Коммуникациялар



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата17.05.2020
өлшемі1,01 Mb.
#69203
1   2   3
Байланысты:
Партия қызметіндегі дағдарысқа қарсы коммуникация (1)
Жог.мек.педагогикасы-Umkd
танымалдылығын 

жасау және арттыру әдісі

Саяси  процеске  және  саяси  қарым-қатынас  процесіне 

тартылған  саясаткерлер,  партиялар,  саяси  институттар 

және  басқа  да  субъектілер  саясатты  медиатизациялауда 

анағұрлым  маңызды  рөл  атқарады.  Саясаткерлердің 

бұқаралық ақпарат құралдарына қатысуы айқын қажеттілік 

болып  табылады,  бірақ  бұл  олардың  еркіне  ғана  емес, 

сондай-ақ  журналистер  мен  баспагерлердің  назарын 

аудару қабілетіне де, яғни медиа-тұлға, медиалық танылу 

деп атауға болатын дүниеге де байланысты.

Қазіргі  заманғы  цифрлық  медиа  жалпы  мойындау 

бойынша  өзара  іс-қимыл  жасауға  рұқсат  береді,  бірақ 

тікелей  өзара  іс-қимылда  болатындармен  бірдей  емес, 

бұл  олардың  қатысушылары  арасында  кеңістік-уақыт 

қашықтығының  болмауында  болып  жатқан  сияқты 

түсіндіріледі.  Интернет  осы  шарттарға  сай  болуға 

мүмкіндік  береді,  бірақ  саяси  қарым-қатынасқа  емес:  ол 

осы  кеңістікте  институционалдық  сипатқа  ие,  өйткені  ол 

ірі  әлеуметтік  топтарға  қатысты.  Хабарламаның  әртүрлі 

аудиториялардың  қажеттіліктеріне  бейімделу  мүмкіндігі 

тікелей  жеке  контактімен  сипатталатын  интерактивтілікті 

білдірмейді. Техникалық және институционалдық деңгейде 

кері байланысты бақылауға болады.

Саясаткердің  немесе  саяси  партияның  жариялылығын, 

медиалылығын  қарапайым  түрде  арттыру  олардың 

көрінуінің,  танылуының  синонимі  болып  табылмайды, 

бұл  жанама  квази-өзара  іс-қимыл  орнату  шарты  болып 

табылады.

Саясаткер  немесе  партияның  теледидардан  (офлайн, 

онлайн-тв)  жиі  көрінуі  БАҚ-қа  келушілер  мен 

көрермендер    арасында  парасоциалды  өзара  іс-қимыл-

дың  пайда  болуына  ықпал  етуі  мүмкін.  Саяси  маркетинг 

тілінде  бұл  персонаж  нақты  саяси  актордың  бірегейлігі 




ПАРТИЯ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР

74

үстіртін элементтері негізінде құрылған символдық бейне 



деп  те  аталады,  бірақ  мұнда  ол  шын  мәнінде  шынайы 

көрсетілмейді.

Технологиялық  даму  мен  аудиторияның  талғамдарын 

саралаудың  нәтижесі  болып  табылатын  бұқаралық 

ақпарат  құралдарының  әр  алуандығы  саясаткерлер 

мен  партияларға  сипаттамалары  алушылардың  түрлі 

топтарының  үміттеріне  бейімделетін  түрленуші  бейнелер 

жасауға теңдессіз мүмкіндік береді.

Тұлға-саясаткер  –  мемлекет  қайраткерінен  басқа, 

мысалы,  саясаткер  образы  отбасылық  адам  бейнесін 

жасайды.  Бұл  үдерістер  саясат  интимизациясы,  оның 

селебритизациясы деп аталады.

Телеграф  пен  фотосуреттің  таралуынан  туындаған 

сары таблоидты баспасөздің дамуы, теледидардың пайда 

болуы  және  оның  жоғары  дәрежедегі  танымалдығы, 

қолжетімділігі  кең  интернет  медиалық  танымалдылыққа, 

БАҚ-тағы медиалық даралыққа және оның детерминантына 

жаңа мағына берді.

Зерттеуші  Дж.  Корнердің  көрсетуінше,  саясаткерлердің 

өзін-өзі  таныстыруы  басқа  адамдардан  өзгеше  болады, 

себебі ол келесі белгілермен ерекшеленеді:

ш



проекция  ауқымымен  (ұлттық  немесе  жаһандық

ауқым);


ш

жоспарлауға  және  әрекет  етуші  адамға  байланысты



болатын стратегияның өзін-өзі тану дәрежесі;

ш



ортамен өзара әрекеттесудің қарқындылығы;

ш



нақты  жеке  қасиеттері  саяси  пайданы  жақсарту

немесе  қамтамасыз  ету  құралы  ретінде  қарастырылатын 

дәреже

19

.



Қоғамдық тұлға саяси қайраткерден өзгеше бағаланады, 

бірақ олардың арасында корреляция бар: қоғамдық қатысу 

стратегиясы көп жағдайда саясаткер бірге жұмыс істейтін 

және солардың атынан сөз сөйлейтін   партия мүдделері 

арасындағы келіссөздердің мәселесі болып табылады.

Партияның  емес,  саясаткердің  –  партия  мүшесінің 

19

 Corner John, Dick Pels (eds.), (2003), Media and the Restyling of Politics: Consumerism, 



Celebrity, and Cynism, London: SAGE.


«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ АКАДЕМИЯСЫ 

75

позициясының  әлсіреуіне  әкелген  мүдделер  қақтығысы 



орын алған оқиғаларға қатысты көптеген мысалдар бар.

Бір  жағынан,  жоғары  меншікті  медиалық  даралығы, 

медиалық  танылу  деңгейі  бар  саясаткерлердің  саясатын 

айтарлықтай дербестендіру нәтижесінде қоғамдық өмірде 

танымалдылыққа ие болады және қызмет бойынша жылдам 

ілгерілеуге  не  мемлекеттік  немесе  квазимемлекеттік 

қызметте жақсы орынға үміттене отырып, мықты позицияға 

ие болады.

Сондықтан еуропалық және қазақстандық саясаткерлер 

арасында қысқа саяси «жұмыспен қамтылмаған» кезеңде 

медиа  –  теледидарда,  радиода  жұмыс  істеу,  сол  арқылы 

әрі  қарай  жеке  медиалық  танымалдылықты  қолдау  және 

медиалық даралықты қалыптастыру сәнге айналды. 

Жеке сала саяси институттардағы саясаткерлер тұлғасын 

және мансабын қалыптастыру үшін қызмет етеді, сонымен 

қатар қоғамдық және танымалдылық саласындағы қатысу 

стратегиясына әсер етеді.

Саясаткерлер  мен  партиялардың  ерекше  қорғауында 

әдетте  жеке  өмірдің  элементтері  бар.  Бірақ  саяси 

қайраткерлердің жеке өмірінің жабықтығы жылдам сөгіліп 

жатқан қазіргі заманда, саясаттың селебритизациясы жеке 

өмірдің  саяси  даралықты  құру  және  сәтсіздікті  жеңу  үшін 

жиі  пайдаланылатын  тәсіл  болуына  әкелді.  Халықаралық 

саяси тәжірибеде мұндай мысалдар көп.

Мұндай  әрекеттерде  «саяси»  құндылықтарды  немесе 

олардың тиімді комбинациясын емес, «адами» әрекеттерді 

пайдалануды қабылдауға болады. Саясатты дербестендіру 

және  жекешелендіру  қоғамдық  және  танымалдылық 

саланың,  осы  процестерді  жақсы  басқарушы  ретінде 

медианың маңыздылығының өсуіне ықпал етеді.

Бұл әдістерді пайдаланбау өзінің нақты медиалық бейнесі 

жоқ,  жасырын  партиялар  мен  саясаткерлерді  құрумен 

байланысты. Шексіз саяси менеджерлердің уақыты өтті.

Медиалық  бірегейлік  пен  медиа  танымалдылықты 

қалыптастыру, осы салада жұмыс істеу өте күрделі болып 

табылады.

Бір  жағынан,  адамды  саясаткердің  өзін  қалай  ұстауы, 



ПАРТИЯ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР

76

әрекет  етуі,  қарауы,  жүруі,  тамақтануы  және  т.с.с.  туралы 



кейбір дәстүрлі ұғымдарға бейімдеу қажет.

Екінші жағынан, ол жоғары дәрежедегі танымалдылыққа, 

демек,  медиалық  танымалдылыққа  және  медиалық 

қатыстылыққа шақыратын күтілген дүниелерге сәйкес келуі 

тиіс.  Медиалық  даралықты  және  оның  қалаулы  салдары 

ретіндегі  танымалдылық  қоғамның  нақты  әлеуметтік, 

этнотілдік,  этнодіни  страталар,  оның  сайлаушыларының 

топтары  үшін  тартымды  және  көзайымы  ретінде 

қабылданатынын  және  бұл  ретте  қандай  құндылықтарды 

ескеру керектігін ескере отырып құрылуы тиіс.

Саяси  маркетинг  тілімен  айтқанда,  саяси  қайраткер 

сайлаушының  сегментіне  байланысты  әртүрлі  позицияда 

болады,  сондықтан  олар  «басқа»  адамды  жасайды,  бұл 

бейненің қарапайым тұтастығын жоғалтуға әкелуі мүмкін.

Адамды саясаткер ретінде сәйкестендіру қажеттілігімен 

байланысты  бейнеге  қойылатын  талаптар  және  оның 

бұқаралық  ақпарат  құралдарында  медиалық  ұқсастығы 

мен  танылуына  кепілдік  беретін  талаптар  көп  жағдайда 

бір-біріне  қарама-қарсы  келеді  және  көпшілік  қауымның 

құрылуын қиындатады.




«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ АКАДЕМИЯСЫ 

77

ӨЗІН-ӨЗІ ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР:



1.

ш

Сіз  «медиалық  қатысу»,  «медиалық  танылу»,



«медиалық  даралық»  терминдерін  қалай  түсінесіз? 

Көрсетілген реттілік дұрыс па?

2.

ш

Сіздің  партияңыздың  өзіндік  медиалық  ұқсастығы 



бар деп ойлайсыз ба? Егер бар болса, неге? Егер жоқ болса, 

оны қалыптастыру үшін не істеу керек.

3.

ш

Саясаткердің 



немесе 

партияның 

медиалық 

танылуын


 арттыру әдіснамасын сипаттаңыз.

4.

ш



Медиа-тұлға деп кімді атауға болады?

5.

ш



Саясаткерлердің  өзін-өзі  таныстыруының  негізгі

белгілерін келтіріңіз.




ПАРТИЯ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР

78

12.  БАҚ-та  жариялау  үшін  партиялық-саяси 



ақпаратты  таңдау  және  медиалық  назар 

аударудың критерийлері

Дәстүрлі саяси журналистикада қандай да бір ақпаратты 

таңдау  кезінде  басты  орынға  қойылатын  критерийлердің 

белгілі бір каталогы болады.

  Бұқаралық  ақпарат  құралдары  әлеуметтік  шындықта 

болып  жатқан  барлық  оқиғаларды  хабарлай  алмайды, 

сондықтан  қоғамдағы  ақпарат  ағыны  біркелкі  емес  және 

толық емес.

Бұл 


құбылыстар 

БАҚ-тың 


ниеттестігінің/

немқұрайлылығының, 

бүйрегі 

бұрып/бұрмауының, 

олардың өздерінің ішкі шектеулерінің нәтижесі емес.

Бұқаралық ақпарат құралының функционалдық тәсілін 

пайдаланған  жағдайда,  жалпы  жүйе  үшін  және  оның 

жекелеген  бөліктері  үшін  жұмыс  істейтін  ақпарат  беруге 

тиіс.

Саяси  үдерістерді  зерттеуші  белгілі  ғалымдар  Йохан 



Галтунг  пен  Мари  Руге  мақала  жариялап,  онда  кейбір 

оқиғалардың  жаңалықтарға  қалай  айналатыны  туралы 

сұраққа  жауап  беруге  тырысты

20

.  Олар  норвегиялық 



баспасөзді  онда  әлемдік  ақпараттың  болуы  тұрғысынан 

талдай  отырып,  келесі  факторлар  оқиғаның  құндылығын 

жаңалықтар  ретінде  анықтайды  деген  қорытындыға 

келді  (зерттеушілердің  пікірі  бойынша,  ашық  өлшемдер 

тізбесі):

ш



оқиғалар  мен  хабарларды  шығару  арасындағы 

уақыт  сәйкестігі  ретінде  ұғынылатын  жиілік;  ұзақ 

мерзімді  әлеуметтік  үрдістердің  жаңалықтарға  қатысуға 

аз  мүмкіндіктері  бар  (мысалы,  демократияны  құру  ұзақ 

уақыт  процесі  ретінде  түсінілетін  немесе  неғұрлым  тар 

бағыт – полиция ведомствосының нәтижесі белгісіз «ұзақ» 

20

 Galtung Johan, Mari Ruge (1965), The structure of foreign news: the presentation 



of  the  Congo,  Cuba  and  Cyprus  crises  in  four  Norwegian  newspapers,  „Journal  of 

International Peace Research”, no 1, стр. 64–91.




«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ АКАДЕМИЯСЫ 

79

процестер ретіндегі реформасы);



• 

ш

қарқындылық, белгілі бір шектен асып кету, мысалы, 



құрбандар саны; 

ш



оқиғаны түсіну мен интерпретациялауды жеңілдететін 

екіойлылық;

ш

мәдени  ұқсастық  мағынасында  хабардың  мәні 



–  бұл  хабар  қоғамның  нақты  мәдени-тілдік,  этнодіни 

менталитетінің қажеттіліктеріне сәйкес келе ме, хабарлама 

салыстыруға алып келе ме;

ш



ақпарат алушылардың болжамдарына сәйкестігі;

ш



болжамсыздық;

ш



егер  оқиға  жаңалыққа  айналған  болса,  оның 

мүмкіндігі  бар  екенін  көрсететін  үздіксіздік,  өйткені 

ол  веб-сайттарда  одан  әрі  қатысу  үшін  белгілі  және 

оңай  түсіндірілетіндіктен,  оның  ауқымы  шектеулі  болса 

да,  сабақтастық  жаңалықтардың  бастапқы  қатысуын 

ақтайды;


ш

құрам:  оқиға  ақпараттық  әлеуетті  құрағандықтан 



емес,  ол  осы  медианың  жалпы  композициясына  сәйкес 

келетіндіктен  немесе  түрлі  эмоциялар  арасындағы  тепе-

теңдікті  қолдауға  мүмкіндік  беретіндіктен,  жаңалыққа 

айналады;

ш

«элитарлық»  халықтарға,  жетекші  экономикалық, 



саяси  державалардың  халқына  сілтеме  жасау,  өйткені 

осы  елдерде  болып  жатқан  оқиғалар  басқа  елдер  үшін 

маңызды болып көрінеді; осы ұлттың элитаризмі мәдени, 

саяси  және  экономикалық  жағынан  анықталады  және 

нақты  қоғамға  байланысты  ерекшеленеді,  авторлар 

жазып көрсететіндей, кейбір ұлттар барлық жерде немесе 

барлық уақытта элитарлық деп қабылданатынын болжауға 

болады  (Американдық  Apple  компаниясы  гаджеттерінің 

жаңа буынының тұсаукесерлері, Британдық монархтардың 

үйлену тойы т.б.);  

ш

элитаға сілтеме жасау, өйткені олардың іс-әрекеттері 



үлкен ақпараттық әлеуетке ие, өйткені қоғам (немесе оның 

жекелеген  мүшелері)  өздерін  олармен  бірегейлендіре  

алады;



ш



атын атауға болатын тұлғаларға сілтеме жасау, себебі 


ПАРТИЯ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР

80

белгілі бір адамды сәйкестендіру оларды күн, ай, жыл және 



т.б.  батырларына  айналдыруға  негіз  болады;  әлеуметтік 

күш емес, нақты адамдардың әрекеті нәтижесіндегі оқиға; 

бейнелеу  мәдени  идеализм  тамырында  болуы  мүмкін, 

соған сәйкес адам өз тағдырының иесі болып табылады, ал 

оқиғаларды нақты адамның еркін ерікті әрекеті нәтижесінде 

көруге  болады.  Сондықтан  өзіміздің,  қазақстандық 

«ақпараттық» тұлғаларды, күн және жаңалықтар ленталары 

батырларын жасау ақпараттық қауіпсіздікті қалыптастыру 

да аса маңызды;

ш



негативке  сілтеме  жасау,  себебі  теріс  құбылыстар 

айқын,  консенсустық,  кенеттен  болған,  қысқа  мерзімді 

болып  қарастырылады.  Осы  үлгі  бойынша  Қазақстанның 

бірқатар  танымал  жаңалықтар  агрегаттары  дамиды,  олар 

тек жағымсыз хабарламаларды жинақтайды, бұл олардың 

оқу деңгейін, олардың ресурстарына онлайн-келушілерді 

арттыруға ықпал етеді.

Жоғарыда аталған зерттеушілер үш жалпы гипотезаны 

қабылдады.

Біріншісі. Осы критерийлерге сай болған сайын, олардың 

жаңалықтар ретінде қабылдану ықтималдылығы соғұрлым 

көп.


Екінші 

гипотеза 

бойынша 

жаңалық 


ретінде 

оқиғаны  таңдау  критерийіне  айналған  факторлар 

ретрансляцияланады, бұл бұрмалауға әкеледі.

Үшінші гипотеза, таңдау және бұрмалау оқиғаны алушыға 

коммуникациялаудың барлық кезеңдерінде жүреді.

Кейінірек осы критерийлерге қосылғандар: күн тәртібіне 

енгізілген БАҚ-тың жеке тарихы, олардың жалғыз мақсаты 

ойын-сауық,  сексуалдық  тақырыптарда  ойын  ойнау, 

жануарларға  жүгіну,  юмор,  шоу-бизнес,  позитивтерге 

сілтеме  жасау,  элиталық  ұйымға  (компанияға,  фирмаға, 

кәсіпорынға т.б.) сілтеме жасау болып табылады.

Галтунгтың  болжамы  қатып  қалған  конструкция  емес. 

Кейінірек зерттеушілер басқа да критерийлерді ұсынды.

Зерттеуші 

Герберт 

Ганс


21

 

бұқаралық 



ақпарат 

21

 Gans Herbert J. (2004), Deciding What’s News. A Study of CBS Evening News, NBC 



Nightly News, Newsweek, and Time, Evanston: Northwestern University Press.


«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ АКАДЕМИЯСЫ 

81

құралдарындағы  ақпараттың  күн  сайынғы  селекциясына 



әсер ететін факторларға қатысты өз көзқарастарын дәйекті 

ұстанды. 

Г.  Ганс  ақпаратты  маңызды  және  қызықты  етіп  бөлуді 

енгізді,  ол  осы  екі  қасиеттердің  комбинациясы  мінсіз 

болатынын  мойындайды.  Ал  тәжірибе  деңгейінде  ненің 

маңызды  және  ненің  қызықты  болатынын  анықтау  қиын, 

себебі  жаппай  қарым  –  қатынас  жасаудың  мәні  –  оның 

диапазоны (ауқымы), соның ішінде әр алуан қызығушылығы 

пен маңызды иерархиясы бар көпшілік аудитория.

Демек,  шешімдер  шұғыл  және  іс-шараға  қатысушы 

субъект  пен  адамдарға  негізделген.  Маңызды  ақпарат 

сыртқы  және  ішкі  саясатқа  жататындықтан,  өлшемдер 

жиынтығы әртүрлі.

Ішкі  оқиғалар  жағдайында  Г.  Ганс  кейіпкерлер 

мен  іс-қимылдарға  байланысты  оқиғалардың  келесі 

сипаттамаларын көрсетеді:

ш

тек  ресми  ұстанымға  ғана  емес,  сондай-ақ  осы 



тұлғаның  іс-әрекетінің  нақты  мәніне,  ықпалына  немесе 

салдарына  қатысты  үкіметтік  иерархиядағы  және  басқа 

да  иерархиялардағы  (билік,  байлық,  бедел)  тұлғаның 

ұстанымы;

ш

ұлт,  мемлекет  және  ұлттық  мүдделерге  ықпал  ету; 



шетелдік  оқиғалар  жағдайында  мәселе  өте  қарапайым: 

билік  өкілін,  мекемені  немесе  біздің  мемлекетіміздің 

азаматын  тарту  жеткілікті,  әсіресе  олардың  құқықтары 

тәуекелге ұшырауы мүмкін болса.

Алайда ішкі оқиғаларға қойылатын талаптарды анықтау 

қиын, алайда Г. Ганстың пікірінше, іс жүзінде әңгіме ұлттық 

құндылықтар жиынтығына ықпал ететін, білдіретін немесе 

әсер  ететін  адамдар  мен  қызмет  туралы  болып  отыр, 

олардың  арасында  басқаларымен  қоса  этноцентризм, 

альтруистік  демократия,  жауапты  капитализм,  шағын 

қалалардың  қарапайым  өмірі,  индивидуализм,  жаңғырту, 

қоғамдық тәртіптің тәртібі немесе жергілікті көшбасшыны 

іздеу бар. 

Бұл құндылықтар американдықтар үшін маңызды, бірақ 

олардың қаншалықты әмбебап екенін бағалау қиын.



ПАРТИЯ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР

82

Басқаша  айтқанда,  ақпаратты  анықтау  моральдық, 



әлеуметтік  немесе  табиғи  сипатта  кең  мағынада 

ұғынылатын бұзушылықтар оқиғаларымен байланысты;

ш

көптеген нақты немесе әлеуетті адамдарға әсер ету; 



көп  жағдайда  бұл  бағалау,  жорамалдау  мәселесі,  бірақ 

оқиғаға  немесе  оның  салдарларына  әлеуетті  әсер  еткен 

немесе  қатысқан  сайын,  «жаңалықтар  әлеуеті»  соғұрлым 

көп;


ш

өткен  және  болашақ  үшін  маңыздылығы:  болашақ 



үшін  маңызды  болатын  болжаммен  байланысты  тәуекел 

бар;  өткен  оқиғаларға  қатысты  олардың  шынайылығы 

әдетте  мерейтойлармен,  мерекелермен  және  басқа  да 

циклді түрде қайталанатын әрекеттермен анықталады.  

Ұлт  пен  ұлттық  мүдделерге  ықпал  ету  критерийлеріне 

сәйкес  келетін  оқиғалар  өте  аз  екенін  айта  кету  керек. 

Оларға  сайлау,  маңызды  мерейтойлар  немесе  қоғамдық 

тәртіпті бұзатын немесе саяси сахнаны толығымен өзгерте 

алатын арнайы оқиғалар жатады.

Алайда олар сирек кездеседі, сондықтан жаңалықтарды 

«өндірушілер»  –  жаңалық  агенттіктері,  журналистер, 

жұртшылықпен  байланыс  департаменттері  олардың 

есептілігін ақтау үшін, оқиғаларды аз немесе көп дәрежеде 

асыра жекелеп, драмаландыруы тиіс.

Алайда шамадан тыс драмаландыру қауіпті, өйткені ол 

шындық  пен  сенімділіктің  төменгі  стандарттарына  әкелуі 

мүмкін.

Оқиғаның  ақпараттық  құндылығына  байланысты 

қиындықтар,  яғни  оның  болашағы  үшін  маңыздылығын 

бағалау  пакеттік  журналистика  механизмдерін  біріктіруге 

алып  келеді,  бұл  да  аталған  стандарттарды  төмендетуі 

мүмкін. 


Қызықты ақпарат қызықты оқиғаларға, яғни қарапайым 

адамдармен  байланысты.  Г.  Ганс  оларды  былайша  бөліп 

көрсетті: адамдар туралы әңгімелер, отбасындағы немесе 

қоғамдағы  рөлдердің  ауысуы,  адам  істері,  кейіпкерлер 

туралы  ұғымдар,  «Жаратушының  қарғысынан  қорық», 

«қарымта принципі», «басына келетін бумеранг принципі» 

стиліндегі хабарламалар.



«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ АКАДЕМИЯСЫ 

83

Адамдар  туралы  әңгімелер  –  бұл  ерекше  жағдайларда 



әрекет  еткен  (немесе  іс-қимылға  ұшырайтын)  тұлғалар 

туралы  және  бейресми  ортада  және  саяси  емес  рөлде 

(отбасы, достардың ортасы, хобби, саяхатта) көрінген саяси 

акторлар туралы әңгімелер. 

Рөлдерді  ауыстыру  жүріп  жатқан  оқиғалар,  оның  әзіл-

сықақ немесе драмалық әсерінің бар-жоғына қарамастан, 

өлшемдердің әлеуеті бар.

Адам проблемалары (адамзат тарихы) туралы әңгімелер 

– бұл ақпаратты тұтынушылардың көңілін, өкінуін немесе 

таңданысын тудыра отырып, ерекше уайымға ұшырайтын 

адамдар туралы әңгімелер (қайғылы оқиғалардың, ерекше 

аурулардың құрбандары); көрермен өздерін олармен бірге 

бір  қатарға  қоя  алады,  бірақ  ол  сонымен  бірге  мұндай 

уайымдар  оның  тарапынан  айналып  өткенін  білдіре 

отырып, тағдырға алғысын да айта алады.

Әшкерелеу  оқиғалары  (Exposé  anegdotes)  қоғам 

қайраткерлерімен, 

саяси 


тұлғалармен, 

мәселен, 

журналистермен, 

блогерлермен 

байланысты. 

Бұл 


мәлімдемелер  аталған  адамдардың  жеке  өмірде  өзін 

қалай  ұстайтындығымен  байланысты,  олар  шынайы 

өмірде қоғамдық өмірде өзін ұстайтындай емес, бейтаныс 

адамдармен  немесе  өзіне  жақын  ортасымен  тым  дөрекі, 

шынайы емес, мейірімді емес, өзімшіл т.б. болуы мүмкін. 

Батыр кейіпкерлер туралы оқиғалар – бұл қиындықтарды 

жеңетін  адамдар  туралы  әңгімелер,  мысалы,  өмірде 

немесе сотта қатал шенеуніктер мен саясаткерлерді жеңген 

адамдар туралы әңгімелер.

Бұл  авантюристер  мен  экстремалды  уайымдар  туралы 

әңгімелер де болуы мүмкін.

Көрсетілгендердің  барлығы  партиялардың  ағымдағы 

коммуникациялық  қызметінде  ескерілуі  керек,  сондай-

ақ  партиялардың  PR-департаменттері  практикада 

іске  асыратын  дағдарысқа  қарсы  коммуникациялық 

стратегияларды 

іске 

асыру 


кезеңінде 

барынша 


жандандырылуы тиіс.


ПАРТИЯ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР

84

ӨЗІН-ӨЗІ ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР:



1.

ш

Медиалық  зейіннің  негізгі  критерийлерін  және 



олардың сипаттамаларын сипаттаңыз.

2.

ш



Оқиға  құндылығының  жаңалық  ретінде,  саяси, 

партиялық  коммуникациядағы  ақпараттық  себеп  ретінде 

критерийлері қандай?

3.

ш



Г.  Ганс  бойынша  оқиғалардың  қызықтылығының 

типологиясын келтіріңіз.




«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ АКАДЕМИЯСЫ 

85

13. Саяси фотосурет және саяси партиялардың 



жоғары  көркем  фотосуретті  саяси  имидж 

жасаудың тиімді құралы ретінде пайдалануы

Саяси  коммуникация  технологиялық  өзгерістер 

процесінде 

автоматтандырылған 

коммуникацияға 

айналатын 

жаңа 


өлшемге 

ие 


болады. 

Саяси 


коммуникацияның  көптеген  функциялары  интернет-

өлшеулер  және  онымен  байланысты  интерактивті 

аспектілер  үшін  «кеңейтілді».  Партиялардың  веб-

сайттарына және оларда өткізілетін іс-шараларға ерекше 

назар  аудару  керек,  соның  арқасында  саяси  акторлар 

аудиторияның  көңілін  өзіне  аудартады.  Бұл  іс-шаралар 

әр  түрлі  материалдар  мен  типологиялық  материалдарды 

жариялауды қамтиды.

Біз  визуалды  дәуірде  өмір  сүреміз.  Фотосуреттер 

халықаралық 

оқиғалар 

мен 


біздің 

түсінігімізді 

қалыптастырады. Фотосуреттер, кино және теледидар біздің 

соғыс,  гуманитарлық  апаттар,  наразылық  қозғалыстары, 

қаржы дағдарыстары және сайлау науқандары сияқты түрлі 

құбылыстарға қалай қарап, жақындап келе жатқанымызға 

әсер етеді. Визуалды саясат динамикасы дәстүрлі бұқаралық 

ақпарат құралдарының шеңберінен алыс.

Сандық  БАҚ,  Твиттер-ден  Instagram-ға  дейін,  саяси 

спектрде маңызды рөл атқарады.

Дрондар,  спутниктер  мен  бақылау  камералары  түрлі 

саяси  оқиғалардың  –  соғыс  пен  бейбітшілік,  қуаныш 

пен  қайғы,  сәтсіздік  пен  жетістіктердің  нақты  суреттерін 

береді.


Суреттер біз жасаған барлық нәрселерді қоршайды. Бұл 

бейнелердің барлық жерде болуы саяси болып табылады 

және  біздің  қазіргі  әлемде  қалай  өмір  сүретінімізді  және 

өзара әрекет етуімізді түбегейлі түрде өзгертті.

Фотосуреттер ел мен әлем мәселелерінің жақсы көрінісі 

болып  табылады.  Фотосуреттердің  түпнұсқалық  елесі  де 

саяси құндылықтарды жасырады. Фотосуреттер бейтарап, 



ПАРТИЯ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР

86

құнды  және  дәлелді  болып  табылады  деген  болжам 



расталуда,  өйткені  фотосурет  бейне  мен  оқиғаларды 

қамтиды. 

Дәл осы түпнұсқалық елес фотосуретті алыс аудиторияға 

– аймақтардағы партия мүшелеріне, сайлаушыларға саяси 

оқиғалардың  мәнін  жеткізу  мақсатында,  партия  қызметі 

мен коммуникацияларында қуатты саяси, бірақ әлі толық 

бағаланбаған құрал етеді. 

Көрермендер  оқиға  түсінікті  болмайынша,  дағдарысты 

бұқаралық  ақпарат  құралдарының  түрлі  көздері  арқылы 

қарастырып,  қайта  қарайды.  Мұндайда  фотосуреттер 

адамның  қабылдауын  қалыптастырып  қана  қоймайды, 

оның  саяси,  экономикалық,  этножелілік  және  т.б. 

көзқарастарына да әсер етеді.

Фотосурет  бейтарап  болуы  мүмкін  емес,  өйткені  ол 

әрдайым нақты адам таңдаған және жасаған сурет болып 

табылады.  Ол  белгілі  бір  жерден  алынады,  содан  кейін, 

осылайша қарастырылып отырған объектіні басып алудың 

балама тәсілдері қатарын қоспағанда, белгілі бір жолмен 

өндіріледі  және  жаңғыртылады.  Бұл  саяси  фотосуретке 

қатысты. 

Фотосуреттер, ал дәлірек айтсақ, саяси фотосурет саяси 

акторлардың,  партиялардың  имиджіне  әсер  етеді.  Кейбір 

фотосуреттер  дәуірдің  символдары,  сол  немесе  басқа  да 

саяси кезеңнің символдары болғаны барлығының есінде. 

Бұл  жерде  Қазақстанға  қатысты  мысал  ретінде  Армения 

Президенті  Давид  Акопянның  жеке  фотографы  түсірген 

Президент Н. Назарбаевтың танымал қара-ақ суретін еске 

түсіру жеткілікті. 

Фото  бір  күн  ішінде  әлеуметтік  желілердің  визуалды 

хитіне  айналды.  Фотода  Сочидегі  саммитте  қазақстандық 

көшбасшы  бейнеленген.  Фотосурет  бірден  заманауи 

фотоөнер анналына, қазіргі Қазақстанның саяси тарихына 

енді.

Партияның  веб-сайттарының  барлығы  бірге  жүретін 



шексіз, 

қызықсыз 

фотосуреттер 

қызығушылықты 

тудырмайды, 

сонымен 


қатар 

корпоративтік 

ынтымақтастыққа ықпал етпейді.



«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ АКАДЕМИЯСЫ 

87

Партиялардың ресми фотографтарының жұмысы мүлдем 



жаңа деңгейге қойылуы тиіс. Қызықты ракурстар, көптеген 

кәсіби  және  әуесқой  фотоқосымшаларды  өңдеу,  веб-

сайтты, әлеуметтік желілерді пайдаланушылар үшін партия 

оқиғаларының  визуалды  графикалық  қызығушылығын 

үнемі жетілдіру – уақыт талабы.

Партия  өміріндегі  қызықты  фотосуреттерге  арналған 

фотоконкурстар  тұрақты  түрде  өткізілуі  тиіс.  Сонымен 

қатар  бұл  қазіргі  кезеңде  –  төртінші  өнеркәсіптік 

революция жағдайында, яғни әрбір электронды гаджетте 

сапалы фототүсірілімнің кеңейтілген мүмкіндіктері бар, ал 

смартфондар – әрбір екінші адамда бар кезеңде өзекті. 

Әрине, барлық фото сенсация бола алмайды және тарихқа 

кіре  алмайды,  бірақ  көркем,  әдеттен  тыс  фотосуреттерге 

ұмтылу  тіпті  қарапайым  партиялық  жиналыстардан  да 

сайлаушылардың  қызығушылығын  қолдаудың  тағы  бір 

тиімді  құралы  бола  отырып,  партияның  жаңа  визуалды 

бейнесі бола алады.

Саяси  фотосурет  –  күрделі  мәселе,  әсіресе,  көптеген 

фото және жаңалықтар агенттіктері үшін елдегі маңызды 

оқиғалар туралы хабарланса. Саяси фотографтың жұмысы 

баспасөздегі әдеттегі фотосуреттен өте қатты ерекшеленеді 

және  партиялық  фотограф  тамаша  саяси  суреттің  қалай 

көрінетінін  білу  керек.  Әзірше  саяси  фотожурналистика 

бағыты бойынша бірқатар партияларда жұмыс істеу жүйесіз 

көрінеді,  ал  көптеген  партиялардың  штаттарында  тіпті 

фотографтың штаттық бірлігі жоқ.

Жаңа  БАҚ  фотожурналистиканың  мәнін  өзгертті  және 

саяси  партиялар  осы  өзгерістердің  фарватерінде  болуы 

тиіс.



ПАРТИЯ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР

88

ӨЗІН-ӨЗІ ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР: 



1.

ш

«Менің  партиямның  рәміздеріне  айналған  көркем 



суреттер» тақырыбында эссе жазыңыз.

2.

ш



Сіздің партияңызның ақпараттық-коммуникациялық 

қызметінде саяси фотосурет пайдаланыла ма?

3.

ш

Партия  штатында  және  оның  аймақтық  және 



жергілікті бөлімшелерінде кәсіби суретші (лер) бар ма?

4.

ш



Партия  басшылығы  (орталық  аппарат  және  оның 

аймақтардағы құрылымдық бөлімшелері) айдың, жылдың 

және  т.б.  үздік  саяси  фотосуреті  бойынша  конкурстар 

ұйымдастыра ма?

5.

ш

Сіздің  веб-сайтыңыздың  және  оның  мобильді 



нұсқаларының  графикалық  мазмұны  қандай?  Саяси 

фотосуреттер қанша және қаншалықты жиі қойылады?

6.

ш

Сіздің ойыңызша, саяси фотографтың кәсіби сапасы 



қандай болуы керек? 

 



«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ АКАДЕМИЯСЫ 

89

ҚОРЫТЫНДЫ



Саяси  партиялар  Қазақстанның  демократиялық 

қоғамының іргетасы болып табылады. Олар жұртшылықтың 

мүдделерін  біріктіреді,  оларды  саясатты  дамытудың 

нұсқалары түрінде тұжырымдайды және саяси қатысу үшін 

құрылымдар құрады. Сонымен қатар олар болашақ саяси 

көшбасшыларды  даярлайды,  оқытады,  қалыптастырады 

және  мемлекеттік  мекемелерді  бақылауға  және  олардың 

тиімділігі  мен  ашықтығы  мониторингіне  қол  жеткізу  үшін 

сайлау мен сайлау процесіне әсер етеді.

Саяси  партиялар  кез  келген  заманауи  демократияның 

айшықты  бейнесі  болып  табылады.  Олар,  бейнелі  түрде 

айтқанда,  азаматтардың  мемлекеттік  қызметке  қатысуы 

және  жергілікті  және  ұлттық  деңгейдегі  заңнамалық 

органдарда  орын  алуы  үшін,  өздерінің  мүдделері  мен 

қажеттіліктерін  білдіру,  азаматтық  қоғамды  дамытудың 

ұмтылыстары  мен  мақсаттарын  анықтау  және  айқындау 

үшін еркін жіберілетін көлік құралдары болып табылады.

Партиялар  саясатта  өзінің  сындарлы,  бірегей  рөлін 

атқаратын жерде ғана демократия гүлденуі және өркендеуі 

мүмкін. 


Партия,  әсіресе,  басқарушы  партия  менеджментті, 

ішкі  рәсімдерді,  стратегияларды,  платформаларды  және 

заң  шығару  органдарындағы  саяси  үдерістің  барлық 

тараптарының  жұмыстарын  жетілдіру  жөніндегі  күш-

жігерді барынша қолдауы тиіс. Себебі бәсекелестік өрістің 

болуы  оған  үнемі  тонуста  болуға,  бәсекелестікте  қалуға 

мүмкіндік береді. 

Тиімді коммуникациялар қоғам мен саяси ұйымдардың 

өзара  іс-қимылының  өзектілігі  мен  тиімділігін  айқындай 

отырып,  мониторинг  және  кері  байланыс  мүмкіндігін 

береді.

Интернет-ортада: Facebook, Instagram, Twitter, Telegram, 

LikedIn  және  т.б.  әлеуметтік  желілерде  жұртшылықпен 

тиімді  байланыстарға  көп  көңіл  бөлу,  сайттардың 

бейімделуі және олардың көрнекі және мазмұндық жағынан 



ПАРТИЯ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР

90

қызықты болу деңгейін арттыру, баспасөз хатшыларының 



(ресми өкілдердің) өз сайлаушыларының барлық жас және 

әлеуметтік психологиясын ескере отырып белсенді жұмыс 

атқаруы өзекті.

Партиялар  саяси  өмірге  жария  қатысу  үшін  негізгі 

арналар болып табылады, сондай-ақ азаматтарға олардың 

билікке ықпалын күшейту үшін мүмкіндік береді. Салауатты, 

бәсекеге қабілетті көп партиялы жүйеде әрбір партия өзекті 

болып қалу үшін және өзінің ұзақ мерзімді стратегиясын да, 

өзінің жедел тәжірибесін де үнемі жетілдіру үшін азаматтық 

қоғамға үнемі жүгінуі тиіс.

Саяси  коммуникациялар  жүйесіне  белсенді  қатысу 

жолымен түрлі саяси бастамалар мен ұсынымдарды ұсыну 

және талқылау қоғам мен мемлекет мүддесінде партиялар 

қызметінің үздік нәтижелері мен тиімділігіне әкеледі. Осы 

міндеттерді  орындаудағы  партиялардың  табысы  бірнеше 

жолмен  өлшенеді,  бірақ  ол  сайлауда  сын  тұрғысынан 

бағаланады.

Саяси  коммуникациялық  процестер  контекстіндегі 

коммуникацияның жаңа арналарына (әлеуметтік желілер, 

интерактивті  мобильді  қосымшалар  т.б.)  қатысты 

маңыздылығы  жаңалықтың  тек  қарапайым  әсерімен 

ғана  байланысты  емес.  Цифрлық  желілік,  интерактивті 

саяси  коммуникациялардың  мәні  және  оның  ерекшелігін 

анықтайтын нәрсе осы салада жаңа сапаны құрғандықтан, 

басқа  бұқаралық  ақпарат  құралдарымен  теңеспейді.  

Олар  алушының  рөлінен  жөнелтуші  рөліне  бірқалыпты 

өту  мүмкіндігін  қамтамасыз  етіп  қана  қоймай,  сонымен 

қатар оларды тұтынушыларға пікірлерді, синхронды және 

асинхронды  байланыстың  әр  түрлі  нысандарын  және 

саяси  қатынастардың  әр  түрлі  типтерімен  байланысты 

адамдардың  желілерін  құру  мүмкіндігін  беретін  көптеген 

құралдарды ұсынады.

Сипатталған  технологиялық  өзгерістер  қазіргі  заманғы 

демократия кездесетін елеулі проблемалардың күшеюімен 

қатар жүреді. Олардың ішіндегі ең маңыздысы ретінде, ең 

алдымен,  саяси  және  азаматтық  қатысу  дағдарысын  атап 

өту  керек,  бұл  саяси  партиялардың  қызметіне,  олардың 



«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ АКАДЕМИЯСЫ 

91

өмірінің ұзақтығына, саяси күрестегі жетістіктерге тікелей 



әсер  етеді.  Тиімді  коммуникациялар  осы  міндетті  шешуге 

бағытталған.

Сайлаушылардың 

саясаткерлермен 

және 

саяси 


институттармен  диалогқа  қатысуына  жәрдемдесу  тиімді 

саяси коммуникацияларды кеңейтеді, белсенді азаматтық 

қоғамды  қалыптастыру  үшін  маңызды  фактор  болып 

табылады.




ПАРТИЯ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ



Дизайнын жасаған және беттеген  – Матюк А.В.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет