Кіріспе Волейбол ойыны


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



бет3/5
Дата01.03.2022
өлшемі0,5 Mb.
#133734
1   2   3   4   5
Байланысты:
воллейбол (копия) (копия)
Еңбек нарығы реферат, түймешенің қызметі
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................

60

Мазмұны

Кіріспе
Спорт және қимыл ойындары – дене тәрбиесінің сезімталдыққа негізделген тәсілі, олар денсаулықты сақтауға және нығайтуға өте тиімді. Сірә, спорт ойындарының ең қолайлы, кең тараған түрі волейбол болса керек. Енді осы ойынның адам организіміне әсері туралы қысқаша тоқталайық. Ойын тактикасының қарапайымдылығы және доп үшін тікелей тартыстың жоқтығы волейболдың көпшіліктің жаппай айналысуына жол ашты. Ал волейболшылардың организіміне түсетін салмақ мөлшері орташа деңгейде. Денеге аса күшті әсер ететін қимыл – жүгіру мұнда аз қолданылады. Волейьол ойнау реакциясы жылдамдығын, ептілікті, төзімділікті қалыптастыруға көмектеседі, тыныс, жүрек, тамыр, бұлшық ет жүйелерін нығайтады, ой шаршауынан арылады, жалпы алғанда организімге игі әсер етеді, волейбол адамды коллективтік қимылға, жеке бас мүддесінің команда мүддесіне бағындыра білуге, тәртіпті болуға, өзгелерге дер кезінде көмекке келуге үйретеді.


Дәрігерлер мен дене шынықтыру, спорт мамандарының бірауызды пікірінше, волейболдың емдеу-сауықтыру мүмкіндіктері орасан зор.
Сондықтан да осынау тамаша ойын әрбір мекеме, жоғары оқу орны, мектеп, демалыс орны, тұрғын жайда берік орын алса, нұр үстіне нұр болар еді.
Қазіргі жеткіншектерді үйлесімді дамыту мақсатында пайдаланатын денеге тән қасиеттер тәрбиелеудің көптеген түрлерінің арасында ойын жетекші орынға ие. Сол себепті қимылды ойындарды ұйымдастыру тәсілдеріне бұл құралда толығырақ назар аударылады.
Оқушылардың анатомиялық-физиологиялық және психологиялық, сонымен бірге жас еркшеліктерін ескермей, оларға дене тәрбиесін жүргізу мұғалімнің жұмысына қиындықтар келтірмек. Сондықтан да осы мәселеге де назар аудара кеткенді жөн көрдік.
Бұл ойынның пайда болғанына да баскетбол сияқты 100 жылдай уақыт өтті. Волейбол бүкіл дүние жүзіне тез әрі кең тарады. Ол спорттың қызықты және қолайлы түрлерінің бірі болып есептеледі. Бұл ойынның кең таралуына ережесінің қарапайымдығы, орындалатын қимыл-қозғалыстардың күрделі еместігі, сонымен бірге волейболды кез-келген жастағы адам ойнай алатындығы себеп болды. Ойын бұлшық еттердің барлық топтарының секіргіштік, икемділік және қозғалыс реттілігінің үйлесімді дамуына көмектеседі.
Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру т.б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болмасын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Айталық, шабуылдау кезінде допты қарсыласының алаңға дәл түсіру, болмаса допты әріптесіне дәл бере білу, допты қарсыласының алаңына алдап тастау . Демек адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бір түрі.
Мектептерде жаппай кең тараған ойындардың бірі – волейбол. Оқу барысында волейбол кейде жалпы жамыту дайындығы материалдық базасына сәйкес, спорт ойындарының бірі ретіндегі міндеті пән ретінде үйретіледі. Волейбол – командалық ойын, әр ойыншы өзінің қарсыласының іс-әрекетіне байланысты қозғалыс қимылдарын жасайды. Волейбол тарауы бойынша оқушылардың теориялық ақпараттар алуына, тактиканың және техниканың негізгі әдістері мен тәсілдерін үйренуіне, өздерінің мүмкіншілігіне сәйкес жаттығуына, екі жақты ойын кезінде үйренген дағдыларын жетілдіруіне мүмкіншілігі бар. Дене тәрбиесінде волейбол ойынының кең көлемде таралуы оның әр түрлі жаттығуларға ыңғайлылығымен, жастардың демалыстарын дұрыс ұйымдастыруымен, денсаулықты және дене тәрбиесін жетілдірудегі жан-жақтылығымен, ойын ережесінің қарапайымдылығымен, керекті құралдардың және алаңның күрделі еместігімен түсіндіріледі. Ойын жағдайы жаттығушыларды жалпы мақсатқа жету үшін өзінің ойын кезіндегі іс-қимылын ұжымының мақсатына бағындыруға, жағдайға байланысты өзінің бар мүмкіншілігімен әрекет етуге, спорттық сайыс кезінде қиындықты жеңе білуге, ойын барысындағы шиеленіскен жағдайда дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелейді. Спорт ойыншыларды тек спорттың түрін меңгеруге ғана емес сонымен қатар олардың жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі де өте зор.
Денсаулықты сақтау факторларының қатарына дене тәрбиесі жетекші рөл атқарады. Дене тәрбиесімен шұғылданушылардың, онымен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда, қара жұмыс және ақыл-ой еңбегін атқара алатын мүмкіндіктері жоғары дәрежеде ұзақ сақталады. Қимыл-қозғалыс белсенділігінің төмендігі денсаулыққа зиянды әсер етеді. Бірінші кезекте ол жүрек-қан тамырлары ауруына, зат алмасудың бұзылуына себеп болады.
Дене жаттығулары қан тамырларындағы атеросклероздық өзгерістердің алдын алады, жүректің ишемиялық ауруының қаупін азайтады. 
Дене жаттығуларын жасау барысында организмнің ішкі ортасында пайда болатын өзгерістерге төтеп бергіштік – жаттыққан организмнің ерекше қасиеті. Сонымен қатар, дене жаттығулары адамның сыртқы ортаның зиянды факторларына да беріктігін арттырады. Спортпен жүйелі шұғылданатын балалардың денсаулығы мықты, суық тигеннен болатын ауруларының жиілігі төмен.
Мектеп тіршілігі жағдайларында, қалыпты дене дамуы мен денсаулыққа қажетті қимыл-қозғалысқа деген табиғи мұқтаждық шектелген. Дене тәрбиесі мұғалімінің, спорт мектебі бапкерінің назарында дене жаттығуларының сауықтырушы рөлі бірінші кезекте болуы керек. Күнделіктегі кимыл-қозғалыс белсенділігін денсаулық резервтерін жинақтайтын табиғи негіз ретінде қарастырған жөн. Қоғамның қазіргі даму кезеңінде, жастарды сауықтырушы тиімді құралдардың бірі спорт болып келеді. Спорт-жоғары дәрежедегі тәртіптендіруші фактор. Бұл табиғи қызу, жүйелі бұлшық ет жұмысы кездерінде организмнің ішкі қажеттілігінен туындаған тәртіп.
Ол артықшылықтармен күресетін қатал режимді бұзуға қарсы тәртіп.
Ерікті қимылдарға үйрету адамның ерікті қимыл-қозғалыс әрекеттері 
Ерікті қимыл туралы ілімнің дамуы. Адам қимыл-қозғалыстарын ерікті және еріксіз деп шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Спорттық жаттығулар құрамына кіретін ерікті қимыл-қозғалыстар , негізінен, сананың бақылауымен орындалады. Еріксіз қимылдар сананың қатысуынсыз немесе пайымдаусыз басқарылады.
Спорт тәжірибесінде кездесетін ерікті қимыл-қозғалыстардың қарапайым формаларынан бастап өте күрделі түрлеріне дейін - жалпы физиологиялық табиғаты ондаған жылдар бойы зерттелген. Бұл ғылым қазіргі заманда да толықтырылып, дамудың үстінде.
Волейбол - спорттың кең тараған ойындардың бір түрі. Тіпті, су бойында жағажайда да жарыстар өткізіледі. Бүгінде волейболдан әлем және құрлық біріншілігі өткізіліп тұрады.
Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру, т.б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын, бәрі ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Волейбол ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлікті арттырады. Бүгінгі волейбол ойынының даму деңгейі өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетті деуге болады. Себебі, ойынның бүгінгідей даму жылдамдығы бұрын-соңды болып көрген жоқ. Ойыншының қозғалысы, жүгіру жылдамдығы, секіруі, лақтыруы, кілт тоқтауы, міне мұның барлығы жалпы ойынның жылдамдығын, ойыншылардың дайындың деңгейін көрсетеді. Волейбол, спорт ойындарының бір түрі ретінде барлық оқу орындарының бағдарламасына кіреді. Арнаулы оқу орындарының студенттері бұл кезеңде волейбол ойынын ойнап, белгілі бір деңгейде дайындықпен келеді деп есептеледі. Сондықтан, бұл оқушылар оқу процесінде ойынның негізгі айла-тәсілдерімен таныс, ойын жүйесін біледі, жарысқа да қатыса алады [1].
Ең бастысы жастарда айналысатын жұмыстары болады ол мысалы волейбол және басқада спорттық ойындар. Волейбол бұл біріншіден командалық, ұжымдық ойын . Және де адам денсаулығы үшін пайдалы. Менің мақсатым жастарға, оқушыларға тәрбиемен қатар волейбол ойынының қыр –сырын, әдіс-тәсілдерін үйрету. Мен дене шынықтыру пәннің мұғалімі болғандықтан ол менің міндетім, денсаулығы мықты, ой интелектісі жоғары алғыр жас ұрпақты тәрбиелеу. Бұлар оқушылардың ұжымдық сезімін; тез зейін қоюы мен шапшаң ойлауын, шешім қабылдағыштығын және өзінше қимылдар жасай білу дағдысын қалыптастырады. Дипломдық жұмыстың өзектілігі волейбол ойыны қазіргі таңда кең тараған және өте танымал ойындардың бірі. Сондықтан бұл оқу-әдістемелік құралы кез келген спортшылар мен волейбол ойынын үйренемдеушілерге әсіресе оқушылар үшін өте қажет құрал деп сенемін. Дипломдық жұмыстың мақсаты оқушыларға, спортшыларға және жай ғана волейбол ойынын ойнаймын және үйренемін деген адамдар үшін арнайы оқу-әдістемелік кешен құрсатыру болып табылады. Бұл оқыту курсын оқытудың міндеттері – волейбол ойынының қыр-сырын меңгеру, ойынның әдіс-тәсілдерін спортшылар мен оқушыларға үйрету. Сонымен қатар ойыншыларға дұрыс тәрбие көрсету. Ойынға деген адамдардың қызығушылығын арттыру; курсты өту кезінде алған теориялық білімді , қарапайым өмірде практикалық қолдануға мүмкіндіктерін арттыру; Дипломдық жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері. Диплом жұмысының тақырыбы волейболшының техникалық-тактикалық әректеттерін оқыту курсы болғандықтан, қарастырылған материалдар мен жұмыстар зерттеудің әдіснамалық негізі болып табылады. Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспе, Негізгі бөлім 3 тараудан, тараушадан, қорытындыдан және пайдаланған дерек көздерінен тұрады.

1 Волейбол ойыны



    1. Волейбол ойынынң тарихы

Волейбол ((, volley — «қалқып ұру», ball — «доп») ) — ойын спорты. 1995 жылы әлемдік спорт шеберлері волейболдың 100 жылдық мерейтойын тойлады. Бұл ойынның ресми күні 1895 жыл деп есептелінеді. АҚШ-тың Массачусетс штатындағы белгілі Гелиокс колледжінде дене шынықтыру пәнінен сабақ берген американдық азамат Уильям Дж. 1897 жылы волейболдың 10 шартын ұсынған. Оның басты қағидалары төмендегідей:



  • Алаңның ауқымы белгіленуі тиіс.

  • Алаң аумағы: 25х50 фут (7,6х15,1 м).

  • Себеттің көлемі 2х27 фут (0,61х8,2 м).

  • Биіктігі: 6,5 фут (198 см).

  • Доп резіңке теріден жасалуы керек. Оның салмағы — 340 г.

Уильям Дж. Морган бұл ойынды «МИНТОНЕТ» деп атаған екен. Негізінен волейболдың тарихы он тоғызыншы ғасырдан бастау алады. Кейбір ақпараттарға сүйенсек, Еуропа, Орталық және Оңтүстік Америка халықтары осы тектес ойынды мыңдаған жыл бұрын ермекке айналдырған көрінеді. Ежелгі Рим жылнамаларында да б.э. д III ғасырда волейбол сынды фаустбол ойын түрі ұйымдастырылып тұрған. Олар әр командада 3-6 ойыншыдан бөлініп, допты аласа қабырғадан лақтыруға тырысқан. Фаустбол ойыны әсіресе, Еуропа халықтарына кеңінен танылған. Ойын 15 минуттан 2 таймға созылған. Десе де, волейболдың ресми күні 1895 жыл деп белгіленді. Оны алғаш ойлап тапқан- У. Дж. Морган. Арада бір жыл өткен соң, яғни 1896 жылы «минтонет» ойыны Спрингфилде ( АҚШ, Массачусетс штаты) Христиан Жастар Одағының конференциясында назарға ұсынылды. Аталмыш одақ волейболдың бастамашылары бола білді. Кейіннен тас қамалдан емес, арнайы тордан допты лақтыру мүмкіндігі пайда болған кезде профессор Альфред Хальстед «минтонетті» «волейбол» атауымен алмастыру қажет деп мәлімдеме жасады. 1897 жылы Христиан жастары қауымдастығы волейболдың ресми шарттарын айқындап, арнайы анықтама ретінде шағын кітапша басып шығарды [2].
1900 жылы волейбол танымалдығы жағынан АҚШ-тың шеңберінен шығып, әлемнің өзге елдеріне таныла бастады. Ойынға алғашында Канада, кейін Үндістан және Азия елдерін қызығушылық танытқан. 1905 жылы Куба, 1906 жылы Қытай, 1908 жылы Жапонияда волейбол құрамалары құрылды. 1909 жылдан бастап Пуэрто-Рикода бұқаралық ақпарат құралдырында волейбол матчынан репортаждар беріледі бастады. Мысалы, 1910 жылы Перу мен Филиппинде, 1912 жылы Уругуайда, 1914 жылы Англияда, 1917 жылы Мексика мен Францияда, 1918 жылы Италияда, 1919 жылы Чехословакияда, 1923 жылы Африка құрлығындағы Мысыр, Тунис, Марокко, ал 1924 жылы Испания мен Югославияда, 1925 жылы Голландияда Жастар Христиан Қауымдастығының бастамасымен арнайы командалар пайда болды.
1900 жылы Американың «Spalding» фирмасы алғашқы волейболдық доп жасап шығарды. Бүгінде ресми жарыстарда допты дайындауды жапондық «Mikasa» корпорациясы мен ағылшындық «Molten» «Wilson» фирмасы жауапкершілікке алып отыр. 1900 жылы ойынның алғашқы ресми 12 ережесі қарастырылған. Оның ресми регламенті 20 жылдары қолданысқа енді. Сол кезде биресми халықаралық турнирлер өтіп тұрған болатын. 1913 жылы 16 ерлер командасымен Азия ойындары өтті. Оған Қытай мен Филиппин қатысты.
1913 жылы Манилда Қиыр Шығыс елдерінің ойын бағдарламаларына волейбол енгізілді. І-дүниежүзілік соғысқа дейін американдық әскерилер волейболды уақытты тиімді өткізудің бір әдісі ретінде ойнаған.
1921 жылы Қиыр Шығыста өткен чемпионат Азия мен Жапонияда ерлер командалары арасында өткен алғашқы жоғары дәрежеде көрсетілді.
Ал, 1922 жылы Канада мен АҚШ-та Христиан Жастар Қауымдастығы жетекшілерінің қолдауымен волейболдан алғашқы ойын өткізілді.
Осы жылы Чехословакияда ерлер құрамасы арасында ұлттық чемпионат ұйымдастырылды. 1929 жылы Орталық Америкадағы олимпиадалық ұлттық комитет ерлер волейбол құрамасын Кубада өтетін олимпиадалық аймақтық ойындар тізіміне қосты. Осы жылы АҚШ пен Польшада алғашқы ұлттық чемпионат өтті. Сонымен қатар біріншілік ойындары Еуропада, нақтырақ айтсақ, Англия, АҚШ, Франция мен Польша командалары өзара бәсекелесті.Бірте-бірте волейбол халықаралық дәрежеге жетті. 1922 жылы АҚШ-та волейболды олимпиада ойындарына қосу туралы ұсыныс жасалды. 1932 жылы әйелдерден құралған волейбол командасы Сальвадорда өткен аймақтық олимпиада жарысында өнер көрсетті.Ал, 1936 жылы Стокгольмда гандболдан халықаралық федерация мен Польша өкілдігі волейболды гандболдың бір түрі ретінде санау керектігі туралы бастама көтерген. Сол кезде Еуропадан 13, Америка елдерінен 5 және Азия мемлекеттерінен 4 елден арнайы комиссия құрылды. 1936 жылы волейболдан халықаралық федерацияның қолдауымен жарыстар өткізіліп тұрды. Алайда, Берлинде өтуі тиіс олимпидалық ойын екінші дүниежүзілік соғыс салдарынан үзіліс жасады. Әскери іс-қимыл аяқталған кезде, 1944 пен 1946 жылдары волейболдан әлем чемпионаты Бразилияда өткізілді. 1947 жылдың 18 мен 20 сәуір аралығында Парижде 14 елдің қатысуымен (Белгия, Бразилия, Мажарстан, Голландия, Мысыр, Италия, Польша, Португалия, Румыния, АҚШ, Уругуай, Франция, Чехословакия және Югославия) Federation Internationale de Volleyball (FIVB — ФИВБ) Халықаралық волейбол федерациясы құрылды. Бұл волейболдың халықаралық деңгейде беделін арттыруға көп септігін тигізді.80 жылдары ФИВБ-ға мүше болған елдер қатарын 156-ға өсті. Волейбол біртіндеп американдықтардың сүйікті ойынына айнала бастады. Оны балалар мен жастар, орта жастағы еркектер мен мырзалар, жас және жасамыс әйелдер ойнай бастады. Бәсекелес ойын кезінде жас шағынан шектеу болған жоқ. Фермерлердің балалары ікелерімен, қыздар әжелерімен ойнай беретін. Оның ешбір сөкеттігі де болған жоқ. Ойынның ережесі де тым қарапайым болатын, әйтеуір допты жерге түсірмеу керек.
1987 жылы жоғары да айтылған тақырыптар Уильямс Морган ойын ережесін енгізуді ұсынды. Ол кездегі ереже бүгінгі ге мүлде ұқсамайтын. Алаңның көлемі 7,6х15,1 метр, тордың биіктігі 198 см. Еді. Доптың салмағы 340 грамм болатын. Екі жақтың да ойыншылар санына шек қойылмайтын. Сондықтан да олар бір-бірінің аяқтарын басып, допты бірінші болып соғамын деп соқтығысып қалып жататын.
Волейболдың дамуының бірінші кезеңі 1895-1920 жылдар. Бұл кезде ойын көрермендер алдында өткізіліп командаға біріккен ойыншылар өзге спорт түрлеріндегідей формалар киіп шығатын. Таусылмайтын таласты, тіпті тым қызбалау техастықтар арасында жиы болатын жанжалдарды болдырмау үшін Морган алаңның орта тұсына бір бүйірден орындық қойып, соған төрешіні отырғызуды ұсынды. Төрешінің пікірі ойыншылар үшін бұлжымас заң болды.
Кешікпей волейболды Орталық және Оңтүстік Америкада, Куба, Перу, Бразилия, Урагвай және Мексика елдерінде ойнай бастады. 900-ші жылдың басында волейболдан Азияда Жапондар мен Қытайлықтар танысты.
Европаға волейбол 1914-1917 жылдары келді. Әсіресе оны Чехия мен Словакия ұнатты.
1922 жылы Бруклинде жаңа әрі қызықты ойынның көптеген жанкүйерлерін жинаған волейболдан алғашқы ресми жарыс өтті.
Осыдан кейін американдықтар волейболды VIII Олимпиада ойындарының программасына енгізуді сұрады. Бырақ қатысатын елдердің саны жеткіліксіз болғандықтан халықаралық олимпиадалық комитет оны қабылдамады.
Соған қарамастан волейболдың қанаты қатая берді. Европа мен Американың көптеген елдерінде ол жетілдіріп, ережелері нақтылана түсті. Командаға ойыншылар саны алты адаммен шектеліп, алаң көлемі 9,1х18,2 м. ұлғайды. Тор 243 см. биіктікке орнатылып, допты үш рет қана кідіріссіз соғуға рұқсат берілетін болды. Ұпай саны 15-ке дейін есептелді 14:14 екі ұпай артық болуы керек есептелді. Матч үш партиядан тұрып, жеңімпаз атану үшін оның екеуін ұту белгіленді. Ғасырымыздың 30-шы жылдыры волейбол ең көп тараған ойын болды. Оның техникасы мен тактикасы да осы кезде дамыды. Толық тосқауылға қарсы тордың шет жағынан соғу, допты жоғарыға көтеріп барып соғу тәсілдері пайда болды. Ойын барынша коллективтік сипатқа ие болып, әрбір ойыншының міндеттері айқындалды [3].
1934 жылы волейбол жөніндегі бірінші халақаралық комиссия құрылып оған Европадан 13, Америкадан 15, Азиядан 4 елдің өкілдері енді.
1947 жылы Парижде халықаралық волейбол федерациясы құрылып көп жылдар бойы оның председателі Поль Либо болды.
1948 жылы Римде елдер командалары араснда Европаның бірінші чемпионаты өткізілді. Ерлер үшін әлемдік, әйелдер үшін Европалық біріншілік 1949 жылы Прагада өткізілді. Осы жолы чемпиондық атақты совет волейболшылыры жеңіп алды.
Волейбол 50-ші жылдары да қарыштап дамыды. Сол жылдары әлемнің, Европаның, Азияның біріншіліктері, панамерикалық ойындар өткізілді. 1964 жылы ақыры волейбол Жапонияның астанасы Токиода өткен Олимпиада оыйндарының программасына енгізілді. Біздің елімізде волейбол Октябрь революциясынан кейін дамыды. Ол алғаш рет1923 жылы «азаматты правосын» алды. 1925-ші жылы Москва физкультура советінің спорттық ойындар секциясы өзінің алғашқы ережесін бекітті. Сол кездерден бастап жарыстар жүйелі өткізіле бастады.

    1. Қазақстандағы волейбол

Қазақстанда алғашқы жарыс 1926 жылы Қызылордада ұйымдастырылды. Қазақстан волейболы 20 ғасырдың 60-жылдары жақсы дамыды. Ол спорт шебері, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Октябрь Жарылғаповтың есіміне тікелей байланысты. Оның құрған «Буревестник» ерлер командасы 1969 жылы КСРО-ның, 1970 – 71 жылы Еуропа чемпиондарының кубогін жеңіп алды. Қазақстанда тәрбиеленген Валерий Кравченко, Олег Антропов, Надежда Смолеева 1968 жылы Мексикада өткен 19-Олимпиялық ойындардың, 1969 жылы Жәнібек Саурамбаев Еуропаның чемпионы атанды. Мұндай табысқа 1988 жылы Сеулдегі 26-Олимпиялық ойындарда Ольга Кривошеева, Елена Чебукина, Татьяна Меньшовалар жетті. Алматының АДК әйелдер волейбол командасы 1984 жылы КСРО-ның чемпионы атанды. Волейболшылардың халықаралық одағы 1924 жылы құрылған; 1992 жылдан осы одаққа Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясы мүше. Волейбол ойыны қазіргі таңда Қазақстанда карыштап дамып келе жатқан спорттың бір түрі .
Волейбол ойыны қазақ жеріне 1929 жылдан бері белгілі. Бірақ сол кездегі ойын қазіргі бізге үйреншікті воллейболдан қатты ерекшеленетін, ойыншылар әйтеуір допты бір-біріне беріп, қарсыластың алаң бөлігіне жеткізсе болды, ойын мәресіне жететін. 1929 жылы қыркүйек айында республикалық дене тәрбиесінің ұйғарымы бойынша спорт ойындарынан жарыс өткізілген. Воллейбол да назардан тыс қалмады. Сол уақытта Бішкек пен Алматы қалаларының арасында жолдастық кездесулер ұйымдастырылып, еліміздегі воллейболдың дамуы жаңа қадам басты. Мұндай кездесулер мемлекеттің қолдауымен қатарынан бірнеше рет ұйымдастырылған. Қалааралық кездесулердің бірінде Шымкент пен Алматының командалары жарыс алаңына шығып, өнерлерін көрсетті. Нәтижесінде 15:17 және 15:6 есебімен біздің ОҚО воллейболшылары жеңіске жеткен [4].
1933 жылдың 30 қыркүйек пен 6 қазан аралығында елімізде 2 республикалық спартакиада ұйымдастырылып, бұл жарыстың бағдарламасына да воллейбол ойыны кірді. Бұл дүбірлі додада «СКИФ» чемпиондық тұғырдан көрінсе, алматылық «Авангард» екінші орынды қанағат тұтты. Қола медаль «Медик» командасының қоржынына салынды. 1954 жылдан бастап республикада ведомствоаралық жарыстар өткізіліп, бұл додаларда «Б» ерікті спорт қоғамының командасы үздік өнер көрсетіп, қарсыластарын тізе бүктірген. Кейін келе бұл команда «А» класстағы топқа өткен. Осы команда 1963 жылы елімізде өткен 3 спартакиадаға қатысып, Әзірбайжан, Эстония, Беларуссия құрамаларын тізе бүктірсе, Украина тобынан жеңіліс тапты. Ақтық сында құрамамыз Ленинград құрамасын 3-1 есебімен жеңсе, грузин командасы мен мәскеулік воллейболшылардан жеңіліс тапты. Осы жолы командамыздың бағы жанбай, тек 5 орынды қанағат тұтты. 1969 жылы Алматының «Б» командасы еліміздің кәсіподақтарының біріншілігінде жеңімпаз атанды. Екі жылдан кейін біздің команда Еуропа кубогінде керемет ойын көрсетіп, чемпион атанды.Осы табыстардан кейін алматылық воллейболшылар Кравченко мен Антропов КСРО-ның құрама командасына қабылданып, Мехикодағы олимпиада ойындарынан алтын медальмен елге оралған. Біздің әйелдер құрамасында өнер көрсеткен Смолеева алтыннан алқа таққан.
Тәуелсіздік алған соң, воллейбол клубтары құрылып, ҚР чемпионаттары мен түрлі жарыстар ұйымдастырыла бастады. Бұған қоса, елімізде жыл сайын Президент жүлдесі үшін турнирлер өткізіліп келеді. Осы жарыстар воллейболшыларымыздың шеберліктерін шыңдауға үлес қосуда [5].
«Буревестник» - 1957 жылы құрылған Алматы воллейбол клубы. КСРО біріншіліктері мен халықаралық ареналарда жасындай жарқылдап көрінген клуб. Команданың нағыз жұлдызды шағы 1966 жылы бастау алып 1971 жылға дейін созылды. Осы аралықта ол 2 дүркін Еуропа чемпиондары Кубогын жеңіп алып, 1 рет КСРО чемпионы атанды. Бұлардан бөлек, Одақ біріншілігінде 2 мәртеден күміс және қола медальдарға қол жеткізді. Қола медальдың біреуі чемпионатпен қатар Спартакиаданың да жүлдесі саналды.
Қазақ республикасының волейболының Одақ аренасында алғаш көрінуі 1956 жылмен тұспа-тұс келеді. Осы жылы Мәскеуде КСРО халықтарының жазғы I Спартакиадасы ұйымдастырылып, оның бағдарламасы аясында волейбол турнирі де өткізілді. Сол сынақта Мәскеу және Ленинград қалалары ұжымдарымен бірге күш сынасқан одақтас республикалар командалары қатарында Қазақстан құрамасы да болды. Ол кезде одақтастар құрамында Карело-Фин республикасы да бар еді, сонымен олардың жиынтығы 16 болатын, осылардың бәрі қосыла келгенде, турнир 18 команданың басын топтастырды. Бұлар алғашқы іріктеу сайысында үш шағын топқа бөлініп ойнады. Соның «В» тобына түскен Қазақстан командасы бес ойынында да ұтылып, 6 құраманың ең соңында қалды. Бірақ жаңа құрылған жас команда өзінің жігерлі ойынымен ерекше есте қалды. Соның әсері болса керек, сол құрама сапында жаттықтырушы-ойыншы болып ойнаған Борис Дмитриев пен ойыншы ретінде өнер көрсеткен Октябрь Жарылғапов келесі, 1957 жылы осы команданың негізінде жаңа команда жасақтады. Ол жарысқа студенттердің «Буревестник» спорт қоғамы атынан түсетін болғандықтан, осы қоғамның атымен аталды. Осылайша алып мұхиттың көгінде самғайтын дауылпаз құстың атын иемденген жаңа ұжым салған беттен мүмкін болған барлық биіктерді бағындыруға құмбыл бет алды. Ол республика біріншілігіне қатысқан осы бірінші жылының өзінде-ақ қарсыластарының бәрін бет қаратпай жеңіп, чемпион атанды.
Осының арқасында «Буревестник» 1958 жылы КСРО чемпионатының «Б» тобында ойнау құрметіне ие болды. Бұл додада да жақсы өнер көрсетіп, біріншілік мәресінде 6 сатыға орналасты. Ол 1959 жылы «Б» тобында екінші болса, КСРО халықтарының жазғы II Спартакиадасында 9 орынға табан тіреді. Ал 1960 жылғы маусым қорытындысында команда «А» класына жолдама алды. Бір айта кететін жағдай, жасақтың төменгі лигада ойнағанына қарамастан, оның лидері Октябрь Жарылғапов осы жылы КСРО-ның 24 үздік волейболшысы қатарынан орын алды. 1961 жылдан кеңес волейболы ең жоғары эшалонында ойнауға кіріскен ұжым беташар маусымында 16 команданың арасында 13 орынды қанағат тұтты. Аталмыш XXV чемпионат қорытындысы бойынша команданың Октябрь Жарылғапов, Заңғар Жәркешев, Жанбек Сауранбаев, Валерий Кассин, Евгений Акунов, Евгений Пресняков, Владимир Дьяков, Жұмаш Махмутов, Леонид Щербаков сынды ойыншылары спорттың бұл түрінен республикада ең алғашқы болып «КСРО спорт шебері» атағына ие болды. Дауылпаздар командасы келесі, 1961-1962 жылғы XXV чемпионатта да 13 орынға жайғасты. Бірақ бұл жолы жоғары эшалонда 24 команда күш сынасқан еді. Бұдан кейінгі 1963 жылғы чемпионат тағы да КСРО халықтарының жазғы III Спартакиадасы аясында өтті. Осы жылы құрамына Валерий Кравченко, Геннадий Гончаров сынды талантты ойыншылар қосылған Алматының «Буревестнигі» бұрынғыдан да күшейе түсті. Оны жоғарыдағы аламан жарыс анық байқатты. Сол бәсірелі бәсекеде Грузия, Украина республикалары құрамаларымен бірдей ұпай жинаған қазақстандықтар партиялар айырмашылығы жөнінен ғана бұл қарсыластарын алға жіберіп, өзі 5 орыннан тұрақ түзді. Міне, бұл алматылықтардың болашақтағы үлкен табыстарына бастайтын бастапқы соқпағы еді [6].
Бір қызығы, 1964 жылы чемпионат мүлдем өтпей қалды. Мұны Одақ федерация басшылары ұлттық құраманы алдағы Токио Олимпиадасында бағдарламаға алғаш рет енгелі отырған волейбол турниріне жан-жақты дайындалу керектігімен түсіндірді. Оның есесіне, бұл жылы да 24 үздік волейболшының тізімі түзіліп, оның құрамынан «Буревестниктің» осы кездегі лидері Жанбек Сауранбаев табылды. 1961 жылдан КСРО-ның жастар құрамасының белді мүшесі болып келе жатқан аса дарынды волейболшының ел ұлттық командасы сапына алынуы республика волейболы үшін үлкен жеңіс болды. Ол құрама құрамында ол әлем және Еуропа біріншіліктеріне де, Бүкіләлемдік жазғы Универсиада мен Әлем кубогы үшін жарысқа да қатысып қайтты. Ол тіпті соңғы сәттерге дейін Токио Олимпиялық ойындарына қатысатын 12 ойыншының арасында 7-8 қатардағы үміткер саналып тұрды. Бірақ, жеме-жемге келгенде, тізімнен сызылып кетті. Соңғы мезеттерде олимпиядалық құраманың сапына бұрын ешқашан негізгі ойыншы саналмаған және бұған пәлендей еңбегі де сіңбеген ресейлік үш волейболшы еніп кетті де, бұдан басқа тағы екі таланттың бағын байлады. Кейін белгілі болғанындай, бұл бүкіл Ойындар бойына запаста отырған олардың бапкерлеріне «КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағын алып беру үшін жасалған қитұрқы тірлік болып шықты. Ал Жанбектің құрамаға кірмей қалуына негізінен екі түрлі нәрсе себепкерлік еткен тәрізді. Біріншіден, Мәскеуде отырған волейболдың орыстық-шовинистік жетекшілері құрама сапында азиялық спортшының болғанын қаламаған. Екіншіден, бұл осының алдында ғана Мәскеудің ЦСКА-сына ауысуға келіспеген қазақ волейболшысын жазалау үшін жасалған. Шынында да содан шамалы ғана бұрын кеңес волейболында ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып тұрған «құдіреттерінің» бірі, ЦСКА-ның белді ойыншысы Юрий Чесноков Жанбекті жік-жікпар болып үйіне қонаққа шақырады. Сол кезде құраманың қалған мүшелерінің бәрі Жанбекке қызыға қарайды. Алайда, оның «қызығы» артында болып шықты. Шақырудың да батпандай ауыр салмағы бар екен. Жақсы отырыстың басында-ақ Юра сөзді көп созбай, бұған қалайда ЦСКА-ға ауысып келуді ұсынады. Осы талап орындалған жағдайда Жанбектің алдынан барлық ақ сандық жарқырап ашылмақ. Оның құрамада ұзақ жылдар бойы тапжылмай ойнауы бірден шешіледі. Бұдан бөлек, алуан түрлі дивиденттерге де кепілдік беріледі. Сөздің түйіні осы. Мына ұсыныс Жанбекке сұмдық соққы болып тиді. Үш ұйықтаса да, түсіне кірмеген жәйт. Алайда, туған қаласы мен республикасын жанындай жақсы көретін Сауранбаевқа бұл отаны мен ата-анасын сатып кеткенмен бірдей сезіледі. Сондықтан бұл бас тартудың салқыны қандай болатынын шамалап тұрса да, Алматыдан табан аудармайтынын шегелеп тұрып айтады. Содан бастан Юра Чесноков та бұдан сырт айналады, құрама жаттықтырушыларының да ықыласы суи түскені аңғарылады. Оның ақыры Жапонияда өткелі тұрған Олимпиада құрамасынан шеттеліп қалуға апарып соқтырады. Егер осы жолы Олимпиадаға бара қалғанда, Жанбек Сауранбаевтың сонда КСРО құрамасы жеңіп алған алтын медальды айтарлықтай еңбек сіңіріп алып қайтатыны анық еді. Ал Юрий Чесноковтың ойыншылық мансабын аяқтағаннан кейін көп жылдар бойы КСРО құрамасының бас жаттықтырушы болғаны да белгілі [7].
Екі жылғы үзілістен кейін өткен 1965 жылғы XXVII чемпионатқа да 24 команда жалын қосты. Оның өткізілу формуласы да өзгеріссіз қалды. Ол іріктеу турнирі мен финалдық бөлік деп аталатын екі кезеңнен тұрды. Осының бір турдан тұрған іріктеу кезеңінде командалар төрт-төрттен 6 топқа бөлініп шайқасты. Соның қорытындысымен әр топтан шыққан 2 команда 1-12 орындар үшін айналмалы жүйемен ойнайтын финалдық бөлікті құрады да, қалған 12 команда бір турдан тұратын жұбату турнирін өткізді. Осының ақтық бөлігінде шайқасқан «Буревестник» қорытындыда 8 орын алды. Ал Жанбек Сауранбаев тағы да Одақтың үздік 24 волейболшысы сапынан орын алды. Бірақ ол бұл жолы жалғыз болған жоқ. Осы жылы оның жанында Валерий Астанин, Валерий Кравченко атты командалас әріптестері тұрды.Бұдан кейінгі, 1966 жылғы реттік саны бойынша XXVIII чемпионат сәл өзгерген пішінде өтті. Оған да ерікті спорт қоғамдары мен ведомстволары атынан түскен 24 команда қатысты. Бірақ ұжымдар «А» класының бірінші және екінші топтары деген бөліктерге бөлініп ойнады. Бұлардың бірінші тобын былтырғы біріншіліктің қорытындысында алғашқы 10 орынды алған командалар мен жұбату турнирінде топ бастаған 2 ұжым басты. Алматылықтар, әлбетте, бірінші топтан табылды. Жалпы, бұл топта 5 одақтас республиканың өкілдері болды. Өткен жылғыдан да қарқынды ойнаған олар чемпионаттың мәресін 4-ші болып қиып өтті. Сөйтіп, қола медальға қол созым қалғанда тоқтап қалды. Біздің бұл жерде «қол созым» деуіміздің де шынайы себебі бар. Себебі, «Буревестник» жігіттері бұл жолы екінші және үшінші орын алған Риганың «Радиотехнигі» мен Киевтің «Локомотивінен» небәрі 1 ұпай ғана кем алып, 37 ұпайды қоржынға салған. Алтын медальдың иесі атанған ЦСКА командасында да 41 ұпай ғана болды. Тағы бір қадап айтатыны, «Буревестник» өзінен бір саты жоғарыда жүлделі орындарға орналасқан үш қарсыласының ішінде тек Мәскеудің армияшыларына ғана екі ойында да есе жіберді. Ал ригалықтармен (1:3, 3:2) де, киевтіктермен (1:3, 3:0) ұпай бөлісті. Яғни итжығыс түсті. Тіпті локомотившілерден екі ойын бойынша десі де басым тұрды. Айтқандай, алматылықтар сапында былтыр ғана жарқырап көрінген Валерий Астанин бұл жылы мәскеулік армияшылардың намысын қорғады. Осы жылы он бірінші мәрте КСРО чемпионы атанып отырған әскери клуб маусым басында бұдан басқа одессалық Эдуард Сибиряковпен, мәскеулік «Буревестниктен» Дмитрий Воскобойниковпен күшейіп алды. Ал чемпионат қорытындысында 24 үздіктердің ішіне кіргендердің қатарында жоғарыдағы үштіктен бөлек, Жанбек Сауранбаев, Валерий Кравченко және жаңа жана бастаған жұлдыз – Олег Антропов болды. Шымкент волейболының түлегі болып табылатын ол осы жылы сонымен бірге командалас досы Александр Портноймен бірге КСРО жастар құрамасы сапында сол жылы бірінші рет өткізілген Еуропа чемпионатында алтын медаль алды. Осы жылдың соңына дейін Олег КСРО-ның ересектер құрамасы қатарына да қабылданды. Алматылықтардың бұл жылғы табыстары мұнымен де бітпейді. Алдымен олар Минскіде өткен студенттердің Бүкілодақтық универсиадасында алтын тұғырдан орын сайлады. Содан кейін Чехословакияның астанасы Прага қаласында болған студенттердің құрлық чемпионатында алдарына жан салмады. Бұлардың қабатында В.Кравченко мен О.Антропов КСРО құрамасы сапында Еуропаның чемпионы да болып оралды. Бұрыннан қалыптасып қалған дәстүр бойынша КСРО халықтарының кезекті жазғы IV Спартакиадасы өткен 1967 жылы да волейболдан Одақтың командалық дербес чемпионаты өтпей қалды. Оның орнын осы аламандағы волейбол турнирі толтырды. Сайыс Спартакиада шеңберінде өткеннен кейін бұрын чемпионатқа Мәскеу мен Украинадан қатысып жүрген командалар өз қаласы мен республикасы төңірегіне топтасып, бір құраманы құрады. Ал «Буревестник» тағы да «Қазақстан құрамасы» деген мәртебемен алаңға шықты. Әдеттегідей Мәскеуде өткен бұл жарыс шілденің 12-22 аралығында көрік қыздырды. Оған Мәскеу мен Ленинград қалаларынан, сондай-ақ 15 одақтас республикадан барлығы 17 құрама атсалысты. Олар әдеттегідей іріктеу турнирінің ойындарын өткізді. Осындағы 3 топтың әрбірінің үздік 2 командасынан құралған алтылық келесі кезеңде Спартакиада мен чемпионаттың медальдары үшін таласты. Өзі ойнаған «Б» тобында партия айырмашылығы жағынан әзірбайжандарды алға оздырып алған қазақстандықтар алтаудың айқасына келгенде барын салды. Осындағы 5 ойынның 3-уінде мерейі үстім шыққан олар Спартакиада мен чемпионаттың тарихында тұңғыш рет қола медальға қол жеткізді. Ал бірінші орынды сонау 1956 жылғы Спартакиадан кейін екінші рет Украина құрамасы жеңіп алды. Қазақстандық волейболшылардан қола медаль Олег Антропов, Геннадий Гончаров, Еңсебек Иманғалиев, Валерий Кассий, Александр Кармановский, Валерий Кравченко, Александр Портной, Жанбек Сауранбаев, Виталий Шапран, Вячеслав Шапран секілді тарландардың омырауларына тағылды. Команданы бұл жеңіске аға жаттықтырушы Заңғар Жәркешев пен жаттықтырушы Марат Мәденов жеткізді. Ал жыл соңында дәстүрлі 24 үздіктің құрамына «Буревестниктің» О.Антропов, Г.Гончаров, В.Кравченко және Ж.Сауранбаев секілді ең белді ойыншылары енді [9].

    1. Мини волейбол

Мини волейбол ойынының алңының өлшедмері ені 6 ұзындығы 12 метр болады, 2 метр биіктікте тор тартылады. Бұнда да командалар екіге бөлініп алаңда өз орындарына тұрады. Бір команданың ойыншысы допты іске қосады, ал допты қабылдап алушы команда өз алаңдарында бес рет бір – бірімен пас алмаса алады, ал алтыншы соққымен олар допты тордың арғы бетіне өткізулері тиіс. Дәл осылай екінші команда да істейді. Ойыншылар допты жерге құлағанша дейін ойында ұстайды. Допты құлатып немесе алаңнан асырып жіберген команданың ойыншылары 1 штарафтық ұпай алады. Допты алаңның қай жеріне жақын ойыншы іске қосады. Оны командалас ойыншыға лақтырады. Бір команда 15 штрафтық ұпай алғанда жеңілді деп саналады. Егер алаңда доп бес реттен аз алынса онда ол қате деп саналмайды [10].

2 Волейбол ойынының техникасы мен тактикасы


2.1 Волейбол ойынына қойылатын талаптар
Волейбол арасы тормен бөлінген арнайы алаңда екі команда бәсекеге түсетін спорттық ойын болып табылады. Ойынның мақсаты – қарсыластың алаңына доп түсетіндей етіп оны тордың үстімен бағыттау және қарсыласының осындай әрекетін болдырмау. Бұл үшін команда допқа үш рет қол тигізуге құқылы (және тосқауыл кезінде тағы бір рет қол тигізуге құқылы).
Ойын допты қосумен басталады. Допты ойынға қосушы соғу арқылы допты қарсы жаққа бағыттайды. Ойынның әрбір сәті доп сыртқа шығып кеткенше немесе команда қате жібергенше ойналады.
Команда ойынға қосылған допты қарсыласының алаңына соқса, ол ұпайға ие болады және оның ойыншылары сағат тілі бойынша бір орынға ауысады.
Волейбол ойыны тегіс әрі қатқылдау алаңда өткізіледі. Залда дайындалу (ойнау) барысында артық құралдардың барлығы (орындық, т.б.) алаңнан 3 м-ден кем болмауы және жеткілікті жарық болуы керек.
Ойын алаңының өлшемі 18х9 м тік төртбұрышты құрайды. Барлық сызықтардың ені – 5 м. Ортадағы сызық ойын алаңын әрқайсысының өлшемі 9х9 м болатын екі тең алаңға бөледі. Бұл сызық тордың асты арқылы бір бүйірден екінші бүйірге жүргізілген.
Әрбір алаңда алдыңғы аймақ (зона) ортадағы сызықпен, шабуылдау сызығымен шектелген. Шабуылдау сызығы ортадағы сызық белдеуінен 3 м қашықтықта жүргізіледі.
Допты ойынға қосатын аймақ – бұл жақтау сызығының артындағы ені 9 метрлік аймақ. Ол бүйірдегі ұзындығы 15 см-лік екі қысқа сызықпен шектеледі, олардың әрқайсысы жақтау сызықтан 20 см қашықтықта жүргізіледі. Екі қысқа сызық та допты ойынға қосу аймағына енгізілген. Ойынға қосу аймағы еркін аймақтың соңына дейін (3 м) созылады.
Тор бекітілетін бағандар бүйірдегі сызықтан 0,5–1м қашықтыққа орнатылады (Сурет 1).
Доп илеген жұмсақ теріден жасалған, дөңгелек болуы тиіс. Оның бояуы бір түрден боялған және ашық болуы керек. Көлемі –65–67см, массасы –260 - 280г.
Командада ең көп болғанда 12 ойыншы болады. Волейбол ойнаушыларға мынадай гигиеналық талаптар қойылады: тырнағы өспеген болуы, сондай-ақ сақина, сырғаларын шешуі керек. Ойыншының қажетті киімі болуы қажет. Волейболмен жаттығу, үйрену жекелей, топтық немесе командалық түрде ұйымдастырылады. Жеке жаттығу, көбінесе волейболмен алғаш рет дайындалуды бастағанда, яғни жекелеген техникалық әдістерді үйренуде қолданылады [11].
Топпен және командамен ойнауға мүмкіндік беруі – волейбол ойынының кең көлемде тарауына әсер етіп отыр. Волейбол – командалық, ұжымдық ойын, сол себепті жаттығушылардың ұжымдық қарым-қатынастарын тәрбиелеп қалыптастыруда үлкен маңызға ие [4].


Сурет 1. Волейбол ойынының алаңы
2.2 Волейболшының техникалық-тактикалық әрекеттері
Ойын техникасы шабуыл техникасы (орын ауыстыру, допты ойынға қосу, беру, шабуыл соққысы) мен қорғаныс техникасына (орын ауыстыру, допты қабылдау, тосқауыл) бөлінеді.
Орын ауыстыру. Ойын барысында әр түрлі техникалық әдіс-тәсілдерді орындау үшін – ойыншы алаңда орын ауыстырулар жасайды. Мұндай орын ауыстырулар қорғанысқа және шабуылға байланысты техникалық-тактикалық әдістер жасағанда, өз орнын табу және шешім қабылдау үшін қолданылады. Техникалық-тактикалық мақсаттағы орын ауыстыруларды үйреніп, жетілдіруге қажет болатын жаттығулар:

  • бір орында жүгіруден қашықтыққа жүгіруге ауысу;

  • тізені көтеріп жүгіру;

  • жүгірісті секірумен алмастыру;

  • оң жақ және сол жақ бүйірге қарай жүгіру;

  • арнайы белгіге дейін жай жүгіруді шапшаң жүгіруге алмастыру;

  • допты еденге домалатып жіберіп, қуып жетіп тебу;

  • орын ауыстырудан кейін кез келген бағытқа секіру;

  • кез келген техникалық әдісті қайталау.

Қарсыласымен орындалатын жаттығулар:

  • қашқан серігін қуып жетіп, оған қолды тигізу;

  • допты алаңның ортасына қойып, әріптестер алаңның шетінде допқа арқасын беріп отырады, ысқырық бойынша екеуі де допқа қарай жүгіреді, допты әрқайсысы өзі иеленуге тырысады. Осы ойында доп беруге аса назар аудару қажет, өйткені қазіргі күні доп беру- допты ойынға енгізу құралы ғана емес, сонымен қатар белсенді тойтарыс беру құралы болып есептелінеді. Ғылыми-әдістемелік әдебиетті талдау арқылы төмен деңгейлі волейболистердің жаттығу процесінде орнында және секіріп берілген жоғары тура доп беру нәтижелігін көтеру үшін әртүрлі жағдайлардың жеткіліксіз қолданылғанын куәландырады. Менің жұмысым осы бағытты зерттеуге байланысты, осыған байланысты оның өзектілігін анықтайды.Допты беру техникасын үйрену жаттығулары:

Алаңда тордың жанында тұрып, ойыншы допты төменнен жоғары лақтырып, торды жағалатып береді:
а) әр түрлі бағытта (алға, пртқа, жоғары);
ә) әр түрлі қашықтықта (ұзын, қысқа, қысқартылған);
б) әр түрлі биіктікте (биік, орташа, төмен).
Әріптеспен жаттығулар:

  • екі ойыншы екі жақтағы бірыңғай сызықта тұрып, бір-біріне допты тордан жоғары көтеріп береді;

  • әр ойыншы шабуыл сызығында тұрады, допты беру үшін торға дейін жүгіріп келіп, қайтадан өз орындарына кетеді.

Допты төменнен тіке ойынға қосу (Сурет 2). Допты ойынға қосу торға қарап тұрғанда орындалады. Шынтақ буынынан бүгілген бір қолмен белдің деңгейінде допты алда ұстап тұрады. Екінші қол сермеу үшін артқа қарай созылады. Саусақтар шамалы ғана алақанға қарай бүгіледі. Ойыншы допты жоғары қарай сәл лақтырып қалып, созылған қолмен допты ұру арқылы ойынға қосады [12].
Допты соғумен қатар ойыншы бір мезгілде артта тұрған аяғын жазып, алда тұрған аяғына дененің салмағын түсіреді. Допты ойынға қосқаннан кейінгі ойыншының қалпы доптың соңынан ұмтылғандай ыңғайда болады.

Сурет 2. Допты төменнен тіке ойынға қосу

Допты берудің кең тараған түрі – екі қолмен жоғарыдан беру (Сурет 3). Мұның артықшылығы – дәл және тура берілуінде. Мұндай берілуді орындау барысынды ойыншының аяғы тізеден сәл бүгіліп, қолы алға қарай шығып, беттің аядында болады, үлкен саусақ көздің деңгейінде болады. Ойыншы допты беруді орындаудан бұрын бастапқы қалыпты қабылдайды және допты қарсы алу үшін қажетті жағдайда орын ауыстырады [13].



Сурет 3. Екі қолмен жоғарыдан беру

Екі қолмен допты жоғарыдан беру үшін жасалатын жаттығулар:



  • допты жаттығушы екі қолмен төменнен жоғары лақтыру немесе бір жақ бүйірге жоғары, орын ауыстыру арқылы төмен түсіп келе жатқан допқа жақындап барып, допты жоғарыдан беруді орындайды (Сурет 4);

  • қабырғаға жақын тұрып, қабырғаға бағыттап бұрып, 3 – 4 м-ден допты жоғары беруді орындайды.

Әріптесімен жасалатын жаттығулар:

  • ойыншы бастапқы қалыпта тұрады, серігі допты оның қолына лақтырады, ол серігіне жоғарыдан екі қолмен беру әдісін орындайды;

  • бір-біріне допты қайталап беру;

  • екі ойыншы да волейбол торының жанында тұрады, біреуі допты береді, екіншісі допты жоғарыдан екі қолмен торға түсіруге тырысады.

Волейболдағы доп беру классификациясы. Доп беру - техникалық әдіс, оның көмегімен допты ойынға кіргізеді және сонымен қатар қарсыласының өзара қимылын қиындатуға тырысады. Бастапқы кезде допты беру допты ойынға кіргізуге әкелетін. Көптеген авторлардың пікірі бойынша ол біртіндеп командамен қолданылатын маңызды емес шабуыл жасайтын әдіске айналды және жарыстың нәтижесіне айрықша әсер етеді. Доп беру ойын қимылының тізбесіндегі бірінші звено болып есептелінеді. Доп беру қанша нәтижелі болса, доп беру құқығын және осымен бастама алған команда үшін ойын барысында оң нәтиже танытады. Іс-әрекет доп беруден басталады. Бірдей деңгейлі екі команда кездескен кезде олардың жеңіске жетуі немесе жеңілуі доп беруге байланысты болды. Доп беруді орындау кезінде ойыншы ең бірінші тура оң ұпайларды алуға және допты орынды емес бағытта қолдану әдісі кезінде тактикалық нәтижеге жетуге тырысуы қажет. Ойланып жасалған, нақты доп беру қарсыласының әдістерін қиындатады, оның шабуылдық қимылын бұзады. Кейбір кезде допты дұрыс беру командаға ұпай әкеледі. Бұл доп берудің нақтылығымен, күшімен және әртүрлілігімен ерекшеленеді. Доп беру шабуыл жасайтын соққылар сияқты стандартты болмауы керек, өйткені қарсыласы бұл әдіске жылдам бейімделіп алады. Ойыншы қарсыласын қорқытып, доп беру түрлерімен оған психологиялық қысым көрсетуі мүмкін. Осыған байланысты доп беретін ойыншы допты әртүрлі әдістерімен беру шеберлігіне ие болуы қажет, әсіресе ең болмаса бар күшімен және нақты беретін екі әдісті білуі тиіс. Бір ойыншыдай жарысқа қатысатын команда жеңіс ұпайларын алу үшін мүмкіндік туғызатын доптың траекториясын өзгертумен жоспарланған және алыс қашықтыққа арналған кез келген доп берулерді қолдана алады. Бар күшімен беру- бұл секіріп беріледі, яғни жоғары тура және жоғары қырынан доп берулер. Ойыншының жеке ерекшеліктеріне байланысты осы доп берулердің түрлері таңдап алынады. Доп беру ережеде көрсетілген тараптарға сәйкес жүргізіледі, атап айтқанда ойыншы артқы оң сызықтың алаңында тұрады, допты лақтырады және бір қолының соққысымен допты қарсыласына бағыттайды. Ойыншыға кез келген доп берулерді орындау кезінде төмендегі ережелерді сақтау керек [14].
1. Төменгі тура доп беру.
2. Допты төменгі қырынан беру.
3. Жоғары тура доп беру.
4. Допты доғары қырынан беру.
А.Г. Фурмоновтың (1983 ж) айтуы бойынша доптың жоғары тура берілуінің алуан түрлілігі секіруде жоспарланып бағытталған доп беру болып саналады. Үлкен разрядтағы командалар төменгі тура доп беруді мүлдем қолданбайды, яғни бұл әдіспен «бар күшімен» не «нақтылыққа» доп беруді орындай алмайды, өйткені доп беру кезінде ойыншы алаңды көрмейді және сонымен қатар үлкен қозғалыс амплитудасы есепті қиындатады. Төменнен беру орындау техникасы бойынша аса жеңіл болып саналатынымен доп ұшуының үлкен траекториясының және азғантай жылдамдығы түрінде қабылдау мақсатында қиын емес. Осы доп берулердің қиындатылған нұсқалары кей кезде метеорологиялық жағдайларды ұтымды пайдалану үшін қолданылады. Допты жоғары тура беру. Аяғы аздап бүгілген ойыншы торға алдымен қарап тұрады. Бірақ бір аяғы аздап алға қарай қойылған. Доп кеуде деңгейінде тұрған қолда орналасқан. Бүгілген шынтақпен соққы беретін кол жоғары көтеріледі, шынтақ басқа жаққа қарайды. Доп айрықша жоғары ұшу позициясына жетеді, ойыншының соққы беретін қолы алға қараған дене қозғалысымен допты аса жоғары нүктеге лақтырады. Соққыдан кейінгі жағдай: ойыншының дене бітімі алға еңкейген, қолы алға қарай еркін қозғалады. Доп берудің осы түрі көптеген авторлардың айтуы бойынша оны ерекше нақтылықпен орындау мүмкіндігін береді. Ол доптың жылдам ұшуын пайдалану үшін ауқымды мүмкіндік туғызады [15].
Секіріліп берілген доп. Бұл беру екпіні секіруден кейін орындалады. Жүгіру торға перпендикуляр, тура орындалады. Ол негізі ең кем дегенде екі қадамнан тұрады. Бірінші қадам ойыншыны допқа жақындатады, екінші қадам соққы үшін, ол жылдам, шексіз және өте ауқымды. Бұл қадам ойыншыны секіруге әкеледі. Бірінші қадам орындау кезінде спортшы допты көргеннен кейін, қолдарын алға әрі жоғары көтере серпіле секіру керек. Ұратын қол допты соғу үшін сермеледі. Кеуде шамалы ғана артқа шалқайтылады. Соғу кезінде кеуде соғатын қолмен бір мезгілде ілгері қарай ұмсынады. Соққы допқа күшті тиюі үшін қолдың ұшы бос ұсталу керек. Соққы дәл болуы үшін саусақтар жинақы болғаны дұрыс.
Допты жоғары қырынан беру. Ойыншы торға қырынан тұр. Аяқтары иық деңгейінде және сәл бүгілген. Аяқтарының табандары алаңның оң сызығына паралелді орналасқан. Доп ұстаған қол шынтаққа еңкейіңкі және оны бел деңгейінде немесе төменірек ұстап тұр. Дене аздап ілгері қарай орналасқан. Допты метрден жоғары лақтырумен дене допты лақтыратын қолға қарай еңкейеді, осыған байланысты аяқтары бүгіледі. Қол тура соққысымен допты лақтыру тік қалыпта жүзеге асырылады. Соңғы соққымен доп беруші доп ұшып бара жатқан жаққа қарайды. Допты лақтыру биіктігін ақырындатуы мүмкін, бұл дененің ілгері қарай еңкейуінің алдын ала орындалуын тала петеді. Допты лақтыру екі қолдың қимылымен жүзеге асырылады, яғни барлық қимылдар айрықша жылдам орындалуы қажет. Допты жоғары қалыпта беру қиын болып саналады және жақсы физикалық дайындықты және ұзақ жетілдіруді талап етеді.
Допты айналдыру арқылы беру айрықша қызығушылық тудырады. Лақтырған кезде доптың айналу доғаны, кері айналуды сипаттайды. Доптың ұшуының осы траекториясы қарсыласының допты қабылдауына қиындық тудырады. Доптың айналуы тік, горизонталды және көлбеу остері бойынша орындалады. Көлденең ось бойынша айналу доптың ұшу траекториясын қысқартады, яғни оның тор арқылы ауысуынан кейін допты төмен қысқан болады. Тік осі бойынша айналдыру допты айналу бағытына байланысты допты ұшу кезінде оң немесе сол жаққа ауытқытады. Көлбеу осі бойынша айналдыру көлденең және тік остері жөнінде айналдыру мүмкіндіктерін біріктіреді. Доптың ауада ұшу кезінде айналуын болдыру үшін қолдың буынын допты лақтыру кезінде біршама өзгерту керек [16].
Жоспарланған доп беруді зерттей келе еңбегң сіңген спорт шебері В. Качаров осы беру кезінде допты айналдырудың қажеті жоқ деген қорытындыға келді. Допқа қолы тиген беруші максималды кинетикалық энергияларды қамтумен үзікті лақтыру-дүмпуін жүргізе келе сол энергияны допқа бергісі келеді. Доп тура түскенне кеәін өзіне қажетті максималды күш алады және қарсыласының алаңына айналмай келіп түседі. Аэродинамика заңы бойынша айналмай ұшатын дөңгелек дене (соның ішінде доп) ауыр жылдамдық кезінде өзінің тұрақтылығын жояды және оқыс қимылдар шығара бастайды. Осындай допты қабылдау қиынға соғады. Атап айтқанда доп берудің жоспарланған нәтижесі осыған байланысты жасалған.
Доп берудің тактикасын талдай келе С.Л. Фетисова қозғалатын міндеттерді шешудің үйлестіру қиындығы доптың ұшу бұрышы және белгіленген жылдамдығын берумен қорытындыланатынын айтты. Ойыншыға доп беруді табысты орындауы үшін қажетті:
1. Қолды лақтыру алдындағы қозғалысының белгілі кеіңстік-уақыттық және динамикалық сипаттамаларымен;
2. Қолдың лақтыру алдындағы қозғалысының белгілі кеңістік-уақыттық сипаттамасымен;
3. Осы қозғалыстардың кеіңстіктегі және уақыт кезіндегі келісімімен;
4. Қолдың допты лақтыратын байланысымен белгіленген динамикалық сипаттамалры.
Жоғары класты ойыншылар үшін тән «доп сезімі» және «кол сезімі» қамтуға ықпал жасайтын көрермендік және кинематикалық дифференциялды жетілдіруге қатысты жетекші қозғалыс сапаларын дамыту ұсынылады.
Доп беру алдындағы психологиялық күй. Көптген авторлар беруді орындау көңіл бөлудің айрықша концентрациясын талап етеді деп санайды. Ойыншы беру орнына жайбарақат бару керек және доп айналып жатқан уақытта допты қалай және қайда жіберуіне шешім қабылдауы қажет. Допты беру орнында, қозғалыс жасамай тұрып ойыншы қарсы тұрған ойын алаңына тағы бір рет назар аударады. Толқу басылғаннан кейінгі міндет допты нақты лақтыру болып табылады. Бірінші доп лақтырушысы қате жібермеуі керек. Бұл жерде жаттығу кезінде игерілген барлық пайдалы әсерді көрсете білуі тиіс. Төрешінің ысқырығынан кейін допты лақтырушы ойыншы, әрине өзін қатты ұстайды, бірақ допты қабылдайтын ойыншы да өзін одан артық сезінбейді. Допты беру кезінде қателер жіберілсе, қарсыласында лезде «жолы болу» рефлексі туындайды, қимылдамай қалушылығы лезде тарайды және сол кезде эмоциялық күйде болады. Волейбол – бұл жарыс, онда ойын ырғағын қай жақ бірінші өзіне қаратып алса, сол жақ осы ойынды басынан бастап аяғына дейін дұрыс ойнауға тырысады. Осы ретте әртүрлі авторлардың айтуы бойынша доп беру ойын барысында небары бір доппен өзгерту мүмкіндгін беретін «театрда бір актердің» шығуы үшін қажетті өзіне деген сенімділік сезіндіретін ойын элементі болып саналады. Бірінші қарағанда бәрі қарапайым болып өрінеді, бірақ доп берудің ойында қте қиын элемент екенін естен шығармау қажет.
Жарыс түрінде екі команданың доп беруі. Әдістемелік нұсқаулық: оң жолдан ысқырықтың даысынан кейін доп беріледі, допты нақты және дұрыс таңдап алу керек, допты қатты, бар күшімен лақтыру қажет, кейін допты лақтырғаннан кейін алаңдағы өз орнына бару керек. Доп беруді үйретуде ойыншылардың орналасуы және орындалатын доп берулердің бағыты доп беру әдістеріне қатысты емес, үйрету кезеңіне байланысты айқындалады. Жалпы айтқанда, доп берулерді үйрету кезінде мынадай жиіліктер жиі сақталады: бірінші төменгі тура, кейін төменгі қырынан, жоғары тура және жоғары қырынан [17].
Оқыту әдістемесінің бірінші этапында доп берулер туралы толық ақпарат беру қажет, сондай-ақ әрекетті әңгімемен байланыстырп көрсету қажет. Сезіну бірінші қозғалыс сезімдерін қалыптастыру үшін оқушыларға міндетті түрде доп берулерді орындату керек. Кейбір авторлардың айтуы бойынша оқушылардың белгілі бір қасиеттері мен қабілеттірін дамытуға ықпал жасайтын жалпы дамытатын және дайындайтын жаттығулардың айрықша иаңызы бар(ЖДЖ). Олар:
1. тірегіш-қозғалыс аппаратын нығайту: - қолдың, аяқтың, дененің күшін дамыту; - бұлшық еттің қысқару жылдамдығын дамыту;
2. икемділікті дамыту.
ЖДЖ заттарсыз, яғни іші толтырылған доптармен, гимнастикалық орындықтарда, қабырғаларда скакалкалармен және басқаларымен орындалады. Екінші этапта допсыз дұрыс қозғалыстар үйретіледі. Бұл үшін «Бастапқы қалыпта», «Тура қалыпты қабылда», «Допты лақтыру» сияқты командаларды пайдалану керек. Қозғалыстар үйретілгенен кейін әртүрлі доптармен доптар лақтыру жүргізіледі. Ойынмен айналасып жатқандардың барлық назары дұрыс бастапқы қалыпта, тура жағдайларға, лақтыру қозғалысына және қосымша лақтыру кезіндегі дұрыс таңдауға одан кейінгі ұшып бара жатқан доптың дұрыс траекториясына аударылады. Допты қозғалмай тұрған доп бойынша лақтыру жаттығудың келесі этабы болып есептеледі. Осы ретте қолымыздың доппен дұрыс жанасуына аса назар аударылады. Қозғалыстағы доп бойынша доп беруге келмей тұр, жеке допты лақтыру үйретіледі. Бұл үшін бірнеше рет белгілі бір биіктікпен жоғары лақтырады. Осы ретте доп лақтырған сайын бір жерге ғана түсуі тиіс. Допты лақтыруды игергенен кейін допты лақтыруға көшу керек. Ақырында допты лақтырумен беруге келуіміз қажет [18].
Доп беруді үйретудегі шамамен алғандағы жаттығулар. 1 жаттығу.
Басында жаттығу жасап жатқан ойыншылар алаңның көсе-көлденеңінде ойынсеріктестері арасында доп беруді орындау үшін алаңның бүйір сызығына орналасады. Бұл жаттығу жасап жатқандардың көңілін доп беру кезіндегі қозғалыстың орындалуына ықпал тудырады. Егер де үйреніп жатқан ойыншылардың біреуін дереу доп беру орынына қойса, ол не болса да допты тордың ар жағына лақтыруға тырысады, бірақ жасаған қимылдары көптеген жағдайда дұрыс болмайды. Оқушылар алаңның бүйір сызығына қозғалысты дұрыс меңгеруі, өздерінің күштерін шамалауы және допты дұрыс нақты бағытқа лақтыра білуі қажет. Кейін осы жаттығулар әртүрлі қашықтықта қабырғада өздігінен орындалады. Допты лақтыру биіктігі тордың жоғары жағынан төмен деңгейде болмауы керек.
2 жаттығу. Сол жаттығулар, бірақ екі адаммен қашықтықтың біртіндеп өсуімен тор арқылы жасалынады, бір ойынсеріктестігі алаңның оң сызығына жақындайды. Яғни доп берудің техникасын жақсы меңгергендер, доптың ұшу қашықтығымен допты лақтыруды үйренгендер және нақты бағытта доп беруді үйренгендерді кейбір авторлар алаңның оң жақ сызығына орналастыруға болады деп есептейді. Алаңның кесе-көлденең жерінде доп беруді орындау кезінде жаттықтырушы олардың ойын қимылын жеңілдету мақсатында оң сызықтан ауысқан ойыншының сызықта орналасатынын, ал кімнің торға жақын тұратынын анықтайды. Оқыту процесінде бірінші тура жоғары доп беру үйретіледі. Л.Н. Служский тура жоғары доп беруді оқыту әдістемесін ұсынады: алаңның қарама қарсы бүйір сызығында орналасқан қарсыласының бетіне қарап допты лақтырады . Кейін тура қалыппен доп лақтыратын қолын көтеру арқылы орынды белгілей отырып , допты лақтырады. Допты лақтыру кезінде арттағы аяғымызға көбірек жартылай отыру және денемізді артқа қарай қисатуымыз керек. Бұл допты лақтыру кезінде оның екпінді жұмысы үшін ықпал жасайды. Дене және аяқтың қозғалыс амплитудасының көбеюімен бірге доп лақтыратын қолдың қозғалыс амплитудасы да көбейеді. Бірақ үйренуші қолының алақанымен керекті қалыпқа допқа дұрыс тимеген жағдайда, қолының қозғалыс амплитудасын қайтадан минимумға дейін азайту қажет. Осы доп беру кезінде үйренуші негізгі қозғалыс механизімін игерумен доптың алаңнан тыс жерлерге құлауымен оның нақтылығы мен жылдамдығына арналған жұмыстарды жалғастыру үшін оң сызыққа көшеді. Кейбір авторлардың айтуымен физикалық дайындығы төмен ер адамдар тура жоғары доп беруді жеңіл меңгеріп алады. Осы ретте әйел адамдарға осы доп беруді үйрену қиынға соғады және игеру үшін ұзақ уақыт талап етіледі. Допты лақтыру кезінде қолдары мен денелері нашар қозғалатын оқушыларға мынадай қосымша жаттығуларды ұсынуға болады: қарапайым және іші толтырылған доптарды, ұсақ тастрады және басқа заттарды лақтыру. Осы жаттығулар сонымен қатар басқа ойыншылардың екінші, епті қолдарына да ұсынылады. Допты беру оны төмен түсіру кезінде ғана емес, оны жоғары ұшыру кезінде де орындалады [19].
Доп беруді орындау тактикасы. Доп беруде допты ойынға кіргізіп қана қоймай, оның қарсыласының қабылдауын да қиындатады. Қарсыласының командасындағы ойыншының әртүрлі дайындығын ескере отырып, допты қабылдайтын ойыншының басқа доп қабылдайтын ойыншыдан әлсіз болу есебімен жүргізу керек. Доп беруші қарсыласының күшін білуі және өзі үшін тиімді қарсыласының алдағы қимылының айрықша ықтимал нұсқасын таза білуі керек. Доп беруді қарсыласының қажетті қимыл барысын болдырмау есебімен лақтыру қажет. Мысалы: қарсыластардың ойыншылары 4 аймақтың ойыншысына қарсы шығумен 3 аймақтың бірінші доп беру есебімен орналасқан. Доп беру өзіне арқасымен тұрған 4 аймақтың ойыншыға 3 аймақтағы ойыншының қарсы шабыл жасауы үшін мәжбүрлі түрде доп тапсырумен 1 және 2 аймақ бағытында жүргізіледі. Волейбол сеткасында бірінші тапсырумен жақсы тшабуыл соққысын меңгерген ойыншы тұрады, доп беру оған арқасы жағынан берілу есебімен жіберіледі. 4 немесе 2 аймақтағы ойыншы – доп беру 5 немесе 1 аймақтағы ойыншыға беріледі. 3 аймақтағы ойыншы допты 5 аймақтағы ойыншыға тек қана оң қолымен бере алады. Егер де ол допты сол қолымен бере алса, 1 аймақтағы ойыншыға да осы жағдайда береді. Доп беруші орынның дрыс ауыстырлмауын, қарсылас команда ойыншыларының нашар қозғалуын пайдалана білуі керек. Осы жағдайда қарсыласының алаңында қорғансыз орындар қалыптасады. 3 және 4 аймақтардағы ойыншылар арасындағы орынның ауысуы- 4 аймаққа доп беру. Жүгіру арқылы доптарды лақтыру үшін ойыншы волейбол сеткасынан алыс кетеді, ал допберу сеткаға жақын. Егер де доп беруші қарсылас команданың және жеке ойыншылардың қасиеттерін анықтамаса доп беру қарсылас команда алаңындағы оң сызыққа жақын жүргізіледі. Көптеген авторлардың ұсыныстарын ескере келе, доптың ұшу траекториясы мен жылдамдығын өзгерту сияқты доп берудің әр түрлі әдістерін қолдана білу қажет. Доп беруді ескере келе қарсыласы алаңда өз ойыншыларын осыған сай орналастырады. Ойыншы допты әртүрлі жылдамдықпен және ұшу траекториясы мен алмастыра отыра, осы доп берулерді қабылдау үшін күтпеген жағдай жасайды , бұл қарсыласының қимылын қиындатады. Жазғы алаңдарға ойын барысында метеорологиялық жағдайлар маңызды ықпал келтіреді. Айрықша маңыздысы жел мен күн арқылы туындаған жағдай. Көптеген мамандардың айтуы бойынша спортшының тактикалық шеберлігі неғұрлым жоғары болса , ол доп берулердің әртүрлі әдістерін соғұрлым сенімді біледі және шиеленіскен ойын кезінде туындаған міндеттерді жеңіл шешетін болады. Бірақ кей кезде ойыншы тәуекел жасамауға тиісті, сонымен қатар допты түсіріп алмау көздері де болып тұрады. М.Е. Амалиннің қорытындысы ойыншының келесі жағдайларда доп бере алмайтыны туралы қызығушылық тудырады:
1. Егер де қарсыласы допты оған дейін орындаса, ол қателік жіберді депа есептеледі. Бірнеше рет қатарымен дұрыс берілмеген доп команданың моралдық жағдайына әсер етеді, оның ойынға деген қабілетін төмендетеді. Егер де қарсыласы доп беру кезінде қателік жіберсе, бірінші допты міндетті түрде орындау қажет, кейін осы ойын жағдайна айрықша пайдалы доп беру әдісіне қайтадан қорықпай тәуекел жасау керек.
2. Егер де ойыншы доп беру кезінде қателік жіберсе, қателігін дұрыстау үшін доп беруді қайтадан шығып орындайды. Кей кезде доп беру кезінде қателік жасаған волейболшы ауысу кезінде толық бір айналым жасап, қайтадан доп беруге шығады джа, қайтадан қателік жасайтынын бақылауға болады. Бұл оның өзіне деген сенімділігін жоғалтуға әкеп соқтырады, ол басқа да ойын әдістерін орындау кезінде жібереді.
3. Егер де осы ойынды ойыншы бірнеше рет доп беруге шығып оны дұрыс бермесе, бұл спортшының алдағы ойынына теріс ықпал жасайды. Бұл көбінесе ойын прцесінде алаңға доп беруге шыққан волейболшыларға қатысты.
4. Егер де ойыншы доп беруді қарсыласының командасымен жасалған ауысу немесе үзілістерден кейін орындаса. Қарсылас жағы допты қабылдауда бір-екі ұпайдан жеңілсе, үзіліс алады немесе ойыншысын ауыстырады. Егер де доп берушінің жіберген қателігі кезінде допты қабылдауда психологиялы сенімсіздік жағдайынан шыға алатын жағдай болса, команда ойын қарқынын «күшейтеді». Сондықтан да осындай қателіктерді ойын тәртібінің өрескел қателіктеріне жатқызуға болады [20].
Доп беру тактикасын жетілдіруге арналған жаттығулар.
1. Допты түсу аймағына лақтыру.
2. Доптың оң жақ бүйір сызықтарына лақтыру.
3. Допты түсіру аймағына және оң сызықтарға алмастырып беру.
4. Допты белгіленген орынға нақты беру немесе алаңның әртүрлі ббөліктерінде орналасқан заттар (орындық, гимнастикалық шеңбер, іші толтырылған доп) арқылы беру.
5. Допты қабылдайтын ойыншылар арасында беру.
6. Межеленген және жоспарланған күшке допты алмастырып беру.
7. Шарашау жағдайында доп беру түрлерін оорындау.
8. Қарқынды жұмыстардан (жылдам қарқынды 10-15 отырып-тұру немесе жүгіру немесе қолдарын 5 рет бүгу) кейінгі доп беру.
9. Орындау жылдамдығын толассыз доп беру топтамасы.
10. Доп ойынға шығатын ойыншыға беріледі.
Іші толтырылған доппен жаттығулар жасау кешені.
1. Допты қолдан қолға 20-25 рет салу бойынша дене бойына айналдыру.
2. Қолымыз жан жақта, доп бір қолда, допты қолдан қолға ауыстырып, басымыздан жоғары 15-20 рет көтереміз.
3. Доп төмен түсірілген қолда, допты төмен жберілген қолымызбен төмен қарай түсіріп, 15-30 рет кеудеміщдің алдынан қағып алуымыз қажет.
4. Басымыздан жоғары лақтыру, осыны 15-30 рет қайталау.
5. Доп артқа ұстаған қолымызда, допты артқы жақтан екі қолымызбен лақтырамыз және оны алдымызбен қағып алу – 15-30 рет.
6. Иықтан жоғары бір қолмен допты оқыс серпу, басқа қолмен иықтан қағып алу – 15-20 рет.
7. Допты артымыздан екі қолымызбен лақтырамыз жартылай отыру арқылы алдымыздан қағып аламыз.
8. Допты жоғары, оң және сол аяққа қарай қисаю – 15-20 рет.
9. Доп жоғары, еңкею арқылы денені айналдырамыз.
10. Екі адамың допты басынан лақтыру, кеудесінен - 15-20 рет.
11. Қырынан тұрып, екі адам бір қолымен қарсыласының басынан жоғары лақтырады 15-20 рет.
12. Екі адам секіріп тұрған қарсыласына допты бастарынан жоғары лақтырады – 15-20 рет.
13. Дәл сондай, бірақ 1-2-3 қадаммен жүгіру арқылы – 15-20 рет.
14. Секіру кезінде екі адаммен доп лақтыру – 10-15 рет [21].
Волейболшылардың доп беруін жетілдірудің негізгі міндеті доп берудің дағдыларын әртүрлі аймақта тұрақтандыру (кедергі келтіретін факторларға қарсы төзімділігі), доп беруді ойын жағдайында жетлдіру, қозғалыс міндеттерін кезектестіру кезіндегі негізгі дағдылардың вариациялығына жету болып саналады. Осы ретте басты әдіс – жаттығу және жарыстағы тактикалық міндеттердің әртүрлі кезектесу және ауысатын жағдайдағы негізгі қозғалысының орындалуы, Алыс және жақын аймақтарға доп берулерді алмастырып жаттықтыруды жағдайды біртіндеп қиындатып отыру приципінде орындау ұсынылады (доп беру кақыт шектеуінсіз және стандарттық жағдайда, кейін доп берудің стандарттық алмасып тұруы, күтпеген тапсырмалар, кедергі келтіретін факторлар).
Доп берудің техникасын жетілдіру жұмыстары кезінде төмендегілер қолданылады.
- қалыпты салмақтағы аспалы және іші толтырылған доптар. Жаттығушы бар күшімен допты алға қарай итере отырып, қолының дұрыс қимылына назар аударады.
Аспалы доптың биіктігін өзгертумен допты әртүрлі тәсілдермен беруге болады. Аспалы доптармен қолды, аяқты және денені дұрыс қоя білуін үйрену кезінде ғана қолдануға болады.
- жоғарғы доп беру техникасын үйрену үшін биіктігі үш метр қабырға қолданылады.
- доп беру бағыты аяқтың табанымен бақылананды.
- нақты дұрыс доп беруді үйрену үшін әртүрлі нысаналар, маттар, құрсаулар және қарама-қарсы алаңдағы басқа заттар қолданылады.
- дистанция сезімін дұрыстау үшін допты бар күшімен алғаны дұрыс. Бұл күйзелісті болдырмайды, сондай-ақ шектеуді анықтауға мүмкіндік туғызады.
- доп беруде имитациялық стереотип қажет. Доп беруді жаттықтыру кезінде спортшыға бірінші кезекте орындаудың қандай нысаны керек соны анықтау керек. Содан кейін ғана имитациялауға көшу қажет. Бұны үлкен айнаның алдында тұрып жасау керек, спортшы өзін айнаның алдында көру арқылы ғана доп берудің барлық элеметтерін нақты орындайды. Доп беруде ең бастысы орындау нысаны болып саналады [22].
Шабуыл соққыларын бірден үйрену қиын. Сол себепті сабақта болмаса жеке жаттығу кезінде мына қимыл-қозғалыстарды орындап машықтанған жөн:

  • Бір не екі адаммен секірген кездегі аяқ пен қол қимылдарының үйлесімділгін орындап көру;

  • Шабуыл соққысын жасау;

  • Екпін алып, тор арқылы теннис добын лақтыру (бұл жаттығуды орындағанда шабуылдап доп соғуға тән қимыл-қозғалыстардың ырғағын сақтай білу);

  • Резеңке серіппедегі (амартизатордағы) допты ұру;

  • Екпін алып секіріп, теннис добын қағып алу;

  • Теннис добын жоғары лақтырып, тор арқылы «шабуыл соққысын» жасау (әуелі тек жай секірістен және жұппен орындау);

  • Тордың маңындағы ұстағышқа бекітілген допты соғу.

Төменнен қабылдау:

  • жаттығушы әр түрлі жағдайдан допты жоғары лақтырады, ойыншының бастапқы қалыбымен допты төменнен қабылдайды;

  • осылай, бірақ ойыншы допты жоғары-алға, жоғары-жанына лақтырады, ойыншы допқа жүгіріп шығып, допты төменнен қабылдап, қайта береді;

  • ойыншы допты еденге соғады, доп еденнен шоршығаннан кейін, жүгіріп жетіп, төменнен беруді орындайды. Әріптесімен төменнен беруде орындалатын жаттығулар жоғарыдан тура берудегі жаттығулар сияқты орындалады, тек төменнен орындалады [23].


Сурет 4. Допты жоғарыдан қабырғалай соғу

Қарсыластың ойынға қосқан не шабуылдатып немесе алдайтын соққымен жіберген добын төменнен екі қолмен қабылдаған жақсы (Сурет 5). Бұл жағдайда допты қабылдаудан көп қате кетпейді. Қол алда, алақандар біріктіріліп ұсталады. Қолдың қозғалысын қиындатпау үшін, оны еркін ұстайды. Соққыны жұмсарту үшін допты қабылдау кезінде екі шынтақты жақындатады, қолдарының қарын көтеріп, бұрады.


Допты жұмыдырық арқылы қабылдау. Тордың астында тұрған ойыншыға доппен командасталарына пас тастау қиынырақ. Немесе кей жағдайларда қабылдар кезде тордға тиіп кетуі немесе қателік жасауы мүмкін. Бұндай жағдай болмас үшін жұмыдырықпен қағып жіберу әдісі қолданылады. Ол тұрған қалыптан немесе секіріп барып жасала береді. Бұл техникалық әдісті сіз келесідей жаттығуларды үйрену арқылы жүзеге асыра аласыз:

  1. Бір ойыншы орындықтың үстіне мініп қолын алға созып тордың үстінен допты ұстап тұрады. Ал қалғандары бірінің артынан колоннаға тұрып кезекпен торға келіп арқасымен бұрылып допты жұдырықтың сыртымен допты ұруы тиіс. Бұл жаттығуда доп жіпке ілініп тұруы немесе арнайы ұстағышпен ұстап түруы мүмкін.

  2. Дәл жанағы бірінші жаттығу сияқты, бірақ енді допты торға жақындап орынан секіріп ұру керек.

  3. Дәл екінші жаттығу сияқты, бірақ екі-үш қадам жасап барып соғу кажет.

  4. Колоннадан бір-бірден аймаққа орналасу кажет.

  5. 6 аймақтың ойыншысы 4 және 3 аймақтағы тордың үстіне допты лақтырады. Ал қалған ойыншылар сәл жүгіріп барып кезекпен тордың үстінен секіріп жұмыдырықпен ұруы тиіс. Бұл жаттығу кезінде секіргенен кейін жүріп кетпей түскен орындарында қалулары тиіс [24].

Допты жұдырықпен қабылдағанда, доп дәл тимей, шоршып, доп алаңның сыртына кетуі мүмкін. Допты алақанмен қабылдауға болмайды. Ойынның ережесі бұған рұқсат етпейді. Оған себеп, доп алақанда көбірек кідіріп қалуы мүмкін (Сурет 6).
Допты қабылдауды көбіне орын ауыстырғаннан кейін, әсіресе қорғаныста ойнағанда орындауға тура келеді.
Волейбол ойынының техникалық элементтері:

  1. Бастапқы қалып (ойыншының тұрғысы);

  2. Допты ойынға қосу;

  3. Допты командалас серігіне беру;

  4. Шабуылдау соққылары;

  5. Тосқауыл қою, әр түрлі секіру түрлері, допқа қарай ұмтылу, құлау.


Сурет 5. Допты төменнен екі қолмен қабылдау



Сурет 6. Допты жоғарыдан екі қолмен қабылдау

Құлап барып жоғарыдан пас беру. Бұндай әдіс қиын жағдайда яғни ойыншы допты қабылдауға үлгермей жоғарыдан екі қолмен қабылдаған кезде қолданылады. Доп жаңағыдай қабылданған кезде қабылдаушы ойыншы өзінің жаңағыдай вертикалды тұра алмағандықтан арқаға немесе жамбасқа аунап құлайды.


Кей жағдайларда ойыншылар өте төмен допты қабылдап арқамен айналып құлайды да тез тұрады. Бұл жағдайда төмен қалыпта тұрған ойыншы одан да төменірек тұрып допты қабылдап алға жібергеннен кейін, басты алға қарай бүгіп арқаға жата қалу керек [25].
Қабылдаудың бұл әдісін меңгеруге арналған жаттығулар:

  1. Оң қолмен қасындаңғы ойыншының қолынан ұстап оң аяқты алға шығарып төмен қалыпқа тұрыңыз, ақырын солға қарай бұрылып оң аяққа отырыңыз, сосын арқаның оң жақ бөлігімен домалаңыз. Сол аяқпен керсінше сермей қасынңдағы ойыншының қолынан ұстап тұрыңыз. Бұл жаттығу жасалып жатқан кезде ойыншы қабырға жақтан келуі тиіс.

  2. Енді керісінше жаңағы жаттығуды сол аяқты алға шығарып, арқаның сол жақ бөлігімен домалап қайта тұрыңыз. Бұны да қасындағы ойыншының қолынан ұстау арқылы жасаңыз.

  3. Енді бұл жағдайларды қасыңлағы оыйншының көмегңнсіз істеңіз. Ал жаттығу жасалып атқан кезде бастың сәкіге тимес үшін сақтандырушы ойыншылар алақандарын қояды. Және жаттығу соңында тез қайта тұру әдістері де қарастырылады.

  4. Дәл 3 жаттығудағыдай , бірақ кішкене жүгірістен және бір қолмен алу арқылы жасаңыз.

  5. Жұп құрып бір-бірінен 5-6 метрге тұрыңыз, бір ойыншы допты лақтырады ал екінші ойыншылар еңкейіп барып допты үстінен қабылдап, арқамен домалау керек. Бұл жаттығуда алуға қиын доптарды да қабылдап алу керек. Ол қиын доптарда алуды жақсы меңгертеді.

  6. Допты қабырғаға соғу арқылы допты қабылдау. Бұл жаттығу қиынырақ, өйткені біріншіден доптың құлау траекториясын, екіншіден ыңғайлы құлап қабылдау керек. Бұл жаттығудың негізгі мақсаты допты құлап барып үстінен қабылдау үшін тиімді позизия таңдай әрекетін дамыту.

Волейболшының тұрысы. Жаңа ойнай бастаған оқушы-волейболшылар үшін дұрыс тұрудың (бастапқы қалыптың) маңызы зор. Бастапқы қалыптың көптеген түрі бар. Дегенмен, ең тиімдісі «орташа тұрыс» болып табылады. Тұрыс немесе тұру – ол ойыншыға кез-келген ойын әдісін орындауға мүмкіндік беретін бастапқы қалып [26].
Орын ауыстыру.Жаңа ойын барысында ойыншы алаң ішінде орын ауыстырып жүруіне тура келеді.
Орын ауыстыруға мынадай қимылдар енеді:

  1. Қадамдар жасау – тік тұрған ойыншы әртүрлі бағытта ілеспелі (қосалқы) қадамдар жасайды, алға, артқа, оңға, солға, аттау және екі қадам жасау;

  2. Секіріп қалу (секектету) – бұл екі қадам жасау, қимылдың соңына қарай алаң ішінде белгілі бір бағытта тез жүгіріп орын ауыстыру;

  3. Жүгіру – басқа қалыпқа көшу үшін, яғни ойын тәсілін орында мақсатымен алаң ішінде белгілі бір бағытта тез жүгіріп орын ауыстыру;

  4. Құлау – ойыншы өз қимыл-әрекетін өрістетуге, дәлірек айтқанда, өте қиын сәтте допқа тез жақындауға көмектесетін тәсіл: құлау доппен тікелей кездескеннен кейін ғана жүзеге асады, осыдан кейін ойыншы жаңа бастапқы қалыпқа келеді;

  5. Секіру – қатты секіруден соң орындалатын ерекше қимыл.

Допты ойынға қосу.

  1. Допты төменнен тура беру арқылы ойынға қосу.

  2. Допты төменнен бір жақ жанына ойынға қосу.

  3. Допты жоғарыдан тура беру арқылы ойынға қосу.

  4. Допты жоғарыдан бір жақ жанына ойынға қосу.

  5. Допты айналып ұшатын және айналмай ұшатын етіп ойынға қосу.

Тактикалық дайындық – бұл спорттық дайындықтың бір түрі, дайындық және арнайы жаттығуларды жасау арқылы волейболшы, ойынның әдіс-тәсілдерін меңгереді. Олар жарыс, түрлі сайыстар кезінде игеріледі.
Ал теника ойыншының және команданың жеңіске жету үшін жасалған тактикалық ойларын іске асыратын әрекет.
Техникалық шеберлік пен тактикалық ойлау, тек жаттығу процестерін дұрыстап жоспарлағанда бірақ іске асады.Олар теориялық дайындық, жекелей жаттығулар, топтық және командалық жаттығулар [27].
Тактикалық әрекеттерді үйрету үшін оларды 4 кезеңге бөлуге болады:
I-ші кезең – ең басты назар жекелей қаситеттерге бөлінеді, ол қасиеттер тактикалық әрекеттерді іске асыру үшін қажет. Және де тағыда назарга ұстайтын қасиеттер: жекелей қимыл-қозғалыстар, жылдамдық, ориентировка, тез қозғалу, байқағыштық, бір әрекеттен келесі әрекетке көшу жылдамдығы.
II кезең – техникалық қолданыстарды үйрету кезінде тактикалық ойларды қолдануды іске асыру;
Ш кезең – тактикалық жаттығулар арқылы жекелей тактикалық әрекеттерге үйрету;
IV кезең – ойын техникасы мен тактикасының жаттығулары арқылы топтық тактикалық әрекеттерге әуестендіру.
Тактикалық дайындықтың негізгі жаттығулары.
Волейбол ойынының тактикасын шабуыл техникасы және қорғаныс тактикасы деп қарастырылады,ойыншылардың әрекеттерін қалыптастыру мақсатында оларды жекелей,командалық және топтық әрекеттерге бөлуге болады. Жекеленген тактикалық әрекеттер  волейболшының тактикалық шеберлігін негізге алады және ойыншылардың допсыз әрекеттерін ұсынады яғни: алаңда еркін қозғалу, допты қабылдауға немесе шабуылдаушы соққы жасауға орын таңдау, допты беру әдісі, допты қабылдап алу және шабуылдаушы соққы. Жекеленген тактикалық әрекеттертің басты мақсаты техникалық әрекеттерді толығымен дұрыс меңгеріп, тактикалық ойластыруларды кез-келген ойын жағдайларында кеңінен қолдану [28].
Командалық тактикалық әрекеттер – шабуыл мен қорғаныстың нәтижелі болуы, ойыншының жекеленген техникалық және тактикалық дайындығы мен әр оыйншының ойынға қатысуы және командалық ойын арқасында іске асады.
Мысалы, шабуылдың кез келген түрі анайы командалық әрекеттер жүйесінен тұрады: алдыңғы аймақтағы байланыстырушы ойыншы арқылы ойынның шабуылдау жүйесі; арткы аймақтан шығатын байланыстырушы ойыншы арқылы ойынның шабуылдау жүйесі; бірінші қабылданған доп пен соққыдан соң серпілген доп арқылы ойынның шабуыл жүйесі.
Тактикалық дайындықтың құралдыры болып: жекелей қимыл-қозғалыстар, жылдамдық, ориентировка, тез қозғалу, байқағыштық, бір әрекеттен келесі әрекетке көшу жылдамдығы; жекелей және командалық элементтерді эстафеталар арқылы; спорттық ойындар (баскетбол, футбол, теннис, қол добы, хоккей және басқалары); тактика бойынша жеңіл және қиындау жаттығулар; түрлі жарыстар мен нормативтер саналады.
Ойын тактикасын шартты түрде екіге бөліп қарастырылады шабуыл тактикасы мен қорғаныс тактикасы. Бұл екі бөлім ойыншының құрастырылған әрекеттерінің принциптеріне байланысты топтарға, жүйелерге, әдістерге және басқа да құрылымдарға бөлінеді [29].
Қорғаныс әрекеттерінің мақсаты – қарыластың шабуылдаушы әрекеттеріне қарсы, тордың жоғарғы бөлігінде шабуылдауына тосқауыл қою. Қорғаныс таткиасы жекелей, командалық және топтық бірге қимылды талап етеді.
Допты ойынға қосу тактикасы. Ойыншы негізінен допты ойынға қосудың түрлі әдістерін меңгеру қажет: ол допты ойынға қосқан кезде қарсылас команданың ойыншыларын допты қабылдап ала алмайтындай қылу керек, ол үшін допты ойынға іске қосудың әр түрлі қулықтарын үйрену керек. Допты ойынға қосу арқылы қарсылас команданы қиын жағдайға қалдыратын бірнеше әдіс тәсілдер бар.Біріншіден допты алаңның қабылдау нашар жерлеріне беру. Бұл әдісте ойыншының нақты көздеген мақсаты байқалады. Дәл көздеп беру әдісі кез келген ыңғайлы әдіспен беріле береді, күшпен және жай. Кей жағдайларда ойыншының шеберлігіне қарамастан алаңның кейбір аймақтарына беру қарсылас комнданың ойыншыларын қиынға соқтырады.Еіншіден: допты қарсылыас команданың допты қабылдау жүйесін төмен меңгерген ойыншыға беру арқылы көздеген мақсатқа қол жеткізу. Үшіншіден: допты екінші қабылдаушыға, ауысып атқан ойыншыға және допты қабылдау кезінде қателікке бой алдырмаған ойыншыға беру . Төртіншіден: допты күштей және жай ойынға қосу әдістерін байланыстыру арқылы. Және тағы бір әдіс ол допты ойынға косар кезде ойыншылар тордың ортасына шахмат фигуралары қалыпында тұру арқылы қарсыластардың допты байқауын төмендету [30].
Доп берудің барлық әдістерін үйрету құрлымы бірдей болғанымен, оны уйренуде реттілікті сақтаудың маңызы өте зор, яғни: төменнен тіке, айналу арқылы жоғарыдан тіке (күшке) және айналмай жоғарыдан тіке (жоспарлы), жоғарыдан жанға айналу аркылы (күшке) және айналмай жоғарыдан жанға (жоспарлы), секіру арқылы доп беру. Доп беруді командамен орындаудың тиімділігі көп жағдайда, үйренушілердің қызығушылығы мен мүмкіншілігін арттырытын доп берудің түрлі тәсілдерін үйретудің пайдасы зор екенін көрсетеді.
Жалпыдамыту жаттығулары:
1. Негізгі қалыптан бір қалды тіке жоғары көтеріп ұстап, екінші қол төменде, қолды алма - кезек алга, артқа серпу.
2. Қолды шеңбер жасап алга, артка айналдыру. Осы жаттығуды тік тұрып және сәл алдыға еңкейіп қайталау.
3. Резеңкелі амортизатормен жұмыс. Амортизаторды гимнастика баспалдағының төменгі сатысынан өткізіп, колды тік үстап, кері қарай бұрылу. Қолды тік ұстап, алға-жоғары көтеру. Осы жаттығуды басымыздың деңгейіндегі сатыдан өткізу арқылы қайталау.
4. Қимылды «Атысу» ойыны. Алаңда 6-10 адамнан тұратын командалар орналасады. Әр командада бір-екі баскетбол немесе футбол добы болуы тиіс. Тапсырма: доп лақтырудың кез келген амалын (мүмкіндігінше бір қолмен төменнен немесе бастан асыры лақтырып) қолданып, қарсылас командаға тордан асыра доп лақтыру. Алаңына бірде-бір доп түсірмеген команда жеңіске жетеді [31].
Дайындық жаттығулары:
1. Салмагы 1кг допты бір қолмен төменнен, жоғарыдан, жоғарыдан жанға, алға-жоғары лақтыру. Қозғалыста қолдың тіке болуына аса мән берілу керек. Лақтыруды орындау кезінде белгілі бір шектеутен аспаудың маңызы зор, яғни: төменнен лақтырғанда қолдың иықтан аспауын және жоғарыдан лақтырғанда колдың иықтан төмен түспеуін сақтау қажет.
2. Допты қалыпты жағдайда әртүрлі әрекет аркылы беруді бір қолмен орындау.
3. Дәлдікті қадағалай отырып, допты тордан асыра лақтыру (тордың төменгі жағы бекітілмеген). Оқытушы доп лақтыру әдісін және алаң аймағын анықтайды. Сонымен қатар доп лақтыру техникасы анықталады: шектеу амплитудасын сақтай отырып, қолды сермеп лақтыру немесе сермемей лақтыру (серпіліспен).
Жетілдіруші жаттығулар:
1. Доп беру имитациясы. Дененің және колдың козғалыс байланысын
қадағалау.
2. Допты лақтыру үйрету. Ескеретін жай, доп лақтыру биіктігі үйренушілердің жылдамдыгы мен күш мүмкіндігін дамыту деңгейіне байланысты болады. Допты биікке лақтыру, доп беруді дәлдікпен жүзеге асыруга және соққының доптың дәл ортасына тиюіне кері әсер етсе, өз кезегінде бұл жағдай доптың айналмай ұшуына да кері әсерін тигізеді.
3. Ұстатқышқа бекітілген немесе аспалы допты соғу. Қолдың тік болуы қадағаланады. Соққы алақанмен жүзеге асырылуы тиіс.
4. Доп беруді қашықтығы 6—7 м қабырғаға орындау.
5. Доп беруді серіктеспен 8 - 9 м қашықтықтан орындау.
6. Арақашыктықты барынша қысқартып, доп беруді тордан асыра орындау. Серіктесің допты төменнен қос қолдап қағып алуы керек.
Техника бойынша жаттығулар:
1. Доп беруді сызық сыртынан орындау. Үйренудің бұл кезеңінде, доп беруді орындауда аса салмақ салынбауын қадағалау қажет.
2. Доп беруде доптың ұшу бағытын өзгерту: алаңның оң жақ және сол жақ бөлігіне.
3. Доптың үшу траекториясын өзгертетін доп беру.
4. Доптың ұшу арақашықтығын өзгертетін доп беру: кысқартылған –алаң аймағына шабуылдау және ұзартылған - алаң аймағын қорғау.
5. Алаң аймағына доп беруді дәлдікпен орындау. Алаң аймағы бормен сызылып белгіленеді. Доп соғатын қолдың сермеу бағыты көп жағдайда дәлдікке әсер ететінін есте сақтау керек, яғни: допты төменнен беруде - қолды тек артта, жоғарыдан (тіке) беруде – шынтақ доптың үшу бағытымен бағыттас, жоғарыдан (жанға) беруде – бастан жоғары болуы кажет.
6. Доптың алаңға көп түсуіне жарыс үйымдастыру. Осыны дәлдікті сақтап отырып орындау.
7. Доп беруді күшпен орындау. Бұл кезеңде үйренушілер доп беру техникасын жақсылап үйренуі тиіс. Соққы күші оптималды, бірак техникалық үлкен қателіктерге ұрындырмауы қажет. Доп беруді секіріп жүзеге асыру.
8. Доптың алаңға көп түсуіне секіріп, күш салып доп беру.
9. Дайындық жаттығуларынан кейін доп беру. Бүл жаттығуда үйренушілерді екі топқа бөлудің маңызы зор. Бірінші топ дайындық жаттығуларымен айналысса, екіншісі доп беруді орындайды. 10 минут өткен соң үйренушілер ауысады.
10. Баска да ойын тәсілдерін орындап болған соң, доп беруді орындау:
шабуылдаушы соққыға кері соққы қайтару. Доп беруді күшпен және секіру арқылы жүзеге асырудан жарысу. Сол әдіс сақталады.
11. Басқа да ойын тәсілдерін дәлдікке орындаумен жарысу.
12. Доп беру мен доп беруді қабылдаудың тиімділігіне жарысу. Оны анықтау үшін балдық жүйе қолданылады: егерде доп торға тисе - доп берушіге бір, доп қабылдаушыға екі бал, ойып алаңынан асып кетсе -доп берушіге екі, қабылдаушыға бір бал, ал егер доп беру кезіңде де, қабылдау кезінде де қателіктер кетсе - нөл қойылады. Доп қабылдаушы допты алғаннан кейін доп берушіге айналады. Барлық үйренушілер доп қабылдаушы кейіпінде болғаннан кейін, ойын қорытындысы шығарылады.
13. Доп осы жарысты енді басқа да ойын тәсілдерінен кейін орындау. Мысалы, доп берер алдында үйренушілер тосқауыл имитациясын қолдана отырып 3 рет секіреді.
14. Доп беруді және доп беруді қабылдауды, кері соққыны және тордан асыра соққы беруді қолдана отырып, 3 x 3 дайындық ойынын жүргізу. Ойын алаңы 2 - 3 бөлікке тігінен бөлінеді. Қорытынды есеп волейбол ойынындағыдай жүргізіледі [32].

Допты қабылдау тәсілдері. Допты қабылдауды доптың қарсы алаңнан қалай келуіне байланысты, үстіңгі және жоғарғы деп қарастыруға болады.Егер ойыншы допты кеуде тұсынан жоғары алса онда ол жоғарғы, ал төимен алса сәйкесінше ол төменгі қабылдау. Доп берілмей тұрып ойыншылар алаңда белгілі бір орындарды ұстау керек, ол доп берілгеннен соң қозғалыс қимылдар аз болу үшін қажет.Егерде допты ойынға қосқанда күшпен немесе секіріп барып ұрылса, ол допты қабылдау үшін ойыншылар тордан 6-7 метрге қашық тұрып алады, осындай қалыпта допты қабылдау ойыншыға оңайырақ тиеді.


Егер де до дәлдеп берілсе ол жағдайда да ойыншылар тордан 5-6 метр қашық тұрып қабылдайды және бір біріне кедергі келтірмейді. Байланыстырушы ойыншы алаңның қай аймағында болмасын арғы жақтан допты ойынға қосу кезіндегі допты қабылдауда қатыспайды. Алдыңғы сызықтағы ойыншылардың қозғалысы тек байланыстырушы ойыншы 4 аймақтағы шабуылшы ойыншымен ауысқан уақытта іске асырылатын әрекет, енді бұл аймақтан байланыстырушы ойыншыға шабуыл жасайтын ойыншыға соққы жасатқызуына қолайлы қалыпта тұр [33].


2.3
Шабуыл тактикасы
Тек көптеген техникалық әдістерді меңгерген шабуылшы ғана қарсылас команданың қорғаныс әрекеттерін бұзуы мүмкін, шабуылшының қолданысында келесідей соққылар болуы керек (Сурет 7):
1. Тігінен соғылатын шабуылдаушы соққы
2. Қолдың бірінші буынымен жасалатын соққы .
3. Артыңғы алаң сызығынан жасалатын соққы.
4. Жоғарыдан қабырғалай соғу.
5. Оң және сол қолмен жасалатын соққылар.
Керек нәтижеге қол жеткізу үшін тек күштің ғана емес, күтпеген уақытта және күтпеген жерден соққы жасалғанда іске асады. Бұндай әрекеттер ойыншының жекелей және өзінің командаластарымен түсіністіктің арқасында жүзеге асырылады.

Сурет 7. Шабуылдаушы соққылар

Шабуылдаушы соққыға үйрету:


Әр түрлі әдістемелік оқулықтарда шабуылдаушы немесе шабуылшы соққылар ұғымының еш айырмашылығы жоқ. Бірақ бұл екеу бір дегенді білдірмейді. Қарсылас жаққа доптың ауысуынан кейінгі барлық іс-әрекет шабуылшыға жатады. Ал шабуылдаушы іс-әрекет дегеніміз - тор шетінен жоғары асатын іс-әрекет. Осыдан шығатыны, мысалы, доп беру шабуылшы әрекетке жатқанымен, шабуылдаушы әрекетке жатпайды. Бұл бір қараганда маңызы аз жәйіт болып көрінгенімен, волейболды үйренудің алгашқы сатысында үйренушілердің әр іс-әрекетін саралауда маңызы зор. Мәселен әр аяқтаушы іс-әрекет белгілі бір кауіп әкелуі тиіс, яғни шабуылшы іс-әрекет. Ал тордан жоғары орындалған іс-әрекетті айтар болсақ, ол аса қауіпті болуы керек, бұл үйренушілерге қозғалыс қабілеттілігін, моральдік төзімділігін, жігерлілік қасиеттерін дамытуға мүмкіншілік береді. Оқыту әдістемелерінде шабуылдаушы соққылар тәсілін үйретуде аса үлкен айырмашылық жоқ, оны үйрету мына ретпен жүзеге асады: жүгіру барысындағы шабуылдаушы соққы, ауыспалы шабуылдаушы соққы, бүйірден шабуылдау. Тіке шабуылдаушы соққыны орындауда, үйренушілердің арнайы қозғалыс қабілеттілігін дамытуына жоғары талап қойылады, әсіресе даму деңгейінің жан - жақты ептілігіне аса мән беріледі. Бұл ретте үйрету екі негізгі бағытта кұрылады: жылдамдық пен күштілік қасиеттерін дамыту (секіру қабілеттілігі және динамикалық күші) және жан-жақты ептілігі. Шабуылдаушы соққының техникасын үйрену аяқтаушы іс-әрекеттен басталады (соңғы күш-жігер) - қолды сермеу және тұрған қалыпыңда допқа соққы жасау және бір орында екі аяқпен серпіліп жоғары секіру және жүгіру. Кейінен соққы жасау шарты қиындай түседі: орныңнан тіреусіз қалыпта (секіру кезінде) және бір, екі немесе үш адым қозғалғаннан кейін, әр түрлі биіктікте және қашықтықта доп қайтару, тосқауыл қоюшылар қарсыласқанда [34].
Шабуылдағы ойын техникасы. Ойын техникасында дұрыс тұру және орын алмастыру ерекше маңызға ие болды.
Шабуыл техникасында тұрудың бір ғана түрі-негізгі түрі бар.Осындай тұрыста аяқ иықтың мөлшерінде қойылып, тізеден бүгіледі, жауырын тік, қол шынтақтан бүгіліп, кеуденің алдындағы жағында ұсталады.
Шабуыл техникасы тәсілдерін орындау кезінде ойыншы орын алмастырады. Орын алмастыру кезінде түрлі бағытта жүріп немесе жүгіріп атқарылады.
Шабуылдай соғу кзіндегі екі немесе бір аяқпен секіру, бір орыннан жүгіріп келіп скеіру қолданылады. Ойыншы дер кезінде орын ауыстырып, негізгі тұрыс қалпына енгенде ғана техникалық тәсіл дұрыс орындалуы мүмкін.
Жалпыдамытушы жаттығулар:
Шабуылдаушы соққы орындау атлетикалық дайындықты, күштің жақсы дамуын, жылдамдық қасиеттерін, икемділік гіен ептілікті қажет етеді. Бұл тапсырма көбіне дене шынықтыру сабағында шешіледі. Жалпыдамытушы жаттығулар спорттық секцияларда үлкен көлеммен және үлкен күшпен орындалуы қадағаланады. Осы жаттығу категориясының негізгі бағыты: қозғалыс мүшелерін қатайту, оның ішінде тобық, тізе буындары, иық, қол буындары, қолдың күшін дамыту, аяқ, ұршық, бұлшык ет жылдамдығын қыскарту, икемділікті дамыту. Жалпыдамытушы жаттығуларды еш бір зат қолданусыз, доп арқылы, гимнастикалық саты мен резеңкелі амортизатор арқылы, ауыр снаряд арқылы және басқа нәрселермен жасауға болады [35].
Дайындық жаттығулары:
Үйренушілерді шабуылдаушы соққы жасауға дайындау екі жағдайдың шешілуі көзделеді: біріншіден, қозғалыс мүшелерін қатайту және қол мен аяқтың динамикалық күшін дамыту, екіншіден, әрекетті еске ала отырып, тірексіз қалыптағы (секіру кезіндегі) қозғалыстың координациялық құрлымын тәрбиелеу. Бұл кезеңде серпілістің ерекше тәсілі анықталады. Секіру жаттығуларын орындау кезінде, үйренушілердің жүгіруден кейін екі аяқпен серпіле секіруге тез тоқтаусыз ауысуын қадалаған жөн [36].
1. Бір-екі қадам жүгіре келе, тоқтаусыз екі аяқтап серпіле секіріп, аспалы затты бір қолмен алу.
2. Гимнастикалық орындықтан ирелеңдеп секіру. Қолдың артқа - алға - жоғарыға қарқынды қозғалысына назар аударылады.
3. Секіртпе тумбага бірнеше рет қайталап секіру. Тумба биіктігі 40-50 см.
4. Секіру қабілетін дамытушы жаттығулар: отырып тұрғанда жоғары секіру, бір орыннан екі аяқпен серпіле ұзындыққа бірнеше рет қайталап секіру, ауырлықты (доп, гантель, штанга, дене салмағының 1/3 дейінгі ауыр заттарды) пайдаланып жоғары секіру, штангамен отырып, тұру жаттығуы (салмағы дене салмағынан 70%) және т.б .
5. Секіртпе биіктігі 40-50 см. тумбадан секіру.
6. Допты қос қолдап бастан асырып секіріп лақтыру, тордан тыс және тордан асырып орындау. Қалыпты жағдайда допты кеуде тұсында ұстап тұру. Секіру кезінде, қолдың қарқынды қозғалысымен доп бастың артына апарылады, омыртқаның кеуде бөлігі мен белі майысады. Дененің қарқынды майысуы және қолды алдыға қозғалту арқылы жасатын доп лақтыру. Лақтырудан кейін қол иықтан төмен түспейді. Осына 1-2 қадам жүгіре отырып орындау. Жүгіріп келіп тоқтамастан секіруге ұласуына қол жеткізу. Осы, бірақ соққы бір қолмен орындалады. Қалыпты жағдайда доп кеуде тұсында сол қолмен ұсталады. Оң аяқтың ұшымен тұрып, доп жоғары көтеріп, оң қолымызға аламыз. Қолымызды тік ұстап, кішкене серпінмен лақтырамыз.
7. Жүгіріп келіп бірден секіру кезінде, тордан тыс және тордан асырып, жердегі нысанаға теннистік (резеңке) допты лақтыру. Жүгіру қашықтығы 1-2 қадам. Нысана қызметін гимнастикалық мат немесе жерге сызылған белгі атқарады, арақашықтық 8-10 м болу керек. Бұл жаттығу толығымен қозғалыс координациясын бақылауға мүмкіндік береді. Содықтан мұнда: қолдың карқынды жұмысының да, аяқтың ұшымен жүрудіңде, қолды тіктеп ұстап лақтырудың да маңызы жоғары. Шабуылдаушы соққыны орындау шарттарын барынша жақсы білу, дайындық жаттығуларының басты мақсаты болып табылады. Оның ішінде барлық үйренушілердің қабырғадан 60-80 см аралықтан жүгіріп келіп бірден секірудің барлық түрлерін орындаудың мәні зор және доп лақтырудан кейін қолды иықтан төмен түсірмеуді де қатаң сақтаған жөн. Бастан жоғары лақтырғанда қолды бүгу және кеудені алға қарай итеру қателік болып саналады. Осы жаттығулардың барлығын үйренгеннен кейін, теннистік доптарды оңнан солға, солдан оңға беріп лақтыруды орындап, жаттығуларды қиындату керек [37].
Жетілдіруші жаттығулар:
1. Екі аяқтап және 1, 2, 3 қадам аралықтан жүгіріп келіп серпіліспен секіру арқылы тіке шабуылдаушы соқкы беруге дайындық. Сол жаттығуды тормен болатын түрлі жағдайлармен қайталау. Алаң да тұрған қалыпта бір орыннан және 1, 2 қадам аралықтан жүгіріп келіп секіру кезінде резенкелі амортизатормен допқа соққы беру.
2. Қабырғаға қарсы тұрып, допты бірнеше рет ұрып жаттығу. Арақашықтық 4-5м болады. Қолды тіктеп допты басыңнан биікте ұстап, жерге 1 - 1,5м аралықтан лақтыру. Техникалық қағидаларды сақтай отырып, барлық жаттығуларды бірнеше рет қайталап жасау. Осы жаттығуды серіктеспен 7-8м аралықтан орындау.
3. Бір орынан секіру кезінде допты серіктеске ұрып беру. Серіктес шабуылдаушыға оң жақ бүйірден 2 м биіктікке доп лақтырады. Осы жаттығуды 1, 2 қадам аралықтан жүгіріп келіп орындауды. Соққы кезінде қолдың тіктеп ұсталуына аса назар салған жөн. Доп шабуылдаушыдан сәл алдыда болу керек.
4. Тордан асыра доппен серіктеске шабуылдаушы соқкы жасау. Шабуылдаушы соққы бір орында тұрып жасалады. Жаттығуды игергеннен кейін, оны қиындатып, ойын тәртібіне жақындатамыз: лақтыру биіктігі 3-4 м. Жүгіріп келіп орындау.
5. Допты жоғары лақтырып, тордан асыра соққы жасау. Бұл жаттығу кезінде үйренушілер 2-2,5м аралықта орналасады, оны дұрыс орындау көп тәжірибе мен дайындықты қажет етеді.
Техника бойынша жаттығулар:
1. 3 аймақ ойыншысы жіберген соққыға, 4 аймақтан шабуылдаушы соққы беру. Доп беру аралығы 4-5 м. Доп берушінің қолынан доп шыққан кезде, бастапқы жүгіру кезеңі басталады.
2. Жылдам шабуылдаушы соққы мен баяу (алдандырушы) шабуылдаушы соққыны кезектестіру. Баяу шабуылдаушы соққы допты алдында ұстап, оңға, солға кезекпен алдарқатудан туындайды. Сол сияқты жұдырықтап ұру тәсілінде орындау. Бұл жаттығулардың мақсаты торға бағытталған кез—келген соққыны қайтару.
3. 3 аймақ ойыншысы жіберген соққыға, 2 аймақтан шабуылдаушы соққы беру. Доп беру аралығы 3 м дейін төмендейді, ал қашықтык қысқартылады.
4. 2 аймақ ойыншысы жіберген соққыға, 3 аймақтан шабуылдаушы соққы беру.
5. 4, 3, 2 аймақтан шабуылдаушы сокқы беру, бірақ доп беру аралығын өзгертіп отыру керек.
6. Сол сияқты, бірақ 3 аймақ ойыншысына доп беруді, басқа ойыншы орындайды (6 аймақ ойыншысы).
7. Доп беруді қабылдап алғаннан соң, 3 аймақтан шабуылдаушы соққы беру. Алғашында доп беру қысқа қашықтықтан орындалса, кейін доп беру орнынан беріледі.
8. 3 аймақ ойыншысы жіберген соққыға, 4, 3, 2 аймақтан алмастыра шабуылдаушы соққы беру. Сол сияқты, тек дәлдікке орындау.
9. Бір тосқауылшыға қарсы шабуылдаушы соққы.
10. Соққыларды кезектестіру және алмастыру. Сол сияқты жылдам және баяу соққыларды да кезектестіру және алмастыру.
11. Тордан кайтқан кері соққыға шабуылдаушы соққы беру.
12. Алаң шетінен орындалатын шабуылдаушы соққылар.
13. 3 х 3 дайындық ойынын жүргізу. Ойын алаңы 2 - 3 бөлікке тігінен бөлінеді. Алғашында доп беру қысқа қашықтықтан орындалса, кейін доп беру орнынан беріледі. Қорытынды есеп волейбол ойынындағыдай жүргізіледі.
14. Сол сияқты, бірақ ойыншылар саны 4 x 4 . Үш ойыншы сызық бойына орналасады, ал біреуі тор маңында орналасады. Әр ұтыстан кейін, доп беру сағат тілі бойынша ауысып отырады. Шабуылдаушы соққының орындалу мүмкіндігінің жоғары екенін ескерсек, алғашқы жарыс жаттығуларынан бастап, үйренушілерді серіктестері мен өз қарсыластарының іс қимылдарын жете бақылап жүруге тәрбиелеу маңызды, яғни, доп қайда қабылданды (тордан қашықтығы), доптың қайда берілуі мүмкін, серікте допты қалай қабылдады, соққы беру үшін доп қалай берілді, және т.б. Бұл жағдай білім қағидалары мен заңдылықтарды ұштастыру мен байланыстыруда маңызды рөл атқарады, өз кезегінде бұл, көп жағдайда жоғары ойын тәртібін ұстануға мүмкіндік береді. Әрі қарай шабуылдаушы соққы техникасын үйрену мына әдістемелік ретпен жүргізіледі: Жүгіру бағытын өзгеркеннен кейінгі соққы, ойыншылардың қарсы қозғалысынан кейінгі соққы, сол сияқты торды байланыстыратын аймақтан шығу кезінгі соққы, алдымен жаттығула тосқауыл қоюшылардың тосқауылынсыз жүргізіледі, кейін бір немесе екі тосқауылға қарсы орындалады. Ойыншылардың қарымқатынасы 4 x 4 дайындық ойынының ойын тәсілдерін меңгеру нәтижесінде шыңдалады [38].
2.4 Қорғаныс тактикасы.
Волейбол ойыны негізінен қорғаныс жасауды үш түрге бөліп қарастырады: тосқауыл қоюшылар, тосқауылшының аймағын қорғайтындар және шабулдаушы соққыны қабылдайтындар (қорғаушылар).
Қорғаныс ойынындағы тактика жекелей, топтық және командалық әрекеттерден тұрады.
Қорғаныс техникасында дұрыс тұру мен орын ауыстыру ерекше орын алады. Негізгі тұрыстан басқа, еңкейіп тұру немесе қорғанушының тұрысы бар. Мұндай тұрыста аяқ тізеден бүгіліп, ойыншы кез-келген қатты соққыны қабылдауға, кез келген бағытта орын ауыстыруға әзір тұрады. Қорғаныста ойнаған кезде орын ауыстыру барлық бағытта адымдап немесе жүгіріп жүру арқылы жүзеге асырылады. Қарсыластың шабуылдаушысы соққысын тосқауыл қойғанда ойыншы бір орыннан секіріп және тор бойымен қозғалып барып тосқауыл жасайды. Қорғаныста қиын допты қабылдау үстінде ойыншы құлап барып та алады. Қорғаныс техникасында орын ауыстыру және доптың астына шығу шабуылдағыға қарағанда ерекше мәнеге ие болады.
Ойынға қосылған допты және шабуылдаушы соққыны қабылдау. Ойынға қосылған допты немесе шабуылдаушы соққыны қос қолымен жоғарыдан немесе төменнен қабылдауға болады. Допты жоғарыдан қос қолмен беру «шабуыл техникасы » бөлімінде айтылған.
Қорғаныс техникасында біз ойынға қосылған допты және шабуылдаушы соққыны төменнен қос және бір қолмен қабылдау, допты шабуылдай беру жайларын қарастыру.
Допты қос қолмен төменнен беру. Допты ойынға қатты соғып және қалықтата қосу, сондай-ақ шабуылдаушы соққының қуытының арта түсуі бұл әдісті жиірек қолдануға мәжбүр етеді. Төменнен доп берудің бастапқы қалпы негізгі тұрыс немесе еңкейіп тұру болмақ. Түзу қолдан алға қарай созылып, шынтақтар бір-біріне жақындай түседі. Қолдың саусақтары бойынша орналасады: бір қолдың жұдырығы түйіліп, екінші қолдың саусақтары оны сыртынан қапсыра ұстайды да бос бармақтар бір –біріне паралель болады. Допты қабылдау кезінде жауырын тік болып, қол иық буынымен жұмыс істейді . Допты иықтан алға таман білекпен қабылданады.
Допты дұрыс қабылдап қайтару үшін алдын ала орын ауыстырып, доптың ойыншысының алдына келуін қадағалаған жөн. Кейде бір бүйірлі алыстау келген допты астынан бір қолмен алуға да болады. Мұндай да саусақтар қатты болады немесе білекпен алынады.
Допты жоғарыдан қос қолмен құлап, арқаға аунап барып беру. Қорғаныста ойнағанда осындай әдістер ұолданылады. Оны дұрыс жүзеге асыру үшін ойыншы орын ауыстырған соң еңкейіп тұру қалпына еніп, сонан соң допты береді. Сонан кейін иығы біртіндеп артқа қарай жіберіп артта тұрған аяғының өкшесіне отырады да, жинақталып барып құлап, арқасына аунап түседі.
Аунап түскен соң аяқты сермеп жіберіп, орынан тұрып, негізгі тұрыс қалпын қабылдайды.
Артқа аунап түсу бір бұйірге қисайып барып та атқарлуы мүмкін, мұндай ойыншы алдымен созылған аяғына қарай кеудесін бұрып, допты қабылдап, иығын кері қарай жіберіп барып арқаға аунап түседі.
Допты кеудемен құлап барып ,қабылдау
Бұл ойыншы алға қарай орын ауыстырып үлгере алмай қалған жағдайда қолданылады. Ойыншы алға ұмтылып барып, допты алады да қолын жерге тік тіреп түседі. Сонан кейін ол қолын шынтағынан бүгіп, кеудесімен жер тірейді . Сонан соң, қол екі жаққа жіберіліп ойыншы кеудесімен жылжыйды. Допты былайша қабылдаған кезде аяқ тізеден бүгіліп, аяқтың басы ашық ұсталуы, бас кейін қарай шалқайтылуы керек [39].
Тордан кері серпілген допты қабылдау. Доты тордан серпілу ерекшеліктерін білу керек. Егер доп тордың жоғарғы жиегіне таман тисе оның серпіліуі күші аз болады да, ол төмен қарай тік түседі. Егер доп тордың төменгі жиегіне тисе , оның серпілуі әжептәуір
Тордан 1-1,5 метрдей жерге жетеді. Доптың серпіліуінің осындай ерекшеліктерін біле отырып ойыншы торға жақындап келіп, еңкейіп тұрған қалыпта допты қабылдау керек.
Допты жерге тақтау қабылдаған жөн. Мұндайда ойыншыға тор кедергі келтірілмейді.
Қорғаныста ойнауға оқыту методикасы. Допты төменнен және құлап барып қабылдауға ұос қолмен жоғарыдан қабылдауды игерген соң барып үйретуге болады. Құлап барып қабылдауға бөліп-бөліп үйреткен жөн. Әуелі доптың астынан шығу, одан кейін құлап барып қабылдау үйретіледі. Қорғанысты доп қабылдауға үйретуде орында дер кезінде алмастыруға негізгі және еңкейіп тұруды игеруге баса көңіл бөлінеді. Төмендегідей жаттығулардың нұсқасын ұсынамыз.
Бір орыннан және орын ауыстырған соң доп беру ишарасын жасау.
Еңкейіп тұрған қалыпта ойыншы допты лақтырады да, құлап барып астына аунап түседі.
Серігі берген допты қабылдау.
Қорғаныста доп қабылдау кезінде кезектесетін негізгі қателіктер.
1. Ойыншы төменгі қалыпта тұрып үлгере алмай қалады.
2. Бір бүйрден доп қабылдағанда солай қарай ұмтылыс жасамайды .
3. Допты қабылдамастан бұрын құлайды.
4. Төменнен доп беру кезінде қол мен жауырынның дұрыс ұсталмауы .
5. Допты төменнен қос қолмен қабылдағанда доп қолдың білегіне емес басына тиюі
6. Құлап барып аунап түскенде ойыншы бойын жинақтап үлгірмеуі.
Қолданыста доп қабылдауды жетілдіруге арналған жаттығулар
1. Қос қолмен өзінің үстінен бірнеше рет доп қабылдау.
2. Екі адам болып төменнен доп қабылдау .
3. Өзінің үстінен жоғарыдан доп беру және екі-үш адам болып төменнен доп қабылдап, қайтару.
4. Төменнен қос қолмен доп беру немесе жерге соғылған допты құлап барып, арқаға аунап түсіп беру.
5. Серігі соққан допты қабылдау.
6. 5-ші жаттығудай, тек доп тор арқылы соғылады.
7. Қабырғаға соғылған допты қабылдау.
Тосқауыл қою (Сурет 8). Жекелей және топтық тосқауылдау аймақтық және қозғалмалы болады.Аймақтық соққыны жабу кезінде бір ғана алдын ала белгіленген шабуылдаушының соққысы қай жаққа соғылғанына қарамастан қойылатын тосқауыл.Ал қозғалмалы соққыны жабу кезінде шабуылшы соққысы қай бағытта орындалған кезіндегі соққысына тосқауыл қойылады.
Соққыны жабатын ойыншылардың бір-бірімен түсіністігі [40].
1. Үш тосқауылшы 4, 3, 2 аймақтарда орналасады.Орталық тосқауылшы 2 және 4 аймақтың шабуылдаушы ойыншыларына екілік тосқауыл қою үшін қозғалып отырады. Шабуылдаушы соққылар 4 және 2 аймақтан кезекпен орындалып отырады.
2. Дәл бірінші әрекет секілді бірақ қозғалмалы тосқауыл қойылады.
3. 3 және 2 аймақтың ойыншылары аймақ қиылысына 4 аймақтағы шабуылдаушыға тосқауыл қояды.
4. Дәл 3 әрекет секілді бірақ 3 және 4 аймақтың ойыншылары 2 аймақтың шабуылдаушысына тосқауыл қояды.

Сурет 8. Шабуылдаушы соққыға тосқауыл қою
2.5 Психологиялық дайындық
Психологиялық дайындық волейболшының физикалық, техникалық, тактикалық әрекеттерімен байланыса отырып іске асады.
Волейбол ойынына эмоциялық интелектуалды қасиет тән. Ойыншылардың эмоцианалдық күйі ойынның жүру барысына үлкен әсерін тигізеді. Волейболшының өзін-өзі ұстауы және эмоционалды тұрақтылығы оның ойын кезінде қателеспеуне әсер етеді. Ойыншылардың жоғарғы эмоционалдық қалпы мен ерік жігерлері жеңіске деген құштарлығы көп жағдайда команданы мықты қарсыластарға қарсы ойнағанда жеңіске әкеледі. Ойыншылардың бұндай қасиеттері ойын кезінде қиын жағдайларда туындайды [41].
Ойыншылардың психологиялық дайындығы ойын барысындағы әрекеттермен жарыстың өзгешелігне байланысты анықталады. Волейболшының ойыны аз уақыт ішінде тез қимылдап көздеген мақсатына жету үшін жасалатын әрекеттерімен байланысты. Ең бастысы кез-келген ойында ол психологиялық қалып-күй, ойыншылардың жеңіске деген құштарлығы, команданы сезуі, яғни бірімен бірі байланыса ойнауы, бірін-бірі қолдауы міне осылар болу керек ойыншылардың бойында.
Техника-тактикалық әрекеттердің әсерлігі ойыншының перифериялық қөруіне байланысты, өзінің назарын жылдам басқа нәрсеге аудару қасиеттері маңызды рөл атқарады. Волейболшыға бір уақытта назарында көптеген объектілерді ұстауға тура келеді, ол оның бәрін қабылдап шешім қабылдауға дайын болу керек әр кез.
Сонымен психологиялық дайындықпен жасалатын жаттығулар жас-өспірім кезде ең керек әдістердің бірі екені сөзсіз.
2.6 Волейболшыны жаттықтыруға арналған жылдамдықты талап ететін ойындар мен эстафеталар
Кейбір ойындар мен эстафеталар жаттықтыру мен дайындықты айтарлықтай қиындата түседі, сол арқылы ойыншының шеберлігі де арта түседі. Ойындар мен эстафеталарды волейболшыларға арнайы таңдап, оны қалай өткізу керек екенінің жоспарын құру керек. Негізінен ойындардың қызықты, өзінің кейбір қйыншылықтарымен болғаны абзал. Олар жарыстық сипатқа ие болу қажет және волейбол ойынына бағытталу керек.
Жылдамдық пен ептілікті дамытуға арналған ойындар мен эстафеталар
Жылдамдық – бұл қысқа уақыт мерзімінде белгілі бір жұмысты істей білуі. Ептілік – тез әрі жылдам кейбір жаттығуларды меңгеру, жағдайға байланысты тез соған сәйкес бейімделу. Бұл қасиеттердің барлығы қиын гимнастикалық жаттығулармен акробатикалық секірулерді жасау арқылы түрлі ойындар мен эстафеталар арқылы жүзеге асады .
1. Ойыншылар екі топқа бөлініп, жаттықтырушының ысқырығынан соң кедергілерді өту арқылы эстфеталық жүгіруді бастайды. Жүгіріс аяталарда эстафетаның әрбір ойыншысы толық артқа бұрылып допты қабылдайтындай лақтырып, бір айналым жасау керек алға. Эстфетаны жылдам әрі дұрыс жасаған команда жеңіске жетеді.
2. Волейбол алаңында екіге бөлініп өткізіледі.Бір команданың ойыншылары теннис ойынынң доптарын келесі алаңның бос жеріне тигізуге тырасады ал қарсылас команда олардың доптарын қағып алуы тиіс . 10-15 лақтырымнан соң крмандалар орындарымен ауысады. Ең көп доп қағып алған команда жеіңмпаз атанады.
3. Ойнаушылар шеңбер бойынша тұрады. Жаттықтырушы орталық ойыншын таңдайды, ол ұшына жүк байланған жіпті айналдырады (құм толтырылған қапшық). Ал шеңберде тұрғандар сол кележатқан жіптен секіруі тиіс. Жүкке жнемесе жіпке жанасқан ойыншы ойынна шығып айналдырушы ойыншының орнына келеді. Ойынды айналдырып отқан жіпті биіктету немесе секіруді бір аяқпен жпсау арқылы қиындатуға болады [42].
Секіруді жақсатуға арналған ойындар мен эстафеталар.
Секіру – аяқ бұлшықеттерінің комплексті күштерінің еңбек етуі.
1. Ойынға қатысушы екі команданың да ойыншылары, жаттықтырушының белгісінен кейін екі аяты бірге ұстап алға қарай секіріп алда кездесетін түрлі кедергілерді дұрыс өтіп, артқа қайтарда жолдың бірінші бөлігін сол ал екінші бөлігін оң аяқпен секіріп өтуі тиіс . Жолды ең жылдам өткен команда жеңіске жетеді.
2. Дәл жаңағыдай жаттығу бірақ енді скакалкамен. Жаттықтырушының белгісінен кейін секіру арқылы келесі бетке жетіп скакалканы басқа командасына беру керек. Секіруді ең тез аяқтаған команда жеңіске жетеді.
3. Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Әр команданың бірінші ойыншылары сызықбойына тұрады, жаттықтырушының белгісінен кейін орынна ұзындыққа секірулері тиіс. Ал келесі ойыншы бірінші ойыншы қай жерге жетті сол жерден секіреді, солай ең соңғы ойыншыға дейін. Қай команда алысқа жетеді солар жеңеді.
Шыдамдылықты дамытуға арналған ойындар мен эстафеталар.
Жылдамдықты шыдамдылық–ойын барсысында кез-келген техникалық жаттығулар мен қимылдарды бір тепмті жылдамдықпен жасау. Арнайы шыдамдылық – қайталанба көптген жаттығулар мен дәлдікті талап ететін элементтерді жылдам істей алуы. Күштік шыдамдылық – ойыншының түгел ойын барысында барлық элементтерді қайта қайта жасағандағы шыдамдылық. Олар: допты ойынға қосу, шабуылдау, тосқауыл қою.
1. Ойыншылар екі командаға бөлініп бір екіге саналады. Біріншілер жерге жатады, ал екіншілер олардың аятарынан алады. Жаттықтырушының белгісіне кейін екулері де келесі жаққа бет алады, жеткеннен соң орындарын ауыстырып қайта оралады. Эстафетаны тез бітірген команда жеіңске жетеді .
2. Жолдасыңның иығында отырып волейбол ойынын ойнау. Ойыншылар бір-екіге саналады, бірінші нөмірлер екіншілердің иығына отырып шеңбер құрайды. Доп ойынға қосылады, 5-7 минуттан соң ойыншылар орындарын ауыстырады.
3. «Шабандоз». Ойынға қатысушылар ек командағы бөлініеді. Әр команда бір екіге саналады. Басында біріншілер «Шабандоз» болады сосын ауысады. Командалар бір-біріне қарсы ойнайды, ойыншылар бірін бірі келесі жаққа ығыстырып тастауы тиіс. Қай командада көп шабандоз қалады солар жеңіске жетеді.
Әрекеттердің дәлдігін қалыптастыратын ойындар мен эстафеталар.
1. Алаңда екі команда олардың ойыншыларының бірі допты келесі команданың шабуылдауына бағыттайды, ал шабуыл соққысын жасаушы ойыншщы алаңның келесі жағындағы бір белгіленген нүктеге тигізуі тиіс. Соққыдан соң ойыншылар орындарымен ауысады. Нүктеге ең көп дәл тигізген команда жеіңске жетеді.
2. Екі командағы бөлініп. Олардың бірі шабуылдайды келесілері қорғаныста. Шабулдаушылар кезекпен шабуылдайды ал қорғаныстағы команда шабуылданған соққыны бірреттен қабылдап алып оны алаңның белгілі бір жерінде тұрған себетке бағыттаулары тиіс. Себетке көп допты дәл тастаған команда жеңіске жетеді.
3. Алаңға екі команда шығады. Олардың бірі шабуылдайды келесілері қорғаныста. Шабуылдайтын команда секіріп барып теннис доптарын сеткаданың ар жағына лақтырады, ал қорғаныстағылар екі қолдарына теннис ракеткаларын ұстап доптарды қабылдап алып оны алаңның белгілі бір жерінде тұрған себетке бағыттаулары тиіс. Себетке көп допты дәл бағыттаған команда жеңіске жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет