Кіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі


Магистрлік диссертация зерттеуінің нәтижелері бойынша қысқаша қорытындылар



бет3/4
Дата03.09.2023
өлшемі160,71 Kb.
#180088
1   2   3   4
Байланысты:
Болатова С диссертация
синтаксис. меңгеру (1), Шпаргалка

Магистрлік диссертация зерттеуінің нәтижелері бойынша қысқаша қорытындылар: Қорыта келе біз Шоқанның шынымен аспанда аз тұрып, ағып түскен жұлдыз деуімізге болады. Осы өмірінде отыз жыл өмір кешті. Сол өмірінде өшпес мұра, кейінгі ұрпақтарына мол байлық қалдырды.


Диссертацияняң бірінші бөлімінде Шоқан Уәлихановтың балалық шағы, толық өмірі мен қызметі сипатталады. Кейінгі ұрпаққа баға жетпес мұра етіп қалдырған тарихи зерттеулерінде ол халықтың тарихын, оның әдет-ғұрпы, салты мен санасы, нанымдарын терең талдап береді. Адам қоғамы әрдайым өрлеу, өсу, даму дәрежесін бастан кешетінін, дүние туралы ұғымдары да жетіліп, жаңғырып, жақа сапаға көтеріліп отыратынын жеткілікті дәлелдеген.
Екінші бөлімінде Шоқан Уәлихановтың ғылыми ортасы туралы сипатталады. Осы ретте шетел ғалымдарының Шоқан туралы пікірлерінің маңызы зор. Әр кезде ағылшын, неміс, француз баспа сөздерінде айтылған мәліметтер қазақ ғылыми жаңалықтарының әлемдік мәні бар екенің байқатады. Орыс географиялық қоғамы шетелдік зиялыларының да құрметінде болатын. 1985 жылы Шоқан Уалиханов жайында жазылған әдебиеттер тізбесі жеке кітапша да болып шығарылды. Шоқанның өмірін, ғылыми мұраларын зерттеуді оның дос-замандастары Г.Н.Потанин., Н.М.Ядренцев., Е.П.Ковалевский сынды атақтары әлемге аян ғалымдар бастаған. Шоқантану саласындағы олардың ісін кеңес дәуірінде Ә.Марғұлан., М.Әуезов., С.Мұқанов., З.Зиманов., М.Елесізов., Б.Бекмаханов жалғастырып қалам сілтеген. Шоқан қоғамды демократияландыру процесінде жариялылық, пікірдің әр алуадығын мойындау, шын мәніндегі ізгіліктілікті орнықтыруға бағыт алу қазақ ұлтының еңсесін қайта көтерді [81, 125].
Үшінші бөлімінде Қашқар экспедициясы туралы баяндалады. Ол беделді ғылыми қоғамның жас мүшесі Ш.Ш.Уәлихановтың Қашқария саяхатының нәтижелері «Нағыз географиялық ашылыс», «Ерлік» саналған кезде оған шетел ғалымдары мен оқырмандары да назар аудара бастады. Шоқанның шығармаларын халық игілігіне толық айналдыру мүмкіндігі кейінгі кезде ғана туды. Оның мақалалары мен хаттарының жинағы 1949 жылы екі тілде басылып шықты. 1958 жылы Шоқанның бір томдық көлемді таңдамалы шығармалар жинағын Қазақ ССР Ғылым академиясының тарих институты даярлап, Ә.Марғұланның басшылығымен жарық көрді. Шоқанның көп томдық жинағы үлкен бес кітап болып шықты
Қазақты, оның әдебиеті мен мәдениетін орыс пен Европа жұртшылығына таныстыруды ІІІоқан өз еңбектерінің өзекті бір мақсаты деп санаған.
Сөйтіп, өткен ғасырдың екінші жартысында ғылымда Шығыс, Азия туралы сөз бола қалса Шоқан Уәлихановтың есімі аталмай қалмайтын болған. Алайда бірнеше себептермен Азия елдерін зерттеу, тану бәсеңсіген кездерде Шоқанның еңбектері, ашқан жаңалықтары ескерілмеді, ескерілсе үстүрт, біржақты қаралды. Совет дәуірінде Шоқан Уәлиханов еңбектерін жинап жүйелеп, бастыруға Маркстік, Лениндік қағидалары тұрғысынан терең ғылыми зерттеулер жүргізілуіне, Шоқантанудың қалыптасуына байланысты оның ұлы тұлғасына, өлмес мұрасына деген ықылас ынта еліміз шеңберінен тыс аймақтарда да байқалды. Я.Кродер «Орта Азия халықтары» атты 1962 жылы жарық көрген көлемді еңбегінде және одан бір жыл кейін шыққан түркі моңғол халықтарының әлеуметтік құрылысы туралы кітабында осы аймақтарды зерттеушілер ретінде Ш.Ш.Уәлиханов қызметіне де тоқталды [82, 19].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет