Күні:8.04.15 ж.
Тақырыбы:Африка. Сыртқы байланыстары мен ішкі айырмашылығы Білімділік мақсаты: Оқушыларға Африканың сыртқы экономикалық байланыстары мен ішкі айырмашылықтары жөнінде түсінік беру.
Дамытушылығы: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелілік мақсаты: Экономикалық сауаттылыққа үйрете отырып, қиыншылықтарды жеңудегі өжеттілікке, мейірімділікке, қайырымдылыққа және туған елге, жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Сабақтың типі:Жаңа білім беру сабағы
Сонымен қатар Африка елдері цитрус өнімдерін, жүзім шарабын, темекі, тропиктік ағаш сүректерін де сыртқа шығаруға маманданған. Ніл өзені бойында КСРО-ның көмегімен 1971 ж. Асуан бөгені салынған. Асуан бөгенінің салынуына байланысты Ніл өзені кеме жүзуге қолайлы өзенге айналды. Сонымен қатар егістік жерлерден жылына екі үш реттен өнім жинауға мүмкіндік туды. Африкада жалдама еңбек күшін пайдаланып, жұмыс істейтін плантациялық шаруашылықтар дамыған.
Африканың көптеген елдері бір дақыл өсіруге (монокультура) дамыған.
Африканың плантацияларында кофе, какао, мақта, майлы пальма, жержаңғақ, гевея, құрма т.б. өсіріледі.
Африканың шаруашылығында ауылшаруашылығы жетекші орында. Ауыл шаруашылығында өсімдік шаруашылығы жетекші сала болып табылады.