Комалар кезіндегі диагностикалау және жедел көмек көрсету алгоритмі



бет1/13
Дата18.11.2022
өлшемі162,37 Kb.
#158860
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Айгул Жоспар

Комалар кезіндегі диагностикалау және жедел көмек көрсету алгоритмі

Дайындаған: ҚММУ жедел және кідіріссіз медициналық көмек кафедрасы доценті,м.ғ.к.,

Алпысова А.Р.

Дәрістің мақсаты

  • Студенттерді өмірге қауіпті коматозды жағдайлар кезінде бірінші дәрігерлік медициналық көмек аумағында (бағытты бригада дәрігері) және науқас жағдайына байланысты – мамандандырылған медициналық көмек аумағында (реанимациялық бригадалар, қарқынды терапия бригадасы) диагностика және жедел көмек көрсету сұрақтарына үйрету.

Дәріс жоспары

  • Кома: анықтамасы, этиологиясы, патогенезі
  • Клиникалық көрінісі
  • Дифференциальды диагностикасы
  • Шақырушыға кеңес, диагностика кезіндегі маңызды сұрақтар, ауруханаға жатқызуға көрсеткіш
  • Дифференцирленбеген ем
  • Жеке комалық жағдайдағы арнайы емі

Кома

  • Кома – ОЖЖ-ң координациялық қызметінің бұзылысымен, тұтас ағза деңгейінде өздігінен реттелуге және гомеостазды ұстап тұруға мүмкіншілігін жоғалтқан жеке жүйелердің автономды қызмет етуімен сипатталатын ОЖЖ-ң жеткіліксіздік жағдайы; естің тануымен, қозғалыс, сезімтал және соматикалық, оның ішінде өмірлік маңызды қызметтердің бұзылысымен көрінеді.
  • ЭТИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ПАТОГЕНЕЗІ

    Емдеу тактикасын болжау және таңдауды бағалау үшін коматозды жағдайдың даму себебін анықтау маңызды:

  • Бас миының жарты шары және/немесе ми бағанының ошақты зақымдануы, көлемді эффектпен және дислокациялық синдром дамуымен.
  • Мидың қабықшасы мен бағанының диффузды зақымдануы.

Команың барлық себептерін төрт категорияға бөлуге болады:

Команың барлық себептерін төрт категорияға бөлуге болады:

  • Бас қаңқа ішілік қысымның жоғарылауына әкелетін бас қаңқа ішілік үрдістер (тамырлы, қабынулы, ісіктер, бас миының жарақаты және т.б.).
  • Гипоксиялық жағдайлар (респираторлы, циркуляторлы, гемиялық, тіндік және т.б.).
  • Зат алмасу бұзылыстары (эндокринді жүйе патологиясында).
  • Интоксикациялар (экзогенді және эндогенді сипатта).
  • Церебралды жеткіліксіздіктің негізгі механизмі болып тіндік тыныс алудың, зат және энергия алмасудың тежелуі нәтижесінде бас ми жасушаларында жүйке импульсінің пайда болуы, таралуы және берілуі бұзылыстары саналады. Бұл бас миына оттегінің және қоректік заттардың жеткізілуінің қысқаруынан (ишемия, көктамырлы іркілу, микроциркуляция бұзылыстары, тамырлы стаздар, периваскулярлы ісіну), қышқыл – сілтілі және электролитті тепе – теңдіктің өзгерістерінен, бас қаңқа ішілік қысымның жоғарылауынан, мидың және ми қабықшаларының ісінуінен болады, соңғысы бас мидың бағанында орналасқан өмірлік маңызды орталықтардың механикалық зақымдануымен жүретін бас мидың дислокациясына әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет