Кіріспе Зертханалық жұмыстар физика пәнінен студенттердің орындайтын оқу жұмысының маңызды түрі болып табылады және ол бағдарламада қарастырылған сағаттар көлемінде орындалады



бет62/71
Дата11.12.2021
өлшемі4,79 Mb.
#99164
түріСабақ
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   71
Байланысты:
жаңа зертханалық 2019.docx

2 - тапсырма. Жарық сүзгілерін зерттеу (дифракциялық тордың көмегімен спектрдің көрінетін бөлігіндегі жарық сүзгілерінің мөлдірлік аймағын анықтау).
Сүзгі мөлдір болатын, тұтас спектрдің бөлігі - жарық сүзгісінің мөлдірлік аймағы немесе оның өткізу жолағы деп аталады.

Бұл тапсырманың мақсаты - сүзгінің мөлдірлік аймағын анықтау. Ол үшін, сүзгінің мөлдірлік аймақтарының қ қысқа толқын және ұ ұзын толқын шекараларын табу керек. Мөлдірлік аймағы қ және ұ ның арасында болады.

1. Оптикалық тағанға (5 - сурет) тұтас спектр беретін (1) қыздыру шамын (2) тесігі бар (4) экранды және (3)дифракциялық торды орналастырыңыздар. Тордың тұрақтысы оның қабығында жазылған.

2. Галоген шамды «Шамдарды қоректендіру блогындағы» «Галоген шам» деген орынға орналастырып, галоген шамын қосыңыздар және тесікті немесе дифракциялық торды вертикаль бағытта қозғалта отырып, жарық сәулесінің дифракциялық торға түсуіне қол жеткізізіңдер.

3. Дифракциялық тор арқылы шкаласы бар (4) экранда тұтас спектр түріндегі дифракциялық көріністі аламыз. Дифракциялық тормен тесіктің ара қашықтығын өзгерте отырып, 1 және 2 ретті спектрлердің анық кескінін алыңыздар.

4. Зерттелетін (5)жарық сүзгісін жарық жолына (5 - сурет) орналастырып, оның түсін 2 - кестеге жазыңыздар.

5. Дифракциялық тор мен экранның L ара қашықтығын өлшеңіздер.

6. Бірінші ретті спектрді бақылаңыздар. Орталық максимумнан солға және оңға қарай шкаладан жарық сүзгісі өткізетін жарықтың қысқа толқынды шекарасының орнын (6 - сурет) 1 мм. дейінгі дәлдікпен анықтаңыздар. Өлшеу нәтижелерін 2 - кестеге жазыңыздар.

7. lқ - ның орташа мәнін тауып, (4) - формула бойынша спектрдің қ қысқа толқынды шекарасын есептеңіздер.

8. Осыған ұқсас есептеулер мен өлшеулерді екінші ретті спектр үшін де жүргізіңіздер. 1 және 2 ретті спектрлердің қ алынған екі мәндері бойынша, орташа мәні алынады. Осы мән жарық сүзгісінің өтетін жарықтың қысқа толқынды шекарасының ең нақты мәні болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   71




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет