Коммерциялық емес акционерлік қоғамы


Ұлт-азаттық қозғалыс қолбасшылары



бет2/12
Дата07.02.2022
өлшемі48,36 Kb.
#93463
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
СИК Айдарбай Акдаулет

2. Ұлт-азаттық қозғалыс қолбасшылары
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақ халқының ғасырдан астам уақытқа созылған ұлт-азаттық қозғалыcтарының тарихында ерекше орын алады. Тәуелсіздік жолындағы күреске халықты Әбдіғаппар Жанбосынов, Амангелді Иманов, Жәмеңке Мәмбетов, Ұзақ Саурықов, Бекболат Әшекеев сияқты ел таныған көсемдер мен батырлар бастап шықты. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кең-байтақ қазақ даласының барлық аймақтарын әр түрлі дәрежеде қамтып, бүкілқазақтық сипат алған көтеріліс болды.
Қазақ халқының патшаның 1916 жылғы маусым жарлығына көзқарастары бірдей болған жоқ. Жергілікті әкімшіліктің белгілі бөлігі патша жарлығын толығымен қолдап, оны белсенді түрде жүзеге асырушылар болды. «Қазақ» газетінің төңірегіне топтасқан Әлейхан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сияқты либерал-демократиялық бағыттағы зиялылар халықты өкіметке қарсы шықпауға, жарлықты орындауға үгіттеді. Оны орындамаған жағдайда қазақтар қантөгіске ұшырауы мүмкін деп санады және осыған байланысты үлкен алаңдаушылық білдірді. Ал, қазақ интеллигенциясының радикалды батыл іс-қимылға бейім өкілдері олардың ішінде Тоқаш Бокин, Жаңабай Ниязбеков, Тұрар Рысқұлов, Әліби Жанкелдин, Сейтқали Меңдешев, ,Әубәкір Жүнісов т.б халықты қарулы көтеріліске шақырып, оған өздері де қатысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет