Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Автотұрақтар, (паркингтер) автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген, казино орналасқан жер учаскелеріне салынатын салық ставкалары



бет51/78
Дата25.02.2018
өлшемі18,82 Mb.
#38194
түріКодекс
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   78

386-бап. Автотұрақтар, (паркингтер) автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген, казино орналасқан жер учаскелеріне салынатын салық ставкалары

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1. Елді мекендердің автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген жерлері осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жерлеріне базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.

Автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген басқа санаттағы жерлер жақын жатқан елді мекендердің жерлері үшін осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жерлеріне базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық ставкалар қолданылатын жақын жатқан елді мекенді жергілікті өкілді орган айқындайды.

Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салық ставкалары кемітілуі мүмкін, бірақ ол осы Кодекстің 381-бабында белгіленгеннен кем болмауға тиіс.

2. Елді мекендердің казино орналасқан жерлері осы Кодекстің 381-бабында белгіленген елді мекендердің жерлеріне арналған базалық ставкалар бойынша  он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.



Казино орналасқан басқа да санаттағы жерлер тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда, жақын жатқан елді мекендердің жерлері үшін осы Кодекстің 381-бабында белгіленген елді мекендердің жерлеріне арналған базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.

Елді мекеннің жерлеріне салықты есептеу кезінде қолданылатын базалық ставкаларды жергілікті өкілді орган белгілейді.

Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салық ставкасы төмендетілуі мүмкін, бірақ ол осы Кодекстің 381-бабында белгіленгеннен кем болмауға тиіс.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



3. Елді мекендердің автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлері осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жерлеріне базалық ставкалар бойынша салық салуға жатады.

Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлер жақын жатқан елді мекеннің жерлері үшін осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында елді мекендер жерлеріне белгіленген базалық ставкалар бойынша салық салуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық ставкалар қолданылатын жақын жатқан елді мекенді жергілікті өкілді орган айқындайды.

Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкалары жергілікті өкілді органның шешімі бойынша ұлғайтылуы мүмкін, бірақ ол он еседен артық болмайды. Осы тармақта көзделген ставкаларды ұлғайту жергілікті өкілді орган белгілейтін автотұрақтар (паркингтер) санатына қарай жүргізіледі.

Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығының ставкаларын жеке-дара арттыруға тыйым салынады.

 

387-бап. Базалық салық ставкаларын түзету



2008.10.12  № 100-IV ҚР Заңына сәйкес 387-бабы 1-тармағының қолданысы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтата тұру кезеңінде осы бап Заңның 56-бабының редакциясында қолданылады

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына  сәйкес жүргізілетін жерлерді өңірлерге бөлу жобалары (схемалары) негізінде жер салығының ставкаларын осы Кодекстің 378, 379, 381, 383-баптарында белгіленген, автотұраққа, (паркингке) автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан  жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкаларының 50 проценттінен аспайтындай етіп төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар.

Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығының ставкаларын жеке-дара төмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым салынады.

2. Мынадай төлеушілер салықты есептеген кезде тиісті ставкаларға 0,1 коэффициентті қолданады:

1) балаларды сауықтыру мекемелері;

2) діни бірлестіктерді қоспағанда, осы Кодекстің 134-бабында айқындалған заңды тұлғалар;

3) осы Кодекстің 135-бабының 2-тармағында айқындалған заңды тұлғалар;

4) қызметінің негізгі түрі ормандарда өртке қарсы жұмысты ұйымдастыру, өртке, орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстарды ұдайы молайту және ормандардың экологиялық әлеуетін арттыру жөніндегі жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;

5) балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттік кәсіпорындар;

6) ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын;

7) психоневрологиялық және туберкулез мекемелері жанындағы емдеу-өндірістік кәсіпорындар.

2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3. Осы Кодекстің 135-бабының 3-тармағында және 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған заңды тұлғалар салықты есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициентін қолданады.

2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



3-1. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамалық актісіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесінде көзделген инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруды Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамалық актісіне сәйкес жасалған келісімшарт негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғалар инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын есептеу кезінде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолданады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері жер учаскесін немесе оның бір бөлігін (ондағы үйлермен, құрылыстармен, ғимараттармен бiрге не оларсыз) жалға, өзге де негіздерде пайдалануға беру жағдайларында қолданылмайды.

Осы тармақтың ережелері келісімшарт жасалған айдың алғашқы күнінен бастап қолданылады және оның қолданысы келісімшарт жасалған күннен бастап жеті жылдан аспайды.

2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



3-2. Технологиялық парктер Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамалық актісінде көзделген қызметтің негізгі түрін жүзеге асыру үшін бөлінген жер учаскелері бойынша жер салығын есептеу кезінде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0,1 коэффициентін қолданады.

Осы тармақтың ережелерін бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:

1) Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамасына сәйкес құрылған;

2) осындай технологиялық парктердің жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнының елу немесе одан астам пайызы технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтына тиесілі технологиялық парктер қолдануға құқылы.

4. Осы баптың 2-тармағында аталған жер салығын төлеушілер жер учаскесін немесе оның бір бөлігін (ондағы үйлермен, құрылыстармен, ғимараттармен бірге не оларсыз) жалға, өзге де негіздерде пайдалануға беру немесе коммерциялық мақсаттарда пайдалану кезінде салықты 0,1 коэффициентті қолданбай, осы Кодекстің 55-тарауында белгіленген тәртіппен есептейді.

5. Арнаулы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар жер салығын осы Кодекстің 151-бабының  3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді.

 

 



55-тарау. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ МЕРЗІМДЕРІ

 

388-бап. Салықты есептеу мен төлеудің жалпы тәртібі

2010.21.01. № 242-IV Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Салықты есептеу әрбір жер учаскесі бойынша жеке салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салықты осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып есептейді.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



2. Егер осы тарауда өзгеше белгiленбесе, мемлекет жер учаскесiне меншiк құқығын, тұрақты немесе бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығын берген кезде, жер салығы салық төлеушiге жер учаскесiне осындай құқықтар берiлген айдан кейiнгi айдан бастап есептеледi.

3. Жер учаскесін иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда, жер салығы жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі үшін есептеледі.

4. Бюджетке жер салығын төлеу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.

5. Салық жылы ішінде елді мекенді қоныстың бір санатынан басқа санатына ауыстыру кезінде салық төлеушілерден ағымдағы жылғы жер салығы - осы елді мекендер үшін бұрын белгіленген ставкалар бойынша, ал келесі жылы қоныстардың жаңа санаты үшін белгіленген ставкалар бойынша алынады.

6. Елді мекен таратылған және оның аумағы басқа елді мекеннің құрамына қосылған кезде, таратылған елді мекеннің аумағында жаңа ставка тарату іске асырылған жылдан кейінгі жылдан бастап қолданылады.

7. Салық төлеушілер орналасқан жер учаскелері бонитетінің балдарын анықтау мүмкін болмаған жағдайда, жер салығының мөлшері шектесіп орналасқан жерлердің бонитет балы негізге алына отырып айқындалады.

8. Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша салық олардың осы жер учаскесіндегі үлесіне барабар есептеледі.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



9. Кондоминиум объектісінің бір бөлігі болып табылатын жер учаскесіне кондоминиум объектісінің бір бөлігі болып табылатын жалпы мүлікте үй-жайдың (ғимараттың бір бөлігінің) әрбір меншік иесінің үлесіне барабар жер салығы салынуы тиіс.

Бұл ретте:

1) жалпы мүліктегі тұрғын үй меншік иесінің үлесіне сәйкес келетін жер учаскесінің бөлігіне осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 4-бағанында белгіленген елді мекендердің жерлеріне базалық салық ставкалары бойынша жер салығы салынуы тиіс;

2) жалпы мүліктегі тұрғын үй емес үй-жайдың (тұрғын үй емес ғимараттың бір бөлігінің) меншік иесінің үлесіне сәйкес келетін жер учаскесінің бір бөлігіне осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендердің жерлеріне базалық салық ставкалары бойынша жер салығы салынуы тиіс.

 

389-бап. Заңды тұлғалардың салықты есептеу тәртібі мен төлеу мерзімдері



1. Заңды тұлғалар жер салығының сомаларын салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейді.

2. Заңды тұлғалар салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге міндетті.

3. Ағымдағы төлемдердің сомасы ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан, 25 қарашасынан кешіктірілмей тең үлестермен төленуге жатады.

Жаңа құрылған салық төлеуші құрылған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.

Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілер ағымдағы салық кезеңі үшін салық сомасын осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде төлейді.

4. Ағымдағы төлемдердің мөлшері салық кезеңінің басында болған салық салу объектілері бойынша салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану арқылы айқындалады.

2009.30.12 № 234-IV Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Жер салығын төлеу бойынша салық міндеттемелері туындаған күннен кейінгі, осы баптың 3-тармағында белгіленген кезекті мерзім салық міндеттемелері туындаған кезде салық кезеңі ішінде салықтың ағымдағы сомаларын төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.

Осы Кодекстің 373-бабы 3-тармағының 3) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар салық салу объектілерін пайдалануға немесе жалға берген кезде салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлiкпен басқаруға немесе жалға беру күнінен кейінгі кезекті мерзім салықтың ағымдағы сомасын төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.

2009.30.12 № 234-IV Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді



6. Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салық міндеттемелері туындаған кезде түпкілікті есеп айырысу және салық сомасын төлеу осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.

Осы Кодекстің 373-бабының 3-тармағының 3) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғаларға пайдалануға, сенімгерлiкпен басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін түпкілікті есеп айырысу мен салық сомасын төлеу осы баптың  9-тармағында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.

7. Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша міндеттемелер өзгерген жағдайда, ағымдағы төлемдер салық міндеттемелерінің өзгеру сомасына жер салығын төлеудің алдағы мерзімдері бойынша тең үлестермен түзетіледі.

8. Салық салу объектілеріне құқықтар салық кезеңінің ішінде берілген жағдайда, салық сомасы жер учаскесіне иелік етудің нақты кезеңі үшін есептеледі.

Осы құқықтарды беретін тұлғаның жер учаскесіне іс жүзінде иелік еткен кезеңі үшін төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттік тіркеуге дейін немесе тіркеген кезде бюджетке енгізілуге тиіс. Бұл ретте бастапқы төлеуші ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап өзі жер учаскесін беретін айдың басына дейін салық сомасын есептейді. Одан кейінгі төлеуші өзінің жер учаскесіне құқығы пайда болған айдың басынан басталатын кезең үшін салық сомасын есептейді.

Жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде салықтың жылдық сомасын бюджетке тараптардың бірі (келісім бойынша) енгізуі мүмкін. Жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде төленген салық сомасы кейіннен қайта төленбейді.

9. Салық төлеуші салық кезеңі үшін декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей түпкілікті есеп айырысуды жүргізіп, жер салығын төлейді

 

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 390-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



390-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеудiң, төлеудiң және салық есептілігiн табыс етудiң ерекшелiктерi

1. Бірнеше салық төлеушiлердiң пайдалануындағы үйлер, құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi үшiн жер салығы олардың бөлек пайдалануындағы үйлер мен құрылыстардың алаңына барабар әр салық төлеушi бойынша жеке есептеледi.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы Кодекстiң 373-бабы 3-тармағының 3) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар үйдiң бір бөлiгiн не ғимараттың бір бөлiгiн пайдалануға, сенімгерлiкпен басқаруға немесе жалға берген кезде жер салығы осы жер учаскесiнде орналасқан барлық үйлердiң, ғимараттардың жалпы алаңындағы пайдалануға, сенімгерлiкпен басқаруға немесе жалға берiлген үйдiң бір бөлiгi не ғимараттың бір бөлiгi алаңының үлес салмағына қарай есептелуге жатады.

3. Тұрғын үй қорының құрамындағы жылжымайтын мүлiктi заңды тұлға сатып алған жағдайда, жер салығы тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендердiң жерлерiне осы Кодекстiң 381-бабында белгiленген салықтың базалық ставкалары бойынша есептелуге жатады.

4. 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 391-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



391-бап. Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзiмдерi

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғалар (осы тармақтың екiншi бөлiгiнде аталған тұлғаларды қоспағанда) төлеуге жататын жер салығын есептеудi салық органдары тиiстi салық ставкалары мен салық базасын негiзге ала отырып, ағымдағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей жүргiзедi.

Осы тармақтың ережелерi:

дара кәсiпкерлерге;

осы Кодекстiң 396-бабының 1-тармағында көзделген объектілерді және салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) орналасқан жер учаскелері бойынша жеке тұлғаларға (оның iшiнде жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға) қолданылмайды.

2. Салық кезеңi iшiнде салық салу объектілеріне құқықтар берiлген жағдайда, салық сомасы осы Кодекстiң 389-бабы 8-тармағының ережелерi ескерiле отырып есептеледi.

3. Жеке тұлғалар салық органдары есептеген жер салығын бюджетке ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей төлейдi.

4. Салық мiндеттемелерi ағымдағы жылдың 1 қазанынан кейiн туындаған кезде, салық сомасын төлеу салық салу объектiсiне меншiк құқығы мемлекеттік тiркелгеннен кейiн отыз жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

5. Дара кәсiпкерлер өз қызметiнде пайдаланатын жер учаскелерi бойынша жер салығын осы Кодекстiң 389-бабында белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.

6-тармаққа өзгерістер енгізу туралы 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңын қараңыз (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

6. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер өз қызметiнде пайдаланатын жер учаскелерi бойынша жер салығын осы Кодекстiң 389-бабында белгiленген тәртiппен есептейдi. Бұл ретте, жер салығы салық кезеңi үшiн декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей төленуге жатады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Осы Кодекстiң 396-бабы 1-тармағында көзделген объектілерді және салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) орналасқан жер учаскелері бойынша жеке тұлғалар (оның iшiнде жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар) патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін осы бөлімде белгіленген тәртіппен жер салығын есептейді және төлейді.

 

 



56-тарау. САЛЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ

 

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 392-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



392-бап. Салық кезеңі

Жер салығын есептеу үшін салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.

 

393-бап. Салық есептілігі



2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-тармаққа өзгерістер енгізу туралы 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңын қараңыз (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

1. Дара кәсіпкерлер (патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда) және заңды тұлғалар декларацияны салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық органдарына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей, сондай-ақ ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабын осы бапта белгiленген мерзiмдерде табыс етедi.



Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер декларацияны салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық органдарына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Егер осы баптың 1-тармағында және осы тармақта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғалар жер салығы бойынша салық есептілігін салық органдарына табыс етпейді.

Осы Кодекстiң 396-бабының 1-тармағында көзделген объектілерді және салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) орналасқан жер учаскелері бойынша жеке тұлғалар (оның iшiнде жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар) салық салу объектілері орналасқан жердегі салық органдарына декларацияны есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

2. Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірілмей табыс етіледі.

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

3. Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілерді қоспағанда, жаңадан құрылған салық төлеушілер ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын салық төлеушіні  тіркеу есебіне қойған айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді.

Осы тармақтың ережелерi дара кәсiпкерлерге (патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда) және заңды тұлғаларға қолданылады.

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Осы Кодекстің 373-бабы 3-тармағының 3) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға, сенімгерлiкпен басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын осы баптың 5-тармағында көзделген мерзімдерде табыс етеді.

5. Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша салық міндеттемелері өзгерген кезде, ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы салық салу объектілері бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиісінше ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешіктірілмей табыс етіледі.

 

 

15-БӨЛІМ. МҮЛІК САЛЫҒЫ



 


Каталог: 266543


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   78




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет