Көкшетау, 2012 мазмұНЫ


кесте Кебірлерді классификациялау



бет4/7
Дата18.06.2017
өлшемі3,79 Mb.
#19379
1   2   3   4   5   6   7

13 кесте

  • Кебірлерді классификациялау





    Типі

    Типшесі

    Тегі

    Түрі

    Авто- морфты
      1. Кебір қара топырақ


    Кебір қара-қоңыр топырақ

    Кебір құба топырақ



    Содалы-сульфаты, содалы-хлоридті-сульфатты, сульфатты-хлоридті, хлоридті-сульфатты.

    Сорланған, тұздар 5-30см-де. Жоғарғы қабатта сортаңданған, тұздар 30-50 см-де

    Сортаңданған, тұздар 50-100 см-де Тереңде сортаңданған , тұздар 100-150 см-де.

    Тұзы жоқ- тұздар 150 см-ден тереңде.

    Кебір- сор, мол сортаңданған, орташа сортандаңған, сәл сортаңданған, сортаңданбаған.

    Жоғарғы қабатта гипсі немесе карбонаты бар (олар 40 см-ден жоғары).

    Тереңде гипсі немесе карбонаты бар (олар 40 см-ден тереңде)


    А1 қабаты қуатына сәйкес:

    0-5 см-қабыршақты

    6-12-см саяз

    13-18 см орташа

    >18 см терең

    В1 қабатында алмаса сіңген натрий иондары мөлшеріне байланысты:



    <10% - қалдықты

    10-20%- аз натрийлі

    20-40%- орташа натрийлі

    >40% көп натрийлі



    Жартылай гидро-морфты

    Кебір шалғынды қара топырақты

    Кебір шалғынды қара-қоңыр топырақты

    Кебір шалғынды құба топырақты


    Гидро-морфты
      1. Кебір қара шалғынды


    Кебір қара-қоңыр шалғынды

    Кебір құба шалғынды

    Кебір шалғынды батпақты




    Сортаң топырақ деп 0-30 см қабатында 0,6%дан артық сода, немесе 1%-дан артық хлоридтер, немесе 2%-дан артық сульфаттар бар топырақтарды айтамыз. Яғни тұзы мол топырақтарды сортаң дейміз. Тұзы мол топырақтар дегеніміз -тұз топырақта өсуге бейімделмеген, өсімдіктер үшін зардапты мөлшерде құрамында ерігіш тұздары бар топырақтар.

    Қазақстанның жазықтық жерінде сортаң топырақтар төмен орналасқан нашар құрғатылған алқаптарда, ащы көлдердің жағалауында, өзендер аңғарында, көне өзен, теңіз террассаларында, кеуіп тартылып қалған көлдер орнында кездеседі.

    Сортаң топырақтар мол мөлшерде тұздардың жиналуы әсерінен яғни сортаңдану процесі ықпалынан түзіледі. Сортаң топырақ түзілуі үшін біріншіден, ландшафта еркін күйінде тұздар пайда болуы, ал екіншіден, олардың топырақта жиналуы байқалуы керек.

    Топырақ құрамына тұздардың түсу көздері келесідей:



    • тау жыныстарының үгілу процестерінің өнімдері;

    • құрамында тұздары мол аналық тау жыныстары;

    • жанартаулардың өнімдері;

    • желмен теңіздерден ұшып жер бетіне тұздар түсуі;

    • атмосферадан түсетін ылғалмен келуі;

    • минералданған (тұзы бар) ыза сулардың жер бетіне жақын орналасып физикалық немесе өсімдіктер арқылы булануы;

    • құрамында көп күлі және Na, Cl, S элементтері бар өсімдіктер ықпалы;

    • қайта сорлану процесі (дұрыс суландыру тәсілдерін қолданбағанда адам әрікетінен жүретін құбылыс).

    Жер бетіне тұздардың түсуі көп мөлшерде байқалады, бірақта сортаң топырақтардың алып жатқан жер ауданы онша көп емес. Өйткені, пайда болған тұздардың топырақта жиналуына жағдайлар әрқашанда бола бермейді.

    Топырақтарда тұздардың жиналуы атмосферадан түсетін ылғалдың және оның булану мөлшеріне байланысты. Егер булану мөлшері түсетін ылғал мөлшерінен артық болса ғана топырақта тұздар жиналады. Ал керісінше болған жағдайда топырақта шайылмалы ылғал режимі қалыптасып тұздар жиналмай, астыңғы терең қабаттарына өтіп кетеді. Әсіресе тұздар топырақта шөл, шөлейт аймақтарда мол жиналады.

    Тұздардың жиналуына жер бедері де әсер етеді. Ойпат жерлерде сумен шайылған тұздар жиналады, ал дөң, көтеріңкі жер бедері бар алқаптар сумен шайылып тұздан тазарады.

    Құрамында тұздары мол ыза су буланғанда топырақ кескінінде әр гектарға 500т тұз жиналуы, ал сортаңда өсетін өсімдіктер ыдырағанда әр гектарға 0,5т тұз тусуі мүмкін.

    Сортаң топырақтың айрықша морфологиялық белгілері келесідей:


    • топырақтың тік кескінінің өн бойында жеңіл еритін тұздар жиынтығының белгілері болады, соның әсерінен топырақ қабаттарының түсі ақшылт тартады;

    • генетикалық қабаттарға әлсіз жіктеледі;

    • тұз қышқылы ерітіндісінен топырақ үстіңгі бетінен бастап қайнайды;

    • топырақ үстінде 0,5-1 см тұз қабыршақ болады.

    Кейде тұздар топырақтың үстіңгі бетіне жиналып қар сияқты ағарып жатады.

    Сортаң топырақтың өсімдік жамылғысы кедей болады. Онда тұзға төзімді галофит өсімдіктер (кермек, қара жусан,ши) өсіп, оның бетін 20-40%-ға дейін жабады. Кейде олардың үстінде тұзға төзімді астық тұқымдас шөптер өседі, ал өте тұзы көп сор топырақта өсімдік жамылғысы болмайды.

    Сортаң топырақтың А қабаты жұқа болады. Одан кейін жеңіл еритін тұздар жиналған В қабаты орналасады. Осы қабат біртіндеп аналық тау жынысы қабатына ауысады (6 сурет).

    Бұл топырақта қарашірінді мөлшері аз болады, үстіңгі қабатта оның мөлшері 0,5-1,5%, ал астынғы қабаттарда оның мөлшері күрт төмендейді. Азот және басқа қоректік элементтермен сортандар аз қамтамасыз етілген. Топырақ ортасының реакциясы сілтілі, алмаса сіңген катиондар көлемі 100г топырақта 10-20 м-экв., олардың құрамында Na, Mg иондары басым.

    Бейтарап тұздармен сортаңданған топырақтардың физикалық ылғалдылық касиеттері жаман емес, өйткені, бейтарап тұздар топырақта коагуляция процесінің жүріп, жақсы микроқұрылым пайда болуына ықпалын тигізіп, топырақтың кеуектілігін және су өткізгіштігін жақсартады. Ал сілтілі тұздармен сортаңдаған топырақтардың касиеттері өте қолайсыз болады. Сілтілі топырақ реакциясы коллоидтарды бұзып, топырақтың құрылымсыз болуына әсерін тигізеді. Құрғак кезде бұл сортаңдар өте тығыздалған кесектерге жарылады, ал ылғалданғанда топырақ беті езіліп кетеді.

    Сортаң топырақтар автоморфты және гидроморфты типтерге бөлінеді. Автоморфты сортаң топырақ екі типшеге бөлінеді. Олар: нағыз және тақырланған сортаң. Гидроморфты сортаңдар келесі типшелерге бөлінеді:



    • нағыз сортаң

    • шалғындық сортаң

    • батпақты сортаң

    • сор топырақ

    • жанартаулы- батпақты сортаң

    • төмпешікті сортаң

    Сортаң топырақтар тектерге тұздардың құрамына және тұздардың пайда болу жағдайына байланысты жіктеледі.

    Сортаңдар түрлерге, тік кескінінде тұздардың жиналу сипатына байланысты 2-түрге бөлінеді:



    1. үстінен сортаңданған (тұздар 0-30 см үстіңгі қабатта жиналған);

    • терең сортаңданған (тұздар оның тік кесінінде үстінен бастап терең астынға қабаттарына дейін жиналған, 7 сурет).

    Сонымен бірге үстіңгі қабатының морфологиялық белгілеріне байланысты сортаңдар келесі түрлерге бөлінеді:

    • қабыршақты (NaCl тұзы әсерінен қабыршақ пайда болады);

    • үлпілдеген (Na2SO4 тұзы әсерінен үлпілдек кристалдар пайда болған);

    • ылғалданған (CaCl2 және MgCl2 ылғал жұтқыш тұздары болып, әрқашан ылғалды болады);

    • қара сортаң (Na2CO3- тұзы әсерінен қарашірінді еріп топырақтың тік кескіні қараға боялған).

    Сортаң топырақты жақсартуға өте көп қаражат керек. Сондықтан оларды қазіргі уақытта Қазақстанда жақсартып игермейді. Кейбір аудандарда оның үстінде біршама өсімдік жамылғысы болса- мал жайылымы ретінде пайдаланады.

    Ылғалды сортаң топырақ Қазақстанның орманды дала және дала аймағында көк теректі- қайыңды, талды шоқ тоғайлар өсетін оппаттау жерлерде кездеседі.

    Ылғалды сортаң топырақтар гидроморфты немесе жартылай гидроморфты топырақтар қатарына жатады. Оның тік кескінінің генетикалық қабаттарға жіктелуі айқын байқалады. Ақ түсті сортаңданған А2қабаты жақсы ажыратылады. Иллювальды В қабатында алмаса сіңген натрий иондары бар, реакциясы сілтілі болып келеді және топырақтың астыңғы қабаттарында карбонаттармен жеңіл еритін тұздар жиналған.

    Ылғалды сортаң топырақтың түзілуі туралы тұжырымдаманы К.К.Гедройц (1912) және Т.И.Попов (1914) бірінші болып қалыптастырған. Осы тұжырымдама бойынша ылғалды сортаң топырақтар кебірлердің тұщыланып сілтісізденуінен түзілген. Кебір

    топырақтардың үстіңгі қабаты мол ылғалданғанда оның құрамындағы натрий иондары сутегі ионына алмасып, топырақтың құрамындағы минералдар ыдырайды. Шала тотықтар топырақтың астыңғы қабатына шайылады , ал кремнезем тотығы сортаңданған қабатта жиналады. Сонымен бірге топырақтың органикалық заттары да төменгі қабаттарға жылжиды. Сөйтіп кебір қабат және кебірленген астыңғы қабаттың бір бөлігі ылғалды сортаңданған қабатқа айналады.

    Ылғалды сортаң топырақтың құрылысы және басқа морфологиялық белгілері мынандай:

    А0- орман өсімдіктері немесе шөптесін өсімдіктер төсеніші; қалыңдығы 1-5 см.

    А1- қарашірінділі қабат. Қуаты 10-15 см. Түсі сұр немесе қошқыл сүр. Келесі қабатқа ауысуы анық байқалады.

    А2- элювиальды ылғалды сортаң қабат. Түсі ақшыл , күлгін қатпарланған немесе құрылымсыз, қарашіріндісіз қабат.

    В- иллювиальды қабат. Күрең немесе қара- күрең түсті болады, тығыздалған, жаңғақша немесе призмалы құрылымды. Артық ылғалдану іздері – сұр- жасыл немесе тот басқан дақтар, темір конкрециялары байқалады. Қабаттың астынғы жағында карбонаттар , глей және түздар жиналғаны байқалады. Осы қабат біртіндеп аналық тау жынысы қабатына айналады.

    Ылғалды сортаң топырақтың үстінгі А1 қабатында 3-5% қарашірінді бар, ал А2 – элювиальды ылғалды сортаң қабатта оның мөлшері күрт төмендейді. Үстіңгі қабатта топырақ ерітіндісі реакциясы қышқыл (рН 5-6), ал астыңғы В қабатында сілтілі болады. Алмаса сіңген катиондар көлемі үстіңгі қабатта 100г топыраққа шаққанда 15-20м-экв болса, А2 қабатында ол 10-12м-экв-ке дейін кемиді. Алмаса сіңген катиондар құрамында А1 және А2 қабатында сутегі және алюминий иондары да бар. Иллювиальды қабаттың кеуектілігі және су өткізгіштігі жоғарғы қабатқа қарағанда төмен болады. Сондықтан ылғалдың астыңғы қабаттарға өтуі тежеліп, топырақтың үстіңгі бетінің артық ылғалдануы байқалады.

    Ылғалды сортаң топырақтар үш типшеге бөлінеді . Олар:


    • шалғынды далалық;

    • шалғынды;

    • шалғынды- батпақты.

    Ылғалды сортаң топырақтар тектерге кебірленуі және сортаңдануының қалдықты белгілеріне карай бөлінеді. Олар келесідей: карбонатсыз, сортаңданбаған және кебірленбеген, кебірленген және сортаңданған.

    Шалғынды ылғалды сортаң топырақ үстіндегі шымды қабаттың қуатына байланысты келесідей түрлерге бөленеді: әлсіз шымданған – А1 қуаты 5-10 см, орташа шымданған – А1 қуаты 10-20см, терең шымданған- А1 қуаты 20 см-ден үлкен.

    Үстінгі А1 қабаттағы қарашірінді мөлшеріне байланысты ылғалды сортаң топырақ түрлерге келесідей болып жіктеледі: аз қарашірінділі –3% дан аз; орташа қарашірінділі –3-6%; көп қарашірінділі ->6%.

    Ылғалды сортаң топырақтың табиғи құнарлылағы төмен. Әсіресе, А2 ылғалды сортанданған қабатта қоректік заттар аз. Үстінгі қабаттың реакциясы қышқыл . Сонымен бірге физикалық- ылғалдылық қасиеттері нашар. Сондықтан бұл топырақтар егістікке игерілмеген. Тек қана шалғынды ылғалды сортаң топырақтар, жақсы дамыған шөптесін өсімдік жамылғысы болса, шабындық немесе мал жайылымы ретінде пайдаланылады.



    Топырақ бонитировкасы.
    Топырақ бонитировкасы – бұл топырақтың сапалық белгісі құнарлылықты сандық көрсеткішпен бағалау.

    Бонитировка мақсаты – бір топырақтың екінші топырақтан өз қасиеттері бойынша артық не кемдігін ұпай түрінде көрсету.

    Топырақ құндылығын салыстыру, оның құнарлылығын сандық бағалау ең алдымен жер ауыл шаруашылығындағы негізгі өндіргіш құрал. Сонымен қатар өз қасиеттерінің әртүрлілігімен ерекшеленетін болғандықтан қажет. Бұл маңызды жұмысты атқару үшін топырақ жайында нақты ғылыми білім, оны тиімді пайдалану үшін жердің потенциалды қорлары туралы топырақ бүркеуі туралы статистикалық мәліметтер қажет.

    Мұның бәрі біздің елімізде топырақ бонитировкасын жүргізуді қажет етеді.

    Топырақ бонитировкасы көрсеткіштері мыналарды анықтауға мүмкіндік тудырады.


    1. Әрбір шаруашылықтың топырақ бүркеінің сапасын өндірістік мүмкіншіліктерін бағалау

    2. Әр түрлі облыстардың, аудандардың, шаруашылықтардың егістік алқаптарының сапасын салыстыру

    3. Әртүрлі ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру үшін қолайлы топырақтарды анықтау

    4. Топырақтың климаттық жағдайларды ескере отырып, ауыл шаруашылығын орналастыру және мамандануының қолайлы жағдайларын анықтау

    5. Топырақ сапасының негізінде ауыл шаруашылығы дақылдары өнімділігін жоспарлаудың ғылыми негізін қамтамасыз ету

    6. Жеке аудандардың, шаруашылықтардың, шаруашылықтың әрекетіне баға беру

    7. Шаруашылықтың әрекетке жер бөлудің тиімділігін жоғарылату

    Қазақстанда топырақ бонитировкасының бірнеше әдісі ұсынылған. Ғылыми мекемелердің зерттеуімен, соның ішінде ЦСХИ Солтүстік Қазақстан топырақтарының бонитировкасының әдістемесі жасалынған. Бұл әдістеме бойынша бағалау объектісі болып топырақ әртүрлілігінің бонитировкалық ұпайын белгілі жағдайда ауыл шаруашылығы дақылдары өнімділігіне ықпалы жоғары қасиеттері және белгілерінің сандық көрсеткіші негізінде есептейді. Солтүстік Қазақстан топырақтары үшін ондаи қасиеттер мыналар.



    1. Қарашірінді горизонты қалыңдығы А+В1 см

    2. А+В1 горизонтындағы қарашірінді қоры т/га

    3. Механикалық құрамы (А горизонтындағы балшық мөлшері)

    4. Топырақтың кебірлену дәрежесі

    5. Карбонаттылығы

    6. Ащылануы

    Топырақ әртүрлілігінің бонитет болып есептеу 1 таблица бойынша жүргізіледі. Таблицаға топырақ әртүрлілігін жазады. Сәйкес бағасын және олардың сандық сипаттамасын бағаланатын жер аумағының ең жақсы топырағын қарашірінді горизонты қалыңдығы бойынша А+В горизонтындағы қарашірінді қоры бойынша механикалық құрамы бойынша 100 ұпай деп алып, басқа топырақ әртүрліліктерін осыған салыстырмалы түрде есептейміз.

    Мысалы. А+В1 горизонты қалыңдығы эталон топырақта 60см 100 ұпай деп бағаланады, А+В1-50см болатын топырақ әртүрлілігінің бонитет балы мынаған тең.

    60 см – 100 ұпай

    50 см – х х=50*100/60=83 ұпай

    Осындай жолмен А+В1 горизонтындағы қарашірінді қорының т/га бонитет ұпайын есептейді. Топырақ зерттеу деректерінде қарашірінді мөлшері процент есебімен көрсетіледі, ал бонитет ұпайын оның т/га есебіндегі қорымен шығарады. т/га есебінде қарашірінді мөлшерін есептеу үшін формула қолданылады:

    I=h*v*p


    Мұнда: І – берілген горизонттағы т/га-мен қарашірінді қоры

    һ - горизонт қалыңдығы, см

    v - көлемдік массасы г/см3 осы горизонттың

    р – қарашірінді мөлшері %

    Қарашірінді қорын т/га жеке А горизонтына және В1 есептейді.

    Механикалық құрамын бағалау топырақтағы жоғарғы горизонтындағы физикалық балшық мөлшерімен жүргізіледі. Физикалық балшық мөлшері 52% топырақ 100 ұпай деп бағаланады. Осы эталоннан (52%) физикалық балшықтың 1%-ке жоғарылауы не кемуі бағалау ұпайын 2-ге кемітеді. Мысалы: бағаланатын топырақтың А горизонтында физикалық балшық 60%, яңни эталон топырақтан 8%-ке жоғары механикалық құрамы бойынша ұпайы 100-(8*2)=84 ұпай.

    Топырақтағы А горизонтында физикалық балшық 42%, яғни эталон топырақтан 10%-ке төмен ұпай саны 10-(10*2)=80 ұпай. Үш көрсеткіш бойынша топырақтың ұпай санының орташа көрсеткішін былай есептейміз. Мысалы. Горизонт қалыңдығы бойынша 100 ұпай қарашірінді мөлшері бойынша 98 ұпай механикалық құрамы бойынша 96 ұпай

    100+98+96/3=98 ұпай

    Кебірленуін түзетукоэфициентін ендіру арқылы шығарамыз.

    Сәл кебірленген түзету коэфициенті 0,9

    Орташа кебірленген – 0,8

    Жоғары кебірленген – 0,6

    Карбонатты топырақтар үшін түзеті коэфициенті 0,95

    Ащыланған топырақтар үшін түзету коэфициенті төмендегідей.

    Сәл ащыланған – 0,8

    Орташа ащыланған – 0,6

    Ащылануы жоғары – 0,3

    Сорлар – 0,1

    Топырақ әртүрлілігінің нақты ұпай саны орташа ұпай санын түзету коэфициентіне көбейту арқылы шығарамыз.

    Ауданның, шаруашылық топырақ бүркеуін бағалау үшін мына формуланы қолданамыз.

    Ворташа1Р12Р2+т.с.с./Р12+т.с.с.

    Мұнда: Ворташа- топырақ бүркеуінің орташа бағалық ұпайы

    В1- топырақ әртүрлілігінің бонитет ұпайы

    Р1- топырақ әртүрлілігінің ауданы

    Н.4.02-02
    Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

    Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

    БЕКІТЕМІН

    ОӘК шешімімен

    Төраға

    Молдагулова Б.А.



    «07» 09 2012 ж.

    Өсімдік шаруашылығы, топырақтану және агрохимия кафедрасы

    Мемешов Сансызбай Койшыбайулы

    5В080100-Агрономия


    мамандығының студенттері үшін
    Топырақтану геология негіздерімен
    пәні бойынша зертханалық жұмыстарға арналған
    ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
    Оқу нысаны: күндізгі

    Көкшетау 2012 ж.


    Әдістемелік нұсқаулар Топырақтану геология негіздерімен пәнінің оқу жоспары мен бағдарламасының талаптарына сәйкес құрылған және курс зертханалық жұмыстарының талаптарын орындауға барлық қажетті мәліметтерді қамтиды.

    Өсімдік шаруашылығы, топырақтану және агрохимия кафедрасының отырысында бекітілген

    «_01___» ___09____________ 2012 ж. /№ _1_________хаттама/
    Кафедра меңгерушісі Мемешов С.Қ.

    .

    С. Садуакасов атындағы Аграрлы техникалық институт оқу-әдістемелік комиссиясымен мақұлданған



    «_07___» ___09_ 2012 ж. /№ ______1____хаттама/
    ОӘК төрағасы Молдагулова Б.А.


    Зертханалық жұмыс №1
    МИНЕРАЛДАР
    Жұмыс мақсаты: Топырақ минералдарымен танысу.

    Тапсырма.

    1. Минералдардың морфологиялық белгілерін және физикалық қасиеттерін зерттеу.

    2. Тау жыныстарын түзуші минералдарды және агрорудаларды ажырату және минералдардың кейбір қасиеттерін сипаттау.



    Қажетті құралдар мен материалдар: Бастапқы және туынды минералдардың коллекциясы.

    Тапсырмаға түсініктеме.

    Топырақта бастапқы және туынды минералдар кездеседі. Бастапқы минералдар жер қыртысынан өзгерісіз енген минералдар. Бұларға топырақ қаңқасы минералдары кварц оның түрлері, дала шпаттары, плагиоклаз, слюдалар, мүйіз алдамшасы, авгит, турмалин, магнитит, доломит, т.б. Туынды минералдар аналық жыныста бастапқы минералдардың химиялық және биохимиялық өзгерістері нәтижесінде пайда болған минералдар.

    Топырақтың туынды минералдарын 4 топқа бөледі. Монтмориллиниттік (монтмориллоний, бейделлит, нонтронит т.б.) каолиниттік (каолинит, диккит, галлуазит) гидрослюдалар және жартылай тотық минералдар (гематит, бемит, гидрогиллит, гетит т.б). Бұл аталған туынды минералдар ішінді сіңірімділігі ең жоғарысы монтмориллонит, ең төмені каолинит тобындағы минералдар. Барлық аталған туынды минералдар кристал табиғатты. Аморфты минералдар және басқа заттар ішінен сіңірімділігі маңызды заттар аллофон, бос күйіндегі кремний қышқылы, аморфты жартылай тотықтар, әртүрлі қышқылдар және олардың тұздарын атауға болады.

    Минералдар диагностикасы физикалық қасиеттерінің жиынтығына байланысты (түсі, жылтырлық, жымдастық, қаттылығы, қышқылдардан қайнауы).

    Түс – маңызды диагностикалық белгі болып табылады. Кейбір минералдардың түсі тұрақты (пирит, малахит, алтын). Көпшілік минералдарда бұл белгі тұрақсыз болады.

    Метал жылтырлығы бар минералдар түсінің атауына қосымша кең таралған метал атауы бірге аталынады (мыс қызыл). Минералдар бояуы негізінен сол бояудың тасымалдаушысы болып табылатын минералдың химиялық құрамына және элементтер қосындысына байланысты (темір, кобальт, мыс, т.б.). Сызық түсі (ұнтақ күйіндегі минерал түсі), көпшілік минералдардың үгітілген, немесе ұнтақ күйіндегі түсі тас тәріздес күйіндегі түсінен өзгеше. Тегіс емес ақ түсті фарфор пластинкасын минерал кесегімен сызу арқылы, минерал ұнтағын алуға болады. Егер минерал қаттылығы фарфор пластинкасының қаттылығынан жоғары болса пластинка бетінде сызат қалдырады, ал керісінше болса сызық (ұнтақ) қалады.

    Жылтырлық – бұл минерал бетінің жарық (сәуле) шағылыстыру қасиеті. Бұл белгісіне байланысты минералдарды екі топқа бөледі: металдық жылтырлық және металдық емес жылтырлық.

    1. Металдық-жылтырлық жаңа сынған (омырылған) метал жылтырлығын еске түсіреді, әр түрлі метал рудаларына тән (пирит, магнезит), табиғи тума (алтын) түрінде кездесетін элементтерде де байқалады. Бұл топқа жартылай металдық жылтырлығы бар (графит, т.б.), метал жылтырлығына жақын, бірақ ондай айқын емес минералдар жатады.

    2. Металдық емес жылтырлық бірнеше түрге бөлінеді:



    • алмаз тәріздес – айқын, ұшқын атқан жылтырлық, алмаз, мырыш алдамшасына тән;

    • Шыны тәріздес – шыны бетінің жылтырлығын еске түсіреді, бұл түрге көпшілік минералдар кіреді (тау хрусталі, кальцит т.б.);

    • Құлпырма жылтырлық бірнеше құлпырып тұрады слюда, талькте байқалады;

    • Жібек тәріздес – жібек жіптерінің жылтырлығы тәріздес талшық және ине тәріздес құрылысты минералдарда байқалады (ине тәріздес гипс);

    • Майлы – минерал бетінің май жаққандай болуымен сипатталады. Жұмсақ минералда (тальк) байқалады;

    • Солғын – бетінің жылтырамауымен сипатталады (боксит, каолин т.б.). Жылтырлықты жаңа сынған (омырылған) минералға қарап анықтайды;

    Жымдастық – минералдың тегіс параллель жіктері бойынша бөлшектену қасиеті жымдастық кристал минералдарда байқалады, себебі бұл қасиет кристал торшасының құрылысына байланысты.

    Минералдар жымдастығы бойынша бес түрге бөлінеді:

    Аса жетілген - минерал жеке жапырақшаларға және пластинкаларға өте оңай (тырнақпен) ыдырайды. Айна тәріздес жылтыр тегіс жымдастық пайда болады (слюда, гипс т.б.);

    Жетілген – ақырын соққы әсерінен бөлшектенеді, бөлшек беттері тегіс кейбір бөліктерінде тегіс болмауы мүмкін (кальцит, галит);

    Орташа – пайда болған бөлшектердің тегіс және тегіс емес жымдастығы орташа бірдей мөлшерде;

    Жетілмеген –минералды бөлшектегенде бөлшек беттері негізінен тегіс емес белгілі бағытсыз сынады;

    Аса жетілмеген – минералдар еш бағытсыз сынады (кварц).

    Қаттылық – бұл сыртқы механикалық әсерлерге минералдың (қарысу) кедергі жасау дәрежесі. Оны Моос шкаласының келісімді бірлігі бойынша анықтайды.

    Минералдардың жаңа сынған (омырылған) бетіне қаттылық шкаласының эталон минералының сүйір-өткір бұрышымен сызық жүргізеді. Анықтауды қаттылық шкаласының ең жұмсақ минералымен бастайды, минерал қаттылығына байланысты біртіндеп ілгерілейді. Егер Моос шкаласының минералы сыналушы минералдан жұмсақ болса сызық қалдырады, ал керісінше болса сызат қалдырады.

    1 кесте -Минералдардың қаттылық шкаласы


    Қаттылығы

    Эталон минерал

    Басқа минералдар

    1.

    Тальк




    2.

    Гипс




    3.

    Кальцит




    4.

    Флюорит




    5.

    Апатит




    6.

    Ортоклаз




    7.

    Кварц




    8.

    Топаз




    9.

    Корунд




    10.

    Алмаз




    Қышқылдардан қайнау карбонаттар тобының минералдарына тән. Қайнау 5-10 % НСІ ерітіндісімен әсер еткенде байқалады. Айырылу реакциясы жүреді, көмір қышқыл газы бөлінуі қосар жүреді:

    СаСО3 + 2HCl=CaCl2 +H2O+ CO2

    Көмір қышқыл газы бөлінгенде қайнау байқалады. Қайнауды анықтау үшін жаңа сынған (омырылған) минерал бетінде 5% НСІ ерітіндісінен тамшылатқыш арқылы бірнеше тамшы түсіреміз.

    Мысалы : Кварц қаттылығы -7, тығыздығы -2,6-2,8г/см3, жылтырлығы – шыны тәріздес, түсі – түссіз, ақ, сары, қызғылт, қара, суда ерімейді, қышқылдармен реакцияға түспейді.

    Кальцит қаттылығы -3, тығыздығы -2,7г/см3, жылтырлығы шыны тәріздес, түсі – түссіз, ақ, сарғыш, көгілдір, суда ерімейді, қышқылдардан қайнайды

    CaCO3 + 2HCl =CaCl2 +H2CO3
    2 кесте - Химиялық құрамы бойынша минералдар классификациясы.


    Минерал атауы

    Химиялық формуласы

    Шығу тегі

    Маңызы

    1

    2

    3

    4

    Жай қосындылар (табиғи кесек элементтер)

    Күкірт

    S

    Магмалық, метаморфтық биологиялық

    Улы химикат, микротыңайтқыш ретінде сирек қолданады.

    Сульфидтер

    Пирит

    FeS2

    Магмалық метаморфтық гидротермальды шөгінді

    Ылғалдылығы жоғары топырақтарда жиналады (ақшыл дақтар).

    2- кестенің жалғасы

    1

    2

    3

    4

    Галоидтар (галоген тұздары)

    Галит

    NaCl

    Шөгінді

    Сортаң топырақтарда жиналады, топырақ құнарлығын төмендетеді.

    Сильвин

    KCl

    Шөгінді

    Калий тыңайтқыштарын өндіруге қолданылады.

    Карналлит

    KCl*MgCl2 *6H2O

    Шөгінді

    Калий-магнийлі тыңайтқыштар өндіруге қолданылады.

    Тотықтар мен гидрототықтар

    Кварц

    SiO2

    Магматикалық

    Гидротермалды

    Шөгінді


    Жыныс түзуші минерал, кварцтың басым болуы топырақ құнарлығын төмендетеді

    Опал

    SiO2*nH2O

    Шөгінді

    Жыныс түзуші минерал, топырақта гель түрінде жиналады

    Гематит

    Fe2O3

    Метаморфтық

    Жыныс түзуші минерал, фосфат-иондарын өсімдік үшін сіңімсіз формаға байланыстырады.

    Лимонит

    Fe2O3*nH2O

    Шөгінді

    Жыныс түзуші минерал, фосфат-иондарын өсімдік үшін сіңімсіз формаға байланыстырады.

    Боксит

    Al2O3*nH2O

    Шөгінді

    Жыныс түзуші минерал, фосфат-иондарын ерімейтін қосылыстарға байланыстырады.

    Оттектік қышқылдар тұздары

    Кальцит

    CaCO3

    Биологиялық, метаморфтық

    Топырақ құрылымының түзілуіне ықпал етіп, қарашірік жоғалуын азайтады, қышқыл топырақтарды әктеуде қолданылады

    Доломит

    CaCO3* Mg CO3

    Шөгінді, метаморфтық

    Топырақ құрылымының түзілуіне ықпал етіп, қарашірік жоғалуын азайтады, қышқыл топырақтарды әктеуде қолданылады

    Сода

    Na2CO3*10H2O

    Шөгінді

    Тұзданған топырақтарда жиналады. Сілтілікті жоғарылатып, топырақ құнарлығын төмендетеді

    2- кестенің жалғасы



    1

    2

    3

    4

    Сульфаттар

    Ангидрит

    CaSO4

    Шөгінді

    Сор және содалы сортаң топырақтарды гипстеуге қолданылады.

    Гипс

    CaSO4*2H2O

    Шөгінді топырақтық

    Топырақта сары түсті кристал түрінде жиналады. Сор және содалы сортаң топырақтарды гипстеуге қолданылады.

    Мирабилит

    Na2 SO4*10H2O

    Шөгінді

    Ащы топырақтарда жиналады және сорларды гипстегенде

    Нитраттар

    Натрий силитрасы

    NaNO3

    Шөгінді

    Азот тыңайтқыштарын өндіруге қолданылады.

    Калий силитрасы

    KNO3

    Шөгінді

    Азот - калий тыңайтқыштарын өндіруге қолданылады.


    Фосфаттар

    Апатит

    Ca5(PO4) 3 * (F*Cl*O H)

    Магмалық

    Фосфор тыңайтқыштарын өндіруге қолданылады.

    Фосфорит

    Ca5(PO4) 3 * (F*Cl)

    Шөгінді

    Фосфор тыңайтқыштарын өндіруде қолданылады.

    Вивианит

    Fe3 (PO4) 2 *8H2O

    Шөгінді

    Фосфор тыңайтқыштарын өндіруде қолданылады.

    Силикаттар және алюмосиликаттар.Силикаттар

    Оливин

    (Mg*Fe)2 * SiO4

    Магмалық

    Жыныс түзгіш минерал.

    Авгит




    Магмалық

    Жыныс түзгіш минерал.

    Мүйіз алдамшасы




    Магмалық, метаморфтық

    Жыныс түзгіш минерал, кальций және магний көзі.

    Серпентин

    3MgO*SiO4*2H2O

    Метаморфтық

    Жыныс түзгіш минерал, магний және кремний көзі.

    Алюмосиликаттар

    Мусковит

    (ақ слюда)



    KH2Al3Si3O12

    Магмалық, метаморфтық

    Жыныс түзгіш минерал, топырақтағы калий қорының көзі.

    Биотит

    (қара слюда)



    KH2(Mg*Fe)3Al3Si3O12

    Магмалық, метаморфтық

    Жыныс түзгіш минерал, топырақтағы калий қорының көзі.

    Ортоклаз

    K2Al2Si6O16

    Магмалық, гидротермалды

    Жыныс түзгіш минерал, топырақтағы калий қорының көзі.

    2- кестенің жалғасы

    1

    2

    3

    4

    Альбит

    Na2Al2Si6O16

    Магмалық, гидротермалды

    Жыныс түзгіш минерал, топырақтағы калий қорының көзі.

    Лабрадор




    Магмалық

    Бағалы әшекей тас.

    Балшықтық минералдар

    Гидромуско

    вит





    Шөгінді

    Өсімдіктерге калий қорының көзі болып табылады сіңіру мөлшері 10-30 мэкв/100 г. топыраққа.

    Гидробиотит




    Шөгінді

    Өсімдіктерге калий қорының көзі болып табылады сіңіру мөлшері 10-30 мэкв/100 г. топыраққа.

    Каолинит

    H2Al2Si2O8*H2O

    Шөгінді

    Сіңіру мөлшері төмен 15 м экв/100г топыраққа.

    Монтморил лонит

    (Ca*Mg)Al2Si4O12*nH2O

    Шөгінді

    Сіңіру мөлшері жоғары 150 м экв/100г топыраққа.




    БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:


    • Минералдардың негізгі қасиеттерін сипаттап беріңдер.

    • Химиялық құрамы бойынша минералдар қандай топтарға бөлінеді ?

    • Минералдардың маңызы және топырақ қасиеттеріне әсері қандай?


    Зертханалық жұмыс №2
    ТАУ ЖЫНЫСТАРЫ
    Жұмыс мақсаты: Тау жыныстары ұғымымен танысу. Магмалық, метаморфтық және шөгінді тау жыныстарының қасиеттері мен классификациясын зерттеу.
    Тапсырма.

    1. Тау жыныстарының негізгі сыртқы белгілерін сипаттау, зерттеу нәтижесі бойынша тау жыныстарының үлгілік коллекциясын топтарға бөлу (магмалық, метамофтық, шөгінді).

    2. Магмалық, метаморфтық, шөгінді тау жыныстарын классификациялау негізімен танысу (1, 2, 3 кесте).

    3. Тау жыныстарының коллекция үлгілерін сипаттап беру, кестелерді қолдану және тау жыныстарының сыртқы белгілерін ажырату.

    Қажетті құралдар мен материалдар: Бастапқы және туынды минералдардың коллекциясы.

    Тапсырмаға түсініктеме.

    Тау жынысы – дегеніміз, жер қыртысын құраушы минералдық бір тектес заттар. ПЕТРОГРАФИЯ - тау жыныстарын зерттейтін ғылым.

    Жер қабаттарын құрайтын барлық тау жыныстары үш топқа бөлінеді: магмалық, метаморфтық, шөгінді тау жыныстары.

    Магмалық жыныстар. Магмалық жыныстар дегеніміз, жер астынан балқып шыққан тас заттардың, яғни магманың қатаюынан пайда болған тау жыныстары.



    Жыныстардың морфологиялық белгілері. Минералдар құрамы бойынша жыныстар былайша бөлінеді:

    • Мономинералдар – құрамында бір ғана минерал бар (мысалы, мрамор құрамында кальцит минералы ғана бар);

    • Полиминералды - құрамында бірнеше минерал кіреді.


    3 кесте - Магмалық жыныстардың классификациясы


    Химиялық құрамы

    Пайда болу жағдайы

    Минералдық құрамы (басты минералдар)

    Интрузивтік

    Эффузивтік

    Қышқылдық

    Гранит

    Пегматит



    Липарит

    Обсидиан


    Пемза

    Ортоклаз,кварц, альбит, мүйіз алдамшасы

    Орташа

    Сиенит

    Диорит


    Трахит

    Андезит


    Обсидиан

    Пемза


    Ортоклаз,кварц, альбит, мүйіз алдамшасы және басқа түсті минералдар андезит, мүйіз алдамшасы

    Негізді

    Габбро

    Диабаз


    Лабродорит

    Базальт

    Обсидиан


    Пемза

    Лабрадор, ангит,

    мүйіз алдамшасы



    Ультра-негізді

    Дунит

    Пироксенит






    Оливин, авгит


    Құрылысы. Магмалық тау жыныстарының (заттың кристалдану дәрежесі, құрамына кіретін кристалдың пішіні және көлемі) құрылысы төмендегідей болады:

    • Түйіршікті, немесе толық кристалданған;

    • Афаниттік – қарусыз көзбен көрінетін, кристал түйіршіктері жоқ;

    • Шыны тектес – аморфты, кристалданбаған зат (вулкандық шыны);

    • Порфирлік шыны тектес немесе жасырын кристалды зат жеке кристал түйіршіктерінің бедері байқалады;

    • Пегмативтік – қосындының екі компонентінің біз мезетте кристалдануынан пайда болады. Минералдар өскін тәрізді болып көрінеді.

    Түсі. Құрамындағы минералдардың түсіне байланысты. Тау жынысының түсін құрамындағы минералдың басым реңімен анықтайды.
    Шығу және қатаю жағдайына қарай магмалық жыныстар тереңдік немесе интрузивтік, салалы (аралық), төгілме немесе эффузивтік болып бөлінеді:

    • Тереңдік (интрузивтік) егер магма жердің ішкі қабатында қалатын болса, ол келешекте бірте-бірте суынады да, оның жақсы кристалдануына мүмкіншілік туады, сондықтан тереңдік магмалық жыныстарда түйіршік кристалды құрылыстар пайда болады;

    • Салалы – магма бұрын пайда болған тау жыныстарының жарықшақтарында суынып қатайғанда пайда болады (пегматиттер);

    • Төгілме (эффузивтік) егер магма жер бетіне төгілсе, ол тез салқындайды да, көбінесе кристалсыз шыны немесе порфир құрылыс түзіледі. Олардан төгілмелі жыныстардың вулкандық түрлері пайда болады.

    Шөгінді тау жыныстары. Шөгінді тау жыныстары-дегеніміз механикалық, физикалық, химиялық, биохимиялық әсерлердің әрекетінен бұзылып шөккен магмалық жыныстар.

    Өздерінің жаратылысына қарай шөгінді жыныстар үш түрге бөлінеді:

    1. механикалық шөгінділер

    2. балшық тектес шөгінділер (0,01 мм ұсақ)

    3. химиялық және биохимиялық шөгінділер
    4 кесте - Шөгінді тау жыныстары классификациясы




    п/п

    Тау жыныстары

    Бөлшектер диаметрі, мм

    Жыныстардың атауы

    Бос күйінде

    кіріккен

    Жұмырланбаған

    Жұмырланған

    Жұмырланбаған

    Жұмырланған

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    1

    Кесек шөгінділер (псефитер)

    100-10

    Тоң кесектер ұсатылған тас қиыршық

    Қойтас




    конгломерат

    2

    Орташа шөгінділер (сынықтар)

    2-0,05

    құм




    құмтас

    құмтас

    3

    Шаң тәріздес (алевтиттік)

    0,05-0,01

    Лесстер, лесстектес

    құмбалшықтар, Вулкан күлдері (алевриттер)



    Алевролиттер.




    1. Механикалық жолмен (үгілу, ұсатылу әсерінен) пайда болған кесекті шөгінділер механикалық болып саналады. Мысалы құм, қиыршықтас, малтатас, қойтас және осы айтылғандардың біріккен түрі құмтас, женттас, конгломерат т.б. механикалық шөгіндіге жатады;

    2. Балшық тектес диаметрі 0,01 мм-ден кіші түйіршіктерден құралған. Физикалық әсерлерден шағылып немесе химиялық іруден пайда болады;

    3. Химиялық және биохимиялық шөгінді жыныстар, химиялық бұзылудан және жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік әрекетінен бұзылып шөгеді. Химиялық құрамына қарай былай бөлінеді:

    4. Карбонаттық (известняк, доломит);

    5. Кремний тектес (диатомиттер, трепельдер);

    6. Күкірт қышқыл (мирабилит, гипс, ангидрит);

    7. Темір тектес (сидерит, темір рудалары, пирит);

    8. Фосфатты (фосфориттер);

    9. Көміртектес, немесе жанғыш, қазбалар (торф, қазба көмірлер, жанғыш тақта, мұнай)

    Метаморфтық тау жыныстары. Метаморфтық жыныстар-магмалық және шөгінді жыныстардың әртүрлі өзгерістерге ұшырып, - өзінің бастапқы құрылыс түрін жоғалтуы, сонымен қатар минералдық және химиялық құрамының өзгеруінен пайда болады.

    Барлық метаморфтық тау жыныстарының құрылысы кристалданған. Түйіршіктер пішіні жапырақ, қабықша және ине тәріздес болуы мүмкін.

    Текстура. Жыныстың құралуы, яғни жыныс құрамына кіретін минералдардың орналасу тәртібі және тығыздық дәрежесі төмендегідей болады:


    • Жолақты – минерал құрамы, қалыңдығы әртүрлі жолақтардың кезектесін орналасуы;

    • Талшықты – көпшілік талшық тәріздес кристалдардың түйісіп-айқасып орналасу;

    • Қомақты – беріктігі жақсы тығыз минерал түйіршіктері;

    • Тақталанған – созыңқы пішінді минералдардың параллель орналасуы.


    5 -Кесте -Метаморфты тау жыныстарының классификациясы


    Текстура.

    Атауы

    Алғашқы тау тынысы

    Минералдық құрамы

    Жолақты

    Гнейс

    Гранит, сиенит, шөгінді жыныстар

    Дала шпаты слюда, мүйіз алдамшасы

    Тақталанған

    Сланец

    Балшықтектес

    Тальк, слюда, мүйіз алдамшасы, кварц

    Қомақты

    Мрамор

    Кварцит


    Известняк, доломит құмдақ кварцты

    Кальцит

    Кварц және қосындылар





    БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
    1. Тау жыныстарының сыртқы белгілерін атап беріңіздер?

    2. Тау жыныстарының құрылысының және текстурасының негізгі түрлерін сипаттап беріңіздер?

    3. Магмалық, метаморфты, шөгінді тау жыныстары қандай жолдармен пайда болады?

    Зертханалық жұмыс №3
    ТОПЫРАҚ ТҮЗУШІ ЖЫНЫСТАР
    Жұмыс мақсаты: Негізгі топырақ түзуші жыныстармен танысу, қасиеттерін, классификациясын және өз бойында дамушы топырақтардың сапасына әсерін анықтау.

    Тапсырма.

    1. Топырақ түзуші жыныстардың классификациясы негізімен танысу (6 кесте);

    2. Жыныстар коллекциясымен және анықтағышпен танысу, кесте қолданып қасиеттерін сипаттау.

    3. Қазақстанның негізгі топырақ түзуші жыныстарын анықтап атау.



    Қажетті құралдар мен материалдар: Топырақ түзуші минералдар коллекциясы .

    Тапсырмаға түсініктеме. Топырақ түзуші жыныстар классификациясы құралуы бойынша топырақ түзуші жыныстар былайша бөлінеді:

    1. біртекті (шығу тегі және механикалық құрамы бір);

    2. қостекті (2 қабаттан құралған);

    3. көптекті (шығу тегі және механикалық құрамы әртүрлі 2-ден артық қабаттан құралған);

    Құралуы және қабаттардың орналасу тәртібі өнбойымен ылғалдың жылжуына және қабаттарға бөлінуіне көп әсер етеді. Біртекті жыныстарда ылғалдың таралуы бір қалыпты болады.

    Химиялық құрамына қарай топырақ түзуші жыныстар былайша бөлінеді:



    • карбонатты (HCl-нан қайнайды);

    • лезде еритін тұздармен қаныққан;

    • гипсті (құрамында созыңқы сары кристалл түріндегі гипс бар);

    • глейленген (өте ылғалды, байланысты, көк жасыл түсті балшық топырақ оның түсі құрамында темірдің шала тотық тұздарының көп болуына байланысты);

    • карбонатсыз (HCl-нан қайнамайды).

    Механикалық құрамы бойынша топырақ түзуші минералдар (құмды, құмайт, құмбалшықты, балшықты, тастық) шығу тегіне қарай сипатталуын алтыншы кестеден қараңыз.

    6-Кесте -Топырақ түзуші жыныстарды анықтағыш




    Пайда болу жолы

    Жынысқа тән ерекшіліктері

    Таралуы және топырақ қасиеттеріне әсері

    1

    2

    3

    Аллювий

    Өзен шөгінділері (жиындылары)

    Минерал түйіршіктер жақсы жұмырланған, қабаттары айқын байқалады. Механикалық құрамы әртүрлі өзен ағысының жылдамдығына байланысты. Өзен арнасының төменгі жағында жоғарыға қарағанда бөлшектер ұсақ келеді. Жайылым аллювиі ұсақтау-балшықты, құмбалшықты; арна жағасы аллювиі-құмды; арна аллювиі қиыршықтасты-құмды және құмды.

    Жағалау топырақтары құмды аллювий қоректік элементтер аз, тұщы, эрозияға ұшыраған. Аллювиалды сазды шөгінділер органикалық заттарға, қоректік элементтерге бай. Топырағы ащыланбаған жағдайда құнарлылығы жақсы.

    Делювий

    Бұзылу заттары уақытша пайда болған ағыстармен орын ауыстырған

    Сәл ғана байқалатын қабаттылық беткейге параллель, материалдың жіктелуі байқалады. Механикалық құрамы әртүрлі көбінесе құмбалшық делювий құрамы күрделі және әртүрлі. Ол бастапқы жыныстардың сипатымен тығыз байланысты

    Су айыру беткейінің төменгі жағын жауып тұрады. Делювий топырағы тұзды болмаса құнарлылығы біршама жақсы.

    Эллювий

    Бұзылу заттары ешқайда жылжымай сол орнында қалған

    Құрамы бастапқы жыныс құрамына байланысты. Негізгі жыныстар эллювиі әрқашан қиыршық тасты жіктелуі нашар. Бос жыныстардың эллювиінің механикалық құрамы біртектес болып келеді.

    Су айрықтарында кездеседі. Негізгі жыныстар эллювиі беріктілігі нашар, қиыршық тасты, тұзды емес, эрозияға ұшыраған.

    6- кестенің жалғасы



    1

    2

    3

    Морендік

    Сынық материалдар, мұз көшкінімен орын ауыстырған

    Балшықтан, құмнан, қиыршықтастан, қойтастан құралған материал механикалық құрамы әртүрлі-әртекті. Жиі қойтасты құмды құмбалшықтармен балшықтар кездеседі. Қойтастар саны, олардың көлемі және құрамы арқылы карбонатты және карбонатсыз морендер деп ажыратады.

    Бір кезде мұз астында болған жерлерде кең таралған. Ауыр қойтасты балшықты және құмбалшықты морен шөгінділерінде қойтастылығы және батпақтылығы жоғары топырақтар түзіледі. Жыныстарда карбонаттардың болмауы топырақ қасиеттеріне жағымсыз әсер етеді, топырақ күлгінденеді. Жеңіл құмды карбонатсыз морендерде жетілген топырақтың қоректік элементтері өте аз. Карбонатты морендерде түзілген топырақ құнарлы болады.

    Флювиогляциальдік

    Мұздың еріген суларымен орын ауыстырып қайта шөккен

    Жіктелуі жақсы және қабатты. Негізінен карбонатсыз құмды және құмды малтатасты түрлер басым. Мұз шетінде малтатастар және ірі түйіршікті құмдар, құмдақтар жиналған одан ары шаң балшық бөлшектер қалған.

    Түзілген топырақтар құнары төмен, гумус және қоректік элементтер аз, ылғал сиымдылығы нашар. Флювиогляциальдік үйінділердің беткі қалыңында құмбалшықтар мен балшықтар болуы жыныс түптерінде судың жылжымай тұрып қалуын тудырады.

    Мұзды – көлдер шөгіндісі




    Көл – мұздар шөгінділерінде қабаттылық лента тәріздес балшық түрінде орналасқан. Қысты күні шөккен қара қошқыл жіңішке балшықты тұздар жазда шөккен ақшыл құм қабаттарымен алмасып отырады.

    Көбінесе ылғалдылығы жоғары батпақты топырақ түзіледі

    6- кестенің жалғасы



    1

    2

    3

    Лесстар

    Генезисі әрқылы

    Қуаңсары немесе қоңыр-қуаңсары, карбонаттық ірі шаң құм балшық, механикалық құрамы біртекті, 50% және жоғары ірі шаң бөлшектердең құралған (0,05-0,01мм) бірігуі кеуекті жақсы микроқұрылысты, су өткізгіштігі жақсы. Жыныс өсімдіктердің өсіп жетілуіне қолайлы.

    Шығыс Европада және Солтүстік Қазақстанда кең таралған

    Лесстектес

    Жабын құмбалшықтар

    Лесстарға ұқсас жыныс, қоңыр- сары біртекті, айырмашылығы механикалық құрамы әрқилы: ауыр-, орташа- және жеңіл құмбалшықты; карбонаттығы аздау, микроагрегаттар мен кеуектілігі сәл ғана дамыған.

    Белоруссияда, Россияның орталық қара топырақты зонасында, жазық далалы жерлерде, батыс сибирде кең таралған, құнарлы топырақ түзілуге қолайлы

    Көлдер шөгіндісі

    Көлдер қоймасының шөгіндісі

    Материал жақсы жіктелген, глейленуі бар. Механикалық құрамы әртекті: балшықты, құмбалшықты, құмдақ, құмды, малтатасты. Көл лайы түрінде болуы мүмкін және мергел сапропель түрінде органикалық қабаттар жиі байқалады.

    Тұщы көлдер шөгінділерінде қоректік элементтерге біршама бай топырақ түзіледі, бірақ жер асты суларының жақын жатуына байланысты тез лайланады ащыланған көл шөгінділеріне сортаң топырақ түзіледі.

    Теңіздік шөгінділер

    Теңіз шөгінділері

    Шөгінділердің жіктелуі өте жақсы, тым ащы, анық глейленген, қабаттылық және теңіз жануарларының қалдықтары байқалады. Жағалауда құмдар басым, малтатас шөгінділерінің кездесуі де сирек емес, жағалаудан ұзаған аймақта балшықты.

    Кездесуі: солтүстік теңіз жағалауларында алдыңғы Каспий ойпатының территориясында үштік дәуір балшығы түрінде таралған, физика механикалық қасиеттері нашар. Теңіз шөгінділерінде сортаңдау топырақ түзіледі.

    6-кестенің жалғасы



    1

    2

    3

    Эолдық шөгінділер

    Желмен жиналған

    Жақсы жіктелуі, нашар жұмырлануымен сипатталады. Бұларға төбе, сусыма құм, шағыл түріндегі құм үйінділері немесе шаң және балшық жиындылар жатады.

    Эолдық құмдар Дон, Днепр қоймасында, алдыңғы Каспий ойпатында және Орта Азияда кездеседі. Эолды жиындылардың қоректік элементтері өте аз, эрозияға қатты ұшыраған, бұларды ағаш отырғызуға, бақша дақылдарын отырғызуға, жайылымға, шөп шабуға қолданады



    БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:


    • Қандай жыныстар топырақ түзуші деп аталады? Олардың классификациясына не негіз болады?

    • Олар топырақ қасиеттеріне қалай әсер етеді, олардың химиялық құрамы құралуы?

    • Аллювиальды, эолды, элювиальды жыныстардың негізгі ерекшеліктері қандай?

    • Топырақ дамуына қандай жыныстар қолайлы, неліктен?

    • Қазақстанда кездесетін негізгі топырақ түзуші жыныстарды атап беріңіздер.



    Зертханалық жұмыс №4
    Жұмыс мақсаты: Топырақтың морфологиялық белгілерімен танысу.

    Тапсырма.

    1. Морфологиялық белгілерді білудің құндылығын анықтау.

    2. Монолитті сипаттауға дағдылану.

    Қажетті құралдар мен материалдар: Топырақ үлгілері, монолиттер, топырақ құрылымы үлгілері.

    Қажетті құралдар мен материалдар: Топырақ үлгілері, монолиттер, топырақ құрылымы үлгілері, Захаровтың бояу түсі ұшбұрышы, кестелер.

    Тапсырмаға түсініктеме.

    Топырақты зерттеудің маңызды бөлімі топырақ кескінін морфологиялық (сыртқы) белгілеріне қарай сипаттау.

    Морфологиялық белгілері арқылы топырақты жыныстан, бір топырақты басқа топырақтардан айыруға және топырақ түзілу процесінің бағытын, оның байқалу дәрежесін ажыратуға болады.

    Топырақтың құрылысы – топырақтың генетикалық қабаттарының вертикал бағытта кезектесіп орналасуы. Топырақтың генетикалық қабаттарының геологиялық қабаттардан айырмашылығы олардың бір-бірімен тығыз байланыстылығында. Топырақ қабаттарында ауа, су, жылу, еріген тұздар және газдар бір қабаттан екінші қабатқа өтіп жиі алмасып отырады. Мынадай генетикалық қабаттарға бөледі.



    А0 оргонегендік қабат, жерге түскен жапырақтардың органикалық қалдықтарынан және өлі өсімдіктердің сабақтану байламынан құралған. Тың жерлерде болады.

    А – органикалық заттардың жиналу қабаты, кескіннің жоғарғы жағында қалыптасады. Бұл қабатты сипатына қарай былай ажыратады: А – қарашірікті аккумулятивтік қабат. Бұл қабатта органикалық (қарашірік) және қоректік заттар ең көп жиналған, минералдық заттардың бұзылуы және сілтісізденуі байқалмайды. Бояуы басқа қабаттармен салыстырғанда күңгірт болады. А1- қарашірікті- элювиальды қабат. Қарашірік жиналуымен қатар минералдардың бұзылуы және бұзылған заттардың төменгі қабаттарға шайылып жылжып тұруымен сипатталады. А2 – элювиальды қабат. Бұл қабатта топырақ түзілу процесінде бірқатар заттар төменгі қабатқа немесе топырақ кескіні астына шайылады. Сондықтан қабатта балшықты минералдар азайып кремний негізді заттар көбейеді.

    В- иллювиальді немесе аралық қабат. Бұнда жоғарғы қабаттан шайылған заттар, кей жағдайда қанығуы жоғары рельефтерден жер асты сулары арқылы келген заттар жиналады. Топырақ кескінімен жылжыған заттарға байланысты иллювиальды қабат әртүрлі қосындылармен байытылуы мүмкін: гумуспен (Вh), лаймен (Ві), карбонаттармен (Вк), темір қосындыларымен (Вfe). Егер топырақта мұндай заттардың жылжуы болмаса В-қабаты иллювиальды немесе аралық қарашірікті аккумулятивтік қабаттан аналық жынысқа алмасу қабаты деп аталынады.

    С – аналық жыныс. Өзгермеген немесе топырақ түзілу процестерінің сәл әсері болған жыныс.

    Топырақты қабаттарға бөлгенде қабаттар алмасуына көңіл бөлу керек. Бір қабаттан екінші қабатқа алмасу сипатына қарай түзу, түзу емес, біртіндеп, анық және бірден деп бөлінеді. Бір қабат бояуының екінші қабат бояуына алмасуы 5 см созылса біртіндеп алмасу, 2-5 см анық, 2 см ге дейін бірден алмасу деп аталынады.

    Топырақ түсі көзге ең бірінші байқалатын морфологиялық белгі. Басқа белгілерді ескере отыра топырақ түсі топырақтың типін анықтайтын негізгі белгі. С.А. Захаровтың анықтауы бойынша топырақ бояуы негізінен төмендегі қосындылардың үш тобына байланысты: 1) гумус; 2) темір қосындылары; 3) кремний қышқылы, көмір қышқыл әк пен каолин. Гумусты заттар қара, күңгірт сұр және сұр бояу береді.

    Топырақ құрылымы – топырақ бөлшектене алатын түйіршіктер (агрегаттар). Олар бір-бірімен байланысқан механикалық элементтер және ұсақ агрегаттар. С.А. Захаровтың анықтауынша, негізгі үш құрылым типі бар: 1) Куб тәріздес – құрылым бөлшері бір – біріне перпендикуляр үш ось бойымен қалыптасқан; 2) призма тәріздес – бөлшектер негізінен вертикаль ось бойымен қалыптасқан; 3) тақта тәріздес – бөлшектер негізінен горизонталь екі ось бойымен қалыптасқан (7-кесте).


    7 кесте – Құрылым классификациясы


    Тегі

    Түрі

    Мөлшері

    1

    2

    3

    I — тип Куб тәріздес

    Тоң кесекті — дұрыс емес және тегіс емес пішінді

    Ірі тоң кесекті

    Ұсақ тоң кесекті



    > 10см

    10 — 1 см



    Кесекті — дұрыс емес доғал пішінді, омырылу беті тегіс емес, бұдырлы қырлары байқалмайды

    Ірі кесекті

    кесекті


    ұсақ кесекті

    тозаң тәріздес



    10 — 3 мм

    3 — 1 мм


    1 — 0,25мм

    < 0,25 мм

    Жаңғақ тәріздес — сәл дұрыс пішінді, қырлары жақсы білінеді беті тегіс, қабырғалары өткір

    Ірі жаңғақты

    жаңғақты


    Ұсақ жаңғақты

    > 10 мм

    10 — 7 мм

    7 — 5 мм


    Дәнді-түйіртпекті — пішіні сәл дұрыс, кейде домаланған, қырлары жақсы білінеді. Беті бірде бұдырлы, бірде тегіс, жылтыр.

    Ірі түйіршікті (бұршақ тәріздес)

    түйіршікті

    ұсақ түйіршікті


    5 — 3 мм
    3 — 1 мм

    1 — 0,5 мм



    1

    2

    3

    II — тип Призма тәріздес

    Бағана тәріздес — бөлшектер нашар пішінденген, қырлары түзу емес, қабырғалары домаланған.

    Ірі бағана тәріздес

    бағана тәріздес

    ұсақ бағана тәріздес


    > 5 см

    3 — 5 см


    < 3 см

    Бағаналы — дұрыс, жақсы жетілген вертикальды қырлы және жоғарғы жағы дөңгелене біткен, төменгі жағы тегіс пішінді.

    Ірі бағаналы

    Ұсақ бағаналы



    5 — 3 см
    < 3 см

    Призмалы — қырлары жақсы жетілген, тегіс жылтыр бетті, өткір қабырғалы.







    III — тип Тақта тәріздес

    Тақталанған (қатпарлы) — көлденең жетілген қатпарлы жымдастық

    Тақталанған

    Плиткалы


    Пластинкалы

    Жапырақты



    > 5мм

    5 — 3 мм


    3 — 1 мм

    < 1 мм

    Қабыршақты — мөлшері үлкен емес көлденең жымдастық, жиі өткір қырлы.

    Жұмыртқа қабыршақты

    ірі қабыршақты

    ұсақ қабыршақты


    > 3 мм

    3 — 1 мм


    < 1

    Бірігуі — тығыздықпен кеуектіліктің сыртқы байқалуы. Ол механикалық құрамына құрылымына топырақ фаунасының әрекеті және тамыр жүйесінің жетілуіне байланысты. Тығыздық дәрежесіне қарай топырақтарды былай бөледі: құйма, тығыз, қопсынды, бытыраңқы.

    Кеуектілік құрылым бөлшектерінің ішіндегі және олардың арасындағы түтіктердің көлемі мен мөлшеріне байланысты.

    Жаңа жарандылар — пішіні және химиялық құрамы әртүрлі заттардың жиналуы. Физикалық, химиялық, биологиялық процесстердің әсерінен және өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ету әрекетінен химиялық және биологиялық текті жаңа жарандылар жиналады.

    Химиялық жаңа жарандыларды пішініне қарай былай бөлшектейді:

    1. Жарғақтар мен қонымдар — топырақ бетіне жұқа пленка түрінде шыққан химиялық заттар.

    2. Қабыршақтар, жұғындар — топырақ бетінде немесе жарықшақтарында жұқа қабат түрінде болады.

    3. Арна, түтікше — құрт жолдары мен тамырлар жолдарына толған химиялық заттар.

    4. Қабаттық — қабаттарда көп мөлшерде жиналады.

    Топырақтағы жаңа жарандылар арқылы генезис және агрономиялық қасиеттерін бағалауға болады.

    Егер жаңа жарандылар — топырақ түзілу процесі кезінде емес жаңа түзілген болса, онда ол агрономиялық қолайсыз қасиеттерге нұсқайды.

    Кіріспелер — топырақ қалыптасу процесіне қатыссыз органикалық және минералдық заттар. Бұларға өсімдік қалдықтары, көң, жануарлар сүйектері, жыныстар сынығы, археологиялық қазбалар, кірпіш, көмір тағы сол сияқты заттар жатады.


    БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
    1. Топырақты қандай негізгі морфологиялық белгілер сипаттайды?

    2. Топырақ кескіні дегеніміз не?

    3. Топырақтың құрылым классификациясы?

    4. Жаңа жарандылар топырақ қасиеттеріне қалай әсер етеді?



    Зертханалық жұмыс №5
    ТОПЫРАҚТАРДЫҢ ГРАНУЛОМЕТРИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ
    Жұмыс мақсаты: Топырақтар мен жыныстардың гранулометриялық құрамын танап басында анықтау әдістерін (құрғақ, ылғалды әдістер) үйрену, зертханалық талдаулар көрсеткіштерінің көмегімен гранулометриялық құрамын анықтауға дағдылану.

    Тапсырма.

    1. «Гранулометриялық элемент», «гранулометриялық элементтер фракциясы» - деген ұғымдарға анықтама беру.

    2. Фракциялар құрамына енетін гранулометриялық элементтерді (топырақ қаңқасы, ұсақ топырақ, физикалық балшық) ұғыну;

    3. Зертханалық талдау негізінде жазық жерде түзілген топырақ пен кебір топырақтың (9-кесте) гранулометриялық құрамын анықтау, гранулометриялық құрамына байланысты классификациялау.

    4. Қасиеттеріне байланысты жеңіл құмбалшықты және балшықты топырақтарды айыра білуге үйрену.

    5. Кестелерді қолдану арқылы топырақтың гранулометриялық құрамын танап басында қолданылатын әдістер арқылы анықтау.

    Қажетті құралдар мен материалдар: Гранулометриялық құрамы құм, құмбалшық, топырақ үлгілері. Топырақ түзуші минералдар коллекциясы.

    Тапсырмаға түсініктеме.

    Топырақ және топырақ түзуші жыныстардың қатты фазасы әртүрлі көлемді бөлшектерден құралған бұлар гранулометриялық элементтер деп аталынады.

    Гранулометриялық элементтер топырақтарда бос немесе агрегаттарға біріккен күйінде болады. Гранулометриялық элементтерді сандық анықтау гранулометриялық талдау деп аталады.

    Гранулометриялық элементтердің қасиеттері мөлшеріне тәуелді өзгереді. Мөлшері немесе қасиеттері жақын бөлшектерді фракцияларға біріктіреді. Мөлшері бойынша бөлшектерді фракцияларға топтау гранулометриялық элементтер классификациясы деп аталынады.

    Н.А.Качинский бойынша келесі фракцияларды айырады (8-кесте).

    Мөлшері 0,01 мм–ден ұсақ барлық гранулометриялық элементтер қосындысын физикалық балшық деп атайды, ал 0,01 мм-ден ірі бөлшектерді физикалық құм деп атайды. Сонымен қатар 1 мм-ден ірі барлық бөлшектер топырақтың қаңқа бөлігі деп аталады, 1 мм-ден ұсақ бөлшектер топырақтың ұсақ бөлігін құрайды.

    Жеке фракциялар топырақтар мен жыныстардың қасиеттеріне әртүрлі ықпал етеді. Бұл фракциялардың әртүрлі минералогиялық, химиялық құрамымен, олардың әртүрлі физикалық, физика-химиялық қасиеттерімен түсіндіріледі.
    8-кесте – Топырақтың гранулометриялық элементтерін ірілігіне қарай классификациялау


    Фракция

    Фракция мөлшері, мм

    Тастар

    >3

    Қиыршық тас

    3-1

    Құм: ірі

    1-0,5

    орташа

    0,5-0,25

    ұсақ

    0,25-0,05

    Тозаң: ірі

    0,05-0,01

    орташа

    0,01-0,005

    ұсақ

    0,005-0,001

    лай: ірі

    0,001-0,0005

    майда

    0,0005-0,0001

    коллоидтер

    0,0001

    Салыстырмалы түрде топырақ немесе жыныстағы гранулометриялық элементтер құрамы гранулометриялық құрам деп аталынады (9-кесте).


    9 - кесте – Топырақтарды гранулометриялық құрамы бойынша классификациялау


    Топырақ атауы

    Құрамындағы физикалық балшық мөлшері % (фракция қосындысы 0,01 мм )

    Далалық типтегі түзілген топырақтар

    Кебір және кебірлеу топырақтар

    құмды

    0-10

    0-10

    құмдақ

    10-20

    10-15

    жеңіл құмбалшық

    20-30

    15-20

    орташа құмбалшық

    30-45

    20-30

    ауыр құмбалшық

    45-60

    30-40

    жеңіл балшықты

    60-75

    40-50

    орташа балшықты

    75-85

    50-65

    ауыр балшықты

    >85

    >65

    Қандай фракцияның басым болуына тәуелді 10-кестеде көрсетілген топырақ атауына, сол фракция атауы қоса айтылады. Мысалы: Кәдімгі қара топырақтың құрамында 60,7% физикалық балшық (0,01 мм ұсақ гранулометриялық элементтер) бар. Топырақ атауы: орташа құмбалшықты қара топырақ.



    10- кесте – Құрамындағы гранулометриялық элементтер мөлшері % топырақтың құрғақ массасынан


    Топырақ атауы

    Фракция мөлшері, мм

    Гранулометриялық құрамы бойынша топырақ атауы

    >0,25

    0,25-0,05

    0,05-0,01

    0,01-0,005

    0,005-0,001

    <0,001

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    8

    Оңтүстік қаратопырақ

    4,5

    19,4

    47,1

    6,9

    10,9

    18,2

    Орташа құмбалшықты

    Кәдімгі қаратопырақ

    1,5

    3,3

    34,5

    6,2

    25,0

    29,5

    Жеңіл балшықты

    Күңгірт қоңыртопырақ

    12,1

    42,5

    27,1

    7,0

    9,3

    13,0

    Жеңіл құмбалшықты

    Кебір топырақ

    4,8

    12,8

    34,6

    10,1

    9,5

    21,2

    Орташа құмбалшықты

    Топырақ гранулометриялық құрамының барлық топтарын бірқатар белгілер бойынша анықтауға болады. Бұл белгілерді білу және жеткілікті машықтық болғанда, танап басында топырақтың гранулометриялық құрамын жылдам және нақты анықтауға мүмкіндік туады.



    «Құрғақ» әдіс. Бір шымшым құрғақ топырақты алақанға салып саусақпен жақсылап үгітеміз. Топырақтың гранулометриялық құрамын үгіту кезіндегі саусақпен сезіну арқылы 11- кестеге сәйкес анықтаймыз.
    11-кесте – Топырақтың гранулометриялық құрамының органолиптикалық белгілері


    Гранулометриялық құрамы

    Құрғақ топырақтың күйі

    Құрғақ топырақты үгіту кезіндегі сезіну

    1

    2

    3

    Құм

    Сусымалы

    Түгелге дерлік құм

    Құмдақ

    Түйіртпектер осал, оңай үгітіледі

    Құм бөлшектер басым, ұсақ қосын бөлшектер бар

    Жеңіл құмбалшық

    Түйіртпектер сәл күш жұмсау арқылы үгітіледі

    Құм бөлшектер басым, балшық бөлшектер 20-30%

    Орташа құмбалшық

    Кейбір құрылыстар күш жұмсау арқылы үгітіледі

    Құм бөлшектер байқалады, шамамен жартысы балшықтан құралған

    Ауыр құмбалшық

    Агрегаттар тығыз

    Құм бөлшектер аз, балшық бөлшектер басым

    Балшықты

    Агрегаттар өте тығыз

    Майда біртекті масса, құм бөлшектер жоқ дерлік



    «Ылғалды» әдіс. Алақанға шамамен 0,5-1,0 г топырақ салыңыз, сумен сулап қамыр тәріздес масса болғанға дейін жақсылап араластырыңыз. Пайда болған массадан жуандығы 3 мм жіп жасаңыз, одан диаметрі 20-30 мм шығыр жасаңыз, 12-кестені қолданып механикалық құрамын анықтаңыз.
    12-кесте – Топырақтың гранулометриялық құрамын ылғалды әдіспен анықтау


    Гранулометриялық құрамы

    Жіп жасағандағы топырақтың қалпы

    Ылғалды топырақты алақанға ысу әдісі

    1

    2

    3

    Құм

    Жіп мүлдем жасалынбайды

    Құмы көп, алақанға жұқпайды

    Құмдақ

    Топырақ домаланады жіп жасалынбайды

    Құмы көп, алақанға жұқпайды

    Жеңіл құмбалшық

    Домаланғанда жіп бөлшектеніп кетеді

    Алақанға жағылады, құм түйіршіктер білінеді

    Орташа құмбалшық

    Жіп жасалынады, шығырға игенде бөлшектеніп кетеді

    Алақанға жағылады, құм түйіршіктер білінеді

    Ауыр құмбалшық

    Шығыр жасалынады, бірақ жарықшақтары байқалады

    Алақанға жағылады, құм түйіршіктер білінеді

    Балшықты

    Шығыр жақсы иіледі, жарықшақтары жоқ

    Алақанға жағылады, құм түйіршіктер білінбейді



    БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
    1. Гранулометриялық элементтер жеке фракцияларының топырақ қасиеттеріне ықпалы қандай ?

    2. Қандай фракциялардың ылғалды ұстауы, су өткізгіштігі, коагуляцияға қабілеттілігі, топырақта жүретін құрылым түзілу, физико-химиялық процесстерге қатысуы жақсы ?

    3. Топырақ гранулометриялық құрамы классификациясы қандай бөлшектер мөлшерімен анықталады ?

    4. Топырақтар мен жыныстардың гранулометриялық құрамы зертханалық жағдайда және танап басында қандай жолдармен анықталады ?




    Зертханалық жұмыс№6
    ТОПЫРАҚТЫҢ ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРЫ
    Жұмыс мақсаты: Топырақтың органикалық бөлігі құрамымен танысу. Топырақтан (қара топырақ) қарашірік заттарын бөліп алып, олардың негізгі қасиеттерімен танысу.

    Тапсырма.

    1. Топырақтың органикалық құрамы мен гумусты заттар топтарын сипаттау.

    2. Тәжірибе жүргізу арқылы қарашірік қышқылдарының және олардың

    тұздарының суда еруін бақылау.

    3. Тәжірибе жүргізу арқылы қарашірік заттардың сілтілерде еруін бақылау.

    4. Тәжірибе жүргізу арқылы қарашірік қышқылдарын бөліп алу.

    5. Тәжірибе жүргізу арқылы Гумин қышқылдарының еруін анықтау.

    Қажетті құралдар мен материалдар: Қаратопырақ, алюминий стакан, диаметрі 1мм торкөздер, 250 мл колбалар, воронкалар, қағаз сүзгі, электр плитка, дистелденген су, 0,1 H NaOH, 0,1 H H2SO4

    Тапсырмаға түсініктеме.

    Топырақтың органикалық бөлігі—бұл топырақ қабатындағы тірі организмдермен байланысын үзген барлық органикалық қосылыстар мен заттар. Топырақтың органикалық бөлігі ыдырап болмаған өсімдіктер мен жануарлар қалдығынан жалпы органикалық заттың 5-10% құрайда, және қарашіріктен құралады.

    Қарашірік—бұл топырақтың органикалық затының негізгі ерекше әрі аса маңызды бөлігі. Алғашқы топырақ түзу процесінің дамуы және аналық жыныстан топырақтың түзілуі, қарашіріктің пайда болуы және жиналуымен сипатталады. Қарашірікпен топырақтың көпшілік қасиеттері байланысты, қоректік элементтер қоры, топырақ ерітіндісі реакциясы.

    Қарашірік құрамында қарашіріктік заттар және басқа да өсімдіктер мен жануалардың қалдықтарынан құралған органикалық заттар бар. Қарашіріктік заттар қарашіріктің 80—90% құрайды оларды бір—бірінен қасиеттеріне және ең алдымен қышқылдар мен сілтілерде еруіне қарай 3 ірі топқа бөледі.



    1. Гумин қышқылдары.

    2. Фульво қышқылдары.

    3. Гумин.

    Әрбір аталған топ заттары таза немесе топырақ минералдарымен қоспа күйінде болуы мүмкін.

    Гумин қышқылдары—бұл жоғары молекулярлы азот құрамды органикалық цикл құрылысты қышқылдар. Олар күйдіргіш сілтілердің әлсіз ертінділерінде жақсы ериді (натрий пирофосфаты). Олардың ерітінділер түсі шие-сұрдан қараға дейін. Суда және минералдық қышқылдарда ерімейді. Топырақтан бөлініп алынған гумин қышқылдары препараттары сұр немесе қара түсті.

    Гумин қышқылдарының негізгі бөлігі кез-келген топырақта гель түрінде болады және әртүрлі сілтілермен әсер еткенде пептизация оңай жүріп молекулярлы және коллоид ерітінділер түзеді.

    Аммоний катиондарымен, сілтілік металдармен әсер еткенде гумин қышқылдары гумат—тұздарын түзеді. Аммоний және натрий гуматтары суда жақсы ериді, коллоид және нағыз ерітінділер түзеді, атмосфералық жауын шашынмен топырақтан оңай жуылады. Кальций және магний гуматтары суда ерімейді, суда суға төзімді гель түзеді, олар топырақтың минерал бөлшектерін жұқа қабыршақпен қаптап кіріктіріп тастайды.

    Фульвоқышқылдары—суда, қышқылдарда, күйдіргіш және көмірқышқыл сілтілердің әлсіз ерітінділерінде аммиактың судағы ерітіндісінде, натрий пирофосфатында жақсы ериді. Топырақтан бөлініп алынған фульвоқышқыл препараттары ашық қоңыр түсті ал олардың ерітінділері сабан сары түсті. Минерал бөлікпен араласқанда фульвоқышқылдар әртүрлі органо-минералды қосындылар түзеді. Аммоний катиондарымен, сілтілік металдармен фульват-тұздарын түзеді. Аммоний және сілтілік металдар фульваттары суда кез келген реакцияда ериді, сілтілік жер металдардың фульваттары қышқыл және әлсіз сілтілік реакцияларда ериді. Жартылай тотықтармен еритін және ерімейтін комплексті тұздар түзеді.

    Фульвоқышқылдар топырақтың минерал бөлігін тез бұзады. Фульвоқышқылдардың бұзу дәрежесі фульвоқышқылдардың әсерін төмендететін гумин қышқылдары мөлшеріне байланысты.

    Қарашіріктік заттарды топырақтан алып, оларды топтарға бөлу әдісі негізіне гумин, фульвоқышқылдарының және олардың тұздары гумат, фульваттардың суда және сілтілерде еру қасиетіндегі айырмашылық алынған.

    I—тәжірибе қарашірік қышқылдарының және олардың тұздарының суда еруін бақылау.

    1. 250 мл колбаға 1 алюминий стакан, үгілген және торкөздер диаметрі 1мм торшадан өткізілген топырақ саламыз (тәжірибеге қарашіріктің көп бөлігі гумин қышқылы түріндегі қара топырақ аламыз).

    2. Осы колбаға 150 мл дистилденген су құйып 5 минут бойы шайқап қағаз сүзгі арқылы өткіземіз.

    Орындау жолын және нәтижесін дәптерге жазыңдар.

    II —тәжірибе қарашірік заттардың сілтілерде еруін бақылау.

    1. 250 мл колбаға 1 алюминий стакан топырақ саламыз.

    2. Осы колбаға 150 мл 0,1 H NaOH (ыстық) құямыз, 5 минут бойы шайқап қағаз сүзгі арқылы өткіземіз.

    3. Бірінші және екінші тәжірибелердің нәтижелерін салыстырамыз (сүзінділерді келесі тәжірибелерге сақтау қажет).

    III —тәжірибе қарашірік қышқылдарын айыру.

    1. 2—тәжірибеде алынған сүзіндісі бар колбаға тұнба пайда болғанша 0,1 H H2SO4 ерітіндісін құямыз 5 минут тұндырамыз.

    2. Қағаз сүзгі арқылы тұнбаны сүзіп аламыз.

    Тәжірибенің орындалу барысын жазып нәтижесін түсіндіріңіз.

    IV—тәжірибе. Гумин қышқылдарының еруі.

    1. Тәжірибедегі сүзгілі воронканы таза колбаға ауыстыр.

    2. Сүзгідегі тұнбаны 0,1 H NaOH (ыстық) ерітеміз.

    3. Түсі бойынша 3-ші тәжірибеден кейінгі сүзіндімен салыстырыңыз.

    Қарашірік қышқылдары және олардың тұздарының еруі туралы қорытындыны дәптерге жазыңыз.


    БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
    1. Топырақтың органикалық заттары құрамына қандай қосылыстар енеді ?

    2. Қарашіріктік заттарды топтарға бөлу оның құрамындағы қосылыстардың қандай қасиеттеріне негізделген ?

    3. Қарашірік құрамындағы қандай топ заттарының топырақтың басты құнарлылық көрсеткіштерін жоғарылатуға ықпалы жоғары ?

    4. Гумин қышқылын, фульво қышқылын топырақтан бөліп алып зерттеу қандай жолдармен жүргізіледі ?



    Зертханалық жұмыс №7
    ТОПЫРАҚ КОЛЛОИДТАРЫНЫҢ ПЕПТИЗАЦИЯСЫ ЖӘНЕ КОАГУЛЯЦИЯСЫ
    Жұмыс мақсаты: Топырақ коллоидтарының пайда болу жолы, құрылысы, қасиеттері және коллоидтардың пептизация, коагуляция құбылыстарымен танысу.

    Тапсырма.

    1. Топырақ колллоидтарының құрылысы мен қасиеттеріне сипаттама беру.

    2. Топырақтан минералды коллоидтарды алып, қасиеттерін зерттеу.

    3. Топырақтан органикалық коллоидтарды бөліп алу.

    4. Әртүрлі электролиттердің әсерімен коллоидтардың пептизация, коагуляция құбылыстарын зерттеу.

    Қажетті құралдар мен материалдар: Қара топырақ, алюминий стакан, диаметрі 1мм торкөздер, 250 мл колбалар, воронкалар, қағаз сүзгі, электр плитка, дистилденген су, 0,1 H NaOH, 0,1 H H2SO4

    Тапсырмаға түсініктеме.

    Топырақ күрделі табиғи дене, бір—бірімен тығыз байланысқан қатты, сұйық және газ тәрізді фазалардан құралған, топырақтың қатты фазасы электронды микроскоп арқылы ғана көрінетін бөлшектерден құралған. Бөлшектердің жеке топтары минералдық, химиялық құрамы және физикалық қасиеттерімен ерекшеленеді. Күлдік қоректің көпшілік маңызды элементтері ұсақ фракцияларда шоғырланған. Майда фракциялар маңызды дәрежеде топырақтың басты қасиеттерін анықтайды. Бұлардың ішінде коллоид бөлшектер маңызды орын алады, бұлардың мөлшері (Гедройц К.К. бойынша) 0,2 микроннан ұсақ (0,0002 мм).

    Топырақ коллоидтары органикалық, минералдық және органо-минералдық болуы мүмкін. Органикалық коллоидтарға гумин қышқылдары және фульвоқышқылдары жатады. Минералдық коллоидтарға—балшықтық минералдар (гидрослюда, каолинит, монтмориолинит және т.б.) темір гидрототығы және алюминий гидрототығы жатады.

    Топырақта коллоидтар ірі бөлшектердің ұсақталуы немесе молекулярлық деңгейде ұсақталған заттардың қосылуы нәтижесінде пайда болады.

    Ұсақталған дене дисперсиялық орта құрады (бөлшектерден жиналған сұйық, газ тәрізді немесе қатты заттар). Топырақ ерітіндісі топырақта дисперсиялық орта болып табылады. Ұсақталған коллоид бөлшектер электрлік зарядқа ие. Негізінен барлық топырақ коллоидтары теріс зарядты, тек темір және алюминий гидрототықтары оң немесе теріс зарядты болулары мүмкін.

    Егер коллоид бөлшектер үлкен көлемде (топырақ ерітіндісі) біркелкі таралып бір—бірінен дараланып тұрса, онда коллоидтардың мұндай күйі золь деп аталады. Бұл мысалда су дисперсиялық орта деп, ал онда таралған қатты бөлшектер—дисперсиялық фаза деп аталынады.

    Коллоид бөлшектердің дараналып тұруы электрлік зарядтың және бөлшектер бетіндегі су қабыршағының болуына байланысты. Электрлік заряд олардын тебілуіне, ал су қабыршағы жабысып қалуына кедергі жасайды.

    Кептіру, тұздар қосу, қыздыру нәтижесінде коллоид бөлшектердің заряды және су қабыршағы кішірейеді, олар бірігіп үлпілдек тұнба түзуі мүмкін. Коллоид жүйе золь күйінен келесі күй гель-ге ауысады. Коллоид бөлшектердің бірігу коагуляция деп, ал оның соңынан жүретін тұну—седиментация деп аталынады.

    Коагуляция жүретін тұздардың ең төмен концентрациясы коагуляция шекарасы деп аталынады, катиондар әртүрлі коагуляциялық қасиетке ие, ол валенттілікпен атомдық салмақтың жоғарылауымен артады. Коагуляциялық қасиетіне қарай катиондарды мынадай қатар түрінде көрсетуге болады: Na+, K+, NH4+, Mg+, Ca+, H+, Ge+++, Al+++, мұнда Na ең әлсіз, ал алюминий ең күшті коагулятор болып табылады. Гель—ден зольға айналу қайтарма процесі пептизация деп аталынады.

    Егер коллоидтар гель күйінен золь күйіне айнала алмаса коагуляция қайтарымсыз деп аталынады. Егер коллоидтар золь-дан гель-ге айналып қайтадан бастапқы күйіне келе алатын болса, онда мұндай коагуляция қайтарымды деп аталынады.

    Коллоид бойындағы су мөлшеріне қарай оларды екі топқа бөледі: гидрофильді және гидрофобты.

    Гидрофильді коллоидтарда су мөлшері көп, сондықтан олардың коагуляциясы үшін коллоидтардағы су мөлшерін азайту қажет.

    Гидрофобты коллоидтардың су қабыршағы жұқа, олардың коагуляциясын әлсіз концентрациядағы тұздармен жүргізуге болады.

    Гидрофильді коллоидтарға органикалық коллоидтар жатады, гидрофобты-ға—темір гидрототығы, каолинит тобындағы минералдар жатады.

    Топырақта коллоидтар негізінен коагуляцияланған түрде болады. Ылғалды топырақта коллоидтардың тек аз ғана бөлшегі золь күйінде болады. Егер гель суда ерімесе золь күйіне айналмаса, онда оларды ұсақтағандағы құрылымдық бөлшектер суға төзімді деп аталынады. Суға төзімді құрылымға көпшілік қара топырақтар ие. Егер гель суда золь күйіне ауысса, онда топырақ бөлшектері ыдырап өзінің бастапқы формасын жоғалтады.

    Лабораториялық жұмысты орындау кезінде студенттер:



    • Минералды коллоидтар алуға.

    • Органикалық және минералды коллоидтардың коагуляция және пептизация құбылыстарымен танысуға және бұл процесстерге әртүрлі катиондардың әсерімен танысуға тиісті.


    I тәжірибе.

    Минералдық коллоидтарды алу.

    Топырақта коллоид күйінде темірдің және алюминийдің гидрототығы болуы мүмкін. Темір гидрототығының коллоид ерітіндісін алу үшін әйнек стаканға (100 мл) 50 мл 0,1Н FеCl3 ерітіндісін құямыз. Түсін анықтаймыз және лакмус қағазымен орта реакциясын анықтаймыз, содан кейін ерітіндіні электроплиткада қайнағанынша қыздырамыз. Түсінің, мөлдірлігін және орта реакциясының өзгеруін бақылаймыз. Нәтижесін және реакцияны дәптерге жазыңыздар.


    II тәжірибе.

    Органикалық коллоидтар коагуляциясы.

    7 пробиркаға бірдей мөлшерде органикалық коллоид құямыз, барлық пробиркаға 5 мл ден төмендегі электролиттер ерітіндісін құямыз.

    NaCl, KCl, NH4Cl, HCl, MgCl2, CaCl2, FeCl3 (ерітінді концентрациясы 0,1Н). пробиркалардағы ерітінділерді шайқап коагуляцияны бақылап кестеге жазамыз.
    16-кесте- Органикалық коллоидтар коагуляциясы


    № пробирка

    Коллоидтар

    Электролит

    Коагуляция

    1.

    Органикалық коллоидтар

    KCl




    2.

    Органикалық коллоидтар

    NaCl




    3.

    Органикалық коллоидтар

    HCl




    4.

    Органикалық коллоидтар

    NH4Cl




    5.

    Органикалық коллоидтар

    MgCl2




    6.

    Органикалық коллоидтар

    CaCl2




    7.

    Органикалық коллоидтар

    FeCl3



    Нәтижесін, әртүрлі катиондардың коагуляциялау қасиетін дәптерге жазыңыз.


    III тәжірибе.

    Әртүрлі катиондардың топырақ коллоидтарына коагуляциялау және пептизациялау әсері.

    Үш стаканға бірдей мөлшерде Са катионды қара топырақ салынған 50 мл ден төмендегі реактивтерді құямыз.
    17-кесте- Әртүрлі катиондардың топырақ коллоидтарына коагуляциялау және пептизациялау әсері.


    № стакан

    Топырақ

    Электролит

    Пептизациясы немесе коагуляция

    1

    қара топырақ

    H2O




    2

    қара топырақ

    Na2CO3




    3

    қара топырақ

    CaCl2+CaSO4



    Келесі үш стаканға сондай мөлшерде кебір топырақ саламыз (топырақ Na катиондарымен қаныққан), сол реактивтерді құямыз.


    18-кесте- Әртүрлі катиондардың кебір топырақ коллоидтарына коагуляциялау және пептизациялау әсері.


    № стакана

    Топырақ

    Электролит

    Пептизациясы немесе коагуляция

    1

    кебір топырақ

    H2O




    2

    кебір топырақ

    Na2CO3




    3

    кебір топырақ

    CaCl2+CaSO4



    Стакандарды жақсылап шайқап бір тәулікке қоямыз. Нәтижесін кестеге толтырып қорытынды шығарамыз.


    БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
    1. Топырақтың қандай қасиеті коллоид бөлшектермен анықталады ?

    2. Топырақ коллоидтары қандай жолдармен пайда болады ?

    3. Коллоидтардың пептизация және коагуляция құбылыстары қандай жағдайлармен анықталады ?

    4. Коагуляция шекарасы дегеніміз не ?



    Зертханалық жұмыс №8
    ТОПЫРАҚТЫҢ СІҢІРУ ҚАСИЕТІ
    Жұмыс мақсаты: Топырақтың сіңіру қасиеті ілімін, сіңіру қасиеті түрлерін ұғыну.

    Тапсырма.

    1. Топырақтың механикалық, физикалық, физика-химиялық, химиялық, биологиялық сіңіру қасиеті түрлерін зертханалық тәжірибелер жүргізу арқылы зерттеп нәтижесін қорытындылау.



    Қажетті құралдар мен материалдар: Қара топырақ, қиыршық тас, құм, балшық алюминий стакан, диаметрі 1мм торкөздер, 250 мл колбалар, воронкалар, қағаз сүзгі, электр плитка, дистелденген су, молекулярлық сия, 0,1 H NaOH, 0,1 H H2SO4.

    Тапсырмаға түсініктеме.

    Топырақ өз бойымен молекулаларды, иондарды, еріген заттарды, газдарды, коллоидтарды және қатты заттарды сонымен қатар тірі организмдерді ұстап қалу қасиетіне ие. Топырақтың бұл қасиеті сіңіру қасиеті деп аталады.

    Сіңіру құбылысы өте күрделі және әрқилы. К.К. Гедройц іліміне байланысты сіңірудің бес түрі бар: 1. Механикалық, 2.Физикалық, 3.Физика-химиялық, 4. Химиялық, 5. Биологиялық.
    Механикалық сіңіру—бұл топырақтың су құрамындағы мөлшері топырақтың түтікшелерінен диаметрі ірі заттарды ұстап қалуы. Сіңірудің бұл түрі топырақтың механикалық құрамымен байланысты.
    1-тәжірибе.

    Екі үлкен воронка алып, екеуіне де қиыршық тас салыңдар, үстіне біреуіне жұқа етіп құм, екіншісіне балшық салыңдар.

    Жеке колбаға ұсатылған қара топырақ салып су құйып жақсылап араластырамыз. Суспензияны дайындалған воронкалардан өткіземіз. Тәжірибе нәтижесін дәптерге жаз және түсіндір.
    Физикалық сіңіру—топырақтың қатты фазасының өз беткейімен еріген заттармен газдарды ұстап қалу қасиеті, бұл заттар топырақ құрамына кірмейді. Бұл құбылыс топырақтың еркін беткейлік энергиясының болуымен түсіндіріледі. Механикалық және физикалық сіңірудің маңызы мынада. Топырақтан ұсақ бөлшектер және көпшілік еріген заттар жуылып кетпейді.

    2-тәжірибе.

    Бірінші тәжірибедегідей воронкалар дайындаймыз, біріншісінде-қиыршық тас + құм, екіншіде—қиыршық тас + құм + балшық, бұлар арқылы молекулярлы сия ерітіндісін өткіземіз. Тәжірибе нәтижесін дәптерге жаз және түсіндір.
    Физика-химиялық сіңіру—Топырақтың иондарды физика-химиялық немесе алмаса сіңіруі. Ерітінділер иондары топырақта көбінесе теріс зарядты коллоид бөлшектермен сіңіріледі. Мұнда қанша катион сіңірілсе сонша катион коллоид бөлшектерден ығыстырылады, алмасу эквивалентті қатынаста жүреді. Алмаса сіңіруді мынадай түрде бейнелеуге болады (сурет-1).
    CaCl2

    MgCl2

    + nNH4Cl + NaCl

    (n-16)NH4Cl



    Рис. 2. Схематическое изображение обменной сорбционной реакции

    -Са2+, - Mg2+, - Na+, - NH4+


    Топырақта сіңірілген күйде мына иондар болуы мүмкін: Ca, Mg, H, K, NH4. Топырақтың әрбір типіне өз алмасу катиондары тән. Сіңірілген негіздердің маңызы зор. Олардың құрамынан құрылым түзу, ауа қасиеттері, топырақ минералының бұзылу жылдамдығы, топырақ реакциясы т.б. байланысты.

    3-тәжірибе.

    Екі колбаға 20 г-нан қара топырақ саламыз. Бір колбаға 50 мл I H КСl ерітіндісін құямыз. Екі колбаны да 3 минут шайқаймыз. Таза колбаға сүземіз. Филтратта Са++ катионы барлығын анықтаймыз. Ол үшін фильтратқа NH4 (C2 PO4 ) құямыз, егер Ca+ болса ақ тұнба немесе ерітіндінің лайлануы байқалады. Нәтижесін түсіндір.



    Химиялық сіңіру – бұл топырақтың ерітінділері аниондары және катиондарымен жаңа нашар еритін қосындылар түзуі.

    Топырақта көбінесе Н2РО4 тұздары Са (РО 4) 2 түрінде сіңіріледі.

    Фосфор қышқылының топырақпен қатты сіңірудің жағымсыз жағы фосфаттар өсімдіктер үшін сіңірімсіз болып қалады. Бірақ топырақтан жуылудан сақталады.

    4 тәжірибе.

    Қағаз сүзгілі воронкаға ұсатылған І мм ситодан өткізілген қара топырақ саламыз топырақ арқылы еппен тамшылатып 0,05 Н концентрациялы (NH4 )C2 O3 өткіземіз.

    Фильтратта және воронкаға құйылатын ерітіндіде CO3 анионын анықтау. Ол үшін 10% Ва Сl2 ерітіндісін құямыз.

    Биологиялық сіңіру – топырақтың өн бойындағы микроорганизмдер тіршілік әрекетімен кейбір заттарды сіңіруге қабілетті.

    Биологиялық сіңіру нәтижесінде топырақта қоректік элементтер жиналады.


    БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
    1. Топырақтың механикалық сіңіру қасиеті қандай жағдаймен анықталады ?

    2. Топырақтың қатты фазасының өз беткейімен еріген заттарды, газдарды ұстап қалу қасиеті қалай аталады ?

    3. Топырақта физика-химиялық сіңіру қалай жүреді ?

    4. Топырақтағы химиялық сіңірудің жағымды жақтары қандай ?

    5. Топырақтың өн бойындағы микроорганизмдердің тіршілік әрекетімен кейбір заттарды сіңіруге қабілеті қалай аталады ?



    Зертханалық жұмыс №9
    ТОПЫРАҚТЫҢ ҚАТТЫ ФАЗАСЫНЫҢ

    ТЫҒЫЗДЫҒЫ МЕН КЕУЕКТІЛІГІН АНЫҚТАУ
    Жұмыс мақсаты: Топырақтың қатты фазасының тығыздығы мен кеуектілігін анықтау әдістерін меңгеру.

    Тапсырма:

    1. Пикнометрлік әдісті қолданып, топырақ үлгісінде қатты фазасының тығыздығын анықтау.



    2. Алынған топырақтың қатты фазасының көрсеткіштерін қолданып, топырақтың кеуектілігін есептеп шығару. Топырақ кеуектілігі (көлемдік масса) 1,05; 1,21; 1,32; 1,12; 1,45 г/см3 болғанда, үлгілердің кеуектілігіне қарай агрономиялық бағалау.
    Қажетті құралдар мен материалдар: Топырақ үлгілері, 100 мл пикнометрлер, қайнатылған су, қара топырақ, 1мм елеуіш, таразылар, электроплитка.

    Тапсырмаға түсініктеме.

    Топырақтың қатты фазасының кеуектілігі деп, құрғақ күйіндегі қатынасын айтады. Бұл көрсеткіш топырақ құрамына енетін минералды және органикалық заттардың мөлшеріне байланысты.



    Орта есеппен көпшілік топырақтарда қатты фазасының тығыздығы 2,5-2,65 г/см3 –ке тең және көрсетілген себептерге байланысты өзгереді. Топырақ құрамындағы қарашірік мөлшері көп болса, қатты фаза тығыздығы соғұрлым төмен. Мысалы, құрамындағы қарашірік мөлшері 10% қара топырақ қатты фазасының тығыздығы шамамен 2,4 г/см3, ал құрамында 2,5% қарашірік бар шымды күлгін топырақ қатты фазасының тығыздығы шамамен 2,6 г/см3.

    Топырақ қатты фазасы тығыздығының көрсеткіші топырақтың кеуектілігін шығару үшін қажет. Топырақтың көлем бірлігіндегі түтікшелердің жиынтық көлемі топырақ кеуектілігі деп аталады.

    Жалпы кеуектілік қылтүтікті кеуектілік және қылтүтікті емес кеуектілік (аэрация қуыстары) болып бөлінеді.

    Қылтүтікті емес қуыстар негізінен топырақ ауасымен толтырылған. Оларда су гравитациялық күшпен ұсталынып тұрмайды. Қылтүтікті қуыстар суға толтырылған оларда су беттік керілу (минискілік) күштермен ұсталынып тұрады.

    Жалпы кеуектілікті қатты фазаның тығыздығымен және топырақ тығыздығынан есептеп шығаруға болады.



    РЖ – жалпы кеуектілік % көлемімен

    d – қатты фазаның тығыздығы



    ау – топырақ тығыздығы

    Құмбалшықты және балшықты топырақтардың жалпы кеуектілігін бағалау үшін Н.А. Качинский, төмендегі шкаланы ұсынады.

    70 – шамадан тыс кеуектілік

    55-65- өте жақсы



    50 – жарамсыз жырту қабаты үшін

    40-25 – шамадан тыс төмен, тығызданған иллювиальді қабаттар үшін сипатты.

    Қатты фазаның тығыздығын пикнометрлік әдіспен анықтайды. Есептеу үшін қатты фазаның көлемі мен массасын білу қажет. Пикнометрлік әдісте қатты фазаның көлемін алынған топырақ өлшемі мен суды ығыстыру арқылы анықтайды.

    Анықтау жолы:

    • Колбаға 250 мл қайнатылған су құйып, одан еріген оттегіні шығару үшін жарты сағат қайнатамыз және үй температурасына дейін суытамыз.

    • 100 мл пикнометрге белгіге дейін қайнатылып суытылған су құйып температурасын өлшеп аналитикалық таразыларда салмағын анықтаймыз.

    • Миллиметрлік елеуіштен өткізілген құрғақ топырақтан аналитикалық таразы көмегімен әйнек ыдысқа 9-10г өлшеп саламыз. Бір уақытта гидроскопиялық ылғалдылығын өлшеу үшін үлгі аламыз.

    • Өлшенген пикнометрден жартысынан жоғары суды төгіп өлшенген топырақты саламыз. Ішінде топырақ болған ыдысты қайта өлшеп салынған ыдыспен бос ыдыстың арасындағы айырмашылық арқылы топырақ массасын шығарамыз.

    • Пикнометрдегі топырақ пен суды 30 минут қайнатамыз, құрамындағы ауаны шығару үшін үстінен дистилденген су құйып отырамыз. Қайнатқаннан кейін пикнометрді бөлме температурасына дейін суытамыз үстіне белгіге дейін қайнатып суытылған су құямыз, сыртын сүзгі қағазбен сүртеміз де аналитикалық таразыларда өлшейміз.

    Қатты фазаның тығыздығын мына формуламен есептейміз:

    Мұнда:


    d – топырақтың қатты фазасының тығыздығы, г/см 3.

    А – құрғақ топырақ өлшемі.



    Мұнда: А – құрғақ топырақ өлшемі,г.

    W – гидроскопиялық ылғалдылық,%



    В – су толтырылған пикнометр салмағы.

    С – су және топырақ салынған пикнометр салмағы, г.
    БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
    1. Топырақ құрамындағы қарашірік мөлшері топырақ тығыздығына қалай әсер етеді ?

    2. Топырақтың көлем бірлігіндегі түтікшелердің жиынтық көлемі қалай аталады ?

    3. Топырақтың жалпы кеуектілігі қандай жолмен анықталады ?

    4. Топырақ қатты фазасының тығыздығы қандай жолмен анықталады ?

    Зертханалық жұмыс №10
    ТОПЫРАҚТЫҢ СУ ӨТКІЗГІШ ЖӘНЕ

    СУ КӨТЕРГІШ ҚАСИЕТТЕРІ
    Жұмыс мақсаты: Топырақтың су өткізгіштік және су көтергіш қасиеттерінің механикалық құрамнан, топырақ түзуші жыныстардың құралуынан, қарашірік мөлшерінен, сіңірілген негіздер құрамынан қалай байланыстылығын талқылау.

    Тапсырма:

    1. Топырақтың су өткізгіштік және су көтергіш қасиеттері ұғымына түсінік беру.

    2. Бірінші тәжірибені жүргізу арқылы топырақтар мен жыныстардың су өткізгіштік көрсеткіштерін анықтау.

    3. Екінші тәжірибені жүргізу арқылы топырақтар мен жыныстардың су көтергіш көрсеткіштерін анықтау.

    Қажетті құралдар мен материалдар: Топырақ үлгілері, түтіктер, штативтер, Петри шашкалары, стакандар, өлшегіш цилиндрлер, құмбалшық, құрылымы бұзылған (үгітілген) қара топырақ, құрылымы бұзылған кебір топырақ.

    Тапсырмаға түсініктеме.

    Топырақтың негізгі су қасиеттері: су ұстау қасиеті, су өткізгіш қасиеті, су көтергіш қасиеті.

    Су ұстау қасиеті сорбциялық және капиллярлық күштер әсерімен қалыптасады. Әртүрлі күштермен топырақта ұсталынып тұратын ылғалдың ең жоғары мөлшері ылғал сиымдылық деп аталынады. Топырақтың бу тәрізді ылғалды сіңіруі гигроскопиялық деп аталынады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 100%-ке жақындағанда топырақ максималды гигроскопиялыққа дейін қанығады.

    Адсорбциялық күштермен ұсталынатын тығыз байланысқан ылғалдың ең жоғары мөлшері максималды адсорбциялық ылғал сиымдылық деп аталады. Сорбциялық немесе молекулярлық тартылу күштерімен ұсталынып тұратын бос байланысқан ылғалдың ең жоғары мөлшері максималды молекулярлық ылғал сиымдылықты сипаттайды. Топырақтың барлық түтіктері суға толғандағы ылғалдың ең жоғары мөлшері толық ылғал сиымдылық деп аталады. Көлдете суарудан кейін гравитациялық ылғал ағып жер асты суларының тірек әсері болмаған жағдайда топырақта қалатын ылғал мөлшері ең аз немесе қаныққан-далалық ылғал сиымдылық деп аталады. Капиллярлардағы толған ылғалдылық үзіктерге бөлінуіне сәйкес ылғалдылық капиллярлардың үзілу ылғалдылығы деп аталынады. Жер асты суларының үстіндегі капиллярлық тірек ылғалының ең жоғары мөлшері капиллярлық ылғал сиымдылық деп аталынады.

    Су өткізгіштік – топырақтың суды сіңіру және өткізу қасиеті. Топырақтың сумен толық қаныққандағы судың ауырлық күшімен төмен қарай жылжуы фильтрация деп аталады. Су өткізгіштік уақыт бірлігінде топырақ беткейін аудан бірлігінен өтетін су көлемімен түтіктердің жалпы ауданына, мөлшеріне тәуелді. Сондықтан жеңіл механикалық топырақтарда су өткізгіштік жоғары.

    Н.А.Качинский су өткізгіштігіне қарай топырақ градациясын ұсынған. Егер топырақ 100С температурада 5 см ағыста бір сағатта 1000 мм-ден жоғары су өткізсе, су ұстауы жоқ болып саналады. 1000-нан 500мм-ге дейін шектен тыс жоғары, 500-ден 100мм-ге дейін ең жақсы, 70-30 қанағаттанарлық, 30мм-ден төмен қанағаттанымсыз.

    Суды жоғары көтергіштік қасиеті – топырақтың капиллярлар арқылы жоғарыға су өткізгіштігі жатады. Ол топырақ құрылымына, механикалық құрамына, органикалық зат мөлшеріне байланысты. Суды ең жақсы көтеретін топырақтарға құрамында ірі шаң бөлшектері көп құмбалшықты топырақтар жатады. Капиллярлармен су көтеру арқылы топырақ құрғақшылық жерлерде өсімдіктерді сумен қамтамасыз етіп отырады.


      1. Каталог: Книги
        Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
        Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
        Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
        Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
        Книги -> АҚША, несие, банктер
        Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
        Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
        Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
        Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


        Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет