Коммерциялық компаниялардың халыққа несие беруінің теориялық негіздері


Қазақстан Респубоикадағы банк секторының ағымдағы жағдайын талдау



бет6/12
Дата30.06.2023
өлшемі2,23 Mb.
#179255
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
диплом Айдархан С
9116 микроэкономика, Алгебра ОГН
2.2 Қазақстан Респубоикадағы банк секторының ағымдағы жағдайын талдау

Қазіргі таңда Қазақстан банк секторы маңызды орын алатын демократияның дамуы жағдайында экономикалық және құқықтық жүйелердің қарқынды өркендеуі кезеңін бастан кешуде. банк қызметі құқықтық реттеу қаржылық орнықтылықты қамтамасыз етудің негізгі шарттары мен факторларының бірі болып табылады, өйткені банк жүйесі мемлекеттің қаржы жүйесі элементтерінің бірі саналады.


Банк секторындағы дағдарыс жалпы алғанда, елдің бүкіл экономикасының тоқырауына жеткізуі мүмкін, сол себепті қоғамдық өмірдің бұл саласы соған парапар құқықтық реттеуге мұқтаж. Банк қызметін кәсіпкерлік қызметтің бір түрі деп сипаттауға болады, себебі оның мақсаттарының негізгісі пайда табу болып есептеледі.
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторын 21 екінші деңгейдегі банк ұсынды, оның ішінде 12 шетелдік қатысуы бар банк, оның ішінде 9 еншілес банк.

Кесте 1.


Қазақстан Республикасының банк секторы жиынтық активтерінің құрылымы





Көрсеткіштің атауы / күні

01.01.2022

01.01.2023

Өсімі, %-бен

млрд. теңге

%

млрд. теңге

%

1

2

3

4

5

6

7


Қолма-қол ақша, тазартылған қымбат металлдар және корреспонденттік шоттар



3 786,1



9,7



4 958,5



10,7



31,0


Басқа банктерде орналастырылған салымдар

4 492,9

11,5

5 162,5

11,1

14,9


Бағалы қағаздар

7 964,7

20,4

9 293,6

20,1

16,7


Банктік қарыздар және «кері РЕПО» операциялары

20 200

51,6

24 254,7

52,3

20,1


Капиталға инвестициялар

661,9

1,7

682,7

1,5

3,1


Өзге активтер

2 015,2

5,2

1 988,9

4,3

-1,3

Активтердің барлығы (резервтерді (провизияларды) қоспағанда)

39 121,1

100,0

46 340,8

100,0

18,5




Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес резервтер (провизиялар), оның ішінде:



-1 499,1



-3,8



-1 778,4



-3,8



18,6

1 кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6

7


Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар мен салымдар бойынша резервтер (провизиялар)



-0,5



0,0



-19,5



-0,04



3 728,9


Бағалы қағаздар бойынша резервтер (провизиялар)

-27,5

-0,1

-40,0

-0,1

45,5


Банктік қарыздар мен «Кері РЕПО» операциялары бойынша резервтер (провизиялар)



-1 406,8



-3,6



-1 639,2



-3,5



16,5


Еншілес және қауымдасқан ұйымдарға инвестициялар бойынша шығындарды жабуға резервтер (провизиялар)



-0,1



0,00



-0,2



0,00



90,7


Басқа банктік қызмет бойынша және дебиторлық берешек бойынша резервтер (провизиялар)



-64,2



-0,2



-79,6



-0,2



24,0

Активтердің барлығы

37 622,0

100,0

44 562,3

100,0

18,4

Ескертпе – ҚРҰБ-ң деректері бойынша құрастырылған

Банк секторының жиынтық активтері 2022 жылы 18,4% - ға 44,6 трлн теңгеге дейін өсті (2022 жылғы желтоқсанда 3,5% - ға өсті), негізінен несие портфелінің 20,1% - ға өсуі есебінен.


Кесте 2.


ҚР банк секторы несие портфелінің құрылымы





Көрсеткіштің атауы / күні

01.01.2022ж

01.01.2023ж

Өсімі, %-бен

млрд. теңге

%

млрд. теңге

%

1

2

3

4

5

6

7


Қарыздардың баланстық құны, оның ішінде:

20 520,0

100,0

24 541,2

100,0

19,6


Негізгі борыш

20 200,4

98,4

24 254,7

98,8

20,1


Дисконт, сыйлықақы

-213,6

-1,0

-255,2

-1,0

19,5


Есептелген сыйақы

563,1

2,7

588,8

2,4

4,6


Оң/теріс түзету

-29,8

-0,1

-47,1

-0,2

58,1


ҚЕХС бойынша провизиялар

-1 406,8

-6,9

-1 639,2

-6,7

16,5


Провизияларды қоспағанда, қарыздардың баланстық құны (қарыздардың таза құны)

19 113,2

93,1

22 902,0

93,3

19,8


Несие портфелі (негізгі борыш), оның ішінде:

20 200,4

100,0

24 254,7

100,0

20,1




Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар

114,3

0,6

109,9

0,5

-3,9


Заңды тұлғаларға қарыздар

3 709,6

18,4

4 354,0

18,0

17,4

2 кестенің жалғасы



1

2

3

4

5

6

7


Жеке тұлғаларға қарыздар, оның ішінде

10 038,7

49,7

13 182,5

54,4

31,3


Тұрғын үй салуға және сатып алуға, оның ішінде

3 440,7

17,0

4 802,2

19,8

39,6


- ипотекалық тұрғын үй қарыздары

3 253,2

16,1

4 640,3

19,1

42,6


Тұтынушылық қарыздар

6 060,9

30,0

7 686,8

31,7

26,8


Өзге де қарыздар

537,1

2,7

693,4

2,9

29,1


Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздар (ҚР резиденттері)

5 487,6

27,2

6 380,5

26,3

16,3


«Кері РЕПО» операциялары

850,2

4,2

227,8

0,9

-73,2

Ескертпе – ҚРҰБ-ң деректері бойынша құрастырылған

2022 жылдың қорытындысы бойынша екінші деңгейдегі банктердің жоғары өтімді активтері шамамен 13,5 трлн теңгені немесе активтердің 30,3% құрады, бұл банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Банк секторының міндеттемелері 2022 жылы 18,9% - ға 39,3 трлн теңгеге дейін өсті (2022 жылғы желтоқсанда 4,0% - ға өсті), негізінен халықтың салымдарының 26,0%-ға өсуі есебінен.


Банк секторы міндеттемелерінің құрылымында негізгі үлесті – 80,3% немесе 31,6 трлн теңгені клиенттердің салымдары алады.

Кесте 3.


Заңды тұлғалар қарыздарының сапасы





Көрсеткіштің атауы / күні

01.01.2022ж

01.01.2023ж

Өсімі, %-бен

млрд. теңге

%

млрд. теңге

%

1

2

3

4

5

6

7


Заңды тұлғалар қарыздары, оның ішінде:

3 709,6

100,0

4 354,0

100,0

17,4


Негізгі борыш және/немесе есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешек жоқ қарыздар

3 607,5

97,

4 260,4

97,9

18,1


1 күннен 30 күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздар

23,1

0,6

3,5

0,1

-84,9


31 күннен 60 күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздар

0,0

0,00

17,8

0,41

0,0


61 күннен 90 күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздар

4,0

0,11

0,1

0,00

-97,5


90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар

74,9

2,0

72,3

1,7

-3,5




ҚЕХС бойынша провизиялар

-209,2

-5,6

-216,2

-5,0

3,3


90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар бойынша провизиялар

61,9

1,7

55,1

1,3

0

3 кестенің жалғасы



1

2

3

4

5

6

7


90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздарды ҚЕХС бойынша провизиялармен жабу коэффициенті

84,4%

-

76,3%

-

-

Ескертпе – ҚРҰБ-ң деректері бойынша құрастырылған

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша банк секторында жеткілікті капитал қоры бар. Негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) – 18,5%, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) – 21,7%, бұл жүйе бойынша орташа алғанда заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі. 2022 жылы ұлттық валютадағы кредиттер көлемі 26,4% - ға 21,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2022 жылғы желтоқсанда 2,7% - ға өсті), шетел валютасындағы кредиттер көлемі 3,1% - ға 1,9 трлн теңгеге дейін азайды (2022 жылғы желтоқсанда 2,8% - ға өсті). Нәтижесінде 2022 жылы теңгемен кредиттердің үлес салмағы 89,7% - дан 91,9% - ға дейін ұлғайды.


Кесте 3.


Жеке тұлғалар қарыздарының сапасы





Көрсеткіштің атауы

01.01.2022ж

01.01.2023ж

Өсімі, %-бен

сомасы, млрд. теңге

%

сомасы, млрд. теңге

%

1

2

3

4

5

6

7


Жеке тұлғалар қарыздары, оның ішінде:

10 038,7





100,0

13 182,5





100,0



31,3


Негізгі борыш және/немесе есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешек жоқ қарыздар

9 430,2





93,9

12 299,9





93,3



30,4


1 күннен 30 күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздар

175,1

1,7

258,7

2,0

47,8


31 күннен 60 күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздар

49,8

0,5

80,4

0,6

61,4


61 күннен 90 күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздар

31,0

0,3

50,0

0,4

61,5


90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар



352,6


3,5


493,5


3,7


39,9



ҚЕХС бойынша провизиялар

-515,5

-5,1

-724,0

-5,5

40,4




90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар бойынша провизиялар

244,5

2,4

360,6

2,7

-


90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздарды ҚЕХС бойынша провизиялармен жабу коэффициенті

70,8%

-

73,0%

-

-

Ескертпе – ҚРҰБ-ң деректері бойынша құрастырылған

2022 жылы барлығы 24,2 трлн теңгеге жаңа кредиттер берілді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 12,8% - ға артық. Бұл ретте 2022 жылғы желтоқсанда 2,6 трлн теңге берілді, бұл бір ай бұрынғыға қарағанда 7,3% - ға артық.
Заңды тұлғаларға 2022 жылғы кредиттер 11,5% - ға 8,7 трлн теңгеге дейін өсті (2022 жылғы желтоқсанда 4,0% - ға өсті).
Жеке кәсіпкерлерді қоса алғанда, бизнес субъектілеріне жиынтық кредиттер 2022 жылы 13,9% - ға 9,6 трлн теңгеге дейін өсті (2022 жылғы желтоқсанда 4,0% - ға өсті). Бұл ретте ШОБ субъектілеріне қарыздар 15,2% - ға 6,0 трлн теңгеге дейін өсті (2022 жылғы желтоқсанда өсім 2,8% - ға), ірі бизнеске қарыздар 11,8% - ға 3,6 трлн теңгеге дейін өсті (2022 жылғы желтоқсанда өсім 6,1% - ға).
Барлығы 2022 жылы жеке кәсіпкерлерді қоса алғанда, бизнес субъектілеріне 12,7 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берілді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 7,0% - ға артық. Бұл ретте 2022 жылғы желтоқсанда 1,5 трлн теңге берілді, бұл бір ай бұрынғыға қарағанда 27,3% - ға артық.
Жеке тұлғаларға кредиттер 2022 жылы 31,8% - ға 14,2 трлн теңгеге дейін өсті (2022 жылғы желтоқсанда 1,9% - ға өсті).
Жеңілдетілген мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын жалғастыру және тұрғын үй жағдайларын жақсартуға Зейнетақы жинақтарын пайдалану нәтижесінде 2022 жылы ипотекалық кредиттеу 42,5% - ға 4,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2022 жылғы желтоқсанда 3,9% - ға өсті), 2021 жылғы көрсеткіштен 39,3% - ға асып түсті.
Тұтынушылық кредиттер 2022 жылы 25,3% - ға 7,7 трлн теңгеге дейін өсті (2022 жылғы желтоқсанда 1,0% - ға өсті), 2021 жылғы 39,9% - ға өсумен салыстырғанда баяулады.
2022 жылғы желтоқсанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа өлшенген мөлшерлемесі 19,2% (2021 жылғы желтоқсанда — 12,2%), Жеке тұлғаларға – 17,4% (2021 жылғы желтоқсанда – 17,5%) құрады. 2022 жылы кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің өсуі инфляцияның 20,3% - ға дейін өсуіне және соның салдарынан базалық мөлшерлеменің 16,75% - ға дейін өсуіне, сондай-ақ геосаяси тәуекелдердің күшеюі жағдайында қарыз алушылардың кредиттік тәуекелдерінің өсуіне байланысты.



Сурет 9 - ҚР банк секторының активтері мен несие портфелінің (негізгі


борыш) динамикасы
Ескертпе – ҚРҰБ-ң деректері бойынша құрастырылған
2022 жылдың қорытындысы бойынша депозиттік нарықта 2022 жылдың наурыз-мамыр айларында байқалған ағындарға қарамастан (-8,9%) оң динамика жалғасты. Мәселен, 2022 жылы депозиттік ұйымдардағы резиденттердің депозиттері 14,1% - ға 30,9 трлн теңгеге дейін өсті (2022 жылғы желтоқсанда 4,8% - ға өсті) бұл ретте заңды тұлғалардың депозиттері 10,5% - ға 15,3 трлн теңгеге дейін өсті (2022 жылғы желтоқсанда 2,3% - ға өсті), жеке тұлғалардың депозиттері-18,0% - ға дейін 15,6 трлн теңге (2022 жылғы желтоқсанда 7,3% - ға өсті).



Сурет 10 - ҚР банк секторы несие портфелінің және 90 күннен астам


мерзімі өткен берешегі бар қарыздарының динамикасы
Ескертпе – ҚРҰБ-ң деректері бойынша құрастырылған

Ұлттық валютадағы депозиттер 2022 жылы 22,0% - ға 21,1 трлн теңгеге дейін өсті (2022 жылғы желтоқсанда 8,9% - ға өсті), шетел валютасында 0,2% - ға 9,8 трлн теңгеге дейін өсті (2022 жылғы желтоқсанда 3,0% - ға төмендеді). Нәтижесінде, 2023 жылғы 1 қаңтардағы долларландыру деңгейі 2022 жылдың басындағы 36,0% - бен салыстырғанда 31,6% -. құрады.


Бұл ретте инфляция мен нарықтық ставкалардың өсуі аясында 2022 жылы депозиттерді тарту құны өсті. Мәселен, банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютасындағы мерзімді депозиттер бойынша сыйақының орташа өлшенген мөлшерлемесі 2022 жылғы желтоқсанда – 14,4% (2021 жылғы желтоқсанда – 7,4%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 13,3% (2021 жылғы желтоқсанда-8,0%) құрады.
2022 жылдың қорытындысы бойынша банктердің таза пайдасы 1,5 трлн теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 13,7% - ға артық. Банк активтерінің рентабельділігі (Roa) 2023 жылғы 1 қаңтарға 3,7% (2022 жылғы 1 қаңтарға – 3,8%), капиталдың рентабельділігі (ROE) – 30,4% (2022 жылғы 1 қаңтарға – 30,6%) құрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет