Көкшетау, 2013. 116 бет


Қазақстанның физикалық географиясы пәнінен зертханалық сабақтардың жоспары



бет4/4
Дата28.01.2018
өлшемі2,31 Mb.
#35037
1   2   3   4






Қазақстанның физикалық географиясы пәнінен зертханалық сабақтардың жоспары



Практикалық жұмыс №1

Тақырыбы: Қазақстанның ТМД және әлем картасындағы орны

  1. Қазақстанның ТМД және әлем картасындағы орны

Тапсырма:

  1. Қазақстанның ТМД мен әлем картасындағы алатын орнын сипаттап жазыңыз (жерінің көлемі, халқының саны, табиғи қорлары, шаруашылық-тағы алатын орны).

  2. Шетелдік компаниялардың Қазақстан экономикасындағы рөлін айтыңыз.

  3. Қазақстанның БСҰ-на мүше болуының тиімді және тиімсіз жақтарын кесте түрінде жазыңыздар.

Тиімді

Тиімсіз







Практикалық жұмыс 2

Тақырыбы: Табиғат жағдайы мен табиғат ресурстарына баға беру

  1. Табиғат жағдайы

  2. Табиғат ресурстары және оларға баға беру

Тапсырма:

  1. Қазақстанның табиғат жағдайына жалпы сипаттама беріңіз (1-кесте бойынша).

  2. Минералды қорлардың алабтары мен кеніштерін кескін картаға түсіріп, жаттап алыңыздар.

  3. Қазақстан бойынша маңызды табиғат ресурстарын кескін картаға белгілеңіздер.

  4. Табиғат ресурстарын игеру мен шаруашылық қажетіне пайдалану барысында туындайтын экологиялық проблемаларға мысал келтіріңіздер. Таңдау бойынша осы проблеманы сипаттайтын реферат немесе хабарлама дайындау.

  5. Лекция материалы мен әр түрлі сызбаларды пайдалану арқылы табиғат ресурстарының түрлерін анықтау.

  6. Студент қалауы бойынша төмендегі бір табиғат ресурсына жазбаша сипаттама беру:

- минералды ресурстар;

- жер ресурстары;

- агроклиматтық ресурстар.

1-кесте. Табиғи жағдайларының сипаты.

Аймақта-ры

Жер бедерінің ерекшелік-тері

және


геология-сы


Климат-тық жағдайы

Сумен қамтама-

сыз етілуі, гидрогра-фиясы



Топы-

рағы


Табиғи жағдайдың шаруашылық-тың дамуына әсері

Солтүстік Қазақстан
















Орталық Қазақстан
















Батыс Қазақстан
















Шығыс Қазақстан
















Оңтүстік Қазақстан
















Практикалық жұмыс №3

Тақырыбы: Қазақстанның халқы және еңбек ресурстары


  1. Жастық және жыныстық құрамы

  2. Ұлттық құрамы

  3. Еңбек ресурстары және оларды пайдалану

Тапсырма:

  1. Статистикалық мәліметтерді пайдалана отырып, 1930 жылдан қазіргі кезеңге дейінгі халық санының өзгеру динамикасын анықтап, сипаттама жазыңыз.

  2. Статистикалық мәліметтерді пайдаланып, Қазақстан Республикасының облыстар бойынша халқын есептеп, кескін картаға салу.

  3. «Еңбек ресурстары», «экономикалық белсенді халық», «халықтың жастық, жыныстық, ұлттық құрамы» ұғымдарын еске түсіріп, мағынасын ашып айту.

  4. Төмендегі жоспар бойынша Қазақстандағы еңбек ресурстарына сипаттама беру:

  • Халықтың саны, табиғи өсуі, ЭБХ-тың үлесі;

  • Жастық, жыныстық құрамы;

  • Еңбек ресурстарының шаруашылық салалары бойынша таралуы;

  • Қорытынды жасап, дәптерге жазу.

Практикалық жұмыс №4

Тақырыбы: Қазақстан шаруашылығы мен өнеркәсібіне жалпы шолу. Отын – энергетика кешені

1. Қазақстан шаруашылығына жалпы сипаттама

2. Қазақстан өнеркәсіп географиясының дамуы

3. Өнеркәсіп салаларының орналасу факторлары

4. Көмір өнеркәсібі

5. Мұнай және газ өнеркәсібі



Тапсырма:

  1. Еліміздің шаруашылық пен өнеркәсібінің салалық құрамы мен схемаларын сызу.

  2. Отын ресурстарының кен орындарын теріп жазу.

  3. Электр энергиясының қазіргі жағдайы мен мәселелері

  4. Электр станцияларының типтерінің схемасын құру.

  5. Шаруашылық құрылымының сызбасын құрастыру.

  6. Кескін картаға мұнай және газ кен орындарын, негізгі көмір бассейндері мен электр станцияларын түсіру.

Практикалық жұмыс №5

Тақырыбы: Металлургия өнеркәсібі. Машина жасау өнеркәсібі.

1. Қара металлургия өнеркәсібі

2. Түсті металлургия өнеркәсібі

3. Машина жасау өнеркәсібі



Тапсырма:

  1. Металлургияның салалық құрылымы

  2. Түсті және қара металлургия орталықтарының карта – сызбасын жасау.

  3. Карта және статистикалық мәліметтер бойынша бір металлургиялық базаға сипаттама беру.

  4. Карта мен статистикалық мәліметтерді пайдалана отырып, машина жасау кешенінің бір саласына төмендегі жоспар бойынша сипаттама беру:

- маңызы;

- даму қарқыны;


- орналасу факторы;
- аудандары мен орталықтарына мысал келтіру.

Практикалық жұмыс №6

Тақырыбы: Химия және құрылыс материалдары өнеркәсіптері
1. Химия өнеркәсібі кешені

2. Құрылыс өнеркәсібі кешені



Тапсырма:

  1. Химия өнеркәсібінің салалық құрамының сызбасын құрастыру.

  2. Химия өнеркәсібінің дамыған орталықтарын кескін картаға белгілеу.

  3. Қазақстанда химия өнеркәсібі даму үшін қандай мәселелер шешілуі керек деп ойлайсыңдар? (ой толғау)

  4. Картаны пайдаланып, құрылыс материалдары өнеркәсібінің негізгі орталықтарын анықтап, кескін картаға түсіру.

  5. Құрылыс материалдары өнеркәсібінің бір саласы туралы шағын хабарлама дайындау.

  6. Құрылыс материалдарының басты түрлерін атау, сызба арқылы салу.



Практикалық жұмыс №7

Тақырыбы: Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені

  1. Аграрлық-өнеркәсіптік кешен туралы түсінік

  2. Ауыл шаруашылығының салаларының географиясы

Тапсырма:

  1. Агроөнеркәсіп кешенінің салалық құрамының схемасын сызып, талдаңыз.

  2. Картадан дәнді және техникалық дақылдардың, сонымен бірге мал шаруашылығының таралуының басты аудандарын анықтау.

  3. Тамақ және жеңіл өнеркәсіп орталықтарының орналасуына талдау жасау.


Практикалық жұмыс №8

Тақырыбы: Көлік кешені. Аумақтық-өндірістік байланыстар

1. Көліктің маңызы және экономикалық – географиялық ерекшеліктері

2. Көлік салаларының географиясы

Тапсырма:


  1. Карта бойынша көлік кешенінің тораптарын, оның еліміздің аумағы бойынша таралуын оқып, үйрену.

  2. Жергілікті жердің көлік кешендері жұмысына талдау жасау.

  3. Қазақстанның жүк айналымы, жүк тасымалындағы жеке көлік түрлерінің үлесін бағалаңыз.

  4. Республика аумағының көрші елдер арасындағы транзиттік экономикалық-географиялық жағдайына баға беріңіз.

  5. Жеке көлік түрлерінің ірі магистралдарының болашағын сипаттап жазыңыз.

Практикалық жұмыс №9

Тақырыбы: Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа енуі және оның маңызы
1. Қазақстанның геосаяси жағдайы

2. Қазақстан және халықаралық ұйымдар

3. Қазақстанның сыртқы саясаты

Тапсырма:


  1. «Геосаяси жағдай» туралы түсінік пен елдің геосаяси жағдайына баға берудің талаптарын (көршілес елдер, олардың саяси – экономикалық, әлеуметтік жағдайы, саяси ұйымдар) естеріңе түсіріңдер.

  2. Еліміздің дүние жүзі картасындағы геосаяси орнының әлеуметтік – экономикалық, саяси және мәдени дамуының қолайлығын немен дәлелдейсіздер, ойларыңызды қысқаша сипаттап жазыңыздар.

  3. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыс түрлеріне сипаттама жазыңыздар.

  4. Қазақстанны мүше болып отырған халықаралық ұйымдардын кестесін құру.



Практикалық жұмыс №10


Тақырыбы: Қазақстанды экономикалық аудандастыру


  1. Қазақстанды экономикалық аудандастыру

Тапсырма:

1. Қазақстанды экономикалық аудандастыру және олардың географиялық – экономикалық жағдайларының ерекшеліктерін салыстырмалы түрде сипаттау (1-кесте).

1- кесте. Қазақстанды экономикалық аудандастыру және географиялық - экономикалық жағдайларын бағалау.

аймақтар
тапсырма

Солтүстік

Орталық

Шығыс

Батыс

Оңтүстік

Әкімшіліктік құрамы (облыстар мен облыс орталық-тары)
















Аумақтар-

ның ауданы.


















Халық саны, орташа тығ-ыздығы
















Аумақтың пішіні және облыс орталығынан ең қашық, шеткі елді мекеннің, аумақтың алыстығы
















Ел астанасы мен салыс-тырғандағы орналасу жағдайы ж/ә оған дейінгі қашықтық
















Шаруашылығының басты салалары
















Транспорттың географиялық жағдайы


















Практикалық жұмыс №11

Тақырыбы: Орталық Қазақстанэкономикалық ауданы


  1. Экономикалық-географиялық жағдайы мен табиғат ресурстары

  2. Орталық Қазақстанның шаруашылық географиясы.

Тапсырма:

  1. Орталық Қазақстанның табиғат ресурстарының ерекшеліктерін анықтау. Кескін картаға пайдалы қазбалар мен олардың кен орындарын түсіру.

  2. Ауданның құрамына қысқаша сипаттама беру

  3. Ірі қалалары туралы шағын сипаттама жазу

  4. Орталық Қазақстан экономикалық ауданының басқа аудандармен байланысын кескін картаға түсіру


Практикалық жұмыс №12

Тақырыбы: Шығыс Қазақстанэкономикалық ауданы
1. Экономикалық-географиялық жағдайы мен табиғат ресурстары

2. Шығыс Қазақстанның шаруашылық географиясы



Тапсырма:

  1. Шығыс Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылығының негізгі салаларын анықтаңыз, сызба арқылы салыңыз.

  2. Шығыс Қазақстанның экономикалық – географиялық жағдайы (картамен жұмыс)

  3. Статистикалық мәліметтерді қолдана отырып, халқының қоныстануы, тығыздығын кесте арқылы бейнелеу.

Практикалық жұмыс №13

Тақырыбы: Батыс Қазақстанэкономикалық ауданы
1. Экономикалық-географиялық жағдайы мен табиғат ресурстары

2. Батыс Қазақстанның шаруашылық географиясы



Тапсырма:

  1. Атлас пен кескін картаны пайдалана отырып, облыста қандай кендер өндірілетінін анықтау (пайдалы қазбаларды шартты белгілерімен кескін картаға түсіру).

  2. Облыста қандай өнеркәсіп салалары дамыған, орталықтары қайда орналасқан.

  3. Төмендегі жоспар бойынша екі ауданның шаруашылығына салыстырмалы сипаттама беру

Жоспар

Батыс Қазақстан

Шығыс Қазақстан

Жер көлемі







Табиғат жағдайы







Халқы, тығыздығы







Өнеркәсібі







Ауыл шаруашылығы









Практикалық жұмыс №14

Тақырыбы: Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы
1. Экономикалық-географиялық жағдайы мен табиғат ресурстары

2. Солтүстік Қазақстанның шаруашылық географиясы



Тапсырма:

  1. Аймақтық өнеркәсіпте қандай топтағы өнеркәсіптер басым болып келеді. Ол қаншалықты тиімді?

  2. Келесі кестені толтырыңыздар (алдымен Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы қанша облыстан тұратынын естеріңізге түсіріңіздер).

Пайдалы қазбалар

Кен орны

Қай облыста












Практикалық жұмыс №15

Тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы
1. Экономикалық-географиялық жағдайы мен табиғат ресурстары

2. Солтүстік Қазақстанның шаруашылық географиясы



Тапсырма:

  1. Төмендегі кестені толтырыңыздар:


    Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының облыстары

    Орталықтары







  2. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының экологиялық проблемалары туралы шағын хабарлама дайындаңыздар.

  3. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының туризмінің даму болашағы туралы ой қозғаңыздар.

  4. Солтүстік және Оңтүстік қазақстан экономикалық аудандарының ауыл шаруашылығына салыстырмалы сипаттама беріңіздер.

Жоспар

Солтүстік Қазақстан

Оңтүстік Қазақстан

Жер көлемі







Табиғат жағдайы







Халқы, тығыздығы







Өнеркәсібі







Ауыл шаруашылығы









Студенттің оқытушының басшылық етуімен өзіндік жұмыс жасау сабақтарының жоспары

№1 СОӨЖ тақырыбы: Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясының оқытатын обьектісі



  1. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясының негізгі сұрақтары мен түсініктері

  2. Зерттеу тақырыбы мен обьектісі

№2 СОӨЖ тақырыбы: Қазақстан Республикасының нарықтық экономика жағдайында дамуы




  1. Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуі

  2. Қазақстанның жаңа экономикалық саясатқа көшуі

  3. Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы

  4. Қазақстанның 2050 стратегиялық бағдарламасы

№3 СОӨЖ тақырыбы: Табиғат ресурстары




  1. Отын-энергетикалық ресурстар

  2. Минералдық-шикізат ресурстары

  3. Су ресурстары

  4. Биологиялық ресурстар

№4 СОӨЖ тақырыбы: Қазақстанның халқы




  1. Халықтың ұдайы өсіп-өнуі

  2. Ұлттық құрамы

  3. Халықтың көші-қоны

  4. Қала және ауыл халқы

№5 СОӨЖ тақырыбы: Отын-энергетика кешені




  1. Көмір өнеркәсібі

  2. Мұнай және газ өнеркәсібі

№6 СОӨЖ тақырыбы: Өнеркәсіптің басқа кешендері




  1. Металлургиялық кешен

  2. Машина жасау өнеркәсібі

  3. Химия өнеркәсібі

  4. Құрылыс өнеркәсібі

№7 СОӨЖ тақырыбы: Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені




  1. Егін шаруашылығы

  2. Мал шаруашылығы

  3. Тамақ өнеркәсібі

№8. СОӨЖ тақырыбы: Көлік кешені және аумақтық өндірістік байланысы




  1. Темір жол көлігі

  2. Автомобиль көлігі

  3. Су көлігі

  4. Құбыр көлігі

  5. Байланыс және коммуникация

№9 СОӨЖ тақырыбы: Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орны




  1. Қазақстанның әлем елдерімен байланысы

  2. Қазақстанның әлемдік шаруашылық пен халықаралық еңбек бөлінісіне енуі

  3. Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орнын анықтау үшін пайдаланылатын көрсеткіштер

№10 СОӨЖ тақырыбы: Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінуі


1.Қазақстанның облыстары

2. Республикалық маңызы бар қалалар


№11 СОӨЖ тақырыбы: Орталық Қазақстан экономикалық ауданы


  1. Табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары

  2. Халқы және еңбек ресурстары

  3. Ауданның мамандандырылған шаруашылық салалары

  4. Көлік жүйесі мен байланыс

№12 СОӨЖ тақырыбы: Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы




  1. Табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары

  2. Халқы және еңбек ресурстары

  3. Ауданның мамандандырылған шаруашылық салалары

  4. Көлік жүйесі мен байланыс

№13 СОӨЖ тақырыбы: Батыс Қазақстан экономикалық ауданы




  1. Табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары

  2. Халқы және еңбек ресурстары

  3. Ауданның мамандандырылған шаруашылық салалары

  4. Көлік жүйесі мен байланыс

№14 СОӨЖ тақырыбы: Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы



  1. Табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары

  2. Халқы және еңбек ресурстары

  3. Ауданның мамандандырылған шаруашылық салалары

  4. Көлік жүйесі мен байланыс

№15 СОӨЖ тақырыбы Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы




  1. Табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары

  2. Халқы және еңбек ресурстары

  3. Ауданның мамандандырылған шаруашылық салалары

  4. Көлік жүйесі мен байланыс


Қазақстанның физикалық географиясы пәнінен студенттің өздік жұмысының тапсырмалары
1 тақырып: Қазақстан Республикасы экономикасының нарықтық жағдайда дамуы

КСРО Жоғарғы Кеңесінің 3-сессиясы нарықтық экономикаға көшу туралы мәселе көтерген болатын. Осыған байланысты республиканың өз ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстанда нарықтық шаруашылыққа көшудің концепциясын жасау қолға алына бастады

Нарықтық қатынасқа көшу өнеркәсіп жағдайына да өз әсерін тигізді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары республикада өнеркәсіп дамуы баяулап, даяр өнімдер өндіру салаларында құлдырау байқалды. Алайда Қазақстанның өндіруші салаларында, керісінше, өндіріс көлемі ұлғайды. Бұл әсіресе 1999 жылдың соңында, үкімет кәсіпорындарды отандық және шетелдік компаниялар йелігіне бере бастаған кезде байқалды.

Сұрақтар мен тапсырмалар


  1. «Нарықтық экономика үлгілері» тақырыбына шағын баяндама дайындау.

2 тақырып: Табиғат жағдайына ауылшаруашылығын дамыту тұрғысында баға беру

Табиғи ортаның адамның өмір сүруі мен шаруашылықтың дамуына және орналасуына әсер етуін зерттеу экономикалық және әлеуметтік географияның басты тақырыптарының бірі болып табылады.



Табиғат жағдайы деп – белгілі бір кезеңдегі өндіргіш күштердің даму сатысында адамның өмір сүруіне және тіршілік етуіне қажетті табиғат компоненттері мен күштерін айтамыз.

Табиғат жағдайы мен табиғат байлығына экономикалық-географиялық баға беру белгілі бір принциптерге, яғни сол елдің немесе аймақтың тарихи даму кезеңдерін, табиғи ортаның бұзылмауын ескеру арқылы негізделу керек. Дүние жүзі шаруашылығының жедел қарқынмен дамуы көптеген елдерде табиғат ресурстарын қолданкды ұлғайтуға мәжбүр етеді. Соның нәтижесінде XX ғасырдың екінші жартысында жаһандық экологиялық мәселелер және экологиялық апатқа ұшыраған аймақтар мен территориялардың көбеюіне әкеліп соқты.



Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Н.Н Баранский белгілі бір мемелекет, аудан, аймақтардың табиғат жағдайы мен табиғат ресурстарына экономикалық – географиялық баға бергенде және олардың өндірістік дамуы мен орналасуына әсерін анықтағанда қандай қағидаларға көңіл бөлу керек деп есептеген? Оқулық материалын пайдаланып, анықтау? Жазып алу.

3-тақырып: Табиғат ресурстарына өнеркәсіпті дамыту тұрғысында экономикалық баға беру

Қазақстанның табиғат ресурстары өндіргіш күштердің дамуына, құрылымына, орналасуына және территориялық ұйымдастырылуына басты әсер етеді. Өндірістің көптеген салаларының экономикалық тиімді дамуы мен орналасуы: отын-энергетикалық, минералдық-шикізат, агроклиматтық, биологиялық, рекреациялық, жер және су т.б. ресурстарға сандық және сапалық тұрғыда баға беру, олардың техникалық, гидрогеологиялық, технологиялық ерекшеліктері, қорларының территориялық шоғырлануы мен орайлас орналасуы, өндіру мен өңдеу жағдайлары, тасымалдау мен экономикалық тұтыну ерекшеліктері және т.б. себептерге байланысты.Нарықтық экономикаға көшу кезеңінде табиғат факторы экономиканың дамуын тұрақтандыру мен потенциалын ұлғайтуда басты рөл атқарады.



Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Табиғат ресурстары дегеніміз не?

  2. Табиғат ресурстарының қандай түрлерін білесіздер?

  3. Көптеген табиғат ресурстары табиғи ерекшелігіне байланысты қалай бөлінеді?

  4. Өнеркәсіптің дамуы табиғат ресурстарына қалай әсер етеді деп ойлайсыздар?

4-тақырып: Каспий қайраны мұнай-газ байлығын зерттеу және бұл мәселе жөніндегі Каспий жағалауы елдері арасындағы келісімдер

Бір айта кететін жағдай, Каспий маңында орналасқан 5 мемлекеттің (Иран, Ресей, Әзірбайжан, Қазақстан және Түрікменстан) әрқайсысына тиісті секторлардың шекарасытолығымен анықталмаған және Каспий теңізі құқықтық статусы туралы бес жақты келісім-шарт қабылданған жоқ. 1994 ж. бастап бұл бұл мәселе жайында мемлекетаралық келіссөздер, мәжілістер, халықаралық конференциялар жүргізіліп жатыр. Ресей мен Қазақстан арасындағы екіжақты келісім бойынша Каспий теңізінің табаны және оның табиғи ресурсы жағынан тең арақашықтықтағы орталық сызық бойынша бес елдің ортасында бөліну керек. Каспий теңізі жайында халықаралық келісім және қарым-қатынас, оның табиғат байлығын тиімді пайдалануға және қоршаған ортаны қорғпуға көп себебін тигізеді.



Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. «Каспий қайраңының экологияға әсері» туралы шағын баяндама дайындау.

5-тақырып: Қарашығанақ газ-конденсат кен орнын игеру проблемалары

Қарашығанақ Мұнай-Газ Конденсат Кені - облыстың Бөрілі ауданы жерінде, Орал қаласынан шығысқа қарай 150 км жерде орналасқан. 1979 жылы ашылған. 1991 ж. 402 млрд. м газ, 404 млн. т мұнай және газ –конденсат өндірді. Негізгі тұтынушылары Поволжье және Оңтүстік Оралдағы мұнай мен газ өңдеу кәсіпорындары болды. Облыста «Бритиш газ» (Англия), «Аджип» (Италия), «Тексако» (АҚШ), «Лукойл» (Ресей) және «Қазақойл» біріккен консорциум «Қарашығанақ» интегралдық ұйымы құрылды. Оның ауданы 30000 га, мұнай мен конденсат – 1200 млн.т., газ-1350 млрд.м3 астам.

Өткір экономикалық проблемалармен және инвестициялық қаражаттың тапшылығымен бетпе-бет келген Қазақстан 90- жылдардың ортасында өзінің мұнайгаз кеніштерін игеруге шетелдік инвесторларды белсенді тартуға мәжбүр болды. Қоры 9 миллиард баррель мұнай және 1,35 трлн. текше метр газ көлемінде бағаланған ірі Қарашығанақ кенішіне байланысты келіссөздер 1992 жылы басталды.

Сұрақтар мен тапсырмалар


  1. Газет, журналдарды, оқулық мәтіндерін пайдалану арқылы, Қарашығанақ газ-конденсат кен орнындағы экологиялық мәселелерді және оны жою үшін мемлекет тарапынан қандай шаралар жасалынып жатқандығын анықтау.

6-тақырып: Шетелдердегі қазақ диаспорасы және олардың өз отанына оралу мәселесі

Диаспора- грек тілінде белгілі бір халықтың (этникалық қауымның) біраз бөлігінің өз елінен тыс өңірге орын тебуін білдіретін ұғым. Ал диаспорология болса, диаспораның қалыптасу және өзгеру тарихы мен динамикасын зерттейтін ғылым саласы.

1995 жылы Қазақстан Республикасында туратын «шетел азаматтарының құқықтары туралы» Заң шықты. Әсіресе Монғолия азаматтығынан шығу өте қиын, бұл осы елдегі қазақтардың отанына оралу үдерісін қиындата түсуде. Отанына көші-қон квотасымен оралған қазақ отбасына баспана беріледі.Квотасы келіп, баспананы өздері салғандарға миграция және демография басқармасы комиссиясы арқылы мүмкіндігінше қаржылай көмек көрсетеді

Сұрақтар мен тапсырмалар.


  1. Қазақ диаспорасының біршама көп таралған аймақтарын атау.

  2. Қазақ диаспорасының басқа елдерге таралуының негізгі себептері қандай деп ойлайсыздар?

  3. «Көші-қон» дегеніміз не? Оның түрлері.

  4. Көші-қон бағыттары бойынша қалай бөлінеді?

7-тақырып: Еліміздің шағын және орташа қалаларының қазіргі даму жайы

1999 ж. статистикалық көрсеткіштер бойынша Қазақстандағы 84 қаланың 12 қаласы – орташа қалаларға (50 мыңнан 100 мыңға дейін тұрғыны бар) жатады, онда 10% қала халқы шоғырланған. Елімізде 60 шақты шағын қала бар. Елбасының халыққа арнаған Жолдауында жүктелген ең негізгі міндеттің бірі – шағын қалаларды дамытудың кешенді жоспарын құруРесми мәліметке сүйенсек, аталмыш бағдарлама үш бағыттан тұратын болады. Бірінші бағыт шағын қаланы әртараптандыру және шағын және орта бизнесті дамыту арқылы халықты жұмыспен қамтудың тиімді құрылымын қамтамасыз етуге бағытталып отыр



Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Қазақстанның шағын және орта қалаларын контур картаға түсіріп, статистикалық мәліметтерді қолдана отырып, халқының санын белгілеу.

8-тақырып: Қазақстанда өңдеуші өнеркәсіп салаларын дамыту саясаты

Өңдеуші өнеркәсіптен – қара және түсті металдар, қақтама, машиналар мен жабдықтар, химиялық өнімдер, цемент және басқа құрылыс материалдарын, ағаш өңдеу, жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсіпі өнімдерін өндіру, өнеркәсіп бұйымдарын жөндеу, т.б. құралады.

2011 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша металлургия өнеркәсібінің көлемі 1,8 трлн. теңгені құрады. Сонымен қатар, қара металлургия өндірісі 721,2 млрд. теңгені, негізгі асыл және түсті металл өндірісі 1063,9 млрд. теңгені құрады. Химия өнеркәсібінің көлемі 129,6 млрд. теңгені, машина құрылыс – 446,9 млрд. теңгені, фармацевтика өнеркәсібі 19,6 млрд. теңгені құрап отыр.Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы экономиканың басым бағыттарында өңдеуші өнеркәсіп үлесін арттыруға назар аудартуға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда еліміз аталмыш саланың дамуында оң қарқынға ие. Өңдеуші өнеркәсіп құрылымында өндірістің ең жоғары көрсеткіштері металлургия, химия өнеркәсібі, сонымен қатар машина құрылыс саласына тиесілі.

Сұрақтар мен тапсырмалар


  1. Өнеркәсіп дегеніміз не?

  2. Өңдеуші өнеркәсіп салаларын атаңыздар.

  3. Қазақстанда химия салаларының қандай салалары дамыған? Оған не себеп болған?

9-тақырып: Қазақстан машина жасау өнеркәібінің тәуелсіздік жағдайда даму жайы

Тәуелсіз 13 жылда машина жасау өнеркәсібі өнімі 1999 ж. бастап өсуде. Өткен жылмен салыстырғанда 1999ж. 13,6%-ға, 2000 ж. 79,9%-ға өсті, ал оған дейінгі жылдары 9%-дан 37%-ға дейін төмендеді. Осыған байланысты өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемдегі сала өнімінің үлесі 11,6%-дан (1999ж) 2,2%-ға, яғни 5 есеге, төмендеді. Кейбір өнімдердің нақты көлемі 1991ж. нақты өнімі көлемінің 6%-ын құрады. 1991ж. машина жасау салаларының кәсіпорындары қуатын пайдалану орташа есеппен 10%-дан аспады. 2000 ж. бастап машина жасау өнеркәсібінде біршама өсу қарқыны біліне бастады. Мысалы, 1999ж. салыстырғанда: әр түрлі крандар өндіру 4,5 есеге, подшипник 4,3 есеге, экскаватор 3,2 есеге, бульдозер 2,4 есеге, трактор 1,6 есеге, арнайы автомобильдер 1,5 есеге, мұнай-газ құрал-жабдықтары 4,4 есеге ұлғайды. Жаңа өнімдер: бейнемагнитофон, жазатын аппаратуралар, тоңазытқыштар, шаңжұтқыштар шығарыла бастады. «Қазақстантрактор» АКК-ы құрылып, жаңа типтегі Т-95 тракторлары шығарыла бастады. 1991-1998 жж. ауыл шаруашылығын техникамен қамтамасыз ету, оның ішінде комбайн 2 есеге, трактор және жер жыртатын машиналар 35%-ға азайды. 1997 ж. Қазақстан ауыл шаруашылығы машина жасау өнеркәсібінің 2000 ж. дейін дамуы туралы бағдарлама қабылдады. Мұнда республикалық тұтынуға қажетті әр түрлі жинайтын комбайн, су сепкіш машиналар, гелиоқондырғылар, фермер шаруашылығына қажетті машиналар шығаруды жолға қою белгіленді.



Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Машина жасау өнеркәсібінің шығаратын негізгі өнім түрлерін атаңыздар.

  2. Қазақстанның қандай қалаларында машина жасау біршама дамыған? Жауаптарыңызды нақты мысалдармен дәлелдеңіздер.

10-тақырып: Химия өнеркәсібі нарықтық экономика жағдайында

Нарықтық экономикаға көшу кезеңінде (1991-2000ж) химия өнеркәсібінің дамуында және құрылымында көп өзгерістер болып жатыр. Оның республикалық өнеркәсібінің жалпы өнімдегі үлесі 6,3%-дан (1991) 1,3%-ға дейін төмендеді (2002), даму қарқынын 59-шы кестеден көруге болады.

1990-1996 жж. минералдық тыңайтқыш өндіру 7-8 есеге, немесе 1655,9 мың т 190,9 мың т, кеміді. 1997ж. Қазақстан 19,6 мың т сары фосфор өндірді, оның 94,6%-ы Жамбыл облысының үлесіне тиеді. 2002ж. фосфор өндіретін кәсіпорындардың – 15,7, мұнай өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарда 39,4 ғана болды.

Қазіргі уақытта (2000) «Химпром» ААҚ (Жамбыл облысы) реконструкция жүргізу арқылы сары фосфор (36 мың т), фосфор қышқылы (74 мың т), фосфор қышқылы (24-44 мың т) өндіру қалпына келтірілді. «Казфосфат - НДФЗ» ЖАҚ сары фосфор (35-40 мың т), фосфор қышқылы (24-44 мың т), Шымкент «Фосфор» АҚ синтетикалық жуғыш заттарды шығару (25-35 мың т) жолға қойылды.



Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Химиялық технологияның маңызы мен рөлі қандай?

2. Химия кешені құрамына кіретін салаларды қандай 3 топқа бөлеміз?

3. Күкірт қышқылын өндіру цехтары қай жерлерде таралған?



11-тақырып: Құрылыс материалдар өнеркәсібі

Кеңес үкіметі кезеңінде өндірістің дамуы құрылыс-монтаждық жұ-мыстар көлемінің ұлғаюы, республикада құрылыс өнеркәсібі мен индус -триясының дамуына себеп болды. 1956-1989 жж. негізгі өндірістік қор­ды енгізу және іске қосу 23,5 есеге ұлғайды. Бұл кезде күрделі каржының 65 %-ы құрылыс-монтаждық жұмысқа арналды.



Кеңес үкіметі кезеңінде Қазақстанда тау-кен өнеркәсібінің да байланысты тұрғын үй құрылыс индустриясы, көлік жолдарын салу салалар жылдам қарқынмен дамыды. Капиталдық құрылыстар зауыттар мен фабрикалар, кен орындары, көлік жолдары, тұрғын және баска да әлеуметтік нысаналар кептеп салына бастады. бөлінген күрделі қаржының өсу қарқынын 45-суреттен көруге

1-сур. Құрылыска күрделі каржы бөлу каркыны, 1920 жылд; 1980жылға дейін (1920-1928= 100%) (Каримова 3. Экономи Казахстана в XX веке: Основные этапы и итоги развития // Эк номика и статистика. — 2000. — №



Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Қазақстаноблыстары бойынша 100%цемент өндіру қандай 5 облыстың үлесіне тиеді?

  2. Құрылыс өнеркәсібінің болашағы немен байланысты деп ойлайсыздар?

12-тақырып: Қазақстан труба құбыры көлігінің даму болашағы

Құбыр көлігі елімізде жүк тасымалдаудан 3-ші (9,8%), жүк айналымында 2-ші (27,0%) орын алады (2003). Мұнай-газ құбырларымен бірге темір жолмен және теңіз көлігімен мұнай мен газды тасымалдауда кешенді жұмыс жасайды. ҚР қазір мұнай қоры бойынша алдыңғы 10 елдің қатарына кірсе, болашақта Каспий қайраңында жаңа мұнай қорларының ашылуына байланысты дүние жүзі елдерінің ішінде алдыңғы қатарлы орын алады деген болжам бар. Яғни елімізде болашақта мұнай өнімін 150 млн.т. дейін жеткізуге мүмкіндік бар. Осыған байланысты 2005 жылдан қазіргі құбыр жүйесінің мұнайды тасымалдау мүмкіндігі жеткіліксіз. ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәліметі бойынша, 2010 ж. Қазақстан мұнай экспортын 88 млн. т. жеткізуге жоспарлап отыр.



Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Атластағы көлік географиясына арналған карталардан аса маңызды құбыр жолының ірі желілерін анықтап, олардың шаруашылық салаларындағы маңызын түсіндіріңіздер.

  2. Құбыр көлігі және көліктің басқа да түрлері қоршаған ортаға аса зиянды деп есептелінеді, не себепті?

13-тақырып: Ауыл шаруашылығы өндірісінің қазіргі даму жайы

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясы бойынша экономиканың аграрлық секторын дамыту үшін үкімет жарлықтары, «Аграрлық-өнеркәсіптік кешенінде ақпараттық – маркетингтік бір жүйені құру», «Қазақстан ауыл шаруашылығының 2010 жылға дейін даму стратегиясы», т.б. құжаттар жарыққа шығып, «Жер кодексі» қабылданды.



Ауыл ша­руашылығы жалпы өніміндегі егін және мал шаруашылығы өнімдерінің ара қатынасы Қазақстан аймақтары бойынша 50-суретте берілген.

50-сур. Егін және мал шаруашылығы жалпы өнімдерінің территориялық кұрылымы, 2003 ж., % есебімен

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында аграрлық саясаттың негізіндегі жаңа ережесі – жерге меншіктік құқықтың болуы аса маңызды болып табылады. Сондықтан, жер кодексінің мәні, сол заң арқылы ауылдың әлеуметтік экономикалық жағдайына әсерін айқындайды. Қазіргі кездегі Қазақстаның аумағындағы жер қатынастарының даму тарихы – бұл өте күрделі әрі қызықты да тақырып

Сұрақтар мен тапсырмалар


  1. Ауыл шаруашылығының интенсивті және экстенсивті дамуы дегенімізді қалай түсінесіздер?

  2. Ауыл шаруашылығының маңызы.

14-тақырып: Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияны тарту

Сыртқы экономикалық байланыстың бір түрі – шетелдік инвестицияны тарту. Шетелдік тікелей инвестиция дегеніміз – белгілі бір елдің кәсіпкерлері, компаниялары, фирмаларының басқа елдердің кәсіпорындарын ұзақ мерзімге сатып алу немесе белгілі бір көлемде уставтық қорына кіру аоқылы тұрақты жұмыс жасау, бақылау.

Қазіргі кезеңде (2003ж) тікелей шетелдік инвестицияның 74,5%-ы тау-кен өнеркәсібіне, оның ішінде мұнай және газ өндіруде 74,4%-ы түсіп жатыр. Көліктің дамуына 3,3% шетелдік инвестиция түседі. Шетелдік тікелей инвестицияның түсіміндегі басты орын алатын елдер 65-суретте көрсетілген. Қазіргі уақытта шетел капиталы қатысқан 5300 шетелдік кәсіпорындар жұмыс жасайды. Оның ішінде Алматыда – 3404, Астанада – 345, Қарағанды облысында – 246, Атырау – 361, Шығыс Қазақстан – 160, Алматы – 107, Ақтөбе облыстарында 114 кәсіпорын бар.

Сұрақтар мен тапсырмалар


  1. Шетелдік инвестиция дегеніміз не?

  2. Шетелдік инвестицияна тарту және енгізу қандай мәселелерді шешуге көмектеседі?

15-тақырып: Еліміздің шетелдермен экономикалық байланысы

Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.



Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Қазақстанның нақты бір мемлекетпен экономикалық байланысы туралы шағын хабарлама жасаңыздар.

16-тақырып: Қазақстанның әлемдік қауымдастықта алатын орны

ТҰК дегеніміз – өндірістік және сауда-тұтынушылық әрекеттерді ұлттық мемлекеттің аумағынан сыртқа шығару арқылы халықаралық еңбек бөлінісінің объективтік тенденциялары мен дүние жүзілік еңбек бөлінісіндегі жаһандану және әлемдік интернационалдық үрдістерін пайдалану арқылы дамитын корпорациялар мен олардың филиалдары.

. ЮНКТАД-тың мәліметі бойынша, ТҰК-ың Қазақстандағы 180-дей филиалдары мен өкілеттіліктері бар.

Сұрақтар мен тапсырмалар


  1. Қазақстанның дүние жүзі экономикалық қауымдастығындағы орнын анықтау үшін әр түрлі экономикалық көрсеткіштер мен индикаторларды пайдалануға болады. Қазақстанның дүние жүзі экономикасы ауқымында экономикалық даму қарқынын салыстырмалы тұрғыда көрсету үшін К. Арыстанбеков бейиндикаторлық көрсеткішті ұсынған. Соны дәптерлеріңізге көшіріп алып, талдаңыздар.

17-тақырып: Экономикалық аудандардың даму жайы және олардың арасындағы өзара байланыс

Қазақстан аумағы 207 млн. км2 және оның әр бөлігі табиғат және экономикалық жағдайларымен ерекшеленеді. Экономиканың өсіп, көліктің осы заманғы түрлерінің пайда болуына байланысты Қазақстанда өзінің ішкі территориялық еңбек бөлінісі дамыды. Бұл оның кейбір бөліктеріндегі шаруашылықтардың революцияға дейін ақ байқала бастаған территориялық еңбек бөлінісін күшейіп, бірте-бірте республикаішілік бес (Орталық, Шығыс, Батыс, Солтүстік және Оңтүстік) экономикалық аудандардың қалыптасуына себепші болды. Бұл аудандардың әрқайсысының шаруашылықтарындағы жергілікті ауданішілік маңызы бар салалар әдетте республикалық және республикааралық маңызы бар салалармен ұштасқан, олардың әрқайсысы республиканың бүкіл халық шаруащылығын серпінді әрі кешенді дамытуды қамтамасыз ететін ауданішілік және ауданаралық экономикалық байланыстары қалыптасқан.



Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Қазақстанның кез-келген бір экономикалық ауданына экономикалық-географиялық тұрғыдан толық сипаттама беріңіздер (контур картаны қолдануға да болады).

18-тақырып: Еліміз астанасы Астана қаласының қалыптасуы және оның қазіргі даму жайы, болашағы

1832 жылы Есіл өзенінің жағасында Қараөткел шатқалында Ақмола сыртқы округі құрылды. Кейінірек, бұл жер сауда жәрмеңкелері өтетін, қазақ жері мен шетелдің арасындағы басты жолдарын байланыстыратын көлік торабына айналды. 1998 жылы Астана өзінің қазіргі атына ие болды. 1961 жылға дейін қала Ақмолинск деп аталып келді, 1961 жыл мен 1992 жыл аралығында – Целиноград болып келді, ал 1992 мен 1998 жылдар аралығында – Акмола.

Қазіргі Астана – бұл тас, темір мен әйнектен құралған ғимараттар ғана емес, бұл өзінің жаны бар қала. Елбасы атап өткендей, «Болашақ ұрпақтың Астанасын біз қалай салсақ, сондай болады. Елорда – бұл ғимараттар, көшелер мен саябақтар емес. Елорда – бұл, ең алдымен адамдар. Астана тұрғыны ерекше ішкі әлемі бар, жоғары мәдениетті, білімді, тәрбиелі болуы қажет. Астана бүгiн - бұл қазiргi iрi мегаполис, дамыған инженерлiк инфрақұрылыммен, көлiк желiмен, коммуналдық шаруашылықпен және қаланың нормалы тiршiлiк әрекет қамтамасыз ететiн әлеуметтiк объекттердiң желi тармақты тұрғын қормен.

Сұрақтар мен тапсырмалар


  1. Астана қаласының болашағы туралы сөз қозғау.

  2. Қазіргі Астана туралы слайд жасау.

Н.4.02.-05


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

                                                  БЕКІТЕМІН

Кафедра отырысы шешімімен

Кафедра меңгерушісі

Заңдыбай А.



5В011600 - география мамандығы


Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы пәні бойынша

Емтихан сұрақтарының

ТІЗІМІ

Көкшетау, 2012



Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы пәні бойынша сұрақтар:


  1. Экономикалық және әлеуметтік география ғылымының негізгі сұрақтары мен түсініктері

  2. Қазақстан Республикасының территориясы

  3. Эконом-географиялық орнына баға беру

  4. ҚР ТМД және Дүние жүзі қауымдаастығындағы орны

  5. Табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары

  6. Халық санының өсу қарқыны

  7. Жастық және жыныстық құрамы

  8. Ұлттық құрамы

  9. Қала және ауыл халқы

  10. Еңбек ресурстары және оларды пайдалану

  11. Көмір өнеркәсібі

  12. Мұнай және газ өнеркәсібі

  13. Электрэнергетикасы

  14. Қара металлургия өнеркәсібі

  15. Түсті металлургия өнеркәсібі

  16. Машина жасау өнеркәсібі

  17. Химия өнеркәсібі

  18. Орман ресурстары және ағаш өңдеу өнеркәсібі

  19. Құрылыс өнеркәсібі

  20. Егін шаруашылығы

  21. Мал шаруашылығы

  22. Тамақ өнеркәсібі

  23. Халық тұтынатын тауарлар өнеркәсібі

  24. Темір жол көлігі

  25. Автомобиль көлігі

  26. Су көлігі

  27. Әуе жол көлігі

  28. Құбыр көлігі

  29. Байланыс және коммуникация

  30. Сыртқы экономикалық байланыстар


Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы пәнінен тест тапсырмалары
1. Қазақстан орналасқан белдеу

А) тропиктік

Б) қоңыржай

С) қоңыржай белдеудің орталық және оңтүстік ендіктері

Д) субтропиктиік белдеудің орталығы

Е) қоңыржай белдеудің орталығы мен қиыр солтүстігі

2. Қазақстанның жер көлемі ... шаршы шақырымды құрайды

А) 2 млн. 724,9 мың

Б)  2 млн. 999,9 мың 

С)  3 млн. 724,9 мың

Д)  4 млн. 724,9 мың

Е)  5 млн. 724,9 мың

3. Қазақстан жер шарының ... % алады

А) 1


Б)  2   

С)  3


Д)  4 

Е)  5 


4. Еуропа мен Азия субконтиненттерінің географиялық орталығы Қазақстанның Шығыс Қазақстан облысы ... қиылысында орналасқан

А)  780 ш.б мен 520 с.е

Б)  790 ш.б мен 500 с.е

С)  770 ш.б мен 500 с.е

Д)  780 ш.б мен 500 с.е

Е)  760 ш.б мен 520 с.е

5. Қазақстанның шекарасының ұзындығы 

А)  15 000 шақырым

Б)  13 000 шақырым  

С)  12 000 шақырым

Д)  11 304 шақырым 

Е)  13 034 шақырым

6. Қазақстан Республикасының халқының саны

А) 16 млн.

Б) 17млн.

С) 13 млн.

Д)  14 млн. 

Е)  18 млн.

7. Қазақстан халқының саны жөнінен ТМД-да төртінші орында

А) Ресей, Қырғыстан, Өзбекстаннан кейін

Б) Ресей, Украина, Өзбекстаннан кейін

С) Ресей, Қырғыстан, Украинадан кейін

Д)  Ресей, Түркіменстан, Өзбекстаннан кейін

Е)  Украина, Қырғыстан, Өзбекстаннан кейін

8. 1000 адамға шаққандағы туған және өлген адамдар санының айырмасы

А) механикалық өсім

Б) көші-қоны

С) табиғи өсім

Д)  табиғи өсу коэффициенті 

Е)  халық тығыздығы

9. Қазақстандағы адамдардың өмір сүру орта жасы

А) ерлер 60, әйелдер 76,4

Б) ерлер 62, әйелдер 74,4

С) ерлер 60, әйелдер 74,4

Д)  ерлер 58,5, әйелдер 72

Е)  ерлер 58,5, әйелдер 76,4

10. Халық санының көшіп келушілер есебінен өсу

А) агломерация

Б) көші-қоны

С) табиғи өсім

Д)  табиғи өсу коэффициенті 

Е)  механикалық қозғалыс

11. Өндіріс құрал-жабдықтарын өндіретін, адамдардың игіліктерін жасап, тұтынушыға жеткізуді қамтамасыз ететін сала

А) өндірістік емес

Б)  өндірістік

С)  кәсіпорын

Д)  комбинат

Е)  өнеркәсіп

12. Адамдардың тұрмыстық және рухани қажеттерін қамтамасыз ететін сала

А) өндірістік емес

Б)  өндірістік

С)  кәсіпорын

Д)  комбинат

Е)  өнеркәсіп

13. Өндірістік салаға жатады

А) машина жасау, ғылым

Б) машина жасау, тұрғын үй

С) химия, қара металлургия

Д) мәдениет, электр энергиясы

Е)  көлік, коммуналды шаруашылық

14. Өнеркәсіп өнімі жөнінен еліміз ... орында

А) 1


Б) 2

С) 3


Д) 4

Е)  5


15. Өндіріс құрал жабдықтарын өндіретін сала

А) өндірістік емес

Б)  өндірістік

С) жетекші

Д) ауыр өнеркәсіп

Е)  жеңіл өнеркәсіп

16. Ең жоғары жылу шығару тән

А) мұнай мен газға

Б) тас көмірге

С) көмір мен шымтезекке

Д)  қоңыр көмір мен шымтезекке

Е)  барлығына

17. Ең арзан отын түрі

А) шымтезек    

Б) мұнай мен газ

С) тас көмір

Д)  қоңыр көмір 

Е)  газ


18. Мұнайды өңдегеннен кейінгі қалатын қалдықтар

А) дизель майы    

Б) синтетикалық талшық

С) каучук, спирт

Д) гудрон, мазут

Е) пластмасса

19. Көмірсутекті шикізаттардың жалпы қоры жөнінен Қазақстан ... орында

А) 1


Б) 2

С) 3


Д) 4

Е)  5


20. Каспий қайраңымен қоса алғандағы Қазақстанның мұнай қоры

А) 10 млрд. т

Б) 11 млрд.т

С) 12 млрд.т

Д) 13млрд.т

Е)  14 млрд.т

21. Дүние жүзіндегі ең ірі ашық карьер

А) Центральный

Б)  Богатырь

С)  Восточный

Д)  Северный

Е)   Степной

22. «Богатрь» карьерінің ашылған жылы

 А) 1940


Б)  1950

С)  1960


Д)  1970

Е)   1980

23. Екібастұз көмірін мына мақсатта пайдаланады

А) ЖЭС -да

Б)  энергетикалық

С)  отын


Д)  ЖЭО-да

Е)    металлургияда

24. Республикадағы өндірілетін электр энергиясының 90% береді

А)  СЭС


Б)  АЭС

С)  ЖЭС 

Д)  ЖЭО

Е)  балама энергия көздері

25. Әрқайсысының  қуаты 4 млн. кВт МАЭС орналасқан

А) Ақсуда

Б)  Жамбылда

С)  Алматыда

Д)  Қарағандыда

Е)  Екібастұзда

26. Қазақстанның 6467 шақырым шекара ұзындығы шектеседі

А) Қытаймен

Б)  Қырғызстанмен 

С)  Өзбекстанмен

Д)  Түркіменстанмен 

Е)  Ресеймен

27. Қазақстан аумағы арқылы төрт құрлықтық темір және автомобиль жолдары тартылғын

А) трансазиялық, Еуроазиялық, Ортасібірлік, Қытайлық

Б)  трансазиялық, Еуроазиялық, Ортаазиялық, Қытайлық 

С)  трансазиялық, Еуроазиялық, Ортасібірлік, Ортазиялық

Д)  трансазиялық, Еуразиялық, Ортаазиялық, Батыс

Е)  трансазиялық, Еуразиялық, Ортасібірлік, Батыс

28. Каспий теңізі арқылы ... елмен шектеседі

А) 1


Б)  2   

С)  3


Д)  4 

Е)  5 


29. Қазақстанның әуе кеңістігінде неше  халықаралық әуе жолы түйісетінін көрсетіңіз

А)  70


Б)  72   

С)  73


Д)  74 

Е)  75 


30. Қазақстанның экономикалық-географиялық тұрғыдан артықшылығы мынада:

А) тархи- саясижағдайы, транзиттік, климаты

Б)  тарихи- әлеуметтік жағдайы, жер көлемі 

С)  жер бедерінің жазықтығы, тарихи экономикалық елдермен шектесуі,

      транзиттік жол торабы

Д) жер бедерінің жазықтығы, транзиттік жол торабы

Е)  саяси жағдайы, тарихи экономикалық елдермен шектесуі,

      транзиттік жол торабы

31. Қазақстан ішіндегі көші-қоны жоғары аудандар

А) Алматы, Атырау, Қарағанды

Б) Алматы, Астана, Павлодар, Маңғыстау

С) Алматы, Астана, Көкшетау

Д)  Алматы, Астана, Өскемен

Е) барлығы дұрыс

32. Қазақстандағы халықтың орташа тығыздығы

А) 12,8


Б) 6,5

С) 5,6


Д)  2,5 

Е)  2,6


33. Халық жиі қоныстанған

А) Алматыда

Б) солтүстікте, орталықта

С) оңтүстік - шығыста

Д)  оңтүстікте, солтүстік- шығыста

 Е)  солтүстікте, батыста

34. Тілі жөнінен ... тілдік тобына жатады

А) Алтай


Б) түркі

С) нанай


Д)  араб 

Е)  ислам

35. Қазақтардың  94%  қоныстанған

А) Атырауда

Б) Маңғыстауда

С) Алматыда

Д)  Астанада 

Е)  Қызылордада

36. Халықтың тұтыну заттарын өндіретін сала

А) өндірістік емес

Б)  өндірістік

С) жетекші

Д) ауыр өнеркәсіп

Е)  жеңіл өнеркәсіп

37. Ауыр өнеркәсіпке жатады

А) отын, металлургия

Б)  электр энергиясы, аяқ киім

С) химия, балық

Д) құрылыс, тігін

Е)  машина жасау, тоқыма

38. Жеңіл өнеркәсіп салаллары

А) отын, металлургия

Б)  тігін, аяқ киім

С) химия, балық

Д) құрылыс, тігін

Е)  машина жасау, тоқыма

39. Елімізде бүкіл өнеркәсіп өнімінің 70% береді

А) ауылшаруашылығы

Б)  тамақ өнеркәсібі

С) отын өнеркәсібі

Д) ауыр өнеркәсіп

Е)  жеңіл өнеркәсіп

40. қазақстанның өндіруші өнеркәсіп өнімінде басым

А) шикізат, дайын өнім

Б)  тамақ, жартылай фабрикат

С) отын, машина

Д) шикізат, мал өнімдері

Е)  шикізат, жартылай фабрикат, отын

41. Газдың қоры ... трлн. текше метр

А) 4


Б) 5

С) 6


Д) 7

Е)  8


42. Әлемдегі елдердің ішінде Қазақстан мұнайдың қоры бойынша алатын орны

А) 1


Б)  7

С)  9


Д) 10

Е)  13


43. Қазақстанда алғашқы мұнай өндірілді

А) 1899


Б) 1911

С) 1915


Д) 1903

Е)  1913


44. Ембі мұнайының Атырау мұнайынан ерекшелігі

А) парафині, күкірті көп

Б) технологиялық сапасы төмен

С) алынған жанар май жоғары бағаланады, жердің беткі қабатына жақын

     орналасқан

Д) парафині аз, күкірті көп, сапасы төмен жанар май алынады, технологиялық

     сапасы жоғары

Е)  парафині, күкірті аз, технологиялық сапасы жоғары, алынған жанар май

      жоғары бағаланады, тереңде орналасқан

45. Қазақстанның ең үлкен мұнай кен орны

А) Мақат

Б) Доссор

С)  Ембі

Д) Теңіз


Е)  Қаламқас

46. Елімізде өндірілетін электр энергиясының ... % СЭС береді

А) 2

Б)  4


С)  5

Д)  7


Е)   8

47. Қазақстанның су ресурстарының басым бөлігі...

А) шығыс, оңтүстік-шығыста

Б)  солтүстік шығыста

С)  солтүстік пен оңтүстікте

Д)  шығыс пен орталықта

Е)   оңтүстікте

48. Іле өзеніндегі СЭС

А) Қапшағай

Б)  Бұқтырма

С)  Шардара

Д)  Үлбі


Е)   Тишинск

49. Еліміздегі жалғыз АЭС орналасқан

А) Семейде

Б)  Өскеменде

С)  Ақтауда

Д)  Каспийде

Е)   Атырауда

50. Республикадағы АЭС негізгі атқаратын қызметі

А) электр энергиясын өндіреді

Б)  мұнай өңдеуге қолданады

С)  Маңғыстауды энергиямен қамтамасыз етеді

Д)  Каспий суын тұщыландырып, ішуге жарамды су береді, электр энергиясын өндіреді

Е) әскери мақсатта қолданады

51. Еліміздің климатына тән

А) Орта Азия құрғақшылығы

Б)  Сібірдің ылғалдылығы

С)  Орталық Азияның ыстығы мен құрғақшылығы

Д)  Сібірдің қатаң суығымен мәгілік тоңы

Е)  Орталық Азияның ыстығы мен Сібірдің қатаң суығы

52. Еліміздің климаты

А) континентті

Б)  ылғалды континентті 

С)  шұғыл континентті

Д)  құрғақ континентті

Е)  барлық жауап дұрыс

53. Қазақстан Республикасы дүние жүзінде ... қоры жөнінен бірінші орында

А) вольфрамнан

Б)  хром, фосфордан

С)  марганецтен

Д) қорғасыннан 

Е)  темірден

54. Қазақстан Республикасы дүние жүзінде хром, фосфор қоры жөнінен екінші орында мына елдерден кейін

А) АҚШ, Үндістан

Б) Украина, Австралиядан

С)  АҚШ, Канададан

Д) Канада, Украинадан

Е)  АҚШ, Украинадан

55. Қазақстан Республикасы дүние жүзінде қоры жөнінен үшінші орында

А) вольфрамнан

Б)  хром, фосфордан

С)  марганецтен

Д) қорғасыннан, молибденнен 

Е)  темірден

56. Қазақ диаспорасының саны жөнінен басымы

А) Түрікменстан

Б) Қырғызстан

С) Түркия

Д)  Қытай

Е)  Өзбекстан

57. Еңбекке жарамды адамдар

А) еңбек ресурсы

Б) белсенді халық

С) жастық құрамы

Д)  жыныстық құрамы

Е)  еңбек бөлінісі

58. Еліміздегі ең көп диаспорасы

А) кәрістер

Б) орыстар

С) өзбектер

Д)  қытайлар

Е) ұйғырлар

59. Еңбекке неғұрлым қабілетті адамдар жасы

А) 25-тен 49 жасқа дейін

Б) 30-тен 45 жасқа дейін

С) 35-тен 49 жасқа дейін

Д)  40-тен 58 жасқа дейін

Е)  45-тен 60 жасқа дейін

60. Еңбек ресурсының үлес салмағы жоғары аудан

А) батыста

Б) орталықта

С) шығыста

Д) солтүстік

Е)  оңтүстікте

61. Өндірісті ұйымдастырудың формалары

А) салалық, технологиялық

Б)  мамандандыру, ауданаралық

С) шоғырландыру, мамандандыру

Д) тетіктік, құрамдастыру

Е)  кооперативтендіру, затқа

62. Ірі кәсіпорындарға топтастыру ... деп аталады

А) корпорациялау

Б)  шоғырландыру

С) мамандандыру

Д)   құрамдастыру

Е)  кооперативтендіру

63. Кәсіпорындардың бірыңғай өнімдер шығаруға бейімделуі

А) корпорациялау

Б)  шоғырландыру

С) мамандандыру

Д)   құрамдастыру

Е)  кооперативтендіру

64. Бір кәсіпорында технологиялық процесі ұқсас бірнеше өндірістердің жинақталуы

А) корпорациялау

Б)  шоғырландыру

С) мамандандыру

Д)   құрамдастыру

Е)  кооперативтендіру

65. Дайын өнімдерді жасап шығарудағы бірнеше кәсіпорындардың арасындағы

      өндірістік байланыс

А) корпорациялау

Б)  шоғырландыру

С) мамандандыру

Д)   құрамдастыру

Е)  кооперативтендіру

66. Теңіз мұнайының құрамындағы қауіпті қосылыс

А) меркаптин

Б)  күкірт

С)  парафин

Д) гудрон

Е)  ондай қосылыс жоқ

67. Мұнайдың өте бай қоры шоғырланған

А) Маңғыстауда

Б)  Каспий қайраңында

С)  Ембіде

Д) Бозашыда

Е)  Шағанда

68. Құмкөлдің мұнайы өңделеді

А) Атырауда

Б)  Павлодарда

С)  Шымкентте

Д) Самарада

Е)  Ембіде

69. Ең алғаш салынған мұнай өңдеу зауыты

А) Атырау

Б)  Павлодар

С)  Шымкент

Д)  Ақтау

Е)  Жаңаөзен

70. Павлодар мұнай өңдеу зауыты ... мұнайымен жұмыс істейді

А) Самарадан

Б)  Атыраудан

С)  Шымкенттен

Д) Ембіде 

Е)  Батыс Сібірден

71. Қазақстан аумағында жел энергиясы мол

А) шығысында

Б) батысында, орталығында

С)  оңтүстігінде

Д)  солтүстігінде

Е)   оңтүстік-шығысында

72. Қазақстан энергетикасының басты міндеті

А) электр желісін қайта жөндеу

Б)  төменгі вольтты электр желілерін азайту

С)  жоғары вольтты энергия жүйесін құру

Д)  АЭС санын көбейту

Е)   біріыңғай энергетикалық жүйе құру

73. ЖЭС жұмыс істейді

А) газ бен сумен

Б)  уран мен мұнай

С)  көмір мен су буымен

Д)  ағашпен

Е)   көмір, газ, мазутпен

74. Екібастұз көмірінің геологиялық қоры

А) 12 млрд.т

Б)  14 млрд.т

С)  15 млрд.т

Д)  16 млрд.т

Е)   17 млрд.т

75. Жылына 50 млн.тонна көмір шығаратын дүние жүзіндегі ең ірі карьер

А) Центральный

Б)  Богатырь

С)  Восточный

Д)  Северный

Е)   Степной

76. Жыртылған жер көлемі бойынша Қазақстан дүние жүзінде ... орында

А) 4


Б)  6  

С)  3


Д)  7 

Е)  10


77. Қазақстан аумағы су қорының 62% үлесі тиесілі

А) Оңтүстік Қазақстанға

Б) Батыс Қазақстанға

С) Орталық Қазақстанға

Д)  Шығыс Қазақстанға

Е)  Солтүстік Қазақстанға

78. Төменгі ағыстары балыққа бай өзендер:

А) Ертіс, Іле

Б)  Жайық, Іле

С)  Сырдария, Іле

Д)  Жайық, Есіл

Е)  Ертіс, Тобыл

79. Жер асты суының мол қоры

А) Қылызқұм, Бетпақдалада

Б)  Бетпақдалада 

С)  Мойынқұм, Қызылқұмда

Д)  Мойынқұм, Арал маңында

Е)  Бетпақдала, Арал маңында

80. Республика аумағының бар болғаны ... % орман алады

А) 1


Б)  2   

С)  3


Д)  4 

Е)  5


81. Елді мекендердің түрі

А) 1


Б) 2

С) 3


Д) 4

Е)  5


82. Қала рөлінің басымдылығы мен қала халқы санының артуы

А) миграция

Б) имиграция

С) урбандалу

Д) эмиграция

Е)  этнос

83. Қазақстандағы қаланың саны

А) 70


Б) 75

С) 84


Д) 90

Е)  80


84. Қазақстандағы миллионер қала

А) 1


Б) 2

С) 3


Д) 4

Е)  5


85. Ірі қалардың маңында шағын және орташа қалалардың шоғырлануы

А) миграция

Б) мегаполис

С) урбандалу

Д) эмиграция

Е)  агломерация

86. Қоғамның белгілі бір дәуіріндегі өндіргіш күштерге сай келетін өндірістік    

     қатынастардың жиынтығы, қоғамда үстемдік етуші өндіріс тәсілі

А) экономика

Б)  технология

С) өнеркәсіп

Д)  рынок

Е)  салық

87. Шығарылған өнімді сатып алып тұтынатын адам не мекеме

А) тұтынушы

Б) технология

С) тендер

Д)  рынок

Е)  табыс

88. Белгілі бір өндіріс процесін іске асыру, материалдар мен бұйымдарды өңдеу

      жөніндегі жұмыстар жиынтығы

А) экономика

Б)  технология

С) өнеркәсіп

Д)  рынок

Е)  тендер

89. Түрлі өндіріс салалары бар өнеркәсіп- шаруашылық бірлестігі

         А) инфрақұрылым

Б)  технология

С) өнеркәсіп

Д)  комбинат

Е)  зауыт

90. Экономиканың дамуы мен адамдардың тіршілік әрекетінің жағдайын жақсарту

       жиынтығы

А) рынок

Б) технология

С) өнеркәсіп

Д)  комбинат

Е)  инфрақұрылым

91. Газдың ірі кен орны

А) Қарашығанақ

Б)  Теңге

С)  Жаңаөзен

Д)  Өзен


Е)   Үстірт

92. Қарашығанақ газын  өңдейтін орын

А) Қарашығанақ

Б)  Жаңаөзен 

С)  Орынбор

Д)  Сарысу

Е)   Теңге

93. Қазақстан жерінен өтетін қуатты газ магитралі

А) Ақтау-Атырау

Б)  Атырау-Орал

С)  Бұхар-Орал

Д)  Доссор-Ракуша

Е)   Өзен-Самара

94. Қазақстанда әлемдік көмір қорының қанша пайызы шоғырланғанын атаңыз

А) 1,8

Б)  2,0


С)  2,5

Д)  3,3


Е)   4,0

95. Қазақстаның көмірдің қоры бойынша дүние жүзінде алатын орны

А) 4

Б)  5


С)  6

Д)  7


Е)   8

96. ЖЭС-нан ЖЭО-ның айырмашылығы

А) электр энергиясын өндірмейді

Б)  қуаты төмен

С)  электр энергиясын өндіреді, ыстық су және бумен қамтамасыз етеді, аз

      ауданды қамтиды

Д)  қуатты электр энергиясымен аз ауданды қамтиды

Е)   айырмашылығы жоқ

97. Қазақстан СЭС өндіруден ... кейін үшінші орында

А) Ресей, Өзбекстаннан

Б)  Тәжікстан, Өзбекстаннан

С)  Қырғызстан, Ресейден

Д)  Ресей, Тәжікстаннан

Е)   Ресей, Түркіменстаннан

98. Ең көп СЭС салынған өзен

А) Іле


Б)  Сырдария

С)  Ертіс

Д)  Нұра

Е)   Есіл

99. Бірнеше шағын СЭС каскадтары салынған өзен

А) Іле


Б)  Үлкен, кіші Алматы

С)  Ертіс

Д)  Сырдария

Е)   Есіл

100. Электр энергиясын ең көп тұтынады

А) көлік


Б)  ауыл шаруашылығы

С) халық


Д)  жеңіл өнеркәсіп

Е)   өнеркәсіп

101. Қазақстан орманындағы басым ағаш түрін атаңыз

А) шырша


Б)  қайың  

С) емен


Д)  көктерек

Е)  сексеуіл

102. Тынығу, демалу арқылы адамның күш-қуатын қалпына келтіретін, әрі қорғауға алынған көрікті табиғат обьектілері

А) табиғи ұлттық парк

Б)  рекреациялық аудан  

С)  қорықшалар

Д)  қорықтар

Е) емдік- сауықтыру орталықтары

103. Рекрациялық аудандар шоғырланған

А) Көкшетау, Алтай, Алматы

Б)  Іле, Жоңғар Алатауы, Сауыр-Тарбағатай  

С)  Алтай, Іле, Жоңғар Алатауы, Павлодар маңы, Мойынқұм  

Д) Көкшетау, Алтай, Іле, Жоңғар Алатауы, Павлодар маңы

Е)  Жоңғар Алатауы, Павлодар маңы, Мойынқұм

104.  Минералды бұлақтар мен емдік балшықтар мына орталықтарда:

А) Жаңақорған, Іле

Б)  Сарыағаш, Жасыбай   

С)  Арасан, Мойынқұм

Д)  Мойылды, Алатау

Е)  Сарыағаш, Мойылды, Арасан, Жаңақорған

105. Сарқылмайтын табиғат ресурстары

А) минералды

Б)  су   

С)  жер


Д)  биологиялық

Е)  күн энергиясы

106. Республикадағы ең ірі агломерация

А) Астана, Көкшетау

Б) Алматы, Талдықорған

С) Павлодар, Екібастұз

Д) Теміртау, Қарағанды

Е)  Өскемен, Риддер

107. Атмосфераның ластану көрсеткіші мөлшерінің жоғарлығы жөнінен Қазақстанда тіркелген бірінші орындағы қала

А) Астана

Б) Риддер

С) Екібастұз

Д) Қарағанды

Е)  Алматы

108. Ауылды елді мекендер басым

А) Атырауда

Б) Маңғыстауда

С) Алматыда

Д)  Астанада 

Е)  Қызылордада

109. Әйелдер еңбек күшін пайдалану мақсатында Өскемен қаласында салынған

       кәсіпорын

А) жібек маталар комбинаты

Б) күнбағыс майын шайқау өнеркәсібі

С) макарон өнеркәсібі

Д)  шұлық фабрикасы

Е)  былғары-тері илеу зауыты

110. Халықтың ауылда қоныстану ерекшелігі ... байланысты

А) табиғи-тарихи және экономикалық жағдай

Б) тарихи-әлеуметтік

С) әлеуметтік-экономикалық

Д)  саяси-тарихи

 Е)  дұрыс жауап жоқ 

111. Өндірістің өнімділігін арттыру үшін жұмсалатын қаржы мен еңбектің артуына байланысты ресурстарды анағұрлым тиімді пайдалануға негіздеп, өндірісті өркендету

А) интенсивтендіру

Б) экстенсивтендіру

С) инвестициялау

Д)  экспорттау

Е)  импорттау

112. Бір елдің ішкі рыногына тауар әкелу

А) интенсивтендіру

Б) экстенсивтендіру

С) инвестициялау

Д)  экспорттау

Е)  импорттау

113. Өнеркәсіп республикада шығарылатын бүкіл қоғамдық өнімнің ... % береді

А) 10

Б) 20


С) 30

Д)  40


Е)  50

114. Өнеркәсіп салаларын орналастырудың шешуші факторлары

А) шикізат

Б) электр энергиясы

С) су

Д)  тұтынушы



Е)  барлығы дұрыс

115. Жоспарлы түрде қызмет ететін қоғамның тауар айналымы

А) реэкспорт

Б) рынок


С) сауда

Д)  өзіндік құн

Е)  салық 

116. Тас көмірді жоғары температурада ауа жібермей қыздырудың нәтижесінде алатын отынның түрі

А) энергетикалық

Б)  кокс


С)  антрацит

Д)  шымтезек

Е)   ондай отын түрі жоқ

117. Қарағанды жерінен алғаш рет көмірдің табылған жылы

А) 1861

Б)  1831


С)  1837

Д)  1900


Е)   1901

118. Қарағанды көмір кешені кокстелген көмірдің ... береді

А) 50 %

Б)  60%


С)  100%

Д)  90%


Е)   80%

119. Қарағанды көмірінің Екібастұз көмірінен айырмашылығы

А) ашық әдіспен өндіріледі,  қабат қалыңдығы аз, кокстелген

Б)  күкірті мен фосфоры аз, арзан, күлі көп

С)  жабық әдіспен өндіріледі, тереңдігі үлкен, тез тұтанады

Д)  геологиялық қоры үлкен,сапалы, кокстелген, күкірті мен фосфоры аз,

Е)   дұрыс жауап жоқ

120. Екібастұз көмірін ашқан

А) Қосым Пішенбаев

Б)  Апақ Байжанов

С)  Қаныш Сәтпаев

Д)  Әлкей Марғұлан

Е)  И.В.Мушкетов 
121. Ірі мұнай зауыттары

А) Павлодар, Шымкент, Атырау

Б)  Павлодар, Қарағанды, Атырау

С)  Атырау, Ақтау, Шымкент

Д)  Орал, Ақтау, Атырау

Е)   Павлодар, Шымкент Орал

122. Батыс Қазақстанның табиғи байлығы

А) хром, темір

Б)  мергель, гипс

С)  мұнай, газ

Д)  молибден, мыс

Е)   темір, көмір

123. Тұңғыш салынған мұнай құбыры

А) Атырау-Ор

Б)  Өзен-Атырау

С)  Ақтау-Самар

Д)  Бұхар-Орал

Е)   Доссор-Ракуша

124. «Теңіз-Шевройл» компаниясының құрылған жылы

А) 1990


Б)  1991

С)  1992


Д)  1993

Е)   1994

125. Отын су ресурстары тапшы аудандарда салынады

А) ЖЭС


Б)  АЭС

С)  ЖЭО


Д)  СЭС

 Е)   МАЭС 

126. Түсті металлургия Алтайда дамыды

А) 1717


Б) 1718

С) 1730


Д) 1832

Е) 1833


127. Республикадағы алғашқы түсті металлургия орталықтары

А) Ащысай, Байжансай

Б)  Балқаш, Жезқазған

С)  Риддер, Қарсақбай

Д)  Риддер, Өскемен

Е)   Қоңырат, Балқаш

128. Ауыр металдар

А)  алюминий, мыс

Б)  қалайы, алтын

С)  вольфрам, молибден

Д) мыс, қорғасын

Е)   мырыш, уран

129. Баяу балқитын металдар

А)  алюминий, мыс

Б)  қалайы, алтын

С)  вольфрам, молибден

Д) мыс, қорғасын

Е)   мырыш, уран

130. Коррозия төзімді

А)  титан, мыс

Б)  қалайы, қорғасын,

С)  вольфрам, молибден

Д) мыс, қорғасын

Е)   мырыш, уран

131. Еліміздің материалдық-техникалық базасын құруда жетекші рөл атқарады

А) отын кешені

Б) электр энергетикасы

С)  көлік кешені

Д) машина жасау кешені

Е)  ауылшаруашылығы

132. Машина жасау өнеркәсібінің негізгі шикізаты-

А)  қара, түсті металдар

Б)  темір, прокат

С)  түсті металдар

Д)  шойын, пластмасса

Е)  конструкциялық материалдар

133. Машина жасау өндірісті ұйымдастырудың ... мына формасына тікелей 

    байланысты өркендейді

А)  шоғырландыру

Б)  құрамдастыру

С)  кооперативтендіру

Д)  мамандандыру

Е)  барлық формаға байланысты

134. Алып пресс-автомат зауыты орналасқан қала

А)  Алматы

Б)  Қарағанды

С)  Өскемен

Д)  Шымкент

Е)  Ақтөбе

135. Петропавл қаласында шығарылады

А)  изоляциялық материалдар

Б)  рентген аппараттары

С)  бөлшектер

Д)  ауыл шаруашылығы машиналары

Е)  конструкциялық материалдар

136. Химия өнеркәсібі салалық құрамы

А) 1

Б) 2


С) 3

Д) 4


Е) 5

137. Химия өнеркәсібінің едеәуір жақсы дамыған саласы

А) кен химиясы

Б) негізгі химия

С) органикалық синтез химиясы

Д) күкір қышқылы

Е)  барлық саласы

138. Фосфорит кені мол жер

А)  Қызылорда, Жаңатас

Б)  Жамбыл, Ақтөбе

С)  Жезқазған, Ақсай

Д)  Шымкент, Шолақтау

Е)   Павлодар, Көкжон

139. Ақтау мен Атырауда ... өндіретін зауыттар салынған

А)  жасанды талшық

Б)  тыңайтқыш

С)  күкірт қышқылы

Д) синтетиикалық талшық

Е)  пластмасса

140. Ең ірі суперфосфат зауыты ол

А)  Ақтөбеде

Б)  Қаратауда

С) Таразда

Д)  Өскеменде

Е)   аталған зауыт жоқ

141. Аграрлық -өнеркәсіптік кешенге - ... жатады

А)  ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу, сақтау, тұтынушыға 

жеткізу


Б)  мал шарушылығы шикізатын қайта өңдеу, сақтау, тұтынушыға 

жеткізу


С) өсімдік шарушылығы шикізатын қайта өңдеу, сақтау, тұтынушыға 

жеткізу


Д)  тамақ өнеркәсібі шикізатын қайта өңдеу, сақтау, тұтынушыға 

жеткізу


Е)   жеңіл өнеркәсіп шикізатын қайта өңдеу, сақтау, тұтынушыға 

Жеткізу


142. Ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемі млн. гектарды құрайды

А)  122.2

Б)  222.2

С)  322,2

Д)  422,2

Е)   522,2

143. Қазақстанда ... шаруашылығы жетекші рөл атқарады

А)  мал


Б)  шошқа

С)  қой


Д)  өсімдік

Е)   астық

144. Республика егіншілігінің басты саласы

А)  күнбағыс

Б) астық

С)  қарақұмық

Д)  қант қызылшасы

Е)  тары


145. Бидай жалпы егіс көлемін алады

А)  1/2


Б)  9,5

С)  2/3


Д)  1,5

Е)   2,0


146. Экономиканың «Қан жүргізетін саласы»

А)  темір және автомобиль жолдары

Б)   әуе, су жолдары

С)  құбыр

Д)  телекоммуникация

Е) барлық көлік

147. Көлік жұмысының көрсеткіші

А)  қозғалыс жылдамдығы

Б)   жүк айналымы

С)  тасымалдау құны

Д)  отын шығыны

Е)   контейнермен тасу

148. Темір жолының жалпы жүк айналымындағы үлесі ... %

А)  56


Б)   79

С)  60


Д)  50

Е)   40


149. ТМД елдері арасындағы Қазақстан темір жолының алатын орны

А)  1


Б)  2

С)  3


Д)  4

Е)   5


150. Қазақстандағы ең ескі темір жол

А)  Арыс


Б)  Түріксіб

С)  Орынбор-Ташкент

Д)  Петропавл-Шу

Е)  Петропавл-Челябі



Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы пәнінен глоссарий
Акционерлік қоғам (АҚ ) - өз капиталын құнды қағаздар-акциялар сату арқылы қалыптастыратын кәсіпорын. Акцияның иесі АҚ пайдасының бір бөлігін өзіне алуға құқы бар.

Аймақ - бірнеше елді мекендерді біріктіретін елдің кез келген бөлігінің жалпы атауы. Аймақ деп әкімшілік аудандыоблысты, облыс топтарын атауға болады.

АХАЖ - Азаматтық хал актілерін жазу - адамдардың туу, өлу, некеге тұру мен некеден шығуы жайлы мәліметтер тіркейтін мемлекеттік орган.

Атеист - құдай барын жоққа шығарушы адам.

Агломерат - темір кенінен оны әктаспен және кокспен қосып пісіру арқылы алынатын шағын, ұсақ саңылаулы кесектер.

Әкімият - Қазақстан Республикасындағы жергілікті үкіметтік атқарушы орган.

Әлеуметтану - қоғам, адамдардың әлеуметтік тобы мен олардың арасындағы өзара байланыс туралы ғылым.

Әкімшілік - аумақтық бөліну - елдің аумағының ұсақ әкімшілік бірліктеріне бөлінуі (облыстар, аудандар, округтер).

Біріккен кәсіпорын (БК) - бірнеше елдердің компанияларының үжымдық қызметі арқылы қалыптасады. БК солардың бірінің аумағында жұмыс істейді және өз меншігі болады.

Биржа - тауарлардың ірі партиялары (тауар биржасы) , құнды қағаздар ( қор биржасы) , валюта (валюта биржасы) , сатылатын және сатып алынатын тұрақты жұмыс істейтін рынок.

Бюджет - белгілі бір уақытқа арналған (әдетте бір жылға) күтілетін кірістер мен болжамдалған шығын туралы жоспар.

Бағалы қағаздар - меншікке (мысалы, акцияларға, облигацияларға ) берілген құқықты бекітетін ақшалай құжаттар.


Вегетациялық кезең - ауаның температурасы өсімдіктердің өсуіне қолайлы жыл кезеңі.

Делимитация — мемлекеттік шекараны картаға түсіру арқылы келісімді түрде (көршілес мемлекеттер үкіметтерімен арада) анықтау.

Демаркация - шекараны жергілікті жерде шекаралық белгілер арқылы көрсетіп белгілеу.

Демография - халықтар туралы, оның санын, табиғи қозғалысын, құрамы мен құрылымын (мысалы тілі, ұлты, діні, жынысы, жасы бойынша) зерттейтін ғылым.

Демографиялық саясат - елдегі туу жағдайына мемлекет тарапынан қабылдаған шаралар.

Дискриминация - белгілі бір адамдар тобы құқының қысым көруі.

Жүк көтергіштік - белгілі бір көлік түрі тасымалдауға есептелген жүк массасы. Төрт білікті темір жол вагонының жүк көтергіштігі - 60 т, өзен кемесінікі - 1,5-5 мың т, ал теңіздік супертанкерлердікі - 150-480 мың т.

Жекешелендіру - мемлекеттік меншік құқығының жеке адамдарға немесе адамдар тобына (ұжым) көшуі.

Индустриализация - ең алдымен өнеркәсіпте ішкі машиналық өндіріс орнату.

Интенсивті (қарқынды) жол - өндірістің тиімді техниканы, технологияны пайдаланудың және еңбекті дұрыс ұйымдастырудың негізінде дамуы.

Инновацинлық даму - жаңа идеялардың, ғылым мен білімнің және технологияның енуімен байланысты.

Ирригация - егістікті жасанды жолмен суландыру.

Күтіп - баптау кесілімдері - орманның өнімділігін арттыру мақсатында ағаштарды кесу және жинау. Құндылығы төмен ағаштарды кесіп, орманды сирету, тазарту және жарықтандыру.

Кешен - әр түрлі , бірақ бір-бірімен өзара байланысқан бөліктердің біртұтас бүтінді құрауы. Сонда, аумақтық өндірістік кешен (АӨК) - белгілі бір аумақта дамыған бір-бірімен байланысты салалар мен өндірістердің үйлесімі.

Күрделі жұмсалым (инвестиция) - материалдық құндылықтарды (құрылыстар, үйлер, машиналар мен құрал - жабдықтар, көлік құралдары) жаңадан салу немесе бұрынғыларын қайтадан жаңарту, кеңейту үшін жұмсалатын қаржылай жұмсалымдар (теңгемен немесе басқа ақша бірліктерімен).

Концентрат - пайдалы затты (мысалы, кен концентратын) байыту (концентрациялау) нәтижесінде алынатын өнім.

Конвертор - алмұрт тәрізді жабық пеш. Қалың болаттан жасалып, іші отқа төзімді кірпішпен қапталады. Конверторға сұйык шойын құйылып, ауамен үрленеді.

Қазақстан халықтары Ассамблеясы - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ақылдасу - кеңес беру органы, оның негізгі міндеті елдегі ұлттық келісім мен азаматтық бейбітшілік жағдайына ықпал ету.

Легирленетін металдар - металдар мен қорытпалардың сапасын жоғарылататын металдар.

Либерализация - экономиканы әр түрлі шектеулерден босату (мысалы, бағаға, еңбекақыға мемлекеттік бақылауды, басқа жаққа тауар шығаруға тыйым салуды алып тастау).

Мекеме - өндірістік емес саладағы экономиканың бірінші буыны.

Мәслихат - Қазақстан Республикасындағы жергілікті үкіметтік өкілетті орган.

МАЭС - мемлекеттік аудандық электр стансасы. Ірі тұтынушы аудандарды энергиямен қамтамасыз ететін конденсациялық электр стансаларының ескірген аты.

Миграция - адамдардың бір ауданнан басқа ауданға қоныс аударуы.

Нарықтық экономика - кәсіпкерлік қызметке, шаруашылық есепке, тауарлар мен қызметтерді баламалы айырбастауға сұраным мен ұсынылымның реттелетін арасалмағына негізделген экономика.

Президенттік Республика - үкіметті көбінесе Президент басқаратын, оған үлкен өкілеттілік берілген басқару формасы.

Рекультивация - карьерлердің, бос жыныс үйінділерінің астындагы және кесілген ормандық жерлердің өнімділігін қалпына келтіру.

Рекреация - адамдардың денсаулығы мен еңбекке қабілетін табиғат аясында, туристік саяхат арқылы қалпына келтіру.

Рекреациялық қорлар - адамдардың денсаулығын қалпына келтіруге ықпал етіп, дұрыс демалу үшін жағдай туғызатын қорлар.

Санитарлық кесілімдер - зиянкестер және ауру әсерінен бүлінген және кеуіп қалған, жел құлатқан ағаштарды кесіп, жинау. Орман сілемдерін жақсарту үшін жүргізіледі.

Сумен қамтамасыз етудің айналымдық жүйесі - суды пайдалануда ысырапқа жол бермеу үшін қолданылады. Суды өңдегеннен кейін (суытып, тазарткан соң) өндірісте қайта пайдаланылады, ал су бөліктерінен азайған судың орнын толтыруға ғана су алынады.

Статус - азаматтың немесе заңды тұлғаның құқықтық жағдайы.

Технопарк (технологиялық парк) - ғылыми институттар мен өнеркәсіптік, белгілі бір аумақта күрделі өнім түрлерін (мысалы, компьютер ) шығару үшін тізе қосып жұмыс істеуі.

Табиғи жағдайлар (табиғи орта) - адамдар мен олардың шаруашылық қызметіне әсер ететін табиғат пен табиғи процестердің сипаты мен қасиеттері.

Тәлімдік (богарлық) егін шаруашылығы - суармалы шаруашылықты аудандарда ауыл шаруашылығы дақылдарын суармай өсіру.

Тоған (канал) - жасанды құрылыс. Тоғандар кеме жүзетін, суландыратын, энергетикалық, су құбырлық, ағаш ағызатын болып бөлінеді. Ірі каналдар бір мезгілде бірнеше мақсатқа пайдаланылады.

Табиғи қорлар - адамзаттың материалдық және рухани қажеттіліктерін өтеу үшін қолданатын барлық табиғи заттар (ауа, су, пайдалы қазбалар, топырақ және т.б.)

Транзит - елдің аумағы немесе бір аймағы арқылы жүк немесе жолаушы тасымалын жүзеге асыру.

Оралмандар - тарихи отанына қайта оралған этникалық қазақтар.

Унитарлы (бірыңғай) мемлекет - барлық аумағында бірыңғай заң шығарушы және атқарушы билік қалыптасқан мемлекет.

Ұжымдастыру - жекелеген (жеке немесе меншіктік) шаруа қожалықтарын ұжымдық меншік пен ұжымдык еңбекке негізделген ұжымдық (колхоздық) шаруашылыққа біріктіру.

Ұлттық кіріс - елдің экономикалык дамуының қорытынды көрсеткіші, материалдық өндірістегі жаңадан жасалған құн.

Фрахт - су жолы арқылы жүк тасымалдауға төленетін ақы. Ол жолға алынған кеменің тасымалдау қашықтығына, жүктің салмағы мен көлеміне, уақытқа байланысты. Бөтен кемелермен тасымалдаған өз тауарларын сатқанда, елдер кеме фрахты үшін көп мөлшерде қаржы жұмсайды. Бұл үшін өз кемелерін пайдаланғанда ел ол қаржыны үнемдеп қалады.

Шаруа (фермерлік) қожалығы - өз жұмысына жеке иелігіндегі немесе пайдалануындағы меншігі мен жер участогын пайдаланатын ауыл шаруашылығы кәсіпорны.

Этнография - халықтар туралы, олардың шығу тегі, таралып орналасуы, мәдениеті , тұрмысы және олардың өзара қарым-қатынасы туралы ғылым.

Экстенсивті (кеңейту) жол - қосымша қорларды (табиғи, материалдық еңбек) пайдалану арқылы өндіріс көлемінің сан жағынан өсуі; интенсивті жолға қарама-қарсы.

Экономика тиімділігі - өндіріс нәтижесін сипаттайтын көрсеткіш. Ол тиімділіктің (алынған өнімнің) жұмсалған шығынға (еңбек, материалдар, еңбек құралдары) қатынасымен өлшенеді.

Экспорт - елден тауар шығару.

Экономика - шаруашылықты жүргізу «өнері» туралы қоғамдық ғылым. Ол қоғамның өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін шектеулі қорларды тарату әдістерін зерттейді.

Экономика мен оның салаларының аумақтық құрылымы - салалардың елдің бүкіл экономикасына байланысты экономикалық аудандар бойынша қарым-қатынастық, үйлесу және орналасу ерекшеліктері.

Экология - тірі организмдер мен қоршаған ортаның өзара байланысы туралы ілім. Экономикалық географиядағы экологиялық аспект - халық, шаруашылық және қоршаған орта арасындағы өзара байланыс.

Есенжолов Бауыржан Қаириденұлы


Қазақстанның физикалық географиясы

Оқу-әдістемелік кешен

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің редакциялық-баспа бөлімі

. . ж баспаға қол қойылды. Көлемі 10.93 б.п. Таралымы 100 дана.

Тапсырыс № . Қағаз көшірмелі. Ризография.


Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің баспаханасында басылған

Отпечатано в типографии Кокшетауского государственного университета им.Ш.Ш.Уалиханова

Мекен жайымыз: Қазақстан, Ақмола обл., Көкшетау қ.,

Абай көшесі, 76, Ш. Уәлиханов атындағы КМУ РБҚ.



e-mail: universi@kokshetau.online.kz


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет