Кіріспе зерттеудің көкейкестілігі


Жас отбасына мемлекеттік қолдау көрсетудің мазмұны



бет2/4
Дата22.02.2020
өлшемі231,42 Kb.
#58831
1   2   3   4
Байланысты:
бахтиярова а
ОП Энергетика каз, ОП Энергетика каз, портфолио, 15.02.19, 15.02.19, 111, 6575b84a-6758-11e5-9d50-f6d299da70eeУМКД Гигиена преп каз, 16 5, 6. leksia, 6. leksia, Мақала образец, қаз т оқу бағд дұрысы, озгерис сырттай Акпар Стан послед темы дипломных работ 2019 - 2020 - копия, БББ каз МФ 1 06.02 (2), БББ каз МФ 1 06.02 (2)

1.2 Жас отбасына мемлекеттік қолдау көрсетудің мазмұны
Отбасы әлеуметтік топтардың ішінде ерекше функциясымен оқшауланатын әлеуметтік институт. Ол біріншіден, топтың жаңа мүшелерін қабылдау арқылы емес, керісінше дүниеге бала, жаңа ұрпақ әкелумен қоғамның табиғи үздіксіз дамуын қамтамасыз етсе, екіншіден, отбасы қоғамда жинақталған мәдени мұраны, материалдық және рухани құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа өткізіп беруші қызметін жүзеге асырады. Әлеуметтендіру процесіне қатысушы басқа әлеуметтік топтар мен институттардың рөлін бағалай отырып, баланың тәрбиесіндегі алғашқы 5 жылда отбасы рөлінің басым екендігін айтпасқа болмайды.

Отбасы шағын әлеуметтік топ ретінде бір - бірімен ерлі - зайыптылар және ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынастар арқылы байланыста тұрған адамдар тобы [28]. Себебі әрбір отбасы мүшесі өмірінің өз жанұясының тыныс- тіршілігімен тығыз байланыстылығы соншалық, отбасы оның тұлғалық бітім - болмысын ғана сомдап қоймайды, кісілігінің де, мінез - құлқы мен биік деңгейдегі адамгершілік қадір - қасиеттерінің де, басқаларға деген сүйіспеншілікке толы ішкі сезімдері мен жоғары саналығының да қалыптасуына тікелей ықпал етеді.

Отбасы қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас болып ұштасатын комплексті әлеуметтік құбылыс болып табылады. Сондықтан да отбасына объективтік тұрғыдан ғылыми зерттеу жүргізу оңай емес.

Адам мен қоғам үшін отбасының маңызы, атқаратын қызметі алуан түрлі болғандықтан, оны зерттеуші қоғамдық ғылымдар да көп. Бұл ғылымдардың әрқайсысы өз анықтамасын беруге тырысады. Социология ғылымы оны былай анықтайды: отбасы дегеніміз тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ – оның жалпы белгілері: бөтен адаммен жыныстық байланыс орнату, туысқандық қатынастар жүйесі, адамның әлеуметтік және жеке - дара адамгершілік сапаларын қалыптастырып дамыту, белгілі бір экономикалық қызметті іске асыру.

Қысқасы, отбасы еркек пен әйелдің табиғи жыныстық және басқа қажеттерін (рухани, этикалық, эстетикалық, т.б. қажеттерін) өтеп, ұрпақ өсіру арқылы қоғамды қалпына келтіре дамытушы әлеуметтік топ болып табылады.

Отбасының жоғарыда келтірілген анықтамасы бойынша, ол отбасындағы қатынастар, оның құрылымы мен формасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ болып табылады.

Отбасының формасы мен атқаратын міндеттерінің (функциясының) өзгеруі, сайып келгенде, өндіргіш күштердің дамуына, яғни адамның шығу тегін айқындайтын элементтердің дамуына байланысты болады. Бұл жөнінде Ф.Энгельс өзінің «Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген еңбегінің кіріспесінде былай деп жазады: «Қоғамның материалистік ұғымына сәйкес тарихтағы шешуші күш сайып келгенде өмірді тікелей өндіру және ұдайы өндіру болып табылады. Алайда өндіріс екі түрлі болады. Бір жағынан – тіршілік қажеттерін: азық - түлік, киім - кешек, баспана және бұларды өндіру үшін қажетті құралдар өндіру; екінші жағынан, отбасының даму деңгейімен анықталады...» [29].

Қазіргі қоғамдағы отбасы кіші әлеуметтік топ қана емес, ол сондай - ақ құқықтық (праволық) институт та болып табылады. Кіші әлеуметтік топ ретінде отбасы бірқатар міндеттерді іске асыратынын жоғарыда айттық. Құқықтық институт ретінде отбасы – туысқандық және некелік қатынастар арқылы өзара байланысты адамдар тобы, оларға тиісті құқықтық нормаларға сәйкес белгілі бір құқықтар мен міндеттер берілген [30].

Адамдардың өндіріс тәсіліне сәйкес отбасы да тарихи өзгеріп, дамып отырады. Бірақ отбасы ешуақытта да өзіне тән басты екі қасиетін жоғалтпайды әрі ешуақытта да жоғалтпақ емес. Ол, біріншіден, отбасының әлеуметтік институт ретінде қызметтенуі, екіншіден, отбасының өзгеше бір өзіндік айрықша құрылымы, өзіндік пайда болып, қалыптасу заңдылықтары бар шағын әлеуметтік топ түрінде танылуы. Өйткені, отбасы тек ерлі - зайыптылардың табиғи жыныстық заңды қатынастарының нәтижесінде өмірге жаңа ұрпақ алып келетін, оларды өсіріп, тәрбиелеу арқылы қоғамдық өмірге толық әрі жан - жақты әлеуметтенген тұлғалар етіп қосатын ерекше топ қана емес. Сонымен бірге басқа да қоғамдық тұрғыдан ерекше мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе қандас - туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.

Еркек пен әйел - отбасының ұстанды қазықтары, өмірге жасұрпақ әкелушілер, сөйтіп өмір сабақтастығын жалғастырушылар, ұрпақтан ұрпаққа ұлттық салт - дәстүрлерді, жөн - жоралғыны, ұлттық сана - сезімді, намысты, мақтанышты, өзіндік шаруашылық жүргізу тәсілін жеткізушілер. Еркек үйдің тірегі, әйел үйдің берекесі. Отбасылық өмір еркек пен әйелдің жұбайлық құрып, заңды үйленулерімен басталады. Демек, отбасы институтымен келесі бір әлеуметтік институт – неке институты тығыз байланысты.



Неке - әйел мен ер кісі арасында өзара, және басқаларға, сондай - ақ қоғамға қатысты құқықтары мен міндеттерін айқындайтын тарихи қалыптасқан, реттелінген қарым - қатынас түрі. Некелік қарым - қатынастар халықтың өсуінің сапалық және сандық көрсеткіштеріне, жас ұрпақтың табиғи және рухани өсіп жетілу деңгейіне үлкен әсерін тигізеді. Неке арқылы адамдардың дүниеге ұрпақ әкелу мүддесі жүзеге асады.

Некенің әлеуметтік мәні қоғамда қалыптасқан қарым - қатынастардың, саясаттың, құқық пен діннің, адамгершілік мұраттардың мазмұнымен айқындалады. Некені қолдай отырып, қоғам өзіне оны қорғау міндетін алады. Некеге тұрушыларға қоғам алдында балалардың тәрбиесі мен оларды материалдық жағынан қамтамасыз ету, отбасы бірлігін сақтау сияқты міндеттер жүктеледі [28].

Сонымен, көріп отырғанымыздай, отбасы - бұл ерлі - зайыптылар арасындағы, ата - аналар мен балалары, сондай - ақ қандас жақын туыстар арасындағы қарым - қатынастар тұрақтанған шағын әлеуметтік топ. Отбасының өзіндік тағы да бір ерекшелігі ортақ үй шаруашылығымен айналысуы. Отбасын «ата - аналар – балалар» бірлестігі қалыптастырады, ал некелесу бала туылу үрдісін іс жүзіне асыру қалпы, еркек пен әйел арасындағы заңдастырылған отбасы құру шарты.

Қазіргі заманда не көп, отбасыларын әртүрлі типтеп, оларға сипаттама беру көп. Дегенмен, осы типтеулердің ішінде ең көп аталатыны тарихи тұрғыда нақтылы тұрақталған моногамды отбасының үш типі: патриархалды (дәстүрлі) отбасы, балаға аса қамқоршыл отбасы (қазіргі заманғы), ерлі - зайыптылар отбасы [30].

Моногамды патриархалды отбасында әйелі де, балалары да үй иесі - ер азаматқа тәуелді болып келеді. Отбасы - ер азамат үйдің де, дүние мүліктің де иесі болып саналады. Демек, патриархалды отбасы ежелгі, яғни жеке меншіктің пайда болып, шығуы кезеңінде - ақ қалыптасқан отбасылық қатынас. Патриархалды отбасының мүшелері – ері, әйелі және балалары.

Ерлі - зайыптылар отбасын көбіне жеке отбасы деп те анықтайды. Ерлі - зайыптылар отбасы бүгінгі дүниеде ең көп тараған отбасы әрі заң жүзінде (заңды түрде) бекітілген шағын әлеуметтік топ. Мұндай отбасылар көбіне көп өзара құрмет пен сыйластықта өмір сүреді. Үй шаруасын бөлісіп, бірлесіп атқарады. Балаларына тәлімді, талғамды тәрбие беруге, оқытып, белсенді азамат етіп қалыптастыруға күш жұмсайды. Қазіргі заманғы нағыз отбасы – осы ерлі - зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі әлеуметтік топ. Мұндай отбасының құрылымы ерлі - зайыптылар және балалары (ұл - қыздары).

Десек те, қазіргі заманда қос ұрпақтық (ерлі - зайыпты және ұл - қыздары) отбасылар көп болғанымен, олардан саны жағынан үш ұрпақты (ата - ана бала- немере) отбасылар да қалыспайды. Себебі, жаңадан шаңырақ көтеріп түтін түтеткен жас отбасылар қашанда әке - шешелерінің көмегіне зәру. Сондықтан олар ата - аналарымен бірге тұрғанды қалайды. Әрі бала тәрбиесін де кемпір -шалдың мойнына артып қойғанды ұнатады. Әрине, мұндай жағдай көбіне көп баршылықты, тұрмыс деңгейі ортадан жоғары отбасыларға тән құбылыс.

Егемендікке қол жеткізгенге дейін жүргізілген халық санағы мәліметтері бойынша 1989 жылы Қазақстанда 3 млн. 825 мың отбасы тіркелген. 2014 жылы жүргізілген халық санағында бұл көрсеткіш Қазақстанда шамамен 4 млн. 600 мың отбасы тіркелгендігін көрсетіп берді [31].

Қазақстандық отбасылардың тұрмыс ақуалы, әл - ауқатын көтеріп отыру мәселелері елбасымыз бен үкіметтің үнемі басты назарда ұстайтын өткір проблемалар санатында саналады. Сөз жоқ соңғы жылдары ел басшылығы тарапынан қазақстандық отбасыларының тұрмысы мен әл - ауқатын көтеруде көптеген игі істер атқарылуда.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет институтының қалыптасуы мен оның бүгінгі күнге дейінгі жалғасып келе жатқан дамуы көптеген мәселелерді шешуді қажет етеді. Ол мәселелердің бірі республикамыздағы жас отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсету саласымен байланысты.

«Мемлекеттің негізгі мақсаты -біздің халқымыздың әл ауқатын жақсарту. Халқымыздың әл-ауқаты Қазақстанның экономикасы осы салаға жұмсалатын қажетті қаражаттарға ие болса ғана жоғарылай түседі. Осы күнге дейін өзімнің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауларымда халықты әлеуметтік қолдауға бағытталған қаражаттардың көлемін ұлғайту жөнінде мәселе қаралады. Адамдардың денсаулығы мен білім деңгейі – бірінші орынға ие.» - дей келе Елбасы экономикалық тұрақсыздық жағдайында жас отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсету назарсыз қалмайтынын баса айтуда [32]. Сондықтан, бүкіл қазақстандықтардың толыққанды, сапалы әлеуметтік қызметті алуға қол жетімділігін қамтамасыз ету өзекті мәселеге айналып отыр.

Экономикалық тұрақтылық кедейлік пен жұмыссыздықты шынайы түрде қысқарылуына шешуші мәнге ие. Сонымен қатар экономикалық даму байсалды әлеуметтік саясатпен бірлесе жүруі қажет. Экономикалық өсу, жұмыспен қамтылудың жоғары деңгейі, халықтың жоғары дәрежедегі тұрмыстық жағдайы- бұл көрсеткіштердің барлығы ең алдымен экономиканың әлеуметтік бағдары едәуір анық байқалынатын елдерде байқалынған. Сондықтан да еліміздегі әлеуметтік бағыты бар нарықтық экономиканың маңызы тұрмыстық жағдайы нашар, халықтың әлсіз тобына әлеуметтік қызметтерді көрсету мәселелерін шешетін мемлекеттік бағдарламалар мен нормативтік-құқықтық актілерінің нәтижелігі көрсетіп отыр.

Адамдардың жақсы өмір сүру дәрежесі бойынша жоғары ондыққа мына мемлекеттер кірген: Австралия, Австрия, Финляндия, Германия, Сингапур, АҚШ, Швейцария, Гонконг, Дания және Жаңа Зеландия елдері. Кестенің ең соңғы 104-ші орнын Йемен елі иеленіпті. Бұрынғы кеңестік мемлекеттердің ішінен Қазақстан 56 орынды иеленсе, ал Ресей - 57, Украина - 68, Белоруссия - 78, Өзбекстан - 80, Молдавия - 83 орындарға орналасқан [33].

Социология ғылымдарының докторы, профессор З.Ж.Жаназарованың зерттеулерінде негізделгендей, бүгінгі таңдағы қазақстандық отбасыларды тұрмыс деңгейлеріне қарап төмендегіше бөліп - бөліп көрсетуге болады:



  1. Жарлы отбасылар - 35%.

  2. Тұрмыс деңгейлері ортадан төмендеу отбасылар - 27%.

  3. Тұрмыс деңгейлері орта отбасылар – 29,7%.

  4. Тұрмыс деңгейлері жоғары отбасылар – 4-5%.

Кедейшілік және жарлы - жақыбайлық күй кешкен отбасылармен қатар З.Ж. Жаназарова қайыршылық күйге түскен отбасылардың да бар екендігін тілге тиек етеді. Ондай отбасыларға материалдық және рухани құндылықтарға қол жеткізуге мүмкіншіліктен ада, яғни отбасы иелерінің ішімдікке салынып кетулеріне қарай өздерінің толық мәнінде өмір сүруге жағдайларын жоғалтқан отбасылық үйелмендерді жатқызуға болады, - дейді ол [34].

Бүгінгі таңда бір қоғамдық - экономикалық формацияданекіншісіне секіру, яғни нарықтық қоғамға өту қиыншылықтары бүкіл ТМД кеңістігіндегі сияқты Қазақстанда да аз балалы отбасылардың көбейіп кетуіне кәдімгідей әсер етіп отыр. Айталық, бұрындары қазақ отбасында 9 -11 баланың дүниеге келуі үйреншікті қалып ретінде қабылданатын. Кейін бұл көрсеткіш таяздана түсті. Егер өткен ғасырдың 60 - шы жылдары қазақ отбасында орта есеппен алғанда 5 - 7 баланың дүниеге келуі қалыпты жағдай саналса, Қазақстан егемендікке қол жеткізген алғашқы жылдары әрбір шаңырақта кем дегенде 3 - 4 баланың болуы, ондай отбасын көп балалы отбасы деп анықтауға мұрындық болды. Ал, бүгінгі таңда отбасында кем дегенде 2 - 3 бала болса, ондайотбасын орташа, 1 - 2 баласы бар отбасын “нуклеарлы”, яғни ата - анасыз, туыс - бауырластарсыз өз алдына жеке (автономно) тек «ері – әйелі – балалары» ғана тұратын отбасы деп белгілейді.



Жоғарыда нақтыланған мәліметтерді одан әрі тарқата өзектеген жағдайда, қазақстандық отбасыларын өзіндік өзгеше бір сипаттамалық белгілеріне қарай ажыратып, төмендегіше де типтеуге болады:

  1. Бала санына қарай көп балалы отбасы, аз балалы отбасы, бір балалы отбасы, баласыз отбасы.

  2. Құрылымына қарай: ірі, бірнеше ұрпақты бір шаңырақтың аясына біріктірген отбасы; толық емес отбасы, нуклеарлы отбасы, ерісіз аналы - балалы отбасы, екіншілей некелескен отбасы, ерлі - зайыпты, балалы - шағалы, ата - анасымен және бауырлас туыстармен бірге тұратын отбасы, ата - анасы, ері - әйелі, баласы - келіні, немере - шөбересі бірге тұратын отбасы.

  3. Ерлі - зайыптылардың бірінің отбасындағы үстем өкілеттігіне қарай: эгалитарлы (тепе - теңдік сақталған) отбасы немесе авторитарлы отбасы деп те бөлуге болады.

  4. Өмір сүру салтына қарай отбасыларын көңілдері жарқын отбасы, балаларына қамқоршыл отбасы, қонақжайлы отбасы, үй тұрғындары денсаулығына тым қатты көңіл аударатын отбасы, тәртіптілікті қата бағалайтын отбасы, үйде жайлы, ыңғайлы жағдай жасап алуды қалайтын отбасы деп те бөледі.

  5. Әлеуметтік құрамның біртектілігіне қарай гомогенді (біртектілі) отбасы немесе гетерогенді (әртектілі) отбасы делінеді.

  6. Бірге тұрған мерзіміне қарай: жаңадан үйленгендер (үйлі болғандар), жас отбасы, бала күтуші отбасы, орта жастағы ерлі - зайптылар, орта жастан асқан ерлі - зайыптылар, кексе тартқан ерлі - зайыптылар, қосағы деп бөледі.

  7. Отбасында орныққан әлеуметтік - психологиялық қалыпқа қарай отбасын жайлы немесе жайсыз отбасы деп те бөле білген жөн.

  8. Тұрғылықты ортасына қарай отбасыларын: қалалық немесе ауылдық отбасылар деп те бөлуге болады.

  9. Отбасылық өмірдің өзгеше бір жағдайларына қарап отбасыларын «студенттік отбасы», некесіз отбасы, «кітап құмар отбасы», «тек ой қызметімен айналысатын отбасы», «тек өз қажеттіліктерін өтеуге бейімделген отбасы», «бос уақыттарын дұрыс ұйымдастырып, қызықты өткізуге бейім отбасы», т.т. деп те бөле білген жөн сияқты.

  10. Әлеуметтік мобильдігіне қарай отбасын реактивті (ұшқыр, уақыт талабына тез бейімделетін) отбасы, орта ағымды отбасы, белсенді отбасы деп те бөлуге болады.

  11. Отбасын, сонымен бірге, әдет - ғұрыпты, үлгілі - өнегелі, ауызбірлігі мығым, ерлі - зайыптылардың бірін - бірі құрметтеуді жоғары, кездескен қиындықтарды бірлесіп жеңе білетін қадірменді отбасы деп те атауға болады [35].

Адамзат баласының отбасындағы тәрбиесі қай ғасырдың болсын өзекті мәселелерінің бірі болды. Ежелгі антикалық дәуірден бастап ойшылдар отбасылық тәрбие мен отбасылық өмірге дайындық жасау мәселесіне ерекше мән берген. Соның бір дәлелін грек ойшылы Платонның көзқарастарынан табамыз. Оның пікірінше, адамдар отбасын құру үшін болашақ өмірдегі серігінің қандай отбасынан шыққанын, оның әке-шешесі мен ата-бабаларын жақсы білуі қажет деген тұжырым жасайды [36]. Ал, белгілі ойшыл Аристотель болса, «отбасы - адамдардың қарым-қатынастарының ең бірінші түрі және ол мемлекеттің бірінші кішігірім бөлігі» деп санаған [37].

Отбасы мәселесін көптеген шетел философ ойшылдары жан-жақты қарастыруға тырысты. Солардың бірі классикалық неміс философиясының өкілі Кант отбасындағы адамдардың құқықтық мәселелеріне көп көңіл бөлген. Ал, Фихте отбасының негізі-махаббат десе, Гегель бірінші болып отбасы мен некенің тарихи формаларын көрсеткен [37].

CIC ғасырдың екінші жартысынан бастап отбасы мәселесіне деген тарихи көзқарастар мен зерттеулер толықтырыла түсті. Мәселен, Л. Морганның 1877 жылы шыққан «Ежелгі қоғам» атты кітабында отбасының тарихы, оның некелі қарым-қатынасы, экономикалық, әлеуметтік дамуы және қызметі қарастырылған [38.]. Әлеуметтік және отбасылық тәрбиенің өзара байланысын дәлелдейтін зерттеулер де бар. Бұл еңбектерде отбасын тарихи категория ретінде қарастырып, оның формаларының байланысын және даму жолдары көрсетілді.

Француз ағартушысы Ж.Ж. Руссо, швейцарлық И.Г. Песталоцци, орыс педагогтары К.Д. Ушинский, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко [39] т.б. еңбектерінде өздері өмір сүрген замандарына сәйкес отбасы тәрбиесін қарастырған.

Философиялық тұрғыда отбасы ұғымын қарастырсақ, қоғамның ажырамас құрамдас бөлігі, өмірде зор мәні бар кішігірім ұйым деп есептесе, әлеуметтану ғылымында отбасы - некеде және қандас туыстар негізінде құрылған кішігірім топ ретінде көрсетілген. Отбасының мүшелері бір-бірімен тұрмыстық және құлықтық жауапкершілікте бола отырып, өзара жәрдем көрсету қарым-қатынас сипатына ие, сонымен қатар, әлеуметтік құрылым ретінде қоғамның экономикалық базисінің дамуына байланысты өзгеріп, жекелей дербестікке ие болады деп көрсетеді.

Педагогикалық - психологиялық тұрғыда отбасы ұғымына сипаттама берсек, ата-ана мен балалар арасындағы, ерлі-зайыптылардың және басқа да оның мүшелерінің қарым-қатынасының тарихи нақты жүйесі болып табылады.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде отбасына - неке мен қандас туысқа негізделген шағын топ деп анықтама берілген. Отбасының ерекшелігі мынада: тұрмыстық жағдайдың ортақтығы, өзара көмек пен қолдау және өзара рухани жауапкершілік арқылы байланысқан.

Кез-келген отбасының өмір жағдайы материалдық және рухани құрылымдармен, тіпті құндылықтармен сипатталады. Оның табиғи-биологиялық және шаруашылық тұтыну қатынастары материалдық жағын білдірсе, ал, руханилықты құқықтық, адамгершілік және психологиялық қатынастар құрайды.

Отбасы бір жағынан адамдардың өзінің ішкі өмірін, құпияларын, сырларын, қарсы тұрған сыртқы әсерлерден қызғанышпен қорғайтын тұйықталған бірлестік. Егер отбасының ішкі өмірін әлеуметтік ортаға ашық етсе, онда ол бірден ыдырап, дағдарысқа ұшырауы мүмкін, ал екінші жағынан, отбасы адамдардың бірлескен өмірінде қоршаған ортаға, қоғамға ашық және айқын бірлестігі болып табылады. Мұндай отбасының ішкі жағдайлары қоғам мәселелерімен қатар қарастырылса, онда оның шешімін ыдыратпайды. Бұл жағдай керісінше, отбасының дамуына қауіпсіздік және сақтану сезімдерін қамтамасыз ететін мүмкіндік туғызады.

Кез-келген отбасы қанша жерден тұйықталған, жабық және кейбір өмір сұру жағдайлары жеке, тіпті жасырын сипатта болғанымен ол қоғамсыз өмір сүре алмайды. Себебі, оның кез-келген мүшесі жан-жақты әлеуметтік топтарға, яғни өндірістік, оқу ұжымдарына, балалар және қоғамдық ұйымдарға, сонымен қатар сауда және денсаулық орындарына қатысты қарастырыла отырып, ондағы адамдармен өзара тығыз және кері байланыста болады.

Әлеуметтік маңызды институттардың бірі ретінде отбасы қоғамдық қарым-қатынасқа түседі және оның барлық өмір ағымына ықпалын тигізе алады. Отбасында адамдар тек қажеттіліктерін қанағаттандырып ғана қоймай, бірқатар әлеуметтік функциялар орындайды. Сондай-ақ, қоғамның әлеуметтік құрылымы мен оның бір бөлшегі болып табылады.

Отбасының әрбір мүшесі бір-бірімен тығыз байланыста, ерекше жанашырлық пен сүйіспеншілік сезімде болады. Олар бір-бірінің жеке өміріне және тағдырына елеулі түрде ат салыса алады. Бұл жерде бір немесе бірнеше ұрпақ отбасы болып іріктелінеді. Екі ұрпақты отбасының құрылымы мынадай: әйелі мен ерінің, әке мен шешенің, балалардың, ағалардың және қарындас, сіңілілердің рөлі негізделеді. Ал, үш ұрпақтық отбасыда ата мен әженің, ене мен атаның, күйеу бала мен келіннің, қайындар мен балдыздардың рөлі қосылады.

Отбасындағы ата-ана мен баланың қарым-қатынасы мен сезімдер сипатына ешкімнің шүбәсі болмауы тиіс. Отбасылық қарым-қатынаста оның әрбір мүшесінің рөлі ерекше болып табылады. Отбасында ана баланы өмірге әкеледі, оны ақ сүтімен тамақтандырып, әлдилейді және мәпелеп өсіреді. Анадан бала эмоциялық жылық пен махаббат сезімін сезінсе, ал, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасқа әртүрлі көзқарастар мен тұжырымдар бар. Бір көзқарастарда балаға әкесі әйелі арқылы байланысады десе, екіншілері әке мен баланың байланысы тек экономикалық және эмоциялық қолдау деп есептесе, үшіншілері әкенің баласына деген ниеті, жасаған жақсылығы- олардың анасын сүюі деген тұжырымдарды ұсынады [40]. Қазіргі таңда әкенің рөлі қалай болса да ананың рөлінен кем болмауы керек. Бұл жағдай тек әр адамның жауапкершілік сезіміне тәуелді болып келеді. Себебі, қазіргі таңдағы жаһандану жағдайында, әсіресе еуропалану уақытында ұлттық құндылықтарымыз арқылы баланы тәрбиелеу басты мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Отбасылық дағдарыстардың белең алуы көп жағдайда еліктеушілік қасиетімізге байланысты екені ешкімге күмән туғызбас. Сондықтан бала тәрбиесіндегі мәселелер, әсіресе отбасылық өмірге тұлғаның дайындығы ғылыми тұрғыда негізделуі керек. Бұл жағдайлар жоспарланбаған сәбилердің дүниеге келуінен, жас отбасылардың дағдарыс жағдайларының, жауапсыздық сезімдердің алдын алуға мүмкіндік беруі тиіс.

Көптеген еңбектерде ғалым-педагогтар мен психологтар балаға әке-шешесінің қарым-қатынасы мен олардың берген тәрбиесіне жететін дүние жоқ деп есептейді. Осы орайда, балалардың рухани үйлесімді тұлға ретінде қалыптасуы олардың отбасындағы сүйіспеншілік, кішіпейілділік, сыйластық, жауапкершілік, қайырымдылық, сезімталдық, т.б. адамгершілік қасиеттерінің даму негізіне байланысты болып табылады.

Сонымен, қандай да болсын, мейлі ол толық не жартылай болсын әрбір отбасының өзіндік даму тарихы бар. Жоғарыдағы айтылған ойлардан туындайтыны отбасы – бұл кішігірім мемлекет, әлеуметтік топ. Ол алғашқы адам баласы пайда болған кезеңнен бері қарай дамуда, бүгінгі күні оның сипаты мен мәні өзгеруде. Дегенмен ерте кезден-ақ, отбасын құру күнкөріс қамынан, ерлі-зайыптылық қарым-қатынастан және ұрпақ әкелуден бастап туындаған.

ҚР «Неке және отбасы» туралы Заңына байланысты қазіргі жастар арасындағы неке құру үшін қажетті жағдай - екі қарсы жыныстың кәмелетке келуі, яғни 18 жасқа толуы болып есептеледі [41]. Осы заңда жас отбасы деп –бес-он жыл отауласқан және 29 жас шамасындағы әлеуметтік топты айтады.



Демек, он жыл отасқан әлеуметтік топты жас отбасы дейміз. Бұл аралықта жас отбасының балалы болып, өзіндік қоғамдағы орны қалыптасады. Сонда да қоғамда нық орныққан отау деп атауымыз қиын. Себебі қоғамымыздағы әсер етуші күштер психологиялық, әлеуметтік, экономикалық сынды дағдарыстар жас отаудың нығаюына өз әсерін тигізеді. Осы тұрғыдан мемлекет, ата-аналар тарапынан жас отауға деген педагогикалық қолдау көрсету міндетті болып табылады. ҚР Заңы «Неке және отбасы туралы» 2006ж. 7-бөлімнен, 29-тараудан, 213 баптан тұрады. Осы Заң Қазақстан Республикасындағы неке-отбасы қатынастарын, сондай-ақ, оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін белгілеп, реттейді, отбасының дамуын Қазақстан Республикасы мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты деп анықтай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта жастардың отбасыға және некеге деген қатынастары ерекше сипатта болып отыр. Өйткені көптеген бүгінгі жастар өз әріптестерімен қарым–қатынасқа түсуге, істі жауапкершілікпен орындауға үйренбей жатып, ойланбастан немесе неке құруға асығыс шешім қабылдайды. Нәтижесінде неке туралы пікірлері мен сенімдері дұрыс болып шықпайды. Көптеген зерттеулерде көрсеткендей, неке сәтті болуы үшін жастар жауапкершілікті ең басты орынға қоюлары керек. Кейбір жастар ерлі–зайыпты өмірдің бірінші жылында стресстік жағдайларға ұшырап, өмірлік қиындықтарға толық дайын емес болып шығады. Мұның салдарынан жас отбасылар дағдарысқа ұшырап, ажырасулар көптеп белең алып кетеді. Осы орайда, «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген нақыл сөзі еріксіз еске түседі. Алып ұшпа-сезімдерінің салдарынан жастардың бір-бірінің өміріне жауапсыздығы белең алып, «әкесіз бала», «жалғызбасты ана» деген ұғымдар белең алып отырғаны кімді де болса ойландырады.

Қазіргі нарық жағдайында жастарды неке құруға және болашақ отбасылық өмірге дайындау өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде басты міндеттердің бірі болып табылады. Көптеген ғалымдардың зерттеулерінде (Ю.Е. Алешина, А.И. Антонов, В.А. Борисов) жастарды белгілі бір жасқа келгенде отбасын құруға толығымен дайын деп есептеген. Дегенмен, әлеуметтік ортаның мәдени-тарихи динамикасына орай, өсіп келе жатқан жас ұрпақты отбасын құруға арнайы дайындық жүргізу қажет. Толып жатқан әлеуметтік, педагогикалық және психологиялық зерттеулер және этностық құндылықтар арқылы жастарды неке және отбасын құруға дайындау психологиялық жұмыстың басты мақсаты болып отыр.

Отбасылық өмір туралы жағымды көзқарастар жас отбасылардың тұлғалық үйлесімді дамуға және өмірлік бақытты етуге жетелейді. Жас отбасының тұрақтылығы олардың неке құруға психологиялық дайындығымен ерекшеленеді. Аталмыш жүйе тұлғаның әлеуметтік–психологиялық орнығуымен және ерлі-зайыптылардың өмірге деген эмоциялық–психологиялық қарым–қатынасымен анықталады. Ал кейбір ғалымдар неке мен отбасының тұрақты қарым–қатынасы неке құруға психологиялық дайындығымен байланысты деп көрсеткен (А.А. Бодолев, К.Бейкер).

Белгілі шетел ғалымы және индивидуалды психологияның негізін салушы А. Адлер некеге психологиялық дайындықтың сәтті болуы адам өмірінің стилімен және оның түптұлғасымен негізделеді деп тұжырымдайды [42]. Аталмыш ғалымның пікіріне сай бірнеше жылдан кейін оның махаббат пен некеге туралы пайымдауы толығымен өзекті болып шықты. Ғалымның пікірінше, махаббат пен некеге психологиялық дайын болу үшін ең алдымен әлеуметтік тұрғыда бейімделген болу керек. Шын мәнісінде тұлғаның махаббат пен некеге деген қабілеттілігі адам өмірінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ қалыптасады. Ересек адамдар отбасында тұлғаның қасиеттерін тани отырып, алдағы уақытта қателіктер жібермеуге тырысады. Бұл ғалым әрбір тұлға шешетін өмірдің ерекше үш саласын немесе ерекше үш бағытын бөліп көрсетеді. Алғашқы екі сала жастық шақта неке мен махаббатқа дайындалуды үйретеді. Екі жастың арасындағы басты міндеттердің бірі неке болып табылады. Бірақ көп жағдайда жастар мұны жалғыз өзі немесе көп адамдардың шешімінен табуға үйреніп кетеді. Өйткені көп жағдайда жастардың өз бетінше шешім қабылдауларына іскерліктері жетіспей жатады. Ғалым өмірде дұрыс бағытты таңдау кәсіби істі және пайдалы әрекетті талап етеді деп санайды. Бұл қасиеттерден айрылған адам махаббат сезімімен өзгелермен қарым–қатынас жасауға әлі дайын болмайды.

Жоғарыдаға айтылған пікрілерге орай, өмірлік жар табу оңай міндет емес. Біреулерге жүз жігіттің біреуі ғана ұнаса, енді біреулерге бәрінің де бір міні бар сияқты болып көрінуі заңды құбылыс болып табылады. Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек: бірі мамандық таңдау, екіншісі жар таңдау деген қағиданы жастардың арасынан жиі естіп жүрсек те, көп жағдайда албырт сезімдер оларды көптеген адасуларға жетелеп келе жатқаны белгілі. Дегенмен, жас отбасылық өмірді біріктіретін интегралды категория:



  • тұлғаның отбасылық өмірдегі жұбайы мен болашақ балаларына, жаңа жүйедегі қарым-қатынасқа дайындығы адамгершілік қасиеттерін қалыптастырумен байланысты. Біздің пікірімізше бұл құбылыстар ерлі–зайыптылардың отбасындағы рөлдерімен жүзеге асырылады;

  • Ерлі-зайыптылардың отбасылық өмірлері дұрыс қалыптасу үшін, олар өзара түсінушілік пен тұлғааралық қарым- қатынасқа психологиялық тұрғыда дайын болуы қажет;

  • отбасылық өмірде бір-біріне деген эмпатиялық қабілеттері болу керек. Және де өз сезімдеріне сай жақсы көретін адамына әрекет етулері маңызды рөл атқарады;

  • эмпатиялық құбылыс адамның ішкі жан дүниесі мен рухани қасиеттерімен байланысты. Бұл құбылыстың ерекшелігі отбасылық өмір тұлғаның нәзіктік күшін күшейтіп, ерлі–зайыптылардың эмоциялық қабілетін дамытады;

  • отбасылық өмірде тұлғаның мінез-құлқында жоғары мәдени эстетикалық сезімдері болады;

  • отбасылық өмірде кездесетін тұлғалық шиеленістерді конструктивті іскерлік арқылы шешу;

  • Ерлі-зайыптылардың тұлғааралық қарым-қатынастарын дамыту үшін жастар бұл шешу процесін қолдануға болады.

Балалар өмір сүру барысында отбасы мен некеге деген қатынас нормаларын айналысындағы ересек адамдардан үйренеді. Оларда адами қадір–қасиет, достық, жолдастық және шынайылық қасиеттері балалық шақтан бастап дамиды. Бұл қасиеттер адамдағы ең жоғары сезімдердің бірі махаббатты елестетуге және неке мен отбасылық қарым–қатынасты қалыптастыруға жол көрсетеді. Дегенмен, өмір талабының өзгеруіне байланысты бұл өте бағалы механизм білім беруде жеткіліксіз болып табылады. Әрдайым даму процесінде болады. Сондықтан да қазіргі таңда өсіп келе жатқан ұрпақты мектепте педагогтар және отбасында ата-аналары болашақтағы отбасылық өмірге психологиялық тұрғыда дайындауы қажет. Яғни, болашақта отбасын құрған кезде ата*ананың міндеттері қандай? Баланы қалай тәрбиелеу керек? Осы сұрақтар төңірегінде әрдайым ой қозғап, ол туралы сауатты мәлімет беру басты міндеттердің бірі болуы тиіс.

Демек, жас отбасына материалдық, мәдени, педагогикалық, психологиялық көмек көрсету, сондай - ақ әке мен ананың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыруға жағдай тудыру аса маңызды мемлекеттік іс. Сондықтан Қазақстанда ана мен баланы қорғау, отбасы туралы қабылданған заңдар одан әрі жетілдіріле түсуі тиіс. Бұл туралы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдаған жолдауларында жан - жақты тоқталып, шешу жолдарын көрсетіп берді.

Жасыратындығы жоқ ана мен баланы қорғау, отбасының әл - ауқатын барынша көтеру, бала тәрбиесіндегі ата - ана жауапкершілігін күшейту қажеттілігі туралы осы уақытқа дейін қабылдаған әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, моральдық бағдарламалар мен заңнамалардың бұл бағытта қордаланған өткір мәселелерді шешудегі қауқарсыздығы, тетіктік механизмдерінің жетімсіздігі байқалып - ақ қалып жүр.

Демек, мемлекеттік отбасылық саясатты негіздеуде, оның мәні мен мазмұнын анықтауда Қазақстан халықтарының үй шаруашылығын жүргізудегі өзіндік қолтаңбаларын, бала тәрбиелеудегі ерекшіліктерін, әдет - ғұрыптары мен жөн - жоралғыларын, салт - дәстүрлерін, рухани ұстанымдарын, мәдени артықшылықтарын, т.с.с. қатаң ескере білу қажет.

Отбасының нақты тұтыну бюджетін де есепке ала білу керек. Айталық, отбасының нақты кірісі мен шығысының көлемі мен құрылымы, түрлі отбасылық топтардың тұрмыс деңгейлерінің айырмашылықты өзгешіліктері, кірістердің толық көлемі, жалақы мен басқа да кіріс көздері, еңбек ақы нысандары, кәсіпкерлік қызметтен, фермерлік шаруашылықпен, өзіндік қосалқы шаруашылықтан түскен табыстар, меншіктен түскен табыс, (үйді жалға беруден алынған), сыйақы, қарыз бен несие, жұмыссыздық бойынша жәрдем ақы, алимент, жұмысқа уақытша жарамсыздығы үшін төленетін жәрдем ақы, демалу, немесе емделу үшін жолдамалар алуға берілетін жеңілдіктер, т.с.с.

Отбасының шығысы -баспана салығы, коммуникациялық төлемдер, ішіп -жем азық - түлігі, киім - кешек, басқалай төлемдер, ерікті жарналар төлеуге шығарылатын шығындар, кітап, газет - журнал, т.т. сатып алулар, немесе баспасөзге жазылу төлемдері, салықтардың төленуі, кредит төлемдері, т.т.

Жалпы отбасылық деректер - экономикалық есептерде, сондай-ақ әлеуметтік саясатты негіздегенде, қамсыздандыру бағдарламаларын тізгендепайдалануы тиіс. Отбасылық экономикалық есептік факторларға қоса демографиялық факторлар да есепке алынуы (отбасы саны - ата - ана, әке - шеше, балалар, бауырлас туыстар, күйеу, келін, немере - шөбере, т.т.) тиіс. Мұндай есептер балалы отбасыларға әртүрлі жәрдемақылар тағайындауда, зейнет ақының ең төменгі мөлшерін көтеру шараларын белгілеу үшін негіз қалайды.

Ана мен баланың денсаулығын қорғау – мемлекеттің, денсаулық сақтау мекемелерінің, жұртшылықтың тікелей назарында болуы тиіс. Елбасы айқындап бергендей, қаржы дағдарысы өтіп, қазынаға кіріс кіргесін ең алдымен үкімет аналар мен балаларға мемлекеттік қолдау көрсетуді одан әрі арттыра түсуге тиісті. «Біздің мемлекетіміз бұрыннан да қандай қиындықтарға қарамастан аналар мен балаларға айтарлықтай көмек көрсетіп келеді.

Еліміздегі балалары бар жас отбасыларын қолдаудың кешенді жүйесі жасалған. 2006 жылы «Балалары бар отбасыларына төленетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді, оған сәйкес мынадай төленеді:

- баланың туғанына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы (отбасы табысына қарамастан);

- отбасындағы балалар санына байланысты сараланған мөлшерде бала бiр жасқа толғанға дейiнгі оның күтiмi жөнiндегi жәрдемақы (отбасы табысына қарамастан);

- табысы жан басына шаққанда азық-түлік қоржыны құнынан төмен жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы.

2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бала тууына байланысты 329,2 мың адам жәрдемақы алған, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 27,4℅-ға артық. Бұл ретте жәрдемақы төлеу шығыны 15,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылдағыдан 3,6 есе көп.

Жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақысымен (одан әрі – МБЖ) 745,8 мың бала қамтылған, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 5,4℅ көп, осы ретте тағайындау сомасы 9,1 млрд. теңгені (62,7 млн.АҚШ доллары) құрады. Төленген МБЖ жалпы сомасынан 74,5℅ ауылдық жерлерде тұратын балаларға төленгендігін атап өту керек, олардың МБЖ алушылар қатарындағы үлесі – 73℅ құрады.

2008 жылғы 6 ақпандағы Елбасының халқына деген Жолдауын іске асыруға қабылданған 2010 жылдан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы енгізілгеннен кейін балалары бар отбасыларын әлеуметтік қолдау одан әрі дамытылды.

Бұл ретте төртінші және одан артық бала туғанда берілетін жәрдемақы 2007 жылмен салыстырғанда 4 есеге көтеріліп, 70º650 теңгені құрады;

- бала бір жасқа толғанға дейінгі оның күтімі бойынша төленетін жәрдемақы орта есеппен 2,4 есе артық көтерілді және қазіргі кезде:

- бірінші балаға – 7 772 теңге;

- екінші балаға – 9 185 теңге;

- үшінші балаға – 10 598 теңге;

- төртінші және одан кейінгі балаларға – 12 011 теңге.

Әлеуметтік төлемнің жаңа түрі енгізілді - мүгедек баланы тәрбиелеуші ата-аналарға, қамқоршыларға бір ең төмен жалақы 14 952 теңге мөлшерінде жәрдемақы төлеу.

Қабылданған шаралар мүгедек балаларды тәрбиелеумен және дамытумен тікелей айналысатын адамдарға жәрдемақы төлеу арқылы оларды мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіруге; баланың отбасында нешінші екендігіне қарай баланың туғанына жәрдемақы төлеу көлемін айқындау мәселесінде көп нұсқалықты орнатуға; көп балалы отбасылардың маңызын, мәртебесін және санын көбейту және елімізде демографиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

Жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында қолданыстағы заңнамада балалар жәрдемақысынан бөлек, жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға - жан басына шаққандағы орташа табыс пен кедейлік шегі арасындағы айырма түрінде атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсету көзделген.

Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында көптеген жұмыстар жүргізілуде. 2012 жылы жаңа «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы мемлекетіміздегі жас отбасыларын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығымен қамтамасыз ету барысында іске асырылуда. Бұл мемлекеттік көмек жас отбасылардың отбасылық жағдайының нығаюына бірден бір себеп болып табылады [43].Конец формы
Ғалым И.В.Гребенниковтың пікірінше, жас отбасының әлеуметтену ерекшеліктері төмендегідей бөліп қарастырады [44]:

Біріншіден, әлеуметтік ерекшеліктер - отбасында ата–аналар мен ерлі–зайыптылардың рөлдерін, бағалауларын, белгілерін неке мен отбасындағы қарым-қатынастың қоғамдық маңызын ашады;

Екіншіден, адамгершілік–эстетикалық ерекшеліктер - жауапкершілік,

шынайылық, ұстамдылық, мейірімділік, инабаттылық қасиеттерді бойға сіңіре отырып, кіші және үлкенді, ана мен әкені сыйлауға, адамдармен достық қарым–қатынаста болуға тәрбиелейді;



Үшіншіден, заңды ерекшеліктер - заңды түрде неке мен отбасының негізгі заңдылықтарына сүйенеді. Отбасының жалпы заңына сай ерлі–зайыптылар қоғам мен балаларына, бір-біріне деген міндеттерді білуі керек;

Төртіншіден, психологиялық ерекшеліктер - неке мен отбасылық өмірдің психологиялық негізі. Ерлі–зайыптылар отбасылық өмірде бір–бірінің психологиясын түсінумен қатар, сезімдерін дамытып, қарым-қатынас дағдыларын игеру қажет;

Бесіншіден, физиологиялық ерекшеліктер - ерлі–зайыптылардың жыныстық өмірімен ерекшеленеді;

Алтыншыдан, педагогикалық ерекшеліктер - отбасында баланы тәрбиелеуде маңызы зор. Ата–ананың педагогикалық сауаттылығы мен мәдениетінің жоғарлауы отбасылық тәрбиелеуді қалыптастырумен байланысты;

Жетіншіден, шаруашылық–экономикалық ерекшеліктер- ерлі–зайыптыларды үй–шаруашылығын, мәдени тұрмысты және отбасы қаржысын жұмсауға үйретеді.

Жоғарыдағы айтылған ерекшеліктер, жас отбасының қоғамда маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Мұндағы әрбір ерекшеліктер жастарды жан–жақты тәрбиелеуге өз үлестерін қосады. Жас отбасыны өмірге тәрбиелеудің барлық жақтары әлеуметтік–педагогикалық және психологиялық факторлармен ерекшеленетіндігі белгілі. Сондықтан жас отбасыларын өмірге дайындау өзара әрекетті қажет етеді. Бұл айтылған мәселелердің барлығы жас отбасының өмір туралы көзқарастары мен сезімдерінің қалыптасуымен байланысты болады.

Адамзат өмірінде отбасы қарсы жынысты екі жас үшін, тіпті материалдық экономикалық жағынан ата–аналарына бағынышты болса да елеулі іс болып табылады. Неке туралы сөз қозғағанда жас отбасының әлеуметтік институтқа дайын болу жағдайы мен деңгейін анықтауды ұмытпауымыз қажет. Психологтардың көзқарастары бойынша (В.П. Левкович, С.В. Ковалев) тұлғаның отбасына деген адамгершілік–психологиялық дайындығы әлеуметтік стандартты және мінез–құлық ерекшеліктерінің толық жиынтығын талап етеді. Осы арқылы тұлға отбасылық өмірді реттейді. Адамгершілік-психологиялық дайындығына төмендегі жағдайлар жатқызылады: өзінің отбасылық әріптесі мен болашақ балаларының қылықтарына жауапкершілікті мойнына алуға үйрену, жаңа жүйедегі ерекшеліктерді қабылдауға дайын болу; отбасы мүшелерінің қадір–қасиетін және құқығын түсіну, тұлғааралық қарым–қатынаста тепе-теңдік принципін сақтау; өз жұбайымен күнделікті қарым-қатынас жасау, қарама–қарсы жыныс өкілімен өзара әрекет ету, өз кезегінде жоғары мәдени адамгершілікті жорамалдау; басқа адамның мінез–құлық ерекшеліктерін және оның психологиялық жағдайын және денсаулығын түсіну.

Жас отбасының беріктігі көптеген факторларға байланысты. Қоғамдағы мегафактор, мезафактор, микрофакторлардың әсерінен жас отбасының сол қоғамдағы қарама-қайшылықтарды төтеп бере алуына тәрбиелік қолдау көрсету қажет. Некеде болатын адамдардың әлеуметтік–психологиялық қарым–қатынасы толығымен кемелденген болуы керек. Психологиялық кемелдену эгоизм мен агрессивтілікті жойып, керісінше ерлі–зайыптылардың қарым–қатынасының үнемі өзіндік жетілуіне бағыттала отырып, өзіндік қателіктерін сезінуге қабілеттілігін арттырады.



2 ЖАС ОТБАСЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Жас отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізудің мәні
Қай қоғамда болмасын қоғамға лайықты тұлғаны қалыптастыру мәселесі баршаны қызықтырып келген және бүгін де қызықтырып келеді. Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру бүгінгі қоғамымыздың талабы ретінде өзекті мәселеге айналып отыр. Ал тұлға болмысын қалыптастыру отбасы тәрбиесінен бастау алары даусыз. Өйткені, әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғамды өркениеттілікке жеткізу ең алдымен әрбір отбасындағы өмірді ұйымдастырудан басталуы тиіс.

Отбасы әлеуметтік педагог жұмыстарының маңызды салаларының бірі болып саналады. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс қоғам, ел ауыр кезеңді бастан өткізіп, отбасының әлеуметтік проблемалары шұғыл күшейіп жатқан кезде өзекті болатыны байқалады.

Қазіргі отбасы дәстүрлі үлгіден жаңаша үлгі бойынша ауысу процесін бастан кешіп отыр. Отбасының құрылымы, отбасы қызметі, отбасылық рөлдер, жұбайлардың бір-біріне тәуелділігі, отбасындағы бала тәрбиесі, гендерлік саясат, отбасының материалдық және рухани хал ахуалы т.б. осының барлығы отбасы түрінің өзгеруіне әкеледі.

Бала туу төмендеп, ажырасулар саны өсіп, жалғыз басты адамдар саны көбейіп, әйелдердің отбасынан бас тартуы, тұрмыс құрмаған қыз-келіншектер санының азаймауы, әйелдер арасында ісік ауруларының көбеюі, ерлердің психологиялық мінез- құлықтарының өзгерісі, жұмыссыздық, баспанасыз қалу, қаржылық күйзеліс, зорлық, т.с.с.әлеуметтік маманның отбасымен жүргізетін қызметтерінің қиын екендігін көріп отырмыз. Өмірдегі қолайсыз жағдайлар мен отбасындағы тәрбие, білім игерудегі мәселелер мен осыған байланысты оқудағы сәтсіздіктер, қоршаған ортамен араласа алмаушылықтар, осы негізде пайда болатын даулы жағдайлар, денсаулықтағы әртүрлі психофизикалық ауытқулар, әсіресе рухтың күйзелуіне, тіршілік ету мәнінің жоғалуына әкеледі. Әрине, әлеуметтік педагог жеке отбасы мен оның мүшелерінің барлық мәселесін шешпейді, ол әлеуметтік топқа туындаған қиыншылықтарды өз бетінше жеңе білуге көмектесу мақсатында, тек ынталандырып немесе шешілу жолдарына кеңес береді. Бұл жағдайда отбасы мүшелерінің қиыншылықты шешуге деген шын мүдделілігінің болуы, оған деген дайындығы.

Әйел адам барлық уақытта отбысының қорғаушысы, бала шағаның, шаңырақтың сақтаушысы болды. Жанұя өмірінің, отбасы дәстүрі мен салты, нормаларының стилін қалыптастыратын ол- Ана, Жар, Әйел.

- Әлеуметтік педагогтың әлеуметтік қолдау жөніндегі бірқатар шараларды қадағалау туралы:

- отбасына жәрдемақы беру;

- әйелдерге декреттік демалысты төлеу;

- әйелдерге жүктілікке байланысты және бала туу кезінде медициналық көмек көрсету;

- нәрестенің және кіші жастағы баланың денсаулығын бақылау;

- ата- анаға демалыс беру;

- жарым- жанды отбасына жеңілдік беру;

- салық- жеңілдіктері, үй- жай сатып алуға немесе жалға алуға төменгі пайызбен несие беру;

- ауылдық және оралман отбасыларына көмек көрсету;

- көп балалы отбасыларына берілетін жәрдем көмектер.

Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмысы ең маңызды жұмыстардың бірі дей отырып, әр отбасы бір кішкене мемлекет.

Әлеуметтік педагог үшін қоғамдық құбылыстарды зерттеу барысында мәліметтер жинау әдістері бір қатар қиындықтарға тап болуы мүмкін. Сол қиындықтардың бірі - қоғамның, қоғамдық құбылыстардың үздіксіз өзгерісте болатындығынан туатын қиындықтар. Екінші қиындық - қоғамдық құбылыстардың аса кең ауқымдылығымен, кейде тіпті бүкіл адамзатты қамтитындығымен байланысты бақылау жүргізудің қиындықтары. Үшінші қиындық - қоғамдық құбылыстардың аса күрделілігіне байланысты, сол себепті ол құбылыстарға әсер ететін көптеген факторларды зерттеу қажет болады.

Осы тұрғыда әлеуметтік педагог жас отбасы балаларымен жұмыс жасай отырып, «әлеуметтік диагнозын» қою барысында оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін, олардың қабілетін, қызығушылығын зерттей отырып, психологиялық, медициналық, құқықтық, адамгершілік-этикалық және басқа да сипаттағы проблемаларды шешуге көмектесе отырып, қоғам мен отбасы, бала тұлғасы жүйесіндегі аралық келістіруші бола тұрып, тәрбиеленушінің қалыптасуына, балалар мен ересектер арасындағы гуманистік, рухани-адамгершілік қарым-қатынастарға ықпал ететінмынадай заңдарды басшылыққа алады:

1. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы;

2. БҰҰ «Балалардың құқықтары туралы Конвенция»;

3. Қазақстан Республикасының Конституциясы;

4. ҚР «Білім беру туралы заңы»;

5. ҚР «Неке және отбасы туралы заңы»;

6. «ҚР баланың құқықтары туралы заңы»;

7. «Патронаттық тәрбие туралы ереже»;

8. «Қорғаншылық және қамқоршылық туралы ереже»;

9. ҚР Еңбек кодексі;

10. ҚР Қылмыстық кодексі;

11. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу туралы» ҚР Заңы.

Отбасының дербестігі болғанымен, отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты. Отбасының дамуына ерекше жағдайлар да әсер етеді олар: әлеуметтік, таптық, ұлттық сыйпаты, өмір сүру ортасы, материалдық жағдайы, отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, олардың ұстанатын әдет- ғұрыптары, отбасы мүшелерінің қабілетін, адамгершілігін, жауапкершілігін сезінуіне байланысты болады.

Ұлы ғұлама әл-Фараби өзінің «Бақытқа жету жолында» деген еңбегінде «Тек бақытты адамдар ғана ұлы істер атқаруға қабілетті болады» деп айтқан болатын[45]. Сондықтан отбасында тыныштық пен ынтымақ болмаған жағдайда адам қалайша мемлекеттік істерде пайдалы әрекеттер жасай алуы мүмкін. Осыны жете түсінген өркениетті елдерде бұл мәселе мемлекеттік деңгейде қолға алынып келген. Мысалы, Жапонияның мемлекеттік экономикасы ең алдымен отбасы экономикасынан басталып, дамиды. Жапон шаңырағындағы бұлжымас тәртіп, баланы сәби кезінен бар күш қуатын жұмсап еңбек етуге жағдай жасауы, кәсіптің отбасылық дәстүрінің дамуы бұл елді зор өркениеттілікке әлдеқашан жеткізген. Өйткені, үй шаруасымен айналысатын жапон әйелінің баласын тәрбиелеп, күйеуінің еңбек етуіне жағдай жасап отырғаны үшін мемлекет қаржысынан өз үлесін алып, табыс тауып, қоғамның дамуына үй шаруасы арқылы үлес қосатынын айтқан ғылыми деректер дәлелдеп отыр.

Егемендікке қол жеткізгеннен кейін елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл- ауқатының артуы» деген Қазақстан халқына жасаған жолдауында «Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз» деп атап көрсеткен болатын. Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен Президент жанындағы отбасы, әйелдер және демографиялық саясат проблемалары жөніндегі арнайы кеңес құрылды. Ол консультациялық кеңесші орган болып табылды. Кеңестік дәуірге дейін қазақ отбасы тәрбиесі бүкіл түркі халықтары ішіндегі ең ізгілікті де шынайысы болып келген. Қоғамның дамуында біз еуропалық бағытты ұстандық Зайырлы мемлекет болдық деп табиғатымызға тән шығыстық тәрбие дәстүрлерін ұстанудың орнына табиғатымызға жат батыс мәдениетін отбасы тәрбиесінде ту етіп көтердік. Нәтижеде қазақ отбасының бейнесі, тәрбие болмысы түбегейлі өзгерді. Сондықтан да отбасы тәрбиесінің өзегін ата-баба дәстүріне негіздеу керек деген болатын [46].

Оған мынадай бірнеше белгілер тән болды:

- жас отбасыларының 50-70%-ке жуығы ата-аналарынан бөлек жекетұрғысы келетіндігін айтады. Бұл отбасындағы тәрбиенің ұйымдастырылуына екі жақты ықпал етеді. Біріншіден, жас отау иелері ерте өз бетінше өмір сүруге бейімделсе, екіншіден, отбасындағы ұрпақтар сабақтастығы үзіледі. Отбасындағы ересектер немере қызығынан шектеліп, жас отбасылары бала күтімі мен отбасы өмірін дәстүрлі тұрғыда ұйымдастыру бойынша көмек алудан шектеледі. Жас отау иелерін отбасылық қарым-қатынас пен бала күтіміне байланысты әртүрлі дәстүрлер мен талаптарға үйретіп отырған. Тіпті болмағанда отбасылық өмірге баулып, кейіннен еншісін беріп бөлек шығарған. Сондай-ақ, қазақ отбасы тәрбиесі бір шаңырақтың астында өмір сүретін бірнеше ұрпақтың өзара ынтымақтастығы негізінде ұйымдастырылатын тамаша ұрпақтар сабақтастығы арқылы жүзеге асырылып отырған. Оған мынадай мысал дәлел: «Өзінің маңдай терімен тапқан еңбек ақысын үшке бөліп отырған бір кісіден оның мән жайын сұрағанда, ол: «бір бөлігін қарызыма берем, ал, екінші бөлігін қарызға берем, үшінші бөлігі ғана өзімдікі» деп жауап беген екен. Бұл мысалдың астарында қазақ халқының тарихи дамуында қалыптасқан өмір салтының көрінісі жатыр. Үш ұрпақтың: «ата - әке - бала» арасындағы қарым- қатынастың біртұтастығы мен тәрбиелік өнеге сабақтастығы арқылы отбасы тәрбиесінің тиімді түрде іске асуы сипатталып тұр.

- бүгінгі жас отбасына тән тағы бір ерекшелік, отбасыішілік қарым-қатынаста демократиялық және эголитарлық үрдістің белсенді байқалуы. Яғни мұндағы қарым-қатынаста ерлі-зайыптылардың ата-аналар мен балалардың бір-бірінің алдындағы міндеттерінен көрі, автономиялық құқықтары, мен бостандығы басым көрінеді. Мұнда дәстүрлі отбасыларына қарағанда демократиялық отбасыларындағы ерлі-зайыптылар бір-біріне моральдық- психологиялық тұрғыда талаптарды (өзара түсінісу, көңіл аудару сыйлау, қамқорлық көрсету, қолдау, шыдамдылық таныту секілді) жоғары қояды.

- жас отбасы дамуына тән тағы бір ерекшелік ажырасу фактілерінің үйреншікті құбылысқа айналып бара жатқандығы. Нәтижеде, жалғыз басты аналар, толық емес отбасылары және т.б. типтері көбейіп барады.

- бүгінгі жас отбасы тәрбиесіне тән тағы бір ерекшелік отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас пен өзара мейірімділіктің жеткіліксіздігі. Ата-аналар күні бойы үйде болмағандықтан, бала тәрбиесі назардан тыс қалады. Ата-ана мейірімі ақшалай, заттай, материалдық қамтамасыз етумен толықтырылуда. Мұндай отбасыларының тәрбиелік мүмкіндігі төмен болады. Осы орайда біз «Бала отбасындағы мейірімділіктің аздығынан ғана зардап шекпейді, оның ұшан теңіз молдығынан да зардап шегеді» деген қағидасын естен шығармауымыз керек.Себебі, мейірімділікті аз көрген бала жасық, тұйық, ұяң, өзіне сенімсіз т.б. өссе, мейірімділікті молынан көрген бала жалқау, өзімшіл, такаппар, т.б. болып өседі. Сондықтан тең ортасын ұстау керек.

Бүгінгі отбасы тәрбиесінің сипатына орай отбасының әртүрлі типтері пайда болды. Олар: отбасылық тәжірибесіне байланысты отбасы типтері, бала санына байланысты, құрамына байланысты, өмір сүру сапасына байланыс, ерлі-зайыптылардың өзара қарым-қатынасының түріне байланысты, қарым-қатынас стиліне байланысты, тәрбиедегі қателіктерінің типтеріне байланысты және т.б.

Осындай типтегі отбасыларындағы тәрбие мазмұны ұлттық бағыттан гөрі, батыс мәдениетіне тән тәрбиемен ұштастырылды. Отбасы тәрбиесінің сипаты мен құрамы, тәрбие мазмұны мен дәстүрлері табиғатына тән шығыстық дәстүрден алшақтап, табиғатына жат батыс мәдениетіне қарай бейімделіп, бағыт алды. Осындай типті отбасыларындағы тәрбие қандай нәтиже берді? Нәтижеде, жалғыз басты аналардың, әкесіз, анасыз және тастанды балалардың саны жыл сайын көбейе түскен. Нақтылы фактімен келтіретін болсақ, Қазақстан Республикасы бойынша 2014 жылы 135280 адам үйленсе, оның 35852-сі ажырасқан (26,5%). Бұдан ажырасу санының жыл өткен сайын азаймай отырғандығын көруге болады.

Сонымен қатар, 2014 жылғы мәлімет бойынша 7530 кәмелетке толмаған бала қаңғыбас атанып, үйінен кетіп қалған, 1403 бала ата-ана қамқорлығынан айрылған, 312 бала қылмыстық істер жасауға бейім болғандықтан соттың шешімімен арнайы тәрбие мекемелеріне орналастырылған болып отыр. Ол аз болғандай өз өзіне қол жұмсау көрсеткіші бойынша да біз дүние жүзі бойынша үшінші орында тұрмыз. Мұндай жағдай әсіресе мектеп жасындағы балалар арасында басым болып отыр [47].

Бүгінгі күні жас отбасы тәрбиесін ата-аналар қаншалықты ұйымдастыруға сауатты? Олардың бала тәрбиесіне деген көзқарасы, мектеппен байланыс орнатуы, мұғалімдермен тіл табысу қабілеті, өзара көмекке деген қатынасы біркелкі емес. Сондықтан, отбасы тәрбиесін жетілдіруде ата-аналарға көмек көрсететін бірден бір мекеме мектеп болуға тиіс. Мектеп жасындағы балалардың даму сатысына қарай физиологиялық және психологиялық өзгерістері мен даму ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу әдістерін мектеп мұғалімдері ата- аналармен бірге іске асырып отыруы тиіс. Ол үшін ата-аналар жиналысы, кездесулер, ата-аналар университеті секілді ата-аналармен жұмыс түрлері барысында олардың педагогикалық сауатын көтеріп отыру қажет. Онсыз тәрбие үрдісі біржақтылық сипатқа ие болып қалады да, тиімді нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмайды. Тіпті отбасы тәрбиесіндегі тәжірибелерді жинақтауда тәжірибелі ата-аналарды тартуға әбден болады. Олардың сұхбаттары мен ақпараттары анағұрлым ұтымды болмақ.

Бүгінгі отбасының құрамы мен ондағы тәрбие үрдісінің сипаты ғаламдану жағдайына сай өзгерісе ұшырап отырғанымен, отбасының бала тәрбиелеудегі, жалпы қоғам, адамзат алдындағы атқарар міндеттері сол қалпында қалып отыр.

Ғаламдық өркениетке бет бұрып отырған қазіргі таңда жастар тәрбиесiн жетiлдiруде, тұлғаны кемелдендiру мақсатында ата-бабаларымыздың тәрбиелiк өсиеттерiн ұрпақтан - ұрпаққа сабақтастыра жеткiзу бүгiнгi ғалымдар мен ұстаздар қауымының еншiсiндегi ұлы мiндет. Сондықтан халқымыздың рухани құндылықтарын тәрбие үрдiсiнде пайдалануда шығыстың ұлы ғұламалары еңбектерiнен бастау алған, кейiннен қазақ топырағында жаңғырып сабақтастығын таба бiлген өсиеттердi естен шығармауымыз қажет.

Рухани, адамгершілік негізі қалыптасқан ынтымақты, инабатты жас отбасы ең ауқатты мемлекет болудың тірегі. Осы ретте бүгінгі таңда жас отбасы бірнеше әлеуметтік саламен тікелей байланыста болуы шарт. Ең алдымен, мектеп, өнер, әдебиет, мәдени орындары, кітапхана, мұражайлар, театр, кино және т.б. тәрбиелік, білімдік мақсатқа, қарым - қатынаста болуы болашақ ұрпақтың қазіргі қоғамның өркениетті бағытта дамуына сай тәрбиеленуіне мүмкіндік жасайды. Бүгінде көптеген Қазақстандық ғалымдар зерттеулері осындай тұжырым жасауға мүмкіндік беріп отыр[48].

Сондықтан, осы тұста қоғамдық және отбасылық тұрғыда нақты қадамдар жасалып, бала тәрбиесiнде iс - шаралар қарастырылуы тиiс. Әйел және бала тағдыры мемлекет үшiн маңызды мәселе болуға тиiс. Мұндай келеңсiз жағдайларды болдырмау шараларын қарастыру тек Үкiмет басшыларының ғана iсi деп қарап емес, ел қамын ойлайтын ғалымдар мен жалпы зиялы қауым да осы орайда өзiндiк үн, өзiндiк үлес қосуға тиiс.

Сонымен қатар, Н.Ә.Назарбаев мұндай жаһандану кезеңіндегі келеңсіз осалдықтарға бой алдырмай қоғам дамуына қызмет ететін азаматтар жастар екендігін айта отырып, бүгінгі қоғамға қандай жастарды тәрбиелеу керектігін де нақтылап көрсетті. Онда: «Бүгінгі күн – талантты, жігерлі, өзіне сенетін адамдардың, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік – жігері бар адамдардың уақыты. Мемлекет сендер үшін барлық жағдайды жасап отыр.

Сондай - ақ, рухани жетiлуден гөрi, материалдық байлықты жоғары қойып отырған бүгiнгi заманда жастардың ұлттық мiнез - құлықтан алыстап, батыстың өрескел әрекеттерiн бойына нықтап сiңiруге әуестiгiн ғалым телеарналардағы берiлетiн порнаграфиялық кинолардан деп түсінедi. Себебi, баланы, жастарды ата - ана, ұстаздан кейiн қоғамдық орта мен бұқаралық ақпарат құралдары тәрбиелейдi емес пе. Олай болса, тәрбие құралдарын мемлекеттiк бақылаудың қашан да қажет екендiгiн ұсынады.

Бұл күнде жас отбасыларының басым көпшілігі бала тәрбиелеудегі әлеуметтік, педагогикалық бастапқы өнеге ұясы болатын мүмкіндіктерінен ажырап қалды. Арнайы әлеуметтік, педагогикалық зерттеулер бойынша отбасының материалдық ахуалының мүлдем төмендеп кетуi адамдар арасындағы адамгершілік қарым - қатынастардағы өзгерістерге байланысты жалғыз басты аналардың, әкесіз немесе анасыз балалардың, тастанды балалардың жыл сайын көбейе түсуі мен кейбір отбасыларының адамгершілік тұрғыдан азғындауының өрiс алуына алып келдi. Отбасының өзінің ұрпақ тәрбиелеу секілді тарихи парызынан ажырап қалу қаупі де ақиқатқа айналып отырғандығын ғалымдар жасырып отырған жоқ.

Некенiң бұзылуын бүгiнгi күнде әр түрлi саладағы мамандар әр түрлi түсiндiредi. Кейбiреулер бұның себебiн әйелдердiң өндiрiсте жұмыс iстегенiнен көредi. Басқалары бүгiнгi етене жайылған азғындықтан көредi [49].

Дегенмен, жас отбасыларының бұзылуы мен ажырасудың себептерi көбiне отбасындағы жоқшылық пен жетiспушiлiктен туындаған кикiлжiң, ұрыс - керiс салдары болып табылады. Соның нәтижесiнде "көзқарастарымыз сәйкес келмедi", "өмiрге деген түсiнiктерiмiз әр түрлi", "мiнезiмiз үйлеспедi", "отбасы адамдарымен тiл табыса алмадық" деген себептермен қатар отағасының асырауға шамасының келмегендiгi, iшiмдiкке салынғандығы, өзара сүйiспеншiлiктiң таусылғандығы негiз болады.

Отбасы бала үшін әрі тіршілік ету ортасы, әрі тәрбиелік орта болып есептеледі. Бала өмірінің алғашқы кезеңінде басқа әлеуметтік - тәрбиелік ықпалдарға қарағанда отбасы ықпалы ерекше орын алады. Бұл кезеңде отбасы ақпарат хабарлары, ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар, еңбек ұжымдары, жолдастары мен құрбылары, достары, әдебиеттің және өнердің және т.б. әлеуметтік орталардың негізгі ықпалын өзі атқарушы тәрбие ортасы болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда жеке тұлғаның қалыптасуында отбасы адам тәрбиесінің алғашқы бесігі болып саналады. Отбасынан басталған оң тәрбие адамдар арасындағы қарым - қатынастың, адамның алдағы барлық еңбек және әлеуметтік өмірінің бағытын айқындаудың негізi болып табылады.

Мұндай келеңсiз көрсеткiштердiң орын алуы ұлт болашағын алаңдатып отырған проблема ретiнде мемлекеттiк тұрғыда қолға алынып, нақты тәрбиелiк шараларды енгiзудi керек етедi. Өйткенi, тарихымызда бұрын соңды болып көрмеген мұндай келеңсiз жағдайлар қоғамымыз iлгерi басқан сайын өркениеттiң, ғаламдық тәрбиенiң бiр көрiнiсi ретiнде етек алып барады. Себебі рухани, адамгершілік негізі қалыптасқан ынтымақты, инабатты отбасы ең ауқатты мемлекет болудың тірегі болып есептеледі. Осы ретте бүгінгі таңда жас отбасы бірнеше әлеуметтік саламен тікелей байланыста болуы шарт. Ең алдымен, мектеп, өнер, әдебиет, мәдени орындары, клубтар, кітапхана, мұражайлар, театр, кино, түрлі спорттық, туристік орталықтар, нарық экономикасына байланысты акционерлік бірлестіктер, фирмалар, әртүрлі қоғамдар, орта және шағын бизнестер және т.б. тәрбиелік, білімдік мақсатқа, қарым - қатынаста болуы болашақ ұрпақтың қазіргі қоғамның өркениетті бағытта дамуына сай тәрбиеленуіне мүмкіндік жасайды. Бүгінде көптеген Қазақстандық ғалымдар зерттеулері осындай тұжырым жасауға мүмкіндік беріп отыр.

Қазіргідей білім мен ғылым, техника қарыштап дамыған заманда жас отбасының жан-жақты қызметін біз төмендегіше қарастырамыз:


  • өмірге адам әкелу;

  • тәрбиелеу және әлеуметтендіру;

  • қарым-қатынастық және психологиялық реттеушілік;

  • экономикалық және шаруашылық;

  • әлеуметтік-мәртебелік;

  • бос уақытты ұйымдастырушылық:

  • жыныстық жақындық.

Отбасының бұл қызметтері бірі-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырады, өзара жете түсініседі.

Бала туу, өмірге адам әкелу - отбасының негізгі қызметі. Оны ешқандай мемлекеттік мекеме немесе басқа әлеуметтік институттар атқара алмайды. Адамның биологиялық мүмкіндігін іске асыру ерлі-зайыптыларға телінген басты міндет болмақ. Ол неке арқылы бекіп, отбасы жағдайында жүзеге асқанда ғана қалыпты жағдай саналмақ. Бұл үлкен жауапкершілікті, рухани қарым-қатынасты қажет етеді. Ерлі-зайыптылардың махаббатының жеміс беруі, өсіп-өркендеуі, өмірдің ата-ананың орнын басатын ұрпақпен жалғасуы және олардың саны - әке мен шешенің қалауымен болатын іс. Бұл бір жағынан, саяси-демографиялық мәселе болғандықтан да ұлтжандылық пен адамгершілікті талап етеді.



Тәрбиелеу және әлеуметтендіру қызметінің басты міндеті - өмірге адам даярлау және бейімдеу. Бұл тек отбасындағы ата-ананың үлгі болуымен, үйретуімен шектелмейді. Сонымен қатар, білім алуға баулу арқылы да жүзеге асады. Бұл отбасы жағдайында баланың өмірге жан-жақты сапаларын қалыптастыру, дамыту, даярлануы болып табылады. Отбасында тәрбиелеу және әлеуметтендірудің өзіндік принциптері мен шарттары, талап-тәртіптері, әдістері мен тәсілдері бар.

Жас отбасының тәрбиелік әлеуеті – отбасының түрлеріне, құрылымына, салт-дәстүріне, ата-аналар беделіне қатысты ерекшеліктеріне сай, балаларды тәрбиелеудегі отбасының материалдық, ұлттық, психологиялық, педагогикалық, рухани, әсер етуші мүмкіндіктерінің жиынтығы.

Жас отбасы тәрбиесі - балалардың жеке ары мен абыройы сыйластық пен махаббатқа негіздеп, олардың қоғам және отбасы құндылықтарына сәйкес мүмкіндіктерін ескеріп, тұлғалық қалыптастыру мен қорғауға педагогикалық-психологиялық тұрғыда қолдауды қарастыратын отбасындағы үлкендер мен балалардың ортақ мүдделі әрекеті.

Жас отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері:

- Баланың барлық әрекеттеріне табиғи байланыс.



  • Ықпал етудің ұзақтығы және үздіксіздігі.

  • Балаға қатысты қоғамдық орындар мен білім ордаларының мақсат-мүддесіне қызығушылық

  • Тәрбиелік ықпалдың қарама-қайшылықтары мен қайталанушылығы.

  • Туысқандық сезім, махаббат, сенім, өзара жауапкершілік негізінде тіл табысудың етене жақындығы, табиғилығы, сан қырлылығы.

  • Ортақ сырды сыртқа шашпау.

  • Мамандығы, іскерлігі және түрлі қызығушылығы бар әр жастағы адамдармен тіл табысып, өзара ықпалдас болу.

  • Ықпал жасауға өзара бағыттылық.

Жас отбасы тәрбиесіне теріс ықпал етуші факторлар:

  • Материалдық құндылықтарға басымдылық беру;

  • Ата-аналардың рухани жұтаңдығы;

  • Ата-аналық сезімнің жетіспеуі;

  • Әміршілдік немесе шектен тыс босаңдық;

  • Қалыпты психологиялық ахуалдың болмауы;

  • Діни ағымдар мен партиялардың ықпалына көзсіз берілушілік;

  • Үлкендердің құқық бұзушылық әрекеттері;

  • Отбасындағы үлкендердің педагогикалық-психологиялық білімдерінің болмауы.

Жас отбасындағы тәрбиенің мазмұнытұлға мәдениетінің негізін қалыптастыратын компоненттер жинағынан тұрады:

  • ұлттық мәдениет

  • өмірде өзін-өзі тану мәдениеті

  • зияткерлік

  • адамгершілікті

  • эстетикалық

  • тұлғаның дене және еңбек мәдениеті

  • жынысаралық қатынас мәдениеті

Жас отбасы тәрбиесінің ұстанымдары:

  • мақсатқа құрылуы;

  • мәдениетке басымдылық танытуы;

  • ізгілікті адамгершілік;

  • баланың өмірін және оның талап-тілектерін тәрбиемен байланыстыру;

  • отбасы тәрбиесінің қоғамдық тәрбиемен байланыстылы және бірлігі;

  • баланың тұлғалық дамуының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерінің ескерілуі;

  • тәрбие талаптары мен ұстындарының бірлігі;

  • отбасындағы әрекет пен тәрбиелік өзара қарым-қатынасқа баланы қатыстыру.

Жас отбасындағы тәрбие тікелей ата-ана басшылығымен жүзеге аспақ. Ата-ана беделінің болуы – басты талап. Ата-ана беделі – тәрбиеленушілер мен тәрбиешілердің бірін-бірі сыйлап, сенім білдіруі, талап-тілектері мен еркіне бағынуы арасындағы өзара қалыпты қарым-қатынас. Отбасындағы әлеуметтендіру мүмкіндіктерін жүзеге асыруда ата-ана беделінің шынайылығы, үлкендік күш көрсетуден ада болуы, педагогикалық жоғары талап болмақ. Алайда, ата-аналар тарапынан демократиялықпен қатар бақылаушылық қарым-қатынас отбасындағы тәрбиеде безбеннің екі басындай тең болуы тиіс.

Әлеуметтік педагог тарапынан отбасы тәрбиесіне педагогикалық ықпал- әлеуметтік-педагогикалық, ақпараттық, әдістемелік көмек. Оқушыларды отбасылық өмірге даярлаудың басты компоненттері: тәрбиелеу, оқыту мен білім беру болғандықтан, ата-аналарды ұрпақ тәрбиесіне даярлауда педагогикалық-әдістемелік жағынан көмек көрсету - басты қажеттіліктердің бірі болмақ.

Отбасы өз қызметін ер мен әйелдің әлеуметтік деңгейі, білімі және өмір сүрген ортасына сай атқарады. Отбасы әлеуметтік ортасына сай бірнеше түрге бөлінеді: қала қазақтарының отбасы және жұмысшы отбасы, зиялы отбасы, космополит (шала қазақ) отбасылар.



Қала қазақтарының жас отбасы үшін ұрпақ тәрбиесіне мектеп пен қоршаған орта ғана ықпал ете алады. Қалалық отбасылардың балаларын жан-жақты тәрбиелеуіне, қабілеті мен бейімділігін шыңдауына мүмкіндік баршылық. Көп жағдайда қала қазақтарының отбасылары үшін басты қиыншылық: бала ата-ана мен сынып жетекшісі назарынан басқаға аса маңызды емес.

Сонымен қатар, жұмысшы жас отбасында тәрбиеленген баланың да әлеуметтік ерекшеліктері болуы мүмкін, Себебі, ата-ананың араласатын ортасы да кейде балаларға ықпалды болады. Балалардың жас ерекшелік психологиясына сай, әдіс-тәсілдерді оңтайлы қарастырылу жолға қойылмауы мүмкін. Сырласу, ақылмен көмектесуге де дұрыс бағыт педагогикалық-психологиялық тұрғыда болуы керек.



Зиялы отбасындабаланы тәрбиелеу мен өмірге бейімдеудің қолға алынуы саналы түрде жауапкершілікті қарастырылады. Ұлттық тәрбие мен ұлттық құндылықтар биік мәдениет аясына топтастырылуы, зиялы ата-ананың өздері үлгі болуы, қоршаған ортаның мәдениеті ойластырылуы қажет.

Космополит (шала қазақ) отбасылар ХХІ ғасырда қазақтың көлемді пайызын құрап тұр. Елбасымыз 2007 жылы 9 сәуірде теледидардан тілшілерге берген сұхбатында: “9 миллион қазақтың 4 жарым миллионы – өз ана тілінде оқып-жаза, сөйлей білмейтіндер” деді. Қазақ тілінде сөйлей білмеген жанның, қазақтың этнотәрбиесі мен болашақтың ұлттық мұратын, тіпті ұлт мүддесін терең сезіне, түсіне қояды деу – артықшылық. Бұл отбасыларға қазақ мәдениетінен гөрі, орыстың немесе батыстың өмір салтын үлгі етеді. Космополит отбасылардың ішінде аралас некедегілер мен азаматтық некеде тұратындар да кіреді. Космополит отбасылардың пайда болуына еліміздің басынан кешкен тарихи кезеңдер мен нарықтық-экономикалық өзгерістер тікелей ықпал етті деп айтуымызға негіз бар.

Жас отбасында ата-ана арқылы берiлетiн тәрбиенiң басты мақсаты баланың жасын, жеке ерекшелiгiн, психикалық процестерiн ескере отырып, өз тегiн жалғастыратын лайықты ұрпақ тәрбиелеу. Бұл мәреге жету үшiн отбасындағы тәрбие мынадай мiндеттердi шешуi керек:

  • баланың тағдырына, физиологиялық өсiп-жетiлуiне, денсаулығына жағдай және қамқорлық жасау;

  • бала тәрбиесіндегі барлық ұстанымдар мен тәрбие әдістерін, талап-тілектерді балаға деген махаббатты сезіндіруге лайықтап, реттеу;

  • балаларының өзіндік бағасымен санаса отырып, қоғамның толыққанды мүшесi болуға даярлау;

  • еңбексүйгiштiкке баулу, баланы күнделiктi үй шаруашылығындағы еңбекке дағдыландыру;

  • отбасы мүшелерiнiң өзара дұрыс қарым-қатынасын, тiл тауып түсiнiсуiн, бiрiн-бiрi тыңдап, ата-ананы, жасы үлкендердi сыйлап, құрмет тұтуға үйрету;

  • бiлiм алудың, мәдени мiнез-құлықтың әдет-дағдыларын қалыптастыру;

  • баланың икемдiлiгiн, қабiлетiн байқап, мамандық таңдауға бағыт беру, бағдарлау;

  • әдебиетке, өнерге, мәдениетке, ғылымға құштарлығын (жас ерекшелiгiне қарай әдеби кiтаптармен, ойындармен қамтамасыз ету, театр, мұражай, көрме, галареяларға апару) тәрбиелеу;

  • баланың ақылына, күшiне, бiлiмiне сай берiлген тапсырманы, талапты орындауын қадағалау, бақылау, тексеру, бағалау;

  • тәртiпке, ұқыптылыққа, жауапкершiлiкке, ойшылдыққа т.б. баулу;

  • өзiн-өзi тәрбиелеуге, дербестiкке, шығармашылыққа баулу;

  • отбасында баланың әлеуметтiк рөлiн бiлуге мiндеттеу;

  • баланы өз тегiн жалғастыратын сабақтастыққа, болашақ жұбайлық өмiрге тәрбиелеу.

Осы аталған мiндеттердi жас отбасында қалай жүзеге асырудың жүйесін жасауда бірізділік болмағанымен, жас отбасындағы өзіндік тәрбиесінің ерекшелігі, ұстанатын қағидалары, сүйенетін тағылымдары бар.

Қазіргі заман ерекшеліктерін ескере отырып, бүгінгі жас отбасының ережесi:



  1. балаға жақсы ат қою;

  2. баланың тiлiн-ойын дамыту;

  3. денсаулықты сақтауға көңiл бөлу;

  4. отбасында балаға қатысты мерекелердi қалдырмай тойлау;

  5. отбасылық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу;

  6. баланың жынысына қарай тәрбие беру;

  7. бiлiм алуына мүмкiндiк жасау;

  8. жауапкершілік қалыптастыру;

  9. дүниетанымын қалыптастыруға үйрету;

  10. қабiлетiн шыңдап, дарындылығын дамыту;

  11. баламен оңаша қалуды естен шығармау;

  12. келеңсiздiктi балаларға естiртпеу;

  13. басқаларды үлгi ету;

  14. туысқандық сыйластықты ұғындыру:

  15. көршiмен тату болуға үйрету;

  16. баланың киiмiне мән беру;

  17. айтқанды тыңдауға, бағыну заңына үйрету;

  18. үй шаруасының барлық түрiне баулу;

  19. қонақ күту, қонаққа бару;

  20. ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрдi отбасында қалыптастыру;

  21. мамандық алуына көмектесу;

  22. жұбайлық өмiрге даярлау;

  23. отбасында әлеуметтiк рөл белгiлеу;

  24. қоғамда белсендi өмiр сүруiн үйрету;

  25. ұлттық ұғымдарға сүйiспеншiлiктi үйрету.

Ережелердi iске асырудағы әдiс-тәсiлдер: тыңдау, үйрету, түсiндiру, пiкiр алысу, әңгiмелесу, талқылау, талап қою, мадақтау, жазалау, мүмкiндiк беру, қамқорлық жасау.

Аталған әдiс-тәсiлдердi нақтырақ төмендегiше мазмұнда қарастырған жөн:

  • баланың тiлiн ана тiлiнде шығарып, өз тiлiнде тәлiм беру;

  • бала тәрбиесiне қатысты газет-журналдарға жазылып, кiтаптар пайдалану;

  • балаларды қызықтыратын кiтаптар сатып алу, бiрге оқу, талдау;

  • ауызекi айтылатын халық шығармашылығындағы өсиет әңгiмелердi талдау;

  • балаңыздың сұрағыңызға берген жауаптарын, уақытын белгiлеп, жазып жүру;

  • балаңызға махаббатыңыз бен мейiрiмiңiздi сездiру, жанашырлықты ұғындыру;

  • өз iсiңiзбен үлгi болу, көрсету;

  • баламен санасу, пiкiрiн тыңдау, ақыл сұрау;

  • баланың сырын жаймау, сенiм қалыптастыру;

  • орындалатын талаптар қою;

  • үй шаруасына, қора-қопсы жұмыстарына араластыру;

  • жиi мадақтау, ынталандыру, жiгерлендiру;

  • шектен шыққанда жазалау;

  • сабағына көмектесу, көмек алу;

  • деректi және көркем фильмдердi көрiп, талдау т.б.

Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын жас ұрпақ бойына сіңіру, құрметтеуге тәрбиелеудің маңыздылығын сезіну – педагогикалық парыз. Қазіргі кезде тәуелсіз еліміздің ертеңі қазақ халқының ұрпағының білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді жан-жақты қабілетті, ұлтының болмысы мен сипатына сай, мәдениетіне құрметі жоғары ұрпақ баға жетпес қазынамен тең. Бүгінгі таңда әлеуметтік педагогтың міндеті – оқушыны жан-жақты дамытуда, білім беруде, ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыстарды жасауға қабілетті, дүниетанымы терең, көзқарасының кеңістігі кең, рухани бай, ұлттық құндылық қасиеттерді жете түсінетін ұрпақ тәрбиелеу.

Қорытындылай келе, жас отбасының әлеуметтену үдерісіне қазақ халқының әдет-ғұрыптарында, отбасылық салт-дәстүрлерінде тұнып тұрған ұлттық тәрбие қағидаларын жас жұбай өмірінде үлкендердің ақылына сүйену баршамызға мәлім. Халық даналары, беделді де абыройлы адамдар, ата-аналар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектерін, ақылға салып, жас отбасылардың тәрбие өзегіне айналдыру. Жас отбасының мүшелеріне қоғамның моральдық нормасын орындауға қатыстыру, оның тәртіп және мінез құлық тәжірибесін қалыптастыру, Отанға, халқына, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, ұлттық мүдде үшін күресуге әрқашан дайын болуы отбасынан бастап қалыптасатыны дау туғызбайды.

Ұлкен ұрпақ міндеттерінің бірі – жас отаудың орны мен рөлін үнемі көтермелеп, қолдап отыру қажет. Өйткені өмірге жаңадан қадам басқан жас отбасының өмірден өз орнын тауып, дұрыс қалыптасуы ықпал етеді. Жастар қоғамда жинақталған мәдени мұраны, материалдық және рухани құндылықтарды табыс етуші қызметін атқара отырып, оларды толық әлеуметтендіреді. Қоғамдық өмірге толық әлеуметтеніп, тұлғалық және адамгершілік қадір-қасиеттері қалыптасқан, өмір сүруге әзір азаматтар етіп қосып отырады. Сондықтан жас отбасының әлеуметтенуіне ата-баба мұраларының тәлім-тәрбиесі, өмірдегі қиыншылықтардан, өмір сүргісінен өтуінің мызғымас өзегі болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет