Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі


Кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрлеріне байланысты ұйымдастырылу бағыттары



бет6/22
Дата26.05.2020
өлшемі0,93 Mb.
#71199
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
2К Развитие предпринимательства в РК

1.2 Кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрлеріне байланысты ұйымдастырылу бағыттары

Кәсіпкерліктің бірнеше түрлері бар. Атқаратын қызметіне қарай олар былай бөлінеді: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және консультациялық. Меншік түрлеріне бойынша: жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі. Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің құрамы болуы керек. Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді:



  • ұжымдық-құқықтық;

  • ұжымдық-экономикалық.

Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерліктер. Серіктестер- адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді. Олар шексіз жауапкершілікті серіктестер, командитті (сенімге негізделген) серіктестер шектелген жауапкершіліктер. Ұжымдар (қоғамдар) өздерінің қаражаттарымен бірігеді. Шектелген жауапкершілікті қоғам мүшелері ұжымның міндеттемелеріне жауап бермейді. Олардың жауапкершілігі өздерінің қосқан пайларының мөлшерінде болады. Ал қосымша жауапкершілігі бар ұжымдар өздерінің барлық дүние-мүлкімен жауапты. Акционерлік қоғамдар: ашық және жабық түрде болады.

Кәсіпкерліктің ұжымдық-экономикалық түрлерін қарастырар болсақ:



  • Концерн – көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.

  • Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу;

  • Консорциум – бұл ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі;

  • Сидикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру;

  • Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім;

  • Қаржы - өнеркәсіп тобы – банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі.

Экономикалық активтің ерекше түрі ретінде кәсіпкерлік экономиканың мемлекеттік, сонымен бірге жеке секторында да әрекет ете алады. Осыған байланысты экономикада келесі түрлері қарастырылады:

  1. Мемлекеттік кәсіпкерлік;

  2. Жеке кәсіпкерлік;

Мемлекеттік кәсіпкерлік атынан жүргізудің формасы:

  1. мемлекеттік мүлікті басқаруға құқықты басқарудың мемлекеттік органдарды (мемлкеттік кәсіпорын);

  2. жергілікті басқару органы (жергілікті кәсіпорын).

Мұндай кәсіпкерлігтің меншігі мемлекеттік немесе муниципалды мүліктің, бюджеттік құралдардың, басқа да көздердің бір бөлігінің түрі болып табылады. Осы кәсіпкерліктердің маңызды сипаты –олардың өздерінің жеке меншігіндегі мүлігімен міндеттерге жауап беруі болып табылады.

Жеке кәсіпкерлік – кәсіпорын немесе кәсіпкер атынан экономикалық активтілікті жүргізудің бір түрі. Әрине олардың әрқайсысының айырмашылықтары бар, бірақ олардың жүргізілуінің негізгі принциптері көбінесе сәйкес келеді. Жеке кәсіпкерлікте де, мемлекеттік кәсіпкерлікте де әрекет, инициатива: жауапкершілікті, инновациялық жүрісті және пайданы көбейтуге тырысуды талап етеді.

Пайда табуға бағытталған инициативалық әрекет түріндегі кәсіпкерлік мынаны жүзеге асырады:

1. тікелей өндірістік функцияларды, яғни тауар (өнім) өндірісін немесе

қызмет көрсетуді жүзеге асыру;

2. Делдалдық функцияларды, яғни тауарды нарыққа өткізу және оның өндірушіден тұтынушыға тікелей жеткізілуімен байланысты қызмет көрсетулерді жүзеге асыру.

Кәсіпкерліктің әрекет ету сеторына байланысты жіктемесі келесі суретте (Сурет 2) қарастырылған.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет