Коммерциялық емес акционерлік қоғамы



бет4/12
Дата07.02.2022
өлшемі48,36 Kb.
#93463
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
СИК Айдарбай Акдаулет

Бекболат Әшекеев -7 шілдеде Үшқоңырда Жайылмыс қазақтарының съезі болды. Мал санағын жүргізуге келген шенеулік Ивановқа қарсы пікір айтады. «Не істесе де, балаларымызды солдатқа бермейміз! …» деп қарсылық білдіреді. Оған Әміре Төлеубаев бастаған 45 кісі қол қояды. 10 шілде күні тағы да сол Үлкен Сазда 5 мың адам қатынасқан жиын өткізіледі. Ауыл қазақтары жоғарыдан келген бұйрыққа ашық қарсы шығады. Сөйтіп, Қазақ даласында (1916ж.) Ұлт-азаттық көтеріліс басталып кетеді. 1916 жылы 7-8 шілдеде Алматының батысындағы (шамамен 40 км) Үшқоңыр деген жерде Жайылмыс және онымен көршілес болыстар тұрғындарының басын қосып, Ресей патшасының маусым жарлығын талқылайды. Жақында Бекболаттың ұсынысымен тың жұмыстарына адам бермеу жөнінде шешім қабылданады. Осындай жиын 13 тамызда Верный уезінің Ошақты деген жерінде де өтеді. Үшқоңыр мекені көтеріліс орталығы болды. Бекболат ұста дүкендерін ашқызып, қару-жарақ жасатты, жігіттерді соғыс өнеріне үйретті, Үшқоңырға келетін жолдарға тосқауылдар қойылып, жазалаушы отрядтар өте алмайтын берік қамал жасалды. Көтерілісшілер Верный қаласына шабуыл жасау үшін күш біріктіру ниетімен Пішпек, Тоқмақ уездеріндегі және Ыстықкөл маңындағы қырғыз көтерілісшілерімен байланыс жасады. Тамыз айының ортасында Бекболат бастаған көтерілісшілер жақсы қаруланған жазалаушы отрядпен қақтығысады. Күші басым отрядқа төтеп бере алмаған кетерілісшілер Жасылкөл мен Құмбел асуы арқылы қырғыз жеріне шегініп, одан әрі Қытайға өтпек болады. Бірақ ел-жұртын қорғансыз қалдырмауға бел байлап, барлық кінәні өз мойнына алмақ болған Бекболат көтерілісшілерді таратып, өз еркімен жаудың қолына түседі. 1916 жылы 7 қыркүйекте Ресей армиясының Верный қалалық әскери гарнизонының соты Бекболатты дарға асуға үкім шығарды. Бекболаттың 20-дан астам жақын серіктестері де сотқа тартылып, олардың 12-сі өлім жазасына кесіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет