Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



Дата07.02.2022
өлшемі46,5 Kb.
#89565
Байланысты:
1.Жеңіл атлетик-WPS Office
Презентация1, d-ris





Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
Орындаған: Колдасбаев Руслан (2курс 2 топ)

1.Жеңіл атлетика, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді.


2.Бәсеке (лат. concurrere) — бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.
3.Жүгіру, спорттық жүгіру – жеңіл атлетиканың негізгі бір түрі. Оның тегіс жерде әр түрлі қашықтыққа Жүгіру (жүгіру жолымен және тас жолмен), кедергілі (барьерлі) Жүгіру (сондай-ақ стипль-чейз), кросс, марафондық Жүгіру сияқты түрлері бар.
Қысқа қашықтықтар
-60 м ; -100 м; -200 м
Орта қашықтықтар
-800 м ; -1500 м; -2000 м; -3000 м
Алыс қашықтықтар
-5000 м ; -10000 м; -20000 м ; -30000 м
4.Жүгіру кезіндегі ең негізгі 12 қателік
Жүгіру спортымен айналысатын әрбір адам жарақаттың алдын алып, физикалық сымбатын арттырып, денсаулығын нығайтуды қалайды, бірақ жаңадан бастаған спортшылар да кәсіби жүгірушілер де мақсатына жетуге кедергі келтіретін бірқатар қателік жіберуі мүмкін. Тәкаппарлық құрбаны болмаңыз. «Бұл қателіктер тізімін көрген кез келген жүгіруші маман ұсынған әрбір кеңесті құптары анық», - дейді Мэтт Фитцджеральд, «Марафонның жаңа ережелері және жартылай марафон тамақтану режимі» атты кітаптың авторы және спорт саласындағы диетолог.
1.Қашықтықты тым жылдам ұзарту
2.Динамикалы бой жазу жаттығуларының жеткіліксіздігі
3.Ыңғайсыз аяқ киіммен жүгіру
4.Ауыспалы жаттығуларға қабілетсіздік
5.Уақытылы тамақтанбау
6.Шамадан тыс жаттығу
7.Бірқалыпты жүгіру
8.Дененің жоғарғы бөлігіндегі қысым
9.Тек қатты жерде жүгіру
10.Табанды дұрыс баспау
11.Кәсіби мамандар кеңесіне жүгінбеу
12.Тым биік мақсат қою
5.Секірудің көптеген түрлері бар. Солардың ішіндегі ең қарапайымы-бір орында ұзындыққа секіру. Секірудің бұл түрі кезінде дененің оң жақ және сол жақ жартылары тепе-тең қозғалыстар жасайды. Аяқ алдын ала бүгіледі, осы кезде бұлшық еттер жиырылып осы төменгі жақтың барлық бөліктері жазылады, соның нәтижесінде дене әуеге көтеріле лақтырылады, сөйтіп ытқу алған бұрышына сәйкес өзінің ауырлық орталығымен доға сызық (парабола) бойымен ұшады. Физикалық дене үшін де, жануарлар организмі үшін де дененің ауырлық орталығы ұшатын деңгейі мен ауырлық орталық ытқу алатын бұрышы бірдей болады. Бұл байланыстылық мынада, егер ауырлық орталық тірек бетінен оған 900 бұрыш жасай ытқитын болса, онда дене ептеп жоғары көтеріледі де, қайтадан сол өз орнына түседі. Егер серпу 450-қа сәйкес келсе басқа жағдайлар бірдей болғанымен ұшу қашықтығы ең көп болады. Егер , бұл бұрыш 450-тан үлкен, бірақ 900-тан кіші болса, онда адам биігірек, бірақ жақынырақ ұшады, ал 450-тан аз болса, ұшу төменде, түсу қашықтығы да алыс болмайды. Бірақ, іс жүзінде бірқатар қосымша жағдайлардың ықпалымен ұшу қашықтығын алыстатуға мүмкіндік бар. Мысалы, қашықтыққа жүгіріп барып секіретін болса, 450-тан аз бұрыш жасай секіргеннің өзінде барынша алысқа ұшып түсуге болады. Бұлай болатын себебі-екпінмен секіргенде ытқу бағыты ғана емес, сонымен бірге дененің екпін алар алдындағы әрекет қимылында үлкен маңызы бар. Дене итеріліп ытқу алатын бұрыштың шамасына қарсы соққан жел мен арттан қуалай соққан жел де әсер етуі мүмкін.
Секірудің қандай түрі болмасын солардың біреуін орындаған кезде негізгі әсер ететін күштер - жерден күш ала тіреніп жылжып кету күші мен дененің өзінің ауырлық күші болып саналады.
6.Бүкіл секірісті негізгі 4 кезеңге бөлуге болады. Олар:
1. Дайындық кезеңі
2. Ытқу кезеңі
3. Ауада қалықтау кезеңі
4. Жерге түсу кезеңі

Дайындық кезеңі тізені бүгуден және осымен бірге мезгілде ауырлық орталық тігінің алға, тірек ауданының шетіне қарай ауысуынан басталады.


Ытқу кезеңі немесе ырғу кезеңі аяқ буындарының бірден тез жазылуынан тұрады. Буындардың осылай шапшаң жазылуы нәтижесінде тіреліп жылжу дененің ауырлық орталығына беріледі, сөйтіп осының ізінше қалықтау кезеңі басталады. Ытқу сәті өте-мөте жауапты сәт болып табылады, өйткені бүкіл дене бұлшық еттерінің, солардың ішінде аяқ бұлшық еттерінің барынша жиырылуын талап етеді. Табандағы барлық бұлшық еттер жиырылады, балтырдың артқы және сыртқы бетіндегі бұлшық еттер, санның төрт басты бұлшық еттерінің бастары, ұршық буынының артындағы бұлшық еттер күшті жиырылады.

Қалықтау кезде дене ауырлық күшінің доға сызық деңгейі алдын –ала (ытқу кезеңінде) берілгендіктен оның тек сырттан әсер ететін күш арқылы ғана (мысалы, қарсы алдынан соққан немесе жолай соққан желдің күшімен ғана) өзгертуге болады. Секірудің әдеттегі жағдайлары кезінде сыртқы күштер денеге айтарлықтай әсер етпейді. Бірақ бұлшық еттердің қозғалыстары арқылы дененің қалпын оның өз ауырлық орталығының қалықтау деңгейін өзгертуге болады. Денені көлденең немес бүгілу қалыптарына келтіруге мүмкіндік бар. Дененің қалпын осылай өзгкрту арқылы дәл осы траекторияда қалықтау биіктігі мен қашықтығын белгілі дәрежеде арттыруға немесе азайтуға болады. Таяқшадан асып секірген уақытта денені бүгу арқылы дене таяқшаның үстімен өтсе де оның ауырлық орталығын таяқшаның астынан өткізуге болады дейтін пікір бар. Теориялық тұрғыдан бүкіл дененің қозғалысы мен оның ауырлық орталығының қозғалысы арасында мұндай ара қатынасты мүмкіндік деуге болады. Секірген кезде қолдарды қозғалтудың белгілі маңызы бар. Егер түрегеп тұрып қолды шапшаң әрі күшті сермейтін болса, онда бүкіл дененің аздап орын ауыстырғанын байқауға болады. Қолдарын жұлқып сермеу арқылы спортшы дене салмағының екпінін жеңеді, сөйтіп оларды кейбір қозғалыстарға келтіреді. Сөйтіп қолдың салмағы дененің салмағынан көп болғанымен бүкіл дененің, массалық екпінін жеңеді. Сол себептен секірудің ытқу кезеңінде қолдың сермеуі дененің жалпы ауырлық орталығының траекториясына біраз әсер етеді. Қалықтау кезеңінде бүкіл дене өз қалпын ептеп өзгертеді. Егер ұзындыққа секірудің ытқу сәті кезінде ауырлық орталығының тік сызығы тірек ауданының алдынан өтетін болса, жерге түсу сәтінде ол оның арт жағынан өтеді.



Секіру жерге түсу кезеңімен аяқталады. Жерге түсу кезінде аяқтың бұлшық еттері дене жерге түскенде алатын соққыны жеңілдету жұмыстарын атқарады.
Жерге түсу кезінде аяқ тиетін жер немесе алаң ауырлық орталығының қалықтау доғасының жалғасына орналасса ғана тепе-теңдікті сақтауға болады. Басқаша айтқанда, бұл жалғас жерге түсу алаңының ішімен өтуге тиіс. әдетте ұзындыққа секірген кезде жерге алдымен өкше тиеді, соның салдарынан бүкіл аяқ басының солқылдақтық қасиеті толық пайдаланылмайды. Жерге аяқтың ұшымен түсу аяқ басын қатты бүгуді талап ететіндіктен іс жүзінде оны орындау мүмкін емес. Ытқу сәтінде қолдың жоғары қарай сілтенуі демді ішке қарай алуға ықпал етсе, қалықтау кезінде тыныс біраз тоқталып қалатыны байқалады, ал жерге түсу кезеңі демді іштен шығаруға ықпал етеді.
7.Диск лақтыру — жеңіл атлетиканың түрі, белгіленген шеңбердің ішінен лақтырғаннан кейін арнайы шектелген аумақтың ішіне түседі.[1] Спортшылардан жігер мен қозғалыс координациясын талап етеді. Жеңіл атлека тәртібі бойынша олимпиада ойындарына ерлер арасында 1896 жылдан, ал әйелдер арасында 1928 жылдан бері кіреді. Жеңіл атлетика көпсайысына жатады.
Жарсы пен ережелері
Жарысқа қатысушылар диаметрі 2.5 метр дөңгелек ішінен диск лақырады. лақтыру қашықтығы деп дөңгелектің сыртқы радиусынан диск түскен жерге дейінгі қашықты айтады. Ерлер пайдаланатын диск салмағы — 2 кг, ал әйелдердік — 1 кг (Жастар үшін -1.5 кг, Жасөспірімдер -1.75 кг).
IAAF ресми жарыстарында спортшылар алты талпыныс жасайды. Егер қатысушылар саны сегізден көп болса, алғашқы 3 талпыныс бойынша сегіз мықыт іріктеліп өзара мықтыны алты талпыныс жасап анықтайды.
Дискіні лақтыру қоршалған рұқсат етілген горизонттық бұрышы 350 болатын торлы сектордан жүргізіледі. Спортшыға диск жерге түскенше сектор сыртына шығуға рұқсат етілмейді. лақтыру кезінде диск сектор қоршауна тиуі мүмкін, егер басқа ереже бұзу байқалмаса.
Найза лақтыру (javelin throw), жеңіл атлетиканың тәртібі; ағаш немесе темір найзаны ұзындыққа екпінмен лақтыру. Спортшы екпінмен секіргеннен кейін (10-12 қадам) найзаны лақтырады, лақтырылған құрал ұшымен жерге қадалуы керек. Найзаның ұзындығы ерлер жарысында 260 см, ал әйелдер жарысында – 220 см тең болады. Найзаны лақтыру Ежелгі Грекиядағы олимпиадаларда бессайыс бағдарламасында болған. Спорттың бұл түрі 1896 жылғы бірінші Олимпиадалық ойындар бағдарламасына енгізілген. Әйелдер спорттың бұл түрімен 1932 жылдан бастап олимпиадаларда жарыстарға қатыса бастады.
10..Жабық кешенді спорт құрылыстарына спорт сарайлары мен залдары жатады. Қосалқы құрылыстар мен ғимараттарда дене тәрбиесі мен спорт бойынша жаттығулар, сондай-ақ спортшылар мен көрермендерді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар өткізіледі. Сондай ғимараттар мен бөлмелерге жататындар: вестюбильдер, гардеробтар, спортшылар мен нұсқаушылар үшін киініп-шешінетін бөлмелер, спортшылар мен бапкерлер үшін душ бөлмесі мен әжетхана, жалпы көпшілік пайдаланатын, сылап-сипайтын, дәрігерлік кабинеттер, бапкерлер мен нұсқаушылар бөлмесі, төрешілер белмесі, буфеті бар демалу белме¬лері, көрермендер ушін буфеттер мен мейрамханалар, жабдықтарды, снарядтар мен спорттық құралдарды сақтайтын қоймалар, спорт құрал-жабдықтарын жалға беретін, әкімшілік- шаруашылық ғимараттары, ди¬рекция, комендатура, полиция, кассалар, күзет, шеберханалар, гараждар, қазандықтар, сорғылар, телефон стансасы, радио торабы, радиотелехабарлар тарату үшін ғарышпен байланыс жасау арнасы, монтаждау бөлмесімен байланысқан комментаторлар кабиналары, трансфор¬матор орналасқан, шаруашылық жабдықтарын сақтау үшін бөл¬мелер (жабық жене жартылай жабық) санитарлық-техникалық жабдықтар сақталатын қоймалар және басқалар (хлораторлық, фильтрлер, кондиционерлер және т.б.), көрермендер үшін орын (трибуна). Барлық спорт ғимараттары пайдалануы бойынша олар негізгі төмендегідей топтарға бөлінеді: 1. мектеп жасына дейінгі балалар үшін дене тәрбиесі ғимараттары; 2. мектеп спорт құрылысы; 3. жоғары оқу орындарының, колледждердің, гимназиялардың, мектептердің, оқу орындарының; 4. өндірістік гимнастика үшін фабрика-заводтардың спорт құрылыстары; 5. клубтық-спорттық; 6. жалпы қалалық және муниципальдық; 7. шаруашылықтардың, фирмалардың; 8. ар¬найы спорт ғимараттары; 9. емдеу-дене тәрбиесі ғимараттары (жағажайлар, санаторийлер, курорттар, демалыс үйлері және т.б.). Жаңа қаланы жобалап, құрылысын салғанда және ескі қалаларды жаңартқанда жалпы қалалық маңыздағы спорт құрылысын салу қарастырылуға тиіс. Бұрыннан бар және жаңадан салынатын жекелеген барлық адамдарда қарапайым дене шынықтыру және ойын алаңдарын, 1 тұрғынға 0,5 - 2 м. келетін есеппен мектепке дейінгі бала¬лар үшін алаңдарды орналастыруды қарастыру талап етіледі. 25-30 мың халық тұратын түрғын аудандарда клубтар мен іргелес етіп стадион, сондай-ақ жүзу үшін ашық жүзу әуездерін салу керек. Әрбір қалалық ауданда, саябақпен көршілес етіп аудандық стадионның, ал ірі аудан¬дарда жүзу үшін жабық жүзу әуезі қарастырылуға тиіс. Балалардың спорт алаңдарын әрбір мектеп пен колледждер немесе аудандық саябақтарда, бауларда және балалар саябақтарында орналастыру қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет