Кіріспе Тілдерді дамыту – әрбір мемлекеттің аса маңызды мәселелерінің бірі. Мемлекеттік тіл – Қазақстан Республикасы аумағында тұратын халқтардың рухани, мәдени бірлігінің ұйтқысы болып табылады



Дата06.09.2023
өлшемі34,5 Kb.
#180366
Байланысты:
Кіріспе
Листериоз(Трансшекара), Листериоз(Трансшекара), Ба дарламасы (силлабус) ф тарМУ11 1 6-2018 баспа, Кіріспе

Кіріспе
Тілдерді дамыту – әрбір мемлекеттің аса маңызды мәселелерінің бірі. Мемлекеттік тіл – Қазақстан Республикасы аумағында тұратын халқтардың рухани, мәдени бірлігінің ұйтқысы болып табылады.
Мемлекеттік тілде іс жүргізу Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заңның 8-бабындағы «Тілдердің қолданылуы», 10-бабындағы «Құжаттарды жүргізу тілі» негізінде жүзеге асырылады.
Пәннің мақсаты – білім алушыларды ісқағаздарын жүргізу негіздерімен, құжат ресімдеу үлгілерімен таныстыру, қазақша іс қағаздарын жүргізу дағдыларын меңгерту, ұйымдардағы іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру жүйесі жөнінде жалпы түсінік беру. ресми құжат үлгілерімен таныстырып, дайын трафаретті құжаттарды сауатты толтыруға үйрету ресми құжаттарды қазақ тілінде жазуға дағдыландыру, бұқаралық ақпарат құралдарының құжаттарымен, дипломатиялық құжат үлгілерімен таныстыру, дипломатиялық терминдердің лексикалық мағынасын түсіндіру, меңгерту, байыту көзделеді.
Пәннің негізгі міндеті:
1) Іс қағаздарын қазақша жүргізудің алғы шарттарын;
2) Іс қағаздарын жүргізудің дербес ғылым екендігін;
3) Іс қағаздарын жүргізудің тарих, саясаттану,мұрағат ісі, тіл білімі, педогогика сияқты ғылым салаларымен байланысын көрсету
Жалпы ісқағаздарының қоғам өмірінде қолданылмайтын саласы жоқ. Ісқағаздарын жүргізу негіздерін білу тек әр алуан мекемедегі қызметкерлерге ғана емес, әрбір азамат адам үшін де өте маңызды.
Кез-келген ғылым саласы сияқты ісқағаздарын жүргізудің де өзіндік жүйесі, қалыптасқан ережесі, дайындалу тәртібі бар. Ал, мұның басқа нақты ғылым салаларынан ерекшелігі оның әмбебаптық сипатында.
Ісқағаздарын оқыту барысында білім алушылар құжаттардың негізгі түрлерін мақсаты мен мазмұнына, жасалған орнына, жасалу сатысына, қызметіне, формасына т.б. ерекшеліктері қарастырылды.
Білім алушылар құжат түрлерін тез меңгеруіне, олардың жалпы ісқағаздары ішіндегі орнын ажырата білуіне, әрқайсысының ерекшеліктерін сапалы түсінуіне және сауатты толтыруына оң ықпал етеді.
Корреспонденция дегеніміз – кәсіпорындарда құрастырылған құжаттар.
Құжаттау дегеніміз – кез келген мекеменің қызметін, әрекетін көрсететін құжаттарды жасау, толтыру. Бұған дайын құжаттармен жұмыс, мекеме ішінде дайындалған құжаттармен жұмыс, сырттан келген құжаттармен жұмыс, сондай-ақ оларды қабылдау, тіркеу, ол бойынша жұмыс істеу, орындалуын бақылау, құжаттарды қолдануға дайындау, мұрағатқа дайындап өткізу сияқты толып жатқан жұмыстар кіреді.
Ісжүргізу дегеніміз – құжаттарды құрастыру,оны тіркеу,толтыру,есепке алу және сақтау жұмыстарының жиынтығы.
Іс жүргізу жай және шапшан болу керек. Мекемедегі құжаттарды негізгі үш топқа бөлуге болады.Олар келіп түскен құжаттар (кіріс), шығыс құжаттар және ішкі құжаттар.
Ісқағаздарының қызметтері:

  • жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттеуші

  • жеке адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеуші;

  • әр түрлі мекеме, ұйымдардың өзара байланысын реттеуші;

  • мекеме, ұйым жұмысын ұйымдастыру тәртібін негіздеуші;

  • жеке адам мен қоғам өміріне қатысты оқиғаларды айғақтаушы;

  • мемлекеттік басқару ісін жүйелеуші;

  • тарихи құбылыстарды зерттеудің қайнар көзі;

  • мекеме мен ұйымның атқарған істерінің көрсеткіші;

  • мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші. 



Ісқағаздарының сипаттары: 

  • саяси (мемлекетішілік, мемлекетаралық, халықаралық қатынастарда);

  • әлеуметтік ( қоғамдық-әлеуметтік қатынастарда);

  • ұйымдастырушылық ( басқару қызметі жүйесінде);

  • құқықтық (заңдық және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарда);

  • тарихи ( әр дәуірдің, қоғамдық сатының өзіндік ерекшеліктеріне сай қатынастарда).

  • ресмилік ( міндетті түрде заңдық тұрғыда тіркелуінде). 



Ісқағаздарын төмендегідей ғылымдар арнайы зерттейді:

    • тілтану (Лингвистика), стилистика, педагогика, тарих, мұрағат ісі, саясаттану


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет