Кіріспе Саяси элита және оның түсінігі


Саяси элита ретінде - Х. Досмұхамедов кім?



бет5/5
Дата11.10.2023
өлшемі109,55 Kb.
#184613
1   2   3   4   5
Байланысты:
реф1
Линзалар, сборка (копия)
2.3. Саяси элита ретінде - Х. Досмұхамедов кім?
Халел Досмұхамедұлы – ең әуелі Алаш қайраткері. Алаш десе Халел, Халел десе Алаш еске түседі. Есім-сойы Алашпен байланысатын арыстар туралы сөз болғана тұтас бір дәуір толық қамтылады. Себебі белгілі. Бір дәуірдің жүгін тең арқалады, ұлттың көшін бірге бастады. Өлсе бір шұңқырда, тірі болса бір төбеде болды. Алаш үшін адал қызмет істеп, әз басын имеді. Ажал алдында да қасқайып тұра білді. Сондай нарқы биік боздақтардың қатарында айтылатын тұлғаның бірі һам бірегейі – Халел Досмұхамедұлы. Халелді ұлт көсемі Әлиханнан кейінгі екінші көшбасшы ретінде санайтын алаштанушылар да бар. Қалай болғанда да еткен еңбегі өлшеусіз. Халелдің 1913 жылы «Қазақ» газетінің 13-ыншы санына шыққан «Алаш деген не сөз?» атты мақаласынан-ақ азаматтық үнін тани аламыз.
Халел Досмұхамедұлы – биік интелектуалды тұлға. Бір өзі тұтас энциклопедияға барабар. Ол туралы абыз Әбіш Кекілбаев былай дейді: «Халел Досмұхамедов табиғи дарынын біліммен толықтырып, ана тілімен қоса латын, араб, парсы, түрік, орыс, неміс және француз тілдерін қажетті дәрежеде меңгеріп, еркін сөйлеп, еркін жаза білген. Соның нәтижесінде алдына жан салмас ғажайып лингвист, фольклорист, тарихшы-этногроф, көркем аудармашы да болған. Көл-көсір білімнің арқасында ол биология, зоология, медицина салаларымен қоса саясатта да қажырлы еңбек еткен ғалым». Алаш қайраткерлері шеттерінен білімді, білікті бола алды. Қай салада болсын тыңғылықты, жүйелі еңбек етіп, қазақ мәдениетін өрге сүйреді.
Х. Досмұхамедұлы – қазақ тарихының ақтаңдағын көп толықтырған ғалым. Кенесары – қазақтың соңғы көкжал ханы. Отаршылдыққа бас имеген, азаттық үшін арпалысып жан пида еткен баһадүр. Оның ерлігін, күрескерлік рухын Алаштықтар ту етіп ұстанғаны анық. Кенесары деген сөз шыққанда рух, намыс деген баламалы мағыналар бірге жүрді. Кеңес үкіметі ол туралы бар мәліметті жабық ұстап, Кенесарыны зерттеген ғалымдарды қудалауындағы бір себебі – қазақ рухының оянуынан қорқу. «Кезенген жаумен кескілесіп тұрып өлісуге шыдайтын ұл болмаса, сондай ұлды туғызып тұрған ел болмаса, қазақтың қай ісі өрге басар дейсің?!» дейді Хан Кене. Алаш кезеңі саяси тәуелсіздік жолындағы күреске толы болғаны белгілі. Оған жету үшін қазақтың рухын оятып, Кенесарының ерлігін ұлықтау өте маңызды еді.
Абайтану ілімі әдебиетіміздің белді, сүбелі саласы болып есептеліп кетті. Одан кейінгі ұрпақ енді аймаңдай Әуезовты зерттей бастады. Әуезовтану да сондай іргелі ілімге айналып келе жатыр. Сондай өмірі өнегеге, өлеңі рухқа толы Махамбет ақынның әуселесі биік екенін шүбәсіз. Оны Алаш баласына алғаш нәсихаттап таратқан, тірнектеп жинаған тұлғаның бірі – Х. Досмұхамедұлы. Одан бері де бір ғасыр өтіпті. Енді Алаштану ілімімен қатар қайраткерлерге де жеке-жеке тоқталып, олар туралы сөз қозғар заман келді. Қазақтың рухани үндестігі осылайша арқауын үзбей, мыңжылдықтарға қарай жалғаса береді деп сеніммен айта аламыз.

3.Қорытынды
Қорытындылай келе, саяси элита қоғамымыздың бастаушы күші. Олардың еліміздегі көптеген салаларда алатын орыны ерекше. Тарихымызда өшпес із қалдырып кеткен көсемдеріміз талай жұмыс атқарып,ел болашағы үшін күресу жолында жапа шеккені белгілі. Соның бірегейі - Х. Досмұхамедов. Ол ғалым, дәрігер ғана емес Алаш қайраткері. Көсем ретінде биік таудай тұлға деп білеміз.

Пайдаланылған әдебиеттер:
Хан И. Г. Саясаттану - Алматы, 2003ж.
Қуандықов. Саясаттану негіздері. Алматы 1998 ж.
Тілеуқұлов Г. Жазықсыз жазаланған тұлғалар. -Ташкент, 2000.
Нұрпейісов К., Құлкенов М., Хабижанов Б., Мектепов А., Халел Досмұхамедұлы және оның өмірі мен шығармашылығы – Алматы Санат, 1996

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет