Кіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі


Зерттеу жұмысының міндеттері



бет2/2
Дата29.05.2020
өлшемі62,21 Kb.
#71643
1   2
Байланысты:
дарынды балалармен жұмыс жүргізудің жолдары

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Балалар дарындылығының ғылыми-теориясының шығу тарихын қарастыру;

  • Дарындылық және дарынды балалар туралы түсінік беру;

  • Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлерін талдау;

Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Курстық жұмысы кіріспеден, бір бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған 20 әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ ЖОЛДАРЫ

1.1 Балалар дарындылығының ғылыми − теориясының даму тарихы
Қазақстан Республикасындағы білім беруді жаңғырту жағдайында дарынды балалар тұлғасының ішкі әлеуетін дамыту ең көкейтесті мәселе болып табылады.

Дарынды балаларға бүгінгі қамқорлық − бұл Қазақстан Республикасы ғылымының, мәдениетінің және әлеуметтік өмірінің болашақ дамуына деген қамқорлық. Жоғары деңгейдегі жеке жетістіктер әдетте тұлғаны өзін-өзі қолға алуға ықпал ететін және қоғамды алға жылжытатын қозғаушы күш.

Бала дарындылығын дамыту жүйесі мұқият ойластырылуы, шынайы дараланып және оны жүзеге асыру қолайлы жас кезеңдеріне сай болуы тиіс. Дарындылықты дамытудың осындай қолайлы кезеңі мектепке дейінгі балалық шақ болып табылады. Заманауи білім беру тәжірибесі көрсеткендей балалар арасында айтарлықтай айырмашылықтар болады. Құрбыларына қарағанда шығармашылық қабілеттерімен, жіктей білетін, жалпылай білетін, өзара байланысын таба білетін біліктіліктерімен неғұрлым дамыған зайырлы балалар айырықша көзге түседі. Олар үнемі өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша ізденіс үстінде болады, зеректік, дербестік, белсенділік танытады [1, 23бет].

Тұлғаның шығармашылық әлеуетін іске асыру мәселелері ажырамас бөлшегі болып табылатын дарынды балалармен жұмыс мектепке дейінгі ұйым жұмыстарындағы басым бағыттардың бірі.



Бұдан шығатын қорытынды, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін дарындылықтың алғышарттары байқалған балаларды уақытында анықтау, олардың қабілеттерін сақтау және одан әрі дамыту үшін, балалардың жеке белсенділіктеріне сүйене отырып, педагог-психологтардың, тәрбиешілердің, арнайы мамандардың, ата-аналардың күшін біріктіретін арнайы жұмыстар жүргізілуі қажет. Тұлғаның даралық құқығы жүзеге асырылатын нақты нұсқалардың бірі дарынды балалармен жұмыс.

Дарындылықты тұңғыш рет ағылшын антропологы Френсис Гальтон зерттеген болатын. Ол дарындылық психологиясы тарихында үлкен еңбек сіңірді. Ф. Гальтон дарындылық − тұқым қуалайтын факторлардың нәтижесі екендігін алғаш рет дәлелдеуге тырысты. Оның «Таланттың тұқым қуалауы − оның заңдары мен нәтижелері» атты кітабы ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кең таралған психологиялық еңбектердің бірі болды. Дарынды балалардың психологиясын зерттеуде француз ғалымы Альфред Биннің орны ерекше, ол тұлғаның танымдық әрекетіне сынақ жүргізген. Сонымен қатар, өте ұзақ зерттеу жүргізген АҚШ ғалымы Льюис Тердің еңбектері дарындылық психологиясында үлкен рөл атқарды. Заманауи психологияда ең кең таралғаны американдық ғалым Джозеф Рензуллидің адамның зияткерлік қабілеті, креативтілікті туралы зерттеуге арналған көптеген сынақтамаларынан тұратын тұжырымдамасы. Ғалымдардың ерте заманнан бастап жинақталаған дарындылық мәселелері туралы тәжірибелері қазіргі кезеңге дейін қолданылуда. Дарынды баланы табу оңай емес, осы күнге дейін «дарындылар» санатына жататын балаларды анықтайтын бірыңғай диагностикалау тетігі әзірленген жоқ. «Дарындылық» ұғымы − бұл жүйелі, бір немесе бірнеше әрекет түрі бойынша адамның басқа адамдармен салыстырғанда жоғары нәтижеге жету мүмкіндігін анықтайтын, өмір бойы дамитын психикасының сапасы. «Дарынды бала» − белгілі бір әрекет түрлерінде табыстарымен жарқырап көрінетін, өресі биік бала. Дарындылық − орта деңгейден жоғары зияткерлік қабілеттер, креативтілік және қайсарлылық тоғысқан үш мінездеме. Дарындылықтың жас ерекшеліктері Баланың дарындылығы өте ерте байқалады. Оның дамуының өте қарқынды кезеңі 2 жастан бастап 5 жасқа дейін. Осы жаста тұлғалық негізі қалыптасады және ол өзін көрсете бастайды. Әртүрлі салалардағы әрекеттерде ырық бермей, алғашқы ықтиярсыз қабілеттері пайда болады. Мектепке дейінгі жастағы дарындылық бірнеше кезеңдерден тұрады: Бірінші кезең (2-3 жас) бұл кезеңде бала алғашқы сенсорлық әсер алады. Екінші кезең (3-4 жас) әрекеттерге еніп кетеді, табиғи материалдардың бастапқы белгілері туралы түсінігі пайда болады, өте белсенді, оған кең ауқымдағы әртүрлі әрекеттерге мүмкіндігі бар. Үшінші кезең (4-5 жас) баланың шығармашылық ізденіс кезеңі, қосымша әрекеттер үшін қабілетті балаларды біріктіруге болады. Төртінші кезең (5-6 жас) бала оң нәтижелерге жетуге ұмтылады. Бесінші кезең (6-7 жас) дарындылық өздігінен таныла бастайды. Дарындылық танылудың келесі кезеңі (11-14 жас) мәселелер болжамдық (гипотезалық) құрылымға ие болады, зерттеушілік сипат алады. Дарындылықты танудың қорытынды кезеңі (15-20 жас). 7 Дарындылықтың белгілері – дарынды балалардың ерекшеліктері оның шынайы әрекеттерінде көрінеді және оның әрекеттер сипатын бақылаған кезде бағалануы мүмкін. Дарынды балалар тәртібінің уәждемелік аспектілері төмендегі белгілермен сипатталуы мүмкін: көтеріңкі, заттық шынайылықтың белгілі бір тұсын немесе өзбелсенділігінің белгілі бір түрін таңдайтын сезімталдық, әдетте қанағаттанған сезімде болады; белгілі бір әрекетке деген аса қызығушылығы айқын көрінеді, қандай да бір затқа төтенше жоғары ынталылық танытады. Еңбексүйгіштігі мен табандылығын көрсету арқылы белгілі бір қызмет түріне аса икемі бар; жоғары танымдық қажеттілік, барлығын білуге құштарлығы, сондай-ақ өзінің бастамасының қажетті шеңберден шығып кететін дайындығы бар; стандартты,кәдімгі тапсырмаларды және дайын жауаптарды қабылдамайды; өз еңбегінің нәтижесіне сынмен қарайды, аса күрделі мақсаттар қоюға бейім, соған жетуге талпынды.

«Дарындылықтың қалыптасу дәрежелері» критерийі бойынша дарындылық түрлері Дарынды бала ұғымына, ондай балаларды табуға, олармен жұмыстың ерекшеліктеріне, олардың психологиялық мәселелеріне (Л.А. Венгер, Ю.З. Гильбух, Н.С. Лейтес, Г.В. Бурменская) көптеген еңбектер арналды. Соңғы жылдары балалар арасындағы дарындылық мәселесі «көлеңкеден шықты» және бұл үлкен қызығушылық тудыруда. Бұл мәселелердің күмәнсіз шынайылығы мен маңыздылығынан болып отыр. Көкейтесті дарындылық − психикалық даму көрсеткіштері бойынша жас ерекшелігі және әлеуметтік нормамен салыстырғанда нақты пәндік сала бойынша ең жоғары деңгейде орындалған қызметтерден байқалатын баланың психологиялық мінездемесі. Әлеуетті дарындылық − қандай да бір әрекеттерде жоғары жетістіктерге жететін, белгілі бір психикалық мүмкіндіктері (қабілет) болады, бірақ функционалдық жетіспеушіліктерінен өзінің мүмкіндіктерін жүзеге асыруға шамасы келмейтін баланың психологиялық мінездемесі. «Айқындалу формасы» критериі бойынша дарындылық түрлері Айқын дарындылық бала әрекеттерінде анық және нақты көрінеді (өзінен өзі сияқты), оның ішінде қолайсыздық жағдайларда байқалады. Бала жетістігі өте айқын оның дарындылығы күмән келтірмейді. Жасырын дарындылық бала әрекеттерінде шамалы байқалып, жасырын формада білінеді. Ғалым педагог Л. В. Поповтың ойынша, өз жасынан жылдам жетілген балаларда, жасының және жеке өзіндік белгілері өте айқын, тіпті драмалық жағдайда байқалады. Жасына сай дамитын ақыл ойының ерекше артуынан үміт 8 етіп, ерте табысқа жетумен келісу оңайға соқпайды. Жас ерекшеліктеріне сай өзіне лайықты назар аудартудың ұзақ мерзімді мағынасы болмайды. «Дарынды балалар» ұғымы кең ауқымда қолданылады. Егер бала өзінің қатарының арасында шығармашылық жаттығулар да ерекше табысты болса оны дарынды бала деп атауға болады. «Дарынды бала − әртүрлі әрекет түрлерінде ішкі бастамалары бар, өзінің жарқын, кейде айырықша жетістіктерімен ерекшеленетін» бала ұғымының анықтамасы болады. Дарындылықтың типтері: зияткерлік, академиялық (жоғары зайырлылық), көркемдік, креативтілік, көшбасшылық, спорттық. Балалардың дарындылығы саласындағы арнайы маман Н. Лейтес балаларды үш санатқа бөліп, әртүрлі педагогикалық тәсілдермен жіктейді, олардың ішінде кейбір қабылданған дарындылық атаулары: IQ зор балалар; қандайда бір әрекет түрлерінде жетістікке жеткен балалар; жоғары креативті балалар. Әртүрлі саладағы дарындылықты тану анықталған жас ерекшелігі арқылы жүзеге асырылады. Әсіресе, музыкаға, содан соң суретке деген дарындылықты ерте байқауға болады; жалпы ғылымға деген дарындылықтан гөрі өнерге деген дарындылық ерте байқалады; ал ғылымда математикаға деген дарындылық ерте байқалады. Жалпылама зияткерлік дарындылық жоғары деңгейдегі зияткерлік даму мен ақыл әрекетінің сапалы ерекшелігінен байқалуы мүмкін. Кейде дарынды балалардың өз құрбыларынан ешқандай айырмашылығы болмайды. Дегенмен, дарындылықты кең ауқымды жеке-психологиялық қабілеттерінен аңғаруға болады. Көбінесе дарынды балаларды құрбыларынан ерекше келбетінен де айыруға болады. Әдеттегідей, дарынды балаларда зерттеу белсенділігі мен білуге құмарлығы ерекше байқалады. Психофизиологиялық зерттеу мұндай балалардың миында биохимиялық және электр белсенділігі жоғары болатындығын көрсетті. Дарынды балалар игерген және өңделген ақпараттардың жетіспеушілігінен күйзеле қабылдауы мүмкін. Сондықтан олардың белсенділігі шектелуі, неврологиялық сипатымен көрінуі ықтимал. Дарынды балалар өте жақсы жадының арқасында абстрактілі ойлау мен сөйлеуді ерте игереді. Сондай-ақ, дарынды балалар сұрақ қоюды, күрделі синтаксистік құрылымды біледі. Көптеген дарынды балалар қызығушылықпен энциклопедиялар мен сөздіктерді оқиды, сөздер шығарады, олардың ойы бойынша өздерінің түсініктері мен оқиғаны елестету арқылы сана сезім қабілетінің белсенділігін талап ететін ойындарын ойнауды жөн санайды. ең алдымен, жалпы ақыл-ой қабілеті байқалады және қандай да бір мамандану болмайды; қандай да бір арнайы білім саласында жоғары қабілеттілігі көрінеді Бұл тип тармақтарының басты айырмашылықтары уақыт еншісіндегі мәселе – басында жоғары қабілеттілік “барлық спектр” бойынша көрінеді, ал уақыт келе қабілеттердің мамандандануы және қызығушылығы айқындалады. 9 Акселераттар ретінде танылатын дарындылықтың осы ақылдырақ типтерін, тіпті «вундеркинд» деп атау қабылданған. “Академиялық” деп аталатын типтің дарындылықтың интеллектуалдық типінен біраз айырмашылығы бар. Осы дарындылық типіндегі аса жоғары интеллектіліктің орны ерекше, үйренуге деген айырықша қабілеттілік алдыңғы орынға шығады. Дарындылықтың бұл типіндегі балалар, ең алдымен материалды тамаша игереді, яғни оқиды. Олардың танымдық саласының ерекшеліктері (ойлауы, жады, назары), кейбір ынталарының мынадай ерекшеліктері бар, оларға оқу өте жеңіл, әрі жағымды. Көркемдік тип – дарындылықтың бұл түрі жоғары табыстарға жеткен көркем өнер қызметтерінде − музыкада, биде, көркем сурет өнерінде, мүсіндеуде, сахналық әрекеттерде айқындалады. Жоғарыда көрсетілген дарындылықтың үш белгісін педагогтардың өздері салыстыра отырып оңай анықтай алады. Көптеген жағдайларда оларды диагностикалау да психологтардың арнайы көмегін қажет етпейді. Дарындылығы дау тудырмайтын және дарыны айқын көрініп тұрған дарындылықтың екі түрі бар, алайда баланы педагогтар осал, болашағы жоқ деп санаған кезде бұл түрлерге қатысты жағдай біршама күрделене түседі.Әдетте, көп жағдайда бұл креативтілікпен немесе шығармашылық дарындылықпен байланысты болып жатады. Креативті тип. Бұл типтің негізгі ерекшелігі өзгеше ойлауынан, өзгелерге ұқсайматын әлемге айырықша көзқарасынан байқалады. Дарындылықтың осы типін практикада анықтау үлкен күшті қажет етеді. Себебі, стандартты бағдарламалар осындай балаларға өзін көрсетуге мүмкіндік бермейді. Негізінен барлық шығармашылық қабілетке ие балалар мінезінде айқын көрінетін кемшіліктер кездейсоқ болып табылмайды. Бұл дәйек олардың өздерін жайсыз сезінуінен, яғни өзге құрбыларымен бірге «аяқ» басуға құлықсыздығынан, тіпті икемсіздігінен, олардың дарындылық тұлғасының негізі, сондай-ақ, әлемді стандартты емес жағдайда басқаша қабылдауынан болатын жағдай. Шығармашылық дарындылықтың көптеген әртүрлі нұсқалары бар: кез келген қызметті, қай істі қолға алса да алапат шығармашылық мүмкіндіктерді көрсететін балалар және бір ғана салада дарындылығымен ерекшеленетін балалар кездеседі. Салыстырмалы түрде жеңіл көруге болатын, алайда нақты дарындылықтың түрі ретінде қабылдауға қиын дарындылықтың бір типі − көшбасшылық немесе әлеуметтік дарындылық деп аталады. Мұндай дарындылық өзге адамдарды түсіне білу, олармен конструктивті қарымқатынастарды құру, сол адамдарды басқара білу қабілеттерімен сипатталады. Көшбасшылық дарындылық көптеген зерттеушілердің пікірінше, интеллектінің жоғарғы деңгейін қажет етеді. Бірақ, бұған қоса жақсы дамыған түйсік, өзге адамдардың сезімдерін және қажеттіліктерін түсіне білу, жаңашыр бола алу қабілеттері де керек. Көп жағдайларда бұл қабілеттер шешуші рөл атқарады. Әрекеттедің көшбасшылары болады. Олар көп адамдарға маңызды шешімдерді қабылдай алады, қозғалыстың мақсаттары мен бағыттарын белгілейді, өздерінің соңынан адамдарды ерте алады. Сондай-ақ, дарынды балалар жіті назар 10 салуымен, өздерін қызықтыратын салада нәтижеге жету үшін табандылық танытуымен ерекшеленеді. Алайда, олардың көбіне тән әралуан қызығушылықтар кейде дарындыларды бірнеше істі қатар атқаруға, өте күрделі мәселелерді шешуге талпынуға әкеледі. Дарынды балалар құрдастарының алдында біршама басымдықтарға ие. Олар өз ерекшелігі бар қиындықтарға да ұрынып жатады. Біріншіден, бұл балаларының дарындылығына деген ата-аналардың көзқарасымен байланысты. Кейбіреулер өз баласының бойынан ерте көрінген дарындылықты байқағанда, тәрбиелеудің мақсат-міндеттерін өз түсініктеріне сәйкестендіріп, барлық күшін сол баланың қабілеттерінің дамуына салады. Осы жерде мынаны айтып өткен жөн: академик А.В. Петровский өз баласын вундеркинд санап, бұл сөздің алғашқы бөліміне ғана назар аударып, баланың әлі де шалалығын ұмытып, баланың ерекшелігіне назар аударады. Егер дарындылық белгілі-бір арнаулы салада көрініс тапса, онда ата-аналар баланың осы саламен дендеп айналысуына мүдделі болып, баланың өзге қабілеттері мен икемділігінің толыққанды дамуына кедергі келтіреді. Көптеген белгілі ғалымдар, музыканттар, суретшілер мен жазушылар өздерінің алапат қабілеттерін ерте жастан көрсеткен. Кішкентай А. Моцарттың, К. Гаусстың, Н. Винердің, Г. Лейбництің, В. Гюгоның, Ф. Шуберттің, И.А. Римский-Корсаковтың, М. Мусоргскийдің жарқын шығармашылық жетістіктері көпшілікке аян. Жоғарыда айтылғандай, дарынды балалар өскенде атақты адамдарға жиі айналатыны жасырын емес. Алайда, үнемі да бұлай бола бермейді. Бұған керісінше, балалық шағында ешқандай ерекшеленбеген адамдардың ер жеткенде жоғарғы жетістіктерге жету жағдайлары да өмірде аз кездеспейді. Көптеген атақты адамдардың өмірбаяндарына қарасақ, олардың алапат ойлау қабілеті айналадағы кісілердің назарына ілікпеген жағдайларға жиі жолығамыз. Мәселен, Н.Коперник дарынды балалар санатында болмауымен қатар, ресми түрде астроном-ғалымдардың қатарына да енгізілмеген. Дарындылықтың сапалы мінездемелерін талдау, адамның психикалық мүмкіндіктері мен оларда белгілі бір түрде көрінетін дарындылықтың өзіндік сапалы түрлерін айқындауды қарастырады. Дарындылықтың әрбір түрі барлық деңгейдегі психикалық ұйымдастырулардың нақты берілген әрекет түріне маңыз беретін деңгейдің басымдығымен бір мезгілде іске қосылуын қарастырады. Мысалы, музыкалық дарындылық алдыңғы орынға сенсорлық-моторлық қасиеттер немесе эмоционалдық-экспрессивтік қасиеттер шығатын психикалық ұйымдастырудың барлық түрімен қамтамасыз етіледі. Дарынды балалардың писихологиялық ерекшеліктері [2, 57 бет].

Дарынды балаларға тән оза дамудың мынадай ерекшеліктері бар:

- қабылдауының ауқымдылығымен ерекшеленетін балалар;

- есте сақтауы жоғары деңгейдегі балалар;

- тілі ерте дамыған, бай сөздік қорға ие балалар;

- зейін қоюы жоғары деңгейдегі балалар;



Дарынды балалардың мінез-құлқында шыншылдық сезімдері жоғары, жақсы әзілқой сезімдерге ие, сонымен қатар тез өзгеретін, шыдамсыз,үнемі назарда болғанды ұнататын қасиеттерін байқатады, оларға қорқыныш, жоғары сезімталдық тән. Бала тұлғасы мен дарындылығының дамуына ықпал ететін табиғи факторлар мен мақсатқа бағытталған тәрбие және оқытудың ролі мен үлесін қаншама қарастырсақ та, отбасының маңызы, соның ішінде ата-ананың жоғары деңгейде көңіл бөлуі шешуші роль атқарады. Осындай балалардың дарындылығын дамыту ата-аналардың өзініңде жоғары танымдық қызығушылықтарын тудыруға ықпал етеді. Ата-аналардың бала тәрбиесінде әрқашанда тұрмыстық мәселелер аясынан тысқары, олардың қарым-қатынасы – ортақ ойындар, компьютердегі бірлескен жұмыстар, күрделі міндеттер мен мәселелерді талқылаулар түріндегі бірлескен танымдық әрекеттер болуы қажет. Жалпы жасы мен ақылының шапшаң қарқынмен дамуы байқалатын жалпы танымдық қызығушылығы негізінде ата-аналар мен балалар бірігуі тиіс. Дарынды балалар даралап оқытуды қажет ететін балалар тобының ерекше бөлігін құрайды. Педагогикалық үдерістің субъектісі бала болып табылатын ұжымдық оқытуды ұйымдастыру мектепке дейінгі дарынды балаларға арналған оқытудың неғұрлым тиімді түрі болып табылады. Қатал түрде емес, еркін жүйеде ұйымдастырылған әрекеттер әр балаға өз бетімен ізденуге және бағытты дербес таңдауда жетістікке жетуге мүмкіндік береді. Шығармашылықты, кәсіби құзіреттілікті меңгерген педагогтың тәрбиелеу мен оқытудағы ролі ерекше. Дарындылық дегеніміз – «даралықты қажет етеді» және әр балаға жеке қарым-қатынас жасайтын дербес тәсіл табу екенін есте сақтау маңызды. Қазіргі кезеңде балалар дарындылығы, оларды анықтау мүмкіндіктері және дарынды балаларға арналған ерекше білім беру бағдарламаларын құру мәселелеріне көптеген психологтар мен педагогтар назар аударып отыр. Сондықтан, дарындылықты диагностикалау және дарынды балалармен жұмыс − арнайы жүргізілген зерттеу мәліметтеріне сүйенеді. Екіншіден, баланың неғұрлым қолайлы өмір сүру жағдайын айғақтайтын жақсы үйренген балалардан дарынды балаларды ажырату үнемі мүмкін бола бермейді. Қабілеттері бірдей, бірақ жоғары әлеуметтік – экономикалық мәртебедегі отбасы балаларының белгілі бір әрекеттердегі жетістіктері жағдайы жасалмаған балаларға қарағанда салыстырмалы түрде жоғары болатыны айтпаса да түсінікті. Нақты баланың дарындылығы белгілі бір шамадағы шартты сипаттама. Баланың ең тамаша қабілеттерінің өзі оның болашақта жететін табыстарының тура және жеткілікті көрсеткіштері бола алмайды. Балалық шақта айқындалған дарындылық белгілерінің біртіндеп дамуы да немесе шапшаң жоғалуы да мүмкін екендігін естен шығармау қажет. Осы мүмкіндікті дарынды балалармен практикалық жұмыс барысында ескерген дұрыс. Дарындылық – өзінің сипатына қарай сан қырлы құбылыс. Тәжірибе үшін – бұл мүмкіндіктер және сонымен қатар нақты бала дарындылығына тән неғұрлым жан-жақты көзқарастардың қажеттілігі болып табылады.

Мамандарыдң пікірі бойынша дарынды балаларға арналған оқу бағдарламалары орта қабілеті бар балаларға арналған бағдарламадан өзгеше болуға тиісті. Сонымен қатар, өзгешілік оқылатын материалдың көлемінің үлкендігімен немесе білім-біліктілік процестің жоғары темпінен анықталмайды. Дарынды балалар әлемнің ерекше бөлігін құрайды, сондықтан оларға өзгеше оқыту процесі қажет екендігін ескерген дұрыс. Көбінесе дарынды балалар өзіндік қабілеттері мен диапзондары және жеке мінездері бір-біріне ұқсамайды. Бағдарламада танымдық процестердің дамуы және таңдалынып алынған жұмыс стилінің кейбір дағдылары арасындағы айырмашылықтар ескеріледі [2, 66 бет].

Дегенмен дарынды балалардың кейбір ортақ істері де бар, сондықтан оқу бағдарламаларында осы жағдайлар ескерілуі керек. Ортақ қасиеттерге, ерекшеліктерге мыналар жатады: принциптің, түсініктің жағдайдың мағынасын тез қабылдау қасиеті. Бұл ерекшелік пысықтауға арналған материалдың және тақырыптың кеңдігін талап етеді;
-проблеманың ұтымды жағынан көңіл бөлу және оларды шешуге ұмтылу қажеттігі. Дәстүрлі оқутыда бұл қажеттілік сирек қанағаттандырылады, оған арнайы оқу бағдарламаларында өзіндік жұмыстар, ашық типтегі тапсырмалар, қажетті танымдық қабілеттерін дамыту арқылы іске асыру қажет;
-түсініктерді есеру, талдау және ұсыну қабілеті арнайы оқу бағдарламаларында жоғары танымдық процестердің мақсатты түрде дамуы бұл қабілеттерді сапалы жаңа деңгейге көтерді және белгілі жағдайдың шексіз қайталануын сақтайды; өз замандастарына ұқсас еместігін түсінуден туған мазасыздық, қобалжу. Оқу бағдалмасына аффектілік компоненттің кіруі балаға өзін және басқаларды түсінуге мүмкіндік береді, өзінің ойларын ашық көрсетуге сонымен қатар өзін және басқаларжы қабылдауға үйретеді.
Дарынды балаларды оқытудың әр түрлі формада іске асатын сан түрлі стратегияларын бар. Бұл үшін арнайы бағдаламалармен жасаланады. Дарынды балаларды оқытудың негізгі бағыттарына темппен байытуды, толықтыруды жылдамдату жатады [3, 19бет]. Дарынды баланы қарапайым сыныпта оқыту біршама уақыт өткеннен кейін оның сыныптастарының істеріне бейімделуі себепті олардан айырмашылығы болмай қалуға әкеліп соғады. Ол жұмыстарының сапасын және санын мұғалімнің күнделігіне сәйкес орындай бастайды. Жылдамдату әдісін пайдаланып оқушыларды оқу бағдарламасына бағыттаудың негізгі талаптары болып мыналар саналады: оқушының жылдамдату қызығушылығы, нақты қызығушылық және жылдамдату қолданылатын сферада жоғары қабілет таныту; кемелденген әлеуметтік-эмоцианалдық жағдай; ата-аналардың келісімі, бірақ олардың қатысуға белсенділік таныту міндет емес; жылдамдату математикаға және шет тілдерге қабілеті бар балаларды оқытудың ең жақсы стратегиясы болып табылады.
Дамыту стратегиясы бірнеше бағытты қарастырады: ой-өрісін кеңейтеді, өзін-өзі тану және қоршаған орта туралы білім; осы білімдерді тереңдету және білім алудың құрал-жабдықтарын дамыту. Қосымша материал мен одан күрделірек мазмұнға арналған байыту бағдарламасы білімнің нақты көбеюіне және ақыл-ойдың дамуына бағытталады. Осындай бағдарламалардың мысал ретінде тақырып, проблема немесе жеке дағдылар бойынша мини курстар болып табылады [3, 25бет].

1.2 Дарындылық және дарынды балалар туралы


Дарынды балалар − жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет, техникаға т.б.) байқатқан балалар. Дарындылықты ақыл-ой дамуының қарқыны бойынша басқадай жағдайлар бірдей болғанда баланың өз құрдастарының озықтық дәрежесі бойынша диагностикалау қабылданған (ақыл-ой дарындылығы тестері осыған негізделген). Мұндай көрсеткішті асыра бағалауға болмайды, өйткені ақылдық шығармашылық жағының бірінші дәрежелі маңызы бар. Басқалардан бұрын балалардың көркемдік дарындылығын (музыка саласындағы, одан соң сурет салуда) байқауға болады. Ғылым саласында бәрінен гөрі математикаға дарындылық тезірек байқалады. Баланың жалпы ақыл-ой деңгейі мен неғұрлым арнайы қабілеттіліктің көркемдігі арасында алшақтық болатын жағдайлар аз емес. Ақыл-ой қабілеті тым ерте дамыған, ерекше айқын жетістіктерге жеткен балаларды вундеркиндтер деп атайды. Алайда, баланың тіпті ең үздік деген жетістіктерінің өзі болашақ таланттың жеткілікті кепілі бола алмайды. Туа біткен бейімділіктер индивидумдық психологиялық ерекшеліктердің қалыптасуының күрделі процесінің бір шарты ғана, оның бәрі қоршаған ортаға байланысты. Балада ерекше қабілеттіліктер болуының нышандары оның жасынан ажырағысыз: олар көбіне кемелдену қарқынына және жастық өзгерістерге байланысты. Дарындылықтың бағалануы тестілеуге ғана негізделмеуі керек − оның дәрежесі мен өзіндік ерекшелігі оқыту мен тәрбиелеу барысында, балалардың белгілі бір мазмұндағы іс-әрекетті атқаруы кезінде байқалады. Ерте бастан мамандандыру күн ілгері және шамадан тыс болмауы керек. Дарынды балалардың анықталып кемелдендірілуі мектептер (мысалы, музыка, математика мектептері) факультативтік сабақтар, алуан түрлі үйірмелер, студиялар, мектеп оқушыларының олимпиадаларын, балалардың көркем өнерлерінің конкурстарын өткізу және т.б. жағдай жасайды. Дарынды балалардың дамуының теңелуіне жол беруге болмайды. Мұндай балалардың оқу жүктемесі, оқыту және тәрбиелеу нысандары олардың мүмкіндіктеріне сай келуі тиіс. Дарынды балалар туралы қамқорлық қабілеттердің дамытылуын жалпы білімдік дайындықпен және тұлғаны кемелдендірумен ұштастырылуын көздейді. Баланың дарындылығы деп бірдей өмір шартында, өз құрбыларымен салыстырғанда оқуға қабілеттілік және шығармашылық құбылыстары жоғары болып табылуы түсіндіріледі.
Дарындылық − бұл дарын сөзінен шыққан және ол дамудың аса қолайлы, сыртқы алғышарттарын білдіреді. Педагогикалық энциклопедияда бұған келесі түсінік беріледі:

Дарындылық − бұл адамның белгілі іс-әрекет аумағында ерекше табыстарға жетуге көмектесетін, қабілет дамуының жоғары деңгейі. Дарындылық түсінігі қабілет түсінігіне өте жақын. Қабілеттілік сөзі орыс тілінде кем дегенде екі мағынаны қамтиды. Д.Н.Ушаковтың талқылау сөздігі бойынша:

табиғи дарын, бір нәрсені жасай алу мүмкіндігі. Әдетте біз қабілеттілік сын есімінің бірінші сөздік мағынасында (мысалы, қабілетті оқушы, қабілетті жас ғалым) қолданамыз. Осындай жағдайда бұл терминдер, яғни дарындылық және қабілеттілік өте тығыз байланысты, мәндөс, оларды айыра алмай да қаласың. Бірақ жоғарыда келтірілген қабілеттілік сөзінің басқа да мағынасы бар. Ол -жинақталған тәжірибе нәтижесі және ол толығымен соған бағытталады (Н.С.Лейтес). Қабілеттілікке философиялық энциклопедиялық сөздікте мынадай түсінік берілген: Қабілеттілік − бұл субъективті жағдайда белгілі бір іс-әрекеттің табысты орындалуындағы жеке тұлғалық даралық ерекшеліктері. Қабілеттілік индивидте бар білім, дағды, үйренуге бағытталмайды. Ол кейбір іс-әрекеттерді орындауда басқалардың әдістері мен тәсілдерінен тереңдегі мен беріктігінен көрініс береді және оған жетуге мүмкіндік беретін ішкі психологиялық регулятор болып табылады.
Дарындылық − бұл бірдей өмір шартында, қатарларымен салыстырғанда үйрену мен оқытуда аса жоғары қабылдаулары мен шығармашылықтың ерекше көрініс беруі. Дарындылық − бұл тек ақыл-ой дамуының жоғары деңгейі ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаның дамуына бағытталған кейбір ішкі талап-мақсаттар. Сонымен қатар, дарындылық бұл әлеуметтік құбылыс. Өйткені, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік сферада жетістіктерге жетуі туралы сөз болып отыр. Әлеуметтік ортаның дарындылыққа байланысты жүргізілген әр түрлі зерттеулерінің нәтижесі (әлеуметтік-экономикалық қатынастар, қаржылық қамсыздандыру, әлеуметтік күнделікті шарттар т.б.) әр түрлі. Осыған байланысты келесідей тұжырым жасауға болады: әлеуметтік -экономикалық шарттар дарындылықтың дамуына әсер етеді, өйткені, олар адамның өмір деңгейін анықтайды. Қоғам экономикалық дамыған сайын, ол адам дамуы үшін қолайлы болып келеді. Дарындылықтың дамуындада жанұя өте маңызды жағдай болып келеді, соның ішінде:
-жанұя құрылымы мен оның эмоционалды климаты;
-бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас стильдері;
-ата-аналардың бала дарындылығына қатынасы.Жанұя құрылымы мәселесіне жүгіне отырып, балалардың көбі (87%), толық жанұяларда тәрбиеленген деп айтуымызға болады. Жиі, 70% жағдайында жанүяда балалармен және ата-аналармен қатар, туыстарының ішінен біреулер: әжелер, апалар және ағалар, жиендері тұрады. Зерттелген балалардың ешқайсысында кіші сіңілі қарындастары немесе інілері болмады. Р.Зайонц зерттеулері көрсетуі бойынша интеллектуалды дарындылық, жанүядағы балалар санынан тәуелді. Р.Зайонц бойынша, жанұяда іні мен қарындас, сіңлілер көп болған сайын интеллектуалдылықтың коэффициенті орташа болып келеді.
Жанұя құрылымы, көп жағдайда туыстар арасындағы қатынастар және жанұяның эмоционалды климаты жүйесімен байланысты. Өзара қарым-қатынастың мазмұнды жағы туралы айта келе, көптеген зерттеушілер балаға қарама-қарсы жынысты ата-ананың әсері мәнді деп көрсетеді. Көптеген зерттеушілер дарынды балаға жылылық, оны қабылдау, сүю және сыйлау қажет деп санайды. Бала мен ата-ананың қарым-қатынас стилі туралы мәселе аса ауқымды зерттелген. Ғалымдар баланы қатты бақылауға алу, күш көрсету, қысым көрсету сияқты стильдер дарынды тұлғаны дамытуға мүмкіндік бермейді деп санайды. Р.Хесс және В.Шипман өзара әрекетті ата-аналық стильдері императивті және инструктивті деп бөлді. Императивті стиль үшін мынадай бұйрықтар сәйкес келеді: Мен айтқан секілді жаса ... Тыныш отыр.... Ата-аналар баласының айтқандарын бұлжытпай орындауын күтеді. Олардың қатынасы ересектің беделіне негізделеді. Мұндай стиль балада пассивтік және тәуелділік пен конформизмді дамытады. Инструктивті стильде ақпарат көбірек болады, ал талаптар мынадай болып негізделеді: ойыншықтарыңды жина, ал мен еденді сыпырамын.... Ата-аналар баласымен өзінің теңі ретінде әңгімелеседі. Олардың талаптары, заңдылықтары саналы түрде жүреді. Бұл, балада инициативалықты дамыту (бастау) және қаттылықты тәрбиелейді. Ата-аналардың бала дарындылығына деген қатынасы маңызды болып табылады. Бұл фактор -- бала мүмкіндіктерін іске асыруға әсер ететін негізділердің бірі. Дарынды балаларда әділеттілік сезімі болады. Адамгершіліктің ерте дамуы қабылдау мен таным процестерінің дамуы алға басуымен байланысты.Олар қоршаған ортадағы әділетсіздікке өте сезімтал болады, өздеріне және айналадағыларға үлкен талаптар қояды [5,22бет].

Дарынды балалар есептерді шығаруда ойын элементтерін енгізеді, қиялы дамулы болады, шығармашылығы, фантазиясы терең дамыған (ойдан шығарған достары, аға-інілері, апалары). Дарынды балаларда әзіл-сықақ сезімі өте дамулы, күлкілі, сәйкес келмеушіліктерді, сөздерді жасыру т.б.ойындарды ұнатады.Дарынды балалар эмоционалды баланс жетіспейді, олар балалық шақта шыдамсыз болады.Дарынды балалар энергиясы көп болуымен және олар аз ұйықтауымен ерекшеленеді. Олардың моторлы координациясы мен қолдарын басқару, танымдық қабілеттерінен артта қалады. Оларға практика қажет. Мұндай балалардың интеллектуалды және дене-физикалық дамуының арасындағы ерекшеліколарды толғандырып, өзбеткейлігінің дамуына әсер етуі мүмкін. Дарынды балалардың көру процесі 8 жасқа дейін тұрақсыз, оларға жақын қашықтағы фокусті алыстағыға алмастыру қиынға соғады. Дарынды бала қарым-қатынас жүйесінде де ерекшеленеді.
Мектепке дейінгі шақта, олардың жүргізуші іс-әрекеті - рольдік ойындар. Балаларға құрбыларымен жеткілікті түрде айқын және түрақты көрінетін қарым-қатынасқа деген қажеттілік туылады. (М.И.Лисина, Л.Н. Галигузова),
Дарынды балалардың мінез-құлықтары мен жеке тұлғасының кейбір ерекшеліктері, оларды құрдастырының түсінбеуіне, олардың өзара қарым-қатынасында дау-жанжал кездесуіне және тіпті басқа балалардың оларды шеттетуіне әкелуі мүмкін. Оған мыналар себеп болады: серіктесін тыңдай алмау, доминанттылыққа ұмтылу, бірге ойнайтын ойындарда өзіне ұйымдастырушы ролін алу, өз білімін көрсетуге ұмтылу, ересектердің зейінін өзіне аудартуға әрекет ету, табысы өзінен төмендеу балаларға қатысты шыдамсыздық таныту, комформсыздық, басқаларды дұрыстау әдетінің болуы Л.Хоменгуерт дарынды балаларды шеттетудің тағы бір мүмкін болатын себебін көрсетеді: ойы жоғары болуына орай, дарынды балаларға өз құрбыларының ойындары қызықсыз болуы мүмкін.
Өз құрбыларымен өзара әрекетінде қиындықтар кездескендіктен немесе олардың себептерін түсінбеуінен, балалар ересектермен және үлкен балалармен достасуға ұмтылады. Бірақ үлкен балалармен қарым-қатынасы кезінде, оларда қияндың тууы мүмкін. Себебі, үлкен балалардың дене-физикалық дамуы озық болады, сондықтан дарынды балаларға мұндай қоғамда лидер болу қиынға түседі. Қозғалу дағдыларының дамуы алға басқан үлкен балалар сияқты бір нәрсені жасай алмағандықтан, дарынды бала өздерінің адекватты еместігі мен өзіндік бағалаудың төмен болып қалыптасуына әкелуі мүмкін. Өйткені, олар өздерінің жетістіктеріне өте сыншыл болып келеді. Адамдармен қарым-қатынасында өзінің мүмкіндіктері туралы пікірлері кесірін тигізеді. Сондықтан дарынды баланың өз әрекетін іске асыруда Мен концепциясы маңызды болып табылады.
Дарынды баланың интеллектуалдық қажеттілігі эмоционалды күйдің күрделілігіне, неврозға және тіпті психозға әкелуі мүмкін. Ал невроздар өз кезінде депрессияға әкелуі мүмкін. Бұл кезде бала өзін айнадаланы танып білуге неге ұмтылатынын түсіне алмайды. Ол шындық пен ойдан шығарудың арасындағы шкаланы бұзатын өзінің қиялындағы әлемге кетуі мүмкін.Бала қаншалықты дарынды болса да, оны оқыту керек екенін ұмытпау қажет. Оларды тұрақтылыққа, еңбек етуге, өз бетімен шешім қабылдауға үйрету керек. Дарынды бала қысымды, шеттетуді, айқай-шуды көтермейді. Баланы мектепке дейінгі уақыттан бастап шығармашылық еңбекке қатыстырып, шығармашылыққа қолайлы жағдай туғызу қажет.Таланттарын дамыту үшін дарынды балалар өз уақытын еркін жүмсап, кеңейтілген оқу жоспарымен оқытылу керек. Бала өз мүғалімі жағынан назар аудару мен индивидуалды қолдау көрсетуді сезуі қажет. Бұл жерде нені емес, қалай оқыту маңызды болып табылады. Дарынды баланың айтылған ойлар мен болжамдарды талдай алу мүмкіндіктері, табиғи аналитикалық және сыншыл ой-тұжырымның дамулы екендігіне сәйкес келеді.Қазіргі жағдайда дарынды балалармен жұмыс жасаудың түрі - балалар шығармашылық үйлерін құру болып табылады [6,35бет].

1.3 Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері


Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс.

Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.

Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз. Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі». Дарындылық дегеніміз – адамдардың қабілеттерін жете жақсы дамуының жоғары сатысы. Осы қабілеттілік арқылы адамдар көптеген жақсы жетістіктерге жете алады. Дарындылық – сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында іс-әрекет жақсарады. Көптеген ғылымдардың ойынша дарындылық, қабілеттілік және талант бір ұғымды білдіреді. Оларды бірдей негізде сәтті іс-әрекетте топтастыруға әрекет жасады [7, 15бет].

Нышандардың іс-әрекеттік негізінде қабілеттілік қалыптасады;

Әдейленген дарындылық-сапалы өзіндік қабілеттердің бірлесуінде іс-әрекет сәттілігі құрылады;

Жалпы дарындылық – қабілеттілік кең шеңберіндегі іс-әрекеттер;

Іс-әрекет сәттілігін белгілейтін жеке адамның басқа адамдарынан айыратын ерекшеліктер

Ерекше қабілетті балаларға қамқорлық жасау – ежелден келек жатқан дәстүр. Республикамызда ашылған көптеген колледждер мен лицейлер – негізінен дарынды балалар үшін ашылған оқу орны. Мұндай оқушылар ел болашағына, оның интелектік қуатына баға жетпес резерві. Сондықтан да жер-жерден бұларды іздеп табу аса мәнді мейірбанды, гуманистік іс. Оларды мәпелеп, қамқорлық алу – баршамызға ортақ, бүкіл халықтық шара, өйткені таланттар қай кезде де қандай да іздесе таптырмайтын ұлттың рухани байлығы.

В.Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде: «Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады»,-деп тұжырымдады.
Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық, қабілеттілік ұғымдары да бар.

Шығармашылық – өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы.

Талант-қабілеттіліктің ең жоғары деңгейі.

Данышпандық–қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.

Қабілеттілік –белгілі бір іс-әрекетте ең тәуір нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін адамның жеке-дара психологиялық ерекшелік деңгейі.

 Дарынды баланың бойынан табылатын асыл қасиеттердің, өмірге құштарлық, биік ізгіліктің бәрінің кілті – мыңды жығатын білімде.



Адами ойлау, ізденімпаздың-табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Қабілет іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Дегенмен табиғат оның бәріне бірдей етіп бөлмей, біреуге көптеу, біреуге аздау, ал үшіншілеріне мүлдем жарапай тарататыны анық. Қазірге дейін ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы екі түрлі көзқарас бар. Біреулері кез келген бала дарынды, тек уақытында нақты қабілетін анықтап дамыту керек. Ал қарсы көзқарастар дарындылық өте сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән. Сондықтан, дарынды балаларды іздеу алтын түйірін іздегенмен бірдей дейді. Бұл көзқарастар тұқымқуалаушылық пен тәрбиенің дарындылықтың дамуындағы рөлін талқылаудың жауабы [8,55бет].

Балалардың келешегі жөнінде ойланбайтын, балалардың қабілетті, дарынды, талантты болып, болашақ қызметтерінде үлкен жетістіктерге жетуін армандайтын ата-аналарды табу өте қиын. Бірақ сөйте тұра солардың барлығы бірдей қабілет деген не, оны қалай дамытуға болады және бұл жұмыста жанұя қандай міндет атқару керек дегенді біле бермейді. Қабілеттілік туа бола ма, жоқ әлде жүре бола ма?

Олар тұқым қуалай ма, жоқпа?

Қабілеттілік барлық балада бірдей дамыту мүмкін бе?

Оған қалай жетуге болады?

Міне, бұл сұрақтарды ата-аналар жиі қояды.

Қабілеттілік жалпы ақыл қабілетті және арнайы қабілет болып бөлінеді. Жалпы қабілет негізінен ойлауға қатысты болып келіп, оның аңғарғыштық, ойланғыштық, дербестік, сыншылдық, икемділік т.б. қасиеттерінен көрініп отырады. Жалпы қабілет адамның өзін ой-әрекеттерінің түрлі салаларынан көрсете білуге мүмкіндік жасайды.

Жалпы қабілеті дами білген оқушы математика, әдебиет сабақтарын бірдей жақсы игеріп, мектеп шеберханасы, тәжірибе алаңы, лабораториядағы түрлі еңбек тапсырмаларын да сәтті орындап отырады.

Қабілет, дарындылық, талант қалай пайда болады?

Олардың табиғаты қандай?

Туа болған қасиеттер мен жүре игерген қасиеттер арасындағы қатынас неде?

Бұл сұрақтардың бәрі де қазіргі психология ғылымының шұғылданатын мәселелерінің ең күрделісінен саналады.

Психологтардың басым көпшілігі қабілеттілік әрекет үстінде оқытып, тәрбиелеу негізінде қалыптасып, дамиды деп есептейді.

Шығармашылық дарындылық белгілерінің тізімдерінің сараптамасы мінез – құлық аспектілерімен байланысты сипаттамалардың бар екендігіне көз жеткізуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде дарынды балалардың ерекшеліктері мен бейімділігін және мінез-құлқын сипаттайтын бірнеше тізімдер бар. Мысалы, әлемге әйгілі Б.Кларктың кітабында дәл осындай бес тізім бар. Олар баланың ойлау, шығармашылық қабілеттерін және өнер саласындағы (ән, би, драма т.б) қабілетін сипаттайды.баланың шығармашылық дарындылығының сипаттамалары нәтижесінде мына сипаттамаларды атап айтуға болады:

Зерттеу кезінде білімге ерекше құштарлық танытатын жоғарғы қажеттілік;

Ақыл-ойдың жоғары қажеттілігі;

Тек кешегі мен бүгінгі ғана емес, болашақ абстрактылы идеялар ментеорияларға қызығушылығы;

Белгілі бір іс-әрекетке, кәсіпке аса қызығушылық таныту, бір іспен шұғылдану;

Өз бетімен белгілі бір мақсатқа жетуге табандылық көрсете білу.

Шығармашылық қабілеттің дамуы әрбір балаға қажет екендігін, әр

Тұлғаның қоғам дамуында өз орны бар екендігін біле отырып, дарынды балалардың тек өткенге емес, болашаққа да қызығушылығымен, іс-әрекеттердің жаңа тәсілдерін көбейтуге қабілеттерімен ерекшеленетіндігін атап өту қажет. Сонымен бірге бұл жеке тұлғалық дамудың мақсаттарына да жауап береді. Бұл жөнінде К.Урбан былай деп тұжырымдаған: «Қазіргі заман талабына сай шығармашылық қабілеттің дамуына бағытталған білім дегеніміз – аз уақыт ішінде мол идея қорын алу емес, керісінше, жеке тұлғаның толық дамуын қамтамасыз ететін іс».

Мектеп балаларымен жұмыс істеу – ерекше маңызды педагогикалық проблема [9,88бет].

Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру жолдары:

1. Дарынды балаларды анықтау: баланың табыстары мен жетістіктеріне талдау. Балалардың әлеуеттік мүмкіндіктерін диагностикалау. Бақылау, сараптамалық бағалау әдістерін қолдану. Психологиялық тестілер (ата-аналар мен педагогтарға арналған А. И. Савенковтың «Дарындылық картасы» әдістері; В. Шебеко, А. Булахтың ата-аналарға арналған сауалнамалары; Торренс және басқалардың креативтілік тестілері) қолдану.

2.Мектепке дейінгі жастағы дарынды балаларды психологиялықпедагогикалық қолдау.

- баланы дербес дамыту жоспарын құру;

- дарынды балалардың жан-жақты, эмоциялық және әлеуметтік дамуына көмектесетін қолайлы заттық-кеңістіктік дамытушы орта құру;

- мектепке дейінгі жастағы дарынды балалардың шығармашылық бағыттарын: дербес шығармашылық тапсырмаларды іске асыруына көмек беру; - зияткерлік ойындарға, конкурстарға қатысу;

- дарынды балаларды ынталандыру: әртүрлі конкурстарға қатысқаны үшін дипломдармен, грамоталармен марапаттау.

3. Дарынды балалардың ата-аналарымен жұмыс: дарынды баламен, атаанамен және тәрбиешімен бірлескен практикалық әрекеттер. Әңгімелер, тренингтер, мектепке дейінгі ұйымдардың мамандарымен жеке кеңестер. Талантты балалардың ата-аналарына қолдау жасау және ынталандыру (атааналар жиналыстарында грамоталар мен алғыс хаттар тапсыру). Ата-аналарға дарындылық тақырыбында психологиялық дайындық жасау.

4. Педагогикалық ұжыммен жұмыс: дарынды балалармен жұмыс бойынша педагогтардың кәсіби және тұлғалық жетілуіне ықпал ету, дарынды балалармен жұмыс мәселелері бойынша «Мектеп жасына дейінгі дарынды балалар: теориясы, мәселелері және оларды ертерек анықтау» тақырыбында оқыту семинары, «Дарындылық бала тұлғасының даму факторы ретінде», «Кіріктірілген оқыту әдістерін қолданудың вариативтілігі» тақырыптарында кеңестер. Кітапхана қорына өз білімін көтеруге қажетті әдебиеттер жинақтау және іріктеу, жаңадан түскен әдебиеттерге жүйелі шолу, Ғаламтор мүмкіндіктерін пайдалану. Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде алғашқы бейімділіктері айқындалғаннан бастап бала қабілеттерінің жарқырап гүлденуіне, дарындылыққа дейінгі аралықта дарынды бала тәрбиеленетін балабақшада және отбасында қолайлы жағдай құрылып, бірлескен жұмыстар үйлесімінде мүмкін болады. Мектеп жасына дейінгі шығармашыл баланы тәрбиелеу үшін тәрбиешіге инновациялық тәсілдер қажет болады: - стандарттан тыс , креативті жұмыс істеуге ынтасы; - ізденіс белсенділігі, ізденімпаздық; - мектеп жасына дейінгі бала психологиясы мен дарынды балалар психологиясынан білімі. 13 Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бағдарламасы бойынша тәрбиелеу үдерісі заттық-кеңістіктік дамытушы ортада жүзеге асырылады және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың тәрбиелік, дамытушылық және оқыту міндеттерінің бірлігі қамтамасыз етіледі. Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша Бағдарлама мазмұны: «Таным», «Шығармашылық» білім беру салаларына негізделеді, балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олардың жан-жақты дамуына бағдарланған. Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды тәрбиелеуоқыту жұмыстарын ұйымдастыру үшін мынадай жағдайлар жасалады:

• дарынды балалармен жұмыс істейтін арнайы дайындалған жоғары біліктілігі бар тәрбиешілер мен педагогтардың болуы;

• бай заттық-кеңістіктік дамытушы ортаның болуы;

• балаға қамқор және мейірімді қарым-қатынастағы ахуал құру;

• жұмыс жоспарының болуы. Біз өз жұмысымызда мына ұстанымдарды басшылыққа аламыз:

• тәрбиешілердің, педагогтардың және ата-аналардың ынтымақтастық үдерісі жүзеге асырылатын, сабақтастық;

• әр балаға жеке қарым-қатынас жасау;

• таңдау мүмкіндігі;

• кешенді қарым-қатынас;

• баланың жеке және ұжымдық әрекеттерінің, арнайы ҰОІӘ көлемі мен жалпы дамыту ҰОІӘ көлемінің тиімді ара қатынасын сақтау;

• балабақшаның қосымша білім беру, мәдениет ұйымдарымен өзара байланысы және ынтымақтастығы. Мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған секциялардың, студиялардың, үйірмелердің дарындылық белгілері бар балалардың қабілеттерін ашатын және жүзеге асыратын мүмкіндіктері бар. Соңғы уақытта дарындылықты ерте айқындау және дамыту мәселелерінің өзектілігі мен маңыздылығы арта түсуде. Мектепке дейінгі балалық шақ дарындылықты дамытудың маңызды және қолайлы кезеңі болып табылады. Әдеттегі балабақша жағдайында балалар дарындылығын дамыту барлық педагогикалық ұжымнан осы бағыттағы педагогикалық басқарудың біртұтас жүйесін әзірлеуді және енгізуді талап етеді. Балабақшадағы педагогикалық ұжымның балалар дарындылығын дамыту бойынша әрекеттері жүйелілік, тұлғаға-бағдарлану, тұлғалық-әрекет тәсілдеріне негізеліп құрылады. Мектепке дейінгі ұйымдар көлемінде балалар дарындылығын дамыту бойынша жұмыстар мазмұны мынадай блоктарды қамтиды:

- педагогтармен жұмыс;

- балалармен жұмыс;

- балалардың ата-аналарымен жұмыс;

- психологтармен жұмыс [10,32бет].

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу − оқыту үдерісінде тәрбиелеудің заманауи технологиялары мен балалар дарындылығын дамытудың ерекше әдістері қолданылады. Дарынды балалармен әлеуметтік - психологиялық тренингтер ұйымдастыру Жоғары қиындықтағы тапсырмаларды орындау: Бағдарламада орындау барысында жиі сәтсіздіктер мен таңданулар туғызатын қиындықтары бар тапсырмалар жиынтығы қамтылған. Жүргізуші топқа қажетті көмекті бере отырып, соңғы нәтижесінде тапсырманың толық орындалуына қол жеткізеді. Қатысудың толық еріктілігі: Бала әрбір жаттығуға, талқылауларға өзінің қатысу дәрежесі туралы шешімді өзі қабылдайды.

Бұл ішкі бақылауды дамытуға, дербес шешім қабылдауға және ол үшін жауапкершілік алуға мүмкіндік береді. Тренингтің қауіпсіз ортасы: Жетекшілері де және топ та тұтасымен тренингтің әрбір қатысушысына үнемі эмоциялық қолдау көрсетеді. Жарыс сәттері атымен болмайды, жалпы ұстынымы: «Жеңіске бірге жетеміз немесе жеңілсек бірге жеңілеміз». Топта алған тәжірибенің күнделікті өмірмен байланысы: Бұл байланыс талқылаулармен, пікірталастар ұйымдастырумен, қызықты аңыз әңгімелер енгізумен, жетекші ұсынатын қысқа әңгімелермен қамтамасыз етіледі. Топ жетекшілерінің айырықша ұстанымы: Жетекшілер топты бағыттайды, бірақ оның қатысушыларына кедергі жасамайды. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің (ҰОІӘ) типтік құрылымы ҰОІӘ негізгі бөлігіндегі жұмыстарға одан әрі ынталандыратын және көңілкүйді қуанышқа бөлейтін, қысқа эмоциялық ойын-тапсырмаларға толы жаттығулармен басталады. Мысалы: «Шапшаң қимыл». Қатысушылар шеңбер бойымен тұрады, қарама-қарсы тұрғандар көзқарастарымен кездеседі және бір-бірімен орын алмастыруға «келіседі». «Сәйкес келу». Қатысушылар жұптарға бөлінеді және бұйрық бойынша қолының саусақ сандарын ерікті түрде шошайтады. Саусақ сандары сәйкес келген қатысушы жұп қатты қуанады: қол ұстасып, секіреді және «Алақай!» деп айқай салады. Осылайша төртеуден, сегізден барлық топ біріккенше және бір сәтте саусақ саны бірдей болғанша қайталайды. «Өз орныңды тап». Барлық қатысушылардың көздері байланып, көп алыс емес әр тұсқа бытырайды. Бойымен бір қатарға сап түзеу ұсынылады. ҰОІӘ негізгі бөлігі топың біріккен күш жігері мен нәтижелерді және қатысушылардың жағдайын талдауды талап ететін ұзақтау бірнеше тапсырмалардан тұрады. Топтық өзара әрекеттерді ұйымдастыру қиындықтарды жеңуге және туындаған даулы жағдаяттарды шешуге бағытталады. Бұл сенімді қарым-қатынасты бекіту, мінез-құлықтың неғұрлым тиімді нұсқаларын қалыптастыруға және өз тілегінің орындалуына деген жауапкершілігі негізінде болады. Талқылау кезінде ішкі және психологиялық 15 қиындықтарды жеңу тақырыбына басымдық беріледі. Бірнеше мысалдар келтіруге болады. «Байланыс». Қатысушылар «кеменің апатынан» кейін шағын «салда» сиысуы қажет. Салдың кеңістігі барлық топ мүшелерінің еркін тұруына мүмкіндік бермейді, сондықтан тығыз байланыс және топтық шешім қажет. «Шырмауық». Қатысушылар басында шеңбер бойында оң қолымен өзімен қатар тұрмайтын серіктесінің оң қолынан, соңынан сол қолымен − көрші емес басқа серіктесінен ұстайды [11,25бет].

Міндет − пайда болған шырмауықты қолын жіберместен шешу және шеңберге тұру. «Электр сымы». Еденнен шамамен бір метр қашықтықта мықты жіп керіледі. Барлық топ жіптің біржағына тұрады. Міндет − барлық қатысушылар жіптің үсті арқылы, «электр тогы жүріп тұрғандай» денесіне тигізбей екінші жағына шығуы қажет. Егерде ең болмағанда бір қатысушы (кез келген сәтте − өтерде немесе өткен соң) жіпке тиіп кетсе, барлық топ бастапқы кезеңге келіп, қайтадан басынан бастайды. Қатысушыларға қауіпсіздік және сақтану ережелері түсіндіріледі (бір-бірінің иығына қалай дұрыс тұруға болатындығы және т.б. көрсетіледі). Жүргізуші бұл ережелердің мұқият орындалуын қадағалайды. ҰОІӘ қорытынды кезеңі тағыда топтың біртұтастығын сезінуге және тізе қосып топтасуына бағытталған, тапсырмалар мен қысқа эмоцияға толы ойындарды қамтиды. Мысалы: «Алғыс». Қатысушылар кездейсоқ ретпен қозғалады, жұптасып кездеседі, бір-бірінің көзіне қарайды және қандай да бір тілек, ықылас немесе алғыс айтады. «Құрт». Қатысушылар алдында тұрғандардың белінен ұстап және артында тұрғандардың тізесіне жеңіл отырып, бір-бірінің артынан тұрады. Пайда болған «құрт» белгілі бір қашықтықты жүріп өтуі қажет. «Логикалар әлемі» зияткерлік үйірмесі мынадай міндеттерді шешеді:

1. Балаларды заттар туралы, олардың байланысы және қатынасы, ол заттардың қасиеттері туралы білімдерін анықтауға үйрету; қоршаған әлемнің әрекеттері мен құбылыстарының арасындағы себеп-салдар қатынасын, тірі табиғат пен өлі табиғаттың, адам мен табиғаттың байланысын, олардың екі жақты маңызын, табиғаттағы адамның ролін көре білуге үйретеді. Шартты белгілерді тануды, дайын үлгілерді пайдалануды үйретеді [12,71бет].

2. В. В. Воскобовичтің «Ойынның ертегі лабиринттері» технологиясын қолдану арқылы шығармашылық белсенділікті және ойлану икемділігін дамытуға болады:

• математикалық қабілеттер мен бейімділікті дамыту;

• көру-моторлық үйлестіруді және ұсақ моторикасын дамыту;

• тұлғалық қасиеттерді, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дағдыларын дамыту;

• мектепке даярлық. 16 Үйірмеге даярлық топтарындағы математикаға бейімділігі бар және ақыл ой қабілеттері жоғары дамыған дарынды балалар қатысады. Мектепке дейінгі ұйымдардағы дарынды балалармен жұмыстарға психологиялық-педагогикалық қолдау жасау үдерісін басқару үлгісі мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың кезек күттірмейтін міндеттерін шешуде, сондай-ақ, педагогтардың өзін-өзі кәсіби жетілдіру бойынша белсенді әрекеттерге ынталандыру тұрғысынан да тиімділігін көрсетеді. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдардың ата-аналармен жұмысында оңтайлы өзгерістер, педагогтардың өз жұмысының сапасына жауапкершілігінің артуы байқалады. Әрбір бала қолайлы жағдайлар болғанда тиімді дами алатын және өз дамуында үлкен биіктерді алуға мүмкіндік беретін туғаннан орасан зор әлеуетке ие болатындығы дәлелденген [20,12бет].

ҚОРЫТЫНДЫ

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ, Т. Галковская айтқандай "Әр сәби – өзінше тамаша және қайталанбайды, психологтар, әрқайсысының дарындылығына сенеді."

Дарындылық ғасырлар бойы әлеуметтік-педагогикалық тәжірибеден өз алдына бөлек дербес қарастырылып келді. Білім беру жүйесінде дарынды балалармен жұмыстар ұйымдастырудың қажеттілігі болмады. Қазіргі кезеңде дарынды балаларды ертерек анықтау мен дамытуға ерекше назар аударылуда. Зияткерлік және шығармашылық дарындылық дарындылықтың негізгі түрлері ретінде қарастырыла бастады.

Дарынды балаларға оза даму тән. Мектеп жасына дейінгі дарынды балалар мәселелерін анықтау олардың құрдастары, ересектер мен ата-аналарымен байланыс жасау арқылы жүзеге асады. Бағдарламада бірқатар ғалым-педагогтардың зерттеулері келтірілген. Дарынды балалар санынан орташа даму деңгейіндегі балалар саны басым болатындығын зерттеулер көрсетіп отыр. Яғни дарынды балалар саны өте аз. Осыған байланысты мектеп жасына дейінгі дарынды балалалардың дамуына көмек жасау және қолдау қажет. Бұл дарынды балалармен жұмыс бағдарламасын мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдары педагогтарының жұмысына қолдануға болады.

1. Қабілетті және талантты балаларға көңіл аудару мерзімді немесе ауық – ауық болмауы тиіс, керісінше тұрақты түрде жүргізу үшін, ОТП жүйесіне сүйенуі керек.

2. Балалар дарындылығының даму мазмұны, формасы, әдісін таңдау тек қана оның бөліну аймағымен ғана байланысты емес, керісінше бөліну этаптарына тәуелді, осыдан келіп потенциалды және жасырын дарындылық пен дарынды балалармен жұмыс ерекшелігі факті түрінде жарыққа шығып, аяқталған формада ғана психикалық шындыққа айналады. Біздің мектептің құрылымдылығын білімдарлар класы ғана ақиқатқа айналған дарынылық динамикасы проблемасын шешетін материалдар ұсына алады. Аталған жүйедегі негізгі тұжырым: дарындылық, талант, оқытуды даралау дегенге саяды.

3. Балалар дарындылығын анықтау және оны дамытудағы жалпы білім беретін мектептердің мүмкіндіктері әлі толық зерттеліп бітпеген, әйтседе республикада қолда бар тәжірибелер оларды соңғы орында қалып қоймауға мүмкіндік береді, өйткені бұл мектептер оқу процесінде дарындылар үшін ақиқат  болмысқа жақын жағдайлар жасауда (туғызуда).

4. Дарынды балалармен жұмыстағы мектептердің басты міндеті – олардың танымдық, эмоцияналдық комформ  және форманың таңғажайып әрі өте сиек құбылыстарын тану қажетті  екенін қанағаттандыру болып табылады.

5. Қандай бір іс дарындылармен жұмыстың жетістігін жоспарлаудан, мақсатты бағдарламаны айқындаудан басталады.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1.

БҰҰ бас Ассамблеясы 1948 ж.10 желтоқсанда қабылдаған «Адам құқығы Декларациясының» негізгі ережелері

2.

БҰҰ бас Ассамблеясы 1989 ж.20 қарашада қабылдаған «Бала құқығы Конвенциясының» негізгі ережелері;

3.

Қазақстан Республикасындағы «Бала құқығы туралы» Заңы 2002 ж.

4.

ҚР «Білім туралы» Заңы (2007 ж. және 24.10.2011ж.13.01.2015ж. өзгертулерімен және қосымшаларымен);

5.

ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 7.12.2010;

6.

«Балапан» бағдарламасы 2010 - 2020жж. 28.05.2010ж. (20.12.2013ж) №1377

7.

Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, 2012 ж. №1080

8.

Е.С.Белова Одаренность малыша : раскрыть, понять, поддержать/ М.: Академия, 1998.-251 б.

9.

Д.Б. Богоявленская Рабочая концепция одаренности/Педагогика,1998.- 257б.

10.

Л.И.Божович Избранные психологические труды. Проблемы формирования личности, 1995.- 212 б.

11.

Большая Советская энциклопедия / А.М.Прохорова-М.: 1974 - 634б.

12.

Л.С.Выготский Воображение и творчество в детском возрасте/ СОЮЗ, 1997.-96 с.

13.

А.И.Доровской Сто советов пот развитию одоренности детей. Родителям, воспитателям, учителям/ 1997. - 312 б.

14.

Қазақстан Республикасында Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы

15.

Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6

16.

Выготский Л.С. Психология. – М., 2000.

17.

Эльконин Д.Б. Избранные педагогические труды. – М, 1989.

18.

Е. Сағындықұлы Педагогика. -А, 1999 ж

19.

Баймуратова Б. "Балаларды оқыту мәселелері"

20.

Айгүлім Айтбаева "Әлеуметтік педагогика негіздер"




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет