Кіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі


Бастауыш сыныптарда жаңартылған білім мазмұны аясында әдебиеттік оқупәнін оқытуға бағытталған тәжірибелік жұмыстар мазмұны



бет15/30
Дата07.09.2022
өлшемі1,56 Mb.
#148899
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30
Байланысты:
А.Ж.Алмағанбетова
Комп.мод. тест, Комп.мод. тест, Контент Констурк, Контент Констурк, stud.kz-9761, Экология Оқулық Алматы Адам және оны қоршап тұрған орта, Физикалық химия Оқулық Алматы Физикалық химия, Сізді сергітетін кеңестер, Омаров-начало, Диссертация Бергенбек Қазына, Диссертация Бергенбек Қазына, Дюсенбаева Т, 1-курс.Расп бак 2019-2020 2-сем., тест Квуант, тест Квуант
2 Бастауыш сыныптарда жаңартылған білім мазмұны аясында әдебиеттік оқупәнін оқытуға бағытталған тәжірибелік жұмыстар мазмұны


2.1Анықтаушы эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу,талдау,қорытындылау

Білім мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу пәнін оқытуға бағытталған тәжірибелік жұмыстар Қызылорда қаласы,С.Лапин атындағы №261 қазақ орта мектебінде жүргізілді. Осы мектептің 2а сыныбы эксперимент сыныбы, ал 2ә сыныбы бақылау сыныбы болып тағайындалды. 2а эксперимент сыныбында 20 оқушы, 2ә бақылау сыныбында – 21 оқушы болды.


Тәжірибелік-педагогикалық эксперимент жұмысы екі кезеңнен тұрады:
1.Анықтаушы эксперимент.
2.Қалыптастырушы эксперимент.
Анықтаушы эксперименттің мақсаты: Білім мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен жасалған қысқа мерзімді сабақ жоспарының тиімділігін және 2 сынып оқушыларыныңкең ауқымды дағдыларының даму деңгейлерін анықтау. Ол үшін жоспар құруда оқытудың белсенді әдістері қолданылып, 2-сыныптың әдебиеттік оқу пәнінің мазмұны негізінде ШИРАТУжаттығулары құрастырылып, төмендегідей әдістемелер ұсынылды.
1-әдістемемақсаты:ШИРАТУжаттығулары арқылы оқушылардың әдебиеттік оқу пәнінен білім деңгейлерін анықтау.
Ширату жаттығуының тапсырмасы: Берілген суреттер бойынша сөйлем құрастыру. Содан соң сол сөйлемдерді біріктіріп шағын әңгіме құрастыру. Әңгімеге тақырып қою.

Ұсынылған әдістеме нәтижелері «жоғары», «орташа», «төмен» деңгейлері бойынша бағаланды.


Жоғары деңгей –әдебиеттік оқу пәнінен берілген тапсырмаларды мұқият қарап, тапсырманы жауапкершілікпен нақты орындайды, өзінде бар білімге сүйене отырып, сөйлем және шағын әңгіме құрастыра алады.
Орташа деңгей - әдебиеттік оқу пәнінен берілген тапсырмаларды орташа деңгейде орындайды, өзінде бар білімге сүйене отырыпсөйлем және шағын әңгіме құрастыруда қиналады.
Төмен деңгей - әдебиеттік оқу пәнінен берілген тапсырмаларды орындау деңгейі өте төмен,тапсырмаларды қиындықпен, мұғалімнің көмегімен орындайды, сөйлем және шағын әңгіме құрастыра алмайды.
1-әдістеме бойынша оқушылардың әдебиеттік оқу пәнінен білім деңгейлерінің сандық-сапалық көрсеткіші төмендегідей болды.

2 - кесте. 1-әдістеме нәтижелері



Деңгейлер

2а эксперимент сыныбы -20

2ә бақылау сыныбы -21

Оқушылар саны

Пайыздық көрсеткіш

Оқушылар саны

Пайыздық көрсеткіш

жоғары

3

15%

4

19%

орташа

6

30%

5

24%

төмен

11

55%

12

57%

1-әдістеме нәтижелері эксперимент сыныбының 15%-ының және бақылау сыныбының 19%-ының білім деңгейлері жоғары, ал эксперимент сыныбының 30%-ының және бақылау сыныбының 24%-ының білім деңгейлері орташа екендігін және көп оқушылардың білім деңгейлері төмен екендігін көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет