Көкөніс пен жемістер



бет1/3
Дата27.12.2016
өлшемі0,68 Mb.
#5879
  1   2   3
Күні _____

Білім беру саласы: Әлеуметтік

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: “Көкөніс пен жемістер”

Мақсаты:Көкөністер мен жемістерді бір-бірінен ажырата білуге үйрету.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: Қызанақ, орамжапырақ.

Көрнекіліктер:суреттер,көкөністер мен жемістердің мульяжі.




Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс- әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия


1. Балаларды шеңберге тұрғызу:

Мысалы: Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды даламыз,

Жарқырайды қаламыз.

Қайырлы таң,балалар!

2. -Балалармен әңгімелесу,сұрақтар қою.

-Жылда неше мезгіл бар?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?

- Балаларға бір ыдысқа көкөністердің ,бір ыдысқа жемістердің мульяждарын салып көрсетіп сұрақ қою.

- Ыдыстағы заттарды бір ауызбен қалай атайды?

- Көкөністерге не жатады?

Балалардың жауабы: қияр,қызанақ,қияр,т.б

Көкөністер қайда өседі?

-Жемістерге не жатады?

-Алма, алмұрт, шабдалы,өрік,т.б

-олар қайда өседі?

- Бау-бақшада өседі.

-Дұрыс айтасыңдар. Бақты бау деп те аатады. Бау-бақша – жеміс-жидек, ,көкөніс егілген жер. Бау –бақша әр үйдің айналасында болады.

3.Сөздік жұмыс жүргізу.

Орамжапырақ- бақшада өсетін көкөніс түрі.

Қызанақ- қызыл түсті көкөніс.

4.Суретпен жұмыс.Бақшада тақырыбында сурет бойынша әңгіме құрастыру.

-5.Жұмбақтар шешу. 1. Көк ала лағым

Көгалда жатып семірді.

2. Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкініғ

Құйрығынан суырып,

Әкелді әжем бір күні.

Шешулері: қарбыз, сәбіз.

  • Жұмбақтың шешуі болған қарбыз, сәбіз жеміске жата ма?әлде көкөніске жата ма?

  • Балалардың жауабы: көкөніске жатады.

6. Сергіту сәті: Жел соғады гу-гу,

Жаңбыр жауды тырс-тырс,

Жаңбыр басылады,

Күн ашылады.
7. Дидактикалық ойын: “Сиқырлы қоржын”

Шарты: қоржыннан көкөністер мен жемістерді алып, оның қатты, дәмді, тәтті, ащы,қышқыл зат екенін ажыратып атау, пішіндерін айту.

Мысалы: алма-тәтті, домалақ, түсі – қызыл,сары;

Сәбіз- қатты, сопақша, түсі тоқ сары;

Жаңылтпаш жаттау.

Алма теріп балақайлар,

Алақайлар,

Талапайлар.

8.Сабақты қорытындылау.

– Осы көкөністер мен жемістердің адамға пайдасы зор.Оларды күтіп баптасақ, көп өнім аламыз.

Бағалау: досын бағалау.


Балалар өлең жолдарын бірге айтады.

Балалар сұрақтарға жауап береді.


Көкөністерді атайды.
Жемістерді атайды.

Сөздік жұмыс жасайды.

Әңгіме құрастырады.

Жұмбақтарды шешеді.

Сергіту сәтін орындайды.

Дидактикалық ойын ойнайды.


Жаңылтпаш

ты жаттайды.

Сабақты қорытынды

лайды.









Күтілетін нәтиже:

Білу: Бала жемістер мен көкөністерді білуі тиіс;

Игеру :Олардың аталуы , қайда өсетіні, құрамындағы кездесетін дәрумендері жайлы игерілуі тиіс;

Меңгеру: Сурет бойынша әңгіме құрастыра алуды меңгерілуі;

Күні _____

Білім беру саласы: Әлеуметтік

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: “Жанұя”

Мақсаты: Балаларды жанұя мүшелерімен таныстыру және оларды атай білуге үйрету.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: нағашы ата, нағажы әже,немере.

Көрнекіліктер: отбасы мүшелернің сюжеттік суреттер.




Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс- әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия


  1. 1.Балалар дөңгелене тұрып, шаттық шеңберін құрайды.

Бір-бірімізбен амандасып, жылы тілектер айтайық.

-Сәлеметсіздер ме! Қайырлы таң!Қайырлы Күн!

- Сіздерді көргеніме қуаныштымын.

-Енді бір- бірімізге жылы сөз айтайық.

Мысалы: сен әдемісің,сұлусың, денің сау болсын;

-Ал сендер үйлерінде бір-бірлеріңе қандай жақсы сөз айтасыңдар?

- Қайырлы таң, әкетайым,анашым!

- Қайырлы күн , асыл әжем,аташым!

- Бір үйде қандай адамдар тұрады?

- Бір үйде бір-біріне жақын адамдар тұрады.

- Оларды атаңдар?

- Атасы, әжесі, анасы, әкесі, және оның балалары.

- Дұрыс айтасыңдар, осы адамдар отбасын құрайды. Олар- отбасы мүшелері. Сендер де отбасыларыңның бір мүшесіңдер.

2. Отбасы мүшелері бейнеленген суретпен жұмыс.

Жетекші сұрақтар арқылы жаңа тақырыпты ашу.

  • Отбасы мүшелері қайда тұрады?

  • Отбасы мүшелері бірге,бір үйде тұрады.

  • Олар қалай тұрады?

  • Отбасы мүшелері тату-тәтті тұрады.

Сөздік жұмыс жүргізу:

Нағашы ата- анасының әкесі,

Нағашы апа- анасының анасы.

Немере- ұл-қыздарынан туған бала.

3.Дидактикалық ойын: “Ойлан ,тап”.

Мақсаты: Баланың ойлау, қабылдау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Шарты: Педагог адамның сыртқы бейнесін, мінезін сипаттайды, ал бала кім туралы айтып жатқанын тауып алуы тиіс.

Мысалы:

Қатал көрінгенімен өте мейірімді. Кітапты көп оқиды,

бау-бақшаны баптайды.Немерелерін жақсы көреді.Ол кім?

  • - Ата,-дейді балалаар.

  • Өздеріңнің аталарың туралы әңгімелеңдер?

  • Өзі мейірімді, әрқашанда бауырсақты

  • пісереді,ірімшігі,қант-кәмпиті дайын. Ол кім?

  • - Әже,-дейді балалар.

4.Сергіту сәті:

Ал, балалар, тұрайық.

Алақанды ұрайық

Оңға қарай иiлiп

Солға қарай иiлiп

Бiр отырып, бiр тұрып,

Бойымызды созайық

Белiмiздiжазайық.

Оңға-оңға түзу тұр

Солға-солға түзу тұр

Жоғары-төмен қарайық

Қолымызды созайық

Бойымызға күш жинап

Бiр шынығып алайық.



5.Дидактикалық ойын: “ Жанұя мүшелерін ата”

Мақсаты:Отбасы мүшелері жайлы түсініктерді қалыптастыру.

6.Сабақты қорытындылау.

- Отбасы мүшелерін атаңдар.

- Отбасы мшелері бір-бірімен қалай тұрады?



Балалар өлең жолдарын бірге айтады.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Суретпен жұмыс жасайды.

Сөздік жұмыс жасайды.


Дидактикалық ойынға қатысады.

Сергіту сәтін орындайды.

Дидактикалық ойын ойнайды.

Сабақты қорытынды-

лайды.








Күтілетін нәтиже:

Білу: Отбасы мүшелерін танып білуі тиіс;

Игеру : Отбасы мүшелерін атап игерілуі тиіс;

Меңгеру: Сурет бойынша әңгіме құрастыруды меңгерілуі тиіс;

Күні _____

Білім беру саласы: Әлеуметтік

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: “Нан қайдан келеді?” М. Етекбаев.

Мақсаты: Нан қайдан шығады деген ертегіні оқып беріп балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын дамыту,нан туралы түсініктерін тереңдету.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: Наубайхана, Наубайшы, Диірмен,комбайн

Көрнекіліктер: нанның түрлері, бидай,комбайн, диірменнің суреттері.




Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия


1.Балаларды шеңберге тұрғызу:

Мысалы: Таң атады арайлап,

Оянады бар аймақ.

Оянады достарым,

Таңның атқан күніне.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Күзде ауа-райы қандай болады?

-Аптада неше күн бар?

- Бүгін аптаның қай күні?

- Аптада 7 күн бар.

  • Балалар, мына суреттен нанның қандай түрлерін көріп тұрсыңдар? Атап беріңдлер.

- Нанды неден пісереді?

-Ұнды қалай жасайды?(Балалардың жауаптары тыңдаты-

лады).

-Мынау- бидай масағы, сабағы, мұртшалары.егер бидайдың қауызын аршитын болсақ, ішінен бидайдың дәні шығады. Бидайды ұнтақтаса, ұн болады.Наубайханада осы аппақ ұнға, тұз, су,ашытқы араластырып,қамыр илеп, нан пісереді.

2. Сөздік жұмыс жүргізу.

Наубайхана- нан пісіретін,нан жабатын орын.

Наубайшы- наубайханада нан пісіретін адам.

Диірмен- дәнді дақылдарды тартып, ұн шығаратын кәсіпорын.

Комбайн-әр ауан дақылдарды жинап, бастыруға арналаған машина.

3. Жұмбақ шешу.

Қыр басында әрқилы,

Сары теңіз толқиды. Егін.

  • Балалар, диқан сөзін қалай түсінесіңдер?

  • Диқан – егін шаруашылығымен айналысатын адам.

Диқан көктемде егістікке егін- бидай, қарабидай, арпа, жүгері,сұлы,т.б егеді. Оны жаздай күтіп –баптайды, Күзде егін даласында бидайды комбайнмен орады, жинайды, бастырады. Жүк машинасымен тасиды. Қырманға әкеліп,тазалап, кептіреді. Сонан соң элеваторға жіберді.Элеватор- бидай сақтайтын қойма, онда бидайды көп жылдар бойы сақтауға болады.Одан диірменге жібереді. Диірменшілер ұн тартады.Ұнды наубайхана жөнелтеді. Найбайханада наубайшылар әр түрлі нана пісіреді.Ыстық нан ,ұн дүкендерге түседі. Дүкеннен нанды,ұнды сатып аламыз.анамыз ұннан бауырсақ, шелпек, нан, тоқаш,т.б пісіреді.

4.Сергіту сәті:

Жайқалады ақ бидай,(қолдарын жоғары көтеріп тербеледі)

Басын иіп аққудай.(бастарын иеді).

Трактор мен комбайн(қолдарын алға созып,комбайнды жүргізеді).

Жүргізуге мен дайын. (Қолдарын айналдыра комбайнды жүргізеді).

5.М.Етекбаевтың “Нан қайдан келеді?” Ертегісін оқу.

Балаларға ертегіні бөлім-бөлімге бөліп оқып, сұрақтар қою.

Сурет арқылы ертегінің мазмұнын балаларға ашып түсіндіру.

6.Қорытындылау.

-Тышқанды қандай сұрақ мазалады?

- Нан қайдан келеді?

- Тышқан сұрағына жауап ала алды ма?

Нан – байлық ,нан береке деп халқымыз бекер айтпаған.

Міне, көрдіңдер ме, қаншама адам еңбек етеді.Сондықтан дастарқанға зор еңбекпен келген нан тағамдарын қастерлеуіміз керек.

Бағалау: Тәрбиеші бағалайды.



Балалар өлең жолдарын бірге айтады.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

.

Сөздік жұмыс жасайды.



Жұмбақты шешеді.

Сергіту сәтін орындайды.

Ертегімен танысады,суретпен жұмыс жасайды.
Сабақты қорытындылайды.








Күтілетін нәтиже:

Білу: Бала нан туралы білуі тиіс;

Игеру : Нанның қайдан шығатынын игерілуі тиіс;

Меңгеру:Ертегінің мазмұнын әңгімелеп меңгерілуі тиіс;

Күні _____

Білім беру саласы: Әлеуметтік

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: “Рәміздер”

Мақсаты: Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейтуәңгіме құрастыруға үйрету.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: жылыстап,ақ күміс

Көрнекіліктер: тудың,елтаңбаның ,Астананың көрікті жерлерінің суреттері,т.б.




Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия




1.Шаттық шеңбері:

  Алақан мен жылуды, айналаға таратайық,

  Бір-бірімізге жақындасып,

  Бақыт, күлкі сыйлайық.

  Жүректі біз ашайық,

  Бақыт нұрын шашайық.

  Барлық жақсы тілекті,

 Сіздерге біз арнайық.

2.Өткен сабақты қайталау.

3.Жаңа сабақты ашу: - Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз?Әрине Қазақстан Республикасында тұрамыз?

- Біздің ұлтымыз қандай? Қазақ.
Біз қай тілде сөйлейміз?

- Әрине қазақ тілінде.Ал, сендер біздің елді басқарып отырған Елбасымыздың есімін білесіңдер ме?

- Әрине Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.(Суреттен көрсету)
Сендер мына суреттерден не көріп тұрсыңдар?
Мына бірінші суреттегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы.Балалар тудың түсі көк.Көк түс болудың себебі адам бойына адалдық пен тазалық пен үміт сияқты қасиеттеріне сәйкестенуі тегін емес, көк түс әрқашан бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі.Яғни аспанымыз ашық болсын дегеннің белгісі екен.Тудың қақ ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз және оң жағында оюдың суреті бар.Күннің болуы әрқашан күндей нұрымыз жарқын болсын деген ниетпен, дала бүркіті Қазақстандықтар ұғымында дархандық пен қырағылық, биіктік пен бейнеленген.Тудың оң жағында оюдың бейнеленуі біздің қазақ екенімізді білдіретін қазақтың ою-өрнегі бейнеленген.Ал түстерінің сары болуының себебі сары түс молшылықтың байлықтың белгісі.

Балалармен бірге ән ұранды айту.


Келесі суреттен біз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының ортасында елтаңбаныі негізі ретінде шаңырақ бейнеленген.Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.Шаңырақ еліміздің біртұтастығын, мемлекеттік бастауы, отбасы ошағын бейнелейді.Екі жағындағы қанатты тұлпар мәңгілік өмір, болашаққа үміт артқан сендер сияқты балалардың арманы, самғау биігі.
Шекесіндегі бес жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағына жол көрсетер жұлдызы.Елтаңбаның астында «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіретін айырықша белгі екен.Біздің рәміздеріміздің бірі Қазақстан Республикасының Менлекеттік Гимні.Балалар ҚРМ Гимнінің сөзін Елбасымыз Нұрсұлтан атамыз және Жұмекен атамыз жазған.Әні жазған Шәмші атамыз.
Балалар Мемлекеттік Гимнді қалай болса солай орындауға болмайды, оны барлығымыз орнымыздан тұрып, оң қолымызды жүрек кеудемізге қойып бойымызды тік ұстап орындау керек.

Сабақты қорытындылау.

Балаларды мадақтау.


Балалар өлең жолдарын бірге айтады.

Балалар сұрақтарға жауап береді.


Тәрбиешіні тыңдайды.

Әнұранды айтады.

Елтаңбаның суретін қарап талдайды.








Күтілетін нәтиже:

Білу: Қазақстан Республикасын рәміздерін атап білуі;

Игеру: Әнұранды жаттап игерілуі

Меңгеру: Рәміздерді сипаттап әңгімелеп меңгерілуі;

Күні _____

Білім беру саласы: Әлеуметтік

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: “Арыстан мен түлкі”

Мақсаты: Жабайы аңдар туралы мәлімет беру.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: әлім жоқ.

Көрнекіліктер: Жабайы аңдар мен орманның суреттері.




Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Бала әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
II.Ізденіс-ұйымдастыру

III. Рефлексия



1.Балалар дөңгелене тұрып,бір-біріне жылы лебіздер білдіреді.Мысалы:

Сен-қандай ақылдысың! Біздің денсаулығымыз мықты. Біз ойнаймыз,күлеміз,айналадағы дүниені танып білеміз.

Балалар,біреу есік тарсылдатып тұр.Кәне,ашып қарайық.

-Балалар, бізге хат келді.Ішінде не жазылған екенін көрейік.Бірақ,алдымен бізге жұмбақ шешеу керек.

Мысалы: Қырда жүрер ол жыртып,

Іні де жоқ бармайтын.

Құйрығымен бұлтартып,

Қандай аң ол алдайтын? Түлкі.

-балалар жұмбақты шешеді.

- Балалар,ал енді хатты ашып оқыйық.

Бұл хатта ертегі жазылған.

2.Сөздік жұмыс жүргізу:

Әлім жоқ-ауырып қалып,күшім аз деген мағынада;

3.Балаларға “Арыстан мен түлкі” ертегі оқып беру.

Арыстан қартайды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болды. Енді аңдарды айламен аулағысы келді. Өзі үңгірде жатты да:

 — Аурумын, жүруге әлім жоқ, — деп барлық аңдарға хабар таратты.

Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармады. Бәрі де арыстанға жем болды.

Бір күні түлкі келді. Ол үңгірден алысырақ тұрды да:

— Халіңіз қалай, тақсыр? — деп көңілін сұрады.

— Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел, түлкіжан, бір азырақ сөйлесейік? — деді арыстан.

Түлкі:


—  Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ! — деп жүріп кетіпті.

Суреттер бойынша ертегінің мазмұнын ашып түсіндіру.

Сергіту сәті:

Биік болып өсеміз,

Жапырақтай шайқалып,

Табиғатты сүйеміз,

Шетімізден шеберміз,

Бойымызды еркін ұстап,

Билеп-билеп аламыз.

Сұрақтар қою:

-Ертегі қалай аталады?

- Бір күні қай аң ауырып қалды?

-Оның халін білуге нелер келді?

- Қандай аң кеш келді?

- Арыстан түлкіге не деп айтты?

-Түлкі арыстанға не деп жауап берді?

4.Дидактикалық ойын: “Жабайы аңдарды тап”

Мақсаты: Жабайы аңдарды ажырата алуды үйрету.

5.Сабақты қорытындылау.

-Балалар бүгін сабақта қандай ертегімен таныстық?

-Түлкі мен бөдененің арасында қандай жағдай болды?

Бағалау: - досын бағалау.

Балалар өлең жолдарын бірге айтады.

Жұмбақ шешеді.


Жаңа сөзбен танысады.


Ертегіні тыңдайды.

Сергіту сәтін жасайды.

Сабақты қорытындылайды.








Күтілетін нәтиже:

Білу: Бала ертегінің мазмұнын білуі тиіс;

Игеру : Диалогті сөйлеу дағдыларын игерілуі тиіс;

Меңгеру: Ертегінің мазмұнын әңгімелеп меңгерілуі тиіс;


Күні _____

Білім беру саласы: Әлеуметтік

Бөлімі: Көркем Әдебиет

Тақырыбы: “Құсты мен де қорғаймын”

Мақсаты: Құстарға қамқорлық жасауға үйрету.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: секеңдеп.

Көрнекіліктер:құстардың суреттері,күз мезгілінің суреттері.




Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия




1. Балаларды шеңберге тұрғызу:Мысалы:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң балалар!
Сәлеметсіз бе, балалар?

2.Балаларға үнтаспа қосып тыңдату.

-Балалар, бұл ненің дыбысы естіледі?

балалар: құстардың дыбысы естіледі.

-Қандай құстың дыбысы естілді?

Балалар: торғайдың дыбысы.

- Ия,дұрыс айтасыңдар.

-Қазір бізде қандай жыл мезгілі?

- Бүгін ауа –райы қандай?

2.Жаңа тақырыпты хабарлау.

Сөздік жұмыс жүргізу:

секеңдеп- секірді дегенді білдіреді.

Автордың портретін балаларға көрсетіп,әңгімелеу.

Тақпақты оқу. Қ.Ғабдуллин

Мысалы: «Құсты мен де қорғаймын»

Тас атқылап торғайды

Қуалауға болмайды.

Қамқор болып құстарға,

Барлық адам қорғайды.

Алды торғай мекендеп,

Ұя жасап беріп ем.

Теріп жеді секеңдеп,

Тары сеуіп көріп ем.

3.Сергіту сәті: Күркіреді күн-күн,

Терезелер шың-шың.

Жауды жаңбыр топ-топ,

Шелек –шелек көп-көп.

4.Тақпақтың мағынасын балаларға түсіндіріп ашу.

5.Тақпақты тірек-сызба арқылы 3 тәсілмен жаттау (баяу,ақырын,тез)


  • 6.Дидактикалық ойын: Мен бастаймын,сен аяқта.

Мақсаты: Баланың есте сақтау қабілетін арттыру.

7.Сабақты қорытындылау.

-Балалар, бүгін сабақта қандай тақпақ жаттадық?

-Қазіл жылдың қай мезгілі?

-Тақпақ кім жайында айтылған?

Бағалау: өз-өзін бағалау.

Тәрбиеші бағалайды.


Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
Үнтаспаны тыңдайды.
Балалар сұрақтарға жауап береді.

Тақпақты тыңдайды.

Қимылмен көрсетіп, сергіту сәтін бірге жасайды.
Тақпақты жаттайды.








Күтілетін нәтиже:

Білу: Тақпақтың мазмұнын білуі;

Игеру: Тақпақ жаттаудың әдіс-тәсілдерін игерілуі;

Меңгеру: Өлеңді жылдам жаттауды меңгерілуі;


Күні _____



Каталог: uploads -> doc -> 0d91
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d91 -> Сабақ «Балапан» бірінші кіші тобынның ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Білім беру саласы: Таным. Бөлімі: Жаратылыстану Тақырыбы: «Данышпан тасбақа»
0d91 -> Сабақтың тақырыбы: §52. Тұрақты магниттердің магнит өрісі §53. Жердің магнит өрісі. Аспан денелерінің магнит өрісі. Сабақтың мақсаты
0d91 -> Мақсаты: а Білімділігі Оқушылардың ойы жүйрік, танымдылық деңгейіне жоғары дарынын ашу; ә


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет