Көмірсулардың қорытылуы және сіңуі Жоспары



Дата12.10.2023
өлшемі2,76 Mb.
#184906
Байланысты:
11.10.23
«Мифопоэтика» пәні бойынша №26 емтихан билеті-emirsaba.org

Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Жаратылыстану факультеті Химия және химиялық инженеринг кафедрасы

Көмірсулардың қорытылуы және сіңуі

Жоспары:

  • Көмірсулардың қорытылуы
  • Адамның асқазанында көмірсулардың қорытылуы
  • Моносахаридтердің сіңуі
  • Қорытынды

Көмірсулардың қорытылуы

Көмірсулар жануарлар үшін

негізгі қорек.Ол азық

рационының 70% шамасындай.Ал адам қорегінің50%

Көмірсулардың үлесіне тиеді.Қорытылу ерекшелігіне

Қарай көмірсулар мынандай екі топқа бөледі:

Қорытылу ерекшелігіне қарай көмірсулар мынандай екі топқа бөледі:

1.Крахмал,гликоген,сахароза,лактоза.

2.Целлюлоза,маннандар,лигнин,пектиндер,пентозандар.

Екінші топқа жататын көмірсуларды омыртқалылардың бәрі бірдей қорыта алмайды.Оларды күйіс қайыратын және кейбір жануарлар ғана микробтық ферменттің көмегімен қорыта алады.

Крахмалдың,гликогеннің қорытылуы ауыз қуысынан басталады,

Ол екеунің қорытылуына аздап болса да сілекей ерменттері әсер етеді.Сілекейдің негізгі қызметі-қоректі ылғалдандыру, сөйтіп оның шайналуына және ас қорыту жолымен жүруіне жағдай жасау.Сілекейдің құрамында шырышты гликопротеиндер (муциндер) бар, олар қорекке жағылып,оны жұмсартады.

Сілекей дегеніміз түссіз (қойда,жылқыда) немесе азғана майлы,су түсіндей (сиырда,итте) сұйық зат.Ірі қараның және қойдың сілекейінің pH көрсеткіші 8,2-8,5,жылқыда 7,2-7,8,адамда 6,9-7,0. Кейбір сүтқоректі жануарлардың сілекейі құрамында крахмал мен мальтозаны ыдырататын амилаза мен мальтаза ферменттері бар.Сілекей құрамында амилаза бейтарап ортада және шала қышқыл ортада активтілік қасиет көрсететіндіктен сілекей амилазасының активтілігі шамалы.Мысалы,адамдағы осы ферменттің активтілігімен салыстырғанда,шамамен шошқада 100 есе,ірі қарада,жылқыда 1400 есе кем болады.

Адамның асқазанында көмірсулардың қорытылуы

Қоректік заттар ауыз қуысынан әрі қарай сөлінің күшті қышқылдық реакциясы (рН 1,5 - 2,5) бар қарынға түседі. Қышқыл ортада сілекейдегі а-амилаза ферменті өзінін әсерін тоқтатады да, көмірсулар бұдан әрі ыдырамайды. Қарын сөлінде амилаза ферменті болмайды. Крахмал, гликоген, сахароза, лактозанын қорытылуы негізінен он екі елі ішекте, ұйқы безі ферменттерінің және ішек шырышьның әсерінен іске асады, 

Омыртқалы жануарлардың уйқы безінен шығатын сөлінде сілтілік реакциясы (РН - 7,5 - 8,5) бар, көп мөлшерде натрий бикарбонаты болады. Ішектің

шырышынан да натрий, бикарбонат, хлор иондары бөлініп шығады. Осының арқасында қарында бөлініп шығатын тұз қышқылы бейтараптанады және ішектегі рН ферменттердің әсер етуіне ең қолайлы, 7,51 - 8,5 деңгейінде

 тұрақтандырылады.

Қоректін негізгі бөлігі болып табылатын крахмал ауыз қуысында аздап қана қорытылады, өйткені қорек ауыз қуысында ұзақ болмайды және жануарлар сілекейінің рН көрсеткіші ферменттер әсері үшін қолайлы емес.

Адамның асқазанында көмірсулардың қорытылуы

Моносахаридтердің сіңуі

Ішек кабыргасы аркылы моносахаридтер гана сінеді, ал дисахаридтер мен курделі комірсулардын мундай кабілеті болмайды. Д-глюкоза мен D-галактоза концентрация градиентіне карсы активті тасымалдау жолымен эпителий клеткалары аркылы сінеді. Активті турде тасымалдау тек D-катарындары канттарта гана тән, фруктоза активті тасымалданбайды, ол араласу жолымен сорылады.

Қанттар ішектін санылауынан клетка мембранасы аркылы тараткыш молекулалар көмегімен жане натрий иондарының қатысуымен тасымалданады.

Тараткыш-молекулада глюкоза мен Na* онынын байланысатын жері бар.

Ішектін шырышты кабыгы шегінде тараткыш олармен байланысады да, клеткага енеді. Клеткада олар бір-бірінен болінеді, глюкоза сероз мембранасы аркылы канга барады, Na* шугыл турде тасымалданып кетеді, ал тараткыш-молекула кайтадан ішектін куысына келеді. Канттардын сіну жылдамдыры эр турлі.

Галактоза мен глюкоза тезірек сінеді. Ал глюкозамен салыстырганда фруктоза

2 есе, манноза мен пентоза 5--10 есе баяу сініріледі.

Қорытынды

Көмірсулардың қорытылуы — адамдардың және жануарлардың ағзасындағы

 көмірсулар метаболизмі. Көмірсулардың қорытылуы негізінен ауыз қуысы мен ащы ішекте жүреді. Крахмал мен гликогеннің ыдырауы ауыз қуысында сілекей амилазасының әсер етуінен басталады

Пайдаланылған әдебиеттер

  • 1. Плешкова С.М. және басқалары «Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы» 1Бөлім. «Белоктар, ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер»; 2Бөлім. «Заттар алмасуы және оның реттелуі»; 3Бөлім. «Адам ағзасындағы сұйықтықтар мен тіндер биохимиясы». – Алматы, 2009 ж.
  • 2.Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007
  • 3. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2012 ж. – 570 б.
  • 4.Абитаева С.А. «Биохимияның кейбір тараулары» – Алматы, 2004ж. – 144 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет