Кіріспе зерттеудің өзектілігі



бет5/5
Дата19.04.2020
өлшемі219,79 Kb.
#63043
1   2   3   4   5
Байланысты:
Анаркулова диплом


Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық  прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық проза. Ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді:

1) жануарлар ертегілер;

2)  қиял-ғажайып ертегілер,батырлықертегілер;

3)  хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер;



Жұмбақ  – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.

Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығармылығында  Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны  тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.



Мақалмәтел — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. 

Тыйым - тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге, ақыл-кеңес берудегі тәрбие  құралдарының  бірі. Бұл балаларды жаман әдет, жат пиғыл, ерсі қимыл, әдепсіз істерден сақтандыруда маңызды қызмет атқарады. «Ұлға отыз үйден тыю, қызға қырық үйден тыю» деген мақал осыған байланысты шыққан. «Бүйірін таяну –қайғының, жағын таяну - мұң-шердің, жүресінен отыру - әдепсіздіктің белгісі» деп танып, оған тыйым салған. Демек, тыйым - халықтық педагогиканың құрамдас бөлігі. Тыйым үлгілері мен сөздері ел ішінде өте көп.

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры.  Жаңылпаш  ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды.

Күтілетін нәтиже:

1. Сын тұрғысынан ойлауы дамиды.

2. Қызығушылықтары оянады.

3. Мағынаны ашуды (ажыратуды) үйренеді.

4. Тілдік қоры дамиды.

Қорытындылай келе халық ауызы әдебиетімен таныстыру, арнайы өтілетін оқу іс–әрекеттері мен оқу іс–әрекетінен тыс жүргізілетін ойын, еңбек жұмыстарында іске асады және де баланың сөздік қорын молайтып, әр сөздің мағынасын дұрыс түсініп, қолдана білу керек.

Балалардың санасына туған еліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі ұялады. Тәрбиешінің қиялдауына қанат бітіріп шығармашылық белсенділігін арттыру арқылы жан–жақты дамыту үрдісін ұйымдастыруда әрбір пәнде сюжетті, көркем, ертегі кейіпкерлерінің суреттерін көрсету арқылы ауыз әдебиетінің бала тәрбиесіндегі маңызды орнын көрсетуге болады.

Ауыз әдебиетімізде халқымыздың түсінік, пайымы, тәлім тәрбиесі бар. Осыдан үлгі–өнеге алып, ата–бабамыздың аманаттап кеткен асыл қазынасын жоғалтпай, мына жаһандану заманында құндылығын арттыра берейік. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Сіздермен біздер тек болашақ буынды ғана емес жалпы адамзаттық, қадір-қасиеттердің мән маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза, білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз»- деп айтқандай бала біздің болашағымыз, бала тәрбиесі еліміздің  әлеуметтік дамуының, құрылымының келешегін айқындаушы деп есептеймін. Егемен еліміздің көк туын желбіретер ертеңгі болашақ, яғни бүгінгі бүлдіршіндер, тәрбиесі аса ауқымды, назар салатын басты мәселелердің бірі. Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын отбасында алса, жалғасы балабақшамен байланысады, яғни бала тәрбиелене отырып білім алады. Болашақтың базары да, келешектің-кемеңгерлері де балалар емес пе? Саналы, өскелен ұрпақ тәрбиелеу-әрбіртәрбиешінің міндетті. Баланың ой-өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының  молаюына балабақша  тәрбиешілерінің сіңірер еңбегі орасан зор. Кеше ғана аяғын аттап басқан жас сәбидің алғашқы рет қоғаммен араласуы балабақшадан басталады.

Тәрбиеші оқу тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, озық дәстүр ұлттық рухында тәрбиелеп сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың дәстүрлі әдіс – тәсілдерін пайдаланып, игі нәтижеге жету. Педагогикалық үрдісте бала жанының қозғалысы педагог жанының үйлесімін тапқан кезде бала өз бойындағы табиғи дарынын ашады.

Бала – келешек, бала – үміт, бала – өмірдің жалғасы. Сол себепті де баланы тәрбиелеу – баршаның ісі.

Еліміздің көркейіп болашақта өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейне сінен көрінеді. Сондықтан дені сау, жаны таза, тәрбиелі, білімді ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосу менің басты мақсатым деп білемін.

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі заманда өз ойын анық айта алатын, шешен сөйлей білетін ұрпақ тәрбиелеп өсіру-бүгінгі күн ұстаздарының алдында тұрған зор міндеттердің бірі. Заманымыздың заңғар жазушысы, ғасыр ғұламасы атанған атанған М. Әуезовтің «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе-білім», – деген сөзінің маңызы ешқашан жойылмақ емес, себебі кез-келген мемлекет мәдениетінің даму деңгейін, рухани мазмұнын, интелектуалдық қуатын айқындайтын бірден бір көрсеткіш-білім берудегі жүйелілік және сапалылық.

Оқушының ой-өрісінің, сана-сезімінің жан-жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады. Бастауыш сыныпта оқушылардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге көз қарасын қалыптастырса, ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады. Балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді.Біздің жарқын болашағымыз – өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты. Жас ұрпақ-өркениетті тәрбие шуағына шомылса ғана, білім нәрімен сусындаса ғана мемлекетіміздің көсегесі көгереді, егеменді ел баянды болады. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ екені ақиқат. Қазіргі таңда оқыту мен білім беру саласы оқушылардың жеке басын дамыту мен сапалы білім беру мақсатында оқытудың жаңа мазмұнын , тиімді әдістерін үнемі іздестіруді талап етіп отыр.

Осыған орай оқушының бойындағы барлық сапаны, дағдыны, қабілетті, білім мен біліктілікті тұтас сәйкестікте дамытуға бағытталған білім жүйесін қалыптастыру қолға алынуда. Жан-жақты білімді, өз ойын ашық айтатын, сөйлеу мәдениеті жоғары «жеке тұлғаны» бастауыш сыныптан бастап дайындауға ерекше көңіл бөлінуде.

Бастауыш сынып жасындағы балалардың сөздік қорын байытып, тілін дамыту әдістемесі оқушының тұлғалық ерекшелігін дамытуда ерекше орын алады. Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамытып, сөз мәдениетін қалыптастыру жұмысы жүйесіз, негізсіз, бағытсыз кездейсоқ іске асырылмайды. Бастауыш сынып кезеңі – баланың қалыптасатын кезеңі. Олай болса, тіл тазалығы, ой дәлдігінің атадан балаға мирас болып келетінінің бірі. Сөздік қор әдетте 5 жастан  бастап барынша молаяды. Бала тілінде синоним, антоним, бейнелеуіш сөздер пайда болады да еш қиындықсыз зат есімдерге жұрнақтар қосып, сөздерді түрлендіре айта алады. Кішкентайынан сөздік қорын байыту үшін сұраққа толық жауап беріп, қате айтса, жіберген қателерін қайтып қайталамайтындай етіп түзетіп отыру. Ертегі, әңгіме, өтірік өлеңдер шығаруларын қолдау.Өтірік өлең, жаңылтпаш баланың тілін сындыруға, дыбыстарды дұрыс айтуға мәжбүрлейді, кейіннен 2,3 сыныпта баланың тілі , сөздік қоры жақсы дамиды.

Тіл- тәрбиенің басты тірегі. Қазіргі заман талабына сай ұл мен қыз өсіру, оларға білім беру- әр ұстаздың басты мақсаты. Ана тілі арқылы жас жеткіншектерді халқымыздың озық ойымен, әдебиетімен, мәдениетімен, тіршілігімен таныстырамыз. Осының бәрін біліп қана қоймай, бала оны жеткізе де білуі керек. Сондықтан әр сабағымда бала тілін дамытып, сөздік қорын байытуға әр түрлі тәсілдерді қолданамын.

Оқулықтарында берілген тапсырмаларынан басқа қосымша тапсырмалар қолданылады. Мысалы бейнесөз шешу, мәтінді аяқтау, «Мақалды тауып оқы», «Керекті сөзді тап», «Қандай әріпті жоғалттым» және тағы басқалары. Заттың атын білдіретін сөздерді өткенде «Кім тез табады?» ойыны сабақ соңында ойналады. Берілген шашыранды әріптерден атақты адамдардың есімдерін құрастыру.

Тіл байлығын дамытуда қиял, ұшқыр ой қалыптастыру қажет. Мұнда оқушыға ертегі,әңгімені жалғастырып айту және аяқтау тапсырылады. Оқушы қиялға ерік бере отырып оқиғаны жалғастыра отырып шығармашылық жұмыс істейді. Өз бетінше іздену-шығармашылық және өз ойын жеткізе алудың көзі. Берілген тапсырманы түрлендіру бойынша жұмыс түрлерін, мысалы мәтінді өңдеу, диалог құрастыру, өз ойынан өлең, ертегі, әңгіме құрастыру да оқушының ойы арқылы тілін дамыта түседі.

Мақал –мәтелдер мен тұрақты тіркестерді ұдайы үйретіп отыру-мұғалімнің күнделікті жұмысының бір түрі. Үйренгендерін ұмытып қалмау үшін оны сөздік дәптеріне жаздырып, әр тоқсанда соларды көбейту кестесі тәрізді жатқа жаздырып, бақылау жұмыстарын алуға болады.

Оқушының оқыған әңгіме ертегісіне сараптаудың жолдары:

-түсінгенін әңгімелеу

-сұрақтарға жауап беру

-кейбір үзінділерді жатқа айтқызу

-оқыған шығармасы бойнша таныс емес сөздерді сөздік дәптерге жазып отыру

-кейіпкерлер іс-әрекетіне баға беру

–әңгімелердің ұқсастығын салыстыру

–ең соңында сол шығармаға ұқсас әңгіме жаздыру.



Бала – біздің болашағымыз. Болашақ ұрпаққа заман талабына сай білім беру талап етіледі. Бұл мақсат орындалу үшін бағдарламадан тыс қосымша тапсырмалар беру абзал. Алғашқы күннен бастап тілін дамыту үшін өлең, жаңылтпаш т.б.тапсырмаларды ата – ананың көмегімен жаттау қолға алынғаны дұрыс. Сюжетті суреттер бойынша сұрақтар жауап арқылы әңгімелеу, өз отбасы туралы әңгіме құрастыру, осы тақырып бойынша дайын мәтіндерді оқып беріп, суретін көрсету.Баланы өз ойын анық айтып, дұрыс сөйлеуге үйрету. Тереңдетіп оқыту арқылы сөздік қорын байыту үшін, әр оқушының сөйлеу деңгейін, ойлау қабілетін, шығармашылығын зерттеуді қажет етеді. Бұл тұста оқушылардың жазу сауатын да есепке алу керек.Тек диктант түрлері грамматикалық ережелерді әр оқушының қалай меңгергендігін және жазу сауатының қандай дәрежеде екендігін байқатады.Әр сабақтың тақырыбына байланысты диктант түрлері жүргізіледі. Диктанттардың ең күрделісі – шығармашылық диктант. Бұл оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін арттырады.Оқушылардың ойын жазуға үйрететін тағы бір әдіс – «Өз ұйқасын тап», «Әңгімені ары қарай жалғастыр» деген тапсырмалардың әсері зор.

Бұл тапсырмалар баланың ойлауына, ойлау қабілетінің артуына, сөздік қорының байуына, шығармашылығына жол ашары анық.

Тіл дамытудың басты құралы сөздік қорға жатады.Оқушының сөздік қорының неғұрлым көп болуы және оны тиімді қолдана білуі жүйелі еңбекті қажет етеді.Тіл дамыту жұмыстарында басшылыққа алатын басты мәселелердің бірі-оқушылардың сөздік қорды,ауызекі сөйлеу тілін тиімді ережеге сәйкес құра білуінде жатыр. «Тіл мәдениетінің жоғары деңгейі ол тіл арқылы өз ойын дұрыс,дәл және мәнерлі жеткізе алады».


Тіл дамытудағы тиімді тәсілдердің бірі – шығармашылық тапсырмалар.Шығармашылықтың түрі әр алуан,мәні біреу – ол жаңа мазмұн жасау.Шығармашылық жұмыстарды орындау арқылы әрбір бала өзінің таланттылығын,қабілеттілігін,бейімділігін көрсете алады.
Қорыта айтқанда,оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты түрлендіре жүргізілетін жұмыс – оқушылардың жүйелі ойлау қабілетін тудырып,шығармашылық ізденіске бейімделушілігін молайтады,тіл байлығын арттырады. Тіл дамыту жұмыстарында дамыта оқыту жүйесі іске асып әр оқушы өз бетінше жұмыс істеуге қалыптасады.Бала жұмысына сын көзбен қарап, бағалауға,ойын еркін,дұрыс, ашық айта білуге үйренеді.Оқушыға берілген тапсырманы біртіндеп күрделендіре түсіп, шәкірт бойындағы шығармашыл ізденісті тереңдете түсу менің және барлық ұстаздар қауымының негізгі мақсаттарының бірі болмақ деп есептеймін.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Абалкова И, Игібаева А.К Интерактивті әдіс арқылы тіл мәдениетін дамыту / Б.Абалкова, А.К.Игібаева // С.Аманжолов атындағы ШҚМУ –дың жас ғалымдары конференциясының баяндамалары.- Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2004.- 141 б.

2. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақатау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет

3. Мендаяхова Қ. Байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың ғылыми – әдістемелік негіздері.

4. Әбенбаев С.Ш.,. Құдиярова А.М, Әбиев Ж.Ә. Педагогика. -А., 2003.

5. Байтұрсынұлы А.Тіл тағылымы. Алматы, 1989

6. Рысбаева А.Қ. Сабақта ақпараттық технологияларды қолдану мәселелері // Шетел тілін дамыту әдістемесі. – 2011. - №1, - Б.24.

7. Нұрмағамбетова Ә.М. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу үрдісінде пайдалану // Бастауыш мектеп. – 2010. - №3-4. - Б.26.

8. Матрос Д.Ш., Полев Д.М., Мельникова Н.Н. Управление качеством образования на основе новых информационных технологий. – М.: Педагогическое общество, 2010. - 383 б.

9. Әлмұхамбетова Б.А., Ғалымжанова М.А. Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қолданылуы // Информатика негіздері.. – А.: Педагогика, – 2008. – №5 – 128 б.

10. Садыбекова Ж. Оқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі // Информатика негіздері. – А.: Педагогика. – 2010. – №4.– Б. 78-79.

11. Ғалымжанова М. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру // Информатика негіздері.– А.: Педагогика. – 2006. - №3. – Б. 49-52.

12. Ғабитқызы А. Кәсіби құзыреттілік және жаңа ақпараттық технологиялар.// Қазақстан мектебі. – 2012. - №11. – Б. 5.

13. Ибраимова Б. Ақпараттық технология - нәтижелі білім берудің көзі // Қазақстан мектебі. – 2012. - №6. – Б. 3.

14. Бабаев С.Б., Бастауыш мектеп педагогикасы. Алматы.: “Нұр-пресс”, 2007. – 413 б.

15. Юсупов И.М. Вчувствование. Проникновение. Понимание. – Казань.: Изд-во КГУ, 1993. – 106 с.

16. Колеченко А.К. Энциклопедия педагогических технологий: Пособие для преподавателей. - С.П.: Каро, 2002. -368 с.

17. Елеубай С. Білім беру технологиясының қазіргі проблемалары. -Алматы.: Педагогика, 2001. - 270 б.

18. Тұрлыханова М. Педагогикалық технологиялар оқу үрдісінде. - Алматы.: Педагогика, 2000. – 160 б.

19. Рысжанова А.Ақпараттық технологияларды қолданудың ерекшеліктері // Қазақстан мектебі. – 2007. - №2. Б.13-14.

20. Демеуова Л. Ғаламдық ойлауға бейімдеу // Қазақстан мектебі. - 2003. - №12. – Б. 3.

21. Құрманалина Ш.Х. Қазіргі заман талаптарына сай педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін көтеру // Техникалық және кәсіптік білім. – 2011. - №2-3. – Б. 10.

22. Исабаева Д.Н. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын қолдану әдістемесінің тиімділігі мен эксперимент мазмұны // Бастауыш мектеп. – 2009. - №1. - Б.17.

23. Жадрина М.Ж. Жалпы білім берудегі жаңа үрдістер // Открытая школа. - 2004. - №5, - Б.28.

24. Захарова И.Г. Информационные технологии в образовании. - М.: Академия, 2009. - 84 с.

25. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Алматы.: Педагогика, 2004, - 21 б.

26. Сарбасова Қ.А. Инновациялық технологиялар. Алматы.: Педагогика, 2006. - 23 б.

27. Сарбасова Қ.А. Инновациялық педагогикалық технологиялар негізінде бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдіру. Қарағанды.: ҚарМУ баспас, 2005. - 19 б.

28. Өстеміров К., Айтбаева А. Қазіргі білім беру технологиялары. Алматы.: Педагогика, 2006, - 14 б.

29. Абыканова Б.Т. Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігінің арттырудың дидактикалық шарттары. Алматы.: Педагогика, 2005. - 72 б.

30. Бөрібекова Ф.Б. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар. – Алматы.: Би, 2014. - 359 б.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет