Күнгі «Оқушылардың білім жетістіктерін бағалаудағы оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы» тақырыбында жүргізілген коучинг сабағы туралы рефлексивті есеп


-бөлім. Коучинг сабағының сипаттамасы және оқытуды бағалау



бет2/2
Дата10.06.2017
өлшемі1,28 Mb.
#18355
1   2

2-бөлім. Коучинг сабағының сипаттамасы және оқытуды бағалау.

Коучинг сабағының оқыту мақсаттары мен күтілетін нәтижелері: тыңдаушыларда оқушылардың білім жетістіктерін бағалаудағы оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы туралы түсінік қалыптасады, оқыту үшін бағалау үдерісінің   мақсатын меңгереді және оқу үдерісін жетілдіру үшін іс-тәжірибеде қолдана алады. Оқушылардың білім жетістіктерін бағалаудағы оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы туралы түсінік қалыптасты. Оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды бағалауды үйренді.

Коучинг барысында:


1.      Бағалау (топтастыру жасау) Бағалау  дегенді қалай түсінесіздер? Қатысушылардан  сұрау арқылы топтастыру құрып алдым. Біршама білетіндер, жалпылама түсініктің бары және тақырыптан ауытқушылар тобы анықталды.




2.       Бағалау туралы түсінік беріледі. Үшінші деңгей курсы бойынша сертификатталған орыс тілі пәні мұғалімі Джолманова Сағынай бағалаудың түрлерін және оны қолданудың тәсілдерін түсіндіріп берді.



3.      Критерий арқылы бағалау. Мұғалімдердің басым көпшілігі тәжірибесі бар және жоғары санатты болғандықтан мен мұғалімдерге арналған нұсқаулықтағы осы тақырыптың мәнмәтінін үшке бөліп, оны оқып, маңызды жерлерін маркермен бояп, топта талқыланып, постерлер жасалды. Постерлерге «екі жұлдыз, бір тілек» ілініп қалыптастырушы бағаланды. Топ мүшелерін спикерлер қалыптастырушы бағалады. Постерге қойылатын талаптар мен критерийлер құрастырдық.
4.      Практикалық жұмыс. Мұғалімдерге әдіc-тәсілдері бар әртүрлі мұғалімдерге арналған бес кітап беріліп, оларды маңыздылығына қарай бағалауын сұрадым. Мұғалімге кітаптың қаншалықты маңызды болуының табыс критерийлерін құрдық. Әр топтың пікірін тыңдалып, мұғалімдер кітаптың мазмұнын қалыптастырушы бағалады.

5.      Топтық бағалау. Топтардың қалыптастырушы бағалауына топтық бағалау жасалды. «Төрт балауыз шам» туралы бейне материал көрсетілді.


6.      Өзін-өзі бағалау. Семинар барысындағы жұмыстарға қатысты. Бағалау туралы жалпы түсінік қалыптасты. Іс-тәжірибеде қолдана алады. Осы үш табыс критерийі арқылы мұғалімдер өздерін бағалады.





7. Мұғалімдер осы сыныптағы тәртіпсіздікті алдын алудағы өз пікірлері мен ойларымен бөлісті. Сабаққа ата-аналарды қатыстыру (Абдуллаева Ш.), тапсырмаларды түрлендіріп көбейту (Отыншина З.), психологтар жекелеген оқушылармен жұмыс жасауы (Сәттерова Б.),

сыныптағы тәрбиелік жұмыстарды жандандыру және оқушы уәжін арттыру (Байдарманова Л.), оқушылар қарым қатынасындағы үштіктер мен төрттіктерді анықтау арқылы ортасы көмегімен әсер ету (Жанбосынова А.) сияқты ұсыныстар айтылды.

Менің коучингімдегі сәтті тұстарым мұғалімдерді жан-жақты ресурстармен қамтамасыз ету болды. Себебі, сол ресурстар арқылы мұғалімдер өздерінің жұмыстарындағы жетіспейтін жайттарды ұғынды (Тайтілеуова М., Абдуллаева Ш.). Сәтті тұстарым деп үшінші деңгей курсы бойынша сертификатталған әріптесімнің көмегіне жүгінгендігім болды. Себебі, практик ретінде Джолманова С.Е. өз тәжірибесін басшылыққа ала отырып, нақты, әрі қол жетімді түрде бағалаудың түрлерін баяндап берді.



Тағы бір сәтті тұсым, ол соңғы екі апта көлеміндегі жиналған бағалау парақтарымды мұғалімдерге өз тәжірибемнің айғағы мен дәлелі ретінде көрсетуім болды. Себебі, қалыптастырушы бағалау мен табыс критерийлерін құру оңай, әрі жеңіл, күнделікті сабаққа қолдануға ыңғайлы екендігін көрсеткім келді. Бағалау парағы немесе табыс критерийлерін құруды пайдалану сабақта мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, жекелеген оқушылармен жұмыс немесе АВС оқушыларын бақылау, рефлексивті шешім қабылдауға мүмкіндік береді.



Сәтсіз тұстарым деп мұғалімдерге берілген мәнмәтінді тереңінен оқуына мүмкіндік болмады. Себебі кейбір мұғалімдер «мәтін түсініксіз», «ауыр жазылған» деп бағалады. Сабақтан шаршап шыққан және тағы болатын сабақтарын ойлап отырған әріптестерім үшін тез арада ойларын жинақтап, мәтінге үңілу қиындық туғызды. Алайда талқылаулардың нәтижесінде мәнмәтіннің мазмұны ашылды.

Бұндай коучингтердің қажеттілігін түсініп, қолдап отырған әріптестерімнің белсенділігі орташа деңгейде болды. Белсенділік танытқан және пассивті түрде қатысқан әріптестерім де болды. Әрине бұл тақырыптағы коучингтің ары қарай жалғасын табу-таппауы, мұғалімдердің бағалауды сабақта қалай қолдануына байланысты болады деп сенемін. Ол үшін бекітілген тәлімгерлер өз сабақтарын жоспарлауда немесе тәлімалушысының сабақ жоспарын жоспарлауда тәжірибе алмасса, оқушыларға қатысты кәсіби әңгімелер өрбісе, сыншы дос ретінде бір-бірінің сабағына қатысса нұр үстіне нұр болар еді.

3-бөлім. Бағдарламаның идеяларына қатысты мұғалімдерді оқытуды бағалау.

Мұғалімдер коучинг барысында қалыптастырушы бағалаудың түрлерін және оның маңыздылығын білді. Осы сынып проблемасына қатысты «Нәтижелі тәрбие берудің он алтын ережесін» әріптестерім Тайтілеуова М., Абдуллаева Ш. Өздеріне пайдалы ақпарат алды.

Өзім де коучингте осы модуль туралы білімімді Джолманова С.Е. арқылы нақтылай түстім. Мысалы, расында да қалыптастырушы бағалауды дамыту арқылы біз жиынтық бағалауды да жақсарта аламыз. Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес бағалау критерийлерін алдын ала оқушыларға беру туралы да кәсіби талқылау жүрді. Жақсы идеялар ортаға салынды.

Оқыту мақсатына қатысты болашақта мен коучинг сабағымда қолданылатын кезеңдерді табыс критерий етіп алып, бағалау парағына белсенділіктерін бағалатар едім.

Топта талқылауға түрткі болатын, мәнмәтіндеріне сәйкес сұрақтар қояр едім.



Өзімнің коучинг жүргізу саласындағы алған білімім туралы рефлексивті есеп.

Коучинг сабақтар жоспарлы түрде мұғалімдердің сабақтарына кедергі жасамайтын уақытта жиі болып тұрса дұрыс болар еді. Себебі, коучингке қатысатын мұғалімдердің сол тақырыпқа байланысты білетін немесе білгісі келетін мақсаттарын әзірлеп келер еді. Коучингте көбінесе тақырып байланысты емес, сыныптың тәртібіне қатысты кәсіби талқылаулар тыңдалды. Яғни, пән мұғалімдерінің бас қосуларын оқушылардың тәрбиелік мақсаттарына байланысты ұйымдастыруды қажет етеді. Мысалы, тәрбие және құқық жөніндегі мәселелер бойынша психолог, сынып жетекшісі, пән мұғалаімі, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары, тәртіп бұзушы оқушылар т.б. құзыретті мамандар қатысуымен бөлек өткізілсе.



Өзімнің тәжірибеме қатысты келетін болсам, коуч ретінде әлі де тіл байлығым шорқақтау, сөйлеу мәнеріммен жұмыстар жасау керек. Бірақ «әдемі өтіріктен, дөрекі болса да шындық артық» дегендей тиімді, әрі нәтижелі коучингтер жүргізудегі ізденістерімді тоқтатпауым керек.

Өз коучингімді болашақта жақсартуына байланысты уақытқа шағылған және регламенттер жоспарға сәйкес сақталуына көңіл бөлер едім. Яғни, өз уақытында басталып, өз уақытында аяқталуын басты назарға алар едім. Уақытты тиімді пайдаланудың өзі, тыңғылықты дайындықты қажет етеді. Мұғалім ретінде де мен коучингтегі әріптестеріммен сыныптың кейбір жақтарын анықтадым. Яғни, сабақты уақтысында бастау және қалай бастау керектігім туралы ойлану керектігін түсіндім. Себебі, бұл сыныпта сабақты бірден бастап кету дағдысы қалыптаспаған.

Бұған қоса тәлімалушымның осы сыныптағы сабағындағы кедергілерді олға алу керектігін түсіндім. Тәлімалушымның коучингте көрсеткен белсенділігі мені қуантты. Ол барлық мәселелерге кәсіби көзқараспен қарап, өз ойын білдіріп, постерін жақсы қорғап шықты.

Мектептің басшысы Сламов Ғ.Т. қорытынды сөзінен баланың барлығы бірдей, тек әр сыныпта қалыптастқан орта бар соны өзгертуіміз керектігін түсіндім және сол бойынша жұмыстар атқаруымыз керектігін бәріміз ұғындық.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет