Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі



бет10/22
Дата26.05.2020
өлшемі0,93 Mb.
#71199
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Байланысты:
2К Развитие предпринимательства в РК

Толық серіктестік. Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады. Азаматтар бір ғана толық серіктестіктің қатысушысы бола алады.

Толық серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерін оның құрылтайшылары белгілейді, бірақ ол заң құжаттарында белгіленген ең төменгі мөлшерден кем болмауы керек.

Толық серіктестіктің ең жоғарғы органы – қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Толық серіктестіктің ішкі мәселелері жөніндегі шешім барлық қатысушылардың жалпы келісімі бойынша қабылданады. Серіктестіктің құрылтай шартында қатысушылардың көпшілік дауысымен шешім қабылданатын реттер көзделуі мүмкін.

Сенім артқан серіктестік. Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушыларымен қатар, серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан көп қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік сенім артқан серіктестік деп аталады. Сенім артқан серіктестікке қатысатын толық серіктердің құқықтық ережесі және олардың серіктестік міндеттемелері бойынша жауапкершілігі толық серіктестіктің қатысушылары туралы ережемен белгіленеді.

Азаматтар бір ғана сенім артқан серіктестікке қатысушысы бола алады. Сенім артқан серіктестіктің салымшысы:

1. серіктестік таза табысының жарғылық капиталындағы өзіне тиесілі үлесін құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп бойынша алуға;

2. серіктестіктің қаржылық есебімен танысуға сондай-ақ, оның дұрыс жасалуын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етуді талап етуге;

3. жарғылық капиталдағы өз үлесін немесе оның бір бөлігін заң құжаттарында және серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп бойынша басқа салымшыға немесе үшінші жақа беруге құқы бар;

4. заң актілерінде және құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен серіктестіктен шығуға құқы бар.

Сенім артқан серіктестігінің жарғылық капиталы оның қатысушылары салатын салымдардан құралады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп аталады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің салымдары толық қоспаған қатысушылары оның міндеттемелері бойынша әрбір қатысушының салым салмаған бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары саны жүзден аспауы тиіс. Егер жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың саны жүзден асып кетсе, ол бір жыл ішінде бөлінуге, не бөліп шығарылуға, не өзге шаруашылық серіктестік құруға, ал бұл мерзім өткен соң, егер қатысушылар саны жүзден азайтылмаса, серіктестікті мемлекеттік тіркеуде жүзеге асырған органның немесе өзге мүдделі адамның өтініші бойынша сот тәртібімен таратылуға жатады. Жарғылық капиталдың мөлшерін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшылары белгілейді.

Қосымша жауапкершілікті серіктестік. Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өзінің жарғылық капиталға салған салымдарымен жауап беретін, ал бұл соммалар жеткіліксіз болған жағдайда, өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілікті серіктестік деп танылады.

Қатысушылар жауапкершілігінің шекті мөлшері жарғыда көзделеді. Қатысушылардың бірі банкрот болған жағдайда оның серіктестік міндеттемелері жөніндегі жауапкершілігі егер құрылтай құжаттарында жауапкершілікті бөлудің өзгеше тәртібі көзделмесе, қалған қатысушылары арасында олардың салымдарына қарай бөлінеді.



Акционерлік қоғамдар. Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам болып танылады. Акционерлік қоғамның акционерлері осы заң актілерінде көзделген басқа жағдайларда оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді. Акционерлік қоғамның өз қатысушыларының мүлкінен оқшауланған мүлкі болады, өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауапты болады және заң актілерінде өзгеше көзделмесе, өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қатысушылардың өздеріне тиесілі акциялары басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын акционерлік қоғам ашық акционерлік қоғам болып табылады.

Акциялары оның құрылтайшылары және алдын ала белгіленген адамдар тобы арасында орналастырылған ационерлік қоғам жабық акционерлік қоғам деп аталады. Жабық акционерлік қоғамның өз акцияларын сатқысы келетін акционері оларды қоғамның басқа қатысушыларына, ал олар бас тартқан жағдайда – қоғамның өзіне сатып алуға ұсынуға міндетті. Құрылтай шарты мен жарғы акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары болып табылады.

Акционерлік қоғамның жоғары органы оның акционерлерінің жиналысы болып табылады. Акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыреті заң актілерімен белгіленеді. Жарғылық капиталының басым бөлігін басқа заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес негізгі ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешімдерін айқындай алатын заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады. Егер акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының жиырма проценттен астамы басқа заңды тұлғаныкі болса, ол тәуелді қоғам болып танылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет