Классикалық (феноменологиялық) термодинамикада энергияның әр түрінің өзара түрлену заңдары оқылады. Техникалық термодинамика жылу мен жұмыстың өзара түрлену заңдылықтарын қарастырады



бет1/68
Дата08.02.2022
өлшемі1,72 Mb.
#123524
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
Классикалы (феноменологиялы ) термодинамикада энергияны р т р
1-апта. Ерікқызы М, 1-апта. Ерікқызы М, Тілдер күні тәрбие сағаты, химия вариант№1, химия вариант№1






Кіріспе


Классикалық (феноменологиялық) термодинамикада энергияның әр түрінің өзара түрлену заңдары оқылады. Техникалық термодинамика жылу мен жұмыстың өзара түрлену заңдылықтарын қарастырады. Мұнда жылулық қозғалтқыштар теориясы әзірленеді және оларды жетілдіру жолдары беріледі.


Отынды пайдалану коэффициенті өнеркәсіптің көптеген салаларында 30-35 % аспайды. Осыған байланысты, технология мен энергетиканың талаптары бір-бірін өзара толықтыратын энерготехнологиялық агрегаттарды жасау қазіргі күннің басты мәселесі.
Энерготехнологияны әзірлеу, энергияны сақтаудың дәстүрлі емес жүйесін жасау және қолданыстағы жүйелерді жетілдіру, олардың тиімділігін бағалау термодинамикалық талдау көмегімен ғана жүзеге асырыла алады. Сондықтан, жоғары білімді мамандар үшін термодинамика оның өндірістік-тәжірибелік қызметінің теориялық негізі болады. Термодинамиканы оқу кезінде, келесідей ерекшеліктері болатын зерттеудің термодинамикалық әдістерін игеруге көңіл бөлу керек.
Біріншіден, термодинамика дедуктивті принцип бойынша құрылады, яғни жалпыдан жекеге. Оның негізгі ерекшелігі тәжірибелік жолмен белгіленген екі заңы (бастауы) болып табылады. Оның біріншісі энергияның сақталу және түрлену заңының айрықшылықты нысанын көрсетеді және жалпы сипатты болады, екіншісі – физикалық жүйелерде жүзеге асырылатын процестердің сапалық бағытын белгілейді.Термодинамиканың көмегімен нақты есептерді шешуге мүмкіндік беретін қатынастар алынады (мысалы, термодинамикалық процестерді есептеу).
Екіншіден, термодинамика тек қана макроскопиялық шамаларды қарастырады. Заттардың микроқұрылымы мұнда қарастырылмайды. Бұл, бір жағынан, термодинамиканың жалпы қорытындыларының сенімділігін қамтамасыз етеді, ал екінші жағынан – оны біршама шектейді және физикадан, химиядан, т.б. қосымша деректерді алуды талап етеді. Термодинамикадағы процестерді сипаттау макроскопиялық тепе-теңдік ұғымына негізделеді. Бұл жерде процесс тепе-теңдік күйдің үздіксіз бірізділігі (квазистатикалық процестер) ретінде қаралады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет