Коммерциялық жарнама



бет4/4
Дата15.03.2022
өлшемі1,41 Mb.
#135667
1   2   3   4
Байланысты:
Визуал материал түрлері
tebenova-arnaiy-psih, Проблемалардың қайнар көздері, Проблемалардың қайнар көздері, Парольді қолдануға қатысты кеңестер, Парольді қолдануға қатысты кеңестер, 1-ст
6-ТАРАУ
Қызықты ақпарат
Америкалық Random History жобасының тарихшылары жарна- маның тарихын зерттеп көрген екен. Ғалымдардың анықтауы- на қарағанда, әлемде жарнамаға жыл сайын 500 миллиард АҚШ долларынан көп қаражат жұмсалады. Балалар теледидардан орта есеппен жылына 40 000 жарнама ролигін көреді. Американың пси- хологтер қауымдастығы «Балалар сегіз жасқа дейін сыни ойлай алмайды, сондықтан жарнаманың бәріне сенеді» деп есептейді.
Жарнаманың функциялары
Жарнаманы зерттеуші Уильям Уэллстің айтуынша, жарнама 7 функ- ция атқарады екен. Функциялар жарнама беруші өз жарнамасынан не алатынына және неліктен жарнамаға жүгінуге шешім қабылдағанына сүйенеді:
  • Тауарлар мен брендтер туралы хабардар етеді.
  • Бренд имиджін қалыптастырады.
  • Тауар мен бренд туралы ақпарат береді.
  • Адамдарды сендіреді.
  • Әрекет жасауға түрткі болады.
  • Әлденені еске салып отырады.
  • Алдыңғы сатып алу тәжірибесін нақтылайды.

  • Медиадағы өзге құбылыстар сияқты, жарнама да хабарлама жасау мен оны бір топ адамға олар жарнамаға белгілі бір реакция танытады де- ген есеппен жолдауды көздейді. Біз күн сайын жарнама хабарламалары- ның алуан түрін теледидардан көреміз, радиодан естиміз, газеттер мен журналдардан оқимыз, интернеттен және билбордтардан кезіктіреміз. Қаласақ та, қаламасақ та, жарнама адамға, оның әрекеті мен таңдауына, өмір салтына әсер етеді. Жарнама адамға манипуляция жасайды деуге болады. Ол қоғамға ықпал етеді, ал қоғам өз кезегінде жарнаманың да- муына ықпал етеді.
    Формалық логикаға арналған тарауды оқып-үйрену барысында мани- пуляцияның негізгі түрлерімен танысқансың. Енді манипуляция жарна- мада қалай қолданылатынын анықтауға кезек келді.
    89

90
Жарнама технологияларын қолдана отырып манипуляция жасау дең- гейі алуан түрлі тәсілдермен ұйымдастырылуы мүмкін.
Алғашқы тәсілі ең алдымен ақпарат ағынымен байланысты. Мысалы:
  • ақпараттың бір бөлігін тастап кету немесе бұрмалап жіберу;
  • ақпаратты адам танымастай етіп жалпылап жіберу;
  • жалған ақпарат ойлап шығару;
  • сұрақ қойып, оған жауап беруге мүмкіндік бермеу;
  • біреудің беделіне сілтеме жасау;
  • метафора, әзіл, қалжың да манипуляция құралы ретінде қолда- нылуы мүмкін.

  • Психология саласының ғалымы Сергей Леонидович Братченко (1956–2015) манипуляция жасаудың бес түрін бөліп көрсеткен:
  • Адамның қажетіне манипуляция жасау (қалауын, қызығушылығын, мүддесін пайдалану);
  • «Рухани» манипуляция жасау (адамда белгілі бір идеалдар мен құн- дылықтар қалыптастыру);
  • Интеллектуалдық манипуляция (адамға қандай да бір пікір, көзқарасты таңу);
  • Сезімге манипуляция жасау (эмоцияларды пайдалану);
  • Символмен манипуляция жасау (адамдардың белгілі бір символ- дарға тұрақты реакциясын қалыптастыру).

  • 6.4-тапсырма
    Суретке қара. «Тіс щеткасына қанша тіс пастасын сығып шығара- сың?» деген сұраққа жауап бер және сәйкес нұсқаның бірін таңда: А, Ә немесе Б.

6.5-тапсырма
6.4-тапсырмадағы таңдаған жауаптарыңа қарай үш топқа бөлінің- дер. Неге дәл сонша тіс пастасын пайдаланатындарыңды талқы- лаңдар. Діс дәрігерлері тіс тазалау үшін, қанша паста қолдануға кеңес беретінін ойланыңдар. Жарнама адамға қалай ықпал ететініне өмірден мысал келтіріңдер.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет