Күні: 25. 02. 2016ж. Тақырыбы: 1950-1960 жылдардағы Қазақстан Сабақтың мақсаты



Дата23.08.2017
өлшемі188,08 Kb.
#25428
Пәні: Қазақстан тарихы

Тобы: МДО-141 2-курс

Күні: 25.02.2016ж.

Тақырыбы: 1950-1960 жылдардағы Қазақстан

Сабақтың мақсаты:

Мақсаты:
Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейінгі уақыттағы Қазақстанның экономикасын қайта құру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы білім беру.
Міндеттері:
Білімділік. Жалпы тақырыптың ішіндегі негізгі тарихи фактілерді анықтау, дерекпен жұмыс жасау және логикалық - құрылымдық сызбаларды толтыра білуге жаттықтыру.
Тәрбиелік: Отанға деген, оның өткен тарихына деген махаббат сезімін ояту.
Дамытушылық: Оқушылардың анализ жасау, салыстыру дағдыларын дамытып, жаңа тақырыпты зерттеуге деген қызығушылықтарын ояту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, модульдік оқыту технологиясының әдістері.

I. Дайындық кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

«Қарлы кесек» оқыта үйрету ойыны арқылы үй тапсырмасын бекіту.

«Қарлы кесек» ойыны.

Мақсаты: Оқушыларды алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана білуі, яғни тарихи үрдістерді, тілді сақтай отырып, Ұлы Отан соғысы туралы тарихи сипаттама беру, тарихи оқиғалар мен тарихи даталарды есте сақтау, логикалық сұрақтарға жауап беру.

Шарты:

Топ студенттері бес топқа бөлінеді, әр топта бес оқушыдан.

Әр топқа бағыттау парағы мен жетондар таратылады;

А-1, А-2, А-3, А-4, А-5,

Б-1 ,Б-2, Б-3, Б-4, Б-5,

В-1 , В-2, В-3, В-4, В-5,

Г-1, Г-2, Г-3, Г-4, Г-5,

Д-1, Д-2, Д-3, Д-4, Д-5.


«А» тобы-Бауыржан Момышұлы ;

«Б» тобы- Мәншүк Маметова;

«В» тобы- Әлия Молдағұлова;

«Г» тобы- Рахымжан Қошқарбаев;

«Д» тобы- Төлеген Тоқтаров

Әр топ берілген тақырыптарды толық талдайды, өз ойларын ортаға салады, тарихи сипаттама бере отырып, бір-бірін толықтырады.

Әр оқушы өз жауабын неғұрлым жоғары танымдылық, ақпараттыық деңгейде, нақты тарихи деректермен тарихи тілді сақтап, тарихи даталар мен тарихи оқиғаларды дәл байланыстыра жеткізуі тиіс. Бір оқушы өз тақырыбын қорғайды. Ондай оқушыны бағыттау парағындағы «Ең жақсы ойыншы» жолына жазып қояды.

Бірінші -айналым аяқталған соң, екінші айналым басталады.

Екінші -айналымда жетон бойынша орын ауыстырады.

А-1 , Б-1, В-1, Г-1 , Д-1,

А-2, Б-2 , В-2, Г-2, Д-2,

А-3, Б-3, В-3,Г-3, Д-3,

А-4, Б-4, В-4, Г-4, Д-4,

А-5 , Б-5, В-5, Г-5. Д-5.

Бұл айналымда әр оқушы өз тақырыбын қорғайды. «Ең жақсы ойыншы» жолына үздік айтқан оқушы жазылады.

Айналымдар аяқталған соң, оқушылар бастапқы орындарына қайта оралады, мұғалім олардың бағыттау парақтарын жинап алып, нәтижесін ортақ параққа жазады. Сол парақ бойынша «Ең жақсы ойыншы» және «Ең үздік топ» анықталады.



III. Жаңа сабақты өту кезеңі.

Модуль құрылымы

Модельдің мазмұны

Уақыты

I. Кіріспе бөлімі

Модельге ену

Тірек-сызбасы арқылы жаңа сабақты түсіндіру

Жаңа сабақ жоспары:

1.Ұлы Отан соғысының зардаптары.

2.Қазақстандағы тың игерудің мақсаттары мен міндеттері

3. 1950-1960 жылдардағы Қазақстан




18-20 мин

II.Сөйлесу

бөлімі.


1. «Тұлғаны танып біл» 4-ші артық әдістемесі

2. «Бақытты сәт» ойыны




12-15 мин

III. Қорытынды

1. Қорытынды


8-10 мин

I .Кіріспе бөлім.

Ұлы Отан соғысының зардаптары

Кеңес Одағы соғыстан экономикалық 32 мың өнеркәсіп орны

жағынан әбден әлсіреп шықты. 100 мың ауыл шаруашылық

Соғыс жылдарында еліміз 30 млн-ға жуық халқынан айырылғаны.

Қазақстандағы тек қана әскери тапсырыстар

орындаған көптеген зауыттар жаңа жағдайда

бейбіт өнімдер шығаруға көшті.

Соғыстың зардабы Қазақстанға ауыр тиді. Мысалы: зауыттарда, фабрикаларда және ауыл шаруашылығында жұмыс күші жетіспеді.Соғыс кезінде Қазақстанға қоныс аударған мамандардың көпшілігі туған жерлеріне қайтты. Көптеген Қазақстандықтар майданда қаза тапты және соғыстан оралмады.

1946 жылы Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болып Жұмабай Шаяхметов тағайындалды.

Соғыс жылдары Кеңес Одағы ұлттық байлығының ⅓ айырылды. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуінен 11 млн. 365 мың адамды Кеңес Армиясы қатарынан әскерлерді босату жүргізілді.
1945 жылы 23 маусымда КСРО жоғарғы Кеңесі сессиясы қабылдаған демобилизация туралы Заң қабылданды. Миллиондаған жауынгерлер бейбіт тіршілікке қайта оралды.
1946 жылы 18 наурыз - 1946 - 1950 жылдарға арналған төртінші бесжылдық жоспары туралы заң қабылданды.
Міндеттері:
1. Қираған халық шаруашылығын қалпына келтіру.
2. Ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез қарқынмен дамыту.
3. Жаңа теміржол желілерін салу.
4. Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру.
Бұрын соғысқа қажет өнімдер шығарған өнеркәсіп орындары бейбіт өнімдерін шығару үшін қайта құрылды.
Бесжылдық құрылыстары:
- 1946 - 1951 жылдары республикада болат прокаты, қара және түсті металлургия, тау - кен және көмір өнеркәсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды.
- Теміртау Металлургия зауытында үй прокат станы, 2 мартен пеші салынды.
- Ақтөбе ферроқорытпа зауытының үшінші кезегі іске қосылды.
- Өскеменде 1947 жылы қорғасын - мырыш комбинаты салынды.
- Екібастұзда көмір кесіндісінің құрылысы аяқталды.
- Маңғыстауда жаңа кесіндінің құрылысы аяқталды.
1950 жылы мұнай өндіру 52%- ға артты.
50 жылдардың басында республикадағы кәсіпорын саны – 65 болды.
Жеңіл және тамақ өнеркәсібі:
- Семей илеу - сығынды зауыты өнім бере бастады.
- Қызылорда тігін фабрикасы іске қосылды.
- Жамбыл, Қызылорда, Павлодар тері зауыттары салынды.
Көлік жүйесінің дамуы:
- 1950 жылы ұзындығы 483 км Мойынты – Шу темір жолы салынды:
- Жамбыл - Шолақтау теміржол іске қосылды.
Байланыс ісі жақсартылды:
- Барлық аудан орталығы телефон байланысына қосылды:
- 1949 жылы көктемде Алматыда елдің 56 қаласымен байланыстыратын автоматтық станция салынды.
- Радио жүйесі 2 есе артты.
Республиканың шаруашылық өміріндегі өзгерістер маманданған жұмысшылар қатарының өсуіне ықпал етті.
1945 жылы – 1 млн 44 мың адам
1950 жылы – 1 млн 403 мың адам.

Кеңес Одағының басқа республикалары сияқты Қазақстан да фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға қолдан келген көмекті аямады. Республикада тұтастай азық-түлік керуендері жасақталды. Қазақстандықтар Сталинградтың, Ленинградтың, Солтүстік Кавказдың соғыстан зардап шеккен шаруашылықтарын қалпына келтіруге белсене қатысты. Тек 1945 жылдың өзінде Украинаға 500 трактор және басқа да ауыл шаруашылық машина, 140 паровоз, бірнеше жүздеген ауыл шаруашылық мамандары жіберілді

20-жылдардың соңы - 30-жылдардың басында басталған қуғын-сүргін соғыстан кейінгі кезенде де жалғастырылып, ол көптеген бұрынғы әскери тұтқындарды - Кеңес Армиясының солдаттары мен офицерлерін қамтыды. Көптеген «әшкерелеудің» ішінде «ленинградтық іс», «дәрігерлер ісі» т.с.с. істер болды.

Халықтарды күштеп қоныс аудару - біздің елдің өткен тарихының қайғылы беттерінің бірі. 40-жылдардағы депортацияға байланысты оқиғалар жөнінде ұзақ уақыт бойы еш нәрсе айтылмады.1937 жылы Қиыр Шығыстан Қазақстанға 95 903 корей жер аударылды.Корейлермен қатар күрдтер, ассириялықтар, ирандар және түріктер көшірілді.Барлық күштеп жер аударылған халықтардың арасындағы ірі ұлт- немістер болды.Халықтарды күштеп жер аудару Ұлы Отан соғысы жылдарында да жалғасын тапты.

1940-1950 жылдары да ұлт саясатын қудалау ісі жалғасты. Мұхтар Омарханұлы ӘуезовҒабит Махмұтұлы МүсіреповС. Мұқанов «Қазіргі тақырыпка пьеса жазбайтындар» ретінде саналды. Ө. Тәжібаевтың «Біз қазақпыз» атты шығармасы ескі хандар мен бай-шонжарлар өмірін мақтау, марапаттау деп сынға алынды. Белгілі композитор А. Жұбанов «феодалдық- байшылық дәстүрлерді асыра дәріптегені» үшін қатаң сынға ұшырады. Әсіресе 1947 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің «Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындагы саяси өрескел қателіктер туралы» қаулысы жарияланған соң ұлтшылдықты айыптау кеңінен қанат жаяды. 1947 жылы жарияланган «Қазақстан XIX ғасырдың 20-40-жылдарында» атты монографиялық зерттеудің авторы, талантты тарихшы ғалым Е. Бекмаханов жазықсыз қудаланып, 25 жылға сотталады.

И. Сталин қайтыс болғаннан кейін партиялық билікке талас басталды. JI. Берия, Г. Маленковтар жеңіліп, бар билік Н.С. Хрущевка көшті.



Кеңес қоғамының Сталиннің билігінен кейінгі дамуы

Экономика

Қоғамдық өмір

Прогресшіл бастамалар

  • демократияландыру үрдісі

  • «Хрущевтік жылымық»

  • өнеркәсіпті қарқынды түрде дамытутың және тыңайған жерлерді игеру әскери-өнеркәсіптік кешенге қолдау көрсету

  • әскери блоктар кұру, шағын соғыстар |

  • жазықсыз жазаға ұшырағандарды ақтау үрдісі аяғына дейін жеткізілмеді

  • репрессияға ұшыраған халықтар құқығы қалпына келтірілмеді

  • «жоғарыдан - төменге» басқару әдісі сақталды

  • басқаша ойлайтындар айыпқа тартылды |

  • Сталиннің жеке басына табыну айыпталды

  • 1954-1956 жылдары республикаларға аздаған жеңілдіктер жасалды

  • тоталитарлық режимнің құрбандарын ақтау үрдісі басталды

           Азық-түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатында тың және тыңайған жерлерді идеясы пайда болды.

1954 жылы қаңтарда болып өткен Қазақстан Компартиясының VII съезінде Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов (1948-1954 жж.) қызметінен босатылды. Бірінші хатшылыққа– П.Пономаренко (1954-1956 жж.), екінші хатшылыққа – Л.И. Брежнев (1955-1956 жж.) сайланды.

1954 жылғы қантар-наурыз – КОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады. Тың жерлер игерілетін аймақтар:Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Есіл бойы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Торғай, Павлодар облыстары.

Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдектер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді, әр отбасына 500-1000 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді, 10 жылдық мерзімге үй салу үшін 10 мың сом несие берілді, оның 35%-н мемлекет төледі. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылық салығынан босатылды.

1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сом жұмсалды. 1954-1962 жылдары республикаға 2 млн.-ға жуық тың көтерушілер келді, оның ішінде механизаторлар мен партия, кеңес, ауыл шаруашылығы мамындарының саны 600 мыңнан асты.1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн. гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 млн. гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқынмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 ж. 9,4 млн. гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн. гектар болатын.

Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді;

1) Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ бойынша 41 млн.га).


2) Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты.
3) Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті.
4) Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды.
5) Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті.
6) Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді.
7) Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер көбейді.
8) Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды.

Тың игерудің салдары : Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.

Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды.



1) Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі тарылды.
2) Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды.
3) 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті.
4) Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы жаппай етек алды.
5) Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды: 1954-1962 жылдыры 2 млн. адам келді. Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы — 85%-н болса, 1962 жылы — 29%-ғана болды.
6) Ауылшаруашылық өндірісі мен халық санының өсуінен тұрғын үй салу қарқыны және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету артта қалды.
7) Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды.
8) Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады.
9) Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді.
10) Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. Осының барлығы қазақ халқының бір бөлігінің өз ана тілін ұмытуына әкеп соғып, халықтың ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді.

II.Сөйлесу бөлімі.

1. «Тұлғаны танып біл» 4-ші артық әдістемесі

Оқушылар тапсырманы дұрыс шешкенде КСРО және Қазақстан басшылары екенін біліп, тақырып қояды.



«Бақытты сәт» ойыны.

Оқушылар өткен сабақтарынан қойылған сұрақтарға 1-2 минут ішінде жауап береді.

  • Топонимика нені зерттейді – (жер-су аттарын)

  • Әлемде қанша этнос бар – (3000)

  • «Манас» жырын алғаш қағазға түсірген саяхатшы ғалым кім (Ш.Уәлиханов.)

  • Қазақ хандығының құрылған жері – (Шу мен Талас өзені аңғары)

  • Қазақстан Халқы Ассамблеясы қашан және не мақсатпен құрылды – (1995 ж.)

  • Қазақ хандарын ата. (Жәнібек хан, Қасым хан, Хақназар хан, Жәңгір хан, Тәуке хан, Абылай хан, Әбілхайыр хан, Кенесары хан)

  • Адамзат тарихындағы ең ірі соғыс - (екінші дүниежүзілік соғыс)

  • Қазақ халқының ұлттық ойын түрлерін атаңыз. (ақсүйек, аударыспақ, теңге алу, айгөлек, қыз қуу, алтыбақан, асық, жамбы ату, жілік сындыру, бәйге, көкпар)

  • Бұрын ренжісіп қалған адамдар қай кезде татуласқан- (құрбан айт мерекесінде)

  • «Қазақ» атауының төркіні «қасақ», «көсек» сөздері деген пікірді қолдаған академик кім (Әлкей Марғұлан)

  • «Қазақ жылнамалары» еңбегінде алаш сөзі туралы дерек келтірген тарихшы (Қадырғали Жалайыр)

  • Алгебра оқулығын қазақ тілінде жазған кім (Қаныш Сәтбаев)

  • Елбасының халыққа Жолдауы қай жылдардан басталды (1997 жылдан)

III. Қорытынды.

1. Қазақстанда бірқатар көркемөнер қайраткерлерінің соққыға ұшырауына алып келген 1946 ж БК (б) П ОК - ның қаулылары «Звезда», «Ленинград»журналдарында жарияланды..


2. Көзқарасы ғылымға жат деп танылған ірі ғалым Ә. Марғұлан.
3. Мәскеуде «Дәрігерлер ісі», ал Ленинградта «Ленинград ісі» қаралып жатқанда, Қазақстанда «Бекмаханов ісі».
4. Саяси қуғындаулардың жаңа толқынының басталуына байланысты Қазақстанда тастап кетуге мәжбүр болған дарынды жазушы М.Әуезов
5. Бекмахановқа орыс халқына қарсы үгіт жүргізуші және ұлт - азаттық көтерілісті(К. Қасымұлының) жақтаушы деген айып тағылды..
6.Биология, медицина және геология ғылымдары саласында жемісті еңбек етіп жүрген ғалымдарға Космополит деген айып тағылды.
7. 1950 ж. «Правда» газетінде «Қазақстан тарихы мәселелерін маркстік - лениндік тұрғыдан баяндайды» деген мақаланың жариялануы Е. Бекмахановты ресми түрде саяси айыптауғаалып келді..
8. КОКП - ның ХХ съезіне қаралған басты мәселе Сталиннің жеке басына табынушылықты айыптау болды.
9. Е. Бекмахановты кінәлі деп ( 1951 ж., сәуір) іске тартты.
11. ХХ ғ. 40 - 50 - жылдары Қазақ зиялылары саяси қуғындауға ұшырады.
10. Саяси қудаланған ұлт зиялыларының фамилиялары (А. Жұбанов, С. Мұканов, Ә. Марғулан, Қ. Сәтпаев, М. Әуезов).
12. Өзгеше ойлайтындарды саяси қудалаудың әдістері 50 - 60 - жылдары (партиядан шығару, жұмыстан шығару, психиатриялық емханаларға жабу) болды..
13. КСРО денсаулық сақтау министрлігінің берген мәліметтері бойынша осы жылдары «өзгеше ойлайтын» қанша 90 мыңнан астам кеңес азаматы жаза тартқан.


Бағалау. Үздік қатысқан топты марапаттау.

Үй жұмысы.1970-1980 жылдардағы Қазақстан.

ПБК төрайымы: Ұ.О.Абзелова

Оқытушы: Ұ.О.Абзелова
Каталог: uploads -> doc -> 04cb
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
04cb -> ШҚО, Семей қаласы «№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешені» кмм бастауыш сынып мұғалімі
04cb -> Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Әжемнің Әңгімесі»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет