. химиялық қасиеттер
    3. механикалық қасиеттер
    4. жалпы қасиеттер
    5. жеке қасиеттер

    Дәлелдемелердің қатыстылығын анықтаудағы логика – психологиялық процестің болуы және олардың арасындағы байланыстың сипаты



    1. дәлелдемелерді алу

    2. дәлелдемелерді табу

    3. дәлелдемелерді бағалау

    4. дәлелдемелерді пайдалану

    5. дәлелдемелерді зерттеу

    Оқиға болған жерден оқ табылды, сезіктіден Макаров жүйесіндегі тапанша алынды /ПМ/. Сот баллистикалық сараптамасы оқтың осы тапаншадан атылғандығын анықтады. Идентификацияның қандай түрі жүргізіледі



    1. дәлме – дәл бейнеленуі арқылы

    2. материалды бекітілген бейне арқылы

    3. ойда сақталу арқылы

    4. белгілерді сипаттау арқылы

    5. есепке алу мәліметтері бойынша

    Сарапшының қорытындысында былай деп жазылған «Гипстің үлгісіндегі зерттеуге ұсынылып отырған аяқ киім ізінің және Қозыбағаровтан алынғанаяқ киімнің оң жақ сыңарының өлшемдері бірдей және табанындағы шырша тәріздес суреттері бірдей». Бұл жерде не анықталып отыр

    1. бірдей артикул және түрі

    2. аяқ киімнің тепе – теңдігі

    3. бір топқа жататындығы

    4. іздердің шығу тегінің бір болуы

    5. мәліметтердің өзара байланысы

    Сезіктіні идентификациялау үшін қолдың қандай іздері жарамды



    1. көлемді

    2. көрінетін

    3. беткі қабатты көрінетін

    4. динамикалық

    5. беткі қабатты, көрінбейтін

    Сезіктінің аяқ киімін идентификациялау үшін қандай іздер жарамды



    1. көлемді

    2. беткі қабатты

    3. динамикалық

    4. көлемді, статикалық

    5. беткі қабатты, динамикалы

    Криминалистикалық диагностиканың мәні
    1. объектінің тепе - теңдігін анықтау
    2. белгілі бір топтарға қатысты объектілерді анықтау
    3. жалпы болып жатқан объектілердің шығу тегін анықтау
    4. іздің табылуына байланысты жекелеген объектілерді анықтау
    5. объектілерді немесе құбылыстардың құрамын анықтау
    Криминалистикалық диагностиканың шешетін мәселелеріне жатпайды
    1. оқиға болған жердегі жағдай
    2. объектінің құрамы
    3. белгілі бір топқа қатысты объекті
    4. жеке, тепе - теңдік объектісі
    5. жағдайға байланысты іс - әрекет

    Криминалистикалық диагностикада қандай мәселелер шешілмейтіндігін көрсетіңіз


    1. диагностикалық мәселе
    2. саралау мәселелері
    3. идентификациялық мәселе
    4. ситуациялық мәселе
    5. табиғи заттың анықталуы




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   243




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет