Конденсаторлар мен сыйымдылық



бет15/15
Дата07.02.2022
өлшемі497,8 Kb.
#95661
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Конденсаторлар

Ал шамалары өте кішкентай сыйымдылықтар үшін конденсатордың диск тәріздес конструкциясы 5.13-суретте келтірілген. Кейбір керамикалық материалдың диэлектрлік өтімділігі өте жоғары, сондықтан сыйымдылық көлемі өте жоғары конденсаторларды істеуге мүмкіншілік туады. Ондай конденсаторлардың мөлшері үлкен емес, сондықтан көп орын алмайды және жұмысшы кернеуі өте үлкен. Керамикалық конденсатор 1 пФ-дан 0.1 мкФ аралық диапазонында және кең температура диапазонында жоғары жиілікті электрондық тізбектерде қолданылады.

Мұндағы 1- ток өткізе алатын астарлар, 2- керамикалық диск

Пластикалық конденсатор.

Пластикалық конденсатор.

Полистирол, тефлон сияқты кейбір пластикалық материалдар диэлектрик түрінде қолданылуы мүмкін. Мұндай конденсатордың конструкциясы қағаз конденсаторына ұқсас, айырмашылығы қағаздың орнына пластикалық материалдың қолдануында. 5.12, 5.13-суреттерде келтірілген пластикалық конденсаторлар жоғары температурада өте жақсы жұмыс істей алады. Пластиктен жасалған конденсаторлар өте ұзақ уақыт қызмет етіп, дәл мәнді сыйымдылықты қамтамасыз етеді. Және оның сенімділігі жоғары.

Конденсаторды зарядсыздандыру

Конденсатор ток көзінен өшіріліп тасталынса да әрі қарай зарядталған күйін жалғастыра береді және осы зарядты көпке дейін елеулі уақыт арасында сақтай алады. Сондықтан сақтану шарасы үшін конденсатор қоректену көзінен сөндірілгеннен кейін автоматты түрде зарядсыздануы керек. Конденсаторға жоғары мәнді резисторларды қосқан кезде осындай мәселе шешіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет