Конденсаторлар мен сыйымдылық



бет5/15
Дата07.02.2022
өлшемі497,8 Kb.
#95661
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Конденсаторлар

5.2, а-суретте оқшауланған (изоляцияланған) нүктелік зарядтың өрісінің күш сызықтары көрсетілген. 5.2, b-суретте зарядтары қарама-қарсы көршілес өрістің көрінісі келтірілген және осы көршілес зарядтардың полярлығы қарама-қарсы. Электрлік күш сызықтары өрістің кернеулік күш сызықтары деп аталады. Олар үздіксіз және нүктелік оң зарядтан басталып, сол теріс зарядта аяқталады. Сонымен қатар, осы сызықтар өзара қиылыспайды. Егер зарядталған дене зарядталмаған денеге жақындаса зарядталмаған дененің бетінде қарама-қарсы таңбалы индукцияланған зарядтар туады. Зарядталған денелердің күш сызықтары зарядталмаған денелердің бетінде үзіліп қалатындықтан зарядтар индукцияланады. Күш сызықтары немесе сызықтар күші концепциясы электр өрісінің қасиетін түсіндіру үшін қолданылады. Дегенмен, айта кету керек, электрлік күш сызықтарын түсіндіруде мұндай концепция қосалқы құрал ретінде елестету үшін пайдаланылады. Екі электрлік зарядталған денелердің арасындағы тартылу немесе тебіну күші олардың зарядтарының шамасына тура пропорционал және арасындағы қашықтықтығының квадратына кері пропорционал.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет