Кіріспе Пәннің мақсаты



бет1/10
Дата03.11.2022
өлшемі194,29 Kb.
#156501
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Саясаттану силлабус универге 3
Еп-20-3к3 тізімі, Еп-20-3к3 тізімі, Акт







  1. Кіріспе




Пәннің мақсаты

Саяси көзқарастардың іргелі негізін құрайтын, қоғамдағы бірлікті, тұрақтылықты сақтауға ықпал ететін саяси дүниетаным мен демократиялық мәдениетті, саяси бағдар мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру және орнықтыру. Сонымен бірге, саясатты түсінуге, зерттеу мен талдауға және қоғамдық өмірдің әртүрлі аспектілерін сыни тұрғыда бағалауға қажетті саяси білімді игерту.

Пәннің міндеттері:

  1. негізгі әлеуметтанулық, саяси, гуманитарлық ұғымдарды, қоғам мен оның кіші жүйелерін зерттеуге арналған теориялар мен тәсілдерді меңгерту;

  2. студенттердің әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ақпарат алудың негізгі көздері мен әдістерін игерту;

  3. әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық білімді кәсіптік қызметте пайдалану дағдыларын үйрету;

  4. сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру және оны практикада қолдану мүмкіндігі.

Күтілетін оқу нәтижелері

1) саясатты зерттеуге қажетті тұжырымдамаларды, теориялар мен проблемаларды меңгереді;
2) қоғамның саяси құндылықтарын түсінеді;
3) саяси білімді кәсіптік қызметте пайдаланады;
4) әлеуметтік, саяси, мәдени институттардың ерекшеліктерін ажыратады; 5) саясаттанудың пәндік білімін шығармашылық жұмыста дамытады;
6) қоғамдағы әртүрлі жағдайларды саяси тұрғыдан бағалайды.

Оқыту әдістері мен технологиялары

1) студентті оқытудың орталық объектісі ретінде қарастыратын оқыту әдісі, ол студенттердің де оқыту үрдісіне рефлексивті көзқарасына негізделген;
2) біліктілікке бағытталған оқыту;
3) әртүрлі форматтағы рөлдік ойындар және пікірталастар мен дебаттар;
4) жобалар әдісі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет