Кодексіне, «Қызылорда облысының 2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы туралы»


Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек



бет3/4
Дата17.06.2018
өлшемі13,18 Mb.
#43160
түріКодекс
1   2   3   4

Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру функционалдық тобы бойынша үш жылдық кезеңге арналған шығыстары шеңберінде 2017 жылға 5444,8 млн теңге, 2018 жылға 3832 млн теңге, 2019 жылға 3929,9 млн теңге қаражат көзделген.

Азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бұрын қабылданған әлеуметтік міндеттемелердің барлығын орындау әлеуметтік саладағы негізгі басымдық болып табылады.

Жалпы 2014-2016 жылдарға арналған әлеуметтік қамтамасыз етуге және әлеуметтік көмекке арналған шығыстар мынадай іс-шараларды өткізуге бағытталған:

- ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне және тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға сауықтыру үшін біржолғы материалдық көмекке, Ұлы Отан соғысы жылдары тылда 6 ай жұмыс істеген (қызмет еткен) адамдарды әлеуметтік қолдауға, өңірге қажет мамандықтар бойынша әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан білім алушы студенттерге әлеуметтік көмек көрсетуге, лейкоз және анемия ауруымен ауыратындарға, туберкулез ауруының қолдаушы фазасында емделіп жүрген науқастарға әлеуметтік көмек көрсетуге қаржы қаралып отыр бағытталды.

Әлеуметтік – осал топтағы халықты және мүгедектерді әлеуметтік қолдау көрсету үшін келесі әлеуметтік-маңызды жобаларды жүзеге асыруға қаржы қаралды:

- № 1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының 180 қамқоршыны ұстауға;

- мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсетуге және оңалтуға;

- сотпен жүктелген, өмір мен денсаулығына зиян келтірілгені үшін өтеуге;

- № 2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ұлғайуына байланысты қосымша штаттық бірліктерін ұстау шығындарына;

- облыс аумағында облыс орталығындағы емдеу мекемелерінде тексерілу үшін мүгедектерге жүру мүмкіндігі болатын мүгедектерді қолдау бойынша «Әлеуметтік такси» әлеуметтік жобасы;

- мүгедектердің құқын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар Жоспарын жүзеге асыру ауқымында республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерді жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруға;

- халықтың әлеуметтік-күнкөріс деңгейі төмен топтарының студент балаларының қатарынан грант бойынша оқытуға;

- жеке оңалту бағдарламасына сәйкес, мүдегектерді көмекші техникалық және арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету үшін дана бөлмелік және серуендік кресло-қораптар, сурдотехникалық құралдар және тилотехникалық құралдар сатып алуға;

- мүгедектерге протездеу бойынша медициналық қызметтер көрсетуге және протезды-ортопедиалық құралдармен қамтамасыз етуге

- "Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік " бейімдеу мен оңалту орталығы" жобасын ұйымдастыруға;

- тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету аясында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру үшін қоса қаржыландыруға.

- нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде, еңбек нарығын дамытуға бағытталған, іс-шараларын іске асыруға;

- «№ 1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бейнебақылау қондырғыларын орнату, жарықтандырудың ескі бағаналарын монтаждау мен бағаналарды орнату, өрт қауіпсіздігі шараларын ұйымдастыру мақсатында ғимарат шатырындағы ағаш өнімдерін арнайы сұйықтықтармен өңдеп сырлау, өрт хабарлағышты қондыруға, хабарландыру беру және дабыл қондырғыларын орнатуға, мүгедектерге кедергісіз орта қалыптастыру мақсатында қажетті қондырғыларды орнатуға қаралып отыр.

Сонымен қатар «Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бейнебақылау қондырғыларын және жарықшам орнату, өрт қауіпсіздігі құралдарын орнату, мүгедектерге кедергісіз орта қалыптастыру мақсатында қажетті қондырғыларды орнату және пандусқа ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін;

- «№ 2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бейнебақылау қондырғыларын орнатуға;

- «Мүгедектерге арналған оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бейнебақылау, күзет, дабыл қондырғыларын, өрт қауіпсіздігі құралдарын орнатуға;

- «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мүгедек балаларға кедергісіз орта қалыптастыру мақсатында қажетті қондырғыларды орнатуға және бейнебақылау қондырғыларын, өрт қауіпсіздігі құралдарын орнатуға;

- «Ерекше қажеттілігі бар балалар үшін иппотерапия» әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға;

- «Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне компьютер жиынтығын, принтер және кеңсе жиһазын сатып алуға;

- 1 бірлік микроавтобус сатып алуға, қуаты 100 кВт-тан асатын дизельдік-генератор сатып алуға және «№ 2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне моноблок және кеңсе, шаруашылық құралдар сатып алуға;

- «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне моноблок, компьютер жиынтығы, принтер және оңалту шараларына қажетті жабдықтарға;

- «Еңбек жолы» республикалық конкурсына қатысуға онлайн-дауыс беруді жүргізу үшін байланыс қызметін төлеуге және конкурстың фирмалық логотипын әзірлеуге;

- «№ 1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің моншасына газ пешін орнату қызметіне;

- тифлотехникалық құралдарын, жетек арбалары мен шынтақ таяқтарын сатып алуға;

- «Мүгедектерге арналған оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының шатырын орнату жұмыстарының жоба-сметалық құжатын әзірлеуге;

- «Инватакси» қызметіне көрсетуге қосымша щығындарға (2017 жылдың қараша-желтоқсан айларының шығындары);

- материалдық-техникалық базасын нығайтуға, оның ішінде «№ 1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне моншаны газбен жылыту үшін қажетті жабдықтар мен газ пешін, су айдайтын насос сатып алуға және «Мүгедектерге арналған оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне су тарататын насостар, ем құрылғыға электр қуатын бірқалыпты ұстап тұру үшін үздіксіз қоректендіру көзін (UPS) сатып алуға;

- Қорқыт ата атындағы ҚГУ қажетті мамандықтар бойынша халықтың осал тобы қатарынан шыққан студенттерге оқу ақысын өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсетуге қаралды.



Мәдениет

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк функционалдық тобы бойынша үш жылдық кезеңге арналған шығыстары шеңберінде 2017 жылға 8180,0 млн теңге, 2018 жылға 9369,9 млн теңге, 2019 жылға 7498 млн теңге қаражат көзделген.

Жалпы 2017-2019 жылдарға арналған мәдениет саласын жандандыру мақсатында мынадай іс-шараларды өткізуге бағытталған:

- ұлттық және мемлекеттік мекемелерді өткізу үшін;

- облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қорын кітаппен кеңейту;

- облыс аумағында орналасқан ежелгі қалалардың орындарына археологиялық зерттеулер жүргізуге;

Келесідей мәдени нысандарды дамытуға қаржы қаралды:

- облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығын субсидиялауға;

- мәдени іс-шараларды өткізуге;

- "Тарихи-мәдени ескірткіштерді қорғау бойынша" мемлекеттік мекеменің, Қорқыт Ата мемориалдық музейін ұстауына және облыстық тарихи-өлкетану музейін субсиядиялауға қаралып отыр. Сонымен қатар, "Тарих және мәдени ескерткіштерді қорғау бойынша" мемлекеттік мекемесіне Жанкент, Сығанақ, Шірік Рабат қалашықтарына археологиялық зерттеулерді жалғастыру жұмыстарын жүргізуге;

Сонымен қатар, ЭКСПО -2017 көрмесін ұйымдастыруға, З. Шүкіров мүсінің құю және орнатуға, Сыр өңірі ескерткіштерін ЮНЕСКО тізбесіне енгізу бойынша ғылыми құжаттарды әзірлеуге, Арал теңізін кепкен табанынан табылған Кердері кесенесі, Қармақшы ауданындағы Сортөбе және Жент қалашықтарының археологиялық зерттеулерді өткізуге, тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау аймағын белгілеу бойынша жұмыстар жүргізуге, қылқалам шеберлерінің симпозиумын өткізуге, ғылыми-әдістемелік конференция өткізуге, «Ақмешіт» филиалы ғимаратын қоршауға, 3 бірлік жүргізушіні ұстауға;

- Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрын және облыстық филармонияны субсидиялауға, театр труппасының Баку, Шеки қаласына гастрольдік іс сапарына, ЭКСПО – 2017 көрмесіне қатысуға, күзет қызметіне және бейнебақылауды орнатуға, «Киелі сахна шақырады» іс-шарасын өткізуге;

- Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы және Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық кітапханасының ұстауына, қызметкерлердің біліктілігін арттыру шығындары қаралды.

Сонымен қатар, «Ә. Тәжібаев атындағы Қызылорда облысындағы әмбебап-ғылыми кітапханасы» мемлекеттік мекемесіне пандусты ағымдағы жөндеу жұмыстарына;

- Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық кітапханасына кітап қорын көбейтуге,

- мәдени саласына қарасты мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және «Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры» МКҚК ғимаратының өрт сөндіру, су жүйесіне күрделі жұмыстарын жүргізуге;

- Қызылорда қаласы кинобейне көрсету және фильмпрокат бөлімінің ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге.

1) Келесідей нысандарды аяқтауға:

- Қызылорда қаласындағы мұрағат ғимаратының құрылысын аяқтауға;

- Қазалы ауданы Жалаңтөс батыр елді мекенінде 90 орындық ауылдық клуб құрылысын аяқтауға, Жалағаш ауданы Мәдениет елді мекені, Шиелі ауданы Еңбекші елді мекеніне 150 орындық ауылдық клубтың құрылысы, 150 орындық ауылдық клубтың құрылысына;

- «Жаңақорған ауданы Өзгент ауылында 150 орындық ауылдық клубтың құрылысы» концессиялық жобасының, концессиялық ұсыныстары, конкурстық құжаттамалар мен концессия шарт жобасына сараптама жүргізуге;

- «Жаңақорған ауданы Өзгент ауылында 150 орындық ауылдық клубтың құрылысы» концессиялық жобасын консультациялық қолдауға, оның ішінде концессиялық ұсыныстар, конкурстық құжаттама және концессия шарт жобасын әзірлеуге қаралып отыр.

Сонымен бірге облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы Ақмешіт музейі ғимаратына бейнебақылау және күзет дабыл қондырғыларын орнату жұмыстарына;

- «Қорқыт Ата мемориалды музейіне» бейнебақылау камераларын орнатуға, Қорқыт Ата ескерткішіне орнатылған музыкалық аспаптың түтіктеріне реконструкция жасауға;

- «Есігімді қаққан кім?» атты қойылым көрсетуге және «Суицид алаңынан репортаж» атты қойылымды жүзеге асыруға және «Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына турникет орнатуға;

- «Ә. Тәжібаев атындағы Қызылорда облысындағы әмбебап-ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорына бейнебақылау жүйесін, турникет және өрт қауіпсіздігін өздігінен жарқылдайтын белгілер орнату үшін және «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынына 2 штаттық бірлікті ұстауға;

- «Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына жиһаз сатып алуға, «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынына газ пеш, насос, стабилизатор сатып алуға;

- «Облыстық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына мүгедек арбаларына арналған көтергіш басқышын сатып алуға;

- «Облыстық филармония» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына бейнебақылау камераларын сатып алу, орнату және металқондырғы орнатуға;

- «Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына турникет сатып алуға, шағын 10 бірлік серверлер сатып алуға;

- «Белгілі батыр, қолбасшы Текей Қарпықұлының 350 жылдық мерейтойына» арналған мерекелік іс-шараларды өткізуге;

- Астана қаласында өтетін Қызылорда облысының ауылшаруашылығы жәрменкесі аясында «Алтын күз-2017» атты концерттік бағдарламасын өткізуге, «Облыстық филармония» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының қосалқы құрылысы жұмыстары үшін жобалық-смета құжаттамаларын дайындауға және ғимараттың жаңғырту-қалпына келтіру жұмыстарының сметалық құжаттарын әзірлеуге;

- «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне құрылыс заттарын сатып алуға, мемлекеттік рәміздерді (елтаңба, ту) ілетін кіре беріске күнқағарды (козырек) және қабырға пешін орнату қызметіне;

- «Тарихи-мәдени ескірткіштерді қорғау» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 3 фазалық стабилизатор сатып алуға қаралды.



Спорт
Әрбір өркениетті мемлекеттің алдына қойған басты мақсаты - өз халқының денсаулығын жақсартуды қамтамсыз ету. Салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысу бүгінгі күні облысымызда бұқаралық сипатқа ие болып келе жатыр.

Жалпы 2017-2019 жылдарға арналған дене шынықтыру және спорт саласына дамытуға арналған шығыстар мынадай іс-шараларды өткізуге бағытталған:

- облыста жалпы спортты дамыту және салауатты өмір салтын жүзеге асыру, мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартуға, Қызылорда облысын Республикада алдыңғы қатарлы 10 (он) облыстың құрамына енгізу және халықтың арасында спортпен шұғылданушылардың санын ұлғайту;

- әр түрлі спорт түрлерінен споршыларды Республикалық және халықаралық жарыстарға дайындау, облыста футболды және волейболды дамыту;

- спортта сапалы дайындықтар жүргізу арқылы Республикалық және халықаралық деңгейде нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізу үшін балалар мен жеткіншектерге қосымша білім беру, облыстағы 16 (он алты) мамандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін және спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатын ұстауға;

- спорттағы дарынды балаларға қосымша білім беру, спорттық қабілетін дамыту, ұлттық құрама командаларына спортшы кандидаттарды даярлау;

- дене мүмкіндігі шектеулі жандарды спорт түрлерімен қолдау мақсатында әлеуметтік тапсырыс көлемін ұлғайту;

- 2017 жылғы Алматы қаласындағы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың Алау эстафетасын өңірлерде іс-шара өткізу;

- басқарма және басқарма бағынысты спорт мектептеріндегі, спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттағы спортшылардың жарыс уақытындағы тамақтану нормаларын ұлғайтуға;

- Сырдария ауданы Аманкелді ауылында спорт мектебінің филиалын ашуына байланысты жылдық ұстап тұру, «шорт-трек» бөлімшесі ашылуына байланысты мұз аланың жалға алуға;

- облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатына оқу-әдістемелік құралдар мен оқулықтар сатып алу.

Сонымен қатар, күрделі шығындары бойынша келесі басылымдықтар ескерілді, оның ішінде:

- облыстағы 8 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне 8 шағын автобустарын сатып алуға;

- облыстық жоғарғы спорт шеберлігі мектебіне каноэ, ескекті байдаркілер және маторлы қайық сатып алуға;

- облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері мен облыстық спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарына негізгі құралдар сатып алуға;

- облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер велоспорт мектебі мен облыстық жоғарғы спорт шеберлігі мектебіне велосипед сатып алуға;

- облыстағы мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне "1С: Предприятие Бухгалтерия" бағдарламасын сатып алуға;

- Қызылорда қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы стадионның қосалқы алаңын қайта жаңғыртуын аяқтауға, Шиелі ауданы Еңбекші елді мекенінде, Қазалы ауданы Жаңқожа батыр, Арал ауданы Сексеуіл кентінде, Қармақшы ауданы Төретам кентінде, Жалағаш ауданы Мәдениет елді мекенінде, Сырдария ауданы Ақжарма елді мекенінде, Жаңақорған ауданы Түгіскен елді мекенінде спорттық-сауықтыру, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысын бастауға;

- «Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тұжырымдамаларына сараптама жүргізуге;

- «Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының консультациялық қолдауға, оның ішінде конкурстық құжаттама мен шарт жобасын әзірлеуге және тәуелсіз сараптама қызметіне;

- «Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының консультациялық қолдауға, оның ішінде конкурстық құжаттама мен шарт жобасын әзірлеуге және тәуелсіз сараптама қызметіне;

- «Қызылорда қаласы «Мерей» мөлтек ауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасы мен шарт жобасын әзірлеуге бағытталды.

Сонымен бірге «Қайсар» ойын түрлері бойынша спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның спорттық іс-шаралар өткізуге, спорттық киімдер мен заттар сатып алуға және іссапар шығындарына;

- «№15 Қармақшы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің спорттық іс-шаралар өткізуге, спорттық киімдер мен заттар сатып алуға және іссапар шығындарына;

- экстремизм және терроризмге қарсы «Жалаңтөс Баһадүр Сейтқұлұлы атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты» және «Стадион» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бейнебақылау камераларын орнатуға;

- облыста жаңадан дамып келе жатқан стрит-варкаут спорттық ойын түрін дамыту мақсатында Қызылорда қаласында соғылған стрит-варкаут алаңдарының асфальт беттеріне тартин резиналық жабынын төсеуге;

- «Қайсар» ойын түрлері бойынша спорттық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына негізгі құралдарды сатып алуға;

- Қызылорда қаласындағы «Мерей» мөлтек ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде іске қосылуына байланысты ұстау шығындарына;



- «Қызылорда қаласы «Мерей» мөлтек ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға беру» жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындауға қаралды.
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау


Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары функционалдық тобы бойынша үш жылдық кезеңге арналған шығыстары шеңберінде 2017 жылға 11633,7 млн теңге, 2018 жылға 8703,4 млн теңге, 2019 жылға 9128,4 млн теңге қаражат көзделген.

Бұл шаралар агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамыту, олардың бәсекеге қабілеттігін арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аграрлық өндірісті тұрақты сумен жабдықтау және су пайдаланудың тиімді деңгейі үшін жағдай жасау бағыттарына жұмсалады.

Сонымен қатар, ветеринария саласы бойынша жануарлардың энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық шараларды жүргізу және ветеринариялық препараттарды тасымалдауды қамтамасыз етуге жұмсалады.

Орман және жануарлар дүниесі ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану және молайту, су қорын сақтау, суармалы сумен тұрақты қамтамасыз етуге және тиімді деңгейде су пайдалануға жағдайлар жасау, қоршаған ортаны қорғау шараларын жүргізу бағыттары қамтылған.




мың теңге

Іс-шаралардың атауы

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

Барлығы

10 505 365

8 030 505

8 782 151

оның ішінде:

 

 

 

Ауыл шаруашылығы

9 107 781

6 667 449

7 416 832

Облыстық бюджет:

6 641 259

6 997 449

7 416 766

-Өсімдік шаруашылығын дамыту

4 485 403

4 778 524

5 087 194

-Мал шаруашылығын дамыту

1 908 513

1 968 635

2 067 066

-Ғылыми саласын дамыту

10 883

-

-

-Ветеринария саласы

236 460

250 290

262 506

Республикалық бюджет:

2 466 522

-

-

- Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосымша құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасын субсидиялау

3 400

-

-

- Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау

635 442

-

-

- Мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер

1 827 522

 

 

Қоршаған ортаны қорғау шаралары

1 397 584

1 363 056

1 365 319

Облыстық бюджет:

 

 

 

- Су шаруашылығын дамыту

87 813

17 875

17 875

- Орман шаруашылығын қорғау

834 810

873 077

875 340

- Қоршаған ортаны қорғау шаралары

474 961

472 104

472 104

Сонымен қатар, 2016 жылы Жаңақорған ауданындағы Қыраш және Көлтоған су қоймаларындағы гидрометрикалық бекеттерін қалпына келтіру жұмыстарына қайта пайдалануға;

- мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде сельхозкооперативтеріне ақпараттық-методикалық жұмыстар мен мониторинг жүргізуге;

- азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға;

- «Арал өңірін тұрақты дамыту» тақырыбында халықаралық форум өткізуге;

- ҚР Бірінші Президент саябағынан «Рәміздер» алаңына дейін 1,5 га саялы ағаштарды күтіп баптауға, сонымен бірге Қызылорда қаласы Белкөл кентінің Бозбай каналын тазалауға;

- Арал ауданында ІІІ балықшылар слетін өткізуге;

- «ЭКСПО-2017» аясында Қызылорда облысының этноаул көрмесін ұйымдастыруға;

- тұқым шаруашылығын субсидиялауға;

- мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға қаралды.




Көлік инфрақұрылымы



Каталог: sites -> default -> files -> Zhupar -> documents -> gos uslugi
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
documents -> Қызылорда облысында қызмет жасайтын саяси партиялар туралы мәлімет
documents -> Қызылорда облысында қызмет жасайтын саяси партиялар туралы мәлімет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет