Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту



бет2/2
Дата14.04.2017
өлшемі435,07 Kb.
#13940
1   2

Қорытынды

Ғылыми-тәжірибелік жұмысымызда ағылшын тілін оқытуда заманына сай көрнекі құралдар, аудио материалдар қолдану, мультимедиялық құралдарды пайдалануға үлкен мән берілді. Сабақ барысында компьютерді пайдалануда оқушылардың өз тілінде сөйлейтін адамдардың тілін тыңдап, оны көзбен көре отыра ақпарат алуына көмегі тиді. Бұл жағдай оқушылардың сөйлеу деңгейін жақсартуына көмектесді. Тыңдау арқылы олар өздерінің сөйлеудегі қателерін жөндей алды. Бұл «аудирование» терминінің өзі де шет тілін тыңдап, оны түсіну деген мағынаны білдіреді. Аудио немесе бейне таспаларды тыңдағанда коммуникативті жаттығулар жасалды. Алынып отырған тапсырмалардың жеңіл-қиындығын ескере отырып, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, диалог және монолог құрастыру сияқты жаттығулар жасалды. Бейне фильмді көріп отырып, жаңа сөз немесе сөз тіркестері кездескенде тоқтап, сол сөздерді қайталап және әрбір көріністен кейін сұрақтар қойылып отырылды. Сабақтың қорытындысы ретінде тест сұрақтарын беріп, нәтижесін тексеріп, бағалау жасалды. Сонымен бірге, ғаламдық желінің ақпараттық ресурстарын қолдануда оларды оқу үдерісіне енгізіп, дидактикалық түсініктеме беру арқылы дидактикалық мәселелерді шешуге болатынын төмендегі қағидалардан көруге болады:


- сыныпта күрделі материалды тікелей пайдаланып, сөйлеу дағдылары мен оқу, түсіну біліктерін дамытуға;

-интернет желісінен алынған материалдармен мәселелік талқылаудың негізінде монологтық және диалогтық сөйлеу біліктілігін жетілдіруге;

- актив және пассив сөз қорын көбейтіп, соған байланысты жаттығулар орындау барысында оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруға болатына көз жеткіздік.

Компьютердің оқу бағдарламасына қатысты тәжірибелік сабақтың мазмұнына желі материалдарын қосу арқылы ендірілуде қолданылатын келесі мүмкіндіктерді атауға болады:



  • мұғалімінің тәжірибелі әрі тиімді сабақ өткізу үшін қандай да бір ауқымды материалды таңдай алу мүмкіндігі;

  • дыбыстық ақпаратты немесе фильмнен үзіндіні жазып алу мүмкіндігі;

  • тіл тасушыларының оқылатын тіл халқының мәдениетінде оның қызмет ету ерекшеліктерін көрсететін сөздер, сөз тіркестерімен танысып, оларды сөйлеу барысында қолдану мүмкіндігі;

  • тәжірибелік сабаққа қосу үшін электронды грамматикалық, лексикалық анықтамалардан, сөздіктерден алынған материалдарды пайдалану мүмкіндігі;

ХХІ ғасыр – озық технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа компьютерлік технологияларды тиімді пайдаланудың ағылшын тілін үйретіп, сол тілде еркін сөйлеу алуға септігін тигізеді. Коммуникативті ортаны құруға негізделген білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру мен педагогикалық практикаға жаңа ақпараттық құралдарды енгізу білім жүйесін дамытудағы стратегиялық тапсырма болып саналады.
Қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламалар мен Интернет желісінің оқыту тиімділігі өте жоғары. Дегенмен басты мәселе компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етілген білім ордасында мұғалімнің оларды пайдалану әдістемесін меңгеруі мен өз тәжірибесінде жүзеге асыра алуы. Компьютерлік технология арқылы меңгерген ақпарат оқушыда сөйлеу, түсіну, тез қабылдау дағдылары қалыптасады. Компьютерлік технология құралдарын қолдану адамзаттың әртүрлі сферасында, соның ішінде білім беру саласында көптеген өзекті маңыздылыққа қол жеткізіп отырғаны белгілі. Ағылшын тілді оқытуда компьютерлік технологияны, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады. Ағылшын тілі сабақтарының лексика бөлімін меңгертуде компьютерлік технологияның алатын орны зор. Компьютер арқылы оқушы грамматикалық, лексикалық, фонетикалық жаттығулар, оқуға және грамматикаға арналған тесттер, IQ-тесттерімен жұмыс істей алады. Компьютердің бізді мәтіндік, графикалық және дыбыстық ақпаратпен қамтамасыз ете алады. Компьютерлік технологияда мультимедиа материалдары, электрондық оқулықтар, интерактивтік бейнеконференциялар арқылы білім алуға мүмкіндік бар. Компьютердің көмегімен оқушылар ана тілі болып саналатын шет ел адамдарының тілдерін тыңдауға, олармен интернет арқылы тілдік қарым-қатынасқа түсуге, керекті мәтіндермен жұмыс істеуге қол жеткізеді. Сол сияқты, тілдік қорын дамыта алады. Ақпараттық жүйе ретінде, компьютер өз қолданушыларын жан-жақты ақпараттармен қамтамасыз етеді. Оған: электронды пошта (e-mail), телеконференция (usenet), бейне-конференция, анықтама каталогтары, жүйеде сөйлесу (Chat). Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қайсысы болмасын өз мазмұнынан грамматикалық жұмыс жүргізуді де тыс қалдырмайды, белгілі бір грамматикалық құрылымның жұмыстарын қамтиды. Білім беру жүйесіндегі компьютерлік технологияның мүмкіндіктері: әрбір оқушыға білі алудың өзіне тән тиімді жолын таңдауға мүмкіндік беретін білім берулің ашық жүйесін орнықтыруға; білім алудың техникасын түбірімен өзгертіп, заманауи техниканы қолдануға; оқыту үдерісінде оқушылардың сөйлеу әрекетін тиімді әрі сапалы ұйымдастыру; электрондық білім беруді пайдалану арқылы дараланып оқытуға бейімдеу жатады.

Компьютерлік технологияны пайдаланудың тиімділігіне мыналарды жатқызуға болады: мультимедиалық мүмкіндіктерді қолдану (музыкалық дыбыстарды, анимация, видео-мәтінді, бейне-клиптер, слайд-шоу және т.с.с. дайындау) жоғарыда айтылған оқыту жаттығуларын орындау барысында оқушылардың сөйлеу, есту, көру, оқу әрекеттері қалыптасты; білімді бақылау арқылы нәтиже алу, бағалау; интернет желісін пайдалану арқылы оқушылар шетелдік оқушылармен сөйлесіп, өзінің ойын еркін жеткізу арқылы сөйлеу дағдыларын дамыту.

Зерттеу қорытындысы бойынша төмендегідей ұсыныстар жасауды жөн деп санаймыз:

-Ағылшын тілін оқыту тиімділігін арттыру мақсатында бүгінгі күннің талабына сай электронды оқу құралдарын, компьютерлік бағдарламаларды, интернет-сайттарды қолдана отырып, интерактивті әдістерді қолдану арқылы оқыту үдерісін жаңа тұрғыда ұйымдастыру қажет;

-Ағылшын тілін оқытуда сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында ағылшын тіліндегі диалог, монолог оқыту әдістерін жиі қолдану керек;

-Оқушылардың компьютерлік-ақпараттық технологиялар бойынша озық тәжірибелермен танысуларына жағдай жасау;

-Мектептердің материалдық базасын нығайтып, сыныптарды ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарымен жабдықтануына жағдай туғызу қажет.

Зерттеу мәселесі күрделі болғандықтан оның барлық салаларын қамтып шығу мүмкін емес, сондықтан қарастырылып отырған мәселе толығымен шешімін тапты деуге болмайды. Келешекте мектептерде компьютерлік технологияларды қолдану, жетілдіру т.б. мәселелер арнайы зерттеулерге сүйене отырып, мемлекет тарапынан қолдауын қажет етеді.



Пайдаланылған әдебиет:

1. http://www.akorda.kz/ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы // Егемен Қазақстан, 26 желтоқсан 2003ж. – 83б.

3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Қазақстан мұғалімі. – Алматы, 2009. – 78б.

4. Қараев Ж.А. Жетілдірген педагогикалық жүйені жобалаудың дидактикалық шарттары // Ізденіс. – Алматы, 2004. №2. – 86б.

5. Рақымжанова С.Қ. «Шетел тілін оқыту әдістемесі», 2007ж, №5.–78 б.

6. Азимов Э.Г., Вильшинецкая Е.Н « Материялы Интернета на уроке английского языка ». Иностранные языки в школе -2001.,№1,стр.96.

7. Бұзаубақова К.Ж. // Жаңа педагогикалық технологиялар// – Тараз: ТарМУ, 2003ж. – 78б.

8. Jack C. Richards with Jonathan Hull and Susan Protector // Interchange. Third edition // Student’s book with self-study audio. Cambridge University Press 2005

9. Полякова, Татьяна Юрьевна. Английский язык для диалога с компьютером.-Изд.3-е, стереотип.-М.: Высш.шк. 2005.-стр.165

10. Сақтағанова М.С., Алиева Н.Қ., Айтбаева Н.Қ. « Ағылшын тілін оқытудың әдістері», Білім, №3, 2006ж. 43-бет.

11. Эналеев, С. Триединство общей цели, Языковая политика, Казахстанская правда. – 2007.-16августа.-стр-6.

12. Қ.Р-ның білім туралы заңы. Оны жүзеге асыру жөніндегі негізгі құжаттар, - Астана 2000ж – 86б


Резюме

реферата диссертации на соискание академических степеней магистра образования по специальности

6М011900 – Иностранный язык: два иностранных языка
Развития устных навыков учащихся с использованием

компьютерных технологий
Мырзагулова Нуршат Абжановна
Актуальность исследования: В государственной программе развития образования республики Казахстан на период 2005-2010 г главной целью в образовании ставятся требования к соответствию полученных знаний требованиям современного Казахстана. Вхождение Казахстана в число наиболее конкурентоспособных стран мира предполагает развитие образования и науки, которые должно соответствовать мировым стандартам. Главная задача образования – подготовить личность, способного в век информатизации и глобализации легко справляться с поставленными задачами, самостоятельно принимать единственно правильные решения и легко ориентироваться в профессиональной ситуации.

Президент страны Н.А.Назарбаев в своем послании «Стратегия вхождения Казахстана в число 50-ти наиболее конкурентоспособных стран мира» подчеркнул важность создания и развития современных научных центров и технологических парков, а так же эффективное использование новых технологий в учебном прогрессе.

Одним их приоритетных направлений модернизации образования является изучение инностранных языков, в особенности английского языка при использовании компьютерной технологии. Известно, что знаний английского языка способствует усилию межкультурного коммуникации, ведет к взаимопониманию и укреплению контактов между народами. Английский язык является средством межкультурного и профессионального общения, способом стимулирования интеллектуального и эмоционального развтия личности обучаемого, его подготовки к обьетивному восприятию коммуникации с другими странами. Формирование устной речи у обучающихся, владеющих совреммеными технологиями, ведет к процветанию страны и повышению уровня ее цивилизации.

Объект исследования: формирования устной речи у обучающихся при использовании компьютерной технологии.

Цель исследования: теоретическое обоснование и практическая разработка формирования устной речи у обучающихся при обучении английскому языку на основе использования компьютернрй технологии.

Методы исследования: решение поставленных задач исследования ссуществлено с помощью использования зкпериментальных методов, а так же педагогическое наблюдение, анкетирование и беседа.

Результаты исследования:



  • дано научно-теоретическое обоснование процессу совершенствования устной речи у обущающихся и требованиям к личности с точки зрения новой технологии;

  • выявлены педогогические условия формирования устной речи у обучающихся с помощью компьютерной технологий;

  • дано обоснование показателям и уровням формирования устной речи у обучающихся с помощью компьютерной технологий;

  • разработан методы обучения при использования компьбтерной технологий для формирования устной речи у обучающихся на примере ангслийского языка, доказана их эффективность.

Степень внедрения: основные результаты исследования отрожены в экпериментальной части работы, а так же опуликованы в сборники «Вестник» при университете КГУ имени Коркыт Ата.

Рекомендации внедрения:

Результаты диссертационного исследования могут быть внедрены в процесс обучения инностранного языка в школоах для развития устной речи у обучающихся.

Область применения:

Результаты исследования могут быть применены в образовательном прогрессе в школах.

Перспективы исследования:

Данное исследование не исчерпывает все проблемы развития устной речи у обучающихся с помощью компьютерной технологии при изучении английского языка и может послужить основной базой для более детального изучения данной проблемы.

Summary

on the thesis submitted to confer for scholarly degree of "Master of Education"

specialty 6M011900 – Foreign language: Two foreign languages
Improving students’ speaking abilities by using computer technology
Myrzagulova Nurshat Abzhanovna

The actuality of the research: The use of new technology in learning process is discussed in such documents as in the state program 2005-2010 on education in the republic of Kazakhstan, in the strategy of the development of the state. The main purpose of the education is to prepare young generation in correspondence to requirement of modern society with profound knowledge and competency. It is important to develop speaking abilities in students in order to develop young people with necessary skills who can compete with each other in the information world.

The task of entering in number of the most competitive countries of the world assumes development of education and science which should correspond to the world standard. Deep theoretical knowledge and practice are necessary for comprehensively developed modern person. One of the main requirements in modern society is to bring up young generation who are capable to cope with any tasks easily in a century of information and globalization, and who make right decisions independently.

The President of the Republic of Kazakhstan “Strategy of entering of Kazakhstan into the number of 50 competitive countries of the world” highlighted the importance of development of modern scientific centers, technological buildings and the use of new technologies in educational process effectively.

One of the priority directions of the modernization of education is learning of foreign languages, especially English language. It is known that knowing and speaking English language enables enhancement of intercultural communication, leads to inter-understanding and reinforcement of contacts between peoples. English language is a tool of intercultural and professional communication, a device of stimulation of intellectual and emotional development of the leaner, and a foundation of the preparation of the personality to the real perception of the stranger’s culture. Developing of speaking abilities in leaners who are skillful with modern technology leads to the prosperity of the country and improves its civilization.

The object of the research: educational process in the schools.

The purpose of the study: scientific-theoretical basis of the improving speaking abilities of leaners by using of computer technology.

Methods of the research: the decision of the aimed tasks was realized wit the use of experimental method.

Results of the research:



  • scientific and theoretical justification to the process of enhancement of speaking abilities of leaners and requirements of the personalities is given with the point of view new technology;

  • justification is given to the factors and levels of the improving speaking abilities by using of computer technology;

  • pedagogical conditions of improving speaking abilities of leaners by using of computer technology;

  • a method of teaching for improving speaking abilities of leaners by using of computer technology on English is designed and implemented, and its effectiveness is proved.

The level of the implementation of the main regulation and results of the

research is realized during the experimental work and reported in te scientific journals.

Recommendation on the introduction:

The result of the dissertation research may be adopted in the process of the teaching of the foreign language in the schools for the improving speaking abilities of leaners. The experimentation reveled that leaners can improve their speaking abilities by using computer technology in learning process.

The field of application:

Results of the research may be used in the educational process in the schools.

The perspectives of the research:

The research does not solve all the problems of the improving of the speaking abilities of leaners by using of computer technology in learning foreign language. The subject of the further research may be enhancement of the programmes for the improving of the speaking abilities of leaners.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет