Классикалық (феноменологиялық) термодинамикада энергияның әр түрінің өзара түрлену заңдары оқылады. Техникалық термодинамика жылу мен жұмыстың өзара түрлену заңдылықтарын қарастырады



бет9/68
Дата08.02.2022
өлшемі1,72 Mb.
#123524
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68
Байланысты:
Классикалы (феноменологиялы ) термодинамикада энергияны р т р
1-апта. Ерікқызы М, 1-апта. Ерікқызы М, Тілдер күні тәрбие сағаты, химия вариант№1, химия вариант№1

Термодинамикалық тепе-теңдік


Егер де термодинамикалық жүйеге кіретін денелердің күйі ұзақ уақыт бойы өзгермесе онда жүйе термодинамикалық тепе-теңдікте деп айтуға болады. Егер жылуоқшауланған және абсолютті қатты қалқалары жоқ
термодинамикалық жүйеде денелер немесе денелердің бөліктері бірдей күйде болмаса, онда аздаған уақыттан кейін (ертеме, кешпе) жүйеде тұрақты термодинмикалық тепе-теңдік орнайды.
Термодинамикалық тепе-теңдік кезінде жүйенің бір денесінен екіншісіне жылудың берілуі және жүйенің жеке бөліктерінің бір-біріне салыстырмалы механикалық орын ауыстыруы болмайды, яғни жылулық және механикалық тепе-теңдік орын алады. Және жүйені құрайтын барлық денелердің қысымы мен температурасы қоршаған орта қысымы мен температурасына тең келеді. Қоршаған ортаның сыртқы шарттарының өэгеруімен бірге жүйе күйі өзгереді, және бұл өзгеріс қоршаған орта мен жүйенің қысымы мен температурасы теңеспейінше байқалады, яғни тұрақты тепе-теңдік қалыптаспайды.
Кез келген сыртқы әсерсіз (еркінше) жүйе тепе-теңдік күйден шыға алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет