Компьютерлік технологиялар Есептеу техникасының қысқаша даму тарихы



Дата14.11.2019
өлшемі34,05 Kb.
Компьютерлік технологиялар

 

Есептеу техникасының қысқаша даму тарихы

 

 

Есептеу техникасы – деп ақпаратты автоматты түрде өңдеуге арналған құрылғылардың жиынтығын айтады.



Есептеу техникасының тарихын XVII ғасырда пайда болған логарифмдік сызғыштардан бастайық. XVII ғасырдың басында шотландиялық математик Джон Непер логарифм түсінігін енгізді және өзінің логарифм кестесін жариялады. Екі ғасыр бойы әр елдің ғалымдары  логарифм функциясының негізінде жасалған есептеу құралын жетілдірумен шұғылданды. Тек 1761 жылы ғана ағылшын Д. Робертсон жүгіртпесі бар навиагациялық есептеулер жүргізуге арналған логарифм сызғышын жасады. Мұндай құрал жасау идеясын 1660 жылдары Исаак Ньютон ұсынған болатын.

Соңғы кезге дейін логарифм сызғыштары инженерлердің бірден-бір есептеуіш құралы болып келді, бірақ электронды калькуляторлар оларды қолданудан ығыстырды. 1642 жылы француз математигі Блез Паскаль он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды. Паскальдың машинасында көп мәнді сандарды қосу мүмкін болды.

1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдің идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын – арифмометрді құрастырды. Дөңгелектің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды. Кейін арифмометр бірнеше рет жетілдірілді. Бұл бағытта орыс өнертапқыштары П.Л. Чебышев пен В.Т. Однер көп еңбек етті. Арифмометр қазір әр оқушының қолында жүретін калькулятордың негізін салды.

Арифмометр мен қарапайым калькулятор есептеу жұмыстарын механикаландыру құралдарының қызметін атқарады, бұларда есептеуде адамның өзі әрекеттер тізбегін анықтап басқарады.

Есептеуіш техникаларының қарқындап дамуы ХІХ ғасырдан басталды. Есептеуіш техниканың дамуындағы келесі қадам алдын ала жасалған бағдарлама бойынша адамның қатысуынсыз есептеулер орындайтын құрылғылар жасау болды. Мұндай алғашқы есептеуіш автоматтың авторы ағылшын ғалымы Чарлз Бэббидж еді, сондықтан көптеген адамдар оны қазіргі компьютердің атасы деп атайды. 1833 жылы ол бағдарлама арқылы  басқарылатын «аналитикалық  машина» жобасын жасады. Бұл машина қазіргі компьютерлерде бар барлық негізгі  құраушылар: бастапқы сандар мен аралық  нәтижелерді сақтауға арналған жад, жадтан алынған сандармен  амалдар орындайтын  арифметикалық құрылғы, берілген бағдарлама бойынша есептеу  барысын қадағалап отыратын басқару құрылғысы, деректерді енгізу мен оларды басып  шығару құрылғылары болады. Бэббидждің  идеясы өз уақытынан  озық еді. Оның машинасы өте күрделі құрылғы болғандықтан, ол кездегі техникалық мүмкіндік  мұны жүзеге асыра алмады. Басқару бағдарламасы перфокарта деп аталған қатырма қазаздардағы тесіктердің көмегімен кодталды. Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған Ада Лавлейс бірінші бағдарламалаушы болып саналады.

XlХ ғасырдың соңында американдық Герман Холлерит есепші –перфорациялық машина құрастырды. Перфокарталар бағдарламаны көрсету үшін емес, сандық ақпараттарды  сақтау үшін қолданылды.

Есепші – перфорациялық  машиналар перфорациялауды, сұрыптауды, қосуды және сандық кестелерді басылымғы шығаруды орындады. Ол 1880 жылы АҚШ-та жүргізілген халық санағының құжаттарын өңдеуде пайдаланылды. Өз машинасының көмегімен Холлерит көптеген адамдар жеті жыл бойы есептейтін есептеулерді үш жылда орындап шықты.

Холлерит есепші - перфорациялық машиналарды жасап шығаратын фирманың негізін қалады, кейін ол дүние жүзіне әйгілі компьютер шығаратын ІВМ фирмасына айналды.

ХХ ғасырдың 30-жылдары релелік автоматика кеңінен дамыды. Электр механикалық реле – екі қосылған және ажыратылған (өшірілген) позициялары бар ауыстырып қосқыш. Оның бұл қасиеті ақпаратты кодтауда екілік кодты пайдалануға мүмкіндік берді.

1944 жылы американ математигі Говард Айкен Гарвард университетінде бағадарламамен басқарылатын, релелік және механикалық элементтерге негізделген Марк-1 автоматты есептеуіш машинасын құрастырды.

ХХ ғасырдың 1-жартысында радиотехника қарқындап дамыды. Радиоқабылдағыштар мен радио арқылы хабар беретін құралдардың негізгі элементі – электронды - вакуумды шамдар (лампалар) болды. Электрондық шамдар алғашқы электрондық есептеуіш машиналардың техникалық негізі болды. Бірінші электрондық есептеуіш машина 1946 жылы АҚШ-тың Пенсильван университетінде жасалды, оны ENIAC деп атады.

ENIAC-тың конструкторлары – Дж. Моучли мен Дж. Эккерт. Ол соншалықты үлкен болғандықтан, оны әуелі орнынан қозғау мүмкін емес еді. ENIAC-тың салмағы 30 т, және оның 18000 электрондық шамдары болды, ол бір секундта 5000 қосу, азайту амалдарын, 300 көбейту амалын орындай алды. Жұмыс кезінде тез қызатын болғандықтан, ол арнайы суытуды талап етті. Релелік машиналарға қарағанда, оның амалдар орындау жылдамдығы мың есе жоғары болды.

1946 жылы американ математигі Джон Фон Нейман өз мақаласында ЭЕМ-нің жұмысы мен құрылымының принциптерін баяндады. ЭЕМ жұмысының басты принципі – жадта сақталатын бағдарлама принципі, онда бағдармалар мен мәліметтер машинаның жалпы жадына орналастырылады. Мақалада баяндалған идеялар «Джон фон Нейманның ЭЕМ архитектурасы» деп аталды, бұл идея негізінде 1949 жылы EDSAC машинасы құрастырылды.

Алғашқы ЭЕМ-дер тек бір данадан ғана болды. Дамыған елдерде ЭЕМ-ның сериялық шығарылуы 1950 жылдардан басталды.

ХХ ғасырдың 40-шы жылдарында пайда болған алғашқы есептеу техникасы электрондық есептеу машинасы (ЭЕМ) деп атала бастады. Қазіргі кезде осы күнге дейін жасап шығарылған ЭЕМ-дер төрт буындық түрге бөлінеді.

Алғашқы буын ЭЕМ-дері электрондық шамдар негізінде жұмыс істейтін, үлкен залдарда орналасқан, көлемді электрондық жабдықтар болатын. Алғашқы ЭЕМ–дерге 1941 жылы Конрад Цузе құрастырған «Z3» (Германия), 1945 жылы Говард Эйкен жасаған «ASCC Mark I» (АҚШ), 1945 жылы Джон Мочли мен Преспер Эккрет шығарған «ENIAC» (АҚШ), 1949 жылғы Морис Уилкистің «EDSAC» (АҚШ), С.А.Лебедов басшылығында құрылған «МЭСМ» (Малая Электронная Счетная Машина, СССР) есептеу машиналары жатады.



Екінші буын ЭЕМ-дерінде электрондық шамдардың орнын 1947 жылы Джон Бардин мен Уолтер Браттейн (Bell Labs.) ойлап тапқан жартылай өткізгішті транзисторлармен алмастырды. 1956 жылы транзисторлар негізінде бірінші ЭЕМ Массачусет Технологиялық Институтында құрастырылды. ЭЕМ-дерде бұрынғы жұмыс өнімділігі сақталғанымен, көлемі, массасы жүз есеге дейін төмендеді. Сонымен қатар бұл ЭЕМ-дерде жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінен пайдаланып құрылған программалармен жұмыс істеу мүмкіндігі туды. Мұндай күрделі, әрі сапалы өзгерістер нәтижесінде супер ЭЕМ (CDC, Сеймур Крэй, 1964) және мини ЭЕМ-дер (PDP-8, Digital Equipment Corp., 1965) жасап шығарыла басталды. Екінші буын ЭЕМ-деріне System/360 (IBM, 1964), С.А.Лебедов басшылығында құрылған «БЭСМ» (Большая Электронная Счетная Машина, 1959) үлкен есептеу машиналары жатады.

Үшінші буын ЭЕМ-дері 1958 жылы Джек Килби (Texas Instruments) және Роберт Нойс (Fairchild Semiconductor) ойлап тапқан интегралдық схема (ИС, чип) негізінде жұмыс істей бастады. Интегралдық схемада, яғни кремний кристалында ондаған, жүздеген мың транзисторлар және олар арасындағы қажетті байланыстар тұтас құрастырылады. Интегралдық схемалардан пайдалану ЭЕМ-дердің көлемін кішірейтуге және оның жұмыс өнімділігін мыңдаған есе жоғарылатуға себеп болды. 1968 жылы интегралдық схема негізінде бірінші ЭЕМ Burroughs фирмасында құрастырылды. Үшінші буын ЭЕМ-деріне System/370 (IBM, 1970), ЕС ЭВМ (Варшава келісімі мемлекеттері, 1973) сериялы есептеу машиналары жатады.

Төртінші буын ЭЕМ-дері үлкен (біріктірілген) интегралдық схема (БИС) негізінде жұмыс істей бастады. БИС-тер түрлі интегралдық схемаларды орналастыруға мүмкіндік беретін кремний кристалынан құрылған көп қабатты пластинка. Мұндай БИС-терде параллель жұмыс істейтін ондаған микропроцессорлар тұтас құрастырылады. Төртінші буын ЭЕМ-деріне Эльбрус, ЕС-1046 (СССР, 1980) есептеу машиналары жатады.

Компьютер дамуының негізгі этаптарын хроникалық түрде көрсетейік (компьютерлік техникаға қатысты нақты жылдары көрсетілген):

1617 жылы Джон Непер жай есептеуге арналған алғашқы машина жасады.

1642 жылы Блез Паскаль сандардың қосындысын есептейтін машинаны сипаттады.

1822 жылы Чарльз Бэббидж есептеу машинасында сандар үстіндегі амалдарды программа көмегінде дәл есептейтін, кейін аналитикалық машина деп аталған механикалық құрылғыны ұсынды.

1906 жылы Л Ди Форест электрондық компьютерде пайдаланылатын вакуумдық триодты шығарды.

1943 жылы ағылшын ғалымы Алан Тьюрингнің Сcolossus атты өңделген құпиялы арнайы компьютері, соғыс кезінде неміс әскерлерінің шифрланған сөздерін шифрден шығарып, жазып отырды.

1945 жылы Джон Фон Нейман First Draft of a Report on the EDVaC атты мақаланы жарыққа шығарды, онда  қазіргі программаланған  компьютердің  архитектурасы сипатталған.

1946 жылы Джон Моучли және Преспер Эскерт ЭNIAC электрондық есептеуіш машина жасады.

1947 жылы 23 желтоқсанда Джон Бардин, Уолтер Браттейнм, Уильям Шокли жартылай өткізгішті транзистор ойлап тауып, техника саласында айтарлықтай жетістікке  жетті.

1949 жылы Кембридж университетінде Мори Великс EDSAC атты бірінші практикалық программаланған компьютер жасалды.

1950 жылы Миннеаполис университетінің ұйымдасқан зерттеушілері бірінші коммерциялық компьютер ЕRа 101-ді ұсынды.

1952 жылы В U.S Census Bureau UNIVAC 1 компьютері орнатылды.

1953 жылы ІВМ компаниясы 701 атты бірінші электрондық компьютер жасады.

1954 жылы Техаs Instruments фирмасында Гордон Тил жасаған, құны 2,5 долларлық жартылай өткізгішті транзисторлар сатуға шықты.

1955 жыл Bell laboratories компаниясы бірінші транзситорлық компьютер ТRADIC -ті  жарнамалады.

1956 жылы ІВМ 305 RAMAC моделімен шыққан компьютермен берілгендерді магниттік лентада сақтау ғасыры басталды.

1958 жылы Техаs Instruments фирмасының қызметкері Джек Килби транзистор және конденсаторда бірдей жартылай өткізгішті пластинадан тұратын интегральды схеманы жасады.

1959 жылы ІВМ ірі компанияларға арналған 7000-транзисторлы мэйнфреймді жасады.

1959 жылы Fairchild Camera Instrument Corp- интегральдық схемада орналасқан кремний пластина жасалды.  

1960 жылы желіде аналогтық сигнал түрінде цифрлық бейнеленіп, компьютерге желі арқылы жіберілетін бірінші коммерциялық Data phone  модемін жасады.

1960 жылы DЕС  компаниясы құны -120 мың долларлық бірінші мини – РDР-1 компьютерін жасады.

1961 жылы Datamation журналы, ІВМ фирмасының компьютерлік саудадағы өнімі 81,2 %  құрады деп жарнамалады.

1964 жылы Сеймур Креем суперкомпьютер СDС 6600 жасап шығарды. Бұл компьютер 3 млн инструкцияны сипаттап, амалдарды ІВМ Stretch бәсекелесіне қарағанда секундына үш есе көп орындады.

1964 жылы ІВМ System/360 отбасылық компьютерін жариялады. Ол 40 перифериялық құрылғыдан және 6 сәйкес келген модификациядан тұрады. 

1965 жылы Digital Equipment Corporation компаниясы РДР 8 мини компьютерінің жобасын бірінші рет табысты жасап, жариялады.

1966 жылы Неwlett-Packard компаниясы HР-2115 бизнеске арналған компьютер шығарды.

1970 жылы дүние жүзінде екі компьютер арасындағы байланысқан бірінші желі ARPANET - Калифорния университетінде және Юта университетінде шықты.

1971 жылы Сан-Хоседегі ІВМ лабораториясында 8-дюймді дискета жасалды.

1971 жылы Еlectronic News журналында  Intel  2004 микропроцессоры бірінші рет жарнамаланды.

1971 Scientific American  журналында бірінші рет бағасы 750 долларлық Кеһваск -1 дербес компьютер шықты.

1972  Неwlett-Packard компаниясы  НР -35 тұрақты жадты ұсынды.

1972 жыл Intel 8008 микропроцессоры шықты.

1972 жыл Стив Возняк «көк –жәшік» - жіңішке жиіліктегі генераторын телефондық қоңырауларға орнатады.

1973 жыл Роберт Меткалф Internet желісіне қосылу әдісін Xerox фирмасында Пало Альто орталығында зерттеді.

1973 жылы Мiral дербес компьютері Intel 8008 микропроцессор базасы негізінде шықты.

1974 жылы Пало Альто зерттеу орталығында Xerox фирмасында сапалы енгізу құрылғысы - тышқан қолданылған жұмыс станциясы ашылды.

1974 «Селби» компаниясы Селби-8Н бірінші коммерциялық компьютерін Intel фирмасының 8008 микропроцессоры негізінде жасады.

1975 жылы бірінші пакетті коммутациялық,  коммерциялық желі Telnet -APRAnet  -азаматтық аналогтық желі шықты.

1975 жылдың қаңтар айында Рорular Electronics журналында Intel 8008 микропроцессторы негізінде құрылған Altair 8800 компьютері  бейнеленді.

1975 жылы Ли Фелзенштейн модульді визуальды бейнеленген (VDМ), дербес компьютер үшін жалпы жадты, бірінші алфавитті-цифрлі дисплей істеп шықты.

1976 жылы Стив Возняк бір платалы компьютер Аррlе 1 жасады.

1976 жылы бірінші коммерциялық векторлы процессор Сrаy 1 шықты.

1977 Tangy Radio Snack компаниясының TSR-80 компьютері шықты.

1977 жыл Аррlе ІІ компьютері шықты.

1977 жыл Сommodore компаниясының (Personal Electronic Transact)  компьютері шықты.

1978 жыл Digital Equipment Corporation компаниясы VAX 11/780 компьютеріне 4,3 Гбайт виртуальды жадты жасады.

1979 жыл Моtorolla 68000 микропроцессоры шығарылды.

1980 жыл Seagate Tehnologies компаниясын бірінші қатқыл дискісін, микрокомпьютерлер үшін арнап шығарды.

1980 жыл бірінші оптикалық 5,25-дюймді қатты диск жасалды.

1981 жылы Хегох дербес компьютер Star үшін графикалық қолданушының интерфейсін ұсынды.

1981 жыл Адам Осборн Osborne I –бірінші болып құны -1795 долларлық протативті компьютер шығарды.

1981 жыл ІВМ-нің бірінші дербес компьютері шықты.

1981 жыл Sony  компаниясы 3,5 дюймдік дисковод шығарды.

1983 жыл Аррlе компаниясы бірінші графикалық қолданушы интерфейсін шығарды.

1983 жыл Соmpaq Computer Corp компаниясының бірінші клон компьютері ІВМ РС шығарды.

1984 жыл жоғары жылдамдықта үш есе ескірген модельден ІВМ РС-АТ компьютері шықты, бұл компьютер Intel 286 микропроцессор базасында 16-разрядты шина ІSА негізінде жасалған. Компьютер қазіргі ДК –де арналып жасалған.

1985 жыл Рһіlірs компаниясы бірінші музыкалық жинақтауыш – CD-ROM компакт дискісін таратты.

1986 жыл Сompaq  компаниясы Deskpro  386 Intel 386 процессор орнатылды.

1987 жыл ІВМ РS/2 компьютер шықты, оған 3,5 дюймдік дисковод, VGА типіндегі видеоадаптер орнатылды.

1988 жыл Аррlе компаниясының бірден бір негізін қалаушы Стив Джобс бұл компаниядан кетіп, өзіне жеке компания NеХТ компаниясынының негізін қалады.

1988 жыл Соmpaq Computer Corp компаниясы жергілікті жүйедегі жаңа компьютердің архитектурасын ұсынды.

1989 жыл Intel компаниясы 1 млн транзисторды қамтитын 486 микропроцессорын шығарды.

1990 Тим Бирнес Ли Женевадағы жоғары энергиялық физика лабораториясында (СЕRN) гипертекстік тіл (НТМL) жасап шығарды, осының нәтижесінде дүние жүзілік желі World Wide Web –WWW пайда болды.

1993 жылы Intel компаниясы бірінші отбасылық Р5 Pentium микропроцессорын шығарды. Бұдан басқа Intel жүйелік логикалық микросхемасын жинап шығарды.

1995 жыл Intel компаниясы Pentium Рго – бірінші отбасылық Р6 микропроцессорын сатуға шығарды..

1995 жылы Microsoft  компаниясы бірінші 32–разрядты Windows-95 операциялық жүйесін ұсынды.

1997 жылы Intel компаниясы Pentium ІІ процессорын Pentium Рго негізінде ММХ инструкциясының қолдауымен шығарды.

1997 жылы АМD  компаниясы К6 микропроцессорын ұсынды.

1998 жылы Intel компаниясы арзан нұсқалы Pentium II – Сеleron микропроцессорын ұсынды.

1999 жыл Pentium II базасында құрылған SSE (Streaming SIMD Extensions) инструкциясында құрылған Intel Pentium III  шықты.

2000 жыл Microsoft компаниясы Windows Me (Millennium Edition),  Windows 2000 операциялық жүйелерін шығарды.

2000 жыл Intel және AMD компаниялары 1 Гц жиіліктегі микропроцессор шығарды.

2002  жыл Microsoft  компаниясы Windows ХР  (Proffesional, Home Edition)   операциялық жүйесін шығарды

 

 

 



1.2 IBM PC компьютерінің классификациясы

 

 



Компьютер – сандық ақпаратты енгізуге, сақтауға, өңдеуге және тасымалдауға арналған әмбебап электрондық техникалық құрылғы. Компьютер (computer) сөзі «есептегіш» деген мағынаны білдіреді. Алғашқы шыққан компьютерлер тек қана есептеу жұмыстарына арналған болатын. Қазіргі кезде олар сандық есептеулермен қатар, басқа түрдегі ақпаратты да (мәтін, дыбыс, графика, фото, аудио, видео, анимация т.с.с.) өңдейді.

Жаңа ақпараттық технологиялар – объекттің, нысанның немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін деректерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын үрдіс.

Ақпараттық технологиялар дегенде көбінесе қағаз жүзінде әр түрлі ақпаратты жинау, өңдеу және жеткізу үрдістерін айтады. Бұларға бұқаралық ақпарат құралдары, полиграфия, теледидар, радио, байланыс желілері т.с.с. жатады. Жаңа ақпараттық технологиялар дегенде компьютер, оның есептеу желілері мен телекомуникациядан пайдаланып ақпаратты өңдеу және тасымалдау технологияларын айтады.

Жаңа ақпараттық технологиялардан пайдалану қоғамның көптеген қызмет салалары жұмыстарын жылдам және тиімді жүргізуге мүмкіндік береді. Өндірісті автоматтандыру мен жаңа ақпараттық технологиялармен басқарудан қоғамды ақпараттандыру, ақпараттық қоғам құру мәселелері туындайды.

Жаңа ақпараттық технологиялар техникалық және программалық жабдықтама болып жіктеледі (сурет 1).

       


Сурет 1 - Дербес компьютердің техникалық және

   программалық жабдықтамасы.

 

Техникалық жабдықтама (hardware, аппаратное обеспечение) – деп ақпаратты сақтау, өңдеу немесе тарату үшін пайдаланылатын физикалық құрылғылар кешенін айтады. Оның құрамына кез келген компьютерлік жүйенің жұмыс істеуіне қажетті негізгі және сыртқы құрылғылары, телекоммуникациялық байланыс құралдары кіреді. Компьютерлік жүйе құрамын оның конфигурациясы деп атаймыз.



Техникалық жабдықтаманың үйлесімділігі бойынша дербес компьютерлер негізінен екі платформаға бөлінеді:

  • IBM–платформасы;

  • Apple–платформасы.

 

Біз төменде IBM PC (International Business Machines Personal Computer –IBM-нің дербес компьютері) платформасына жататын дербес компьютерлерді, олардың техникалық және программалық жабдықтамаларын үйренеміз. Бірақта, әлемде дербес компьютерлердің көптеген басқа түрлері бар.

    

 

Сурет 2 - IBM PC компьютері және қосымша құрылғылары



 

Біріншіден, IBM PC түріндегі компьютерлерді IBM корпорациясымен қатар жүздеген басқа фирмалар жасап шығарады. Солардың ішінде Қазақстандық фирмалар да бар. IBM–платформасы компьютерлерінің әлемдік компьютерлік паркдегі үлесі 90% астам (сурет 3).

 

     


Сурет 3 - Дербес компьютерлердің әлемдік паркдегі үлесі

 

Екіншіден, осы түрдегі дербес компьютерлер әр түрлі конфигурациямен жинақталып, әр түрлі программалармен жұмыс атқарады. Олар бір-бірінен жылдамдығы, жедел және сыртқы жады көлемі, функционалдық мүмкіндіктері бойынша ерекшеленеді. Сан алуан компьютерлерге арналған құрылғылардың, программалардың ортақ қасиеті, олардың үйлесімділігі, бір компьютерден екіншісіне тасымалдану қабілеттілігі.



Үшіншіден, қолданыстағы Apple Computer Inc. корпорациясының Macintosh компьютерлері бәсекеде тұрақты. Бұл түрдегі компьютерлер IBM PC компьютерлеріне үйлесімсіз болса да, Apple–платформасы компьютерлерінің әлемдік компьютерлік паркдегі үлесі 10% жақын (Power Macintosh, Performa).

Бұлардан басқа кейбір жеке алған салаларда ғана қолданылатын компьютер түрлері де бар. Бірақта олардың әлемдік компьютерлік паркдегі үлесі тіпті аз.



Дербес компьютер микропроцессор негізінде жұмыс істейтін, көлемі шағын, тек қана бір тұтынушыға арналған компьютер. ЭЕМ-дердің жұмысын басқарушы және арифметикалық-логикалық құрылғыларды бірге қосып процессор деп, ал дербес компьютердің процессорын микропроцессор деп атайды. 1970 жылы Маршиан Эдвард Хофф (Intel Corp.) 4-разрядты Intel-4004 микропроцессорын ойлап тапты. Бұл кезде ЭЕМ-дердің процессорлары 16-разрядты немесе 32-разрядты болатын. Бірақта Intel корпорациясы 1973 жылы 8-разрядты Intel-8008 микропроцессорын, ал 1974 жылы Intel-8080 микропроцессорын жасап шығарды. Алғашқы дербес компьютерлерге осы микропроцессор негізінде Эд Робертс құрастырылған «Altair-8800» (MITS, 1975),  Стив Возняк және Стив Джобс жасап шығарған «Apple-I» (Apple, 1975) компьютерлері жатады. 1977 жылдан бастап Commodore, Apple-II, Atari компьютерлері шығарыла бастады. 1981 жылы олардың қатарына IBM корпорациясы компьютерлері қосылды.

Қазіргі кезде дербес компьютерлерді және оның құрылғыларын мыңдаған корпорациялар, соның ішінде Compaq, IBM, Dell, Intel, AMD, Apple, Toshiba, Fujitsu, Siemens, Hitachi, Hewlett-Packard, Epson, Canon, Phillips, Samsung, LG, Daewoo т.б. істеп шығарады

Қазіргі кезде ЭЕМ-дер функционалдық мүмкіндіктеріне қарай шартты түрде төмендегі топтарға бөлінеді:


  • Макро ЭЕМ (mainframe, super computer);

  • Мини ЭЕМ (workstation);

  • Микро ЭЕМ (personal computer).

 

Макро ЭЕМ-дер өз кезегінде екіге бөлінеді:

  • үлкен ЭЕМ;

  • супер ЭЕМ.

 

Үлкен ЭЕМ-дерге (mainframe – универсал ЭЕМ) негізінен IBM корпорациясы компьютерлері жатады. Олар жылдамдығының үлкендігі, сенімділігі, жоғары дәрежеде енгізу-шығару мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Бұл компьютерлерге мыңдаған тұтынушылар терминалдар (тек қана монитор және клавиатура) немесе дербес компьютерлер арқылы қосылады. Әдетте мұндай компьютерлерде брэнд-корпорациялар, банктер жұмыс атқарады. Үлкен ЭЕМ-дер миллиондаған доллар тұрса да, оларға болған сұраныс тұрақты. Оларда орталық және шет аймақтық деп аталатын бірнеше процессорлар орналасқан. Процессорлар компьютерге енгізілген ақпаратты параллель өңдейді, яғни операциялық жүйе виртуал уақыт және мультипроцессорлық режимдерде жұмыс атқарады.



Супер ЭЕМ-дер (super computer – жоғары сапалы компьютер)  үлкен көлемді есептеу жұмыстарына арналған. Мысалы, сапалы тәрізде ауа-райын есептеу, цунами геоатласын бақылау, спутниктердің траекториясын есептеу т.с.с. Мұндай компьютерлер ондаған миллион доллар тұрсада, атқаратын қызметтері қаражатты ақтайды. Бұл топқа Cray Research, Hitachi корпорациялары компьютерлері жатады.

Мини ЭЕМ-дер (mini computer, workstation – ықшам компьютер, автоматтандырылған жұмыс орны) мэйнфрэйм мен дербес компьютерлер арасындағы аралық орында. Бұл топ компьютерлерінің ақпаратты сақтау және шығару құрылғыларына жоғары талаптар қойылады. Бұл топқа DEC (Digital Equipment Corp.), Sun, IBM, Hewlett-Packard корпорациялары компьютерлері жатады.

Микро ЭЕМ-дер (personal computer – дербес компьютер) техникалық жабдықтаманың үйлесімділігі бойынша екі топқа бөлінеді:

  • IBM–платформасы;

  • Apple–платформасы.

 

Дербес компьютерлер функционалдық мүмкіндіктеріне қарай шартты түрде келесі топтарға жіктеледі:



  • тұтынушының дербес компьютері (consumer PC);

  • офистік дербес компьютер (оffice PC);

  • ойын дербес компьютері (еntertainment PC).

 

Дербес компьютерлер өлшемі бойынша төмендегі топтарға бөлінеді:



  • столдық (desktop);

  • ықшам (notebook);

  • қалталық (palmtop).

 

 

                                               ҚОРЫТЫНДЫ



 

Қазіргі кезде түрлі шаруашылықтарда, оқу орындарында, коммерциялық мекемелерде және тағы басқа салаларда  мәліметтер қорымен жұмыс істеу барысында оларды берілгендер қоры түрінде дайындау қолданылып келеді. Курстық жұмыстағы «Кредиттiк технология бойынша студенттердiң білімін есепке алу» программасын дайындау барысында құрылған кестелер құрылымы мен оларды бір – бірімен  байланыстыру түрлері көрсетілген. Кесте құрылымының модификациясында кестелерді өшіру, кестелердің аттарын өзгерту, олардың  өрістерінің типтері   қалай анықталатындығы жазылды. Мәліметтер қорындағы кестелердің құрылымын өзгерту немесе жаңадан өрісті қалай қосуға болатыны қарастырылды. Құрылған проект бойынша олармен жұмыс істеу ретін, ондағы бірнеше қосымшалардан тұратын элементтері қамтылған және экрандық форманы орындауға қалай жіберу керектігі көрсетілді. Бұл бағдарламаның .exe файлы проект арқылы құрылған. Яғни бұл бағдарламада мәліметтерді жаңадан енгізу, баспаға шығару, өшіру, сақтау мүмкіндіктері бар.



Қазіргі кезде барлық мәліметтер қоры осы сияқты программаларға енгізілуде. Өйткені  мұндай программалар адамның жұмыс істеуіне қолайлы әрі жеңіл, сонымен қатар мұндай программалар белгілі-бір мәліметті табу үшін өте аз уақытты қажет етеді. Келешекте барлық кәсіпорындардағы мәліметтер мен ақпараттар осындай программаларға енгізіледі. Сондықтан бұл программалардың өмірдегі орны ерекше.

Бүгінгі күні мәліметтер қоры ақпараттық процестердің компьютерлік қамтамасыз ету негізін құрайды, ал бұл ақпаратттар адамдардың қызмет сфераларының барлығын қамтып отырады. Сондықтан мәліметтер қоры бүгінгі күнде ең басты ақпарат көзі болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет